Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 16:12, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі таңда нарықтық қатынастарға бейімделген Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы үшін мемлекеттік инвестициялық саясатты қалыптастыру мен дамыту экономикалық реформалардың негізі болуы тиіс.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3



1 Инвестицияның түсінігі және инвестициялық портфель

1.1 Инвестиция түсінігі және оның түрлері..........................................................4

1.2 Инвестициялық портфель мәні және маңызы.................................................9



2 Кәсіпорынның инвестициялық портфелін талдау( ТЕҢІЗШЕВРОЙЛ ЖШС мысал ретінде)

2.1 Кәсіпорынның инвестициялық қызметін бағалау........................................18

2.2 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығына сипаттама.....................22



3 ҚР инвестициялық қызметті жетілдіру бағыттары

3.1 Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің даму жолдары.........................27

3.2 Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу әдістерін жетілдіру............29



Қорытынды .........................................................................................................32

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................34

Қосымшалар

Работа содержит 1 файл

Раушан.doc

— 1.41 Мб (Скачать)

          Таза  инвестициялар - белгiленген  кезеңдерде амортизациялық шегерiмдердi аударған жалпы инвестициялар болып келедi.

        Егер таза инвестициялар нөлге тең болса, бұл дегенiмiз экономикалық өсудiң жоқ болуы, өйткенi өндiрiс патенциалы өзгермейдi. Егер таза инвестициялар оң көрсеткiштi көрсетсе, бұл экономика даму сатысында дегендi бiлдiредi. өйткенi өндiрiстiк патенциалын қайта өзгеруiн қамтамассыз етедi. Таза инвестициялардың өcyi талабының көбейуiне әкеледi. қарастырылған инвестициялардың барлық типтерiн топтауға болады және келесiдей сыныптамада көрсетуге болады.(2-сурет)

    Жоғарыда көрсетiлген инвестицияның түciнiктepi мен сыныптамалары инвестицияның теориядағы едәуiр маңызды тәуелдiктердiң бiрiн қарастыруға негiз бермейдi: инвестициялар - жалпы iшкi өнiм - ұлттық табыс. Егер таза инвестициялар өндiрiстi кеңейтуге бағытталса, онда олар ойланбай-ақ Ж.I.Ө-ге әcep етедi десек болады, яғни оның мултипликативтi өcyiн генерациялайды. Экономикалык, теорияда мұндай құбылыс мультипликатор деген атаққа ие.

2 Кәсіпорынның инвестициялық портфелін талдау

2.1 Кәсіпорынның инвестициялық қызметін бағалау( ТЕҢІЗШЕВРОЙЛ ЖШС мысал ретінде)

 

“ТЕҢІЗШЕВРОЙЛ” ЖШС (ТШО) 1993 жылы 6 сәуірде Қазақстан Республикасы мен Шеврон Оверсиз компаниясының арасындағы келісімге қол қою нәтижесінде алғашында біріккен кәсіпорын болып құрылды. Келіссөздер нәтижесінде пайда болған бұл кәсіпорынға сол кезде тең еш кәсіпорын болған емес. Ал орталық Азияның болашақ инвесторлары ТШО-ның “Теңіз” кен орны мен оған тиесілі территорияны игеру мен пайдалану бағытындағы жұмыстарын бақылап отырды. Сол кезден-ақ Қазақстан территориясының Үкіметі ме халқы кәсіпорынның маңыздылығын сезінді.

ТШО – ның стратегиялық мақсаты – тиімділігі мен табыстылығы жағынан  әлемдегі ең алдыңғы қатарлы мұнай-газ кәсіпорны дәрежесіне жету.ТШО қызметінің негізгі бағыттарын осы айқындайды.

Қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғау бойынша жетекші орынға шығу. Өндірістегі қауіпсіздік техникасын сақтау, адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау істеріне ең жоғарғы талаптар қойылды[7;10].

Көптеген  шетелдік  фирмалар  Қазақстан  Республикасының  шеңберінде  өз   қызметтерін  жүргізе отырып,   ел  ішінде  инвестициялық  қызметін  атқарады.  Яғни үлкен  қаржы салымдары  бойынша  операциялар  жүргізеді.  Мысалы,  Қазақстанда өз  қызметін жүргізіп жатқан  бірлескен  компаниялар.  Солардың  бірі – Теңізшевройл   ЖШС.

  Теңізшевройл  ЖШС-  теңіз  мұнай кен  орны  әлемдегі  ең ірі  кен  орындарының  бірі.  Ол  ұлттық  экономика  үшін  өте  маңызды. 

ШГА/  ЕБЖ  (шикі газ  айдау  және  Екінші буын  Жобасы )  құрылысы  қазақстандықтар үшін мыңдаған  жұмыс  орнын  құруға  мүмкіндік  береді-  жобалаушылар,  инженерлер,  менеджерлер  және  құрылыс жұмысшыларына- жаңа болашаққа  жол  салады.

Жобаның  негізгі басымдықтарының  бірі-  жергілікті   және жалпы  қазақстандықтарды  жұмыспен  қамтуды  ұлғайту.   

ШГА/ЕБЖ  жобаларында  жаңа машықтар  мен  технологиялар енгізіледі,  жаңа  мүмкіндіктер- жаңа   инфрақұрылымға  жол  ашылады-  жергілікті және  ұлттық  экономиканың  ұзақ  мерзімді дамуына  қолдау  береді.

ЕБЖ-ның  тағы да көптеген  жетістіктері  бар.  Олар:

- жоба ауқымында  қазақстандық   тауарлар  мен  қызметтерге    550  миллионннан  астам  АҚШ  доллары  жұмсалады.

-Біріккен  Құрылыс  Корпорациясы, Интергазстрой  және  Мұнайгазқұрылыс  компанияларына  тағайындалған   құны  100 миллион  АҚШ  долларын  құрайтын  Шаңырақ  құрылысшылар  ауылының  нысандарын  салу  келісім  шарты  -  Қазақстан  компаниялары  консорциумына  тағайындалған  келісім  шарттардың  ең  ішіндегі ірі  инженерлік  және  құрылыстық  келісім  шарт. 

Жергілікті жұртшылықпен  жұмыс  жасау  -  қазақстандық  компанияларға  шетелдік  компаниялармен   келісім  шарт  бәсекесіне  түсу  жағдайларын  жасау  ғана  емес,  бұл  Жоба  жұмыстарын  орындау  мақсатында   оқыту  бағдарламаларын  енгізу  және  жергілікті  тұрғындарды  еңбекпен  қамтамасыз  ету мүмкіндігін  жасау.

Жобада  8000  астам  адам  жұмыс  істейді. 2000  астам  қызметке  дайын   жергілікті жұмысшылар  туралы  дерек  қоры   жоба  жұмысының   нағыз  қызған  шыңында  құрылысқа  қажетті  2350  орынды  толтыруға  көмектесті.

Жоғары   стандартқа  сай  оқытылған  жергілікті   жұмысшылар  ТШО  ШГА /ЕБЖ жобаларының ең маңызды құрамы  болып табылады. 

2002жылдың  басында   Қазақстан бойынша  ұйымдастырылған  кәсіптік-  техникалық  оқыту  орталығының  Ашық  Есік  Күндері  осы  Жобада  жұмыс  жасауға  үміттенген  мыңдаған  адамдардың  көңілін  аударды.  Ашық  есік  күндері  осы  аймақтың  жұмыс   жағдайын  білуге   мүмкіндік  берді, сонымен  қатар  кәсіби  оқыту  бағдарламасын  енгізу  туралы  дұрыс  шешімдер  қабылдауға  ықпалын  тигізді.

Қазақстанда  осы  типтегі  ең бірінші  және  ең  үлкен  орталық  ТШО-ны  халықаралық  кәсіптік-  техникалық  стандартпен,  сонымен  қатар  қауіпсіз,  тиімді  және  сапалы  жұмыс  жасай  алатын  жергілікті  жұмысшылармен  қамтамасыз  етеді.  

   Өнеркәсібі  дамыған  елдер   ұлттық  және   ұлтаралық   деңгейде  капиталдың  экспорты мен  импортын    ынталандыру  арқылы  оның  жедел  ауысуына  әсер  етеді.

Қарыз,  портфельдік  инвестиция т.б. нысандағы   капиталдар  қозғалысына   кедергілердің  барлығы  жойылуы  керек.

Экономикадағы  ұлтық  мүддені  қорғау  үшін  өнеркәсібі  дамыған  мемлекеттер,  керек болғанда,  тікелей  шетел  инвестицияларына  тосқауылдар  да  қоя  біледі. Айта кететін нәрсе,  капиталды  шетке  шығару  процесі  капталды тарту  процесімен  салыстырғанда  кемдеу  реттеледі. 

Шетелдік  инвестицияларды   Қазақстанға   тарту   мынадай   мәселелерді  шешуге  көмектеседі:

-экономикалық  және  техникалық  прогресті  жеделдету;

өндірістік  аппаратты  жаңарту  мен  қайта  жарақтандыру;

- өндірісті  ұйымдастырудың  үздік  әдістерін  үйрену;

-  нарықтық экономиканың  талптарына  сай  кадрларды  дайындау;

Жалпы,  инвестициялармен  үйлестірілген  және  оралымды  жұмыс  жүргізу  бір  кезеңнің  ғана  міндеті  болып  қалмай,  үнемі  тұрақты  түрде  атқарылатын  іс- қимылдар  кешеніне айналуы  тиіс.

Теңіз мұнай қоры 1979 жылы ашылған және соңғы 25 жылда ашылған ең ірі мұнай өндірісі болып есептелінеді. Қазіргі таңда мұнай қорының бағалануы бойынша теңіз өз қойнауында 3 миллиард тоннадан астам мұнай, 1800 миллиард текше метр жолшыбай газдың қорын иеленуде.

        2 Сурет. ТШО кәсіпорындарының қызметкерлернің орташа еңбекақысы

 

 

2009 жылғы 4 тоқсанда ТШО кәсіпорының қызметкерінің орташа айлық еңбек ақысы 55085 теңге болды, алдыңғы жылдың 4 тоқсанының көсеткішінен- 30 % жоғары.

«Теңізшевройл» қазіргі таңда бұрынғы КСРО территориясындағы ең ірі кәсіпорын болып саналады.

2007-2008 жылдар аралығында «Теңізшевройл» елеулі жетістіктер қатарына қол жеткізді. Стратегия өзгерту және мүнай тасымалының әр түрлі жолдарын иегере отырып, бірінші уақыттарда өнім экспортына байланысты туындаған біршама қиындықтарды шешуге мүмкіндік пайда болды.Сәттілікке қол жеткізуде «Теңізшевройл» үкіметінің министрліктермен, ведомстволықтарымен және комитеттерімен тығыз қарым-қатынас және әр түрлі Ресейлік компаниялармен іскерлік байланыстар орнатылды. «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорнының басты стратегиясы әлемдегі ең тиімді мұнай компаниясына айналу болып отыр.

 

3 Сурет. 2008 жылы ТШО қызметінің көрсеткіштері

 

Тәжірибе көрсетіп отырғандай «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорыны экономикалық көрсеткіштері – 7,0 %, технологияларды игеру көрсеткіштерінен – 88.4% және әлеуметтік мәселелерді шешуден Батыс Қазақстан бойынша ең алдыңғы орындағы кәсіпорын.

Ең қымбатқа түскен «Шеврон» компаниясының экологиялық акциясы -мұнай тазарту құрылғысының құрылысы. Бұл ірі экологиялық жобаны американдық компания сырттан жасалған қысымның нәтижесінде жүзеге асырады.

«Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорында 1998 жылы 8,5 миллион тонна мұнай өндірілген, ал 2008 жылы 9,5 миллион тонна мұнай көлемі алынған.

Өндірістегі үздік көрсеткіштер – біздің табысқа жетуіміздің негізі. Компанияның барлық бөлімшелерінің қауіпсіз, сенімді әрі тиімді жұмысын қамтамассыз ету – біздің басты міндетіміз болып табылады.

2.2 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығына сипаттама

Бейнелеп айтсақ, “Шевронды” инвестициядағы ал­ғаш­қы қарлығаш десе де болады. Бұл 1993 жыл еді. Ал “Шетелдік инвестициялар тура­лы” тұңғыш Заң осыдан жыл жарым уақыт өткеннен кейін, дәлірек айтқанда, 1994 жылдың 27 желтоқсанында қабыл­данғанын ескерсек, Қазақстан мұнайын игеруге “Шевронды” қолдан жетектеп әкел­гендей болған Елбасын алғашқы инвестор­дың кепілдік ретінде танығанын көруге болады.

Әлемге әйгілі “Шеврон” корпорациясы егемендіктің елең-алаңында тұрған елге қаржы құюын тек осымен түсіндірген жөн. Бір сөзбен айтқанда, мұны сол кезде әлем саясаткерлері әлі де жете танып-біле қой­маған жас мемлекеттің Президенті Нұр­сұлтан Назарбаевтың сенімділік орнықтыра білуімен байланыстыра аламыз. Әрі ол елдің ертеңіне, оның баянды болашағына деген сенімділік екенін де айта кеткен жөн. Адамды сенім алдамайды, сезік алдайды дейді ғой. Рас сөз. Нұрсұлтан Әбішұлының осы сенімі және Мемлекет басшысына сенгендердің үміті ақталғаны бүгінде атар таңдай шындыққа айналып отыр.

Қазақстанның инвестициялық мүм­кіндіктері мен жаңа арналарының ашылуы халықаралық инвесторларды біздің елмен белсенді ынтымақтасуға ынталандырып отыр. Оның үстіне елдегі банк секторының дамуы да бұған жағдай туғызады. 2003 жылы “Ин­вестициялар туралы” Заңның қабыл­дануы және онда осы заң күшіне енгенге дейін жасалған келісім-шарттар негізінде берілген жеңілдіктердің сақталатындығының көр­сетілуі Қазақстанның инвесторлармен жұмысы жақсы негізге қойылғанын көрсетіп берді. Қазіргі кезде инвестицияларды бағыт­тау үшін мұнай және газ секторымен қатар өңдеу өнеркәсібі бірінші орынға шығып отыр.

1998 жылы Қазақстанда инвестициялық ахуалды түбегейлі жақсартуға бағытталған тағы бір шара қабылданды. Яғни, осы жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президен­тінің жанынан Шетелдік инвесторлар кеңесі құрылып, жұмыс істей бастады. Биыл құрыл­ғанына сегіз жыл болатын оның қызметінің тиімділігін уақыттың өзі дәлелдеп берді. Бұл Кеңес инвесторлар мүддесін қорғауда, қажет болған жағдайда республика басшылығына тікелей шығу арқылы күрделі мәселелерді шешуде көп іс атқарды.

Шетелдік инвесторлар кеңесінің сол мәжілісінде айтылғандай, 1995 жылдан бастап қазіргі күнге дейін елімізге келген тікелей инвестициялар көлемі шамамен 4,7 есе өскен екен. Сондай-ақ Елбасының өмір­шең инвестициялық саясатының арқасында 2002 жылы “Муудис” және 2004 жылы “Фитч” халықаралық рейтинг агенттіктері Қазақстанға ТМД елдері арасында бірінші болып инвестициялық сынып рейтингін берді. Қазіргі кезде жан басына шаққандағы игерілген тікелей шетелдік инвестиция­лардың көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің арасында көш бастап келеді. Егер бұл көрсеткіш Қазақстанда 1037,4 доллар болса, бізге ең жақын тұрған Әзірбайжандағы көрсеткіш 661 доллар екен.

Инвестициялық тартымдылықтың осын­дай жоғары көрсеткіші біз шетелдіктерге минералдық ресурстарды, соның ішінде мұнай-газ саласындағы ресурстарды игеруіне жол ашуымыз арқылы мүмкін болғанын айта келіп, Елбасы бір кездері қаражаттың жетім­сіздігі, негізгі қорлардың тозуы жағдайында Қазақстанның өзі орасан кен орындарын толық мәнінде игере алмағанын атап көрсеткен болатын.

Бұдан үш жыл бұрын Бүкіләлемдік банк Қазақстанды инвестиция салуға неғұрлым қолайлы жиырма мемлекеттің қатарына қосты.  Әрі республика кірісі ортадан жоғары деңгейдегі елдер қатарында тұрғанын мәлім­деді. Жоғарыда айтылған агенттік сарапшы­ларының пікірінше, Қазақстан экономикасы және оның мемлекеттік қаржылары мұнай секторының қысымына тәуелді бола алмай­ды. Ол мұнай бағасының өзгеруіне төтеп бере алатындай неғұрлым қолайлы жағдайда тұр.

Иә, тұтастай алғанда инвесторлардың мұнай-газ саласына қосып отырған үлесі қо­мақ­ты екені рас. Оған Қазақстанда әлемнің  “Эксон Мобил”, “Шелл”, “Эни”, “Шеврон­Тексако”, “Тоталь”, “Бритиш Петролеум”, “Лу­койл” және Қытай ұлттық мұнай кор­пора­циялары бар екені де дәлел. Осы мұ­най­дың арқасында еліміз экономикалық жүйе­ні өзгерту кезеңін жеделдете алғаны анық.

Осылайша елдің экономикалық дамуын­дағы мұнай мен оған тартылған инвестиция факторының рөлін орынды бағалай отырып, өнеркәсіптің басқа салаларына да инвес­тициялық қаржылар құйылып жатқанын айта кеткен жөн. Тікелей инвестициялар қара және түсті металлургияның да тиімділігін көтергені анық.

Сонау 1997 жылы-ақ инвестициялар тарта­тын басым секторлар тізімі бекітілген болатын. Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, олар: өңдеу өнеркәсібі, жаңа елорданың нысандары, әлеуметтік сала мен туризм және ауыл шаруашылығы екенін атап көрсетті. Бұл салаларда әжептәуір ілгерілеу­шілік бар екені, өзгесін айтпағанда елорда­мыз Астананың жыл сайын емес, ай, апта санап көркейіп бара жатқаны да осы инвестициялық тартымдылықтың арқасы деп білеміз. Елбасы іске асырып отырған бүгінгі инвестициялық саясаттың мәні мен мағынасы терең әрі жан-жақты. Әрі оны елге тек шетелдік инвестициялар тарту ісімен ғана шектей салуға болмайды.

Информация о работе Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі