Қаржылық есеп беру

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 16:30, курсовая работа

Описание работы

Бұл курстық жұмыс «Кәсіпорынның қаржылық есебін ұйымдастыру» тақырыбына жазылған. Курстық жұмыста кәсіпорынның Қаржылық есеп беру ХҚЕС №1 стандартына негізделе отырып, бухгалтерлік баланс, кірістер мен шығыстар туралы, ақша қозғалысы және оған түсініктеме жазбаға , меншік капиталындағы өзгерістер туралы есептеріне сипаттама беріледі.

Содержание

Кіріспе
1 бөлім
Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы
1.1 Халықаралық қаржы есеп стандарты бойынша есеп саясаты
2бөлім
Қаржылық есеп беруді жасау
2.1 Қаржылық есеп берудің элементтері
2.2 Бухгалтерлік баланс
2.3 Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру
2.4 Инвестициялық және қаржылық қызметі
2.5 Қаржылық есеп беруге жасалған түсініктеме жазба
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Работа содержит 1 файл

қаржылык есеп беру.doc

— 192.50 Кб (Скачать)

      Кәсіпрынның қаржылық есеп беруіндегі пайдаланушылардың талабы: кәсіпорыннан алған меншік капиталы мен басқа инвенсициясы туралы ақпараттар оларды қанағаттандыруы тиіс.

      Бұл барлық пайдаланушылардың  мүддесіне ортақ әрі сай келетін  ақпарат болып саналады . Жалпы  алғанда , пайдаланушылар келесі  ақпараттарға мүдделі болып келеді .

Есеп  берудің мәліметтері  Пайдалылығы
Экономикалық  ресурстары (активтер құрылымы) Кәсіпорынның  табыс алу қабілеттлігін бағалау  және болашақта болатын ақша қаражаты
Қаржылық  қрылымы (кәсіпорынның қарызы мен меншік капиталының ара қатнасы) Қарыз қаражатының  келешекке қажеттілігін бағалау  және болашақта алынатын пайда мен  ақша қаражатын мүдделі тараптардың  арасына тарату; кәсіпорынның сырттан  инвестицины тартудың птенциялдық  икемділігін бағалау
Өтемділік пен төлем қабылеттілігінің коэффиценті Өз міндеттемесіне жауап беретін кәсіпорынның ұзақ және қысқа мерзімдегі қарыздарын төлеу  қабылеттілігін  бағалау
Рентабельдік  пен іскерлік белсендіігінің коэффиценті Кәсіпорынның  ресурстарды пайдалану тиімділігін  бағалау
Қаржылық  жағдайының өзгеруі Қаржылық, инвестициялық, оперативтік қызметінің  нәтижесінде, кәсіпорынның алған ақша ағынын  бағалау; кәсіпорынның келешектегі ақша қаражатына қажеттілігін болжау
 

   Қаржылық есеп беру өзара байланысты , өйткнеі ондағы шарашылықтың  бір ғана операциясы  әртүрл фактімен көрініс табады.Әрбір есеп беру әртүрлі ақпаратты береді, ал оны сол немесе басқаша күйінде шарашылық жүргізуші субъект пайдаланады.

    Қаржылық есеп пайдаланушылар  үшін айқын түсінікті  болуы  және барлық мәнді ақпараттарды  ашуы тиіс . Қажет болған кезде түсініктеме жазбасында баптардың жіктемесі мен ақша қаражаттары туралы қосымша мәліметтер арқылы олардың мазмұнын түсіндіру керек .

  Қаржылық есеп беруде заңды тұлғалардың атауы, тұрған жері, есеп беру кезеңі мен күні көрсетілуі тиіс. Сондай- ақ, ұйымның қызмет түрі, заңды нысаны , өлшем бірлгі келтірілуі тиіс.

  Қаржылық  есеп беру өткен кездердің мәліметтерімен салыстырылады. Есеп беру Қазақстан Республикасының валютасында жасалады, өлшем бірлігі – мың тенге . жылдық есеп берудің есептік кезеңі болып толық кальендерлық жыл саналады ; ал жаңадан құрылған субъектілер үшін- заңды тұлға ретінде статусын алған күннен бастап есепті жылдың 31-ші желтоқсанына дейін саналады. Меншік иесінің есеп берудің басқа да кезеңдігін белгілеуге құқығы бар (жылына бір реттен кем болмауы керек) .

                                   
 

                    2.1 Қаржылық есеп берудің элементтерінің сипаттамасы 

   Қаржылық есеп беру  мәмленің  және басқа да  оқиғаның нәтижесін   классқа топтастырып, экономикаық  мазмұнына сәйкес көрсетіледі. Экономикалық мазмұн қаржылық есеп берудің элементтері болып табылады .

  Актив – бұл құндық бағасы бар субъектінің құқығы мен жеке мүліктік және мүліктік емес игілігі.

  Активтер  болашақта жүзеге асатын экономикалық  олжа ретінде көрсетіледі. Ол мәміленің немесе басқа оқиғаның нәтижесі болып табылады, бірақ ол өздігінен  активтің пайда болуына әкелмейді. Актив өнімді (жұмысты, қызметті ) өндіру үшін, содай-ақ өндірісті басқару және басқа және басқа мақсаттар үшін пайдаланылады. Болашақ эккономикалы олжа ретінде жүзеге асатын активтер өндірісте және күрделі құрылыста сатылуы немесе басқа ативтерге айырбасталуы, кәсіпорынның ьміндеттемесін  өтеу үшін қолданылуы, меншік иелерінің арасында бөлінуі мүмкін.

  Активтер  физикалық нысаны да бар болуы  мүмкін  (ғимараттар, қондырғылар, машиналар т.б.) және ондай нысаны бомауыда мүмкін (лицензия, «ноу-хоу», гудвилл және т.б.); сондай-ақ  активтер дебиторлық қарыз  болып келуі мүмкін.

  Міндеттемелер – ол өткен мәмілнің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан  қарызданушының міндеттемесінің пайда болғанын, белгілі бір әректтің кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді: қарыз төлеу немесе одан бас тарту, ал  кредитор  қарызданушыдан өз міндеттемесін орынбалыуы талап етуге құқығы бар. Міндеттемесінің осы шақтағысы мен болашақтағысының жігін ашуы қажет. Субъектінің болашақта активтерді алу ниеті міндеттеменің пайда болуына әкелмейді . Міндеттеме  тек актив алынған кезде немесе субъект келісім – шарттық қатынасқа отырған кезде пайда болады. Міндеттеме оның төлеу жолымен өтеледі, немесе басқа активті берген кезде жойылуы мүмкін . Сондай-ақ міндеттемеден кредитордың өзі бас тартқан кезде ол өтелген болып саналады.

   Меншік капитал -  бұл  субъектінің  міндеттемесі шегерілген активі. Бухгалтерліік есепте ол бірнеше топқа бөлінеді :  жарғылық капиталы, төленбеген капиталы, резервтік капитал, таратылмаған табыс. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар үшін мұндай бөліну, шруашылық қызметін  талдаған кезде қажет . Егер д баланс пассивтің құрамында меншік капиталыың үлес салмағы көп болса, онда ол субъектінің қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсетеді.

   Қаржылық нәтижесі -  бұл есепті жылдағы кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық қызмеінің нәтижесі (шығыс пен табыстың айырмасы) . Қаржылық нәтижесін өлшеу элементі: табыс пен шығыс болып табылады .

   Табыс – бұл есепті кезеңдегі  активттердің өсуі, не міндеттемелердің  азаюы; шығыс – бұл септік  кезеңде активтердің азаюы, не  міндеттемелердің көбейюі . Бұл жерде иеленушілердің жарғылық капиталына салған салымы субъектінің табысы болып табылмайды, ал субъект иелеріне меншік капиталын  таратып беру – шығс болып танылады.

  Табыстар – бұл субъектінің негізгі және негігі емес қызметінің нәтижесі. Негізгі қызметтен алатын табыстардың қатарына : өнімді,  жұмысты, қызметі сатқаннан алынған табысы; сондай-ақ тауарлы – материалдық құдылықтардан, жалға беруден инвестициялық қызметтерден түсетін табысы жатады . Ал нгізгі емес қызметтен түсетін табыстардың  қатарына : негізгі құралды, материалдық емес активтерді, бағалы қағаздарды сатқаннан және бағымдық айырмадан түскен табыстарры жатады.

  Шығыстар - өнімді өндіруден, жұмысты атқарумен , қызметті көрсетумен бйланысты шығындар, негізгі және негізгі емес қызметтен шеккен зияндар және төтенше жағдайдан туындаған шығындар.

    Қаржылық есеп берудің элементтерін тану -  бұл бухглтерлік балансқа енгізу процесі немесе қаржылық – шаруашылық  қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің бабы, ал ол элементтерге берілген анықтамаларына сәйкес келеді.

  Қаржылық есеп берудің элементтерін бағалау.  Бағалаудың көмегімен олардың құны анықталуы үмкін, соның нәтижесінде олар (активтер мен міндеттмелер) танылады және қаржылық есеп беруге тіркеледі. Бағалаудың келесі түрлері бар:

  Бастапқы құн – активтер тааптар келісі бойынша белгілеенген және олардың алынған бағасыша  бойынша  көрініс табады, түрлі жағдайлардың салдарынан қалыпты кезде олардың өтелуі үшін төлем жасалады;

   Ағымдағы құн – активтер есеп  берудегі ақшалай соммасы бойынша  көрініс табады, егер де осы  немесе осыған ұқсас актив  алынса, онда ол сол соммада төленеді; міндеттемелер есеп берудегі дисконтталмаған бағасы  бойынша көрініс таады және тап осы сомада өтелуі палап етіледі;

   Сату құны – активтердің өзінің  сатылған құны  (ақша қаражатының  сомасы ) бойынша көрініс табуы  мүмкін; міндеттемелер өзінің өтелген сомасы бойынша көрініс табады, демек дисконтталған саомасын білдіреді жәнеолардың төленуін талап етеді;

  Баланнстық  құны -  актив пен міндеттеме  баланстық есептеме берілген  күндегі бағасы бойынша көрініс табады .

  Субъект  қаржылық есеп беруді жасау кезінде активтер мен міндеттемелерді бағалау үшін бастапқы құнын негізге алады және сонымен қоса басқа да бағалау әдістерін пайдаланады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                        
 

                                         2.2 Бухгалтерлік баланс

  Есеп  берудің негізгі үлгісі болып  бухгалтерлік баланс болып саналады .  Оны жасауға дейін есеп  регистірдегі барлық синтетикалық  шоттар бойынша қалдық пен  айналым аналитикалық есеп мәліметтерімен  салыстырылады.

  Баланс  Бас кітапта  көрсетілен шоттардың қалдығының негізінде жасалады. Ол міндеттеме, меншік капиталы, активтер деген бөлімдерден тұрады. Активтер мен міндеттемелер өз кзегінде ұзақ және ағымдағы кезеңдерге жіктеледі.

  Ұзақ  және ағымдағы активтер, меншік капиталы, ұзақ және ағымдағы міндеттемелер бухгалтерлік баланста ашылуы тиіс. Жыл соңында белгіленген тәртіп  бойынша түгендеудің көмегімен баланстың барлық баптары расталуы тиіс.

  Баланстағы  ағымдағы активер мен міндеттемелерді  анықтау және олардың мазмұнын  ашудың қаржылық есеп беру үшін маңызы зор, сондай – ақ пайдаланатындар үшін өте  қажет және олардың сол көрсеткіштері бойынша талдау жасалынады. Баланс мәіметтер бойынша кәсіпорынның қаржылық жағдайы талданады.

    Кәсіпорында өтіп жататын әрбір  шаруашылық операциялары  оның  ресурстарынның көлемі мен құрамында демек балансында өзгертеді. Кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың ықпалымен балансың өзгеруінің 4 типі бар.

I.Өзгеріс тек актив жағында болса, бұл жағдайда баланс валютасы өзгермейді II.Өзгеріс тек пассив жағында болса, бұл жағдайда баланс валютасы өзгермейді

III.Өзгеріс активтада пен пассивтеде болса, бұл жағдайда баланс валютасы бірдей  соммаға ұлғаяды

IV. Өзгеріс активтада пен пассивтеде болса, бұл жағдайда баланс валютасы бірдей  соммаға кемиді

    Типтер Актив Пассив Баланс валютасы
    I + ;-   өзгермейді
    II   + ;- өзгермейді
    III + + ұлғаяды
    IV - - кемиді
 
 

   Бухгалтерлік баланс  ұйымның  құрылуын, қаржылық жағдайын, үздіксіз  қызмет атқаруын, жойылып кетуін  немесе аналық үлкен компания  құрамына ену жағдаын ескере  оотырып, бухгалтерлік баланс үшке бөлінеді: кіріспе баланс; аралық баланс; жойылуға байлансты баланс.

  Кіріспе  баланс ұйымдар мен фирмаларт.б.  заңды тұлғалардың жарғысы тіркелген  соң, меншік иелерінің салған  қаражатын және басқа да қаржы  салымшыларының, несиелендірушілердің қаражаттарын кіріске алып, жарғылық қор мен активтерді қалыптастырудан басталады.

  Аралық  баланс белгілі бір тапсырмаға  байланысты  айға, күнге, тоқсанға  қарай жаалынады. Мысалға, капиталдың  шеңберлі айналысы фазаларына, активті  қаражаттар қозғалысына тлдау жасау жұмысын және арнайы тапсырмаға байланысты ұйым қызметіне толық тексеру жұмысын жүргізу үшін жасалынатын балансты аралық баланс деп атайды.

  Жойылуға  байланысты баланс ұйым банкротқа  ұшырап, өз қызметін тоқтатқан  жағдайда арнайы комиссияның қатысуымен ұйымды жою мақсатында  баланс жасалынады. Жою балансы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең осы ұйымның жабылуынна байланысты жасалса, екінші кезеңде ұйымның жойылғандығының қорытындысын бағалау үшін жасалынады.

   

                 ЖШС «КазЖиһаз» 1 маусымға шаруашылық құралдары.

1. Материалдық  емес активтер – 37600

2. Материалдық  емес активтер тозуы - 23000

3. Негізгі құрал  – 750000

4. Негізгі құралдың  тозуы – 75600

Информация о работе Қаржылық есеп беру