Алеуметтану тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2012 в 17:43, реферат

Описание работы

Әлеуметтану ғылыми білімнің дара саласы ретінде біршама кеш қалыптасты. Оның негізін 19 ғасырдың екінші жартысында Огюст Конт пен Герберт Спенсер қалады. «Әлеуметтану» түсінігі алғаш рет француз философы әрі социологы О.Контпен қолданылды. Қоғам мен әлеуметтік өмір жөнінде ғылым ретінде түсіндірілді. Әлеуметтану пәнінің қалыптасауы мен дамуы әлеуметтік қатынастардың өз аспектісінде қарастыратын, көптеген жаңа әлеуметтік концепциялардың пайда болуы арқылы жүзеге асты.

Работа содержит 1 файл

оздик жумыс 4.doc

— 420.00 Кб (Скачать)

        үшін жеткілікті  болуы қажет.

     Нақты қоғамның әлеуметтік құрылымы әрқашан эволюция нәтижесінде пайда болған, әртүрлі әлеуметтік рөльдермен, позициялармен ерекшеленетін стратификациялық жүйе болып табылады. Бұл жүйе еңбек бөлінісі мен осы қоғамдағы құндылықтар мен мәдени стандарттар жүйесімен анықталады.

     Әлеуметтік  стратификация теориясында реттелген белгілер (критерийлер) болады. Мұнда олардың әрқайсысының әлеуметтік маңызы ескеріледі. Оның қатарына жеке меншік формасы, табыс мөлшері, билік көлемі, бедел, ұлттық белгілер, білім, мәдениет түрлері және т.б. кіреді.

     Әрбір қасиеттің маңызы өзгеріп отырады. Осылайша, стратификация келесі түрде болады:

     1) белгілер жүйесі;

     2) нақты қоғамның әлеуметтік құрлымы;

     3) топтардың көлденең және тік орын ауыстыруы. Элементтердің көлденең тізілуі бізге көптеген критерийлер береді – ұлттық, кәсіптік, білімдік, мәдени, тік – жеке меншік қарым-қатынасы, табыс мөлшері, престижді көрсетеді.

     Стратификация – бұл тиісті қабаттарды бөлу тәсілі ретінде де, қоғамның бейнесі ретінде де болады. Белгілі топтардың ажырату әдісі ретінде және қоғамның көрінісі болады.

     Стратификация – бұл жағдай мен  үрдістер, мұнда индивидтер, жанұялар бір-біріне тең емес қатынаста болады және бедел, меншік, билік, мамандық пен мәдениет туралы өз көзқарастары бар иерархиялы құралған страталарға топтасады.

     Стратификация тек адамдардың, топтардың, қоғамдағы қабаттардың  әртүрлі жағдайын ғана бейнелеп қана қоймайды, сондай-ақ, олардың тең емес күйін бейнелейді.

     Стратификацияның  әлеуметтік теориясы қоғамды әлеуметтік топтарға, қабаттарға бөлудің бірнеше  критерийлерін алға қоя отырып, әлеуметтік мобильділік немесе әлеуметтік қозғалыс теориясының қалыптасуына методологиялық негіз  болып саналады.

     Әлеуметтік  мобильділік – қоғамның әлеуметтік құрылымындағы индивидтің немесе топтың алатын статусын, орнын өзгертуі. Бұл термин социологияға 1927 жылы П. А. Сорокинмен енгізілген болатын.

     Стратификация Сорокин бойынша  – бұл белгілі  бір адамдар жиынтығының (халық) иерархиялық рангтегі кластарға жіктелуі. Бұл төменгі және жоғарғы қабаттардың болуымен сипатталады. Ол стратификацияның 3 түрін бөледі: экономикалық, саяси, кәсіби.

     Әртүрлі елдерде осы проблемаға көптеген социологиялық  зерттеулер арналады. Әлеуметтік мобильділік  қоғамның ашықтығы дәрежесін, оның демократиялылығын, индивидтер мен буындарға белгілі бір қоғам төменгі категориядан жоғары жылжуына қаншалықты мүмкіндік беретіндігін, қоғамның басшы элитасы қандай жолмен қалыптасатындығын, басқа топтардан басшы элитаға өту мүмкіндігін адамдар білгісі келеді.

     Стратификацияда кластар ерекше және маңызды орын алады. Біздің әдебиеттердегі батыс қоғамның ғылыми кластық дифференциациясын жоққа шығаратын тұжырымдардың негізі жоқ. Социология туралы шетел оқулықтарында осы тұжырым кездеспейтін бөлім жоқ деуге болады. М.Вебердің ойынша, стратификацияны құру үшін топтың әлеуметтік мәселелері маңызды болып табылады. .

     Әлеуметтік  топ – бұл экономикалық, саяси және кәсіби статустарға, позицияларға ие адамдар қауымдастығы.

     Біз класс әлеуметтік құрылымның бөлшегі болатындығын негізге аламыз. Себебі, ол экономикалық, саяси, идеологиялық қатынастардың тұрақты тасылмалдаушысы болып келеді. Кластың құрылуы – күрделі тарихи процесс, қоғамдық қабаттарға бөлінудің нәтижесі.

     Әлеуметтік  қабаттар бұл тұрғыдан белгілі бір жеке мүдделер негізіндегі адамдарды біріктіретін әлеуметтік қауымдастықтарды білдіреді.

     Мүдделер  – бұл тұлғалардың, топтардың және басқа  да қауымдастықтардың  әлеуметтік жүйедегі әлеуметтік жағдайын белгілейтін және олар өз әрекеттерінде негізге алатын нақты өмірлік ұмтылыстары. Әлеуметтік мүдделер арқылы белгілі бір әлеуметтік қауымдастықтар өкілдерінің өзекті қажеттіліктерінің жалпыланған көрінісі бейнеленеді. Мүдделерді ұғыну қоғамда тұрақты жүзеге асатын әлеуметтік салыстыру процесі, яғни әртүрлі әлеуметтік топтардың өмірлік жағдайларын салыстыру нәтижесінде болады.

     Әлеуметтік  өмірде маңызды орынды әлеуметтік өзара  қатынас алады  – бұл бір-біріне бағытталған, партнері тарапынан анық (күтілетін) реакцияны туғызуға бағытталған және осы реакция жауап ретінде басқа реакцияны туғызатын партнерлардың жүйелі, тұрақты әлеуметтік әрекеті.

     Әрбір әлеуметтік қайраткер  өз қажеттіліктерін  қанағаттандыруға талпынады. Дж.Хоманс өзінің әлеуметтік алмасу теориясында  әрбір қайраткер  әлеуметтік өзара  әрекет барысында марапаттауды (материалдық та, моральдық та – қолдау, келісу, мақұлдау) максимизациялауға және шығынды минимизациялауға ұмтылатындығын атап көрсетеді. Өзара марапаттау тұрақтылық тенденцияны танытады, сақталады. Осы тұрғыдан өзара күту пайда болады.

     Әлеуметтік  жанжал – бұл түрлі  әлеуметтік топтардың  өз қажеттіліктерін  қамтамасыз етуге  талпыну, сәйкес келмейтін  және тіпті қарама-қайшы  мүдделерді жүзеге асыру  жолындағы қақтығыстар. Жанжалдарды шешу жолдары: қақтығысты шешудің сырттай  белгісі болып, оның аяқталуы табылады (уақытша тоқтату емес). Бұл дегеніміз қақтығысушы жақтар арасында жанжалдық өзара әрекет аяқталады. Алайда әлеуметтік қақтығыстың түбірлі шешілуі қақтығыстық жағдайдың өзгеруі кезінде ғана жүзеге асады. Атап айтқанда тиімді болып қақтығыс себебін жою табылады – қарсыластардың бір-біріне деген көзқарасын өзгерту. Сондай-ақ, әлеуметтік қақтығысты бір жақтың талаптарын өзгертуі арқылы шешуге болады: қарсыластың бірі өз мінез-құлқының мақсатын өзгертеді.

     Қазіргі Қазақстан қоғамындағы әлеуметтік құрылымның дамуы кездейсоқтылығымен, анықсыздығымен, аморфтілігімен сипатталады. Алғы шетке меншіктік және әлеуметтік теңсіздік мәселесі қойылады. Ол кластық қарама-қайшылық және қақтығыстармен сипатталады.

     Экономиканың  тұрақтануы және экономикалық заңдылықтар еркіндігін заңдастыру, әлемдік нарыққа өту негізгі әлеуметтік қауымдастар арасындағы қатынастар құрамы мен сипатына маңызды өзгерістер әкеледі. Қазіргі қоғамның негізгі сипаттамасы болып оның әлеуметтік поляризациясы, кедейлер мен байларға бөлінуі табылады.

     Дәстүрлі  әлеуметтік топтардың  жойылуы, меншік, табыс, билік құрылымына ену, перспектива  сезімі, топтық әлеуметтік мобильділік формаларына  байланысты жаңа топшылык интеграция жүріп  жатыр. Жаңа әлеуметтік құрылымды қалыптастыру үрдісі үш жол бойынша жүргізілуде:

     Жеке  меншік формаларының плюрализациясы негізінде  жаңа әлеуметтік қауымдастықтардың  қалыптасуы;

     Мемлекеттік меншік формаларының трансформациясы  және дәстүрлі кластық-топтық қауымдастықтардың  жағдайының, шекараларының, сандық-сапалық сипаттамаларының өзгеруі мен шекаралық, маргианалдық қабаттардың қалыптасуы;

     Әртүрлі жеке меншік формаларының өзара қатынасы негізінде  қабаттар мен страталардың қалыптасуы.

     Қазір жаңа қабаттар өзінің құрамы, іс-әрекет түрлері, даму перспективасы  тұрғысынан әртүрлі. Олардың болашақтағы дамуы, мінез-құлқы, өмір сүру салты меншіктің жаңа формаларын заңдастыруға байланысты болады. 
 

    6  Қоғамның әлеуметтік- демографиялық  құрылымы

            

     Қоғамның  әлеуметтік құрылымында  елеулі орнын әлеуметтік-демографиялық  «өлшемдер» алады, оған келесі  тұрғындар құрылымы жатады:  жыныс-жастық,  отбасылық және генетикалық.  Бұл құрылымдар  бөлек территория бойынша,  тұрғындардың қалыптасуы мен ұдайы өсу үрдісінің  нәтижесі мен  шарттары болып табылады.  Әлеуметтік-демографиялық құрылым бұл - туу, өлу, некелесу,  ажырасу, қала мен ауыл мекендері арасындағы  тұрғындардың миграциялық алмасу сияқты құбылыстардың  статистикалық параметрлері болып белгіленеді. 

     Белгіленген құрылымның әрқайсысы  тұрғындарды келесі  белгілер бойынша  құрамын сипаттайды: жынысы, жасы,  отбасы жағдайы,  туған жері,  белгілі  жерде   тұру уақыты. Тұрғындардың  құрамын және оның өзгеру заңдылықтарын зерттеп білудің маңызы өте зор. Ол ең алдымен қоғамның келешегін білу үшін, экономикалық-әлеуметтік жоспар құрып, салуатты саясат жүргізу үшін қажет. Тұрғындардың  даму келешегін  алдын ала  көре білу, демографиялық болжам жасау - әрқашан да ғылымның  алдында тұрған маңызды міндеттерінің бірі. Әсіресе ол қазіргі  адамзат қоғамы өзінің даму жолын өзі айқындап  алуына ұмтылып отырғанда өте қажет.  Демографиялық үрдістердің заңдылықтарын мен айғақтарын білу сындарлы демографиялық саясат жүргізуге – көп балалы отбасыларға көмек көрсету жолдарын, адамдардың денсаулығын сақтау, тұрғын үйлер салу,  тұрғындарды азықпен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге көмек көрсете алады.

     Тұрғындардың  жыныстық-жастық құрылымы -  екі «өлшемнің» қосындысын айқындайды: бірінші  жағдайда қандай да бір  территорияда (ел, район) немесе  ұжым құрамында (ең алдымен  еңбек)  еркек пен  әйелдер арасындағы арақатынас, екіншіде - әртүрлі жас адамдарының  арасындағы арақатынас.

     Бұл құрылымдар  кейде  биологиялық  ретінде  белгіленеді.  Шынында  да, бұл айырмашылықтар  биологиялық негізге  тіреледі.  Бірақ,  адамдар жиынтығының  жасы мен жынысы бойынша  орнығуы  әлеуметтік дамудың  бір салалары.  Әлеуметтік шарттар мен себептерден  әлем елдері  тұрғындарында әйелдердің басым болып келуі тәуелді. Сондай-ақ,  әртүрлі елдер мен әртүрлі кезеңдерде  олардың арақатынасы әртүрлі болып  келеді.

     Жыныстық-жастық құрылымды белгілі бір белгі бойынша  (жынысы немесе жасы), немесе  екі белгі бойынша талдауға болады.

     Үлкен қызығушылық  тұрғындардың үш топқа  ажыратылуы  белгіленеді: 0-14 жас (балалар), 15-49 жас (жас және орта жастағы), 50 жас және одан  жоғары (ересек).

     Осы топтар арасындағы арақатынас  тұрғындардың  жыныстық, жастық құрылымының түрін сипаттайды. Неғұрлым құрылым прогрессивті, соғұрлым  онда даму мүмкіндігі  жоғары, еңбек потенциалының дамуы тұрақты болып келеді.

     Тұрғындар санының белгілі  өсімі  мен оның прогрессивті өзгерісі негізіндегі жыныстық-жастық құрылым,  елдің әлеуметтік дамуының, еңбек және демографиялық  потенциалының  маңызды сипаттамасын айқындайды.

     Тұрғындардың  отбасылық құрылымы - келесі көрсеткіштер: саны, көлемі,  отбасы құрамы,  бөлек  мүшелерінің өзара қатынасы негізінде сипаттайды және  ұдайы өндіріс, миграция,  тұрғындардың өмір деңгейі мен тұрмысы,  жастардың әлеуметтенуі мен үлкендердің зейнетке өтуін, тұрғындардың әлеуметтік, этникалық, ұлттық құрылымын сипаттау мен зерттеуде кең қолданылады.

     Тұрғындардың  отбасылық құрылымын  талдауда, отбасы некеден, туысқандықтан, ата-ана  мен балалар арасындағы  қатынастардан туындайтын  құқықтарымен және міндеттерімен  байланысқан адамдар  тобы  болып белгіленеді.

     Отбасы  – қоғамның тірегі, оның алғашқы ұяшығы. Адам өмірінің  мәні алдымен оның отбасының  болуы немесе  болмауымен  өлшенеді. Отбасының бірнеше түрі болады. Ата-анасы және  балалары бар  отбасы толық деп аталады.  Ата-анасының біреуі ғана  бар болса, ол толық емес отбасына жатады. Ата-анасына мен балаларынан  басқа туысқандары қосылып өмір сүріп жатқан  отбасын күрделі отбасы деп атайды.

     Тұрғындардың  отбасы құрылымымен  неке жағдайы тығыз  байланысты. Неке  - отбасын құру мақсатын көздеген ер мен әйелдің   тең одағы. Некеге  отырған ерлі-зайыптылар  бір-бірінің алдында  белгілі құқықтырға ие болады және  міндеттер орындайды. Неке міндетті түрде тіркелуі керек. Тек тіркелген некеде тұрғандардың ғана әрекеттерінің заңды салалары болады.  Отбасының  түрлі тұптары бар. Олардың ішінде қазіргі замандық қоғамда кең таралғаны кіндік отбасы ата-аналардан  және олардың балаларынан  тұрады. Кіндік отбасының   екі нұсқасы болуы мүмкін: балалы және  баласыз,  ерлі-зайыптылардан ғана тұратын отбасылар. Кеңейтілген отбасы ерлі-зайыптылармен, олардың  балаларымен қоса, өзге туысқандарын да біріктіреді.  Мұндай кіндік  отбасымен  ата мен әже немесе үйленген  ересек  балаларымен немесе аға-жеңге, апа-жезде балаларымен бірігіп өмір сүруі мүмкін.

     Жыныстық  байланыстарына қарай  отбасылар негізінен  моногамды және полигамды  болып бөлінеді. Бір әйел мен  еркектің некелік одағы моногамды отбасы делінеді. Бұл некелік формалардың ішінде кең таралған түрі.

Информация о работе Алеуметтану тарихы