Туристік бизнестегі сапалық менеджмент жүйесін талдау

Дата добавления: 24 Февраля 2013 в 15:16
Автор: Пользователь скрыл имя
Тип работы: курсовая работа
Скачать полностью (100.32 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Туризмдегі сапа менеджмент жүйесінің қалыптасуы.doc

  —  364.50 Кб

Аталған көрсеткіштер тура немесе жанама түрде адамның бос уақыт құрылымына әсер етеді. Бұл туризмнің дамуына объективті әлеуметтік демографиялық жағдай туғызады. Сондықтан туризмді дамыту бағдарламасын құрғанда бос уақыт бюджетін және тұрғындардың уақыт құрылымын анықтау керек [6, 22 б.].

Сыртқы факторларға  экономикалық және қаржылық факторлар  да жатады. Алайда біздің ойымызша бұл  факторлар ерекшеленіп тұрады және оларды бөлек қарастыру керек, өйткені  олар туризмнің дамуын көбірек анықтайтын факторлар болып табылады.

Сонымен қатар сыртқы факторларға саяси және құқықтық бақылаудың өзгеруі, технологиялық  өзгерістер, транспорт инфрақұрылымының және сауданың дамуы, сондай-ақ саяхаттың  қауіпсіздік жағдайының өзгеруі  жатады.

Ішкі факторлар –  бұл факторлар туризм сферасына тікелей әсер етеді. Ең алдымен оларға материалды техникалық факторлар жатады. Бұл жерде біз ішкі факторлар туризмге ғана емес, туризм индустриясына да қатысты деп көрсеткіміз келеді. Себебі олар таза экономикалық көрсеткіштерге ие. Мысалы, орналастыру орындарының, транспорт, тамақтану орындары, рекреациялық сфера, жекеше сауда және т.б. өсуі.

Қазақстан Евразия құрлығының орталық бөлігінде орналасқан. Республика жері батыстан шығысқа қарай 3000 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1800 км-ге созылған. Қоңыржай белдеудің негізінен орталық және оңтүстік ендіктерін, ал қиыр оңтүстігі субтропикаға өтпелі белдеуді қамтиды. Сондықтан да Қазақстан жерінде орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары қалыптасқан. Батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде республика РСФСР-мен, оңтүстігінде және оңтүстік-батысында Түркменстанмен, Өзбекстанмен және Қырғызстанмен шектеседі. Оңтүстік шығыс шекарасы Қытай шекарасымен шектеседі, құрлықтағы шекарасы 11 587 км, ал теңіздегі шекарасы 600 км, Ресей, Әзербайжан, Иран, Түркменстан. Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы 15 000 км-ден астам, оның 3 000 км-ден астамы су айдындарымен Каспий және Арал теңіздерімен өтеді. Қазақстан екі саға белдеуде орналасқан. Қазақстан және аумағы жөнінен РСФСР-ден кейінгі 2 орында. Ал дүние жүзі бойынша 9-шы орынды алады. Жері 2724.9 мың км 14,9 млн. Халқының орналасу - тығыздығы 1 км - 6 адамнан. Бұл әлем бойынша орташа көрсеткіштен 6 есе аз. Мұнда туысқан халықтардың біртұтас семьясындә 120 ұлт пен халықтың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, еңбек етуде. Әкімшілік-территориялық жағынан Қазақстан 14 облысқа, 5 әлеуметтік-экономикалық ауданға бөлінеді. 83 қала бар. Астанасы - Астана қаласы. Қазақстан индустриялы аграрлық республика. Өз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін Қазақстанды 100-ден аса мемлекет мойындады. Қазіргі уақытта Қазақстан түрлі халықаралық ұйымның мүшесі болып [7, 29 б.].

Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасында президенттік басқару формасы белгіленген. Мемлекеттік тіл - қазақ тілі, ал орыс тілі - ұлтаралық қарым-қатынас тілі. Ақша бірлігі - теңге. Қазақстан Республикасының кең байтақ территориясы түрлі табиғат байлықтарына бай. Геологтарының арқасында Қазақстан жер асты байлықтар сандықтарының біріне айналды. Жер қойнауында барлық пайдалы қазбалар анықталды. Барлық осы байлықтар үлкен қарқынмен игерілуде. Басқа елдермен салыстырғанда Қазақстан Республикасының экономикасының құрылымы және оның табиғи-ресурстық потенциалы, оның геополитикалық орналасуы – Ресеймен, Қытаймен, мұсылман әлемімен және Үндімен көрші болуы үлкен мүмкіндіктер туғызады.

Дұрыс политика жүргізе  отырып, Қазақстан өзінің табиғи ресурстары арқылы елдің үлкен жылдамдықпен дамуына мүмкіндік береді. Республиканың пайдалы қазбаларының әр түрлілігі, мөлшері мен сапасы өнеркәсіптің түрлі саласын дамытуға мүмкіндік береді.

Кең байтақ территориялық  жер ресурстары мен ауыл шаруашылыққа жарамды жерлер көп салалы ауыл шаруашылығы  мен өнеркәсіптік комплексінің дамуының негізі болып келеді. Жер ауданы мен ауыл шаруашылығына жарамды жер көлемі бойынша тек Ресейге орын береді. Ал жайымдылық жер бойынша ең алдыңғы орында. Қазақстан иелік ететін шикізат ресурстарының дұрыс экспорты экономикамыздың дамуының негізгі күші болуы керек.

ЮНЕСКО ғалымдарының қорытындысы  бойынша Қазақстан жері дұрыс қолданған жағдайда миллиардтан артық адамды асырай алады. Табиғат ресурстарына бай тәуелсіз Қазақстан Республикасының пайда болуы шетел мемлекеттермен ғылыми, мәдени және т.б. облыстарда экономикалық тура және жақын қатынас орнатуға мүмкіндіктер береді.

Қазақстан әртүрлі және қызықты ландшафтқа бай. Ландшафтта табиғат жағдайының қолайлы мүмкіншілігі байқалады. Алайда бүгінгі күні осы керемет табиғи ресурстарсыз антропогендік жолмен экологиямызға әсерін тигізуде. Сондықтан да Қазақстанның көрікті жерлері тартымдылығын арттыру үшін экологиялық туризм түрін басты үш өнім қатарына қосып отыр.

Туристік-рекреациялық мақсатқа бағытталған мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, республикалық маңызы бар - табиғат ескерткіштері, қорықшалар бар. Қорғалатын территорияның ең таралған формасы - қорық. Қазақстандағы қорықтар алып жатқан жалпы алаң-ауданы бойынша ең ірісі - Қорғалжын (237,1 мың га.) және ең кішісі Барсакелмес қорығы (18,3 мың га.). Әрбір қорық үлкен рекреациялық қызығушылық тудырады [8, 11б.].

Ақсу –Жабағылы мемлекеттік қорығы Баыс Тянь-Шаньда орналасқан. Жалпы қорық ауданы -77,7 мың га. бұл қорық несімен тартымды, 3000 м. жоғары биіктікте қорық көріктіліг і- «сурет галереясы» орналасқан. Мұнда қара порфиритті таста стилі бойынша әртүрлі тау ешкісі, арқар, марал, ат үстіндегі аңшы суреттерінің көрінісі бейнеленген. Тіпті тау жануары деп сипаттауға келмейтін - түйе және тасбақа көріністері бар. Көптеген ғалымдар оларды біздің эрамызға дейінгі 7-5 ғасырларға жатқызады. Мұнда сонымен қатар 60 түрлі өсімдік, 100 түрлі жәндіктер, молюскалар, шаянтәрізділер т.б. жануарлар түрлері таңбасы, табылған. Ерекше қызығушылықты 120 млн. жыл бұрын өмір сүрген динозавр сүйектерінің табылуы таң қалдырады. Бұл кереметтер қорықтың Қарабастау және Әулие (жалпы ауданы 220 га.) палеонтологиялық аймағында жайғасқан.

Ақсу-Жабағылы қорығы танымдық және кейбір аймақтарында белсенді туризм түрін дамытуға мүмкіндік береді.

Барсакелмес қорығы-Арал теңізінің солтүстік бөлігінде, Барсакелмес шөлді аралында шоғырланған. Арал теңізінің тартылуынан Қызыл  Кітапқа енген құлан, жейрандар 2 - 3 жылда қайта оралуы мүмкін. Өйткені жасанды жолмен Кіші аралды толтырып, балықтар өсіруі келешекте Аралдың толығымен өз қалпына келуі қорық жұмысын жандандыруы тиіс.

Қорғалжын қорығы - 237,1 мың  га. территорияны алып жатыр және Ақмола облысына қарайтын Теңіз-Қорғалжын ойпатында орын тепкен. Бұл аймақ «көлді өлке» деп аталады, өйткені шағын ғана сұлу ұсақ көлдер - Сұлтанкелді, Есей, Жаманкөл сияқты көлдер өте көп. Қорғалжын көлінің өзінде 40 арал бар.

Теңіз көлі әлемдегі сирек  кездесетін солтүстік құстар ұялайтын орын. Оның ішінде - қызғылт фламинго. Жыл сайын фламинго бірнеше аралдарда калониялармен мыңдаған ұялар салады.

Теңіз - Қорғалжын көлдері - көктем құстар маусымдық алмасуында үлкен аумақтағы су құстары шоғырланатын орын, сондықтан Қорғалжын қорығы әлемдік танымдылыққа ие болды. Ол ерекше қорғалатын батпақты-көлді жайылымдықтар ландшафтысы көрікті жері ретінде ЮНЕСКО тізіміне кіреді.

Марқакөл қорығы территориясында 5 биіктік белдеулері анық байқалады. Флорасы емдік қасиетке ие, соның  ішінде моралит, алтынтамыр, тағы басқалары.

Жалпы бұл өңірді «екінші  Швейцария» деп атағандықтан, бұндағы  көрікті жерлер туралы жұмыс барысында  айтылады. Қорық маңызды белсенділік  сапаға ие.

Наурызым - 87,7 мың га. алып жатыр, оның 39,6 мың га. аумағын орман алады. Қостанай облысындағы Наурызым ауданында шоғырланған. Қорық ормандары 3 аумақ: Наурызым-Қарағай, Терсек борлары және Сыпсың ағаш ақ қайыңдары болып бөлінеді. Негізгі көрікті орын - Наурызым-Қарағай боры.

Құстары ұя салатын су, ұшып - қонатын жолда орналасқан далалы көлдер өлкесі. Әр қорықтың өз флорасы мен фаунасы ерекшелігі болады. Наурызым қорығы халықаралық маңыздылыққа ие болған сулы - батпақты жерлер қорғауға алынған.

Бұл аталған қорықтар табиғи қалыпты сақталған көрікті  жерлер саны экологиялық туризмді дамытуда жаңа орындармен толықтырары анық. Аталмаған қорықтар қаншама, тек бұл табиғи орындар көріктілігін арттыру мақсатында ештеңенің керегі емес. Тек ұйымдасқан туристік сапарлар болғаны [9, 45 б.].

Үлкен рекреациялық маңыздылыққа ие - ұлттық табиғи парктер. Қазақстанда ең бірінші болып 1977 жылы «Баянауыл» ұлттық паркі ашылған. Кейіннен Қарқаралы, Бурабай, Алтын Емел ұлттық парктері ашылды. Оның әрқайсысы бай флора және фауна жайымен керемет ландшафтымен ерекшелінеді [10, 29 б.].

«Алтынемел» - Қапшағай суқоймасының солтүстік жағалауында орналасқан. Ұлттық парк құрамына Үлкен және Кіші Қалқан, «Әнші құм», Ақтау және Қызылтау, Бесшатыр қорғандары туристік объект ретінде кіреді.

Іле-Алатау ұлттық паркі - Іле Алатауы солтүстік баурайын қамтиды. Ұлттық паркте биіктік зоналығы байқалады. Тау және тау-шаңғы туризмі үшін үлкен қызығушылық танытады.

«Шарын» табиғи паркі  Шарын өзені аңғарында орналасқан. Ол-өзінің фантастикалық ландшафтысы, фауна, флорасымен ерекшелінетін ерекше экожүйе. Шарынның орта ағысында Шарын табиғат ескерткіші «Ясеновая роща». Бұл әлемдік маңыздылығы бар табиғи паркі.

Қазақстанда табиғат  ескерткіштері де өте көп. Олардың  көпшілігі мемлекеттік маңыздылығы  бар табиғат ескерткіштері ретінде  қорғауға алынған. Қазіргі таңда  елімізде 24 табиғи ескерткіштер бар. Олар туризм үшін үлкен қызығушылық тудырады. Экзотикалық жартастар, мұздықтар, үңгірлер, сарқырамалар, сирек кездесетін фауна және флора өлкелері қайталанбас тартымдылық қасиеттерімен ерекшеленеді.

«Гусиный перелет»- аумағы 2 га. алып жатқан Павлодардың солтүстік-батысында палеонтологиялық көмбелер. Бұл құмды Ертіс айрығының ең биік жерінде жер бетінен 68 м. төмен жануарлар сүйектері сақталған. Онда: антилопа, жираф, бұғылар, страус, тасбақа, 12-14 млн. жыл бұрын мекен еткен неогендік жануарлар көмілген. Сүйек қазбаларын құрайтын қабат күші -3 метр.

Шарын «Ясеновая роща»  ескерткіші Алматы облысының шығысында 4855 га. аумақта орналасқан. Бұл сирек  жайылымдық территориясында согдиандық шетен өседі, бұндай орман массиві ТМД бойынша айырбасы жоқ.

Шынтүрген шыршалары  – Іле-Алатауы тауында бозгүл шатқалында орналасқан. Бұл мұздану кезеңіндегі солтүстік тайга қара-қылқанды сирек аумақ осы күнге дейін сақталып, үлкен ғылыми құндылыққа ие болып отыр. Жалпы орман жамылғысы аумағы – 500 га. жуық Бұл үш ескерткіш Қазақстандағы ерекше көрікті жерлерге жатады.

Маңғыстау үңгірлері  мен Үстірт жотасы. Үстірттің Қазақстан  бөлігінде әктасты-гипс жынысына жататын, 30 карсты үңгірлер бар. Ең ірісі - 100-120 м. дейін жетеді және биік емес кіру және шығар жерлері бар. Жер асты үңгірлері спелео туризмнің дамуына бастау болады.

«Төрткүл» стол тәріздес қыраттар Евразиядағы құрлықтық  мұздану кезеңінде қалған. Торғай үстіртіндегі ескерткіш. Төрткүл қазақ  тіліне аударғанда - төрт жағы дегенді  білдіреді.

Көкшетау қыраттары - керемет әдемі тұщы көлдер мен жоталар тобынан тұрады. Көрсең көз тоймайтын Үлкен және Кіші Абақты, Шортанды, Бурабай көлдері. Желдің әсерінен экзотикалық жартастар түзілген. Мысалы: әрқайсысының атауы бар - ең тартымдылары Оқжетпес, Жұмбақтас, Сфинкс жеке батыр, бүркіт, түйе, қабырға тағы басқалары бүгінгі күндегі Бурабай курорттық зонасындағы қонақ үй атауларына айналған [9, 2 б.].

Қарақия –ТМД территориясындағы  ең терең құрғақ сипат, теңіз деңгейінен -132 м. төмен орналасқан, әрі ағынсыз  ойпат ұзындығы -40 км., ені -10 км. жетеді.

Баянауылдың экзотикалық  жартастары Павлодар облысының оңтүстігінде граниттік массив түрінде жоғарлайды. Ұзақ желден олардың түрін өзгертіп, көптеген экзотикалық түрлерге ауысқан. Олардың ішінде ең әйгілісі «Шайтантас» жартасы ертедегі персонаждарға ұқсас болған соң қойылған . Сонымен қатар «Тасты бос», «Булка», «Көгершін» т.б. жартастар. Қазақстанның әртүрлі аудандарында біздің табиғи ескерткіштеріміз танылатын керемет ландшафт түрлері бар.

 

1.2 Қазақстанның көрікті жерлерінің - туризм саласындағы сапа менеджмент жүйесінің ерекшіліктері

 

Қазақстанның қай аймағын  алсаң да өзіндік артықшылығымен ерекшелінеді. Дүниенің төрт бұрышындай Қазақстанда қайталанбас табиғаты бұзылмаған көрікті жерлер санаусыз. Енді оларға тоқталсақ, ең көрікті жер жәннаты - Жетісудан бастасақ.

Қазіргі кездің өзінде Алматы облысы өзін кез-келген қазіргі заман туристінің талаптарын орындап, көңілінен шығарлықтай қызмет көрсете алатын ерекше туристік потенциалы бар территориялық кешен ретінде жария ете алады.

Ұлттық туризменен түскен табыс, табыс көлемі бойынша мұнда, мұнай өнімдерін және автомобиль экспорттаудан кейінгі үшінші орынды алады. Қазіргі деңгейдегі жағдай жаңа мыңжылдақта да қала бермек., соның  ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Бұл өсу шегі шешуші дәрежеде туристік нарықтың дәстүрлі аймақтарының рекреациялық үзілістік сыйымдылығының шегінің аяқталуына байланысты кіріп шығу ауданының жаңғыртылуы мен демалу территориясының санының өсуіне байланысты болуымен түсіндіріледі.

Алматыдан Балхаш көліне дейінгі аудан Жетісу немесе «жеті өзен елі» деген атпен әйгілі. Бұл еліміздің ең бай және қызықты жерлерінің бірі. Ең үлкен өзендерінің бірі - Іле Қытайдан бастау алып Балхашқа құйса, қалған 6 өзен Іле Алатауы тауларынан бастау алады.

Алғашқы зерттеушілер бұл жерді Іле өзенінің бойында болғандықтан Іле-Алатауы деп атаған. Бұл өлке қайталанбас әсемдік, альпі жайылымдықтары және шексіз даласымен әйгілі. Атақты «Жоңғар қақпасы» арқылы көне керуен жолы өткен. Жоңғар Алатауы Талдықорған қаласы маңындағы таулы қырат қазақ-қытай шекарасы арқылы өтеді. Бұл өлкенің таңғажайыбы саяхаттаушы бір күн ішінде 5 климаттық зоналар - шөл және шөлейттен (теңіз деңгейінен 600 м.) мәңгілік мұздықтар (4 000 - 5 000 м.) дейінгі аралықты көре алады [10, 15 б.].

Іле-Алатауы Тянь-Шань тауының ең солтүстік қыраты. Бұл күшті қарлы қырат ендік бағытпен батыстан шығысқа қарай 300 км. созылған, оның ені - 30-40 км. Ең биік шыңдар қыраттың орталық бөліктерінде орналасқан. Мұнда биіктігі 4 500 м. жоғары 22 шыңдар бар. Іле-Алатауының ең биік шыңы - Талғар (4 937 м.) шыңы. Олар альпенистер арасында танымал. Талғар маңында басқа да көптеген шыңдар бар. Шыңдардан оңтүстікке қарай массивті Корженевский (ұзындығы - 11 км.) және Богатырь 9.5 км. мұздықтарына тек тік ұшақпен ғана баруға болады. Осы ауданға Алматы қорығы кіреді. Қорық қарлы барыс, бұғы, бүркіт, архар, жейрандарды қорғайды. Талғар қаласында құстар мен басқа да жануарлар коллекциясы табиғи мұражайы орналасқан.

Описание работы
Ауа-райының тұрақты болуы мен жазықтардың, асулар мен шыңдардың, рельефтің әр-алуандылығы Жетісу мен оның орталығы Алматыны белсенді демалыстың, танымдық, спорттық, археологиялық туризм және тағы басқа туризм орталығына айналдырды. Шөлдердің құмдары, тау шыңдары, құмды бархандар мен мұздықтар, сексеуіл шоғырлары мен эдельвейстер бәрі де бірнеше күндік жерде орналасқан. Бұндай көршілестік тек Алматы облысында кездеседі. Бұл жерде алты климаттық белдеулермен танысуға болады. Қазіргі кезде жергілікті жердің тұрғындары мен шет ел азаматтарына көптеген табиғи-танымдық турлар құрылған. Алайда көптеген турлар өзінің бағасының жоғары болуы мен рентабельсіздігіне байланысты туристік нарықта сұранысқа ие болмай отыр.
Содержание
Бет.

Кіріспе
3

1
Өндіріс кәсіпорындарындарындағы сапа менеджменті жүйесіндегі басқару негіздері
5

1.1. Басқару нысаны - сапаны құрастыру анықтамалар мен факторлар
5

1.2 Қазақстанның көрікті жерлерінің - туризм саласындағы сапа менеджмент жүйесінің ерекшіліктері
11

2
Туристік бизнестегі сапалық менеджмент жүйесін талдау
18

2.1 Туристік өнім сапасын құрастыратын, қызмет тиімділігіне әсер ететін факторлардың сипаттары
18

2.2 Алматы қаласындағы ресурстары және оларды туризм саласында қолдану жолдары
26


қОРЫТЫНДЫ
35

пАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ