Алеуметтану тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2012 в 17:43, реферат

Описание работы

Әлеуметтану ғылыми білімнің дара саласы ретінде біршама кеш қалыптасты. Оның негізін 19 ғасырдың екінші жартысында Огюст Конт пен Герберт Спенсер қалады. «Әлеуметтану» түсінігі алғаш рет француз философы әрі социологы О.Контпен қолданылды. Қоғам мен әлеуметтік өмір жөнінде ғылым ретінде түсіндірілді. Әлеуметтану пәнінің қалыптасауы мен дамуы әлеуметтік қатынастардың өз аспектісінде қарастыратын, көптеген жаңа әлеуметтік концепциялардың пайда болуы арқылы жүзеге асты.

Работа содержит 1 файл

оздик жумыс 4.doc

— 420.00 Кб (Скачать)

     Екі немесе  одан да көп  әйел алушылықты  полигамия  дейді. Некенің бұл түрі  де өзіндік нышандарымен дүниежүзілік мәдениеттерінде де ұшырасады. Кейбір ислам елдерінде  полигамияға рұқсат  етілген. Көпшілік дамыған елдердің  азаматтары  некенің бұл формасын құптамайды. Отбасының атқаратын функциялары:

     - бала өсіріп, тәрбиелеу  арқылы  ұрпақ  жалғастығын қамтамасыз  ету; 

     - баланы әлеуметтенуге,  яғни қоғамда өмір  сүруге дайындау;

     - отбасы мүшелерін   баспанамен, көлікпен, киіммен, тамақпен, үй заттарымен, оқуға,  еңбек етуге   қажетті жабдықтармен, тағы басқа материалдық  құндылықтармен қамтамасыз  ету. 

     Генетикалық құрылым – тұрғындардың берілген мекенде түған, немесе басқа  аумақтан  көшіп келген   адамдардың арақатынасын  белгілейді.  Келушілердің арасында  уақыт қонысына  байланысты топтар ажыратылады. Бұл құрылымның түрі әлеуметтік-демографиялық дамуда , елеулі орын миграция ойнайтын,  елдер мен район тұрғындарының басты сипаттамасы болып табылады.

     Жастар  социологиялық зерттеудің  объектісі ретінде  16 жастан 30 жасқа дейін  жастағы ірі қоғамдық топты белгілейді.  Жастар әлеуметтанудың  пәні болып,  жастардың  қоғамның әлеуметтік құрылымында  алатын орны мен рөлін,  айқындалу формалары мен  жастар ортасында  әлеуметтік заңдылықтар мен  заңдардың іске асыру механизмдерін  зерттеу  болып табылады. 

     Спецификалық  жастардың әлеуметтік мәселелері: қоғамның әлеуметтік – таптық құрылымында  жастардың орны;  жас шеңберінің критерияларын орнату; жастардың сұраныстарын,  қызығушылықтарын зерттеу;  жастардың әлеуметтену үрдісінің ерекшеліктерімен танысу;  олардың  әлеуметтік-прогрессивті бағыты мен  ұжымда  бейімделуі;  жастар ұйымдарының  әрекетінің ерекшеліктері жатады.  

     6.1 Халық қозғалысының  әлемдік көрсеткіштері

     Біздің  эрамыздың басында, әртүрлі есептер  бойынша, Жерде шамамен 200 ден 300 млн адамға  дейін өмір сүрді.  Миллиардық санына жету үшін,  адамзатқа  1800 жыл қажет болды. Алғаш рет  адамдардың саны 1 миллиардқа  1825 жылы  жетті. Кезекті миллиардық өсімдер келесі жылдар аралығында жүрді:

     2 млрд – 1927ж. (102 жылдан кейін)

      3 млрд – 1960 ж. (33 жылдан кейін)

      4 млрд -1974 ж. (14 жылдан  кейін)

      5 млрд –1987ж. (13 жылдан  кейін)

      6 млрд –1999ж. (12 жылдан кейін)

     Қойылған  болжамдар бойынша, келесі жетімиллиардтық  Жер тұрғыны  2007 жылы болады. Бұл  көрсеткішке жету үшін небары  8 жыл  қажет.  Жер тұрғындарының  қарқынды өсімі бұл  ауқымды мәселе қатарына жатқызылып, планетаға  халықтың тым өсу қауіпін тудырады. Ғалымдар мен демографтардың ғылыми болжамдары бойынша, ХХІ ғасырда  өсу қадамдары бәсеңдеп, біршама тұрақтанады және небары 10-11 млрд адам құрайды.

     Демографтардың  тұжырымы бойынша,  жыл сайын адамзат 80 млн адамға өседі, сондай-ақ,  өлгендер саны біздің планетамызда жыл сайын 50 ден 55 млн адамға дейін құрайды.

     БҰҰ есептері   бойынша,  халық өсімінің ең үлкен көрсеткіштері  әлемнің кедей  аймақтарында байқалады.  Мысалы, 1995 жылы  90 млн жаңа туғандардан 85 млн. экономикалық дамуы артта қалған елдерге тән болды. Қоғамдағы өлім деңгейіне  екі фактор ықпал етеді:  орташа өмір жас ұзақтығы,  нәрестелер арасындағы өлім деңгейі.

     Демографиялық көрсеткіштер берілулері бойынша,  ең ұзақ орташа жас  өмір ұзақтығы  Жапония (78жас), Канада, Щвеция (77 жас),  Франция (76 жас), Великобритания, АҚШ, Германия (75жас)  белгіленеді.  Бұл көрсеткіштер, өз арада, тек денсаулық сақтау жүйесінің жағдайын ғана  емес,  сондай-ақ,  бұл елдің өмір деңгейін сипаттамайды. Қоғамның  адам алдында экономикалық, әлеуметтік,  құқықтық  тұлға кепілдігін  орнату міндеткерлігімен тығыз байланысты.

     Жоғарыда  айтылғандай, өмір деңгейі - бұл демографияның  маңызды категориялардың  бірі болып есептеледі.  Бүгінгі күні ғалымдар  үш басты критерияны белгіледі: орташа өмір жас ұзақтығы, білім мен табыс.  Дәл осы көрсеткіштер негізінде елдің өмір деңгейін  айқындауға болады.

     Бүгін  едәуір дамыған елдер  қатарына  Канада, Норвегия,  Щвеция, Жапония, Франция, Щвейцария, Финляндия  және т.б  елдер жатқызылады. Ресми демографиялық статистика және көптеген  басқа фактілер бойынша,  экономикасы  дамыған елдердің тұрғындар құрылымында  қарт жастағы адамдар санының өсімі байқалады.   

     7 Тұлға социологиясы 

     Әлеуметтану, басқа гуманитарлық ғылымдардан  айырмашылығы,  жеке адамды  зерттеудің бір ракурсы – жеке адам - әлеуметтік өмірдің қайнар көзі, оның  шынайы әрі жалғыз қайраткері және дамытушысы, әлеуметтік өмірдің, әлеуметтік әрекеттестіктің, институттардың және тағы басқалардың  бөлінбес бөлшегі ретінде қарастырады. Жеке адам және  қоғам мәселесі әлеуметтануда салыстырмалы тәуелсіз, бірақ бір-бірімен тығыз байланысты 2 ракурста зерттеледі.

     Біріншісі әлеуметтік институттар, қауымдастықтар, жалпы  қоғам қалай құрастырылған, жеке адамның қажеттіліктерімен  қандай қатынаста  болатындығының мәнін ашуға; біріншілері оның мүдделерін қаншалықты бейнелей алатындығына және бейнелеуі керектігіне немесе олар тәуелсіз, тек өз даму логикасына байланысты екендігін ашуға бағытталған.

     «Қоғам  және  жеке адам»  мәселесінің екінші ракурсының мәні - бірнеше  мәселеден  тұрады: белгілі бір социуммен жеке адам қаншалықты өзара әрекет етеді, қаншалықты өз тәуелсіздігін, автономдылығын көрсете алады; немесе қоғам, қоғамдық байланыстар, институттар жеке адамның құндылықтарын, олардың иерархиясын, өмір жолын қатал реттейтіндігін зерттейді.

     Әлеуметтану шынайы әрекет ететін, таңдайтын, талғайтын  субъект ретіндегі  жеке адамды зерттейді. Сонымен қатар, тұлғаның шынайы өмір әрекетінің тұрақты, қайталанбалы элементтеріне, оның  қоғаммен өзара байланыстарына көп көңіл бөледі. Жеке адам социологиясының басты проблемасы болып әлеуметтік жағдайлар (байланыстар, әлеуметтік және билік институттары, әлеуметтік қауымдастықтар) мен адам іс-әрекетінің өзара ықпалы табылады. Бұл мәселелерді шешуге талпыныс болып жеке адамның түрлі әлеуметтік концепцияларының (ХХ ғасырдың екінші жартысынан) пайда болуы саналады: Чарльз Кули, Джордж Мидтің айнадағы Мен теориясы, Райт Линтон, Талкотт Парсонс және т.б. рөльдік теориясы, социологиядағы необихевиоризмның жекелеген салалары, референтті топтар теориясы және ұстанымдар теориясы т.с.с. Теориялардың ортақ қасиеті - адам даралығын спецификалық фактор және белгілі бір факторлардан: индивидтер әрекеттестігі, қоғамда олардың белгілі бір рөльдерді атқаруы, әлеуметтік стимулдар, қажеттіліктер, бағыттардан тікелей пайда болатын туынды ретінде мойындау. Жеке адаммен, оның әлеуметтік қатынастағы орнымен байланысты мәселелер  жиынтығын талдай отырып, жеке адам социологиясы көптеген категорияларды (бейімделу, белсенділік, тәрбие мүдделер, мотивтер, қажеттіліктер, құндылықтар, жеке адам түрлері, ұстанымдар, т.б.) қолданады. Айнадағы «Мен» теориясында (Ч.Кули, Дж.Мид) тұлға толығымен адамның әлеуметтік шартталған «Меннен» туындайтын функция ретінде қарастырылады. Жеке адамның негізі, оның өзіндік санасы – бұл  әлеуметтік әрекеттестіктің нәтижесінде индивидтің өзіне объект ретінде, басқа адамдар көзімен қарауды үйренуі нәтижесіндегі әлеуметтік өзара әрекеттестігі ретінде бейнеленді. Осылайша, жеке адам – адамның әлеуметтік өмір үрдісінде жинаған объективті қасиеті түрінде түсіндірілді.

     Рөльдер теориясын жақтаушылардың ойынша, жеке адам дегеніміз, индивидтің қоғамда  атқаратын әлеуметтік рөльдері жиынтығының  функциясы болып  табылады, сондықтан, әлеуметтік рөль –  индивид пен қоғам  әрекеттістігі механизмінің маңызды элементі. Адамдар арасындағы әлеуметтік байланыстар олардың қоғамдық қатынаста белгілі бір жұмыс түрін (мұғалім, инженер, әке, бала және т.б. функциялар) орындау тапсырмасы түрінде болатын  әлеуметтік функциялар негізінде құрылады. Атқарылған функциялар қоғамдағы әлеуметтік құрылымдағы адамның  жағдайын сипаттайды. Осылайша, студенттің басты функциясы кәсіби және жалпы азаматтық мәдениетті танып білу. Индивидтің функциялары және одан туындайтын міндеттер мен құқықтар жеке адамның әлеуметтік статусын белгілейді. Жеке адамның әлеуметтік статусы - бұл индивидтің әлеуметтік топтардағы және  бүтіндей қоғамдағы позициясы. Ол табиғи (жынысы, жасы) және әлеуметтік сипаттамалар (мамандық, кәсіп түрі, табыс, қызмет жағдайы және т.б.) арқылы анықталады, сондай-ақ, туа біткен (ұлттық, әлеуметтік тегі, туған жері) және қол жеткізілген (білім, мамандық, біліктілік) статустар болады.

     Әлеуметтік  статустар иерархиясы қоғамдағы немесе әлеуметтік қауымдастықтағы, қабаттағы, топтағы  адамдардың белгілі  бір позициясының маңыздылығын бейнелейтін «престиж» ұғымымен бекітіледі. Мамандық, лауазым, қызмет түрлері престижді болуы мүмкін. Престиж – адам тілектерін, ниеттерін, әрекеттерін қозғаушы, ал престиждік бағалау – кәсіби жұмыс бастылықты, әлеуметтік орын ауыстыруды, тұтыну құрылымын анықтайтын т.б. адам мінез-құлқын реттеуші болып табылады.

     Рөльдік теория негізін қалаушылардың  бірі Р.Линтон әлеуметтік рөльді – адам статусымен байланысты күтілетін  мінез-құлық ретінде  анықтайды. Бұл рөльдік  күту адамның әлеуметтік статусынан туындайтын белгілі бір мінез-құлық ережелерді немесе нормаларын орындау және игеру жағдайында іске асады. Әр статусқа көптеген рөльдер қызмет ететіндігін атап айту маңызды. Зауыт директоры жоғарыдағы басқарушылар алдында бір рөльде, қол астындағыларының алдында екінші рөльде, әке түрінде – үшінші рөльде болады. Бірақ барлық жерде ол зауыт директоры болып қала береді, бұл оның басты статусы. Алайда, барлық рөльдерде, сонымен бірге, директор, әке рөльдерінде де ол әртүрлі ракурста көрінеді. Р.Мертон берілген статустан туындайтын рөльдер қосындысын рөльдер жиынтығы деп атады.

     Адам  бір уақытта бірнеше  статусқа ие болуы  мүмкін және көптеген шексіз рөльдерді атқарады. Әдетте, рөльдер жиынтығы сәйкес статусқа бекітілген ресми және бейресми рөльдерді қамтиды. Осылайша ЖОО оқытушысынан тек жоғары кәсіптік ғылыми деңгейді және т.б. ғана емес сонымен бірге, бейресми ғылыми ортада қалыптасқан қарым-қатынас стилін және мәдениет деңгейін игеру талабы қойылады. Мұнда әр жеке адам тек өзіне тән рөльдер үйлесімділігіне ие екенін айта кету керек, бұл оның  индивидуальдылығын білдіретін негізгі қасиет.

     Рөльдердің  көптігі рөльдік қақтығыстар деп аталатын жеке адамның ішкі қақтығыстарын туғызады. Олар көбінесе іс-әрекет мотивтерінің күресі түрінде болады. Бұл мотивтер негізінде белгілі бір функциялардың дұрыс, мақұлданған орындалуы туралы көзқарастар жатыр. Бұл рөльдер қақтығысында индивид үшін берілген жағдайда маңыздырағы жеңіске жетеді. Басқаша айтқанда, рөльдер статустар сияқты иерархиялық болып келеді және әр жеке адам өзінің талғам пирамидасын құрайды. Әлеуметтіқ функциялар, әлеуметтік статустар және әлеуметтік рөльдер өзіндік бір  түйіскен механизмді құрайды. Осы арқылы әр адам кейбір қоғамның  бөлшегі, оның мәдениетін, сапасын ұстанушысы болады. Жеке адамның орындайтын әлеуметтік рөльдер жиынтығы ол қосылған қоғамдық жүйедегі байланыстар мен қатынастарды бейнелейді.

     Жеке  адам өмір шарттары мен қоғамдағы  мінез-құлықты игерген  адамның нәтижесі екендігі туралы ой необихевиоризмде пайда  болған, мұнда тұлға  ретті түрде талданған  және әлеуметтік стимулдар жиынтығына деген әлеуметтік қолайлы жауаптар жиынтығы деп түсіндірілген. Жеке адам кейбір аралық, әлеуметтік емес сипаттағы айнымалылармен байланысты болатындығы мүмкін болды, бірақ олар шынайы ғылыми талдау пәні ретінде мойындалмады.

     Ұстанымдар  теориясында жеке адам индивидке күнделікті ықпал жасау арқылы қоғамды тудыратын, кейде саналы емес ұстанымдар түрінде  қарастырылады. Түрлі  ұстанымдарды жинақтай отырып, адам жеке адам болуға әдеттенеді. Оның санасында жеке адам болу қағидалы ұстанымы пайда болады.

     Жеке  адамның әлеуметтік концепцияларының бір  тобы жеке адамға социогендік  қажеттіліктер жиынтығы және қоғам тудыратын  бағыттар түрінде  қараумен байланысты. Қоғам жеке адамның  дамуына әсерін тигізетін  әртүрлі қажеттіліктерді  тудыра отырып, дамиды.

     Жеке  адамға деген көзқарастардың даму диалектикасы жеке адамды ықшамдайтын  схемаларын жеңу, оның жүйелік түсінуге өту жолымен іске асады. 

     7.1 Жеке адамның әлеуметтенуі

     Жеке  адамның қалыптасуы, индивидтің әлеуметтік-мәдени күйге түсуі - бұл  өте күрделі процесс. Оған көптеген қозғаушы күштер, факторлар қатысады. Әлеуметтану ғылымы жеке адамның әлеуметтену процесін, әлеуметтік қасиеттердің, құндылықтардың, мұрат-мақсаттардың, ережелердің және әлеуметтік мінез-құлық, білім алу, іскерлік пен дағды принцитерінің  қалыптасу процесін талдауға  мүмкіндік беретін негізгі қатарды белгілеуге тырысады. Сол арқылы адам әлеуметтік байланыстардың және қауымдастықтардың әрекет ететін мүшесі болады. Ал қоғам өз өмірін сабақтастық арқылы жаңартып отырады. Сонымен бірге, әлеуметтену процесінің түрі және үлгісі қоғамның қандай кұндылыктарға бағынуына, әлеуметтік әрекеттестіктердің қандай түрінің туындауына байланысты екенін ескеру қажет.

Информация о работе Алеуметтану тарихы