Туристік бизнестегі сапалық менеджмент жүйесін талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 15:16, курсовая работа

Описание работы

Ауа-райының тұрақты болуы мен жазықтардың, асулар мен шыңдардың, рельефтің әр-алуандылығы Жетісу мен оның орталығы Алматыны белсенді демалыстың, танымдық, спорттық, археологиялық туризм және тағы басқа туризм орталығына айналдырды. Шөлдердің құмдары, тау шыңдары, құмды бархандар мен мұздықтар, сексеуіл шоғырлары мен эдельвейстер бәрі де бірнеше күндік жерде орналасқан. Бұндай көршілестік тек Алматы облысында кездеседі. Бұл жерде алты климаттық белдеулермен танысуға болады. Қазіргі кезде жергілікті жердің тұрғындары мен шет ел азаматтарына көптеген табиғи-танымдық турлар құрылған. Алайда көптеген турлар өзінің бағасының жоғары болуы мен рентабельсіздігіне байланысты туристік нарықта сұранысқа ие болмай отыр.

Содержание

Бет.

Кіріспе
3

1
Өндіріс кәсіпорындарындарындағы сапа менеджменті жүйесіндегі басқару негіздері
5

1.1. Басқару нысаны - сапаны құрастыру анықтамалар мен факторлар
5

1.2 Қазақстанның көрікті жерлерінің - туризм саласындағы сапа менеджмент жүйесінің ерекшіліктері
11

2
Туристік бизнестегі сапалық менеджмент жүйесін талдау
18

2.1 Туристік өнім сапасын құрастыратын, қызмет тиімділігіне әсер ететін факторлардың сипаттары
18

2.2 Алматы қаласындағы ресурстары және оларды туризм саласында қолдану жолдары
26


қОРЫТЫНДЫ
35

пАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

Туризмдегі сапа менеджмент жүйесінің қалыптасуы.doc

— 364.50 Кб (Скачать)

Қорғалатын ландшафт – табиғи ландшафтың ерекше құбылыстары  мен көріністерін құрайтын табиғи кешендерді қорғау мақсаттарында бөолінген  жер телімдері. Бұл жерлер аумағында  жолдарды, құрылыстарды, өндіріс объектілерді, электр желілерін тұрғызуға тыйым салынған.Бұл территориялар қоғамдық қолданысқа туризм мен демалыс мақсатында ауданның күнделікті өмірі мен экономикалық іс-әрекеттері шегінде беріледі. Мысалы: табиғи ескерткіш Шарын каньоны, сонымен қатар адамдардың қолдан жасалған, жануарлар мен өсімдіктердің қайталанбас немесе жойылу қауіпі туған түрлері жиналған жерлер жатады. Олардың қатарына: Алматыдағы бас ботаникалық бағы, Іле ботаникалық бағы, Алматы зоологиялық паркі жатады.

Туризм Қазақстанда шаруашылық іс-әрекеттің маңызды бөлігі болып отыр және кей-бір қорға латын аймақтарда жобалы түрде жүргізіліп отыр.

Дүние жүзінің көптеген елдерінде, қорғауға алынған территорияларда ұлттық парктер мен резервациялардағы іс-әрекеттер негізінен өзін-өзі қаржыландыру мен табиғатты қорғаудың тетігі болып табылады.

Алайда олар ұлттық юрисдикция шегінде болмаған кезде, көптеген жағдайларда парктер мен қорғалатын территориялар орналасқан мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның бюджеттік қаржыландыруында болады. Бұл үшін туризмді жобалау мен басқару іске асырылады және территорияның немесе объектің сиымдылық көрсеткіштері ескеріледі.

Қазақстанда парктер  басқа елдердегі сияқты адамның  іс-әрекеттеріне байланысты экологиялық  жүйе өзгермеген, алғашқы күйінде сақталған, өсімдік және жануарлар әлемі алғашқы күйінде сақталған, геоморфология мен өмір сүру ортасы үлкен қызығушылыққа ие, әдемі, қайталанбас ландшафтты жерлерде құрылады.

Парктер жоғарғы үкімет органдарының шешімімен немесе сонымен  келісу арқылы халықаралық ұйымдардың шешімімен (мысалы – ЮНЕСКО) құрылады. Келесі тарауда жоғарыда аталып өткен ерекше қорғалатын территориялардың кейбіреулерімен танысып өтеміз.

Алматы қopығы - Іле Алатауының орталық бөлiгіндегі табиғат байлығын қорғау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 1931 ж. құрылған мемлекеттік қорык. Ауданы 73,34 мың га (1997). Алматы қорығының кұрамына теңіз деңгейінен 1400 - 5017 м биіктікте оpнaлaсқaн Тaлғар тау жоталары енеді. 0л 4 биіктік белдеуден тұрады. Оның орманды-дала белдеуінде (1300 - 2600 м) aлмa, өрік, долана, карақат, итмұрын, ұшкат өседі. Жабайы жеміс ағашты орман Тянь-Шань шыршасынан тұратын қылқан жапыракты орманға (1400 - 2800 м) ауысады. Ал субальпі белдеуі (2600-3000 м) жартастар мен құлама шөгінділерден және шөбі аласа альпі шалғынынан тұрады. Одан жоғары (3800 метрден биік) белдеуді ұдайы мұз басқан құздар алып жатыр. (қоpықтa өсімдіктердің 1300-ден аса түрі кездеседі, оның 112 түрі ағаштар мен бұталар, Алматы қорығы жануарлар дүниесіне де бай.

Онда сүтқоректілердің 40 (барыс, қоныр аю, тас сусар, марал, таутеке, арқар, елік, суыр, тиін т.б.), құстардың 200-дей түрі (са.мырсын құсы, шырша торғай, тоқылдақ, бұлбұл, үкі, кептер, қара және сары шымшық, құр, ұлар. қозыкұмай. сушыл торғай, арша ементұмсығы т.б.) бар. Бауырымен жорғалалаушылардан: алай кесірткесі, қалқантұмсықты жылан; қосмекенділерден: көлбақа мен жасыл құрбақа кездеседі. Корықта ғылыми жұмыстар жолға қойылған. Ғалымдар орманның қалыптасу зандылықтарын, өсімдіктер мен жануарлар экологиясын және олардың биологиялық ерекшеліктерін зерттейді. Қорықта көп жылдан бері «Табиғат шежіресі» атты күнделік жүргізіліп, онда жинақталған ғылыми мәліметтер Алматы қорығы туралы 9 томдық кітапта баяндалған.

Қазақстан Республикасының  ұлттық парктері қазіргі кезде өзінің даму кезінің алғашқы кезеңін кешуде, әсіресе ғылыми мекеме ретінде. Оларға ғылыми жұмыстар қаржыландыру көзінің аздығы мен квалификациясы жоғары кадрлардың аздығымен түсіндіріледі. Осыған қарамастан Іле Алатау ұлттық паркі 1993 жылы өз күшімен Қазақстан Республикасының Ғылым академиясының ғылыми мекемелерін жұмылдыра отырып алғашқы ғылыми зерттеу жұмысын бастады. Жаңа құрылған ұлттық парктің негізгі ғылыми жобасы болып ұлттық парктің табиғи инвертиризациясын жүргізу болып табылады.

Парк территориясында бірнеше шағын шатқалдар бар. Олар бөлек табиғи объектілерден: минералды орындар, қыраттар, мұздықтар, көлдер мен сарқырамалардан тұрады. Олар табиғи объектілер категориясы болып 1981 жылы бекітілген кеңес органдары құрған, табиғи ескерткіш болып танылған. Олар барлығы 22. Мұның ішінде тек біреуі ғана республикалық маңыздылықтағы табиғи ескерткіш статусына ие және 1986 жылдың 17 ақпанында министрлер Кеңесінің 69 қаулысымен бекітілген. Ол Шынтүрген шыршалары. Ал қалғандары жергілікті маңыздылықтағы табиғат ескерткіштері болып табылады.

«АЛТЫНЕМЕЛ» ұлттық табиғи саябағы – 1966 жылы 12 қаңтарында Қаз ССР министрлер Кеңесінің қаулысы бойынша Үлкен және Кіші Қалқан табиғат ескерткіші Әнші құммен бірге ауданы 17 мың га құрайтын қорық болып құрылып Алматы қаласының жанындағы Іле Алатауында орналасқан Алматы қорығының басшылығына берілді. Алайда территорияның негізгі қорықтан алшақ орналасуы «Әнші құм» қорғау жұмыстарын жүргізуге кедергі жасады, сол себепті 15 жылдан соң қорық Алматы қорығынан бөлініп, қорық статусын сақтап Қапшағай аң аулау шаруашылығына берілді. Ол Шолақ, Матай тауларымен Мыңбұлақ пен оның жазықтығының аумағын алып жатты. Бұл жерлер қайталанбас көрініске ие. Құмнан жасалған таудың ұзындығы 1,5 км, ал биіктігі 120 метрге тең. Бархан екі қалқанның ортасында орналасқан. Ол жел әсерінен Іле өзенінің жағалауынан көшкен құмның жиналуынан пайда болған. Құрғақ кезде құм бархан бойымен жылжып, содан дыбыс пайда болады. Табиғаттың бұндай құбылысы жер шарының басқа жерлерінде де кездеседі: Аравия шөлінде, Гавай аралдарында, Америка, Қытай, (Қара теңіз, Балтық және Ақ теңіз, Днепр, Байкал жағалаулары).

Көптеген уақыт бойы құмның дыбыс шағаруы табиғаттың құпиясы болып келді. 1962 жылы Ленинградтық физик в.Арабаджи зерттеу жұмыстарын жүргізіп, дыбыс шығуының себебін анықтады. Қазіргі кезде парк Алматы облысының Кербұлақ ayдaнының аумағында орналасқан. 1996 жылы ұлттық саябақ болып ұйымдастырылды. Іле өзенінің солтүстігінде opнaлacқaн. Aуданы 460 мың га. Оның қүрамына Жоңғар Алатауының сілемдері: Шолақ, Дегерес, Матай, Алтынемел, Қояндытау таулapы. Үлкен Қалқан, Кіші Кaлқaн, Ақтау жоталары және өте сирек кездесетін табиғат ескерткішінің бірі - "Әнші құм (жергілікті тұрғындар «Айқай қүм» деп атайды) енеді. 3 ландшафты таулы-далалық. Құмды-шөлді және қиыршық тасты белдеулерден тұрады. Саябақ археологиялық ескертқіштер мен ежелгі таңбалар және суреттер салынған үңгірлер мен тастарға бай. Сақ дәуірінде салынған «Бесшатыр» обаларының маңызы үлкен.

Қазіргі кезде паркті қорғау жұмысы әлі де дұрыс жүргізілмеуду, парк территориясы қоршалынбаған, арнайы хабарландырулар қойылмаған.

Алматы облысының қорықшалары.

Сирек кездесетін және жойылып  бара жатқан жануарларды қорғау мақсатында Алматы облысысының Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ және Райымбек аудандарының аумағында 1978 жылы құрылған мемлекеттік қорықша. Теңіз деңгейінен 1000-3400 метр биіктікте орналасқан. Ауданы 724 мың га. Қорықшада өсімдіктің 590-нан астам түрі (мүк, қына, саңырауқұлақ, жабайы алма, өрік, долана, сарыағаш, ұшқат, т.б.); аң мен құстың 180 түрі (марал, арқар, таутеке, елік, жабайы шошқа, барыс, аю, сілеусін, ұлар, кекілік, бұлдырық, жетісу қырғауылы т.б.) мекендейді. Алматы қорықшасында тіршілік ететін Тянь-Шань қоңыр аюы, шұбар күзен, Орта Азия тас сусары, Түркістан сілеусіні, Алтай арқары, барыс, орақ тұмсық, сақалтай, жұртшы, бүркіт, көкқұс Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Сондай-ақ онда тоғай бұғысы, бұлғын, қоян, сары шымшық пен ақ тиын жерсіндірілген.

Қарой мемлекеттік қорықшасы – Республикалық маңызы бар қорықша болып табылады. Ол 1979 жылы құрылды. Ауданы 507 мың га. Қорықша Алматы облысының Балқаш ауданында орналасқан. Қорықша территориясы оңтүстікте Ақкөл ауылымен, батысында Жиделі өзенімен, солтүстігінде Балқаш көлінің жағалауымен, шығыста Бақанас-Қарой жолымен шектеліп жатыр. Шөлді аймақтапрда өсетін сексеуіл, жиде ағаштары Іле өзенінің жағалауындағы батпақты жерлердегі қамыс алқаптарымен ауысып отырады. Жағалауда қабан шошқа, елік, ондатра, қырғауыл және т.б. жануарлар мен құстар мекендейді. Шөлді жерлерде қарақұйрық, қарсақ, түлкі, кірпі, суырлар мен тышқандардың бірнеше түрі мекен етеді. Қорықша аумағында өсімдік жамылғысын өртеуге, ондатраны аулау мен оның табиғи жауларына (қасқыр, түлкі, қарсақ, қаңғыған иттер) аңшылық етуден басқасына аңщылық құруға тыйым салынған.

Қапшағай мемлекеттік аң аулау-қорықтық шаруашылығы – 1982 жарқар, елік, құлан, қарақұйрық және т.б. санын көбейту мен қорғау үшін құрылған. Қорық Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауында орналасып, Жоңғар Алатауының етегін алып жатыр. Оның ауданы 521,6 мың га. Өсімдік әлемі шөлейт жерге сәйкес келеді. Шаруашылық территориясында жануарлардың 40-тан астам түрі мен құстардың 80-нен астам түрі мекен етеді.

Жоғарғы-Көксу мемлекеттік зоологиялық қорықшасы – 1981 жылы 16 наурызында ҚазССР министрлер кеңесінің 1 қаулысымен құрылған. Қорық болу уақыты ҚазССР-нің министрлер кеңесінің 69 қаулысымен ұзартылған. Қорық территориясының көлемі 240 мың га. Қорықшаның мемлекеттік статусы да уақытпен шектелмеген. Жоғарғы Көксу қорықшасы Жоңғар Алатауының оңтүстік батысында Панфилов және Гвардия әкімшілік аудандарының территориясында орналасқан.

Лепсі мемлекеттік қорықшасы  – Талдықорған облысының атқарушы комитетінің халық депутаттар кеңесінің 1971 жылдың 30 желтоқсанының № 454 шешімімен көлемі 240 мың га жерде құрылды. Облыстық атқару комитетінің 1982 жылдың 27.07  263 шешімімен көлемі 258 мың га дейін ұлғайтылып 10 жылға дейін созылды. Лепсі мемлекеттік қорығының шекарасы шығысында Глиновка селосынан Үйгентас ауданының бойымен Тастау өзеніне дейін, Тастау өзенінен тігінен Тентек өзеніне дейін, батыста Тентек өзенінен Герасимовка селосына дейін, солтүстікте Жзержинск селосы мен Глиновка селосына дейінгі жерлер.

 «Реликтік шағала» мемлекеттік қорықшасы кеңесінің 1981 жылының 26 қаңтарындағы 29 қаулысымен 10 жылдық уақын шегінде құрылды. Қорық территориясы 187 мың га жермен, шекарасы Достық станциясынан оңтүстікке қарай Сарықора шатқалына дейін, мемлекет шекарасы бойымен батысқа қарай Көксуат өзенінің бастауынан Қызылтал өзенінің бастауына дейін, солтүстік батыс шекарасы Қызылтал өзенінен тігінен Көктұма селосына дейін, шығыс шекарасы Көктұма селосынантеміржол бойымен Достық селосына дейін созылып жатыр.

Шыңтүрген Сартоғай шатқалында орналасқан. Шетен – реликтік ағаш болып табылады. Палеонтологиялық ашылуларға қарағанда ол палеоген кезеңінде өсе бастаған. Шетен мұз басуды өткеріп, төрттік кезеңге дейін әрең сақталған. Сол кезден бері көптеген миллиондаған жылдар өтті: таулар мен климат өзгерді, жер бетінің әлпеті өзгерді, әр түрлі жануарлар мен өсімдіктердің түрлері жойылып кетіп оның орнына жаңа түрлер пайда болды, алайда шетен сол баяғы түрінде сақталып қалды. Тоғай территорияларында негізінен солдаттық шетен өседі. Ботаниктер оны өзен сүйгіш деп атайды, өйткені ол тек өзендердің бойында ғана өседі. Шетеннің бұл түрі тек осы жерде: Шарын өзенінің төменгі ағысы мен оның сағасы Темірлік өзенінің каньонында ғана сақталған. 1964 жылы тоғай табиғат ескерткіші болып жарияланды. Бұл жерде ағаш кесуге тиым саланған. Тоғайды орманшылардың бірнеше кардондары күзетеді. Тоғайдың ауданы 4855 га, алайда шетен оның тек қана 800 га жерінде ғана өседі. Тоғайда сонымен қатар қараторанғы, жиде, терек ағаштары өседі. Шетен жапырақтары басқа ағаштар арасында бөлініп тұрады: шетеннің жапырақтары ең қою түсті, қаратораңғынікі-ашық түсті, жиде өзінің ашық жасыл күміс түсті жапырағымен ерекщеленіп тұрады.

Әулетті табиғат ескерткіштері мен көңіл бөлерлік жерлер.

Қазіргі кезде құрылған ерекше қорғалатын территориялардан басқа, мемлекет қорғауын талап ететін көптеген табиғи объектілер бар.

А.В. Чигаркин: «Қазақ территориясында орнатылған тәртіп бойынша тек 3 объект республикалық ескерткіш болып жарияланған, алайда мемлекет қорғауын қажет ететін объектілер саны бірнеше есе көп. Қоғам мен мемлекет халқының парызы мен міндеті болып табиғат жаратқан құндылықтарды табу мен қорғау болып табылады». Қазіргі кезде республикалық маңыздылықтағы ескерткіш статусына 24 объект ие. Алайда 65 объект әлі де қорғалусыз қалып отыр. Оларды переспективалық табиғат ескерткіші деп атайды. Осы объектілердің алтауы Алматы облысы территориясында орналасқан:

  • Шарын каньоны (Ландшафтық – палеонтологиялық табиғат ескерткіші)
  • Жабыртау (Палеонтологиялық табиғат ескерткіші);
  • Күрті (Палеонтологиялық табиғат ескерткіші);
  • Шынжалы (Палеонтологиялық табиғат ескерткіші);
  • Қарағашты тоғай (Ботаникалық табиғат ескерткіші);
  • Шаңғақ тоғайы (Ботаникалық табиғат ескерткіші).

Шарын өзенінің каньоны немесе «Шаһарлар жазығы». Шарын өзенінің каньоны Алматы облысының шығысында Алматыдан 193 км жерде орналасқан. Терең каньон ішінен Шарын өзені ағып өтеді. Бастапқы кезде ол кеңінен жайылып, өз табанында Ақтобай шатқалын құрайды. Бұл тоғай орманы, онда жануарлар мен өсімдіктердің бай әлемі орналасқан. Содан кейін каньонның тік жары тарланып, жазықтықты кесіп өтіп, өзен Торайғыр жотасының тауымен қоршалған тар шатқалмен ағады. Сөйтіп қыраттың сілемесінен шыққан өзен сулары каньонның терең шатқалының тасты шөлімен ағып өтеді. Шарын үлкен жазыққа –Сартоғай шатқалында шығады. Каньонның ұзындығы 154 км жуық.

Ежелде, 25 млн жылдай бұрын  бұл жерде үлкен көл болып, өз табанында ашық саз бен ұсақ тастарды жинаған. Кеңінен көл кеуіп, оның қалың 200-300 метрлік табанында аққан сулар көптеген тесіктер мен орлар ойған. Шарын өзеннің каньоны күшті тектоникалық және геологиялық полигон. Бұл жерде кайназойлық сарғыш ақ әктасты-сазды тұнбалар мен палеозой кезеңінің тұнбалары бар магмалық сынықтары бар таулы түзілістер Торайғыр шатқалында кездеседі. Каньонның құлама қыратының биіктігі 300-метрге жетеді. Бұл қыраттарда қазба фаунасының кейінгі корбон кезінен (300 млн жыл) қалған қалдықтары кездеседі. Көптеген млн жылдар бойы, күн мен желдер бұл каньондарға әр түрлі, тіпті фантастикалық бейнелер берген. Олар бірде ежелгі қалалар қалдығына, әр түрлі құбыжықтарға немесе жануарларға, колонналарға, мұнараларға ұқсас бейне берген. Бұл жерлердің таң қаларлық бейнеге ие екендігің олардың аттарынан-ақ білуге болады: «Шаһарлар жазығы», жолдары шынтақ ұзындығына дейін сығылатын жартастары бар «Мыстанда шатқалы», жолдары құлама қыраттарда кенеттен үзіліп кететін «Шайтандар шатқалы». Бұл каньондар өзінің таң қаларлық бейнесімен дүрліктіреді [23, 8б.]. Каньондар түбінен қоян, кеміргіштер, жыландарды көруге болады, сонымен қатар бұл жердің құстар әлемі де әр-түрлі. Қазіргі кезде көптеген көңіл аударарлық жерлер үкімет назарынан тыс қалуда. Жұмбақ төбе: Шолақ Жігіде шатқалының табанында кепкен бурьян мен тастардан құрылған кішігірім аласа қорғандар, ал шатқал басталған жердің жанында оның оң жақ қыратының түбінде шөлдің кебе бастаған шөптерінің арасында, биіктігі 8, диаметрі 15 метрге тең ашық жасыл төбе болған. Оның үстінде биік көк шөп өскен және оның арасынан өту оңай болмаған. Төбенің жағаларында бірнеше жиде мен барбарис ағаштары өскен. Төбенің төменгі жағында кішігірім зираттың орны сақталған. Бұл жерде бұрын адамдар мекен еткеніне құсайды. Шөл даланың ортасында, су жоқ жерде орналасқан жасыл төбе өте қызықты. Төбенің тарихына келетін болсақ, бұрын бұл жерде бастау болған және оның жанында шөп пен ағаштар өскен. Уақыт өте келе бастау мен оның жағасындағы шөптерді құм мен топырақ баса бастайды. Алайда шөп жерді жарып өтіп отырды. Осылайша төбе ішінен дымқыл бола отырып, өсімдіктердің тамырларымен тоқылып отырды. Сөйтіп бұлақ жоқ болып кетіп, оның орнында төбе пайда болады. Ол көптеген жылдар бойы осылайша өсіп отырды.

Информация о работе Туристік бизнестегі сапалық менеджмент жүйесін талдау