Ай фазасы

Дата добавления: 24 Февраля 2012 в 04:54
Автор: A******@mail.ru
Тип работы: реферат
Скачать полностью (9.92 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Ай фазадан.doc

  —  40.50 Кб


       Көптеген ғалымдар адамның тағдырын кей кездері аспан денелеріндегі, жұлдыздардағы, Күндегі және Айдағы тылсым физикалық құбылыстармен байланыстырып жатады. Мені Айдағы құбылыстардың, атап айтсақ, Ай фазаларының ауысуы, Айдың мұхитқа әсері  адамның және жердегі тіршіліке әсер ету қызықтырады.

Ай — Жердің табиғи серігі, өзінен жарық шығармайтын Жерге ең жақын аспан денесі.. Ол Жерді эллипстік орбита бойымен (1,02 км/сек жылдамдықпен) айналады. Ай Жер тәрізді, диаметрі 3476 км (Жер диаметрінен 4 еседей аз), тығыздығы 3343 кг/м3. Орбитасының эллипсті және аспан денелері ұйытқуы ықпалында болуына байланысты Айдың Жерден қашықтығы 356400 км-ден (перигейінде) 406800 км-ге (апогейінде) дейін артады, ал орташа қашықтығы 384401 км. Осы ауытқуға сәйкес айдың көрінерлік бұрыштық диаметрлері 33'32"-тан 29'20"-қа дейін өзгереді.

    Адам организміндегі биологиялық ырғақ Жерді толық бір айналуына 28-30 тәулік кететін Айға едәуір тәуелді болып келеді.Айдың айы жаңа айдан жаңа айға жалғасатын 30 күннен тұрады. кейде тіптен Ай күнтізбесінің жартысына дейін жыл аяқталмаған циклға ие болады және 29 күннен болатын жағдайлар болады.Міне, дәл осындай циклде адам психикасында үлкен физикалық күш пайда болып,осы айлардағы әсіресе критикалық күндердегі жағдай адамға қиыншылық әкеледі.

    Жаңа Ай –бұл Күн мен айдың үйлесуі, ал толқ ай бұл олардың қарсы келуі.Айдың әсері екі формаға бөлінеді- Айдың ұлғаюы және кішірейуі.Айдағы ай ең маңызды төрт нүктеге ие болады(жаңа ай, толық ай, бірінші жене үшінші төрт күндік күн).Қалыптағы Айдың ырғағынан басқа , жеке айлық Айдың бастамамсы болатын бірінші айлық күннің және де адамның туған күні қабылданатын жекеше ырғағы болады.Жеке айлық айдың ырғағы адамның туған күнінен, оның ақырғы күніне дейін тұрақты болады.Адамның жеке ырғағының мәні адамға көп қиыншылықтардан қашуға, өзін-өзі қалыптастыру жолында максимум дәрежеде энергия алуына септігін тигізетіндігін көптеген ғаламдар дұрыс деп санайды.

  Айдың гравитациялық күшінің әсерінен Жердің үстіңгі қабатында вертикаль бағытта 50 см шамасында, ал горизонталь бағытта 5 см шамасында деформация пайда болатын әсер пайда болады.Осы әсердің осыданда күштірек әсері Жердің сулы ортасында көрінеді және ол мұхиттың жағажайлы зонасына әрбір 12 сағ. 25 мин сайын толқынның көтерлілуіне әсері тигізеді екен.Сонымен қатар Айдың гравитациялық күшінің ең атақты әсері планетамыздағы Дүниежүзілік мұхиттардың көтерілуі мен қайтуына әсері болып табылады.Ашық мұхитта су деңгейінің көтерілуі бар болғаны 1 метр, ал мұхит ішінде оданда аз.Бірақ, Канада мен Ресей жеріндегі шығаңақтардағы судың деңгейі толқын көтерілуі кезінде 15-18м көтеріледі.Бұдан жаң ай мен толық ай туғанда су деңгейі басқа уақыттардан қарағанда жоғара болатындығын көреміз.Жаңа ай мен толық ай туған кезде Ай мен Күннің толқынның көтерілу көлеміне әсерінің бағыты бірдей болады. Айдың осындай грвитациялық күшінің әсері Жер шарындағы тірі организмдерге де әсерін тигізері анық.Мысалға,көптеген жануарларға жасаған зетттеулердің нәтижесі олардың организіміндегі зат алмасудың жылдамдығының өсуі Жаң ай туған кезде және кемуі толық ай кезінде болатындағын көрсетті.19213ж ағылшын ғалымы Г.Фокс Айдың көптеген теңіз хайуанаттарының көбеюіне әсерін және олардың репродукциялық циклдері Аймен дәл келетіндігін анықтаған.Табиғатты бақылай отырып,, грек философтары әртүрлі тылысым күштердің бетін ашты.Олар Ай циклінің ең соңғы төртігінде теңіз хайуанаттарының көбеюінің белсенді болатындығын дәлелдеді.Ал Аристотель толық ай туғанда теңіз кірпілерінің аналығының ісінетіндігі зерттеп, осы кеге дейін зоологияда сол тірі органдарды «Аристотель шамы»деп атап кеткен.Цицерон теңіз устрицалары мен қабыршақты моллюскалардың Ай фазасна тәуелдігінен үлкейетіндігін және кішірейетіндігін айтқан.Айдың теңіз жануарларына әсері туралы тіптен б.э.д.400 жылдарғы медицинаның атасы Гипократтың өзі жазып кеткен.Американдық психиатр Арнольд Либер өзінің «Айдың эффектісі» атты еңбегінде ол былай деп жазады: «Айдың гравитациялық күшінің мұхит пен теңіз суына тигізген әсері адамның ішкі биологиялық «көтерілуіне»де әсерің тигізеді, оны кейбіреулер байқамайды, ал кейбіреулер ақылсыздыққа барады ».Солтүстік- Батыс Университетінің биология профессоры А.Браун Жер мен Ай арасындағы байланысты анықтауда эксперимент жасайды.Кейінен ол Бермуд аралында биологиялық центрда жұмыс істеп,сонда алғаш рет күтпеген жерден екі таңқаларлық фактыны байқайды:Айдың периодты өзгеруінде ай сайын бермуд асшаянының үйірі мен атланттық жарқырауық құрттың шоғырының пайда болуы.Ең таңғаларлығы бұның анық ай фазаларында болтындығы.Бірақ қаншалақты мұхиттың өзі Айдың Жердегі процестерінің индикаторы болатындығын білу мақсатында Браун биологиялық эксперимент жасауға кіріседі.Ол жазда Будс-Холладағы теңіздегі биологиялық зертханада тұрғылықты устрица мен кішкентай шаянның жеке ырғағын анықтады.Коннектикуттың штаты Нью-Хейвенде жиналап алынған устрицаларды Иллинойс штаты Эвансондағы қараңғы су қоймаға әкеліп,одан оларды теңіз суларына салып,онда қараңғы бункерге қояды.Алғашқы үндері олар Нью-Хейвендегі көтерілу фазаларының жоғарлау уақытындағы өздерінің қуыстарын максималды түрде жасыруларын жалғастыра берді,ал екінші аптаның аяғында устрицалар өзінің ырғағы мен стилін қуыстарын максималды түрде ашу арқылы өзгертті.Ол кезде Ай зенит пен надирде тұрған кезі болды.Қандайда бір Аймен байланысқан физикалық фактордың әсері  бункердің қабырғасына ғана емес,сонымен қатар Жер шарының қалыңдығына да әсерін тигізіді.

  Сонымен Айдың электромагниттік өрісі теңіз суларының ауық-ауық жағадан аулақтап, тартылуы мен серпілуіне қарай әсер етсе, адамзатқа да, фауна мен флораға да солай әсер ететін болғаны. Мен адамның ми жүйесінің Жердің магнит өрісімен тікелей үн қатысып отыруына жөз жеткіздім.Электромагниттік тербелістерді қабылдайтын қасиеті мен қабілетін музыканттар мен суретшілердің Ай толған сәтті асыға күтетінінен байқауға болады.      Сонымен Айдың магниттік қуатының адам миындағы магниттік бөлшектерге тікелей әсерін мынамен байланыстыруға болады.Жердегі судың көлемі мен адам ағзасындағы судың құрамы 70% құраса, адам миындағы бұл көрсеткіш 85% теңеледі екен.Демек, теңіз суларын қозғайтын Айдың қуаты адам миындағы суға да дәл солай әсер ететінін түсінуге болады.

  Сондай-ақ Ай Жердің электромагниттік өрісінің артуына да Күнмен бірге әсері тигізеді екен.Егер Жердің магнит алаңы қазігісінен сәл күшті болса, жер бетінде жиі әрі өте күшті магнит дауылдар болады.Магниттік дауылдар кезінде планеталардың магниттік аймағының айналасы қатты күшейіп, адамдарға кейде кері жағдайын тигізеді.Әсіресе ең қорқыныштысы магниттік дауылдың адам қанына әсері болып табылады.Жалпы магниттік дауылдар кезінде лекемия немесе анемиямен ауыратын адамдар көп зардап шегеді.Бұл кезде адам қанындағы лейкоциттер белгілі бір циклдан өткен кезде сол циклға сай келмей қалады.

     Ай толған кезде адам өзінің бойынан белгілі бір тылсым күшті сезініп, кез жұмысты жасауға дайын болып,өзінің күшіне деген сенімділігі күшейе түседі.Ал кішірейгенде керісінше, әлсіздікке аслынып,еш нәрсе жасауға көңілі соқпайды.Осы уақыттарда адамдардың депрессиялық күйге ұшырауын толық аңғаруға болады.Бұндағы байланыс айдың толуымен кез келген жобаны бастауға, ал кішірейуі аяқтауға әсер етеді.

Ай орбитасы жазықтығы мен Жердің Күнді айнала қозғалу жазықтығының арасындағы бұрыш 50 градусқа жуық. Айдың эллипстік орбитамен шығысқа қарай бір тәулікте 13градустай жылжуына байланысты оның Жерден қарағандағы көрінісі өзгеріп отырады. Осыған сәйкес ай фазасының ауысуы адамға, өсімдіктерге,теңіз хайуанаттарына және жалпы алғанда биосфераға әсер етеді екен.Айдағы жағдайлардың Күнге байланысты саластырмалы қатыстығымен тығыз байланыста болатын 4 фаза Айдағы  ай болып табылады.

 

Сол сияқты Айдың фазаларының өзгеруі адам организмі мен психикасына әр түрлі әсер етеді.Айдың алғашқы екі фазасы айдың ұлғаюы кезіңде, ал соңғы екі фазасы айдың кішрейуі кезіңде болады.

                                                          Айдың ұлғаюы

1 фаза (1-7 айдын тәулігі) Фазаның басы- жаңа туған Айдан.Күн мен Ай бірігіп, Жерден қашықта болады.Олардың гравитациялық күштері теңгеріледі. Бұл адамға оң әсер береді.Әрбір ер адамның күші өзінің максимум күйіне енеді.

  2 фаза(8-15)фазаның басы- алғашқы бейсенбі.Адам организмі күшке толып, бойындағы белсенділігі артады.

                                                           Айдың кішірейуі

3 фаза(16-22 айдың тәулігіг)фаза басы – толық ай.Бұл фаза кезңде Ай Күнге қарама-қарсы бағытта орналасады.Олардың гравитациялық күштері өзгереді.Үшінші фаза кезіңде әйел адамның ағзасы бесендірек болып, ал ер адамның ағзасы керісінше әсерін тигізеді. Бұл уақытта хирургиялық  операцияларды жасауға қауіпті, адам организмі қанға толып,қан айналымы нашарлайды.Және де осы уақытта дүниеге келетін адамдар саны мен өлім, өз-өзіне қол жұмсаушылықтар көбейеді.Ол, біріншіден, Айдың Жердегі суға әсерінен, екіншіден қанға (көбірек жүрек ұстамасы және ісіктер).

4 фаза(23-29)фаза басы – соңғы бейсенбі.Бұл кезде бастаған жобаны аяқтап, жаңасын дайындау керек.Өйткені адам организмі әлсіреп,белсенділікке қарсы әрекет жүреді.

Сондықтан ай толғанда:

-өлім мен елестер туралы кітап оқымауға;

-ұйықтар алдында шулы ойындар ойнамауға;

-соғыс және боевиктік фильмдерді көрмеуге;

-үйден алыс кетпеуге;

-шулы мерекелерге қатыспауға кеңес берер едім.

  Сонымен айдың электромагниттік өрісінің адамның сана сезімінің басты орталығы болып саналатын ми жүйесіне әсер етуінің өзі таңқаларлық жағдай.Сонымен қатар Ай фазаларының өзгеруінің адам психикасына, ал гравитациялық күшінің мұхит суларына әсері әлемді әліде болсын толғандырады деп сенем.



Описание работы
Ай — Жердің табиғи серігі, өзінен жарық шығармайтын Жерге ең жақын аспан денесі.. Ол Жерді эллипстік орбита бойымен (1,02 км/сек жылдамдықпен) айналады. Ай Жер тәрізді, диаметрі 3476 км (Жер диаметрінен 4 еседей аз), тығыздығы 3343 кг/м3. Орбитасының эллипсті және аспан денелері ұйытқуы ықпалында болуына байланысты Айдың Жерден қашықтығы 356400 км-ден (перигейінде) 406800 км-ге (апогейінде) дейін артады, ал орташа қашықтығы 384401 км. Осы ауытқуға сәйкес айдың көрінерлік бұрыштық диаметрлері 33'32"-тан 29'20"-қа дейін өзгереді.
Содержание
содержание отсутствует