Экономиканы салықтық реттеудің ерекшелiктерi

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2011 в 21:49, курсовая работа

Описание работы

Шаруашылық жүргізудің нарықтық кезеңдерге көшуі басқарудың экономикалық әдістерін қоғамдық өндіріске пайдалануды талап етті, кәсіпорыннан бюджетке түсетін кіріс түсімдерінің жүйесі толық өзгерді. Енді ол – салық төлемдері базасында құрыла бастады; кәсіпорынның бюджетке салықтық формадағы қарым – қатынасы заңмен реттелетін құқықтық негізге көшірілді. Бұл экономикалық процесті макродеңгейде реттеуде салықтарды пайдалану концепциясын әзірлеу қажеттілігіне әкелді.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................

1 САЛЫҚТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
МЕН ҚАЖЕТТІГІ.......................................................................


1.1 Салықтардың экономикалық мазмұны.........................................
1.2 Қазақстан Республикасындағы салық салу тәртібі..................

2 ЭКОНОМИКАНЫ САЛЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ........................................................................

2.1 Экономиканы салықтық реттеудің бюджетті толтырудағы рөлі.............................................................................
2.2 Жергілікті бюджеттің кірісін қалыптастырудағы салықтың роліне экономикалық талдау..........................................................

ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................

Работа содержит 1 файл

НУРЖАН КУРСОВ САЛЫ_.doc

— 260.50 Кб (Скачать)
 
 
 
 

МАЗМҰНЫ 

 
     
         КІРІСПЕ........................................................................................  
     
1 САЛЫҚТАРДЫҢ  ЭКОНОМИКАЛЫҚ  МӘНІ 

МЕН  ҚАЖЕТТІГІ.......................................................................

 
     
1.1 Салықтардың экономикалық мазмұны.........................................  
1.2 Қазақстан  Республикасындағы  салық  салу  тәртібі..................  
     
2 ЭКОНОМИКАНЫ САЛЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ  ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ........................................................................  
     
2.1 Экономиканы салықтық реттеудің бюджетті толтырудағы рөлі.............................................................................  
2.2 Жергілікті  бюджеттің кірісін қалыптастырудағы салықтың роліне экономикалық талдау..........................................................  
     
          ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................  
   
          ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ.......................  
   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                               

                                            

                                                   КІРІСПЕ

      Салықтар  – мемлекет егемендігін көрсетудің бір формасы. Салықтар осы ерекшелігімен  мемлекеттік мүлік пен займдардан (қарыз) түскен табыстардан айрықшаланады. Салықтарды жинау құқығы әрқашан мемлекеттің егемендік құқығының бірі болып табылады. Салықтар біржақты тәртіпте белгіленеді.

      Шаруашылық  жүргізудің нарықтық  кезеңдерге көшуі  басқарудың экономикалық әдістерін қоғамдық өндіріске пайдалануды талап етті, кәсіпорыннан бюджетке түсетін кіріс түсімдерінің жүйесі толық өзгерді. Енді ол – салық төлемдері базасында құрыла бастады; кәсіпорынның бюджетке салықтық формадағы қарым – қатынасы заңмен реттелетін құқықтық негізге көшірілді. Бұл экономикалық процесті макродеңгейде реттеуде салықтарды пайдалану концепциясын әзірлеу қажеттілігіне әкелді.

      Барлық  өркениетті елдерде салықтардың  бүкіл жиынтығы әр түрлі принциптер бойынша жіктеледі:

      -   салық салу объектілері бойынша;

      -   салықты алатын және салықтан  жиналған сомаға билік жасайтын  органға қарай;

      -   пайдалану тәртібі бойынша;

      -   объектінің экономикалық белгісі  бойынша;

      Салық саясаты – мемлекеттің салық  салу аясындағы жүргізіп отырған  шараларының жүйесі.

      Салық салудың мазмұны мен мақсаты қоғамның әлеуметтік–экономикалық құрылуымен, экономикалық саясатының жалпы бағытымен, сондай–ақ қаржы саясатының нақты әдістерімен сипатталады.

      Салық  салудың  мақсаты мемлекет қажеттілігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.

      Сонымен, қаржы саясатының дербес саласы болып  салық саясаты бөлініп шықты.

      Салық салу саясатын жүргізу нәтижесінде заңды және жеке тұлғалардың табысының бір бөлігі жалпымемлекеттік шығыстарды жабуға тартылады,  яғни салық саясатын жүргізу нәтижесінде заңды және жеке тұлғалардың табысы реттеледі. Сонымен қатар салық саясаты ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағытталуы қажет. Бұл ұлттық табыс көлеміндегі салықтардың үлесін, салық салудың шегін белгілеуді білдіреді.

      ҚР–да салық салу  саясатын жүргізудегі басты мақсат – отандық тауар өндірушілерді мемлекет тарапынан қолдау, мемлекеттің ішкі экономикалық дамуына ықпал ететін саясат жасау, жеке секторлардың жедел дамуына жағдай жасау, шетел инвестициясын тартуда кедергілердің алдын алу, яғни мемлекет пен салық төлеушілердің талап–тілегін ортақтастыру.

      Экономикалық  негізделген салық салу саясаты қаржыны салық жүйесі арқылы орталықтандыруды оңтайландыру мақсатын көздейді.

      Батыс экономистері салық саясатын бөлек  алып қарастырмайды және салықтардың  іс–әрекетін мемлекеттің шығыстарының жағдайын зерттеп білмей, қарастырмайды. Оны салықтардың ең алдымен мемлекеттің өз

функциялары мен міндеттерін шешуге қызмет етуін  қамтамасыз ететіндігімен түсіндіреді.

            

                                                      1    

      Жоғары  дамыған нарықтық қатынастар жағдайында салық саясатын мемлекет өндіріс  құрылымын өзгерту, аумақты экономикалық дамыту, халықтың табыстылық деңгейін көтеру мақсатында ұлттық табысты қайта  бөлу үшін пайдаланады.

      Салық салудың  міндеттеріне мыналар жатады:

    • мемлекетті өз функциялары мен міндеттерін орындау үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету;
    • жалпы ел шаруашылықтарын реттеуге жағдай жасау;
    • нарықтық қатынас процесінде пайда болатын халық табысы деңгейіндегі теңсіздікті деңгейлестіру (тегістеу).

      Салық салуда мемлекетті салыстырмалы дербестігі көрінеді. Салық механизмі арқылы салық саясатын өзгерте отырып, мемлекет экономикалық дамуды ынталандыруға немесе оны ырықтандыруға мүмкіндік алады. Салықтық реттеу елдің шаруашылық өмірін қамтиды, өйткені салықтық шаралар базистік қарым-қатынасты қондырмаға ықпал ететін басты әмбебап құрал болып табылады. Мұндай реттеудің мақсаты-компанияның ішкі және сыртқы, әсіресе инвестициялық қызметі үшін жалпы салықтық ахуалды жасау және капитал қозғалысының басыңқы салалық және аумақтық бағыттарын ынталандыру үшін пұрсаттылықты салық жағдайын қамтамасыз ету болып табылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                            2

    1    САЛЫҚТАРДЫҢ  ЭКОНОМИКАЛЫҚ  МӘНІ 

        МЕН  ҚАЖЕТТІГІ 

    1.   Салықтардың экономикалық  мазмұны
 

      Салықтар тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуінің және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болды.

      Салықтар  барлық елдерде олардың қоғамдық – экономикалық құрылысы мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі, ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық тетігі, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, - жазылған.

      Салықтар  мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып  саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен ажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырады.

      Салықтар  мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса, оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады.

      Салықтар  тауар-ақша қатынастарынан тыс қолданылады. Натуралды салықтардың мөлшері мен түрі нақты жергілікті жағдайларға бағынған. Мысалы: бір адамнан 1 құндыз терісі немесе 10 пұт тұз және т.б. алынған. Тауар-ақша тауарларының нығаюмен натуралды салықтың рөлі айтарлықтай азайды. Дегенмен, олар соңғы уақытқа дейін пайдаланылды (1953 жылға дейін жүн, жұмыртқа, сүт, май өткізілген).

      Егер  екі мемлекет бір-бірімен соғыс  жүргізсе, жеңген мемлекет жеңілген мемлекеттің  барлық байлығын тонап алады, болмаса  белгілі бір мөлшерде салық салып  отырған.

      Еліміздегі  салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Жеке сипаттағы салық  жеңілдіктерін беруге тиым салынады. Салық салу мәселелерін реттейтін  нормативтік-құқықтық актілер ресми  басылымдарда міндетті түрде жариялануға  жатады.

      Мемлекетке  түсетін салық түсімдерінің сипатты ерекшелігі олардың сан алуан қоғамдық қажеттерге кейін иесіз пайдаланылуы болып табылады. Осынысымен салықтардың мемлекет, сондай-ақ басқа жергілікті органдар белгілейтін түрлі міндетті мақсатты жарналардан, төлем аударымдарынан айырмашылығы болады. 

      Салық – мемлекет бір жақты тәртіппен  заң жүзінде белгілеген, белгілі  бір мөлшерде қайтарымсыз және өтеусіз, тұрақты сипатта бюджетке төленетін  төлемдер.

      Салықтар  – қайтарымсыз, баламасыз және тұрақты  сипаттағы құқықтық формадағы мемлекет арқылы белгіленген міндетті төлемдер. 

                                                 3

      Салықты басқа да төлемдерден ажырата  білуіміз керек. Себебі салық белгілі  бір обьектілерден (табыс, мүлік, тауар, жер, көлік, мұра) төленеді.

          Сонымен қатар салықты төлеудің өзіндік бір мерзімі болады (салық кезеңі – бір күндік, он күндік, айлық, тоқсандық, жылдық) және белгілі бір көлемде немесе мөлшерде (салық ставкасы) алынады.

      Салық материалдық тұрғыдан алғанда, бұл  белгілі бір уақытта, белгіленген  тәртіппен белгілі мөлшерде салық төлеушінің мемлекетке төлейтін ақшалай сомасы, ал экономикалық мағынада – белгілі уақытта белгіленген тәртіппен белгілі бір мөлшердегі құнының мемлекет пен төлеуші арасындағы бір жақты қозғалысын байланыстарын ақша қатынастары, заңдық не құқықтық мағынада – бұл тұлғаның мемлекетке белгілі бір мөлшердегі ақшалай беретін міндеттемені тудыратын мемлекеттік қарар.

      Салықтардың экономикалық мәні салықтарды мемлекеттің  өзінің функциялары мен міндеттерін  жүзеге асыру үшін жұмылдырылатын шаруашылық жүргізуші субъектіден, азаматтардан ұлттық табыстың белгілі бір үлесін алу жөніндегі өндірістік қатынастардың бөлігі болып табылатындығында және мемлекеттің заңды және жеке тұлғалармен қалыптасатын ақша қарым–қатынастарымен сипатталады, сондықтан салықтар экономикалық категория ретінде қаралады. Салықтардан мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік–экономикалық мәні, олардың түрлері мен ролі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.

      Белгілі философ Френсис Бэкон салықтарды төлеу – әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді.

      Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар –  мемлекеттің тұрақты қаржы көзі.

      Салықты бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден ерекшелендіретін айрықша  белгілері бар, атап айтсақ:

  • Салық – мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді бөледі;
  • Салық – ақшалай нысанда төленеді;
  • Салық – қайтарылмайтын төлем болып табылады;
  • Салық – баламасыз сипатта болады;
  • Салық – салықты төлеген кезде меншік нысандары айқындалады;
  • Салық – тұрақты экономикалық қатынас туғызады;

Информация о работе Экономиканы салықтық реттеудің ерекшелiктерi