Экономиканы салықтық реттеудің ерекшелiктерi

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2011 в 21:49, курсовая работа

Описание работы

Шаруашылық жүргізудің нарықтық кезеңдерге көшуі басқарудың экономикалық әдістерін қоғамдық өндіріске пайдалануды талап етті, кәсіпорыннан бюджетке түсетін кіріс түсімдерінің жүйесі толық өзгерді. Енді ол – салық төлемдері базасында құрыла бастады; кәсіпорынның бюджетке салықтық формадағы қарым – қатынасы заңмен реттелетін құқықтық негізге көшірілді. Бұл экономикалық процесті макродеңгейде реттеуде салықтарды пайдалану концепциясын әзірлеу қажеттілігіне әкелді.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................

1 САЛЫҚТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
МЕН ҚАЖЕТТІГІ.......................................................................


1.1 Салықтардың экономикалық мазмұны.........................................
1.2 Қазақстан Республикасындағы салық салу тәртібі..................

2 ЭКОНОМИКАНЫ САЛЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ........................................................................

2.1 Экономиканы салықтық реттеудің бюджетті толтырудағы рөлі.............................................................................
2.2 Жергілікті бюджеттің кірісін қалыптастырудағы салықтың роліне экономикалық талдау..........................................................

ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................

Работа содержит 1 файл

НУРЖАН КУРСОВ САЛЫ_.doc

— 260.50 Кб (Скачать)

                                                    8

      Салық заңын бұзған салық төлеушілерге олардың жасырған сомасын, төмендеткен табыстарын төлеттіріп алу, салық заңын бұзу ауыртпалығына қарай үлестік не еселенген көлемде айыппұлдар, бюджетке төленетін төлемдер мерзімін өткізіп алғаны үшін өсімдер түрінде санкциялар қолданылады.

      Салық салу әдістері

      Салық салу объектілерін есепке алу және оларды бағалау тәсілдеріне қарай  салық алудың мынадай төрт әдісі  қолданылады:

      -   кадастрлық;

      -   салық төлеушінің декларациясы  бойынша;

      -   табысты алу көзінен ұстап  қалу;

      -   патенттік негізде.

      Бірінші жағдайда салықты есептеу мен  оны алу, салық салу объектілерінің нақты табыстылығын есепке алмай  табыстылық (жер салығы, мүлік салығы) нормасын көрсете отырып, олардың  тізімдемесі негізінде жүзеге асырылады.

      Декларацияда  салық төлеушілер табыстың көлемі, қажетті жеңілдіктерді, шегерімдерді көрсетеді және салық сомасын есептеп, төлейді. Олар салықтардың түрлері бойынша салық декларациясын есепті салық кезеңіне сәйкес тапсырып отырады. Мысалы, корпорациялық табыс салығын, жеке табыс салығын, көлік құралдарына салынатын салықты және жер салығын төлеушілер (арнаулы салық режімін қолданатын заңды тұлғаларды қоспағанда) салық органына олар бойынша декларацияны есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31-наурызынан кешіктірмей өткізеді.

      Жеке  табыс салығы бойынша декларациясын мынадай салық төлеушілер:

      -   төлем көзінен салық салынбайтын  табыстары барлар;

      - тұрғын үй салу мен осындай  құрылыс материалдарын сатып  алуды жүзеге асырғандар;

      -   ҚР шегінен тыс жерлерден табыстар  алатын жеке тұлғалар;

      -  ҚР шегінен тыс жерлердегі шетел банктеріндегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар;

      -   ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күрес туралы заң актілеріне  сәйкес декларация беру жөнінде  міндеттеме жүктелген адамдар;

      -   ҚР Парламентінің депутаттары, судьялар табыс етеді.

      Әскери  қызметкерлер мен ішкі істер органдарының қызметкерлері жеке табыс салығы бойыншадекларацияны уәкілетті  мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен  ұсынады.

      Салық төлеушіден салық декларациясын  табыс етудің белгіленген мерзіміне  дейін жазбаша өтініш алған жағдайда уәкілетті мемлекеттік орган салық декларациясын табыс ету мерзімін екі айдан аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы. Бірақ салық деларациясын тапсыру мерзімін өзгертпейді.

      Үшінші  әдіс бойынша салық төлеуші жұмыс  істейтін ұйымның, мекеменің бухгалтериясы одан салықты табыс алынған жерде есептеп, ұстайды.

      Төртінші  әдіспен салық кәсіпкерлік қызметтің  сан алуан түрлеріне берілетін  патент негізінде төленеді. Патент – арнаулы салық режімін қолдану  құқығын куәландыратын және салық  сомасының бюджетке төленгендігін растайтын құжат. 
 

                                                 9

      Салықтық  есептің екі әдісі қолданылады:

      - кассалық;

      - есептеу.

      Кассалық  әдіске сәйкес табыстар мен шегерімдер жұмысты орындау, қызмет көрсету, мүлікті  жөнелту мен кірістеу және ол бойынша жасалынған ақы төлеу мезетінен  бастап есепке алынады.

      Есептеу әдісі бойынша табыстар мен шегерімдер ақы төлеудің уақытына қарамастан жұмысты  орындау, қызмет көрсету, тауарларды өткізу және кіріске алу мақсатымен тиеп жіберу мезетінен бастап есепке алынады. Бұл әдіс салық органдары үшін қолайлырақ және оны Қазақстанның барлық төлеушілері қолдануға қабылданған. Төлеушілер үшін оның кемшілігі – салық төлемдері жеткізілім тіпті уақытында төленбеген жағдайда да аударылуы тиіс, бұл айналым қаражаттарын оқшауландыруға ұрындырады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                10

2   ЭКОНОМИКАНЫ САЛЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ   

    2.1 Экономиканы салықтық реттеудің бюджетті толтырудағы рөлі

           Салық салу обьектісіне қарай салықтар тікелей және жанама салықтар болып жіктеледі.

      Тікелей салықтарға мына салықтар жатады:

    1. жер салығы;

    2. мүлік салығы;

    3. көлік құралына салық;

    4. әлеуметтік салық;

    5. жер қойнауын пайдалану үшін  салық;

    6. корпаративтік табыс салығы;

    7. жеке табыс салығы.

        Жанама салықтарға мына салықтар жатады:

    1. қосымша құнға салық ;

    2. акциз .

       Енді осыларға кеңінен тоқтайын.

        Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың арналған нысаны мен тиесілілігіне қарай мынадай санаттарға:

        1.  ауылшаруашылық мақсатындағы  жерлерге;

        2.  елді мекендер жерлеріне;

        3. өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс  және өзге де ауыл шаруашылығы  емес мақсаттағы жерлерге (бұдан  әрі - өнеркәсіп жерлері);

        4. ерекше қорғалатын табиғи аумақтар  жерлеріне, сауықтыру, рекреациялық  және тарихи – мәдени мақсаттағы жерлерге (бұдан әрі – ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері);

        5.  орман қорының жерлеріне;

        6.  су қорының жерлеріне;

        7.  запастағы жерлерге жатқызылуына  қарай қарастырылды.

     2. Қазақстан  Республикасының   жер  заңдарына  сәйкес  басқа  жер  пайдаланушылар  уақытша  пайдаланатын  жерді  қоспағанда, қорғаныс  мұқтажы  үшін  берілген  жерге  салық  салынуға  тиіс.

         3. Қорғаныс  мұқтажы  үшін  берілген,  қорғаныс  мұқтажы  үшін  уақытша   пайдаланылмайтын  және  ауыл  шаруашылығы  мақсаттары  үшін  басқа  жер  пайдаланушыларға  берілген  жерлерге  салық салынуға тиіс.

         4. Магистралды  темір  жолдарды  бойлай  қорғаныштық  екпе  ағаштар  орналасқан  темір   жол  көлігі  кәсіпорындарының  жерлеріне  салық  салынады.

    Жердің белгілі бір немесе өзге санатқа жататындығы Қазақстан Республикасының жер туралы заң актілерімен блгіленеді. Елді мекендер жерлері салық салу мақсаты үшін мынадай екі топқа бөлінген:

     1) тұрғын үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлерд қоспағанда елді мекендер жерлері;

     2) тұрғын үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлер.

        
 
 

                                                11

     Жердің  мынадай санаттары:

  1. ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері;
  2. орман қорының жерлері;
  3.   су қорының жерлері;
  4. запастағы жерлер салы салуға жаипайды.

     Аталған жерлер (запастағы жерлерді қоспағанда ) тұрақты жер пайдалануға немесе бастапқы өтесіз уақытша жер пайдалануға  берілген жағдайда салық салынуға тиіс.

    Жер салығының мөлшері жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметінің нәтижелеріне байланысты болмайды.

       Жер салығы:

  1) меншік құқығын, тұрақты жер пайдалануға құқығын, өтеусіз уақытша жер пайдалануға құқығын куәландыратын құжаттар;

     2) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердің мемлекеттік сандық және сапалықесебінің деректері негізінде есептеледі.

     Төлеушілер:

     1) жеке меншік құқығындағы;

     2) тұрақты жер пайдалану құқығындағы;

     3) бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу обьектілері бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушілер болып табылады.

     Заңды тұлғалардың құқықтарда салық салынатын обьектілері бар құрылымдық бөлімшелері жер салығын төлеушілер деп танылады.

    Мыналар: 

     1) бірыңғай жер салығын төлеушілер  шаруа (фермер) қожалықтарына арналған  арнайы салық режимі қолданылатын  қызметте пайдаланатын жер учаскелері  бойына;

     2) мемлекеттәк мекемелер;

     3) салық режимінің  екінші үлгісі бойынша салық салу жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдаланушылар;

     4) уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;

     5) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестірілген адамдар, мүгедектер, сондай – ақ бала кезінен мүгедектің ата – анасының біреуі:

      6) тұрғын – үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелері;

       7) үй маңындағы жер учаскелері;

       8) жеке үй (қосалқы ) шаруашылығын жүргізу,бау - бақша шаруашылығы үшін берілген және құрылыс алып жатқан жер учаскелері;

       9) гаражға арналған жер учаскелері  бойынша;

       10) тұрғын үй қоры , соның ішінде  оның жанындағы құрылыстар мен  ғимараттар алып жатқан жер  учаскелері және үй маңындағы жер учаскілері бойынша – «Ардақты ана » атағына ие болған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар

        11) діни бірлестіктер жер салығын  төлеушілер болып болмайды. Салық  төлеушілер пайдалануға  немесе  жалға берілген жер учаскілері бойынша салық төлеуден босатылмайды. 

                                                       12

     Бюджетке  жер салығын төлеу жер учаскесінің орналасқаны бойынша жүргізіледі. Заңды тұлғалар жер салықты сомасын салықтың базасына тиісті салық ставквсын қолдану арқылы дербес есептейді. Олар салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеуге және төлеуге міндетті. Ағымдағы төлемдердің сомалары ағымдағы жылдық  20 – шы ақпаннан,  20 – шы мамырынан,  20  - тамызынан,  20 – қарашасынан кешіктірмейтін мерзімде төлеуге тиіс.

     Жеке  тұлғаларға төлеуге жажатын жер  салығын есептеуге салық органдары  тиісті салық ставкалары мен салық  базасын негізгі  1 – ші тамыздан кешіктірмей мерзімде жүргізіледі. Ал жеке тұлғалар бұл салықтв ағымдағы жылдың  1 – ші қазаннан кешіктірмей жүргізіледі:

Жер салығын  есептеумен төлеу күні түсінігі жыл  салық кезеңі білдіреді. Төлеушілер жер салығы бойынша есеп берілетін  жылдан екйінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей салық су объектілері орналасу жерлері бойынша салық ортасына табыс етеді.       

     Мүлік салығы жергілікті тікелей салық  болып табылады. Ол        жергілікті бюджетке түсіп оның ішінде 70% -  құрайды.

Информация о работе Экономиканы салықтық реттеудің ерекшелiктерi