Алеуметтану тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2012 в 17:43, реферат

Описание работы

Әлеуметтану ғылыми білімнің дара саласы ретінде біршама кеш қалыптасты. Оның негізін 19 ғасырдың екінші жартысында Огюст Конт пен Герберт Спенсер қалады. «Әлеуметтану» түсінігі алғаш рет француз философы әрі социологы О.Контпен қолданылды. Қоғам мен әлеуметтік өмір жөнінде ғылым ретінде түсіндірілді. Әлеуметтану пәнінің қалыптасауы мен дамуы әлеуметтік қатынастардың өз аспектісінде қарастыратын, көптеген жаңа әлеуметтік концепциялардың пайда болуы арқылы жүзеге асты.

Работа содержит 1 файл

оздик жумыс 4.doc

— 420.00 Кб (Скачать)

     Қазіргі әлеуметтену концепциясы  француз социлогы Г.Тардтың шығармаларынан бастау алады. Оның теориясының негізі - адамдар қарым-қатынасының түбірі еліктеу қағидасы болып табылады. Ал оқытушы – оқушы қарым-қатынасын ол типті әлеуметтік қатынас деп атады. Американ социологы Т.Парсонс индивидтің көпшілік мақұлдаған беделді адамдармен араласу процесіне әлеуметтік жүйенің интеграциялануының ережелерін түсіндіретін әлеуметтік теорияны жасап шығарды. Оның ойынша, жанұя мен білімді қоса алғанда әлеуметтену институттары әлеуметтік құрылысты тудыру қызметін атқарады.

     Әлеуметтену процесінің бір маңызды ерекшелігі – бұл әлеуметтенудің тек балалық шақпен жастық шақта ғана қалыптасуы, оның жаңа статустар мен рөльдерді және қажетті әлеуметтік касиеттерді есейген адамның бүкіл өмір бойы игеруі.

     Әлеуметтену процесінің екінші маңызды  ерекшелігі – бұл  жеке адамның әдейі (мысалы, тәрбие институттары арқылы) не әдейі емес, жасырын (латентті) әлеуметтенуі. Бірінші жағдайда адам қиындықтармен қақтығыса отырып, белгілі бір әлеуметтік рөльге тікелей енеді. Екінші жағдайда әлеуметтік құндылықтар жүйесінің нақты қызметі жеке адамның қалыптасуына әдейі болмаса да шешуші әсер беретіні меңзеледі.

     Үшіншіден, әлеуметтену процесі  – бұл жеке адамның  өз индивидуальдығын, өзінді дара нақты  келбетін табуы екенін айрықша атап көрсету  керек. Ендеше, әлеуметтену  процесі пассивті бейімделуден бөлек, жеке адамның әлеуметтік жағдайларға көнуінің, оның белгілі бір стандартты айырмашылықтарға ие болуының емес, сыртқы (әлеуметтік) және ішкі (биогенетикалық және рухани) факторлар ықпалымен және жеке адамның өзіндік белсенділігі қызметінің нәтижесі.

     Әлеуметтік  шындыққа бейімделу, икемделу бұл әлеуметтенудің мақсаты болып  табылады, себебі, бұл  қоғамның функциялануының  міндетті шарты. Бірақ  мұнда әдеттегі әлеуметтену  процесінен тыс, жеке адамның қоғамдық қатынастар жүйесіндегі  орнымен, оның әлеуметтік белсенділігімен байланысты шектен шығушылық болады. Бұл шектен шығушылық бейімделудің жағымсыз түрі болып табылады. Олардың бірі конформизм (лат.conformism - ұқсас, тәрізді) деп аталады. Конформизм - өз позициясының жоқтығымен, белгілі бір үлгіге ерумен, беделге бағынумен сипатталады. Конформизмнің әлеуметтік сипаттамасы – бұл конформды саналы адамның әр түрлі өмірлік жағдайда өзін ақтау мақсаты мен қателіктерін мойындамай түгелін жағдай ағымына жабуы.  

     Ал  енді жеке адамның  әлеуметтенуінің механизмі әлеуметтік бақылауға тоқталайық. Бұл терминді ғылымға енгізген француз социлогы Г.Тард. Басында ғылым оны қылмыскерді қоғамдық қызметке қайтару құралы ретінде қарастырған. Кейіннен, бұл  терминнің мәнін кеңірек қарастырып, Г.Тард әлеуметтік бақылауды жеке адамның әлеуметтенуінің бір факторы деп қарады. Г.Тард көзқарасының ықпалымен американ социологы әлеуметтік тәртіпті орнату мақсатымен қоғамның индивидке мақсатты түрде әсер етуі және индивидттің мәдениетті игеруі мен оны ұрпақтан – ұрпаққа тапсыру үрдісін қамтамасыз ететін құрал ретінде, әлеуметтік күш пен адамзат табиғаты арасындағы белгілі бір қатынасты үйлестіруші деп түсінді.

     Әлеуметтік  бақылау - бұл нормативті жөнге келтіру  арқылы құрамындағы  элементтердің қатынасын, әлеуметтік жүйелерді  реттеуші құрал. Әлеуметтік бақылау жүйесін тұрақтандыру функциясы - әлеуметтік қатынастардын, әлеуметтік (топтық, кластық, мемлекеттік) құрылыстардын үстем типтерін тудыру болып табылады. Әлеуметтік бақылау жүйесінің мақсатты қызметі, оның бағыттылығы және маныздылығы берілген әлеуметтік жүйенің, ондағы бір-бірін ауыстыратын қоғам типтерінің тарихи дамудағы тарихи – шартты, әлеуметтік – экономикалық, әлеуметтік – саяси, әлеуметтік – құқықтық сипатына байланысты.

     Әлеуметтік  бақылау – бүкіл  әлеуметтік институттар: саясат, білім, мәдениет, мораль бағытындағы индивидтердің әлеуметтік тәртібін реттейді.

     Әлеуметтік  бақылау механизмі  – қоғамның әр түрлі  санкциялар арқылы (қоғамдық көзқарас әсерінен репрессияға  дейін) әлеуметтік топтар көмегімен жеке адамның  белгілі бір рөльдің нормаларға сәйкес әлеуметтік рөльді орындауын қадағалаумен жүзеге асады.

     Әлеуметтік  іс-әрекет пен жеке адамның мінез-құлқының механизмдері.

     Әлеуметтік  іс-әрекет, жеке адам мінез–құлқы социологиясының  мәні адамның қоршаған ортаға деген реакциясын емес, басқа адамдардың қажеттіліктері, қызығушылықтары және әрекеттерін және қоғамдағы әлеуметтік нормаларды ескере отырып, саналы түрде жасалған мақсатты әрекеттерді бақылайды. Адамның ыстық шәйнекке тигендегі немесе екі асығыс адамның кенеттен соқтығысуына деген инстинктті реакция әлеуметтік әрекетке жатпайды. Ал басқа адамдармен қарым-қатынас және жеке адамның еңбек қызметі, оның әлеуметтік институттар арқылы қажеттіліктерін өтеуі - бұл әлеуметтік іс-әрекет түрлері.

     Әлеуметтік  іс-әрекет адамның  әлеуметтік ортамен қатынасын, оның қажеттіліктерді өтеу мақсатымен қоғамдық қатынасты белсенді қолдану немесе өзгерту үрдісін сипаттайды.

     Мотиві  бар және әлеуметтік статусқа реакциясы  бар жеке адамның  өз қылықтарының және басқа әлеуметтік әрекеттерінің жинағы адамның мінез-құлқын құрайды. Жеке адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетінің объективті негізі болып оның қажеттіліктері мен қызығушылықтары табылады.

     Қажеттіліктер адамның сыртқы әлемге, әлеуметтік ортаға деген  тәуелділігін көрсетеді. Қажеттіліктер екі  түрлі болады: табиғи және әлеуметтік (қоғаммен құрылған).

     Қажеттіліктер өмір сүру жағдайын сипаттайды. Өмір жағдайларына қанағаттанбаушылық өмір жағдайларын  қолда бар мүмкіндіктер және еңбек арқылы, әлеуметтік институттар  арқылы өзгертуге  тырысатын адамның  іс-әрекетінің сипаттамасына айналады. Мүмкіндіктеріне қарай индивид мақсатты түрде белгілі бір әлеуметтік жүйедегі белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыру мақсатымен әрекет етеді. Енді осы кезде жеке адамның мүдделері, оның мәні көрініс табады. Мүдде ретінде, ең алдымен, адамның қоғамдағы орны, екіншіден, оның басқа адамдар қызметіне тәуелділігінің сипаттамасы, үшіншіден орнаған әлеуметтік қатынастардан туындаған қажеттіліктерді қанағаттандыру жолдары және тәсілдері көрінеді. Адам нақты әрекетке кірісу үшін қажеттіліктер мен мүдделерді ішкі қозғаушы мотивтерін тануы керек. Мотивтер - әрекетке ішкі нақты қозғаушы, белгілі бір жағдайда адам мінез-құлқын сипаттаушы. Мотивтер – белгілі бір игіліктерді немесе тілектерді, қызмет жағдайларын орындаудағы объективті қажеттіліктерінің және мүдделердің адам санасындағы көрінісі. Мотивтер, индивидтердің белсенділігінің ішкі қозғаушысы. Олардың сыртқы қозғаушы күші – стимулдардан адамға сыртқы жағдайлардың объективті әсерімен ерекшеленеді. Стимул жеке адам қызметінің себебіне айналуы мүмкін, егер де ол объект пен субъект қажеттіліктеріне жауап беретін субъективті құндылық болып табылса.

     Құндылықты  бағыттар жеке адамның  әлуметтік ұстанымы бола отырып, оның мінез-құлқын реттейді. Әлуметтік  ұстамдар – бұл  жеке адамның әлуметтік  белгілі әрекеті нысанына сәйкес әрекет етуі. Құндылықтық бағыттар жоғары деңгейдегі әлуметтік ұстанымдар бола отырып, жеке адамның өмір сүру жағдайымен, құндылықтарымен, индивдтің жеке әлуметтік объектке және жағдайға деген ұстанамдарымен, жеке іс-әрекеттің реттейтіндігімен ерекшеленеді. Құндылықты бағыттар жеке адамның негізгі әлуметтік мүдделерін көздеп, оның қызметінің стратегиялық бағытын анықтайды. Құндылықты бағыттар индивидтің өмірлік позициясы, оның көзқарасы, адамгершілік қағидалары түрінде болады.

     Адамға жеке адам қызметін атқару бір жағынан аурытпалық туғызса, екінші жағынан – бұл бақыт. Ауртпалық болады, себебі, әлеуметтік қызметтерді орындау оңай емес. Мысалға, жауапкершілік қызметін алайық. Қайсібір әлуметтік қауымдастықтың мүшесі бола тұрып жеке адамның бұл функцияны орындамауы мүмкін емес. Ол дегеніміз, индивидтің арасында байланыс орнату, және екі жақты міндеттер қабылдау. Басқаға деген жауапкершілігі бар жеке адам қауымдастықтың өзіне де осы талапты қоюға құқылы. Бірақ жауапты болу адамның көптеген қоғамдық міндеттерді орындауында талап етеді. Соның нәтижесінде өз қызметін, қажеттіліктерін және мүдделерін шектеу.талаптарына сай болуға мәжбүр.

     8 Еңбек социологиясы 

     Еңбек социологиясы – еңбекті  әлуметтік процесс, әлуметтік еңбектің қарқындылығын арттыру факторлары, техника және технологиялық, қызметтің, жағдайлардың,  адамның еңбекке деген көзқарасына әсері түріндегі еңбектің мәселелерді зерттейтін әлеуметтанудың бір саласы. Еңбек социологиясының үш басты аспектісін бөліп көрсетуге болады.

     Біріншіден, еңбек социологиясы – бұл адамдардың еңбек құралдарымен және заттарымен өзара әрекеттестік заңдылықтары және сол заңдылықтардың еңбек ұжымдарында және жеке адам қызметіндегі әрекеті және көріну белгілері. Мұнда адамның ұжымның жаңа технологиялық үрдістерінің даму жағдайындағы және экстремалды еңбек жағдайындағы (шахтерлар, атомдық электростанциялар және тағы да басқа жұмысшылар) қызметімен байланысты мәселелер жиынтығы талданған.

     Екіншіден, еңбек социологиясы – бұл адамның  және ұжымның еңбекке, оның сипатына, мәніне, жағдайына деген көзқарас жиынтығы. Мұнда адамның және ұжымның еңбекке байланысының материалдық мүддесі, еңбектің мәні, еңбектің бүтіндей мағынасының себептері талданады.

     Үшіншіден, еңбек социологиясы – кәсіпорын, ұжымның  әлеуметтік ұйымы, яғни позициялар, рөльдер, құндылық және ұжымдағы жұмысшылар арасындағы байланыс жиынтығын тудырушы ерекше қатынастар жүйесі. Мұнда еңбек социологиясының зерттеу саласына әртүрлі еңбек құрылымына байланысты, оның функцияларына байланысты (ұжымның әлуметтік-психологиялық мәселелеріне, ондағы қақтығыстар, ұжымдағы басқару тәсілдері, басқарушылар мен лидерлер арсындағы қатынас және т. б.) мәселелер кіреді. 

     8.1 Еңбек социологиясының  категориялары

     Еңбек социологиясының  басты категориялары  мыналар: еңбектің мәні, еңбектің сипаты, еңбек жағдайлары, еңбекті ұйымдастыру, еңбек түрлері, еңбектің қызметтік-себептіптік құрылымы, қызметке қатынас т. б.

       Еңбектің мазмұны  – бұл өндіруші  қызметі саласымен  жасалған еңбек  операциясының түрлері,  мүмкіншілік және  өндірістік процесс үстіндегі шешім қабылдаудағы жаңалық деңгейіне байланысты бөлуді ескеретін еңбектің сипаты.

     Еңбек категориясы жұмысшылардың  әртүрлі еңбектік қызметтерге (физикалық немесе ой еңбегі, аграрлы немесе индустриалды, ұйымдастырушы не атқарушы, жай немесе күрделі) бекітілуін көрсетеді.

     Еңбек жағдайлары әлуметтік-экономикалық, гигиеналық, ұйымдастырушылық жағдайларды қамтиды.

     Еңбекке қатынас (көзқарас) - бұл индивидттің еңбек заттары, құралдары, өнімдерімен және өндіруші ортамен байланысының сипаты. Еңбекке қатынас индивидтің қоғаммен негізгі байланысын көрсетеді және еңбектің қоғаммен бағалануы (бедел, әлуметтік статус) арқылы көрінеді. 

     8.2 Еңбек қызметтің  себептері

     Адамның өндірістегі қызметінде басты рөльді еңбектің белсенділігінің  стимулдары мен себептері  атқарады. Стимулдар – объективті факторлардың әсерінен пайда болатын саналы қозғаушы күш. Ол бір жағынан адамның белсенділігін анықтайтын көптеген факторларды қамтыса, екінші жағынан, әр түрлі адамдарға әрқилы әсер етеді.

     Қазіргі әлеуметтанушылардың  бірі Ф.Херцбергтің ойынша, батыс әлуметтануы жұмысшылардың мінез-құлқын өндірістік реттеуге бағытталған және ол осындай зерттеудің үш ең манызды тәсілін талдады.

     Бірінші тәсіл.

     CC ғасырдың басында Ф. Тейлор теориясының негізінде американ инженерлері жасап шығарған ғылыми менеджмент. Оның теориясы бойынша еңбектің қарқындылығы өндірістік тапсырманы күрделі еңбек дағдыларын қажет етпейтін кәдімгі операциялармен ұштастырған кезде артады. Бірліктік келісімді прогрессивті сыйақы төлеу жүйесі, тіпті, қарт және міндетіне жауапсыз қарайтын адамдардың да еңбек қарқындылығының жоғарлануына себеп болды. Қозғалысты экономдау және еңбек функцияларын ықшамдау мақсатымен мұқият инструктаж, сағаттық төлем және бонус жүйесі, құрастырмалы конвейер, т.б. арқылы еңбек операцияларын хронометрлеу - бұның бәрі өндірістің ғылыми ұйымдастырылуы. Жұмысшылардың өндірістегі тәртібін реттеудің екінші амалының бастауы CC ғасырдың 20–30 жылдарында американдық ғалым Э. Мэйоның белгілі хоторндық тәжірибелерінде көрсетілген. Өндіріс қарқындылығын жоғарылатуға әсер ететін әр түрлі факторларды зерттей отырып, Э. Мэйо адамдың және топтың факторлар рөлін көрсетеді. Бұл амал адамдар қатынасының менеджменті деп аталады. Қазіргі жағдайда ол еңбектің маңызды мәселелерін тәжірибе түрінде өңдеп, зерттейді.

     Жұмысшылардың өндірістік тәртібін реттеудің үшінші амалы американ ғалымы Б. Скиннер есімімен байланысты және жағдайлық менеджмент деп аталады. Мұнда материалды, әлуметтік қозғаушы факторлары қолданылады. Еңбек үшін марапаттау еңбек үрдісіндегі белгілі бір мақсатқа жетуге байланысты, ал менеджердің басты міндеті жұмысшылар қызметінің нәтижесін бағалау және материалдың және моральдік стимулдарды мөлшерлеу болады. Еңбек себептерінің қазіргі әлеуметтік концепцияларында А.Маслоу, Ф.Херцберг және т.б. еңбек мотивтері теориялық ережелері, концепциялары пайдаланылады. Американ психологы және социологының еңбек мотивтері теориясы адам қажеттіліктерін анықтайды. Адам қажеттіліктерін класификациялай отырып, А. Маслоу оларды базистік (тамақтану, қаупсіздік және т. б. қажеттіліктер) және туынды немесе мета–қажеттіліктер иерархиясы принципі бойынша өсу ретімен төменнен жоғарыға, яғни материалдықтан руханиға қарай орналастырады: біріншіден, физиологиялық және жыныстық қажеттіліктер – дүниеге адам әкелу, ас, тұрақ, демалыс т.б.; екіншіден, экзестенционалды қажеттіліктер - өз өмірінің қауіпсіздігінің, ертеңгі күнге сенімділіктің, өмір жағдайларының және қызметінің тұрақтылығының қажеттілігі, ал еңбек саласында – кепілді жұмыс бастылық, қайғылы оқиғалардан қамсыздану және т. б.; үшіншіден, әлеуметтік қажеттіліктер – құштарлық, ұжым қатарында болу, қарым-қатынас, біреуге қамқор болу, өзіне деген ықылас, еңбекке қатысу; төртіншіден, беделді қажеттіліктер – беделді адамдардың сыйластығы, қызмет сатысында өсу, бедел, қадір және жоғары баға;бесіншіден, рухани қажеттіліктер – шығармашылық арқылы өз ойын білдіру. А. Маслоу теориясының маныздылығы - факторлардың әрекеттестігінде, олардың қозғаушы негізін ашуда, оның индивидке алдыңғылары өтелгеннен кейін ғана соңғыларының қамтамасыз етілуі.

Информация о работе Алеуметтану тарихы