Жануар тектес шикізаттарды автомобиль көлігімен тасымалдау кезіндегі қойылатын ветеринарлық-санитарлық талаптар мен жүргізілетін шарал

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2013 в 19:48, курсовая работа

Описание работы

Мен осы курстық жұмысымның негізгі мақсаты – жануар тектес шикізаттарды автомобиль көлігімен тасымалдау кезіндегі қойылатын ветеринарлық–санитарлық талаптар мен жүргізілетін шаралар және осы кезеңдердегі ветеринарлық-санитарлық бақылаудың маңыздылығын анықтау болып табылады. Яғни олардың осы тасымал жолымен тасымалдағанда кездесіп қалуы мүмкін жұқпалы және жұқпалы емес әр түрлі ауруларды болдырмау,алдын алу және анықтау. Сондай-ақ жануар тектес шикізаттарды автомобиль көлігімен тасымалдауға толық сипаттама беру.

Работа содержит 1 файл

авто коликпен тасымалдау.docx

— 52.27 Кб (Скачать)

Осы аңдардың аз ғана құнды  сұрыптары, сонымен қоса тиін, борсық, сасық күзен, жанат, аю терісін және көжек пен қоян былғарысын киптерге салып, ттепарусинді қаптарға тығыздап орналастырып тігеді және шетерін толықтай пломбалайды. Ең арзан терілер мен  былғарыны орап, тығыз матамен  тігеді.

Арнайы металдық жәшіктерге салынған терілер мен былғарыны  арнайы жылы ылғалды режимде ұстаудың қажеттілігі жоқ.

Тюк немесе киптерге орналастырылған  былғары терілі тауарлар ылғалды  ортаның әсеріне ұшыраған. Оларды мұқият тиеп, ылғалды және тері иісінен  тез бұзылатын жүктерден бөлек  жаққа қою қажет. Тері мен былғарыға  атжалмандар мен егеуқұйрықтар  үлкен зиян келтіреді, сол себептен жүк орындарында ұзақ уақыт дератизация  жұмыстары жүргізілмей, атжалмандар  барына күдік туса, былғары мен  терілерді жүк ретінде тиемеген дұрыс.

Мүйіз, сүйек және тұяқтарды  бөшкелерде, жәшіктерде, мықты қаптарда орналастырылған, тұтас және бөлінген түрінде тасымалдайды. Ветеринарлық сертификатта бактериологиялық зерттеулер қорытындысы көрсетіледі. Теңіз  тасымалында фумагия жайында  сертификат толтырылады және олардың  орындалу реттілігі жазылады.

 Мүйіз, тұяқ және  сүйектер алдын-ала кірден және  жұмсақ еттерден тазаланып, кептірілген  түрде тасымалдауға қабылданады. 

       Кептірілмеген  мүйіз, тұяқ және сүйектер тасымалдауға  жіберілмейді.

       Ылғалды  сүйектер, жұмсақ еттен тазаланған  түрінде, қыс уақытында күндіз  кезінде сыртқы ауа температурасы  5 о С төмен болса, қатырылған  түрінде тасымалдауға болады, егер  жүк жіберуші мұндай тасымалдауға  келіссе. Бұл жағдайда құжатта  "Жүк жіберушінің арнайы өтініші  және белгісі" графасына жүк  жіберуші "Ылғал сүйектерді қатырылған  түрінде тасымалдауға келістім, жүк алушымен келісілген" деп  белгі жасайды. Сүйектер тасымалданған  кезде ветеринариялық куәлікте, олардың шыққан тегі (далалық,  шұжықтық, асханалық) көрсетіледі. 

       Далалық  сүйек және тұяқтар артылар  алдында алдын-ала хлорлы әктің  ерітіндісіне салынып және кептіріліп, бұл туралы ветеринарлық куәлікте  көрсетіледі. Асханалық және шұжықтық  сүйектер бірге далалық сүйектермен  тасымалданбайды. 

       Мүйіз,  тұяқ және сүйек тарысыз жабық  вагондарда тасымалданады. 

       Асханалық  және шұжық сүйектерді, тағы мүйіз  және тұяқтарды аз мөлшерде  тек қана қатты тарыларда (жәшік,  бөшке) тасымалдауға жіберіледі.

       Далалық  сүйектерді аз мөлшерде тасымалдауға  тиым салынады. Жүк ауласының  аумағында далалық сүйектерді  вагондардан түсіру және арту, станса қоймасында және жүк  ауласында сақтауға және жинауға  тиым салынады.

       Бұл  жүктің артылуын және түсірілуін  тек қана автокөліктен вагонға  немесе вагоннан автокөлік арқылы  жүргізіледі. 

Сүйекті тасымалдауға бөлінген күйінде жіберіледі (ірі бөлінген сүйек – 3/8 дюйм және 5/8 дюйм; жануарлардың ұсақталған сүйегі 3/16 дюйм). Ірі және ұсақ бөлінген сүйектерді қабаттап тасымалдауға рұқсат етілмейді. Мұнда сепарацияны  қолданылуы да жіберілмейді.

Сүйекті тері шикізаттары  мен ішектермен қоса тасымалдауға жіберілмейді, домалақ сүйекті азықтық сүйекпен бір уақытта тасымалдауға болмайды.

Шекарадағы станса бастығы  міндетті түрде жүктердің келетіні туралы хабар берген соң, аумақтық басқарманың  шекарадағы ветеринариялық бекетінің  ветеринариялық инспекторы келген жүктерге зерттеу жүргізеді. Ветеринариялық-санитариялық шараларды жүргізіп болған соң, аумақтық басқарманың шекарадағы ветеринариялық бекетінің ветеринариялық инспекторы сыртқа шығатын жүктерге ветеринариялық куәлік орнына ветеринариялық сертификат, ал сырттан келген болса ветеринариялық сертификат орнына ветеринариялық куәлік береді, олар сосын тасымалдау құжаттарына  қосылады. Жіберуге түскен малдан шыққан өнімдер және шикізаттар сыртқа немесе ел ішінде болса, ветеринарлық құжаттар дұрыс болмаса тасымалдауға жіберілмейді.

       Жіберуге  келген жануарлардан алынған  өнімдер және шикізаттар ветеринариялық  құжаттар жоқ болса, экспортқа  немесе импортқа жіберілмейді.

Егер жануар тектес шикізаттарды жүйелі түрде белгіленген бекеттерден тасымалдаса, бекеттерде арнайы орындар бөлінеді, мұнда шикізаттарды сақтау үшін ұйымдастырылған қойма орындары немесе шектелген аумақ болуы керек.

Автомобиль көлігі арқылы тері, қой терісі, бағалы аң терісі, жуылған және жуылмаған жүн, қылшық, қыл және жүн шикізаттары, құрғақ және ылғалды тұздалған ішектер, мамық, қауырсын, сүйек, мүйіз, тұяқ және басқа да жануар тектес шикізаттар жіберіледі.

  Жүн, қыл, шаш, түбіт  және қауырсын вагонмен жіберілгенде, тасымалдауға жұмсақ тарыға оралып, аз мөлшерде болса жәшікке  немесе қатты жұмсақ тарыға  салынып әкелінеді. 

           Жүн тасымалында ветеринариялық куәлікте жүннің жуылғанын және жуылмағанын, жуылса қай түрімен жуылғанын ыстық немесе суық түрінде екенін көрсетеді.Әрбір вагонға, кенепке нығыздалған 8 т.-жуылмаған жүн, 17 т.- жуылған жүн, 20 т.- аралас жүн, 22 т.- қылшық жүн тиеледі.Жүннің әрбір теңінде, жүн жуылған жердің фабрикалық таңбасы болуы керек.

 Өңделмеген терінің  қалдықтарын құрғақ түрінде, қапта,  қапшықта немесе қорап және  жәшікте тасымалданады. 

      Терінің шелін күн жылы уақытында құрғақ түрінде қап және қапшықта, ал консервіленгенін избесті сүтте түбі бүтін бөшкеде тасымалданады. Күн суық уақытында ауаның температурасы ноль градустан төмен болса, терінің шелін жақын орналасқан желім зауытына бөлшектеп қатырылған түрінде, тек қана жабық вагонда тасымалдауға жіберіледі. Егер терінің шелін тарысыз тасымалданса, жүк жіберуші вагонның еденіне әк салынады.

       Терінің  қалдықтарын және терінің шелін,  аз мөлшерде тек қана түбі  бүтін бөшкеде тасымалданады. 

      Жануарлардан  алынған өнімдер мен шикізаттар  шетелге жіберілетін болса, жүк  артылатын стансада, жүктің көлеміне  қарамай шекара және көліктегі  мемлекеттік ветеринариялық қадағалауының  аумақтық басқармасының ветеринариялық  инспекторы міндетті түрде зерттеу  жүргізеді. 

       Сырттан  келетін жануарлар алынған шикізат  аз мөлшерде қатты немесе жұмсақ  тарыға оралмаса тасымалдауға  тиым салынады.Олардың тасымалы белгіленген формадағы жұқпалы және жұқпалы емес аурулардан таза шикізат екендігіне жүк жіберушісі куәландырған №3 үлгідегі ветеринарлық куәлік арқылы жүргізіледі.

 

 

 

 

 

   2.5.Жануар тектес шикізаттарды автомобиль көлігімен тасымалдаудан босаған автомобиль көліктерін зарарсыздандыру.

Автомобильдерді дезинфекция жүргізуге дайындауға берілген шарт бойынша көлік жүргізушісі немесе оның көмекшісі, ал бекетте және өзге де бекеттердегі обьектілерді – ауданның жүк бекетінің бастығы қамтамасыз етеді. Ветеринарлық-санитарлық жұмыстарды материалды-техникалық қамтамасыз етуді теңіз саудалық бекеті жүргізеді. Олардың қарауында шетелдік келетін автомобиль көлігінен алынатын қалдық пен азықтық қалдықтарды утильдейтін бригада болады. Дезинфекцияға жатқызылатын автомобиль көлігінен түсіру басында дезинфекциялық пункт және жасақтың ветеринарлық дәрігері автомобиль көлігі және оның көмекшісін көлікті дезинфекцияға дайындау сипаты мен дезинфекциялық жұмыстарды жүргізуде техникалық қамсыздандыру қауіпсіздігі туралы хабарлайды. Екі жақпен қол қойылған жазбаныың бір данасы көлік жүргізушісіне беріледі. Ал екінші данасы дезинфекциялық пункт (жасақ) қарауында қалады.

Тасымалданған жүктің түріне және оның кірлігіне қарай көлікті  механикалық тазалаудан соң, қосымша  ағынды ыстық сумен (60-70 о С) жуылады, сосын кальциленген соданың ыстық 2%-тік ерітіндісімен ылғалдандырылады немесе сүртіледі немесе жоғарыда көрсетілген  дезинфекциялық ерітіндімен алдын-ала, ыстық сумен алдын-ала жумай, ылғалдандырылады.

        2%-тік формальдегид ерітіндісі, хлорлық әктің ерітіндісі, егер оның құрамында 2-3%-тік активті хлор болса, хлораминнің 4%-тік ерітіндісі, ыстық (60-70 о С) күйдіргіш натрийдің 2%-тік ерітіндісі, жаңа сөндірілген әктің 20%-тік ерітіндісі, жоғарыда көрсетілген ерітінділердің 1 шаршы метр-ге шығын мөлшері 0,5 литр.

Жануар тектес шикізатты  жүктерді түсіруден кейін көліктің дезинфекциясын ылғалды және аэрозольді әдіспен қысыммен және жағажай дезинфекциялық заттарымен немесе стационарлы және жылжымалы дезинфекциялық құрылғылар қолдана отырып, шекаралық ветеринарлық-санитарлық пункт көмегімен жүргізеді.

Стационарлық дезинфекциялаушы аумағы жоқ порттарда дезинфекциялық ерітінділер жұмысын дайындауды қамтамасыз ететін карантинді жағада техникалық заттар мен қондырғылармен жабдықталған дезинфекторлық орындар  дайындайды. Көлікті дезинфекция жұмыстарын жүргізбей жатып көлікке жүкті тиеуге рұқсат етілмейді. Дезинфекция жүргізілуі кезінде бөгде адамдарға көлікті дезинфекция жүргізіліп жатқан аймаққа жақындатпайды.

 Дезинфекция ережелерін сақтауға жауапкершілікті көлік меңгерушісі ал бекеттегі дезинфекциялау жұмыстарына, жануар тектес шикізаттарды орналастыру орнына, техника, сепарация және жұмысшылардың арнайы – жүк ауданының бастығы мен бекет басшылығына жүктеледі. Дезинфекциялық жұмыстардың дұрыс жүргізілуінің қадағалау жауапкершілігі, осыған жұмылдырылған мекеме жетекшісі немесе дезинфекциялаушы жасақ басқармасына жүктеледі.

Жануар тектес шикізаттарды тасымалдаудан кейінгі автокөлік және өзге де көліктерді ветеринарлық-санитарлық өңдеуден өткізудің техникалық регламенті ұйымдастырушылық шаралары (ветеринарлық-санитарлық өңдеуге тапсырыс рәсімдеу, көлікті тексеру, жұмыс көлемін анықтау), дайындау жұмыстары (қоймадан дезинфекциялық заттар алу, ерітіндіні дайындау үшін оларды өлшеу және қаптау), көлік жүк салғышы мен жүк салғыш багаждарын шаю және механикалық тазалау (тазалауды жүргізу, сепарация жинау, қалдықтардан тазарту, шаю жұмыстарын жүргізу және т.б), категория бойынша дезинфекция жүргізу (жұмыс ерітіндісін дайындап, оларды көліктерге жеткізу), дезинфекция, экспозиция жүргізу, дезинфекция сапасын бақылау жұмыстарынан тұрады.

Жүргізілген дезинфекцияға  белгіленген түрдегі құжат рәсімделеді.

Көліктердің шаюын және тазалануын сепарация жойылып, жануар тектес шикізаттар түсірілген соң, ал жағалауларда – олардан толықтай жүктерді алынған соң жүргізе бастайды. Бұл операциялар көліктің жоғарғы қабатының ластанулардан зарарсыздандыру, қалдықтарды тазалауды толықтай жүргізу мақсатында орындалады.

Автокөлікті механикалық тазарту және жуып-шаю – жануар тектес шикізаттарды түсіргеннен кейін көліктерді механикалық тазартып, жуып – шаяды, ал автокөлік бекеттері мен аялдамаларды барлық жүктерді сол жерден толықтай алып кеткеннен кейін тазартып, жуып – шаяды.

Автокөліктерді І категория бойынша өңдеу

Ең алдымен механикалық  жинауды жүргізеді, ол үшін автокөліктен түсірілген жануар тектес шикізат қалдықтарын белгіленген жерге жинақтайды.

Механикалық тазартудан кейін көліктерді, ішіндегі барлық жабдықтарымен ыстық судың ағынымен жуады. Жуып – шаюға арналған судың температурасы 60 – 70 ºС – тан төмен болмауы тиіс, қысымы 4 атмосфера және одан жоғары болуы керек.

Жууды аққан су мөлдір болғанға дейін жүргізеді. Автокөліктерді бірінші категория бойынш өңдеуден кейін жуып – шаю суларын көлікте орналасқан садыра құдығына құяды, содан кейін оларды автокөлікке құйып, бекеттегі тазарту қондырғыларына тасымалдайды, шыққан қоқыстарды, жуып – шаюдан қалған суды теңізге, өзендерге, тоғандарға ағызып жіберуге мүлдем рұқсат етілмейді.

Автокөліктерді  ІІ категория бойынша өңдеу

Шеттен әкелінген жануар тектес шикізаттар арасынан жұқпалы  ауруларға күдік туса, онда қалдықтарды өртейді де, автокөліктің ішін және ондағы жабдықтарды ыстық сумен жуып – шаяды, жоғарыда көрсетілгендей. Автокөлікті екінші категория бойынша жуып – шаюға қолданылған су өңдеуден кейін жиналады да, машинамен тазарту қондырғыларға зарарсыздандыруға жібереді. Көліктерден қалдықтарды халық орналасқан жерлерге лақтыруға тыйым салынады.

 

Автокөліктерді ІІІ категория бойынша өңдеу

Жануар тектес шикізаттардың  қалдықтарын, қоқыстарды жинап, авто бекеттегі аялдамаға түсіреді де арнайы машиналармен (тазарту қондырғыларға зарарсыздандыруға жөнелтіледі) өртеуге жіберіледі:

  1. Жануар тектес шикізаттарды, тасымалдаудан босаған жабдықтарды, құрал – саймандарды авто бекеттегі аялдамаға түсіріп, екі қайтара дезинфекциялайды;
  2. Автокөліктерді жууға қолданылған суды арнайы машиналармен зарарсыздандыру үшін тазарту қондырғыларына жолдайды. Көліктерден қалдықтарды, қиды, жуудан қалған суларды шаруашылық аймақтарға тастауға тыйым салынады.

 

Дезинфекцияның  ылғалды әдісі.

Автокөліктерді екінші категория бойынша дезинфекциялау кезінде құрамында 2 – 3 % белсенді хлоры бар, хлорлы әктің мөлдір ерітіндісін, хлораминнің 5% ерітіндісін, құрамында кем дегенде 2% белсенді хлоры болуы тиіс, күйдіргіш натрийдің 3 – 4 % ыстық ерітіндісін (әсіресе вирустық инфекцияларда), формальдегидтің 2% ерітіндісін қолданады. Дезинфекциялық ерітінділердің жұмсалу мөлшері 0,5л әрбір шаршы метр жерге, дезинфекцияның ұзақтығы 30 минут.

Информация о работе Жануар тектес шикізаттарды автомобиль көлігімен тасымалдау кезіндегі қойылатын ветеринарлық-санитарлық талаптар мен жүргізілетін шарал