Жануар тектес шикізаттарды автомобиль көлігімен тасымалдау кезіндегі қойылатын ветеринарлық-санитарлық талаптар мен жүргізілетін шарал

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2013 в 19:48, курсовая работа

Описание работы

Мен осы курстық жұмысымның негізгі мақсаты – жануар тектес шикізаттарды автомобиль көлігімен тасымалдау кезіндегі қойылатын ветеринарлық–санитарлық талаптар мен жүргізілетін шаралар және осы кезеңдердегі ветеринарлық-санитарлық бақылаудың маңыздылығын анықтау болып табылады. Яғни олардың осы тасымал жолымен тасымалдағанда кездесіп қалуы мүмкін жұқпалы және жұқпалы емес әр түрлі ауруларды болдырмау,алдын алу және анықтау. Сондай-ақ жануар тектес шикізаттарды автомобиль көлігімен тасымалдауға толық сипаттама беру.

Работа содержит 1 файл

авто коликпен тасымалдау.docx

— 52.27 Кб (Скачать)

15. Жапсырмасы бар шикізаттар сібір жарасына тексерілмейді. Оларға: жылқы, мүйізді ірі қара, есек, түйе, бұғы, құлан, жабайы ешкі, қозылар, қояндар, суыр, иттер, мысықтар, үй қояндары, түлкі терілері жатады. Шошқа терілері сібір жарасына тексеріліп болған соң жапсырма жапсырылып өткізіледі.

16. Тері мен жүн шикізаттарын  сібір жарасына зерттеген зертхананың жапсырмасы салынады. Зерттеу нәтижесі бойынша шикізат сібір жарасына оң реакция беретін болса, ол сәйкес дезинфекциясынан кейін тасымалданады. Теріде “Дезинфекцияланды” деген жапсырма салынады.

17. Жүн, мамық, үкі жұмсақ ыдысқа оралып, ал ұсақ жөнелтілулерде- жәшіктермен немесе тығыз жұмсақ ыдыспен тасымалдайды.

Ветеринарлық куәлікте жүн  қандай күйде тасмалданатындығы- жуылған, жуылмаған, жуылса, жуу қалай жургізілді- суықпен немесе ыстықпен. Әрбір тасмалданатын жүктің фабрикалық маркасы болуы тиіс.

18. Мүйіздер, тұяқтармен сүйектер жәшіктерде, себеттерде , тығыз жұмсақ ыдыста оралған күйде тасмалданады. Мүйіздер, тұяқтар мен сүйектер дымқыл күйінде тасмалданбайды.

Сүйек құрғақ, артық заттардан  тазартылған, қысқы кездегі температурасы   -5˚С  және одан төмен бола мұздатылған  күйде  жүк қабылдаушының келісімі болған жағдайда  тасымалданады. Бұл жағдайда “жолаушының ерекше өтініштері” жолағында, жүк беруші “Сүйекті мұздатылған күйінде тасмалдауға келісемін” деген белгі салады.

19. Ветеринарлық куәлікте сүйекті тасмалдағанда сонда шығу тегі  көрсетілуі тиіс (асханалық, шұжықтық, далалық).

Далалық сүйектер мен тұяқтар  хлорлы әктің ерітіндісімен өңделіп, кептіріліп тиелуі тиіс. Асханалық,  шұжықтық  сүйектерді далалықпен бірге  тасмалдауға болмайды.

Мүйіздер, тұяқтар мен  сүйектер, ыдыссыз  тасымалданады.

20. Өңделмеген тері кесектері құрғақ күйде, қапшықтарда, жәшіктер мен қорапшаларда байлаусыз тасымалданады.

  21. Мидроны жылдың жылы мезгілінде: құрғақ қапшықта, әкті сүтпен консеріленгендерін жәшіктерде тасымалдайды.

  22. Шетелге шығарылатын шикізаттар  жүктің санына байланысты, тиеуші станцияларда  мемлекеттік ветеринарлық бақылау қызметкерінің міндетті ветеринарлық тексерістен өту қажет.

  23. Шекаралық бекеттерде көрсетілген жүктерде шекаралық ветеринарлық пунктінің ветеринарлық дәрігерімен тексерілуі тиіс.Мемлекеттік ветеринарлық бақылау жүктің  ветеринарлық куәліктерінің орнына сертификат немесе импортталатын жүктердің ветеринарлық куәлік беріледі

  24.Көліктегі мал дәрігерлік бақылау өкілі шикізаттың барлық тобын түсіруге тиым салуға құқығы бар, егер оның сәттілігіне күмән туса. Жануар тектес шикізаттарды тек қана көліктегі мал дәрігерлік қадағалау пунктінің өкілі тексеріп және оның мал дәрігерлік куәлікке рұқсат белгі қойғаннан кейін қана түсіруге болады. Шикізаттарды түсірген соң автомобиль көліктері мен жүк салғыштар міндетті тазалауға, жуу мен  дезинфекциялауға  жібереді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   2.3Жануар тектес шикізаттарды шетелге шығару, шетелден әкелу кезінде мал дәрігерлік-санитарлық бақылау.

     Төменде келтірілген  шикізаттарды шетелге шығаруға  рұқсат етіледі:    

     Тұяқ, сүйек, жүн, мүйіз, қылшық, мамық және тері шикізаттары дені сау малдардан өндіріліп және соңғы 12 айда аусыл ауруынан шаруашылық сәтті болған болса. Тасымалдауға жіберілмекші шикізаттарды шығару пунктімен тиеу алаңдары аусыл ауруынан конвенциялық тыйымда болмауы тиіс. Жоғарыда аталған тұяқ, сүйек және мүйіздерді жөнелтуші кәсіпорындарында міндетті түрде 2,5 % формальдегид немесе 5% хлоры бар әк ерітінділерінде өңдеуден өткізеді. Өңдеудің ұзақтығы зақтығы 3 – сағат көлемінде болуы тиіс.

Тасымалданатын жануар тектес шикізаттар мемлекеттік және халықаралық  шарттарға сай болуы тиіс.

Қазақстан Республикасында  сиыр, қой, жылқы, түйе, шоқа терілері және мамық жүнді шикізат ылғалды, құрғақ тұздалу түрлерінде, қатты  кенепке буып-түйіп, ал сулы тұздалған  тері шикізатты ағаш бөшкелерге немесе жәшіктерге салып әкеледі.

Терілер преципитация реакциясымен сібір жарасына зерттеледі. Мал дәрігерлік сертификатта зерттеу жүргізілгені туралы белгі қойылып, Қазақстан  Республикасына теріс нәтиже берген терілер әкелінеді.

Жүнді, ешкі түбітін, қылды, сібір жарасына бактериологиялық зерттеу  жүргізбестен, аусылдан, шешектен, туляремиядан, сібір жарасынан т.б. аурлардан  сәтілігін куәландыратын мал  дәрігерлік сертификатына сүйеніп  әкелуге рұқсат етіледі.

 Шекарадағы станса  бастығы міндетті түрде жүктердің  келетіні туралы хабар берген  соң, аумақтық басқарманың шекарадағы  ветеринариялық бекетінің ветеринариялық  инспекторы келген жүктерге зерттеу  жүргізеді. Ветеринариялық-санитариялық  шараларды жүргізіп болған соң,  аумақтық басқарманың шекарадағы  ветеринариялық бекетінің ветеринариялық  инспекторы сыртқа шығатын жүктерге  ветеринариялық куәлік орнына  ветеринариялық сертификат, ал сырттан  келген болса ветеринариялық  сертификат орнына ветеринариялық  куәлік береді, олар сосын тасымалдау  құжаттарына қосылады. Жіберуге  түскен малдан шыққан өнімдер  және шикізаттар сыртқа немесе  ел ішінде болса, ветеринарлық  құжаттар дұрыс болмаса тасымалдауға  жіберілмейді.

       Жіберуге  келген жануарлардан алынған  өнімдер және шикізаттар ветеринариялық  құжаттар жоқ болса, экспортқа немесе импортқа жіберілмейді.

       2.4.Автомобиль көлігімен тасымалданатын жануар тектес шикізаттарды тиеу, орналастыру, қабылдау кезіндегі ветеринарлық-санитарлық бақылау.

Автомобиль көліктерімен тері, қой терісі, бағалы аң терісі, жүн, түк, қылшық немесе қыл және жүнді түбіт, құрғақ және ылғалды тұздалған ішек, мамық, қауырсын, сүйек, мүйіз, тұяқ және өзге де жануартектес шикізаттар тасымалданады. Олардын тасымалдануы шикізаттын жұқпалы аурулардан тазалығын растайтын, белгіленген түрдегі жүк жіберуші көрсеткен ветеринарлық куәлік болған кезде рұқсат етілуі.

Шикізаттарды автомобильмен тасымалдау арнайы ерекшеліктерге ие, оларды орындамау автомобиль көлігінің жүргізушілер мүшелері, донор және бекет жұмысшыларының арасында бірнеше аурулардың, соның ішінде сібір жарасының пайда болуына әкеліп соқтыруы әбден мүмкін. Азия мен Африка елдерінен келетін шикізаттарға аса назар аудару қажет. Себебі мұнда сібір жарсы қоздырғышының зақымдалуына тері шикізаттарына Асколи реакциясымен зерттеу жұмыстары жүргізілмейді.

Шикізат тасымалы белгіленген  үлгідегі қапта салынған кезінде  рұқсат етіледі. Ветеринарлық-санитарлық қадағалауға тексеру үшін барлық жүк көлемінің 5% ғана таңдап ашуға  рұқсат беріледі. Қажет болған жағдайда жүктің барлық партиясы тексерілуі мүмкін.

        Тұщы-құрғақ жіне құрғақ-тұзды терілердің көлемді бөлігін қаптарға оралған күйінде және байламдары массасы 80кг-нан кем емес көлемде тасымалдайды. Мұндай қаптарды жіппен екі айналдыра орап, биңк емес қатармен орналастыру арқылы тасымалдайды.

Тері, өңделмеген тері және қой тері шикізаттарын қабылдау кезінде  сібір жарасына зерттелген таңбаның болуын ветеринарлық-санитарлық қадағалау  органдары тексеру қажет.бұл таңбалардың  және сертификаттардың болуына қарамастан жүк көтерушілер қолғаптар қолдануын  қадағалау қажет.

Ветеринарлық-санитарлық қадағалау  бақылауындағы қасапханалар мен  ет комбинаттарында сойылған және сау  жануарлардан тері және бағалы терілі шикізаттардың кейбір түрлері тасымалдауға асколизациясыз жіберілуі мүмкін. Бұл  ветеринарлық-санитарлық қадағалау  таңбасымен расталады және куәліктерде  жазылады.

Тілінген терілерді, негізінен, темірмен жанаспайтындай етіп борттардың төменгі қатарында сепарациямен орналастырылады. Сепарация негізінде тақтайшалар, маталар және брезенттер алынады. Кеменің дұрыс жүк сыйымдылығы мен жүк көтергіштігін сақтау мақсатында құрғақ тері бетіне,  тасымалдау жағдайларына байланысты терілермен бір бөлімде тасымалдауға болатын құрғақ жүкті тиеген дұрыс. Тері шикізаты балауса немесе мұздатылған, сонымен қоса ылғалдандырылған түрінде тасымалдауға жіберілмейді. Сулы тұздалған терілерді бөшкелерде, ыдыстарда, байламдарда және кесілген түрінде тасымалдайды.

Ылғалды тұздалған терілер  тиеуге дейін жағада орналастырылған  кезде тұщы су әсерінен тез бұзылатындықтан  жауын-шашын, жаңбыр мен қардан қорғалған  болуы керек. Ылғалды тұздалған  терілер ұсталған жекелеген орындарда  корпустардың барлық бөлігін металдық заттармен сепарирлейді және екіншілік  еденіне тақтайша, маты және брезент  төсейді. Сепарация және екіншілік  еденнің төсеуіне тері сапасына тікелей  әсер ететін емен тақтайшалары алынбау  қажет. Мұндай едендердің тазалығына және тұздықтармен ластанбауына баса назар  аударылады. Төрт-бес қаптама терілерді  бірінің үстіне бірін салып қатар  орналастырғанда, олардың тұздығы  көп мөлшерде ағатыны белгіленген.

Терілерді тиеу кезінде олардың  жағдайы мен санитарлық сапасын  сырқы түріне қарап анықтау қиын, ал кейбір кездері тіптен мүмкін емес. Сондықтан жүкті сақтау жағдайларына әсер ететін фақторларды анықтап, кеме журналында барлық трюмдердің дайындығын, терілерді орналастыру әдістерін  және кеме орындарының немесе бөлмелерінің желдетілу жүйесін растайтын  мәліметтерді тіркеу қажет.

Әрбір тері қаптамасына 9х15 см көлеміндегі фанерлі бирка  байланып, оларға келесі мәліметтер жазылған жазу басады:

  • Қаптаманың реттік номері;
  • Жүк жіберуші мен жүк қабылдаушының атауы;
  • Спецификация номері;
  • Шикізат түрі;
  • Консервілену түрі;
  • Тері саны;
  • Терілердің ауданы мен массасы;
  • Сәйкесінше сертификат номері;

Бирканың екінші беті таза қалдырылады, оған көлік министрлігімен белгіленген таңбаны жіберуші станциясы  да көрсетіледі.

Тілінген немесе кесілген терілерді тек трюмның төменгі  қабатына тиейді. Әрбір теріні жоғары қарай орналастырып, теңестіреді. Терілерді  бүгіп немесе қатпарлап орналастыруға  болмайды, себебі бұл терінің шіруіне  әкеліп соқтырады. Әрбір ярусты тұзбен себелейді және тұздықпен көп  мөлшерде сулайды. Терінің беткі  қабатына 15 см қалыңдықтан кем емес болатындай етіп қабаттап тұз себеді. Толық көлемде жүкті тиеу кезінде  жүкті жоғарғы қабаты мен төменгі бөлігінде 120 см-ден кем емес бос кеңістік қалдыруға тура келеді.

Терілерді тасымалдау кезінде  терілерді жауын-шашын, авто көлікпен тасымалдау кезінде болатын оқыс оқиғалардан қорғау қажет. Олар жүктің терлеуі кезінде түзілуі мүмкін.

Үздіксіз желдетуді барлық рейс бойынша ауа-райы жағдайы мүмкіндік  туғызып тұрғанда жүктік люктерді ұдайы  ашық ұстау керек.

Ылғалды тұздалған терілерді  түсіргеннен соң, жүк орындарын  екі атмосфералық қысымда тұщы су көмегімен мұқият жуады. Трюмды тұздан мүқият шаю металдың қарқынды түрде  таттануынан сақтайды. Иісті толықтай жою үшін трюмның екінші қабатының  ағаш төсенішін толықтай алып, барлық тақтайшаларды жақсылап шаяды.

Төшкелердегі терілерді  тиеу көлемі 1,56-1,70 м3/т, ал байламдарда 1,13-1,3 м3/т, ал тілінген терілерді – 1,27-1,36 м3/т.

Ылғалды тұздалған жануар тектес шикізаттарды тасымалдау және сақтау үшін оптималды жағдайдағы температура  – 1-12оС, жақсы желдетілу кезінде ылғалдылық мөлшері 89-90 %.

Жүнді жуылған және жуылмаған  тасымалдауға болады. Жүннің осы екі  түрін бірге тасымалдауға болмайды және оларды әр түрлі жүк орындарына тиеген дұрыс. Олар қайнатым жүктерді орналастырғандай етіп қабылдайды, оларды жатқызып, тұрғызып және аралас күйінде  олардың көлеміне қарай орналастыру  ұсынылады. Жүндерді престелген қайнатымдарда  массасы 127 кг-нан 453 кг-ға дейінгі аралықта тасымалдаған дұрыс. Ылғалды және дымқыл жүндерді тасымалдауға рұқсат етпейді.  Жүнді ылғалды бөлігін және майлы, сулы жүктердің үстіне тиемеген дұрыс. Бұл кезде жүннің арасына тақтайша, матылар салынады. Рейс кезінде жүк  орындары жүнге толы болғандықтан, жақсы желдетілуі тиіс.

Жүн мен қыл, қылшық суды тез сіңіргіш жүктер қатарына жатады. Оларды қабылдау массасы бойынша  кондициялық ылғалдылығы 15%, қылшық жүн үшін 17%, жіңішке жүн үшін 20% болып келеді.

Қылшықты әдетте қаптама  жәшіктерде (1,25-2,23 м3/т), бөшкелерде (2,80-3,11 м3/т) және қаптарда (3,03-3,20 м3/т).

Жануарлар қылын қаптарда престелген күйінде тасымалдайды. Оларды барлық қайнатылым жүктеріндегідей  етіп орналастырылады. Қылды тасымалау  кезінде міндетті түрде белгіленген  ветеринарлық куәлік болуы қажет.

Бағалы аң терілері мен  былғары – бұл құнды жүк  түрі болып табылады, сондықтан да  оларды арнайы орындарға орналастырып, тасымалдау кезіндегі сақтау сапасын  сақтайтын шараларды көрсету  керек.

Бағалы былғарылы бұйымдарды үй жануарларының терісі, теңіз және бағалы аң терісінен дайындайды, оларды химиялық және механикалық өңдеудің көмегімен тұщы құрғақ әдісімен консервілеп, ұзақ уақыт сақтайды. Бұлғын, сусар, ақ тышқан, құндыз, түлкі. Ондатра терілерінен  дайындалған өте құнды тері сұрпын жәшіктерге орналастырып, ішінен қағаз  немесе маталар арасына салып, жай  ғана аз мөлшерде нафталин себеді. Жәшіктерді толықтай герментизациялап, торланған  ағаштарға қояды.

Информация о работе Жануар тектес шикізаттарды автомобиль көлігімен тасымалдау кезіндегі қойылатын ветеринарлық-санитарлық талаптар мен жүргізілетін шарал