Жануар тектес шикізаттарды автомобиль көлігімен тасымалдау кезіндегі қойылатын ветеринарлық-санитарлық талаптар мен жүргізілетін шарал

Дата добавления: 21 Ноября 2013 в 19:48
Автор: a************@mail.ru
Тип работы: курсовая работа
Скачать полностью (49.54 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

авто коликпен тасымалдау.docx

  —  52.27 Кб

Дезинфекциялаудан кейін көліктің ішін және қондырғыларды ыстық сумен шаяды. Туберкуллез және трихофитиямен ауырған жануарларды тасымалдаудан босаған көліктерді формальдегидтің және 3% күйдіргіш натр немесе құрамында 5% белсенді хлоры бар хлорлы әктің ерітіндісімен дезинфекциялайды.

Көліктерді үшінші категория бойынша дезинфекциялау кезінде формальдегидтің 6%, парсодтың7,5% ертіндісін, сірке алды қышқылдың 10% ертіндісін, хлорлы аммиактың 12% ертіндісін, құрамында 3% белсенді хлоры бар гипохлор ерітіндісін қолданады.

Дезинфекцияның  аэрозольды әдісі.

Аэрозольды дезинфекция кезінде автокөлік ішіндегі ауа температурасы 12ºС-тан , ылғалдылығы 50%-тен кем болмауы шарт. Көліктерді екінші категория бойынша аэрозольдық әдіспен дезинфекциялау үшін формальдегидтің 38 - 40% ертіндісі ұсынылады, жұмсалу мөлшері әрбір текше метр жерге (мерзімі 3 сағаттан) 40мл ертіндіні 1 сағат бойы дезинфекциялайды.

Көліктерді үшінші категория бойынша аэрозольдық әдіспен дезинфекциялау үшін құрамында 38 - 40% ертіндісі бар формалинді қолданады, жұмсалу мөлшері әрбір текше метр жерге 55 – 60 мл, зарарсыздандыру мерзімі 3 сағат.

Аэрозольды қолданғанда  бөлме саңылауларының бүтіндігін, оның ішінің температурасы 15ºС-тан төмен  болмуы және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60 - 95% шамасында болу керектігін ескеру қажет.

Дезинфекцияның параформалинді әдісі құрамында формальдегиді  бар дезинфекциялық препараттардың параформалинді қоспасына айналуына  негізделген, бұл әдістің ұсақ тамшылы  түрінде бүркілетін ерітінділерден неғұрлым жоғары бактериоцидтік белсенділік  қасиеті бар.

Құрғақ будың әсерінен дезинфекциялаушы ерітінді ұсақ бөлшектерге  айналып, зарарсыздандырылатын нысанның тұйық кеңістігінде ұзақ уақыт қалықтаған күйінде сақталады. Автокөлік ішіндегі формальдегидті  бейтараптандыру мақсатымен аммиактың 25% ерітіндісінің  аэрозольін 30 минут бойы ұстайды. Содан соң көліктің терезелерін ашып, желдетіп ыстық сумен жуып шаяды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Қорытынды.

Сонымен, курстық жұмысымды  қорытындылай келе тақырыпқа байланысты өзімнің ой-пікірімді білдіргім  келеді.

Жануар тектес шикізаттарды автокөліктерімен тасымалдау, тасымалдаудың өзгеде жолдары сияқты, экспорттаушы – импорттаушы елдер – арасында үлкен маңызға ие. Өйткені эканомикасы жоғары дамыған, мұхиттық сулармен қоршалған елдер арасында тасымалдаудың арзан жолы және көп мөлшерде жануар тектес шикізаттарды тасымалдауға мүмкіндік береді.           

Көліктің бұл түрімен  жануар тектес шикізаттарды тасымалдаудың аясы біздің жақсы жолға қойылған.

Қазіргі кезде  жүк тасымалдау  тауар тасымалдау үшін қажет болып  табылады,  автомобильмен тасымалдау сияқты көліктік  қызметтер ерекше сұранысқа ие болуда.

Автомобильдерді дезинфекция жүргізуге дайындауға берілген шарт бойынша көлік жүргізушісі немесе оның көмекшісі, ал бекетте және өзге де бекеттердегі обьектілерді – ауданның жүк бекетінің бастығы қамтамасыз етеді. Ветеринарлық-санитарлық жұмыстарды материалды-техникалық қамтамасыз етуді теңіз саудалық бекеті жүргізеді.

Автомобиль көлігі арқылы тері, қой терісі, бағалы аң терісі, жуылған және жуылмаған жүн, қылшық, қыл және жүн шикізаттары, құрғақ және ылғалды тұздалған ішектер, мамық, қауырсын, сүйек, мүйіз, тұяқ және басқа да жануар тектес шикізаттар жіберіледі. Олардың тасымалы белгіленген формадағы жұқпалы және жұқпалы емес аурулардан таза шикізат екендігіне жүк жіберушісі куәландырған №3 үлгідегі ветеринарлық куәлік арқылы жүргізіледі

Жүк жіберушінің тасымалдауға берілетін жануар тектес шикізаттардың  әрбір партиясында №3 үлгілі малдәрігерлігі куәлігі болуы қажет. Егер тасымалдауға рұқсат етпесе ол туралы акт толтырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Қолданылған әдебиеттер тізімі.

 

  1. Есенғалиев, Ғ.Ғ., Кушалиев, Қ.Ж., - Мемлекеттік шекарадағы және көліктегі мал дәрігерлік - санитарлық қадағалау, - Орал, 2002.
  2. Бутко М.П. и другие «Ветеринарная санитария на транспорте» -Москва, Колос, 1986.
  3. Даулетбаев К.Д. «Государственный ветеринарный надзор на границе и транспорте Р.К.» -Алматы, Алатау, 1997.
  4. Поляков А.А. «Ветеринарная санитария» - Москва, Колос,1979
  5. Поляков А.А. и другие «Руководство по ветеринарной санитарий» - Москва, Колос.1986
  6. Песков П.Г. и другие «Ветеринарно-санитарный надзор на транспорте» -  Москва, Колос, 1969
  7. Поляков А.А. «Ветеринарная дезинфекция» - Москва, Колос,1975.
  8. Третьяков А.Д. «Ветеринарное законодательство» Том 1,2,3,4. –
  9. Москва, Колос, 1973,1981,1988.
  10. Телеуғали Т.,Қырықбай С. «Мал дәрігерлік-санитарлық сараптау және мал шаруашылығы өнімдерінің технологиясы мен стандарттау негіздері» - Алматы, Бастау, 1998.
  11. Ярных В.С. «Аэрозольная дезинфекция» - Москва, Колос, 1988.
  12. «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы», Астана, 2003.
  13. www.google.kz. Сайты. Қазақстан Республикасының аумағындағы мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктерді тасымалдау Ережесі

 

 

 

 

 

 

 

 


Страницы:← предыдущая1234
Описание работы
Мен осы курстық жұмысымның негізгі мақсаты – жануар тектес шикізаттарды автомобиль көлігімен тасымалдау кезіндегі қойылатын ветеринарлық–санитарлық талаптар мен жүргізілетін шаралар және осы кезеңдердегі ветеринарлық-санитарлық бақылаудың маңыздылығын анықтау болып табылады. Яғни олардың осы тасымал жолымен тасымалдағанда кездесіп қалуы мүмкін жұқпалы және жұқпалы емес әр түрлі ауруларды болдырмау,алдын алу және анықтау. Сондай-ақ жануар тектес шикізаттарды автомобиль көлігімен тасымалдауға толық сипаттама беру.
Содержание
содержание отсутствует