Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі

Дата добавления: 17 Марта 2012 в 16:12
Автор: s***********@mail.ru
Тип работы: курсовая работа
Скачать полностью (1.26 Мб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Раушан.doc

  —  1.41 Мб


МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе......................................................................................................................3

 

1 Инвестицияның түсінігі және инвестициялық портфель

1.1 Инвестиция түсінігі және оның түрлері..........................................................4

1.2 Инвестициялық портфель мәні және маңызы.................................................9

 

2 Кәсіпорынның инвестициялық портфелін талдау( ТЕҢІЗШЕВРОЙЛ ЖШС мысал ретінде)

2.1 Кәсіпорынның инвестициялық қызметін бағалау........................................18

2.2 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығына сипаттама.....................22

 

3 ҚР инвестициялық қызметті жетілдіру бағыттары

3.1 Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің даму жолдары.........................27

3.2 Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу әдістерін жетілдіру............29

 

Қорытынды .........................................................................................................32

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................34

Қосымшалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Бүгінгі таңда нарықтық қатынастарға бейімделген Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы үшін мемлекеттік инвестициялық саясатты қалыптастыру мен дамыту экономикалық реформалардың негізі болуы тиіс.

Инвестициялық портфель ең біріншіден экономиканың тиімділігін өсіру және жоғарлату темпін қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Осы мәселелерді шешуде республика экономикасына шетел капиталын тарту маңызды орын алады. Қазақстан экономикасына шетел инвестициясын тарту обьективті қажетті процес болып табылады.

Осыған байланысты экономикаға шетел инвестициялары пайда әкелуде ме, қандай қиындықтар мен келіспеушіліктер туындауда, әлде зияны тиюде ме, тиімсіз жақтарын қалай пайдалы етуге болады деген сұрақтарды қарастырдым.

Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстанның шетел инвестициясын тартудағы мақсатын, міндетін, қызметі мен экономикаға пайдасын ашып көрсету.

Курстық жұмыстың мақсатын ескере отырып келесі міндеттер беріліп, оларды шешу жолдары қарастырылды:

-         Қазақстан экономикасындағы шетел инвестициясының мәнін анықтау;

-         Шетел капиталының ел экономикасында қызмет ету механизмін ашып көрсету;

-         Қазақстанда шетел инвестициясын тартуда кездесетін мәселелер мен оларды жетілдіру жолдарын айқындау.

Курстық жұмыс негізгі үш тараудан тұрады.

Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде тақырыпқа сәйкес инвестицияға экономикалық тұрғыдан анықтама беріліп, Қазақстандағы инвестициялық құрылым, Қазақстандағы инвестициялық қызметтің тенденцияларына түсінік берілді.

 

Екінші бөлімде, сонымен қатар ТШО БК-ның  инвестиция  құрылымын   талдау, ҚР ұлттық капиталының шетел капиталдарымен байланысы және оның бәсекеге қабілеті себептері мен салдары қаралды.

Жұмыстың үшінші бөлімі Қазақстан Республикасындағы қызмет ету механизмін басқару мен бақылауды жетілдіру, инвестициялардың әлеуметтік тиімділігі: мәні әрі бағалау концепциясы, инвестициялық қызметінің даму жолдары және шетел инвестицияларын құқықтық қорғау.

Қазақстан инвестициясының мемлекеттік реттеу әр түрлі мәселелерді шешу жолдары қарастырылды.

Курстық жұмысты жазу барысында отандық және шет елдік экономист - ғалымдардың инвестицияға байланысты жазған еңбектері пайдаланылды. Сандық берілгендер ҚР заңды және нормативтік актілері, ҚР статистика Агенттігінің статистикалық материалдарынан алынды. Сонымен қатар, «Егеменді Қазақстан», «Ақиқат», «Аль-Пари» атты мерзімді басылымдар курстық жұмыстың  негізгі  көздері болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Инвестицияның түсінігі және инвестициялық портфель

1.1 Инвестиция түсінігі және оның түрлері

 

       Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап республика экономикасында күрделі бұрын соңғы болмаған өзгерістер болды. Реформа экономикада әлеуметтік жағдайларда да бағыт алуды өзінің мақсаты етіп қойды, оған жету, бұрын республикада қалыптаспаған экономикалық қатынастардың барлық жүйесін өзгертуді қажет етті, ал оны жүзеге асыру күрделі де ауыр процесс екені белгілі.

       Әлемдік тәжірибе көрсеткендей шаруашылық ісінде “шетелдік инвестиция” терминін пайдаланудың ұқсас еместігі әртүрлі айтыс-тартысты жағдайға соқтырады. Соның кесірінен оны реттеуге көп уақыт пен ақша жұмсауға тура келеді.

       Шетелдердегі әртүрлі экономикалық мектептер шетел инвестицияларын түрліше анықтайды. Ғылыми деңгейде және күнделікті өмірде бұл жөніндегі түсініктер біркелкі емес. Мысалға, экономиктердің айтуынша “инвестиция сөзі барлық уақытта экономикадағы пікірдегідей мағына бере алмайды.” Біздің ойымызша, “таза инвестициялау” немесе капиталдың қалыптасуы, қоғамдағы нақты капиталдық ғимарат, құрал-сайман, материалдық өндірістік қор және т.б. таза өсуі есептеледі. Тұрғын адам пікірінше”инвестициялау” - ол жер сатып алса, айналыстағы бағалы қағаздар немесе меншіктің басқа түрлері. Ал экономистер үшін трансперттік (волютаны немесе алтынды 1 елден 2-ші елге аудару) іс-әрекеттер. Біреу инвестициялағанды басқа біреу рейнвестициялайды.

       Дж. Кейнс өзінің “жұмыспен қамту, процент ақша туралы жалпы теория” еңбегінде инвестицияны “бағалы капиталды мүліктің негізгі, айналмалы, өтімді капиталдан құрылуына қарамастан оның өсуі” деп анықтама береді.

       Э.Дж.Долан және Д.Е.Мендсей өздерінің “Рыноктан микроэкономикалық үлгі кітабында инвестицияны экономикалық жүйедегі қызмет атқарып жатқан капиталдық” яғни адамдардың жасаған өндіріс құрал-жабдықтарының ұсынылған санының көлемінің көбейіп өсуі- деп анықтала береді.

       Варсей И. және Цовентлу Д. “Инвестиция” термині өте кең тараған. тұрмыстың дәрежеде инвестицияны үй, көркемөнер еңбектерін, асыл-әсемдік бұйымдарды сатып алу ретінде түсіндіріледі. Сонымен қатар инвестиция деп акция, облигация салынған затқа берілетін қарыздарды айтады. Кәсіпорындарда машиналарға қаржы, құрал-жабдықтар инвестицияланады- дейді.

       В.В Бочаровтың пікіріне “Инвестицияға белгілі бір кезең ішінде инвестициялық қызметтің соңғы өнімінің және меншік түрінің өзгеру процесінің тек тіркеп есептеуі ғана емес оның өсіп дамуы ретінде түсінген дұрыс дейді. Демек пайдалануға болмайтын бөлігі”- дейді.

      Экономикалық әдебиетте инвестиция түсінігіне анықтама беру жөнінде көп талас жоқ. Қалыптасқан пікір бойынша оның құрамына пайда, табыс және әлеуметтік эффект алу мақсатында экономика салаларының барлық нысандарына кәсіпкерлік қызметті дамытуға жұмсалатын меншік және интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрі енеді.

      Кейбір әдебиеттерде инвестицияны күрделі қаржы ретінде қарастырған. Бұлайша қарастырудың себебі, инвестициялық қорларды нақты пайдалану нысанының анықталмауында. Егер күрделі қаржы негізгі қорларды қарапайым және ұдайы өндіруге бағытталатын болса, онда инвестициялар құрылыс- монтаждау жұмыстарының, керекті қондырғылардың және басқа шығындардың құнын қамтиды. Яғни, инвестиция түсінігі күрделі қаржы түсінігінен әлдеқайда кең.

     «Инвестиция» немістің  ‘‘invesiton‘‘сөзі және бұл кәсіпорынға (фирма)

пайда табу мақсатында ұзақ мерзімге салынған капитал мөлшерін көрсетеді.

Осы тұрғыда ‘‘инвестициялау‘‘ күрделі қаржыға қарағанда кең мағына білдіреді1.

Тұтынуға кетпеген барлық ресурстар - жинақталған ресурстар болады. Олар инвестиция ретінде жаңа кәсіпорынды салуға және жұмыс атқарып тұрғындарын жабдықтауға сондай- ақ жол құрылысына, денсаулық сақтау, оқу- ағарту, мәдени объектілеріне бағытталған, яғни капиталдың қорлануына жұмсалады.

      Инвестиция теориясын ағылшын экономисі Дж. Кейнс өзінің «жалақы, пайыз және ақшаның жалпы теориясы » (1936ж) еңбегінде қарастырған, онда ол инвестицияны өндіріске жан бітіретін және тиімді сұранымның басты факторы ретінде қарастырады. Инвестицияның өсуі ұлттық табыстың ұлғаюына, өндіріске қосымша жұмыскерлерді тартуға ықпал етеді, яғни жұмыссыздықты жояды.

      Инвестицияның күрделі қаржыдан тағы бір айырмашылығы, олар материалдық пайдалану емес активтерді (жер бөліктерін пайдалану құқығы мен [i]табиғатты пайдалану нысандары, патенттер, авторлық, лицензиялар және т.б.) ұлғайту үшін де жұмсалынады. Материалдық емес активтерді құру және ұлғайтуды қаржыландыру үшін қолданылатын негізгі көздерге амортизациялық төлемдер, таза пайда, коммерциалық және басқа да банктердің саудалары, қор нарығынан түсімдер және т.б. жатады.

      Инвестициалар – кәсіпкерлік қызметтің және нәтижесінде пайда (табыс) құралатын немесе әлеументтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік және интеллектілік құндылықтардың барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.

      Қаржы  инвестициялары – мемлекеттен, басқа да кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған.

      Нақты инвестициялар нысанында , инвестор өзінің өндірістік капиталының көлемін- өндірістік негізгі қорлар мен айналым қорларын ұлғайтады. Ал қаржы инвестицияларында, инвестор бағалы қағаздардан дивиденд алу арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады. Сонымен қатар , инвестициялар тікелей және жанама болып бөлінеді. Қазақстан Республикасындағы «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау» Заңы бойынша тікелей инвестициялар – республиканың тәуекелсіздік кепілділігіне байланысты және арнайы техникалық көмек пен грантқа арналған инвестициялардан басқа барлық инвестиция түрлері.

     Жанама (портфельдік) инвестициялар- қоржындағы инвестициялар, басқаша айтқанда құнды қағаздар мен мүліктік бағалы заттар.

     Инвестицияның негізгі түрлері. Әрбір фирманың іс- әрекетінің маңызды бір бөлігі инвестициалық операциялар болып табылады, яғни жобаларды іске асыраудағы жіберілген ақша қаражаттарына байланысты мұндай инвестициялардың түрлері мынадай:

-         табиғи активтерге инвестициялар;

-         ақша активтеріне инвестициялар;

-         материалдық емес активтерге инвестициялар.

     Табиғи активтерге- өндірістік ғимараттар мен құрылымдар мен жабдықтар және өндіріс процесінде қолданылатын басқа да мүліктер жатады.

     Ақша активтеріне – басқа да жеке және заңды тұлғалардан ақша қаражатын алуға болатын құқық жатады. Мысалы, банкіде – депозиттер, облигациялар, акциялар, несиелер, т.б.

     Материалдық емес активтерге- фирмалардың жұмысшыларының  қайта жеке оқыту және біліктіліктерін жоғарлату арқылы, сауда белгілерін жасау, патенттер мен лицензия алу, өнеркәсіп үлгілерінің куәлінін алу, өнімге сертификат алу, жерді қолдануға құқық алу  арқылы алынған құндылықтар жатады.

     Нақты активтерге байланысты инвестициялар мынандай топтарға бөлінеді:

- тиімділікті арттыруға бағытталған инвестициялар.

      Олардың  негізгі мақсаттары – жабдықтарды ауыстыру, персоналды оқыту және өндіріс қуаттарын өндірістің тиімді жағдайы бар аймақтарға қарай ауыстыру арқылы фирманың шығындарын азайтуға жағдай жасау.

-         өндірісті кеңейтуге бағытталған инвестициялар.

Негізгі мақсаты - өндіріс орындарының нарыққа тауар шығару қабілеттілігін кеңейту.

-         жаңа өндіріс орындарын ашуға бағытталған инвестициялар .Жаңа өнімдер, тауарлар шығара алатын жаңа кәсіпорындар салуға бағытталады.

-         Мемлекеттік басқару ұйымдарының талаптарын орындауға бағытталған инвестициялар.

Бұл инвестициялар кәсіпорындардың, мем лекеттік ұйымдардың экологиялық стандарттар, өнімнің қауіпсіздігі және басқа да жағдайларға байланысты талаптарын орындауға мәжбүр болған жағдайында қолданылады. Жоғарыда аталған инвестициялардың бұл топтары тәуекелшілдік деңгейімен байланысты. Инвестицияның түрлері мен тәуекелшілдік деңгейі төменгі кестеде көрсетілген :

      Кәсіпорынның өндірістік- шаруашылық іс- әрекетінің маңызды бір бөлігі өзінің өндірістік – экономикалық потенциалын сақтау және әрі қарай дамыту. Кәсіпорынның бұл саладағы іс- әрекеті инвестициалық іс- әрекет деп аталады. Қазақстан Республикасының «Нақты инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы»  заңы бойынша инвестициялық іс- әрекетке инвестицияларды атқаруға байланысты кәсіпкерлік іс- әрекет жатады.

Инвестицияның анықтамасы ғылыми әдебиеттерде сан алуан. “Жекешелендіру және инвестициялық еңбектерінің жиынтығы” жұмысының авторлары инвестицияны әртүрлі (материалдық және материалдық емес) активтерге бухгалтерлік болаттың сол жағына қарсы ресурстарын салу ретінде қарайды. “Инвестицияның -қаржылық жинағы” кітабында инвестиция деп ұлғаймалы ұдайы өндіріске жұмсалған ақша қаржысын, яғни күрделі қаржыны ұлғайтуды айтады.

    Дүние-жүзінде қолданып жүрген заңдарға сәйкес инвестицияға кең көлемдегі сөз түсінігі ретінде материалдық инвестиция және басқа да құнды заттардың табыс табу үшін ақыл-ой еңбегін қосқанда кәсіпкерлік және басқа да құралдармен қызмет түрлері жатады. Біздің ойымызша инвестицияны анықтауды оның мәнінің сипаттамасы ғана емес сонымен қатар оның бағытының мақсатында қарастыру керек.

       Сонымен инвестицияға мыналар жатады: ақшалай қаржылар, мақсатты банктар салымдар, пайлар, акция, облигация және басқа да бағалы қағаздар қозғалатын және қозғалмайтын мүліктер, технологиялар, машиналық тауар белгілері, пайдалануға, табиғат байлықтарына, бағалы ой еңбегіне, авторлық құқыққа т.б.

Страницы:12345следующая →
Описание работы
Бүгінгі таңда нарықтық қатынастарға бейімделген Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы үшін мемлекеттік инвестициялық саясатты қалыптастыру мен дамыту экономикалық реформалардың негізі болуы тиіс.
Содержание
Кіріспе......................................................................................................................3



1 Инвестицияның түсінігі және инвестициялық портфель

1.1 Инвестиция түсінігі және оның түрлері..........................................................4

1.2 Инвестициялық портфель мәні және маңызы.................................................9



2 Кәсіпорынның инвестициялық портфелін талдау( ТЕҢІЗШЕВРОЙЛ ЖШС мысал ретінде)

2.1 Кәсіпорынның инвестициялық қызметін бағалау........................................18

2.2 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығына сипаттама.....................22



3 ҚР инвестициялық қызметті жетілдіру бағыттары

3.1 Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің даму жолдары.........................27

3.2 Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу әдістерін жетілдіру............29



Қорытынды .........................................................................................................32

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................34

Қосымшалар