Туристік бизнестегі сапалық менеджмент жүйесін талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 15:16, курсовая работа

Описание работы

Ауа-райының тұрақты болуы мен жазықтардың, асулар мен шыңдардың, рельефтің әр-алуандылығы Жетісу мен оның орталығы Алматыны белсенді демалыстың, танымдық, спорттық, археологиялық туризм және тағы басқа туризм орталығына айналдырды. Шөлдердің құмдары, тау шыңдары, құмды бархандар мен мұздықтар, сексеуіл шоғырлары мен эдельвейстер бәрі де бірнеше күндік жерде орналасқан. Бұндай көршілестік тек Алматы облысында кездеседі. Бұл жерде алты климаттық белдеулермен танысуға болады. Қазіргі кезде жергілікті жердің тұрғындары мен шет ел азаматтарына көптеген табиғи-танымдық турлар құрылған. Алайда көптеген турлар өзінің бағасының жоғары болуы мен рентабельсіздігіне байланысты туристік нарықта сұранысқа ие болмай отыр.

Содержание

Бет.

Кіріспе
3

1
Өндіріс кәсіпорындарындарындағы сапа менеджменті жүйесіндегі басқару негіздері
5

1.1. Басқару нысаны - сапаны құрастыру анықтамалар мен факторлар
5

1.2 Қазақстанның көрікті жерлерінің - туризм саласындағы сапа менеджмент жүйесінің ерекшіліктері
11

2
Туристік бизнестегі сапалық менеджмент жүйесін талдау
18

2.1 Туристік өнім сапасын құрастыратын, қызмет тиімділігіне әсер ететін факторлардың сипаттары
18

2.2 Алматы қаласындағы ресурстары және оларды туризм саласында қолдану жолдары
26


қОРЫТЫНДЫ
35

пАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

Туризмдегі сапа менеджмент жүйесінің қалыптасуы.doc

— 364.50 Кб (Скачать)

Іле-Алатауы көптеген шатқалдардан тұрады, соның ішінде кең тармақталғаны - Кіші Алматы шатқалы өзінің көрінісімен әсер қалдырады: шыршалы орманды Махнатка тауы, трапеция тәріздес Күмбел, Абай шыңы, Тұйықсу қақпасының алып жартастары бұл өлкені альпинистер үшін қызықтыра түседі және Үлкен Алматы шатқалдары арасында Көк-Жайлау альпілік жайылымдағы орын тепкен. Бұл атақты жаяу маршруттардың бірі. Көк-Жайлау платосынан Күмбел шыңына қарай бағыттау басталады. Тұйықсу қақпасының үлкен жартастары Тұйықсу шыңына апарады.

Кіші Алматы мен Батарейка  өзендерінің қосылған жерінде әлемдегі ірі жоғары таулы мұз айдыны - Медеу орналасқан. Медеу - қысқы спорт ойындар өткізілетін кешен. Мұз айдыны теңіз деңгейінен 1 700 м. биіктікте Медеу шатқалында орналасқан. Мұнда олимпиадалық мөлшердегі мұз айдыны, жүру үшін алаңқай, аттракциондар паркі бар. Бұл қалалықтар мен қала қонақтарының сүйікті орындарының бірі. Мұз айдыны Алматы қаласынан 16 км. жерде 1972 ж. салынған. Жұмсақ климат, тиімді күн радиация деңгейі, төмен қысым, желсіз ауа-райы және мұз - Медеуді ең күшті әлемдік, ал оның орналасуына қарай ең әдемі айдындардың біріне санайды. Мұзды өріс ауданы 10 500 км –конькидегі жылдам жүгіріс, хоккей, фигурное катание сияқты халықаралық жарыстардың ашылу орны. Мұнда әлемдегі күшті коньки жүгірушілері бекіткен 120 астам әлемдік рекорд жасалды.

Туристердің көңілін  келесі бір объект - Кіші Алматы аңғарында  қаланы селден қорғау үшін тұрғызылған  платина аударады. Дәл осы платина 1973 жылғы селден сақтады. Дамбыға 830 баспалдақпен шығу керек. Осы жерден Іле Алатауы тау шыңдарына  керемет көрініс ашылады [11, 61 б.].

Тұйықсудан солтүстікке  қарай Шымбұлақ тау-шаңғы курорты  орналасқан. Қаладан 25 км., теңіз деңгейінен 2 200 м. биіктікте орын тепкен. Тау - шаңғы трассалары 3 орындықтар мен 3 буксерлі аспалы жолдармен қызмет етеді. Олардың көмегімен 20 минутта 3 200 м. - Талғар асуында боласың. Бірінші биіктік 1 243 м., көтерілу уақыты 9 минут, «Қиылысу» станциясы (2 260 м. - 2 630 м. дейін); екінші «20-шы апора» станциясы ұзақтығы 978 м.; көтерілу уақыты 7.5 минут (2 630 м. - 2930 м. дейін); үшінші станция «Талғар асуы» 860 м. ұзақтық уақыты 8 мин. (2 930 м.-3 163 м. дейін). Жалпы трасса ұзақтығы 3 620 м., биіктік құламасы 1 000 м. дейін сноуборд сүюшілер үшін сноупарк, балаларға баллондарда сырғанау үшін төбешіктер бар. Туристер үшін  отель қызметі ұсынылады.

Үлкен Алматы көлі. Үлкен  Алматы көлі биік шатқалда орналасқан. Көл ойпатта орналасып, жан-жағынан  шыңдармен көмкерілген. Көптеген Тянь-Шань таулы көлдері жер сілкінісі  нәтижесінде пайда болған.

Үлкен Алматы көлі - сол  көлдердің ірілерінің бірі. Жыл мерзіміне байланысты көл өзінің түсін өзгертеді. Мұзды су көл ұзындығы -1,6 км., ені 1 км., тереңдігі - 40 м. Көлден 2 км. 2 700 м. биікікте көне мұзды аңғарда «Тянь-Шань» астрономиялық обсерваториясы деп аталынатын күмбезді ауыл орналасқан. Одан ары 8 км. жоғары, 3 300 м. биіктікте Жасылкезең асуында –Космостанция жұмыс істейді. Төменде Алма-Арасан шатқалы жалғасады. Ол өзінің жылы термалды-родонды бұлақтарымен әйгілі және әсем табиғаты мен таза ауасымен тартады. Келесі сипатталатын объект - Түрген шатқалы. Іле –Алатауы ұлттық паркінде әдемі табиғат бөлігі - Түрген шатқалы (Алматыдан 40 км.) бар. Шатқалда ыстық бұлақтар, фарель шаруашылығы, сарқырама және көптеген ормандар бар. Шатқал 44 км. тереңдей Асы жотасына енеді. Осы жота арқылы Еуропадан Қытай мен Үндіге керуендер өткен. Кең аңғар 60 км. шығысқа қарай созылады. Түрген шатқалы сарқырамалармен әйгілі.

30 метрлік Аюлы сарқырамасы,  күшті ағымды Бозкөл сарқырамасы  және тағы басқа шатқалдар  өзінің Чин-Түрген шыршаларымен  әйгілі. Шатқалдағы ең атақты  орыны егерлік станция – Ботан. Сонымен қатар «Синегорье», «Тау-Түрген» демалыс үйлері орналасқан.

Басқа бір Есік шатқалында Есік көлі (1 760 м.). 1963 ж болған селді ағымнан платина бұзылып, көлді басып кеткен. Бүгінгі күні көл қайта қалпына келтіріліп, қалалықтар арасында демалыс күнгі саяхаттау орнына айналды.

Іле өзені – Жетісудағы ең ірі өзен. Оның ұзындығы – 1 439 км. Іле өзені Қазақстан жерінде Қапшағай жасанды суқоймасы арқылы Балхашқа құяды.

Қапшағайды теңіз деп  атайды: оның ені – 22 км., тереңдігі -45 м., ауданы 1 847 км. Оның маңы жағалауында санаторий, пансионаттар, жағажайлар орналасқан. Қалада үлкен аквапарк бар. Суқойманың шығыс жағалауында «Алтын-Емел» ұлттық паркі орын тепкен. Парктегі басты байлық Тамғалы –Тас шатқалындағы тастар көріністері. Бұл «Тастағы суреттер» - Будда көрінісі. Қара құпиялы жартастарда көптеген петроглифтер – сонау 8 ғасырда Қазақстан территориясында ислам дінін қабылдағанға дейін будда дінін ұстанушылар болғандығын растайды. Онда 1000 жуық әртүрлі жартас қолжазбалары, Будда суреті бар. Қасиетті текст «санкритте» «Лотос гүліндегі қарлы маржан» деген мағына түсіндірілген. Қолжазбалар мен суреттерді тарихшылар, 17 ғасырға жатқызады. Жалпы Алтын-Емел паркі Іле өзенінен 90 км2 созылды. Бұл құпиялы, керемет өлке көне, бай тарихы мен қайталанбас табиғатымен ерекшеленеді. Парктегі тағы бір объект - сақ мәдениетінің ескерткіштері - Бес-Шатыр қорғандарын Қазақстанда б.з.д 1 мың жылдықта тұрған ерте сақтардың діни меккесі деп атайды. Бес-Шатыр 31 қорғаннан тұрады. «Жетісі пирамидасы» деп аталынатын ең үлкен қорған диаметрі 105 м., биіктігі 17 м. Бұл қорғандар ағашты жатар жерін Тянь-Шань шыршасы бұтағынан жасаған, сондықтан 2 мың жыл бойы жақсы сақталған. Бес-Шатыр қорғандарының ерекшелігі – жерасты катакомбаларының бірі жатар орынға апарады.

Үш объект - Ақтау таулы қыраттары - өткен жер шары мұражайы. Бұл табиғат мүсіндері көне көл орнында қалған барлық түске боялған көрікті орын. Ол Ақтаудан басталып Қызылтауларға айналады. Таулар жасы - 400 млн. жыл, ұзақтығы-30 км., тереңдігі -1,5 км. Мұнда жейран, тауешкі, сайғақ, қасқыр, түлкілер кездеседі. Ең соңғы объект - ерекше табиғат жұмбағы - «Әнші құм». Іле өзенінің оңтүстік жағалауындағы бұл құм құрғақ ауа-райында арган әуеніне ұқсайтын дыбыс шығарады. Оның шуы мен дірілі ұмытылмас әсер қалдырады. Құрғақ құмдар қозғалысынан пайда болған дірілдер құрғақ ауамен оларды электрлі вибрация тудырады. Резонанс қолайлы жағдайы үлкен толқынды дыбыс тудырып, тығыз топырақ қабатына әсер ете бархан діріліне келтіреді. Бұл дыбыс бірнеше арақашықтықа естіледі, бірақ жаңбырлы күндері бархан «әңдетпейді».

Кварциттан тұратын  Үлкен және Кіші қалқан құмды таулары биіктігі – 120 м және 4 км созылып жатыр. Алтын-Емел ұлттық паркінде айта берсек, әрі жері объект. Тіпті Мыңбұлақ кардонында 300 жыл өмір сүрген алып ағашты да алуға болады.

Бүгінгі күні Алматы қаласының сыртында демалу сәнге айналды. Әсіресе демалыс күндері демалушылар – Шарын жарқабағына барады.

Шарын жарқабағы - экзотикалық көрікті жерлердің бірі. Рельефтің желден және су шаюдан пайда болған формалары «Қорғандар аңғары», «Шайтандар шатқалы» мүсіндерімен ерекшеленеді.

Шарын - Шарын өзені бойымен солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа 154 км. созылып жатыр. Бұл аймақтың рельефі әртүрлі. Жарқабақтың бағаналары, баурай, жыралары 150-300 м. жетеді. Жарқабақ түсі Америкадағы Үлкен жарқабақтарға қарағанда ашық-қызғылт. Шарында жерде сирек кездесетін, мұздану кезеңінен өткен ясень кездеседі. Сирек кездесетін согдиандық түрі 25 млн. жыл бұрын жер бетінде кең таралған, ал қазір қорғалатын аумақ. Негізінен демалушылар «Қорғандар аңғары», «Темірлік» т.б атаумен қалған жерлеріне барады.

Солтүстік Тянь-Шань тауындағы  інжу-маржаны деп аталынатын –Көлсай  көлдері. Жоғары тауда орналасқан қайыңдар арасындағы 3 көл Күнгей Алатауы қыраты беткейінде жайғасқан. Бұл лагерь, жаяу сапарлар, ат пен тау-велоспорты саяхаттары үшін керемет орын.

Бірінші көл 1 818 м. биіктікте 1 км. созылған. Қолайлы қонақ үйлер, кемпингтер, жолдар бар. Орта Көлсай көлі (2 252 м.) – 1-ші көлден 5 км. жоғарыда орналасқан ары 4 км. орын тепкен.

Көп саяхатшыларға әлі таныс  емес - Қайыңды көлі теңіз деңгейінен 2 000 м. биіктікте керемет қылқанды орман арасында орналасқан. Бұл 100 жылға жуық бұрын үлкен массадағы әктас нәтижесінде пайда болған. Оның үгінділері шатқалды бөгеп дамбаға айналдырған. Көл ұзындығы 400 м., тереңдігі 30 м. Су басып кеткен құрғақ шыршалар бұталары су бетіне шығып тұрады.

Жетісуда 50 жуық жартас бетінде түсірілген көріністер ескерткіштері бар. Олардың көп бөлігі қола дәуіріне жатады. Көне суреттердің қасында археологиялық ескерткіштер, ауылдар, қабірлер т.б. орналасқан.

1950 ж. аяғында Тамғалы қонысында көне сурет галереясын көрсететін қасиетті жартас суреттері табылған. Онда тарихтың 20 ғасырлық сыры жатыр. Қала ерте номад, түрік кезеңдеріне жататын 4 000 суреттер табылған. Суреттерде үй жануарлары, сайғақ, арқар, күн құдайлары, аңшылық, діни көріністер, құрбандыққа шалу сияқты көріністер бейнеленген. Тамғалы петроглифтер галереясы әлемдік маңыздылыққа ие қазына және ЮНЕСКО фонды қорғауына алынған. Тамғалы қазақшаға аударғанда «тайпалық белгімен таңба басқан» деген ұғымды білдіреді.

Көшпелі және отырықшы өркениеттің  қосылған жерінде Сырдария даласында  әлемнің көне қалалары өмір сүрді. Ғасырлар бойы осы жерде Қытайдан бастау алған, Таяу Шығыс пен Еуропаға апарған керуен жолдары – Тараз, Отырар, Испиджаб (Сайрам), Ясы қалалары Ұлы Жібек жолы бойындағы негізгі орталықтар болған. Жібек жолы сауда торабы б.з.д. 3 ғ. пайда болып, б.з. 17 ғ. дейін өз қызметін атқарған. 1 700 км. жол бөлігі Қазақстан территориясын алып жатыр.

Түркістан (Ясы) қаласы Дешті-Қыпшақ аймағының  түркі халықтары діни-саяси орталығы және көне қазақ хандары астанасы болған. Қожа Ахмет Яссауи - түркі халықтарының діни оқытушысы болған. 14 ғ. Шейх қабірі үстінен атақты Әмір Темір керемет Ханока (суфшілік сарай) салады. Осы ханока маңында 15-16 ғ.ғ. қазақ хандары тақ-орны қалыптасты.

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі - орта ғасырлық қайталанбас қолөнер туындысы. Бұл керемет 30 түрлі бөлмелер мен залдардан тұратын сарайлар мен мешіттер кешені. Бас күмбез сыртқы диаметрі – 40 м. астам, қоршауы – 130 м., мұнара биіктігі – 12 м. Таң қаларлық декор, қабырғалар ою-өрнегі, мозайкадан түрлі-түсті металика. Архитектуралық–археологиялық кешенге Түркістан мен Күлтөбе қалашығы, некрополь, мовзолейлер (15-14 ғ.ғү), Жұма мешіті (19 ғ.), Үлкен Хильвет - жерасты мешіті (12 ғ.), шілдехана (14 ғ.), монша (17-19 ғ.), үлкен қақпасымен (18-19 ғ.ғ.) цитадельдің бекініс қабырғалары (19 ғ.) кіреді.

Халық нанымы бойынша, Түркістан  жолында ең алдымен Қожа Ахмет  Яссауи оқытушысы болған, 12 ғ. өмір сүрген Арыстан-баб мавзолейіне кірген дұрыс.

Көне Отырар қаласы (б.з.д 4 ғ.) – ірі сауда орталығы болған. Ол өзінің монша сарайы және кітапханасымен әйгілі. Бұл қалада орта ғасырлық ойшыл әл-Фараби өмір сүрген. Күшті Сауран бекінісі (10-18 ғ.ғ.) ерекше су жабдықталуымен әйгілі. Су және тұрмыстық заттармен қамтамасыз етілген қала жаудан бірнеше ай бойы қорғалған. Бұл керемет су құбыры туралы көптеген зерттеушілер әлі таңдануда.

Түркістаннан қашықта  биіктеу далада көріпкел Домалақ-ана  құрметіне Домалақ ана мазары бой көтерген. 1998 ж. ескі мазар орнына ақ мәрмәрдан мемориалдық кешен тұрғызылды. Бұнда 2 қасиетті тас бар. Олардың қасиеттілігі жүрегі таза адамдар ғана 2 тас арасынан өте алады екен.

Тараз қаласы – «Көпестер  қаласына» 2 000 жылдан астам. Қаланың гүлденген уақыты Қарахан мемлекетінің астанасы болған 10-12 ғ.ғ. келеді. Қарахан және Дәуітбек мавзолейлері, басылар қорғандары, көптеген көне қабірлер жетерлік. Қазіргі Тараз маңайында әлемдік қолөнер туындылары тізіміне ЮНЕСКО-ға кірген көне архитектуралық Бабаджа-қатын және айша-Бибі мавзолейлері сақталған.

Көне жолдар қиылысында Шашадан (Ташкент) Шымкентке қарай ірі, халық тығыз орналасқан Сайрам (Испиджаб) - 6-18 ғ.ғ. қаласы бой көтерген. Қытай жолсілтеулеріне Сайрам «Ақ өзендегі қала» атауымен аталған. Сайрам ерекшелігі қасиетті мазарлар мен жерасты сарайларының көптігі.

Талас Алатауы бөктерінде тағы бір керемет бар. Көне нанымдарға сәйкес әлемдік су басу кезінде Қазығұрт тауында ноя түнеген екен. Дәл  осы тауда, әлі күнге дейін  топан су болғанның дәлелі Нұқ-Пайғамбардың кемесі тұр. Сондықтан да қасиетті орын деп саналады. Тағы бір қызығы дәл осы жерден жыл басы-наурыз басталады екен.

Жоғарыда аталған қалалар бастауы Қытайдан басталған Еуропаға дейінгі аралықты байланыстырып жатқан Ұлы Жібек жолы қалалары. Жібек жолы - сауда торабы ретінде б.з.д 3 ғ. пайда болып, 17 ғ. өмір сүрген. Қазақстан териториясымен 1 700 км жол созылып жатыр. Бүгінгі күні бұл Оңтүстік Қазақстанның «Алтын діңгегі».

Солтүстікте Батыс-сібір  ойпатынан оңтүстікте Балхаш-Алакөл ойпатына дейін, шығыста Алтай, Сауыр, Тарбағатай сілемдерінен батыста Торғай аңғарына дейінгі аралықты қазақ халқы Сарыарқа деп атайды. Еуразия құрлығының орталығының орналасқан алып 2 000 км созылып жатқан шексіз дала.

Сарыарқа даласында  әлемдегі ең үлкен көлдердің бірі - Балхаш (18 мың км2 жуық) көлі орналасқан. Қазақтар оны «Ақ теңіз » деп атаған. Жартылай тұщы, жартылай ащы көл жағалауында керемет климаттық жағдайда космонавтар үшін реабилитациялық орталық орналасқан. Бұл аймақта әлемдегі бірінші Байқоңыр ғарыш айлағы бар. Байқоңыр XX ғасыр керемет техникалық жетістігі. Мұнда космос кемелері, старт алаңы, космонавтар тарихы мұражайына арнайы турлар ұйымдастырады [12, 4 б.].

Орталық Қазақстанда  кейбір археологиялық, этнографиялық  орындар сақталған. Соның бірі - Ұлытау. Бұл табиғат қасиетті жерінде үш жүздің орталық мемлекет құрылуы бекітілген. Оған дәлел – Таңбалытас. Онда мыңдаған тайпалар таңбасы қойылған. Аспан астындағы тарихи мұражайда көптеген кенелер, мазар, үңгірлер бар. Ұлытаудың ең биік жері – 1 134 метр.

Көптеген курорт, емдеу орындары, емдік батпақтар, минералды сулармен Көкшетау және Бурабай Ұлттық табиғи парктері әйгілі. Көкщетау қайыңды ормандарында 80 астам көл бар. Ең терең көл- Щучье, Жеке- Батыр қыраты етегінде орналасқан. Көкшетау орманды баурайында Оқ-Жетпес жартасы бой көтереді және оның ең қиыр басы жатқан пілге ұқсайды. Дәл осы бөктерден көгілдір шығанақ - Бурабай көлінің ортасында Жұмбақтас жартасы көз тартады. Оның биіктігі 18 метр.

Дәл осы өлкедей біздің елде наным-сеніммен аңызға бай өлке жоқ шығар, өйткені аттап басқан жерінің өзінше бір оқиға. Шомылу кезеңі шілдеден басталады. Зеренді табиғи оазисі- демалыс пен шытырман оқиғалы туризм үшін керемет орын.

Батыс Қазақстанда Каспий теңізі бассейнде Еуропа мен Азия қиылысады.

Қарақия ойпаты (-132 метр) Синайдағы Өлі теңізден кейінгі әлемдегі ең төмен жер. Орта ғасырда қазіргі Манғышлақ қаласы Ұлы Жібек Жолы өткен. Көне жолдар бойымен керуен сарайлар, Сарташ, Алта, Шерқала, Кетік қалашықтары сақталған [13, 7 б.].

Информация о работе Туристік бизнестегі сапалық менеджмент жүйесін талдау