Педагог және оның қоғамдағы рөлі

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 22:21, реферат

Описание работы

Педагогика бұл-адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау немесе тәрбиелеу мен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді. Педагогика барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында қарастырылды. Ежелгі грек философтарды Гераклит, Демокрит,Фальс, Сократ, Аристотель, Платон, т.б. ғылымдарының педагогикаға қосқан үлесі зор. «Педагогика» деген ұғым көне грек елдерінде б.э.б. 2,5 жылда пайда болған дейді. Педагогика деген сөз, яғни тәрмин, көне грек тілінен шыққан, ол балаларды ертіп жүру, баланы жетектеп мектепке апаруы деген сөз. Анығырақ айтатын болсақ, "Педагогика" тер¬мині гректің екі сөзінен: "пайс" - балалар және "эгейн" - ба¬ланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Адам өмір бойы тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді.

Содержание

Кіріспе
Педагогика мамандығының пайда болуы мен қалыптасуы
Педагогиканың шығуы және дамуы
Педагогтың жеке тұлғасы
Мұғалімнің кәсіптік этикасы, педагогтік әдептілігі
Педагогтың орны мен рөлі

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

педагог және оның қоғамдығы рөлі.docx

— 37.33 Кб (Скачать)

Мұғалімнің оқушылармен  дұрыс қарым- қатынас жасауында  педагогтік әдептілік  жетекші орын алады. Ол- мұғалімнің жоғары шындық, қайырымдылық, ұстамдылық, сабырлылық, әр түрлі жағдайда оқушымен дұрыс қарым- қатынас жасай  алатын ептілігін көрсететін адамгершілік тәртібі. Мұнымен мұғалімнің педагогикалық  жағдайы бағалау, оқушы ерекшелігін  есепке алу, педагогикалық ықпалдың нәтижесін алдын- ала көре білу, өзіне  үнемі бақылау жасау, оқушы ісіне  көз тігу, ым, қимыл жасау арқылы әсер сияқты мамандыққа сай ептілік  түрлеріне байланысты. Демек, педагогтік әдептілік- мұғалімнің сезімдік- эмоциялық  дағдыларын- қызбалыққа салынбау, кепінен  ашу- ыза танытпау, қандай жағдай болса  да ұстамды болуын қажет ететін мінез- құлық белгілері.

Мұғалімнің оқушымен сабақта, сабақтан тыс және демалыс кезінде  қарым- қатынасына байланысты педагогтік әдептілік түрлі формада байқалады. Мысалы, сабақтың жаңа оқу материалын баяндау кезеңіндегі оқушылар оқу  материалын түсінбеуінен оны ұғынбауы, тыңдамауы мүмкін. Мұндай жағдайда әдепте мұғалім оқушыны жазғырмай, өзінің білетінің дәріптемей, оқушылардың  оқу материалын түсінетініне сенім  артып, ынтымақтасып, зейінін, белсенділігін  көтереді.

Сабақта оқушы білімін  сынау бағалау кезеңінде мұғалім  оқушының айтқанын мұқият тыңдап, сөзін  бөлмейді, қате айтқанын бетіне басып  табалмайды, қайта «сен ойланып көр, асықпа»- деп айтуға жағдай жасайды. Мұғалімнің әдептілігі оқушыға баға қоюынан да көрінеді. Егер мұғалім  бағаны қалай болса солай қоя  салмай, оқушының табысына қуанып, сәтсіздігіне реніш кейпін көрсетсе, онда мұғалім  мен оқушы арасында дұрыс қарым- қатынас болып, белсенділігі арта түседі.

Ғылыми деректер  бойынша  өмірде бір мың төрт жүзден астам  мамандық түрлері бар. Оның ішінде мұғалім- (оқытушылық қызмет) жас ұрпақты  тәрбиелеу, оқыту мәселелерін шешетін  болғандықтан. Ізгілік сипаты жоғары болуы керек.

Педагог қызметінде шәкірттерге  өнеге көрсету, қарым- қатынас жасауға  үлгі болу, өзгелерге әсер  етудің тиімді тәсілін табу, шеберлік пен  шығармашылықты таныту және кішіпейілділік пен адал еңбек ету дәстүрін білдіру  қасиеттеру ізгілік сипатын білдіреді.

Тоқырау жылдарында жоғарыдан  бұйрық беру, көз бояу сияқты әдіс- амалдар  нәтижесінде педагогтік қызметтің  ізгілік сипаты деформацияға ұшырады. Бұдан педагогтар қатарында өз ісіне  шын берілген ізденіс жасайтын, баланы, мектепті сүйетін адамгемршілігі таза жандар жоқ деуге болмайды. Педагогтар арасында жақсы қасиеттерді көрсетіп жүргендер бар. Бірақ қоғамдық- әлеуметтік жағдай мұғалімдерде жақсы қасиеттердің кең етек алуына кедергі болды.

Қоғамызда орын алған жариялылық пен демократияға байланысты педагогтар қызметінде ізгілік сипат өріс ала  бастады.

Мектептің негізгі міндеті  оқушылардың қызығуы мен қабілетін  есепке алып, білім және тәрбие беру болып саналады. Бұл іс әрбір жердің, ұлттың, оның дәстүрлі мен салтын есепке алып, оқыту мазмұны мен формасын ерікті таңдап, жоғарыдан қасымсыз өз мақсаттарына байланысты нәтижеге жеткенде ғана шешіледі.

Оқушының өз бетінше жұмыс  жүргізуі, оған үйретуге, оқушының қолынан  іс келетіндігіне сенуге, жеке басын  құрметтеуге байланысты. Егер осы  жағдай бұзылса, мұғалім мен оқушы  сында жалған қарым- қатынас, тіпті  келіспеушілік пайда болады. Бұл  оқушының оқуға қызығушылығын төмендетеді. Кейбір педагогтар оқушының қуанышын, ренішін білуді, олармен ынтымақтасуды, бірге жүріп- тұруды, қажетті ақыл- кеңес беруді керек деп таппайды. Өзінің «таза» болғаның дәрежеге көреді. Мұндай жағдай мұғалім- оқытушы қызметіне  ізгілік сипат бере алмайды, қайта  оқу- тәрбие процесін тұйықтыққа тірейді.

Педагогтің шәкірт алдында  «бәрін білетін» болып көрінуі орынды болар. Бірақ барлық кезде тек  өзі ғана білетін бодып, оқушы  тыңдаушы ретінде қарауы өнеге көрсетуге, қарым- қатынас жасауда үлгі болу немесе ынтымақтасу емес, жеке басын  даралау болып саналады. Егер педагог  оқушының барлық ісіне ымырашылықен қарап, олардың өмірінде не болып  жатқанын көрмесе, болмаса оқушыны  қорқынышта ұстап, шеңберден шығармаса, онда оқушылардың белсенділігі, талғамы  төмендеп, соңында қоғамдық пікір, сенім, мәдениет өз мәнінде қалыптаспайды. Сондықтан оқушының әрекетіне талдау жасап, бағыт- бағдар беру, шеберлік үлгісін  көрсету педагог ісінде ізгілік  белгіні танытады.

 

 

 

 

5.Педагогтың орны мен рөлі.

Білім  беруді жаңарту үнемі алға қарай ұмтылу мен даму үдерісі болып табылады. Бұл - білім беруде кезең-кезеңмен өтетін және алынған нәтижелерге сәйкес түзету енгізіліп, талданатын өзгерістер. Білім беруді жаңарту үдерісі салт-дәстүрді, мәдени мұраны, жалпы ұлттық құндылықтарды көздің қарашығындай сақтауды талап ететін тұрақты жүйелерден тұрады.12 жылдық оқытуға біртіндеп көшуді жүзеге асыру оның қажеттілігі мен тиімділігін әр педагогтың, ата-ананың саналы түрде түсінуін, қабылдауы мен оған белсенді түрде араласуына мүмкіндік беруді, асқан ұқыптылық пен сезімталдықты қажет етеді. 
Жалпы орта білім беретін мектеп - жаңа қоғам мектебі, болашақтың мектебі. Бұл мектеп мәдени салалы, баланың жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасайтын, өзін-өзі тануына көмектесетін, физикалық және рухани жағынан экологиялық таза, ізгілендірілген, өмірге, дүниеге тік қарай алатын, қоршаған ортамен жүйелі байланыс түзетін, білімнің жаңа мазмұнымен байланысқан, әлеуметтік өмірге бейімделген, бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ өсіріп, дамытып, жетілдіретін мектеп болуы тиіс.Болашақтағы үлгілі мектептің орнығуына байланысты онда білім беретін мұғалімдер де,  олардың кәсіптік сапалары мен педагогикалық қызметіне де ерекше өзгерістер енгізуді қажет деп санайды. 
Бүгінгі таңдағы еліміздегі білім ұйымдарының басты міндеті - баланың денсаулығына жағымды ықпал етуді көздейтін білім беру ортасын құру. Жаңарту идеясын әзірлеушілер білім берудің миссиясы мен мақсатын анықтай отырып, нақты қадамдар қарастырған. Әрбір педагогтың, басқарушының өз ісіне шығармашылықпен, жауапкершілікпен қарай отырып, игілікті қарым-қатынас нәтижесінде ғана жүзеге асады. Оқытудағы басты мақсат - алдындағы оқушыларға таза білімнің өзін бере білу емес, бүгінгі алған білімін өмірілік қажеттіліктеріне сай пайдаға асыра білуге үйрету. Бірлескен жұмыста нәтижені орындаудың барысы, жолдары мен тәсілдері талданып, объективті баға беріледі. Үрдіс пен нәтижеге баға беру мұғалім тұрғысынан ғана емес, оқушы тарапынан оның өзіндік бақылауы мен бағалауы арқылы жүргізіледі. Бұл жағдайда өзіндік түзету, өз әрекетіне өзгеріс енгізу арқылы нәтижелердің тиімділігі қамтамасыз етіледі, сөйтіп баланың құндылықтық көзқарасы және өзіндік бағасын дұрыс қалыптастыруға қолайлы орта пайда болады. Өзіндік шешім қабылдауға жағдай туғызылғанда, бала өзінің ерекшелігі мен деңгейін біледі. Оқушылардың белсенділігі, танымы артып, дәстүрлі оқытудың тиімділігі жоғары болады. Баланың ойлау қабілеті, қоршаған ортаға көзқарасы, өмірдегі өзінің орны туралы ой пікірінде өзгерістер пайда болады. Тәжірибе жүзінде меңгерген ұжымдық ойлау мен жұмыс істеу ұжымдық ұстанымдарды бағалауға тәрбиелейді. 
12 жылдық мектептегі оқыту үрдісін тұлғалық бағдарлы мазмұнда жүргізу мұғалімдер үшін тиімді. Бұл кезде білім беру үрдісі ізгілік пен демократиялық заңдылықтарға негізделеді. Барлық деңгейдегі педагогикалық әрекеттер оқушылардың шаршатуын болдырмауды көздейді. Мұғалім өз әрекетінде қандай өзгерістердің қажет екенін сезіне алады, өз қызметінің бүгінгі күн талабы, қоғам, ата-ана, оқушы сұранысына сәйкестігін біледі. Оқушыларды оқыта отырып оқу құндылықтары қатар жүретін практикалық әрекеттерге баулу, баланың қолынан келетін істерін қолдау арқылы қиын проблемаларды шешуге көмектесу болып табылады.

Мұғалім қазіргі уақытқа сәйкес болу керек. Ол - 12 жылдық реформаға  байланысты басты адам, сондықтан  жаңа формация педагогын дайындау - ең өзекті проблема. Мемлекеттік білім  беру бағдарламасында педагогтарды қайта даярлауға қаржының көп  бөлінуі кездейсоқ емес. Мектептерде  өз ісінің шеберлері, жоғары кәсіп иелері қызмет атқарады, бірақ нарықтық талаптарға сай дұрыс шешім қабылдай алмайды. Сондықтан қазіргі заманғы мұғалімдерге психологиялық-педагогикалық білім  өте қажет. Жаңа мектеп мұғалімі ‘‘дайын‘‘  білім көзі ғана болмай, оқушылардың  танымдық іс-әрекеттерінің ұйымдастырушысы  және үйлестірушісі бола білу, білімнің құндылық ретіндегі сипатына терең  мән бере білу, нәтижеге бағытталған  білім беруде жаңаша жолдар мен әдістер  табуға дағдыланған маман болуы  қажет. Ал оқушының танымдық, шығармашылық қабілетінің ресурс ретінде дамытылуы  үшін мұғалімнің өзі де шығармашылық жұмыспен айналысуы тиіс. Демек, 12 жылдық мектептің ұстазы өскелең заман  талабына сәйкес шығармашылыққа бейім, зерттеу жұмысы тәсілдерін қолдана  алатын маман болуы тиіс.

Мұғалім - тек ақпарат жеткізуші  ғана емес, ол оқушының білім алу  кезеңіндегі өмір жолын анықтауда  сенімді серігі. Қазіргі оқыту  үдерісі оқушы мен мұғалім  арасындағы ынтымақтастыққа, түсіністікке, сыйластыққа негізделіп, оқушының ізденушілігін  дамытуға бағытталуы керек. Жаңа педагогикалық  технологиялар тұлғаның ойлау жүйесін  қалыптастыруды, түрлі ситуацияларда нақты шешім қабылдай білуге, өзіндік көзқарасы мен пікірін жеткізе білуге, өзінің іс-әрекетін бағалай білуге үйретуді мақсат етеді. Бұл педагогикалық ұстанымдар 12 жылдық мектептің негізгі өзегі болып табылады.

Бүгінгі күнде мектептің жаңа реформалық жүйесі 12 жылдық білім беру турасында  әрбір өзін кәсіби деңгейі жетілген деп есептейтін кез келген мұғалім, білім беру қызметкері бұл жүйенің  қыр-сырын түгел меңгермей, бала дамуының мәселелерін түгелімен  меңгере алмайды. Мұғалімнен парасаттылықты, ақылдылықты, мәдениеттілікті, іскерлікті, шеберлікті талап етеді. Мұғалім  кез келген әдіс-тәсілді оқу тәрбие процесінде кәсіби тұрғыдан жүзеген  асырумен қатар, әрбір оқушыны, оның құрдастарымен, ата-анасымен қарым-қатынасын  анықтап отыруы қажет, бұл оның педагогикалық-психологиялық  тұрғыдан білімінің зеректігін көрсетеді. Кез келген оқу процесі немесе тәрбие процесі болсын, немесе күнделікті өмірде болсын мұғалім балалардың жас  және дара ерекшеліктерін, жеке психикалық жай-күйін дұрыс бағалай алмаса, белгілі бір мақсатқа қол жеткізіп, сыныпта жақсы психологиялық  климат жасай алмайтыны белгілі. Тек тыңғылықты педагогикалық, пәндік дайындығы бар мұғалім ғана оқу  процесінің барлық міндеттерін жан-жақты  шеше отырып, өз тәжірибесін әдістемелік  тұрғыдан байыта алады. Егер мұғалім  өз саласы бойынша пәндік білімі жетік  болса, педагогика мен психолгияны  толық меңгерсе, әр уақытта өз әрекетін дұрыс ұйымдастырып отырса, онда біртіндеп  өзінің педагогикалық шеберлігін кәсіби тұрғыдан шыңдай түседі. Оқу процесінде көптеген күтпеген жағдайлар болады. Атап айтатын болсақ, оқушылардың  сабаққа үлгермеушілігі, ата-аналармен  қарым-қатынас деңгейінің жеткілікті болмауы, құрдастарымен келіспеушілік  жақтары кездесіп отырады. Бұл мәселелердің шешімін мұғалім әрбір баланы жеке зерттей отырып, зеректікпен  анықтай алады. Егер ол шешілмеген жағдайда, бұл психологиялық соққыға тек  қана мұғалім немесе мектеп, ата-ана  ғана емес, қоршаған  орта, құрдастары да әсер етуі мүмкін. Сондықтан асығыс шешім қабылдаудан бұрын мәселенің мән-жайын толық зерттеп біліп алу - тағы да мұғалім үшін жауапты нәрсе. Мұғалім оқушының жас ерекшелігін ескере отырып, олардың не қалайтынын, ұжымға сіңісуін, сынып алдындағы бедел жинауын, белгілі бір пәнге қызығушылығын, жолдастарының өзіне деген ынта-ықыласын қанағаттандыруды ұйымдастыруымыз керек. Кез келген жаста оқушы үшін көпшілік алдында ұятқа қалу, беделін түсіру, ұрыс-жанжалға бару ішкі жан дүниесін бұзады. Мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние емес екенін біз жақсы түсінуіміз керек, сондықтан өмір бойы ізденіп, зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін анық аңғарғанда ғана толық нәтижеге жете аламыз. Мұғалімнің әрбір  сөзі мен ісі, қимылы, киімі, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен орын алады. Қазіргі уақытта оқу-тәрбие процесін бөліп-жарып қарастыруға болмайды. Бұл екі бағыттың да көздеген мақсаты тұлғаны қалыптастыру, саналы, салауатты азамат  тәрбиелеу болып табылады. Мұғалім үшін оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі көзі сабақ болып табылады. Мұғалім өзінің алға қойған мақсат-міндеттерін сабақта жүзеге асыра алады. Тек  сабақта ғана мұғалім оқушылармен ұжымдық, топтық, жеке жұмыстар жүргізе отырып, оқушылардың білімінің мол, дүниетанымының кең, тәрбиелі азамат болып өсіп шығуына мүмкіндік жасайды. Бүгінгі таңда 12 жылдық білім беретін мектептің оқу бағдарламасы ғылыми-педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық жетістіктерге байланысты күрделене түсті. Оқу материалы ғылымилана, нақтылана, өздігінше адам ресурстарының мәселелерін шешуге бағытталған тұста мектеп пен мұғалім үшін қоғам алдында жауапты кезең келді. Жалпы орта мектептен алынған білім одан әрі дамып, әрі қарай оқуға ұмтылуға талпынғанда ғана өз нәтижесін бермек. Оқушы бойында өзінше белсенді ой тұжырымын жасауға үйрету, қалыптастыру - дамытып оқыту жүйесінің үлесінде. Дамыта оқыту жүйесінің негізі мұғалім оқушыларға көп материал беруі емес, нақтыны меңгерте отырып, нақты білімді тірек-сигнал есебінде өз білімін одан әрі дамытуға үйретеді. Сабақта мұғалім оқушылардың тек интеллектуалдық дамуына назар аудармай, тұлғалық қасиеттерінің ұшталуына басшылық жасауы керек. Оқушыны оқуға күштемей, танымдық қызығушылықтарын, талпынысын, мұқтаждығын, ерік-жігерін оқу жұмысына бағыттағанда ғана білім беру тиімді болады. Мұғалім жұмысының нәтижелі болуы оның сабақтан шығармашылық әсер алуына байланысты. Жақсы жоспарланған, тыңғылықты дайындалған, жан-жақты ойластырылған сабақ мұғалімнің сол сабақты өткізу алдындағы көңіл-күйінің жайсаңдығына байланысты өтеді. Мұғалімнің сабақтағы көңіл-күйі өтілетін жаңа материалға байланысты шоғырлануы керек. Жаңа қоғам мұғалімі үшін өзінің шығармашылық жұмысына ұқыптылықпен қарау нәтижелі сабақтың жағдайын жасау болып табылады. Кейде мұғалімге сырттан келген факторлар қатты әсер етеді. Сабақ алдында әлдекіммен ренжісу, өзіне деген ескертулерді есту бізде жиі кездеседі. Кей кезде мұғалім сабаққа өзіне-өзі сондай сенімділікпен кірсе де, сабақ барысында әр түрлі жағдайлар болады. Мұндай жағдайларда мұғалім өзінің негізгі мақсатын жоғалтып алмауы керек. Тек нақты мақсат пен материалды жетік меңгеру мұғалімге кез келген күтпеген жағдайды сабақты сабақ етіп, сыныпты сынып ретінде ұстап, аспай-саспай жүзеге асыруға, жұмыс формасын бұзбауға көмектеседі. 12 жылдық білім беру жағдайында мұғалімнің өз өмірлік және педагогикалық тәжірибесін пайдалана отырып, балаларды бірлескен әрекеттерге тартудың алуан түрлі әдістерін, өз бойында бар мүмкіндіктерін жүзеге асыруды ұйымдастыру мүмкін болады дей аламыз. Оқушының өзіндік тәжірибесінің даму сатылары, оның рефлексиялық талдау жасай алуы, өз әрекеттеріне өзгеріс енгізе алуы, өзін үнемі жетілдіріп отыру және рефлексиялық қажеттіліктің тұрақталуы сияқты кезеңдерден тұрады. Оның соңғы нәтижесі ретінде тұлғаның субъектілік тәжірибесінің құрылымы қалыптасады. Осылайша қарастыру негізінде 12 жылдық білім беру үрдісінде оқушының өзіндік сана, өзіндік таным, өзіндік білім алу, өзара қарым-қатынас, өз өмірінің субъектілігі тәрізді тұлғалық сапалары пайда болады және одан әрі дамиды деген тұжырым жасауға болады.

 

 

 

                                                   Қорытынды

 

Қазақстан Республикасының  егеменді ел болуы жас ұрпақтың жан- жақты дамуын, дүниежүзілік алдыңғы  қатардағы ақыл- ой мен тәжірибені өскелең өмір талабына жеткізуін, халқымыздың  көп жылдар бойы тұншығып келген тілін, мәдениетін, тәлім- тәрбиесін жаңартуды  талап етеді. Аса маңызды бұл  іс қазақ орта мектебінің, арнаулы  және жоғары оқу орындарының оқу  мазмұнын әсіресе жас жеткіншектерге тәлім- тәрбие беретін жоғары педагогикалық  оқу орындарының түлектеріне - болашақ  мұғалімдерге өз мамандығы бойынша  терең білім беруге және оқушыны  кеңінен танып білуге, олармен  тиімді тәрбие жұмыстарын жүргізуге  мүмкіндік беретін оқу мазмұнын тандауға байланысты.

Қазақ халқының көрнекті педагогі Ы.Алтынсарин: «Халық мүдделері үшін ең керектісі- оқытушы. Тамаша жақсы  педагогика құралдары да, ең жақсы  үкімет бұйрықтары да, әбден мұқият түрде жүргізілген инспекторлар бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды» - деп, мұғалімнің баланы оқыту мен  тәрбиелеу ісіндегі жауапкершілік  міндетін жоғары бағалаған. Қазір бұл  міндет төмендеген жоқ, қайта ғылыми- техникалық прогреске сәйкес оқушыларға терең білім беру, халқымыздың  дәстүрлі мен әдет- ғұрпы, салтына  сай имандылыққа тәрбиелеу қажеттілігі  туған заманда, мұғалімдерге күрделі  жаңа міндет жүктеледі. Осыған байланысты педагогикалық жоғары оқу орындарының  жұмысын жаңарту қажеттілігі  туады.

Педагогика - жеке адамды қалыптастыруға байланысты белгілі мақсатқа бағытталған  жүйелі жұмыс және білім беру, оқыту, тәрбиелеу әдістері мен формалары, оның мазмұны туралы ғылым.

Бұл курстық жұмысының  мақсаты-  мұғалімдердің өз кәсіби қыры мен сырын көрсету, және жеке тұлғасы мен кәсіптік мәдениетінің кейбір мәселелерін талқылау.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

1. Әділханқызы Г. «Мұғалімнің  жеке тұлғасы және оның кәсіптік  мәдениеті»//Ұлағат.-2003.-№2.-36-38б.

2. Крутецкий В.А. Основа педагогической  психологии. М.Просвещение, 1972.227-245

3. Асанов Ж. Оқушы, оның дамуы  және тәрбиесі.-Қызылорда, 1993, 21б.

4. Байтеліұлы А. «Мұғалім- адамтанушы мамандық»// Қазақстан  мектебі.- 2000- №10.-76-77б.

5. Ахметкәрімов Қ. «Мұғалімнің  кәсіптік мәртебесі және беделі  туралы ой»//Қазақстан мектебі.-2003.-№9.-48-50б.

6. Дьяченко М.М., Кандыбович Л.А.Психология  высшей школы. Минск: БГУ, 1978, 169-170 беттер

7. Педагогикалық энциклопедия. М:  Советтік энциклопедия. 4 кітап, 1965, 2- кітап, 739-бет

8. Садықов Ә.Ы.Алтынсариннің педагогикалық  пікірлері мен ағартушылық қызметі.Алматы, 1950ж

9. Қазақстан Республикасының қысқаша  энциклопедиясы. Алматы, 1988, 3-том, 432 б.

10. Қоянбаев Ж.Б. Педагогика. Астана, 1998

 

 

 

 

 


Информация о работе Педагог және оның қоғамдағы рөлі