Педагог және оның қоғамдағы рөлі

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 22:21, реферат

Описание работы

Педагогика бұл-адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау немесе тәрбиелеу мен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді. Педагогика барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында қарастырылды. Ежелгі грек философтарды Гераклит, Демокрит,Фальс, Сократ, Аристотель, Платон, т.б. ғылымдарының педагогикаға қосқан үлесі зор. «Педагогика» деген ұғым көне грек елдерінде б.э.б. 2,5 жылда пайда болған дейді. Педагогика деген сөз, яғни тәрмин, көне грек тілінен шыққан, ол балаларды ертіп жүру, баланы жетектеп мектепке апаруы деген сөз. Анығырақ айтатын болсақ, "Педагогика" тер¬мині гректің екі сөзінен: "пайс" - балалар және "эгейн" - ба¬ланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Адам өмір бойы тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді.

Содержание

Кіріспе
Педагогика мамандығының пайда болуы мен қалыптасуы
Педагогиканың шығуы және дамуы
Педагогтың жеке тұлғасы
Мұғалімнің кәсіптік этикасы, педагогтік әдептілігі
Педагогтың орны мен рөлі

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

педагог және оның қоғамдығы рөлі.docx

— 37.33 Кб (Скачать)

Ресейде революқиялық-демократияшыл  ойдық негізгі салушылар:

А.Н.Радищев, В.Г.Белинский, А.Н.Гәрцен; XIX ғасырдық 60-ы жылдарында Н.Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов; XIX ғасырдық екінші жартысында демократияшыл тәрбиенің идеяларын  ұсынушылар: Н.И.Пирогов, К.Д.Уінинский, Л.Н.Толстой, т.б. бол¬ды.

Н.К.Крупская (1869-1939) кеңестік педагогика ғылымын дамытуға зор  үлес қосып, еңбек және политехникалық білім беру, идеялық-саяси тәрбие мәселелерін ғылыми-теориялық негізде  талдады. Н.К. Крупскаяның айырықша көңіл бөлген мәселелерінің бірі - оқыту теориясы. Сонымен катар  кеңес мектебінде оқушылардың өзін-өзі  басқарудағы мақсаты мен міндеттерін  белгіледі. Оның еңбектерінде отбасы тәрбиесі, балалардың қоғамдық ұйымдарының қоғамда  алатын рөлі және міндеттері көрсетілді.

Көрнекті кеңес педагогы Антон Семенович Макаренко (1888-1939) жастарды қайта тәрбиелеудегі өзінің бай тәжірибесіне сүйелік, оқу-тәрбие жұмысын жүргізудің жүйелі теориясы мен әдістемесін құрды.

Макаренконың тәрбие мен  оқу жайлы еңбектері, оның жеті томдық педагогикалық шығармаларында жинақталған. Олар: "Ата-аналар кітабы", "Балаларды  тәрбиелеу жайлы дәрістер , "Тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі", "Кеңестік мектеп тәрбиесінің мәселелері”, "Педагогикалық поэма", "Мұнара үстіндегі тулар". Бұл енбектерінде Макаренко тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен негізгі  принциптерін, балалар ұжымы мен  оқушыға қойылатын біріңғай педагогикалық  талаптарды зерттеп, жинақтады.

Көрнекті педагог Василий  Александрович Сухомлинский (1918-1970) өзінің педагогикалық жүйесіпде  әрбір оқушының басынын жан-жақты  дамуының, дара ерекшеліктерінің, бейімділігінің, қызығуінылығының, тағы басқа кабілеттерінің жетілуіне бағытталған оқу-тәрбие процесін ұйымдастырды. "Павлыш ортамектебі, "Балаға жүрек жылуы", "Ұжымның  құдіретті күші", "Мектептің  жас директорымен сырласу", "Ұлыма  хат", тағы басқа күнді еңбектері  арқылы В.А.Сухомлинский жас урпавда  тәрбие мен білім берудің ұлы  ісінің жалғастырушысы болды.

Қазақстанда ағартушылық  идеяны көтергендердің бірі -Шоқан  Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865). Ағартуіны-ғалым  қазақ даласындағы оқу, мектеп ісін ғылыми негізде құрып, оқу білімінің  табиғат сырларын ашуға бағытталуын, туған халқының алдықғы қатарлы  мәдениетті елдерді қуып жетуін ақсады. Діни бағыттағы медреселер мен ел билеуіні әкімдер, тілмаштар дайындайтын  мектептердің мақсатын сынай келіп, жалпы білім беретін мектептердің ашылуын көздеді "Тек ақиқат білім  ғана адамға күдік тұғызбайды, ол өмірді бағалауға, тұрмыс құруға үйретеді', - деді Шоқан.

Қазақтық аса көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің (1841-1889) демократиялық-ағартушылық бағыты оның педагогикалық көзкарастарынан  айқын көрінеді. Бүкіл өмір жолын  мектеп ашуға, қазақ, балаларын оқуға  тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге, оқу құралдарын жазуға, тәлімгер-ұстаз  дайындауға, оларға ғылыми әдістемелік  басшылық жасауға, өз кезеңіндегі қазақ  халкының қоғамдық өміріндегі саяси-әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қамтып, жазуға жұмсады Ы.Алтынсарин қазақ жастарының мамандық алуына жол ашты.

Торғайда – қөленер, Қостанайда - ауыл шаруашылығы училищелері, Ырғызда - қазақ қыздарына арнап мектеп-интірнат ашылуына зор ықпал жасады.

Қазақ халкының ұлы ойшыл  ақыны Абай Қунанбайұлыңың (1845-1904) поэтикалық шығармалары мен "Гадлия" сөздері  педагогикалық ой-пікірлерге толы. Табиғаттық санадан тыс, тәуелсіз өмір суруі, өмір ақиқатының туйсікпен қабылдануы, адамдар жаратылысының бірдегі  еместігі, ғылымның ақылмен, жан құмарымен  алынатындығы оның көрінісі. Ақынның  педагогикалық көзкарасының қоғамдық қатынастар тұрғысындағы пікірлері, жастарды халқының әдеп-ғұрпы, салт-санасы, дәстурінен тәлім-тәрбие алуға шақыруы дүниежузілік педагогика классиктерінің ой-пікірлерімен үндеседі.

Ағартушы-педагог Ахмет  Байтұрсынов (1873-1937) мол педагогикалық  мұра калдырды. А. Байтұрсынов бүкіл  саналы өмірін қазақ, қоғамында білім-ғылымының  дамуына, мектеп ағартушылық ісінің жанданып, кемелденуіне бағыштайды. Ол ауыл мектебінде, семинарияларда бала оқытты, оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдіру  саласында көп ізденді.

А. Байтұрсынов "Қазақ" газетіндегі (1914 ж) "Мектеп керектері' деген мақаласында: "Ең әуелі мектепке керек - білімді, педагогика, методикадан  хабарлар оқыта білетін мұғалім. Екінші - оқыту ісіне керек құралдардық  қолайлы әм сайлы болуы. Үшінші - мектепке керегі белгіленген бағдарлама. Әр іс көңілдегідегі болып шығуы  үшін оның үлгісі, я мезгілді өлшеуіші болуы керек. Үлгісіз я өлшеусіз істелген іс - ол я артық, я кем  шықпақшы", - деп оқытудық дидактикалық принциптерін| ғылыми тұрғыда белгілеп берді.

А.Байтұрсынов ұсынған  жаңа әліпби 1913 жылдардан бастап мусылман медреселері мен орыс-қазақ мектептерінде  қолданыла  бастады. Қоғам алдына ол қазақ даласында оқу-ағарту ісі  дұрыс жолға қойылсын, ол үшін ауыл мектептерінде балалар қазақша  сауат ашатын болсын, оқу ана тілінде  жүргізілсін деген  талаптарды бастауіны  болды.

Міржакып Дұлатов (1885-1935) Ы. Алтынсариннің ұстаздық идеяларын  әрі қарай дамытып, А.Байтұрсынов  сияқты оқу-тәрбие мәселелерін ғылыми түрғыдан қараған, шәкірттәрдің жаңа бағдарламалар  арқылы білім алуына, мұғалімдердің  ғылыми дидактикалық қағидаларға сәйкес сабақ жүргізуне әрекше мән берген педагогтардың бірі.

Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931) педагогика, психология саласында құнды  ғылыми-зерттеу еңбектерімен қатар, бірнеше оқулықтар, оқу құралдарының авторы болған ірі тұлғалардың бірі. "Тәрбиеге жетекші" атты еңбегінде (1924 ж.) педагогиканың дидактика саласын  ғылыми негіздеген.

Қазан төңкерісінен кейін  тәлім-тәрбие ғылымына тәрең үңілгендердің  бірі - Мағжан Жумабаев (1893-1938). Оның "Педа¬гогика" атты еңбегі соң кезеңдегі ана  тілімізде жазылып, ғылыми әлемді елең еткізген туынды болды.

Қазақ педагогика ғылымының  тұңғыш профессоры Шәрапи Әлжановтың (1901-1938) тәлім-тәрбие саласында әр түрлі  тақырыптың төңірегінде жазған жиырмадан  астам еңбегі жарық, көрді. Ол "Ес және есте сақтау меселелері', "Ой мәселелері", "Дағдылану мәселелері' атты еңбегінде (1936 ж.) шәкірт психологиясының жас  және дара ерекшеліктері жайлы соз  қозғайды, сол салада жүргізгілген сараптамалық зерттеулердің нетижесін  оқырман назарына ұсынады.

Қазақтық белгілі педагогы Әбдіхамит Сембаевтың (1905-1989) қаламынан  сексеннен астам қомақты ғылыми-педагогикалық  еңбектер шықты. "Қазақстанда Советтік мектептің даму тарихы" (1962 ж.) атты монографиялық еңбегінде мектептердің көптеп ашылуын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік  құралдардық жасалу жолдарын, мұғалім  кадрларын даярлау ісіндегі қол  жеткен табыстарды нақтылы дәректермен  ғылыми тұрғыда дәлелдеді.

Сұлтанбек Қожахметов (1910-1945) дидактика меселелерімен жан-жақты  айналысқан педагогтардың бірі өзінің "Педа¬гогика мәселелері' (1940 ж.), - деген атпен шыққан кітабында  шәкірт меңгеретін білімнің саналылығы мен жинақтылығының өлшемдәрі баланың  өз бетімен оқу дағдысын қалыптастыру, оқушының эстетикалық (сұлулық) талғамдарын  дамытып қа-лыптастыру, оның алған  білімі мен дағдысын, іскерлігін бағалай  білудің ғылыми негіздерін қарастырады.

Қартбай Бержанов (1924-1976) - педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Педагогика ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан ғалым-ұстаз.

Педагогика – ақиқат ғылыми көзқарас болып есептелетін және объективтік дүниені танудық, білудің  және ғылыми білімнің дамуының бірден-бір  әдісі болып саналатын философия  негізінде дамиды. Мысалы: диалектикалық  материализм табиғаттың, қоғамның және адам баласы дамуының заңдылықтарын  зерттейді. Диалектиканың қағидаларын  басшылыққа ала отырып, педагогика педагогикалық оқиғаларды жалпылама  түрде ғана "көшіре" салмайды, ол тәрбиенің заңдылықтарын ашады, тәрбиедегі себепті, нәтижелі байланыстарды  анықтайды, тәрбиенің болашағын  көрсетеді.

Педагогиканың методологиялық негізі диалектикалық және тарихи материализм  болғандықтан, диалектикалық әдіс педагогикалық  құбылыстарды кеңістік пен уақыттың нақты жағдайларында, қоғамдық өмірдің басқа құбылыстарымен байланыста және өзара әрекеттестікте алып қарастыруды талап етеді.

Педагогиканың методологиясы  дегеніміз - кез келген педагогикалық  мәселені зерттеу негізіне жататын  жалпыға ортақ ережелер, философия  заңдары. Кез келген ғылым зерттелгелі  отырған құбылыс туралы жалпы  ережелерді қолданып, өзіне тән әдістерін  қолданады. "Даму" сөзі - философиянікі.

Ғылым өз пәнін үнемі зерттеп  отырмайынша дами алмайды. Педагогика ғылымы да өзінің күш-жігерін, тәрбие, білім беру, оқыту мәселелерін  зерттеуге бағыттайды. Педагогикалық  зерттеу әдістері - педагогикалық  болмыс туралы зерттеуші жинаған  фактілерді және білімдерді талдаудық  негізгі тәсілдері. Педагогикалық  зерттеулер теориялық және эмпирикалық  деп бөлінеді. Теориялық әдістер: ғылыми педагогикалық әдебиеттерді талдау; индукция; дедукция; жіктеу; аналогия; салыстыру. Эмпирикалық әдістер: мәліметтерді жинау (бақылау, әңгімелесу, сауалнама, тест); тексеру және өлшеу (шкалалау); мәліметтерді өңдеу; математикалық, статистикалық, графикалық, кесте; баға беру әдістері (өзін-өзі бағалау, рейтингі, педагогикалық  консилиум); зерттеу нәтижелерін  тәжірибеге енгізу (эксперимент). Зерттеулерде мына әдістер пайдаланады.

Қорыта айтқанда, Қазақстанда  педагогика ғылымы XX ғасырдық екінші жартысынан бері тез қарқынмен дамыды

 

3. Педагогтың жеке тұлғасы

 

Мұғалім еңбегі өте жауапты, әрі күрделі. Сондықтан мұғалімнің жеке басына, мамандық деңгейіне арнайы талаптар қойылады. Оның әрекетінің сипаты алдымен бағытына яғни қоғамға, өз мамандығының бағалы жақтарына сенімді болуына  байланысты. Мұғалімнің басты бағыты дүниенің шындығын тану, идеялық тұрақтылық, қоғамдық- саяси белсенділік, азаматтық  жауапкершілік, халық ісіне берілуі, оған әділдік.

Мұғалімнің іс- әрекеті  жүйесінде кәсіптік бағыттылық жетекші  орын алады. Оған баланы сұю, педагогтік жұмысқа  психологиялық- педагогикалық  көрегендік және байқағыштық, педагогтік әдептілік, педагогтік қиял, ұйымдастырушылық, қабілет, әділдік, қарым- қатынас жасай  алу, талап қоя білу, мамандыққа лайықты  жұмысқа қабілеттілік, белсенділік, өз білімін көтеруге дайын болу және жаңашылдық сияқты қасиеттер жатады.

Мұғалім әрекетінің нәтижелі болуы педагогтік қабілетке  де байланысты. Оның алғы шарты- кейбір адамдарда болатын  нышар- тума іске жарамдылық белгі, оны  тәрбиелеу, дамыту қабілеттті айқындай түседі. Нышан болмаған жағдайда да педагогтік қабілетті қалыптастыруға болады. Мұның негізі- мұғалім ізденесі. Белгілі психолог В.А.Крутецкий педагогттық  қабілеттің психологиялық мәнін зерттей келіп, оны: даралық, дидактикалық, ұйымдастырушылық деп үш топқа бөлді. Даралық қабілет- мұғалімнің балаға деген ынта- ықылатынан, сенімінен, қиын жағдайда өзінің сезімін, мінез- құлқын басқара алуынан, оқушыға оқу материалын дайындап қызықты өткізуінен көрінеді. Дидактикалық қабілет- мұғалімнің өз ойын өзгелерге түсінікті, дәл жеткізуі, өтілетін тақырып материалын тиімді жоспарлауы, оқушының оқу материалын қаншалықты меңгергендігін қадағалау, өзінің даусын, қимыл- қозғалысын, бет- пішінін реттей алуы. Ұйымдастырушылық қабілет- мұғалімнің балалар ұжымын құрып, олардың мақсаты мен міндетін дұрыс белгілеп, балаларды өздігінен жұмыс жүргізуге, әр баланың дамуы мен ерекшелігін есепке алуы, психологиясын сезе білуі, оған әсер етудің тиімді тәсілдерін іріктеуі арқылы байқалады.

Мұғалімнің мамандық- көп  еңбек етуді қажет ететін, қиындығы мол қызмет. Сондықтан мұғалім  күшіне, байсалдығына, жүйке әрекетінің жұмысына арнайы талаптар қойылады. Айталық, күшті тітіркендіргіш әсеріне төзу зейінін шоғырландыра алу, әр кезде  белсенді, сергек болу, жұмыс соңына дейін көңілді бұзбау, өз күшін  қалпына келтіру, әр түрлі жағдайда ұстамдылық, шыдамдылық таныту, ойды жеткізудегі  нақтылық, сезімталдық, істі шалт орындау, қойылған міндетті толқымай шешу, бір  істен екіншіге тез көшу, қажеттілікке байланысты жұмыстарды дайындықсыз- ақ өткізуге қабілетті болу, жаңа жағдайға тез көндігу, үйлестіру және өзіндегі кемшілікті байқап, оның өзгеден орын алмауын аңғару т.б.

Мұғалім оқыту, тәрбиелеу  және оқушылардың дамуы мен қалыптасуы процесін басқарады. Бұл олардың  педагогика ғылымының методологиялық негізі мен категориялары, оқушы  дамуы мен қалыптасуы, тәрбие мақсаты  мен міндеті, әдістері мен тәсілдері, балалардың жасқа байланысты анатомиялық-физиологиялық  даму ерекшеліктері, оқушыларға гигиеналық тәрбие берудің құралдары мен  теориялық негіздері, бала психикасының даму заңдылықтары және баланың жас  кезендеріне сай дара- психологиялық  ерекшеліктері жайлы білімді, дайындықты талап етеді.

Мұғалім  қызметінің әсерлі, тиімді және нәтижелі болуы олардың  ісінде тапқырлықты, ептілікті талап  етеді. Айталық, орын алған әлеуметтік- педагогикалық құбылыстың сипатына, болу себебіне талдау жасау және бағалау; оқушылардың оқу, тәрбиелік деңгейін айқындау; жеке оқушы мен ұжымның  дамуын жобалау; оқу, тәрбие нәтижесін, оқушыларда боалтын қиындықтар мен  қателерді болжау; нақты педагогикалық  міндеттерді белгілеп, оның шешу жолдарын анықтау; оқу- тәрбие жұмыстарының дәлелденген  әдістерін, құралдарын, ұйымдастыру  формаларын таңдау; оқушылар әрекетін, оған педагогикалық басшылықты жоспарлау; оқушылардың тәртібін, мінез- құлқын, белсенділігін және дара психологиялық ерекшеліктерін басқару.

 

 

4.Мұғалімнің кәсіптік этикасы, педагогтік әдептілігі

 

Мұғалімнің кәсіптік этикасы  әрбір оқушының ар- намысын қорғау, оны құрметтеу, ерекшеліктерін тану арқылы көрінеді. Мұғалім оқушының артықшылық белгісін, кемшілігін, олардың  мүмкіндіктері мен қызығуын білуі  керек. Бұл мұғалімнің кәсіптік этикасын ғана емес педагогтік қабілетін, методистік шеберлігін де көрсетеді.

Зерттеу нәтижелеріне қарағанда  оқушылар мұғалімнің әділеттілігі мен  шыншылдығына, білім мен ұйымдастырушылығана, ұстамдылығы мен сыпайылғына  және қарым- қатынас жасауына айрықша  мән беретінің көрсетеді. Егер мұғалім  әділетсіздік жасаса, онда оқушылар оның сөзіне, әрекетіне, тіпті сенбестікпен қарайтын болады. Оқушыны ретсіз кінәлау, кемшіліктері мен сәтсіздіктерін орынсыз  еске алу да мұғалімнің қасиетін дәріптемейді. Сондықтан кәсіптік этика әр уақытта  мұғалім өз әрекетінің барлық жақтарына  мән беріп, оқушының көңіліне, ақау салмайтындай, оларға сенетіндей болуын талап етеді.

Информация о работе Педагог және оның қоғамдағы рөлі