Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыс үрдісіндегі дамыта оқытудың теориялық және тәжірибелік негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 17:49, дипломная работа

Описание работы

Бастауыш сынып оқушыларының өздік жұмысы мәселесін талдау зерттеліп отырған мәселенің толығымен тұтас оқыту үрдісінде жүзеге асырылатындығын көрсетеді. Өздік оқу іс-әрекеті оқу үрдісінің ішкі жүйесі ретінде оқушылардың өзіндік іс-әрекетінің құрамдас бөлігі болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда негізінен “дамыта оқыту” технологиясы басшылыққа алынады. Себебі, қазіргі оқулықтар “дамыта оқыту” технологиясына негізделіп жазылған. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субьект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдай жасалады.

Содержание

Кіріспе .....................................................................................................................7
І Дамыта оқытудың педагогикалық- психологиялық
теорияда қарастырылуы
1.1 Білім беру саласындағы дамыта оқыту жүйесі ............................................9-16
1.2 Дамыта оқыту тұрғысынан алынған бастауыш сыныптағы
пән мазмұнының ерекшеліктері………………………………………………..16-24
1.3 Оқу үрдісіндегі өзіндік жұмыстың маңызы және оны
ұйымдастыру жолдары……………………………………………………........24-31
1.4 Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысын
қалыптастыру түрлері………………………………………………………......31-33
ІІ Дамыта оқыту негізіндегі тәжірибелік сараптама.
2.1 Дамыта оқытуға байланысты жүргізілген психологиялық
эксперимент жұмысының мониторингі……………………………………...34-51
2.2 Теориялық және тәжірибелік зерттеудің нәтиже
Көрсеткіштері……………………………………………………………….......52-53
Қорытынды....................................................................................................54-55
Қолданылған әдебиеттеp………………………………………………………56-57
Қосымшалар.................................................................................................

Работа содержит 1 файл

Диплом - Жетписбаева Асель ИЗМЕНЕН ПАРАМЕТРЫ СТРАНИЦЫ.doc

— 697.50 Кб (Скачать)

оқушыда қалыптасуы тиіс әрекет түрлері (оқу, еңбек, ойын,                қарым-қатынас т.б.) туралы білім;

дүниені танып білудің ғылыми, логикалық әдіс-тәсілдер (бақылау, тәжірибе, талдау, синтез, модельдеу, жалпылау, т.б.)  туралы білім.

Ал, мұның өзі  білім мазмұнының құрылымында:

оқушының коммуникативті мәдениетін қалыптастыруда жетекші рөл атқаратын тіл (ана тілі, екінші тіл);

ақыл-ой мәдениетін тәрбиелеуде ерекше орны бар математика, адамтану, қоғамтану, жаратылыстану (дүниетану);

эстетикалық, адамгершілік, еңбек, дене тәрбиесін қамтамасыз ететін музыка, бейнелеу өнері, еңбек, дене тәрбиесі пәндері болуы керектігін көрсетеді.

Бұл пәндерді оқыту үрдісін  ұйымдастыруда дидактиканың ерекше көңіл аударатын мәселесінің бірі – апталық оқу жүктемесі. Себебі, бұл ең алдымен, оқушының денсаулығына, сол арқылы бүкіл оқу-тәрбиенің нәтижесіне – баланың жалпы дамуына ықпал ететін негізгі факторлардың бірі.

 

 

1.2 Дамыта  оқыту тұрғысынан алынған бастауыш  сыныптағы пән

мазмұнының  ерекшеліктері

 

 

Дамыта отырып оқыту идеясы тұрғысынан әр пән мазмұнының ерекшеліктері мен біртұтас білім  жүйесіндегі орнына, рөліне тоқталалық.

Тіл мен математика –  реалды ақиқаттың ең маңызды саласы және адамның алуан түрлі коммуникативтік жағдайларға еркін араласып қатысу, сауатты бағдарлай алу қабілетін дамытып, жүзеге асыратын табиғи (ана тілі) және жасанды (математика) тілдер туралы оқушының қажетті білім алуына, ауызекі сөйлеуін дамыту, ойын жазбаша сауатты жеткізу біліктерін қалыптастыруға, дүниені көркем сөз немесе математикалық өрнектер арқылы бейнелеп қабылдауға кеңінен жол ашатын танымдық, тәрбиелік, дамытушылық мүмкіндіктері мол жетекші пәндер ретінде қарастырылады. Бұл пәндердің мазмұны оқушының тіл құбылысын, оның даму заңдылықтарын біршама бағдарлауына мүмкіндік беретін, әдеби тұрде сауаттандырып, оның шығармашылығына жол ашатын, арифметикалық амалдар заңының негіздерін түсінуді қамтамасыз ететін, математикалық тіл элементтерін меңгертетін, оқушының абстрактылы ойлау элементтерін дамытуға көмектесетін ұғымдар жүйесін қамтиды. Мұның өзі білім мазмұнының пропедевтикалық рөлін күшейтіп орта сыныптарда оқушылардың ғылым негіздерін зерделеуге дайындық деңгейін арттырады.

Ана тілі пәнінде ауызекі сөйлеуді және ойды жазба түрде сауатты жеткізуді жетілдіріп дамытуда сөздік қорды байыту, тілдегі көп мағыналы сөздерді, синонимдер мен антонимдерді, сөйлеудің синтаксистік құрылысын меңгерту ерекше маңызды.

Сөйлеудің екі түрін (ауызекі және жазба тіл) жетілдіру грамматикалық орфографиялық біліктерді қалыптастыру негізінде ғана жүзеге асады; осы екеуі өз төңірегінде бүкіл тілдік мағлұматтарды жүйелі топтастырып бастауыш сатыдағы ана тілі пәнінің негізін құрады.

Оқушының оқу әрекетін қалыптастыруға оқытудың бағытталуы оның тіл заңдылықтарын зерделеу, қолдана білу, ауызекі және жазба тілде сөйлеу біліктерін, каллиграфиялық дағдыларын тиімді меңгеруіне жол ашады. Осымен байланысты оқушылардың әртүрлі тілдік талдаулар жасай алу біліктерін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді.

Сондықтан тіл пәні бағдарламасының жаңа жобасында “Тіл және сөйлеу”, “Сөйлеу мәдениеті” сияқты пәндерді оқытудың басты мақсатын жүзеге асыруда айрықша маңызды арнайы блоктар берілген.

Қазақ тіліне басқа тілдерден енген, тіліміздегі сөздерде қолданысы өте сирек (тіпті жоқ) деуге болатын және соған қарамастан қаншама уақыт бөлініп оқытылып жүрген 7 әріппен (ё, ч, щ, ц, ь, ъ, э) орыс тілі пәнінде оқушыларды таныстырудың тиімділігі дәлелденіп негізделді.

Ана тілі пәнінің жаңа мазмұнын оқыту оқушыны шығармашылық ізденіске түсіретін іс-әрекеттік белсенді әдістермен жүргізілетіні сауат ашу кезеңін бұрынғыдай бір жылға созбай, бірінші жарты жылдықта аяқтап, одан соң тіл мен оқуды интеграциялап жүргізуге мүмкіндік береді.

Сонда оқу пәні 2-сыныптан бастап жеке пән болып оқытылады. Бұл пәндегі елеулі орын бұрынғыдай утилитарлық сипатта түсінік беру мен тек оқыту техникасын меңгеруге емес, көркем шығарманы қабылдаудың рөлін күшейтуге, әдебиеттік оқу әдістемесін жетілдіре отырып, оқушының біртіндеп оқу әрекетін қалыптастырып шығармашылық әлеуетін дамытуға, эстетикалық талғамын тәрбиелеуге, дүниетанымын кеңейтуге, әдеби шығармалардың кейбір жанрларын танытуға беріледі.

Осыған сай пән мазмұны халық ауыз әдебиетінің, қазақ балалар әдебиетінің шығармаларымен байытылған. Ұлттық мәдениет шеңберімен шектелмей, басқа халықтардың да шығармашылық ой-қиялының,              арман-мақсаттарының жемісі болып табылатын шығармаларымен таныстыру көзделеді.

Пән мазмұнының “көркем шығармалар”, “ғылыми танымдық шығармалар” блоктары бойынша құрылуы оның білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мақсат, міндеттерінің толық жүзеге асуын қамтамасыз ете алады.

Екінші тілді оқытудағы негізгі мақсат – оқушыға сөйлеу туралы қарапайым ұғым беру, отбасында, тұрмыста, оқу үрдісінде, мұғалімнің, жолдастарының екінші бір адамның сөзін түсініп, әртүрлі типтік жағдайларда (“Танысу”,  “Дүкенде”, “Ауруханада”, “Кітапханада” т.б.) сөйлеу біліктерімен бірге, дұрыс мәнерлеп оқу, сауатты жазу техникасын меңгерту. Сондай-ақ, ауызекі және жазба тілде қарым-қатынас жасауға қажетті сөйлеу дағдыларын, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Пән мазмұны: 1) сөйлеу (сөйлеу қызметі, тыңдау, диалог құрастыру, аударма, оқу, жазу); 2) тілдік (фонетика, орфоэпия, сөз, лексика, грамматика, синтаксис, графика, орфография); 3) этномәдениет (сөйлеу әдептілігі, ұлттық ойындар, тағамдар, қол өнері, музыка, үй жиһаздары, т.б.) материалдарын қамтиды.

Пәнді оқытуда тілді практикалық жолмен үйретуге баса көңіл бөлінеді.

Математика пәні оқушылардың  танымдық, шығармашылық қабілеттерін, интеллектісін қалыптастырып дамытуды, математикалық тілдің элементтерін меңгертуді,  “математикалық сауаттандыруды” басты мақсат етіп қояды.

Пән мазмұны  төрт блоктан құралды. Оның ішінде математикалық білім негізін, оқытылатын тақырыптар мен бөлімдердің номенклатурасын, көлемін анықтау арифметикалық, алгебралық және геометриялық блоктардың үлесіне тиеді; сондықтан бұлар ең басты блоктар болып есептеледі.

Төртінші блок – мазмұндық-логикалық есептер мен тапсырмалардың жүйесі – алғашқы үш блоктың негізінде құрылады және оқушы зейінін, қабылдауын, қиялын, есте сақтауын, логикалық ойлау элементтерін дамытуға бағытталады.

Мәселен, математика пәнінің мазмұны мынандай құрамдас бөліктерден тұрады:

оқушының сандық сауаты, оның алгебра элементтерімен (сандық-әріптік  белгілері, жалпылау-абстракция), геометриялық алғашқы түсініктерімен таныстыру, шамалармен (ұзындық, масса, аудан, уақыт), өлшем бірліктерімен, олардың қатынастарымен практикалық жұмыстар жүргізу;

бақылау, салыстыру, әртүрлі  жекеліктен жалпы ортақтық, мәнсізден  мәндіні айыру, заңдылықты түсініп есеп шығаруға пайдалану, қарапайым болжам жасап, оны тексеру, сызбамен, модельмен, әртүрлі мысалмен бейнелеу, берілген ұстаным бойынша объектілерді, ұғымдарды жіктеп топтастыру сияқты біліктер. Жалпы алғанда, математика пәніндегі қарапайым математикалық ұғымдар, түсініктер, білім мен біліктер, оларды оқушының тек еңбек және оқу әрекеттерінде қолдануы үшін ғана емес, сонымен қатар, олар мәдениеттің танымдық, коммуникативтік, еңбек, т.б. сияқты салаларын да меңгеруге көмектеседі. Ал, мұнсыз білімді әрі қарай жалғастырып, жалпы орта білім алу мүмкін емес. Дүниетану пәні адам, қоғам, табиғат, яғни реалды дүниенің ірі үш құрамдас бөлігі туралы оқушыларда біртұтас көзқарастың негізін қалыптастыруды және осы біртұтас дүниедегі адамның орны мен рөлін түсінуге көмектесуді басты мақсат етіп қояды.

Білім мазмұны “Адам”, “Қоғам”, “Табиғат” деп аталатын үш блоктан құрылады. Өзінің құрылымы, логикасы, мазмұны жағынан пәннің елеулі өзгешеліктері бар. “Адам” блогы – жаңа. Барлық блоктар мазмұны 1-4 сыныптарда үздіксіз оқытылады.

Дүниетану пәнінің тағы бір ерекшелігі – бұл пән мазмұны қазіргі заманғы ғылыми білімнің, мәдениеттің әртүрлі салаларынан (қоғамдық, жаратылыстану ғылымдары, экономика, этика, эстетика, құқық, өнер т.б.) хабардар ету негізінде дүниені танып білу әдістерімен (бақылау, тәжірибе, эксперимент, модельдеу, талдау, синтез, салыстыру т.б.) оқушыны қаруландыру арқылы оның ортамен сауатты қарым-қатынасын жан-жақты дамытып, тәрбиелеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Білім мазмұнын қамтитын ақпараттардың ауқымдылығы, мазмұн берілуінің жүйелілігі, білімнің теориялық деңгейінің жоғарылығы дүниетану пәнінің пропедевтикалық сипатын айқындайды және келесі сатыларда оқушылардың физика, химия, биология, тарих, қоғамтану, т.б. сияқты ғылым негіздерін нәтижелі зерделеуін қамтамасыз етеді, адамтану мәселелеріне арналған арнайы курс жасауға бастама болады. Еңбек, бейнелеу өнері, музыка, дене тәрбиесі пәндері біртұтас оқу-тәрбие үрдісінің ерекше қырларын ұйымдастыра отырып, сананың этикалық, эстетикалық түрлерін дамытудың, оқушының шығармашылық әлеуетін тәжірибелік іс-әрекеті арқылы ашудың, салауатты өмір сүрудің негізін қалайтын оқушы еркін, ағзасын шынықтырып жетілдірудің алғышарттарын жасайды, қажетті біліктері мен жағымды әдет-дағдыларын қалыптастырады.

Еңбек және бейнелеу өнері пәндерінің мазмұны бұрынғыдай тақырыптар бойынша емес, әр пәннің өзіне тән мазмұндық және іс-әрекеттік ұстанымдарға сай таңдалады. Екі пән бағдарламаларын бөлек жасауға болады, бірақ олардың интегративтік сипаты мүмкіндігінше сақталу тиіс. Мысалы, еңбек сабағында бұйым құрастырылса, бейнелеу өнерінде ол әшекейленіп, безендіріледі. Осы жұмыстардың барысында құрастыру, безендіру, түсті, бейнені (пішінді, мөлшерді т.б.) көркем қабылдау сияқты әрекеттердің әдіс-тәсілдері меңгеріледі. Әрине, бұл екі пәннің мазмұнында халықтың қолданбалы қолөнеріне ерекше мән беріледі. Осыған орай еңбек пәнінде “Халықтың қолданбалы өнері” деген арнайы бөлім енгізілуінің осы пәннің басқа тарауларында әртүрлі бұйымдар жасаумен және бейнелеу өнері пәнінде әртүрлі салаларымен байланысты беріліп отыратын халықтың қолөнерінің элементтерін жинақтап жүйеге келтірудегі маңызы ерекше екенін атап көрсеткен жөн.

Еңбек пәнінде атадан балаға мұра ретінде қалыптасып келе жатқан кәсіп түрлері, онда орындалатын іс-әрекеттер жайында мағлұмат беріліп, бұйымдарды жасаудың қарапайым элементтерін оқушыларға үйретуге ерекше мән беріледі. Еңбектің барлық түрлері, негізінен, тәжірибелік жұмыс орындау барысында жүзеге асырылады. Атқарылатын жұмыстың түрлері: сазбалшықтан мүсіндеу, мата, ағаш, металл, тері өңдеу, ою-өрнектің сызу, қию тәсілдері сыныптан сыныпқа қарай біртіндеп күрделеніп отырады. Сонымен қатар пән мазмұнында тоқу, өру, байлау тәсілдерін меңгертетін материалдар, қағаздан, матадан, жүннен жасалған киім-кешектердің, киіздің, тұскиіздің, сырмақтың кішірейтілген модельдері мен макеттерін жасаудың техникалық негізін үйрететін және оқушылардың өздеріне қызмет көрсету жұмыстары қамтылады. Бұл жұмыстар оқушылардың еңбек дағдысын қалыптастыруға, ұлттық        сана-сезімін оятуға, ата-баба дәстүрін жалғастыра отырып ел экономикасын өркендетуге үлес қоса алатын еңбек адамын тәрбиелеуге қызмет етеді. Бейнелеу өнері пәнін оқыту оқушылардың көркем эстетикалық талғамын, яғни, көру, сезу, түсіну, қабылдау, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру арқылы оларға эстетикалық білім және тәрбие беру мақсатын көздейді.

Пән мазмұны мынандай блоктардан тұрады: сұлу сурет (живопись), сәндік-қолданбалы өнер, мүсін өнері, сәулет өнері.

Әр блок мазмұнында іс-әрекеттің екі түрі қамтылады: өнерді қабылдау, көркем іс-әрекеттер. Өнерді қабылдау бөлімінде өнер шығармалары мазмұнын, оларды жасаған өнер қайраткерлерінің өмір, еңбек жолдары туралы мағлұматтарды оқушылар өзара пікір алмасу, сол өнер туындыларымен ойша диолог құру, т.б. тәсілдермен меңгереді. Ал тәжірибелік бөлімде оқушылар жазықтықта бейнелеу, мүсіндеу, сәндеу, сәулет өнерінің құрастыру жолдарын, технологиясын іс жүзінде орындап игереді.

Пән мазмұнында сәндік-қолданбалы өнер саласындағы қазіргі таңда  аса қажетті дизайн, мозаика, витраж (әшекейлеу) сияқты өнер түрлеріне, мүсін жасауды көркемдік жағынан орындауға ерекше мән беріледі.

Дене тәрбиесі пәні оқушының қозғалыс дағдыларының негізгі құрам  бөліктері мен дененің кеңістіктегі, белгілі бір уақыт ішіндегі біртұтас үйлесімді қозғалыс, дене мүшелерінің  жекелік қозғалыстары сияқты әрекеттерін басқара алу біліктерінің қалыптасуын, жалпы алғанда, оқушы денесінің дұрыс қалыптасып өсуін әртүрлі дене мүшелері қызметінің, қозғалысының қалыпты үйлесімділігін, ағзаның шынығуын, дені сау болып еңбекке қабілеттілігін қамтамасыз ететін мазмұнда құрылады.

Күш, жалпы төзімділік сияқты қозғалыс сапаларын кешенді дамыту және спорт техникасының алғашқы  дағдыларын қалыптастыру мақсатында білім  мазмұнында “Жалпы дамыту гимнастикасы”,  “Жеңіл атлетика” сияқты арнайы бөлімдер болуы қажет.

Ырғақты гимнастикада музыканы ырғақпен үйлестіре білу біліктерін меңгертумен қоса, қарапайым қозғалыстарды  үйлестіру және неғұрлым күрделі  жаттығуларды  игеру дағдысын жетілдіру  мақсаты көзделеді.

Сол сияқты шаңғы тебу, жүзу жаттығуларында оптималды физикалық жүктеме мөлшерін біртіндеп арттыру арқылы ағза төзімділігі қалыпты деңгейге жетіп дамиды. Жүру, жүгіру, секірудің табиғи дағдыларын бекітетін және жетілдіретін бұл жаттығулардың спорттық-техникалық нұсқаларын біртіндеп меңгеруді қамтамасыз ететін сюжеттік, арнаулы спорттық, ұлттық ойындардың мазмұны терең, жан-жақты берілуі керек.

Пәнді оқытуда, негізінен, репродуктивті әдістерге аса көңіл бөлінеді. Гигиена, күн тәртібіндегі ойын, еңбек, тынығу сияқты салаларда дене тәрбиесі пәнінің мазмұны басқа пәндермен, соның ішінде, дүниетану, еңбек, музыка сияқты пәндермен тығыз байланыста қарастырылады.

Бастауыш сатыда жекеленген пәндер, ең алдымен, оқушыда мәдениеттің базистік қырларын қалыптастыруға, яғни жеке-бас тұлғасын тәрбиелеуге қызмет ететіндіктен, білім мазмұнының интегративті біртұтастығын қамтамасыз етудің маңызы зор. Бір сыныпта барлық пәнді бір мұғалімнің оқытуының да мәні осында.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыс үрдісіндегі дамыта оқытудың теориялық және тәжірибелік негіздері