Қазақстан Республикасының салық саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 08:15, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кездегі салықтардың маңызы мен рөлі мемлекеттік органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз етумен шектелмейді. Салықтар ұлттық табысты мемлекеттендірудің басты құралы. Олардың макроэкономикалық шешуші рөлі артып келеді, мұны ЖҰӨ-нің көлеміндегі салық үлесінің ұлғаюынан көруге болады. Салықтар экономикалық белсенділікті арттырудың, ұдайы өндіріс процесіне әрекет етудің басты бір тұтқасы ретінде жаңа сипатқа ие болуда.
Менің курстық жұмысымның мақсаты – Қазақстан Республикасының салық жүйесі жайлы жан-жақты мағлұмат беру, оның қалыптасу кезеңдерін, принциптерін қарастырып, қазіргі заманғы салық жүйесіндегі мәселелерді зерттеу және оларды шешілу жолдарын қарастыру.

Содержание

Кіріспе 3
Салықтардың экономикалық мазмұны.
1.1 Салықтардың пайда болуы және экономикалық мәні. 4
1.2 Салықтар және салық салудың теориялық негіздері. 8
Салық элементтері және салықтың жіктелуі.
2.1 Салық элементтері. 11
2.2 Салықтың жіктелуі. 14
Қазақстан Республикасының салық саясаты.
3.1 Қазақстан Республикасындағы салық салу принциптері. 16
3.2 Қазақстан Республикасының салық жүйесі. 18

Қорытынды 25
Пайдаланған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

салық.doc

— 260.00 Кб (Скачать)

Мазмұны  

      Кіріспе                                                                                                                3 

  1. Салықтардың экономикалық мазмұны.                       
  2. 1.1 Салықтардың пайда болуы және экономикалық мәні.                             4
  3. 1.2 Салықтар және салық салудың теориялық негіздері.                               8 
  4. Салық элементтері және салықтың жіктелуі.
  5. 2.1 Салық элементтері.                                                                                    11
  6. 2.2 Салықтың жіктелуі.                                                                                   14 
  7. Қазақстан Республикасының  салық саясаты.
  8. 3.1 Қазақстан  Республикасындағы салық салу  принциптері.                      16
  9. 3.2 Қазақстан Республикасының салық жүйесі.                                           18
 

    Қорытынды                                                                                                     25 

    Пайдаланған әдебиеттер                                                                              27 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

    Кіріспе

         Мемлекеттік бюджеттің түсімдерінің ең басты көзі – салықтар. Өнеркәсібі дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың үлесі 90 пайыз. Салықтың негізгі түрлеріне табыс салығы, одан басқа қоғамның құқықты мүшелерінің табыстарына, корпорация пайдаларына салынатын салықтар. Өндірістік бірлестіктер, кәсіпорындар, капитал иелері өздері жариялаған мәлімдемелері бойынша салық төлейді.

         Салық мәлімдемесі төлеушілердің  өз табыстарының мөлшері туралы хабары, ал жалдамалы еңбек адамдарынан салық жалақы төлегенде ұсталады.  
         Табыс салығын алу белгілі бір төменгі деңгейден басталады. Номиналдық табыстың ұлғаюына сәйкес табыс салығын өсірудің базасы жасалады, салық төлеушілердің саны артады, мемлекеттің шоғырландырылған жалпы қаржы-қаражаттары көбейеді. Салық салудың нормасы – салық ставкасы объектінің бір өлшеміне салынған мөлшері. Салық ставкаларының көптеген түрлері бар. Егер ставкалар табыстың өсуімен көбейсе, онда прогрессивті, үдемелі ставкалар болғаны. Салық салудың тәжірибесінде бір объектіге оның құнына қарамастан салынатын қатаң ставкалар кездеседі.

         Қазіргі кездегі салықтардың  маңызы мен рөлі мемлекеттік  органдарды қаржы ресурстарымен  қамтамасыз етумен шектелмейді.  Салықтар ұлттық табысты мемлекеттендірудің басты құралы. Олардың макроэкономикалық шешуші рөлі артып келеді, мұны ЖҰӨ-нің көлеміндегі салық үлесінің ұлғаюынан көруге болады. Салықтар экономикалық белсенділікті арттырудың, ұдайы өндіріс процесіне әрекет етудің басты бір тұтқасы ретінде жаңа сипатқа ие болуда.

         Менің курстық жұмысымның мақсаты  – Қазақстан Республикасының  салық жүйесі жайлы жан-жақты  мағлұмат беру, оның қалыптасу  кезеңдерін, принциптерін қарастырып, қазіргі заманғы салық жүйесіндегі  мәселелерді зерттеу және оларды шешілу жолдарын қарастыру. 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

  1. Салықтардың экономикалық мазмұны.

1.1 Салықтардың пайда болуы және экономикалық мәні.

     Салықтар – тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуінің және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болды.

     Салықтың экономикалық мәні –  шаруашылық субъекьтілерінен, азаматтардан  ұлттық табыстың бір бөлігін  алу жөніндегі өндірістік қатынастардың бір бөлігі болып табылатындығында.

     Салықтың мәні мемлекет өз пайдасына жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) белгілі мөлшерін нақтылы жарна ретінде алып қалады.

     Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің  негізі болып саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырды.

     Салықтар тауар – ақша қатынастарырынан тыс қолданылады. Натуралды салықтардың мөлшері мен түрі нақты жергілікті жағдайларға бағынған. Мысалы: 1 адамнан 1 құндыз терісі немесе 10 пұт тұз және т.б. алынған. Тауар – ақша қатынастарының нығаюымен натуралды салықтың рөлі айтарлықтай азайды. Дегенмен, олар соңғы уақытқа дейін пайдаланылды (1953 жылға дейін жүн, жұмыртқа, сүт, май өткізген).

     Егер екі мемлекет бір – бірімен соғыс жүргізсе, жеңген мемлекет жеңілген мемлекеттің барлық байлығын тонап алады, болмаса белгілі бір мөлшерде салық салып отырған.

     Салықтарға экономикалық әдебиеттерде әртүрлі анықтама мен түсініктеме берілген. Мәселен, Салық кодексінде “Салықтар – мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай жарналар” деп атап көрсетілген.

     Салық – заңды актілерге сәйкес салық салық төлеушілермен жүзеге асырылатын бюджетке төленетін міндетті төлем.

     Салық – белгілі бір объектілерден төленетін төлем.

     Салық дегеніміз – белгілі  бір мерзімде және белгілі  бір көлемде алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер.

     Қорыта айтқанда, барлық анықтамалар бір негізді құраушы жүйе екендігін байқауға болады.

     Салықты басқа да төлемдерден ажырата білуіміз керек. Себебі, салық белгілі бір объектілерден (табыс, мүлік, тауар, жер, көлік, мұра) төленеді. Сонымен қатар салықты төлеудің өзіндік бір мерзімі болады (cалық кезеңі – бір күндік, он күндік, айлық, тоқсандық, жылдық) және белгілі бір көлемде немесе мөлшерде (салық ставкасы) алынады.

     Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінде салықтардың меншікті салмағы 70 пайызын құрайды.

     Салықты материалдық тұрғыдан алғанда – бұл, салық төлеушінің білгілі бір мерзімде және белгіленген тәртіпте мемлекетке берілетін белгілі бір ақша сомасы болып табылады (cалық натуралдық тұрғыда материалдық құндылық болып саналады).

     Салықтың материалдық белгісі – салық төлеуші белгілі бір соманы мемлекетке міндетті түрде беруі болып келеді.

     Материалдық салықтық қатынастар – ақшалай қатынастар, өйткені ол ақша қаржыларының салық төлеушіден мемлекеттік ақша қорларына жылжуы дегенді білдіреді.

     Экономикалық категория тұрғысынан қарағанда салық – салық төлеушілерден мемлекетке қарай белгілі бір мөлшерде, белгілі бір мерзімде және белгіленген тәртіпте бір бағыттағы ақшаның қозғалысы болып саналады.

     Ал, құқықтық тұрғыдан қарайтын болсақ, бұл мемлекеттік бекітілім, яғни тұлғалардың мемлекетке белгілі бір ақша сомасын беруін (төлеуді) көздейтін міндеттеме.

     Салық құқығы – мемлекеттің  салықтық әрекеті процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

     Салық материалдық тұрғыда белгілі бір ақша сомасын (ақшалай нысанда) немесе салық төлеушілердің мемлекетке беруі тиіс белгілі бір заттардың санын (натуралдық заттай нысанда) білдіреді.

     Сонымен салықтардың мазмұны мынадай:

  • Материалдық категория жағынан – бұл белгілі бір ақша сомасы болса;
  • Экономикалық категория ретінде – бұл мемлекеттің табысы;
  • Заңдық категория жағынан, бұл заң жүзінде белгіленген міндеттеме болып табылады.
  • Cалықтың экономикалық белгілері ретінде келесі көрсетілгендерді атауға болады:
  • Салық – мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді бөледі;
  • Салық – ақшалай нысанда төленеді;
  • Салық – қайтарылмайтын төлем болып табылады;
  • Салық – баламасыз сипатта болады;
  • Салық – салықты төлеген кезде меншік нысандары айқындалады;
  • Салық – тұрақты экономикалық қатынас туғызады.

     Ал, енді осы белгілердің мазмұнын тереңірек қарастырайық.

  1. Салық – мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді бөледі.

     Мемлекеттік ақпарат мемлекетке тиесілі ақша сомасын өндірмейді. Сондықтан мемлекет жеке және заңды тұлғаларға салық салу арқылы қажетті соманы өндіріп алып отырады. Мұның экономикалық сипаттамасы мемлекет салықты белгілеу және өндіріп алу арқылы өндірілген қоғамдық жиынтық өнімнің бір бөлігін өзіне тиесілі сома ретінде айналдырып алады. Бұл жерде салық қатынасы бөлеуші сипатта болады.

  1. Салық – ақшалай нысанда төленеді.

     Натуралдық нысанда төленуі де мүмкін. Мәселен, ауыл шаруашылығы саласында жиналған өнімнің бір бөлігі салық ретінде төленеді.

     Салық кодексінде салық ақшалай нысанда төленуі тиіс деп атап көрсетілген.

  1. Салық – қайтарылмайтын төлем болып табылады.

     Салықты төлеген кезде ақша тек бір бағытта ғана қозғалады, яғни салық төлеушіден мемлекетке бағытталады.

     Мұның қайтарымды төлемдерден (мысалы, мемлекеттік қарыз) айырмашылығы:

  • Біріншіден, ақша салық төлеушілерден мемлекетке қарай қозғалады, яғни салық төлеушіден мемлекетке бағытталады.
  • Екіншіден, кері қайтады, яғни мемлекеттен салық төлеушілерге бағытталады (қайтарылады).

     Ал, қайтарымсыздық дегеніміз – ақшаны мерзімсіз алуды білдіреді, яғни ол соманың қашан қайтатыны белгісіз.

  1. Салық – баламасыз сипатта болады.

     Салық құнның ақшалай нысанда бір бағытта қозғалысын айқындайды, төлеген салыққа қарсы тауар түрінде болса да қозғалыс жоқ. Толығырақ айтқанда, салық қандай да бір тауарға, немесе мемлекет қызметке төлем болып есептелмейді, яғни ақшаның өтеусіз алынуын көрсетеді.

     Сондықтан салық – баламасыз төлем болып табылады.

  1. Салықты төлеген кезде меншік нысандары айқындалады.

     Салықты төлеген кезде меншік нысандары ақша қаражаттарына, немесе материалдық құндылықтарға жеке меншіктен мемлекеттік меншікке өтеді (ауысады). Анығын айтқанда, салық салу мемлекетке тиесілі меншіктерде, иеліктен шығарады, ал меншік иелері арасындағы туындайтын салық қатынастарында мемлекет жеке меншіктен мемлекеттік меншікке салық төлемдерінде меншік құқықтарын өзгерте алады.     

  1. Салық – тұрақты экономикалық қатынас туғызады.

     Салықты белгілеуде тұрақты салық қатынастары пайда болады. Тұрақтылықты мынадай байқауға болады, яғни салық жеке түрде емес, нормативті құқықтық актілермен белгіленеді. Мәселен, бір тұлғаның нақты салу объектісі бар болса, ол салық міндеттемелерін орындаушы болып табылады.

     Cалық қатынастарының тұрақтылығы салық төлеу арқылы жүйелі төлемдерге алып бармауы тиіс. Кейбір салықтарда салық төлеушілер үшін салық төлеу жеке төлемдік сипатта болады (мысалы, мүлік салығын жеке азаматтар жылына бір рет төлейді) немесе кейде кенеттен салық төлеу сипаты пайда болады (мәселен, ойламаған жерден жасаған жұмысына жалақы алады).

     Азаматтардың мүлік салығын төлеген кезде, оның салық қатынастары қысқартылмайды, қайта салық төлеушілердің ағымдағы кезеңде төлеген салықтармен қоса, келесі салық кезеңдерінде де салық төлеуге міндетті болады. Бұл процесс салық төлеушілердің меншік иесі ретінде құқынан айырылғанға дейін жалғасын таба береді.

     Сонымен қатар салықтың құқықтық бірнеше белгілері бар, атап айтқанда:

  • салықты – мемлекет немесе уәкілдік берілген мемлекеттік орган белгілейді;
  • салық – құқықтық нысанда жүзеге асады;
  • салық – мемлекеттің бір жақты белгіленімі болып табылады;
  • салықты белгілеу арқылы салық міндеттемесі туындайды;
  • салық – мәжбүрлеме сипатта болады;
  • салық төлеу арқылы ақшаны алу құқықтық сипатта жүзеге асырылады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының салық саясаты