Қазақстан Республикасының салық саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 08:15, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кездегі салықтардың маңызы мен рөлі мемлекеттік органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз етумен шектелмейді. Салықтар ұлттық табысты мемлекеттендірудің басты құралы. Олардың макроэкономикалық шешуші рөлі артып келеді, мұны ЖҰӨ-нің көлеміндегі салық үлесінің ұлғаюынан көруге болады. Салықтар экономикалық белсенділікті арттырудың, ұдайы өндіріс процесіне әрекет етудің басты бір тұтқасы ретінде жаңа сипатқа ие болуда.
Менің курстық жұмысымның мақсаты – Қазақстан Республикасының салық жүйесі жайлы жан-жақты мағлұмат беру, оның қалыптасу кезеңдерін, принциптерін қарастырып, қазіргі заманғы салық жүйесіндегі мәселелерді зерттеу және оларды шешілу жолдарын қарастыру.

Содержание

Кіріспе 3
Салықтардың экономикалық мазмұны.
1.1 Салықтардың пайда болуы және экономикалық мәні. 4
1.2 Салықтар және салық салудың теориялық негіздері. 8
Салық элементтері және салықтың жіктелуі.
2.1 Салық элементтері. 11
2.2 Салықтың жіктелуі. 14
Қазақстан Республикасының салық саясаты.
3.1 Қазақстан Республикасындағы салық салу принциптері. 16
3.2 Қазақстан Республикасының салық жүйесі. 18

Қорытынды 25
Пайдаланған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

салық.doc

— 260.00 Кб (Скачать)

     - капиталға салынатын салық. Оған жер салығы, мүлікке салынатын салық және басқалары жатады.

     Салық салу өлшем бірлігі –  салық базасын сандық тұрғыдан  көрсетуге пайдаланылатын салық  салу ауқымының өлшем бірлігі.  Мысалы, автокөлік двигателінің қуаты көлік құралдарына салынатын салық ауқымы болып табылады, ал қуат ат күші, киловатт өлшемінде көрсетілуі мүмкін; алаң жер салығының ауқымы болып табылады, бұл ір елде түрлі өлшемде: гектар, акр, шаршы метр өлшемдерінде көрсетіледі; бензинге акцизді есептеу кезінде литр, баррель, галлон қолданылады.

     Салық ставкасы – салық базасының  өлшем бірлігіне абсолютті сомада  немесе процентпен белгіленетін  салықтық есептеу мөлшері.

     Салық салу практикасында ставкалар тұрақты және процентті болып бөлінеді. 
     Тұрақты ставкалар – табыс көзіне қарамастан салық салу бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді (мысалы, мұнайдың 1 тоннасына, газдың 1 текше метріне).

     Проценттік ставкалар – салық базасына қарай алынатын табыстың мөлшеріне байланысты салық өлшем бірлігіне салынады. 
     Проценттік ставканың 3 түрі бар:

     – үйлесімді; 
     – прогрессивті; 
     – регрессивті. 
     Үйлесімді салық ставкалары – салық объектісіне (оның мөлшерін саралауды есепке алмай) бірдей проценттік қатынаста іс-әрекет етеді. 
Прогрессивті ставкалар – салық салынатын табыстың артуына сәйкес өсіп отыратын салық ставкалары. Нәтижесінде салық төлеуші салықтың үлкен абсолюттік сомасын ғана емес, сонымен бірге оның үлесін де төлейді. Мұндай ставкалар ең алдымен табысы көп тұлғаларға ауыртпалық түсіреді. 
Регрессивті ставкалар – табыстың өсуіне қарай төмендейді және табысы көп тұлғаларға тиімді болып келеді, ал табысы аз адамдардың иығына ауыртпалық түсіреді. 
     Салық жеңілдіктері – заңға сәйкес төлеушілерді салықтан толық немесе ішінара босату. Салық жеңілдіктеріне мыналар жатады: салық салынбайтын минимум – салық салудан толық босатылатын салық объектісінің ең аз бөлігі; 
     Табыстың есептелген сомасынан шегерілетін шегерімдер (асырауындағы жандарға, мүгедектерге – жеке табыс салығы бойынша; күрделі қаржыларға, әлеуметтік объектілерді ұстауға, табиғат қорғау шараларына жұмсалатын шығындардың сомасынан-корпорациялық табыс салығы бойынша және т.б.); 
салық салынатын табыстың құрамына енбейтін сома (мысалы, босату кезіндегі ұйғарымды жәрдемақы, жеке табыс салығы бойынша өтемақы төлемдерінің сомасы); салық салудың жеке субъектілері мен төлеушілердің санаттары үшін салық ставкасын төмендету.

     Салық жеңілдіктеріне сонымен  бірге төлеу мерзімін ұзарту  және салық бойынша бересіні есептен шығару да жатады.

     Жеңілдік кезеңі – салықтар  бойынша заңмен белгіленген жеңілдіктердің  іс-әрекет ететін уақыты.

     Салық төлеу мерзімі мен тәртібі  – заңмен белгіленген әдістер  мен салықты бюджетке аудару  шаралары. Салық төлеу тәртібі  салықты бюджетке түсіру шараларын тәртіпке келтіру үшін белгіленеді. 
     Салық төлеушілер мен салық органдарының құқықтары мен міндеттері -      Салық кодексінің жалпы бөлімінде берілген.

     Салықтық бақылау – салық қызметі  органдарының салық заңының орындалуын, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақытылы аударылуын бақылауы. 
Салық заңын бұзған салық төлеушілерге олардың жасырған сомасын, төмендеткен табыстарын төлеттіріп алу, салық заңын бұзу ауыртпалығына қарай үлестік не еселенген көлемде айыппұлдар, бюджетке төленетін төлемдер мерзімін өткізіп алғаны үшін өсімдер түрінде санкциялар қолданылады.

     Салық салу әдістері. Салық салу  объектілерін есепке алу және  оларды бағалау тәсілдеріне қарай  салық алудың мынадай төрт әдісі қолданылады:  
- кадастрлық; 
- салық төлеушінің декларациясы бойынша;

- табысты алу көзінен ұстап қалу;

- патенттік негізде.

     Бірінші жағдайда салықты есептеу  мен оны алу, салық салу объектілерінің  нақты табыстылығын есепке алмай  табыстылық (жер салығы, мүлік салығы) нормасын көрсете отырып, олардың тізімдемесі негізінде жүзеге асырылады. 
Декларацияда салық төлеушілер табыстың көлемі, қажетті жеңілдіктерді, шегерімдерді көрсетеді және салық сомасын есептеп, төлейді. Олар салықтардың түрлері бойынша салық декларациясын есепті салық кезеңіне сәйкес тапсырып отырады. Мысалы, корпорациялық табыс салығын, жеке табыс салығын, көлік құралдарына салынатын салықты және жер салығын төлеушілер (арнаулы салық режімін қолданатын заңды тұлғаларды қоспағанда) салық органына олар бойынша декларацияны есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31-наурызынан кешіктірмей өткізеді. 
Жеке табыс салығы бойынша декларациясын мынадай салық төлеушілер: 
- төлем көзінен салық салынбайтын табыстары барлар; 
- тұрғын үй салу мен осындай құрылыс материалдарын сатып алуды жүзеге асырғандар; 
- ҚР шегінен тыс жерлерден табыстар алатын жеке тұлғалар; 
- ҚР шегінен тыс жерлердегі шетел банктеріндегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар; 
- ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң актілеріне сәйкес декларация беру жөнінде міндеттеме жүктелген адамдар;

  • ҚР Парламентінің депутаттары, судьялар табыс етеді.

     Әскери қызметкерлер мен ішкі істер органдарының қызметкерлері жеке табыс салығы бойынша декларацияны уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен ұсынады.

     Салық төлеушіден салық декларациясын табыс етудің белгіленген мерзіміне дейін жазбаша өтініш алған жағдайда уәкілетті мемлекеттік орган салық декларациясын табыс ету мерзімін екі айдан аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы. Бірақ салық декларациясын тапсыру мерзімін өзгертпейді. 
     Үшінші әдіс бойынша салық төлеуші жұмыс істейтін ұйымның, мекеменің бухгалтериясы одан салықты табыс алынған жерде есептеп, ұстайды. 
Төртінші әдіспен салық кәсіпкерлік қызметтің сан алуан түрлеріне берілетін патент негізінде төленеді. Патент – арнаулы салық режімін қолдану құқығын куәландыратын және салық сомасының бюджетке төленгендігін растайтын құжат. 
     Салықтық есептің екі әдісі қолданылады:

-кассалық; 
-есептеу. 
     Кассалық әдіске сәйкес табыстар мен шегерімдер жұмысты орындау, қызмет көрсету, мүлікті жөнелту мен кірістеу және ол бойынша жасалынған ақы төлеу мезетінен  бастап есепке алынады.

     Есептеу әдісі бойынша табыстар  мен шегерімдер ақы төлеудің уақытына қарамастан жұмысты орындау, қызмет көрсету, тауарларды өткізу және кіріске алу мақсатымен тиеп жіберу мезетінен бастап есепке алынады. Бұл әдіс салық органдары үшін қолайлырақ және оны Қазақстанның барлық төлеушілері қолдануға қабылданған. Төлеушілер үшін оның кемшілігі – салық төлемдері жеткізілім тіпті уақытында төленбеген жағдайда да аударылуы тиіс, бұл айналым қаражаттарын оқшауландыруға ұрындырады. 

  • 2.2 Салықтың жіктелуі.
  • Барлық  өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі принциптер бойынша жіктеледі:
  • - салық салу объектілері бойынша;

    - салықты алатын және салықтан жиналған сомаға билік жасайтын органға қарай; 
    - пайдалану тәртібі бойынша;

    - объектінің экономикалық белгісі бойынша;

         Салықтарды салу объектісі бойынша  олар тікелей және жанама салықтар болып бөлінеді.

         Тікелей салықтар – салық төлеушінің  кірісі мен мүлкінен алынатын  салықтар. Тікелей салықтардың ең  соңғы төлеушісі (салық салынушы) болып мүліктің (табыстың) иесі табылады  Олар өз кезегінде нақты және  жеке салықтарға жіктеледі. Нақты салықтар салық төлеушілердің мүлкінің (меншігінің) кейбір түрлеріне (үй, жер, кәсіп, ақшалай капитал және т.б.) салынады. Жеке тікелей салықтар – бұл жеке адамдар мен заңды тұлғалардың табыстарына салынатын салықтар. Нақты салықтардан айырмашылығы жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкін де, оның қаржы жағдайын да ескереді.

         Жанама салықтар – бағаға не  тарифке үстеме түрінде белгіленген  салық төлеушінің кірістері мен  мүлкіне тікелей байланысты емес  салықтар. Жанама салықтарға қосылған құнға салынатын салық, акциздер жатады. Жанама салықтарға сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер де (кеден баждары түріндегі, ішкі рынокта сатылатын тауарлар бағасы мен олардың фактуралық құнының айырмасы) жатады.

         Жанама салықтар мемлекеттің  фискалдық мүдделерін білдіреді.  Бұл салықтардың ең соңғы төлеушісі  болып тауарды тұтынушы табылады. 
    Жанама салық салудың мәні салықтың тауар бағасына (қызмет тарифіне) қосылатындығында. Бұл жағдайда салықты тауардың (қызметтің) нақты тұтынушысы төлейді, алайда тұтынушы мен мемлекет арасында тікелей байланыс болмайды.

         Жанама салықтар салық салу  объектісіне қарай төмендегіше  бөлінеді: 
         Жеке жанама салықтар – қатаң түрде белгіленген бір тауар топтарына салынады; 
         Әмбебап жанама салықтар – негізінен барлық тауарлар мен қызметтерге салынады; 
         Фискалды-монополиялық жанама салықтар – мемлекеттік құрылымдарда сатылатын өндірістің барлық тауарларына салынады.

         Кедендік баж – экспортты-импортты  операциялар жасау кезінде тауарлар мен қызметтерге салынады.

         Салықты алатын және оған билік  жасайтын органға қарай  салықтар жалпы мемлекеттік және жергілікті болып бөлінеді.

         Жалпы мемлекеттік салықтар –  барлық элементтері мемлекеттің  заңдарымен анықталатын және сол елді жалпыға бірдей біртұтас қолданылатын салықтар. Бұл салықтарды бекітіп, жүзеге асыратын – Парламент. Бұл салықтар ір деңгейдегі бюджеттерге бөлініп отырады.  
    Жергілікті салықтар – мемлекеттің заңдарына сәйкес жергілікті өкімет органдары жүзеге асыратын салықтар. Олар жергілікті деңгейде қабылданған шешім негізінде ғана жүзеге асырылады. Бұл салықтар толығымен жергілікті бюджетке түсіп отырады.

         Пайдалану тәртібіне қарай барлық  салықтар жалпы және арнаулы  болып бөлінеді.  
         Жалпы салықтар тиісті деңгейлердің бюджеттерінде шоғырландырылады және жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қаржыландыруға пайдаланылады. Арнаулы салықтардың нысаналы мақсаты болады (мысалы, зейнетақы төлемдерін қалыптастыру үшін пайдаланылатын әлеуметтік салық). 
    Объектінің экономикалық белгілері бойынша табысқа және тұтынуға салынатын салықтар болып бөлінеді. Табысқа салынатын салықтар төлеушінің салық салынатын кез келген объектіден алған табыстарынан алынады. Тұтынуға салынатын салықтар – бұл тауарлар мен қызметтер көрсетуі тұтыну кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар.
     
     
     
     
     
     
     
     
     

    3. Қазақстан Республикасының салық саясаты.

  • 3.1 Қазақстан Республикасындағы салық салу принциптері.
  •      Салық бюджетке төленетін міндетті төлем болып саналатын болса, ал салық салу салықтың түрлері бойынша енгізу, бекіту, есептеу және төлеу тәртібіндегі мемлекеттің жалпы ережелерін қарастырады.

         Мемлекеттің тиімді салық салу процесін жүзеге асыру үшін бірнеше принциптері бар:

         Салықтардың созымдылық принципі – бұл принциптің мәні мынада, яғни, мемлекет өзінің күнделікті сұранысына байланысты салық ставкасын көтере немесе төмендете алады.

         Салық салудың салық кодексімен басқару принципі  юылайша өрнектеледі, яғни салық төлеу бойынша міндетті осы салықтар салық кодексімен қарастырылған жағдайда ғана пайда болады.

         Cалық салудың шындық принципі болып салық салудың экономикалық принципі табылады.

         Салық салудың шындық принципіне сәйкес, әрбір адам өз табысына сай мемлекетті қолдауға қатысуы қажет.

         Cалық салудың үнемділік принципіне сәйкес, салық жинау ең төменгі шығындарда жүргізілуі қажет.

         Қазақстан Республикасының салық заңдарының ережелері Салық кодексінде белгіленген салық салу прициптеріне қайшы келмеуі тиіс.

         Қазақстан Республикасының салық заңдары салық салудың бірнеше принциптері негізделеді, атап айтқанда:

    • бірінші, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі;
    • екінші, салық салудың айқындығы;
    • үшінші, салық салудың әділдігі;
    • төртінші, салық жүйесінің біртұтастығы;
    • бесінші, салық заңдарының жариялылығы принциптері.

         Ал, енді осы принциптерге жеке – жеке тоқталып өтетін болсақ.

    1. Салық салудың міндеттілік принципі.

         Салық төлеушілер салық заңдарына  сәйкес салық міндеттемелерін  толық көлемінде және белгіленген  мерзімдерде орындауға міндетті болуы тиіс. Бұл әрбір Қазақстандық азаматтың негізгі борышы, парызы болып саналады.

    1. Салық салудың айқындық принципі.

    Информация о работе Қазақстан Республикасының салық саясаты