Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 16:12, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі таңда нарықтық қатынастарға бейімделген Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы үшін мемлекеттік инвестициялық саясатты қалыптастыру мен дамыту экономикалық реформалардың негізі болуы тиіс.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3



1 Инвестицияның түсінігі және инвестициялық портфель

1.1 Инвестиция түсінігі және оның түрлері..........................................................4

1.2 Инвестициялық портфель мәні және маңызы.................................................9



2 Кәсіпорынның инвестициялық портфелін талдау( ТЕҢІЗШЕВРОЙЛ ЖШС мысал ретінде)

2.1 Кәсіпорынның инвестициялық қызметін бағалау........................................18

2.2 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығына сипаттама.....................22



3 ҚР инвестициялық қызметті жетілдіру бағыттары

3.1 Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің даму жолдары.........................27

3.2 Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу әдістерін жетілдіру............29



Қорытынды .........................................................................................................32

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................34

Қосымшалар

Работа содержит 1 файл

Раушан.doc

— 1.41 Мб (Скачать)

2008 жылмен салыстырғанда ТШО өнімнің өндірісі 60,1 теңгеге өсті және 245,3 млрд теңгені құрады. Өнеркәсіп көлемінің өсуі инвестицияның жоғарғы үлесінің  бағытталуынан болып отыр. Өткен жылы өнеркәсіпке 150 млрд теңгедей инвестиция тартылды, бұл 2007 жылғы деңгейден 1,2 есеге, ал 2007 жылғыдан 1,8 есеге артық.

 

4        сурет.  Өнеркәсіпке салынған инвестиция, млрд теңге.

 

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан тұрақты түрде дамуы шетелдік ин­вес­тицияларға тәуелді болмауға тиіс. Мұның сыртында қоғамдық өмірімізде орын алуы мүмкін қолайсыз факторларды да жоққа шы­ғара алмаймыз. Елбасының тікелей ықпа­лы­мен Ұлттық қор құрылуының арғы астарында осындай стратегиялық мән бар деп білеміз.

Сондай-ақ осыдан үш жыл бұрын эконо­микамызды одан әрі дамыту үшін индус­триялық-инновациялық даму жүйесі қабыл­данды. Даму банкі, Инвестициялық және Инновациялық қорлар, жаңа даму инсти­туттары құрылды. Бұған дейін баспасөзде хабарланғанындай, үш жарым жылда бұл институттар 1 миллиард 700 миллион доллар­ға арналған жобаларды мақұлдады. Ол эко­номикалық үрдістерді басқарудың қағидатты түрдегі жаңа жүйесі екені белгілі. Соған сәйкес өткен жылы инновациялық инфра­құрылым негіздерін қалау жөнінде бірқатар шаралар қабылданды. Соның аясында, Қарағанды, Орал және Алматы қалаларында үш өңірлік технопарк ашылып, іске кірісті.

2008 жылдың 1-жартыжылдығында негізгі капиталға салынған инвестициялар 1052,4 млрд теңге болды, бұл 2007 жылдың 1-жартыжылдығындағыдан 25,2% көп. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың өсуі республикадағы 15 облыста байқалды.

 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 ҚР инвестициялық қызметті жетілдіру бағыттары

3.1 Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің даму жолдары

Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетіміздің экономикалық мүмкіндіктеріне сенім білдіріп, елімізге жаңа идеялар мен технологиялар әкелген шетелік инвесторларға әркез қолдау көрсетіп жүр. Бұл елдің ертеңін ойлағаннан туған риясыз іс екені анық. Өйткені, Елбасының өзі атап көрсеткендей, бізге болдық-толдық деуге әлі ерте.

Елімізге қосымша инвестициялар тар­туда, жаңа технологиялар мен сапаның жаңа стандарттарына жету жолында Қазақстанға әлі де көмек, қолдау қажет екені анық. Бізде экономикалық белсенді халық саны әлі де болса шектеулі екені белгілі. Екінші жағынан, бүгінде елде өндірістің өсу қарқыны жоғары. Мұның өзі мемлекетке оның әр түрлі салалары бойынша кәсіби шеберлігі жоғары кадрлар әзірлеуді күн тәртібінен түсірмеуді жүктейді. Бұл ретте шетелдің озық тәжірибелерінен үйренгеннің ешқандай жаттығы болмаса керек. Елбасы ойы бізге осы қағиданы меңзейді. Респуб­ликамызда қолға алынған индустриялық-инновациялық жүйе де бірінші кезекте білікті кадрларға деген сұранысты туғызары хақ. Аталған бағдарлама мемлекетіміздің өркениетті елдер қатарына өтуіне қолайлы алғышарттар қаламақ.

Елбасы былтырғы жылғы мамыр айында Батыс Қазақстан облысына келген іссапары кезінде біздің Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық универси­те­тінде болып, мұндағы оқу-тәрбие ісінің сапа­сына, оның нақты өндіріспен байла­нысының оң жолға қойылғанына ризашы­лығын білдірді. Әлбетте, бұл сенім аймақ­тық ЖОО ұжымын қанаттандырады. Әрі жауапты міндеттер жүктейді. Ізденісті жалғастыра беруді ұқтырады.

Сонымен, Қазақстандағы инвестиция­лық тартымдылықтың сыры неде дегенге келетін болсақ, біріншіден, жоғарыда ай­тыл­ғандай, Елбасының мұнай-газ саласын­дағы ресурстарды игеруге жол аша білуі деп айта аламыз. Бұл орайдағы Нұрсұлтан Әбішұлы­ның жеке еңбегі мен оралымды­лығы, шетелдік инвесторлармен ортақ тіл табыса алуы атап айтуға тұрарлық жәйт деп білеміз.

Тағы бір айтарымыз, елімізде жоспар­ланып отырған жеті кластердің де инвес­тициялар үшін атқарар рөлі зор. Сондықтан болса керек, Шетелдік инвесторлар кеңе­сінің соңғы отырысында Мемлекет басшы­сы осы аталған салаларға назар аударулары қажеттігін атап көрсетті. Әрі инвесторлар оған бет бұра қалған жағдайда белгілі бір ынталандыру шаралары да белгіленетінін ұқтырды.

Осы соңғы мәжілісте қозғалған мәселе­лер бір ғана Қазақстанның көлемімен шек­теліп қалмай, тұтас Орталық Азия өңірін, ондағы инвестициялық ахуалды қоса қамтыды. Кеңестің қорытындысы туралы ой қозғаған Еуропа Қайта құру және даму банкінің президенті Жан Лемьер елдің бүгінгі даму қарқыны жаңа инвесторлар тартуға жол аша алады деп мәлімдеді. Бұл пікірге біз де ден қоямыз.

Осылайша өнеркəсiбi дамыған елдердiң кiрiсiнiң 1/5-ге жуығы мен дамушы елдердiң кiрiсiнiң 1/3-ге жуығы тiкелей экспортқа қатысты. Тəуелсiз эксперттердiң бағалауынша дүние жүзiнде өңдеу өнеркəсiптерiнiң 40-50% қолданыста жəне 10-12%-ға жуығы қызмет көрсету саласында əлемдiк кiрiстi қайта бөлудiң негiзгi құралы болып табылатын сыртқы саудамен тiкелей немесе жанама байланысты.

Ғаламданудың ұлттық экономикаға əсер етуiнiң кейбiр аспектiлерiне ерекше назар ау-дару керек. Ең алдымен, бұлар əлемдiк сауданың темпiнен асатын тiкелей шетел инвестицияларының өсуiнiң өте-мөте жоғарғы қарқыны болып табылады. Бұл капитал са-лымдары ұлттық экономикаға тiкелей əсер көрсететiн əлемдiк мекемелер құрылуында, өнеркəсiптiк қайта құрылымында, технологияны трансферттеуде, ұдайы өндiрiс процесiнде басты роль атқарады.

Сапалы серпім капиталдар нарығында да байқалуда. 2003 жылы Тікелей шетел инвестициялардың (ТШИ) жалпы көлемі 1982 жылы болған көрсеткішінен 10,4 есе үлкен, ал ТШИ шығарылуының жалпы көлемі - 14 есе ұлғайған болатын.

2012 жылы ғаламда тікелей шетел инвестициялардың кему тенденциясы әлі болуда (үш жыл қатарына), 67200 млрд.теңге. шамасында (7-кесте). Бұл жерде дамыған мемлекеттерге ТШИ көлемінің кемуі себепті, бұл көрсеткіш 2006 жылмен салыстырғанда 25% кеміп, 44040 млрд. теңгені құраған. ТШИ-ң өсу динамикасы 111 мемлекетте болып, кему динамикасы 82 мемлекетте болды. Негізінен ТШИ-ң өсу динамикасы дамушы елдерде болуда, бірақ бұл көрсеткіш тек Африка мен Тынық мұхит аймағында ғана өскендігін көрсетті, ал Латын Аме-рика мен Кариб бассейні аймағында кему тенденциясы байқалды. Осыған қарамастан, 2004-2005 жылдары трансшекаралық қосылу мен жұтылу көрсеткішіне қарасақ, өсу динамикасы-на ие болуда.

Екiншi аспект технологиялық инновацияға əсер етумен байланысты. Жаңа технология-лар алдында айтылғандай, ғаламданудың қозғалыстағы күштерiнiң бiрi бола отырып мемле-кеттер арасындағы бəсекенi ұлғайтады.

 

3.2 Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу әдістерін жетілдіру

Инвестициялық іс-әрекет әлеуметтік факторларды ескере отатрып реттелінбесе, онда ол жалпы дағдарысқа апаратын негізгі себептердің біреуі болып табылады. Сондықтан да экономиканы, соның ішінде ннвестицияны әлеуметтік тұрғыдан талдап, соның негізінде "әлеуметтік және экономикалық кұрылымдарды қатер қалыптастырып, ескеріп отырғанда ғана дүниежүзілік және аймақтық дағдарыстардан құтылуға болады. Инвестицияның жоғарғы қарқынмен дамуының, жақсы экономикалық көрсеткіштердің халықтың әл-әуқатына тікелей әсері мол. Бұған дәлелді инвестициямен жан-жақты қамтылған батыс аймақтардан көптей көруге болады.

Сонымен, ғаламдану кезінде қызмет саудасының өсуi байқалады, онымен қоса қаржылық, заңды, басқарушылық, ақпараттық жəне халықаралық қатынастар саудасының негiзгi факторына айналатын "көрiнбейтiн" қызметтердiң барлық түрлерi байқалады. Егер 1970 жылы қызмет экспорты тiкелей шетел инвестицияның 1/3 бөлiгiмен байланысты болса, онда қазiргi уақытта бұл үлес 50%-ға дейiн өстi, осылайша əлемдiк нарықта аса маңызды тауар интеллектуалды капитал болып табылады.

Ғаламданудың бiрiншi артықшылығы халықаралық бəсекелестiктiң шиеленiсуiнен шықты. Бəкелестiк жəне рынокты ұлғайту мамандықтарды тереңдету мен халықаралық еңбек бөлiнiсiне əкеледi жəне өндiрiстiң өсуiн тек қана ұлттық емес, əлемдiк деңгейде ынталандырады.

Яғни инвестициялардың тартымды екенін ескере отырып, әлеуметтік саланы, инфрақұрылымды дамытуға бағытталған инвестицияларды тартуды қолға алу керек. Бұл мәселеде, яғни экономиканың әлеуметтік бағыттылы-ғын күшейтуде мемлекеттің ролі ерекше.

Әлеуметтік жобалар тез кайтарымды және де табысты жобаларға жатпайды. Сондықтан да бұл саладағы жобаларды кепілдік беру арқылы, бюджеттен қаржы беру арқылы жүзеге асыру кажет.  

Әлеуметтік жобаларды қаржылаңдырудың бір түрі - ол мемлекеттік несиелендіру. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес органдары тек қана аймақгық парлар бойынша тікелей карызы бар. Осы жоспарларға жергілікті атқарушы оргаңдардың карыз алу негізінде каржжыландыруды көздейтін жобалар қамтылады. Бұл қарыздарға жергілікті бюджет кепілдік береді.

Сонымен қатар шетел инвестициясын әлеуметтік салаға тартудың тағыда бір тиімді әрі озық әдістеріне муниципалдық құнды қағаздар шығару жатады. Инвесторлар үшін көптегсн корпоративтік құнды кағаздардың тиімділігін есксре отырып, мемлекеттік құнды қағаздардың Казақстан кұнды кағаздар нарығын|да инвестициялық белсенділікті арттыратын негізгі тетік екенін атап өткен жөн. Ұзақ мерзімді қаржылардың өтімділігін арттыруды қамтамасыз ету үшін, оның қорына қаражат және басқа да бағалы қағаздар рыногында айналымда жүрген банкілік акцепттерді, коммерциялық кағаздарды, тауарлық-несиелік корпорациялардың брокерлік карыздары мен куәліктерін, орналастырады.

Қазіргі кезде бұл банктерсіз бағалы қағаздарды сату өте қиынға түседі. Көптеген компаниялар инвестициялык банктердің көмегінсіз үзақ мерзімді ақша қаражаттарын ала алмаған болар еді. Кейбір мемлекеттердің қазіргі төжірибесінде мүндай банктер компанияның бағалы қағаздарын орналастырумен айналыепа-сада, компаниялар қүрылып қызмет ете алмайды.

Инвестицияны әлеуметтік салаға тартудың көрсетілген бағыттарынан басқа да істеріне кепілдік қоры, ипотекалық несиелендіру  де инвестицияның тұрақты, уақыт талабына заңдық нысандар кұру жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Капиталдың құйылуы мен оның мемлекеттің тиімді реттеуі ел экономиксына оң әсерін тигізеді. Инвестиция Қазақстан сияқты экономикалық дамуы орташа және төмен елдердегі жеке сектордың қалыптасуы мен нығаюына ықпал етеді. Бүгінде жеке сектордың негізі болып табылатын орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін жақсы жағдайлар жасалуда.

Жеке секторды дамытудың негізігі әдісі шетел инвестициясын тарту және шетел инвестициясына нақты жеңілдіктер ұсыну екендігі белгілі. Осы мақсатта Қазақстан мемлекеті көне заң жобаларын біріктіріп, жалпы инвестиция туралы заңды қабылдады. Бұл заңның енгізілуі қазақстандық инвестиция заңнамасын дамытудың маңызды кезеңі болды. Ол ҚР экономикасына инвестиция, әсіресе шетел капиталын тартудың негізгі құқықтық және экономикалық негізін анықтайды, шетел инвесторларын қорғаудың мемлекеттік кепілдігін бекітеді.

Шетел инвестициясы ішкі инвестицияның дамуы мен өсуіне кепіл болады, ол Қазақстанның әлемдік қаржы нарығына кіруіннің себепшісі бола алады. Дегенмен, Республика экономикасына шетел капиталының келуіне келесілер кедергі келтіреді: экономикалық және шаруашылық жағдайдың тұрақсыздығы, құқықтық базаның жетілмеуі, мемлекет құрылымындағы лоббизм мен коррупция, нарықтық қатынастың жетілмеуі.

Өкінішке орай, инвестициялық ахуалдың жақсаруына қарамастан шетел инвестицияларының қызметін қамтамасыз ететін құқықтық жүйе шетел инвесторларының коррупция мен басшылар қысымынан қорғай алмай отыр.

Шетел тәжірибесін ескере отырып, Қазақстанға қажетті бағыттардың қатарына, саяси және макроэкономикалық жағдайда жақсартудан басқа, келесілер жатқызылуы тиіс:

-   бөлек аудандар мен салаларда шетел инвестицияларына жеңілдіктер мен преференциялар беру;

-   экономикалық және ішкі саудаға тұрақты заңнама қалыптастыру;

-   салық ауыртпалығын төмендету және салық құрылымын төмендету;

-   жерге жеке меншікті енгізу;

-   шетел инвестициясын сақтандыру механизмін қалыптастыру.

Қазақстан өнеркәсіптеріне тікелей шетел инвестицияларын тартудың жалпы заңдылықтарын, теориялық - методологиялық және мемлектік  реттеу мен ұйымдастырушылық мәселелерін  зерттеу нәтижелері төмендегідей тұжырымдар иен ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді:

- шетел инвестицияларын соның ішінде, тікелей инвестицияларды пайдалану қай ел үшін болса да,  объективті қажеттілік екенін ресми түрде тану керек;

- ол, ел экономикасын халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіне  кеңінен қатынастырып, мұқтаж салаларға капиталдар келтірудің тиімді жолы;

- тікелей шетел инвестицияларын Қазақстанға тарту экономикалық және техникалқ прогресті жеделдету; өндірістік аппаратты жаңарту мен қайта жарақтандыру; өндірісті ұйымдастырудың үздік әдістерін үйрету; нарықтық  экономиканың талаптарына сай мамандарды дайындаудағы мәселелерді шешуге  көмектеседі;

- бүгінгі күнге дейін ел экономикасына тартылған тікелей инвестициялардың салалық құрылымы бойынша мұнай газ секторына  шоғырлануы, ал аймақтық  аспектілері бойынша сәйкесінше осындай табиғи ресурстар қорына бай аймақтарға тартылуы;

- Инвестициялық  іс - әрекетке қатысты мемлекеттің заң шығару және атқару қызметі мына бағыттарға бейімделуі тиіс:мемлекет инвестициялық  саясаты мемлекеттік бюджеттік қорларды пайдалану арқылы; ішкі несие қорлары мен жеке заңды тұлғалардың өзіндік қаражаттарын тиімді қолдануды ынталандыру арқылы; шетелдік инвестициялар тартумен тиімді пайдалану механизмі арқылы;

 

 

Пайдаланылған Әдебиеттер тізімі:

1.      Назарбаев Н. Ә. Қазақтсан халқына жолдауы «Болашақтың іргегін бірге қалаймыз». – Астана 28.01.2011ж.

2.      Назарбаев Н. Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. –Алматы: 1992.

3.      Назарбаев Н. Ә.  Қазақстан – 2030. – Алматы : «юристь»,  2001.

4.      Бердалиев Қ.Б. « Қазақстан экономикасындағы кәсіпорынның құрылу ерекшеліктері».

5.      Указ Президента «О недрах и недропользовании» от 27 января 1996 г. и с изменениями от 11 августа 1999г.

6.      Недра и природные ресурсы: сборник законодательных актов.- Алматы, 2003г.

7.      Ниязов Т.Ж. «Кәсіпорындардың қаржылық ресурстарын басқарудағы ұйымдастыру жолдары»// Қаржы менеджменті №5 (21) 2008 ж.

8.      Нұрахметова Л.К. « Фирманы басқарудағы қаржы менеджерінің рөлі»// Қаржы менеджменті №5 2007ж.

9.      Глухов В.В., Бахрамов Ю.М. Финансовый менеджмент. – С.-Петербург: Специальная литература, 2005г.

Информация о работе Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі