Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыс үрдісіндегі дамыта оқытудың теориялық және тәжірибелік негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 17:49, дипломная работа

Описание работы

Бастауыш сынып оқушыларының өздік жұмысы мәселесін талдау зерттеліп отырған мәселенің толығымен тұтас оқыту үрдісінде жүзеге асырылатындығын көрсетеді. Өздік оқу іс-әрекеті оқу үрдісінің ішкі жүйесі ретінде оқушылардың өзіндік іс-әрекетінің құрамдас бөлігі болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда негізінен “дамыта оқыту” технологиясы басшылыққа алынады. Себебі, қазіргі оқулықтар “дамыта оқыту” технологиясына негізделіп жазылған. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субьект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдай жасалады.

Содержание

Кіріспе .....................................................................................................................7
І Дамыта оқытудың педагогикалық- психологиялық
теорияда қарастырылуы
1.1 Білім беру саласындағы дамыта оқыту жүйесі ............................................9-16
1.2 Дамыта оқыту тұрғысынан алынған бастауыш сыныптағы
пән мазмұнының ерекшеліктері………………………………………………..16-24
1.3 Оқу үрдісіндегі өзіндік жұмыстың маңызы және оны
ұйымдастыру жолдары……………………………………………………........24-31
1.4 Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысын
қалыптастыру түрлері………………………………………………………......31-33
ІІ Дамыта оқыту негізіндегі тәжірибелік сараптама.
2.1 Дамыта оқытуға байланысты жүргізілген психологиялық
эксперимент жұмысының мониторингі……………………………………...34-51
2.2 Теориялық және тәжірибелік зерттеудің нәтиже
Көрсеткіштері……………………………………………………………….......52-53
Қорытынды....................................................................................................54-55
Қолданылған әдебиеттеp………………………………………………………56-57
Қосымшалар.................................................................................................

Работа содержит 1 файл

Диплом - Жетписбаева Асель ИЗМЕНЕН ПАРАМЕТРЫ СТРАНИЦЫ.doc

— 697.50 Кб (Скачать)

 

“Үйшік” әдістемесі

 

Балаға үйдің  суретін барынша тура бейнелеу ұсынылады. Жұмыс аяқталғаннан кейін тапсырманың  дұрыстылығын тексеру керек. Дұрыс  болмаған жағдайда, түзетуге болады.

Бұл әдістеме үлгіге қарап бағытталу шеберлігін анықтауға, үйді тура, дәл көшіруге, зейін еріктілігінің даму дәрежесіне, кеңістікті қабылдауының қалыптасуына көмек жасайды.

Нақты, дұрыс  қабылдауы 0 баллмен бағаланады, әр қатеге 1 балл қосылады.

Қате болып  төмендегілер табылады:

а) элементтерді қате бейнелеу; шарбақтың оң және сол  жақ бөлігі жеке бағаланады;

б) бір элементті  басқа элементпен ауыстыру;

в) элементтің жоқтығы;

г) керекті жерде  сызықтардың жалғаспауы;

д) суреттің тым  қисық болуы.

 

             

                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

“Үйшік” әдістемесінен  алған қорытындыны өңдеу баллдық санаумен жүргізіледі. Қатеге төмендегілер саналады:

а) элементтің қате бейнеленуі (1 балл). Егер бұл элементтердің  барлық бөлшектері  қате салынса, мысалы, шарбақтың оң жақ бөлігіндегі  әр қате таяқшаны 1 ұпаймен бағаламайды. 1 ұпай толық шарбақтың оң жақ бөлігіне беріледі. Осы талаптар мұржадан шыққан түтіндердің бейнеленуіне, үйдің шатырындағы  сызықтарға да байланысты: 1 ұпай мұржадан шыққан түтіннің әр дөңгелегіне, шатырдағы әр сызықтың қателігіне жеке қойылмайды, барлық дұрыс көшірілмеген түтінге, сызыққа қойылады. Шарбақтың әр бөлігі жеке бағаланады. Егер шарбақтың оң және сол жақ бөлігі қате салынса, онда 2 балл қойылады; бір жақ бөлігі дұрыс салынса 1 балл қойылады (әр бөлікке 1 балл). Суретте қате

көшірілген  бөлшектегі элементтердің саны сәйкес келмесе қатеге саналмайды. 

б)  бір элементті  басқа элементпен ауыстыру (1 балл)

в)  элементтің жоқтығы (1 балл)

г)  керекті  жерде сызықтардың жалғаспауы ( 1 балл).

Қатесіз дұрыс  көшірілген суретке 0 балл қойылады. Неғұрлым тапсырма қате орындалған сайын, соғұрлым баллдық бағасы жоғарылайды. Бұл эксперимент зейін еріктілігі жақсы дамыған бала 0 балл алғанын көрсетеді. Орташа дамыған бала – 1-2 балл. Зейін еріктілігі баяу дамыған бала 4 баллдан жоғары алады.

( кесте 2.4)

 

“Өрнек” әдістемесі

 

Бұл әдістеме үш бақылау диктантынан және бір жаттығу диктантынан тұрады. Балаларға: “Біз өрнек салуды үйренеміз. Әрқайсыларыңның алдыңдағы парақта бірнеше үшбұрыштар, шаршылар және дөңгелектер салынған. Өрнек шығару үшін біз осы үшбұрыштарды, шаршыларды және дөңгелектерді қосамыз. Ол үшін менің айтқанымды мұқият тыңдап және оны орындау керек.

Бізге төмендегі  үш ереже беріледі:

1. екі үшбұрышты, екі шаршыны немесе шаршыны үшбұрышпен дөңгелек арқылы қосуға болады;

2. өрнегіміздің сызығы тек қана алға қарай жүру керек;

3. сызық қойылған жерден әр жаңа қосылуды сол фигурадан бастау керек, сонда сызық үздіксіз және өрнекте бос аралық болмайды.

Суреттен қара, үшбұрышпен шаршыны қалай қосуға болады”,- деп айтылады.

 

 

Содан сынаушы: “Енді өздерің қосуды үйреніңдер. Төменгі бөлікке қара. Екі шаршыны, шаршыны үшбұрышқа, екі үшбұрышты, үшбұрышты шаршымен қос”,- деп айтады (алғашқы – жаттығу – бөлім).

 

 

Сынаушы әр баланың  тапсырманы орындауын қадағалайды, керек жағдайда қатесін түзетеді және балаға қай жерде қателескенін көрсетеді. Бұл жүйеде балалар төрт қосылудың орындалуын үйренеді.

Әрі қарай бірінші  бөлім. Сынаушы: “Енді өздерің ешбір көмексіз   саласыңдар. Сендер мұқият тыңдап, мен айтқан фигураларды қосасыңдар, бірақ ұмытпаңдар, олар тек қана дөңгелектер арқылы қосылады, қосылатын сызықтар үздіксіз және барлығы алға қарай бағытталады, яғни, әр жаңа қосылуды сызық біткен жерден бастау керек. Егер қателессеңдер, оны түзетпеңдер, келесі фигурадан бастаңдар ”,- деп айтады.

Бірінші бөлімге  арналған диктант:

“Үшбұрышты  шаршымен, шаршыны үшбұрышпен, екі  үшбұрышты, үшбұрышты  шаршымен, екі  шаршыны, үшбұрышты шаршымен, шаршыны үшбұрышпен, екі шаршыны, шаршыны үшбұрышпен, екі үшбұрышты, екі үшбұрышты, үшбұрышты шаршымен қосыңдар”.

 

   

Балаларға үлгере алатындай, айтқанды сыза алатындай  етіп баяу оқу керек. Бір айтылғанды екі рет қайталауға болмайды. Өйткені кейбір балалар оны түсінбей қайта сызып қоюы мүмкін.

Балалар жұмысты аяқтағаннан кейін екінші бөлімі, одан кейін үшінші бөлімі жалғасады. Әр бөлім бір-бірінен өрнектің айтылу сипатымен ерекшеленеді. Жұмысты орындау ережесі сол қалпында қалады.

Екінші бөлімге  арналған диктант:

“Шаршыны үшбұрышпен, екі үшбұрышты, үшбұрышты шаршымен, екі шаршыны, тағы екі шаршыны, шаршыны үшбұрышпен,  екі үшбұрышты, үшбұрышты шаршымен, шаршыны үшбұрышпен, үшбұрышты шаршымен, екі шаршыны, шаршыны үшбұрышпен қосыңдар”.

 

 

Үшінші бөлімге  арналған диктант:

“Екі шаршыны, шаршыны үшбұрышпен, екі үшбұрышты, үшбұрышты шаршымен, екі шаршыны, шаршыны үшбұрышпен, үшбұрышты шаршымен, шаршыны үшбұрышпен, екі үшбұрышты, үшбұрышты шаршымен, екі шаршыны, шаршыны үшбұрышпен қосыңдар”.

 

 

Тапсырма орындалу кезінде балаларға ешқандай көмек  көрсетілмейді. Жұмыс аяқталысымен парақтары жиналады. Парақтар тексеріс алдында таратылады. Бұл парақтарда өрнектің үлгілері және төрт бөлімнің фигурасы салынады (а, б, в, г). Әр бөлім жеке-жеке үш қатардан ұсақ геометриялық фигуралардан тұрады (фигураның мөлшері 2*2мм).

Бағалау қорытындысы: Әр дұрыс қосылған өрнектер 2 ұпайға бағаланады. Диктант талабына сай жазылғаны - дұрыс болып саналады.

Айып ұпай (бір - бірден) қосылады:

Артық қосқанға, диктантта қарастырылмаған артық  қосылымға (басындағы және аяғындағы  салынған қосылыстан басқасы);

Өрнектегі бөліктерді үзік сызықпен қосса немесе қосылмаған жағдайда

Басқа барлық қателіктер қатеге саналмайды.

Соңында жиналған ұпай саны дұрыс жиналған ұпай саны аралығындағы айырмашылықпен және айып ұпай санымен саналады (біріншіден екіншісін алып тастап отырады).

Әр бөлімде  максималды мүмкін ұпай саны– 24 (0  айып ұпайы).

Орындалған  барлық тапсырмаға максималды мүмкін ұпай саны – 72. Алынған нәтижелерді өңдеу:

60-72 ұпай – жұмыс істеу қабілеті ережеге сай. Бір уақытта бірнеше ережені жұмыста ескере алады.

48-59 ұпай – ережеге сай жұмыс істеу қабілеті қажетті жағдайда қалыптаспаған. Жұмыс істеу кезінде бір-ақ ережеге сүйенеді.

36-47 ұпай – ережеге сай жұмыс істеу қабілеті төмен. Әр уақытта ережені бұзады және одан аутқиды, бірақ оны орындауға тырысады.

36 ұпайдан төмен – ережеге сай жұмыс істеуі қалыптаспаған.

( 1-сынып бойынша  нәтижесі қосымшада берілген, 4 – кесте )

«Графикалық диктант» әдістемесі

 

Бұл әдістеме баланың ерік саласының даму деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістеме төрт бақылау диктантынан тұрады, оның біріншісі жаттығу диктанты. Зерттеу жүргізу үшін әр балаға төрт нүкте түсірілген төр көзді дәптер парағы беріледі.

1. Осыдан кейін  психолог-педагог жаттығу өрнегін  салғызуға кіріседі: «Бірінші өрнекті  салуға кірісейік. Қарындашты  ең жоғарғы торға қойыңдар. Сызықты  салыңыз (қарындашты қағаздан  көтермей). Бір тор оңға қарай. Бір тор жоғары. Бір оңға қарай. Бір тор төмен. Бұдан әрі дәл сондай өрнекті салуды жалғастырасыңдар».

2. Қарындашты  көтеріңдер де, келесі нүктеге  қойыңдар. Дайындалыңдар, баяндауды  бастаймын. Бір тор жоғары. Бір  торға оңға. Бір тор жоғары. Бір  тор оңға. Бір тор төмен. Бір тор оңға. Бір тор төмен. Бір тор оңға. Ал енді, осы өрнекті өздерің жалғастырыңдар».

3. «Назар аударыңдар! Үш тор жоғары. Бір тор оңға. Екі тор төмен. Бір тор оңға. Екі тор жоғары. Бір тор оңға. Үш тор төмен. Бір тор оңға. Екі тор жоғары. Бір тор оңға. Екі тор төмен. Бір тор оңға. Ал енді, осы оюды өздерің жалғастырыңдар».

 

4.«Қарындашты ең соңғы төменгі нүктеге қойыңдар. Назар салыңдар! Үш тор оңға. Бір тор жоғары. Бір тор солға. Екі тор жоғары. Үш тор оңға. Екі тор төмен. Бір тор солға. Бір тор төмен. Үш тор оңға. Бір тор жоғары. Бір тор солға. Екі тор жоғары. Ал енді, осы оюды өздерің жалғастырыңдар».

Әр өрнекті  өз бетімен істеу үшін 1,5-2 минут  уақыт беріледі. Бұл әдістемеге берілетін  жалпы уақыт 15 минут.

Нәтижелерді бағалау:

Өрнекті қатесіз  салғанға 4 ұпай. 1-2 қате кеткенге 3 ұпай қойылады. 2 қатеден көп болса  – 2 ұпай қойылады. Дұрыс салынғаннан қате салынғаны көп болса – 1 ұпай қойылады. Егер дұрыс салынбаса – 0 ұпай қойылады.

10- 12 ұпай –  жоғары

6-9 ұпай –  орташа

3-5 ұпай –  төмен

0-2 ұпай –  өте төмен

( кесте 2.5)

 

“Балалардың қоршаған ортадағы жалпы бағыты және тұрмыстық білімінің қоры” әдістемесі

  1. сынып оқушыларына арналған:

 

1.Сенің атың кім? (атының орнына тегін айтса қатеге саналмайды)

2.Жасың нешеде?

3.Ата-анаңның аты-жөні кім? (толық  айтылмаған аттар қатеге саналмайды)

4.Сен тұратын қала, ауыл қалай аталады?

5.Сен тұратын көше қалай аталады?

6.Сенің үйіңнің, пәтеріңнің нөмірі қандай?

7.Қандай жануарларды білесің? Олардың қайсысы жабайыға, қайсысы үй жануарына жатады? (дұрыс жауапқа кем дегенде екі жабайы, екі үй жануарларын атаған жатады)

8.Ағаштың жапырақтары қай жыл мезгілінде түседі, қай жыл мезгілінде шығады?

9.Сен оянатын, түскі ас ішетін және ұйқыға дайындалатын уақыттарды қалай атайды?

10.Өзің қолданатын ас бөлмедегі заттарды және киетін киімдерді ата? (кем дегенде әр қайсысынан үш заттан атау дұрыс жауапқа саналады).

Әр дұрыс  жауапқа бала 1 ұпай алады. Бұл әдістемеден  әр баланың барлық тапсырма орындағаны үшін максималды ұпай саны – 10 ұпайды құрайды.

(кесте 2.6)

Балаға әр сұрақтың жауабын беруі үшін 30 секунд беріледі. Осы уақыт ішінде жауаптың жоқтығы  қатеге есептеліп, 0 ұпайға бағаланады.

Өз бетімен  еш көмексіз жауап жазған бала қоршаған орта туралы білімі жақсы қалыптасқан  болып саналады.

 

Оқушылардың ақпаратты  қабылдау ерекшеліктерін зерттеу

(мінез-құлық  таңбалары)

 

Алты жастағы  баланың жеке ерекшеліктерінің ішінде – қабылдау ерекше орынға ие. Қабылдау – заттар мен құбылыстардың сезім  мүшелеріне тікелей әсерінің тұтас  көрініс нысаны. Оның жоғары психологиялық қызмет ретінде қалыптасуының негізі белсенді қозғалыс болып табылады.

Қабылдау ғана көп жағдайда сыртқы ортадан келетін  ақпараттың қайта жаңғыртылуымен байланысты. Нәтижесінде зейінді, есті, пайымды, қиялды, ой мен эмоцияны ары қарай басқаратын психикалық бейнелер қалыптасады. Анализаторлар жүйесінің кешенді қызметі қабылдаудың физиологиялық негізі болып табылады.

Қабылдау ми қабықшасының талдау-синтетикалық қызметінің нәтижелерімен: жекелеген қоздырғыштар, сезімдер таңбалы тұтас жүйе түзе отырып,бір-бірімен байланысты.

Мектепке келгенде балаларда мектепке оқуға дайындықтың  түрлі деңгейлері байқалады.

Мектеп психологы  мен бастауыш сынып мұғалімдеріне  оқушылардың ақпаратты қабылдау ерекшеліктерінің диагностикасын (мінез-құлық таңбалары) жүргізуді ұсынамыз.

Қабылдаудың визиуалды (көзге көрінетін) түрі – көзбен қабылдау. Адам көзбен қабылдай отырып, өз назарын заттардың пішіні, көлемі, өлшемі, түсі сияқты қоршаған дүние шындықтарының ерекшеліктеріне жинақтайды. Оның  ауызекі тілінде «мынау былай көрінді», «көріп тұрсыз ба»  деген сияқты сөздер басым келеді.

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Есту арқылы қабылданатын ақпарат қабылдаудың  аудиалдық каналының арқасында қолайлы болмақ. Қабылдаудың аудиалдық типі басым болғанда, адам дыбыстардың сипатына, тілдік ерекшеліктерге, сұхбаттасушылардың дауысына назар аударады. Сигнал-сөздер: «тыңдаңызшы», «тыңдағым да келмейді».

Қабылдаудың кинестетикалық каналы (грек тілінде "кинес” – "қозғалыс”  деген мағынаны білдіреді) сезім  рецепторларынан келіп түсетін эмоциялық райды,  ақпараттың талдауы үшін «жауапты». Осыған орай, үш түрлі: визуалдық, аудиалдық және кинестетикалық тәсіл арқылы ақпаратты енгізіп-шығаруға мүмкіндік беретін тест әдістемелері әзірленген болатын.

 

Визуалдық тәсіл

 

Оқушыларға  визуалды түрде (арнайы қима қағазға қарай отырып)                   15 секунд ішінде 15 таңбадан (әріптер мен сандар)  тұратын қатарды есте сақтау ұсынылады.

Нұсқау: осы  қатарды тыныштық күйде және денені бос ұстап (дыбыссыз және қозғалыссыз), берілген қатарды көзбен фотоға түсіргендей, есте сақтау ұсынылады. Қайта жаңғыртқанда, осы қатарды «ішкі экрандағы» фотосурет түрінде елестетіп, еске түсіру қажет.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыс үрдісіндегі дамыта оқытудың теориялық және тәжірибелік негіздері