Педагог және оның қоғамдағы рөлі

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 22:21, реферат

Описание работы

Педагогика бұл-адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау немесе тәрбиелеу мен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді. Педагогика барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында қарастырылды. Ежелгі грек философтарды Гераклит, Демокрит,Фальс, Сократ, Аристотель, Платон, т.б. ғылымдарының педагогикаға қосқан үлесі зор. «Педагогика» деген ұғым көне грек елдерінде б.э.б. 2,5 жылда пайда болған дейді. Педагогика деген сөз, яғни тәрмин, көне грек тілінен шыққан, ол балаларды ертіп жүру, баланы жетектеп мектепке апаруы деген сөз. Анығырақ айтатын болсақ, "Педагогика" тер¬мині гректің екі сөзінен: "пайс" - балалар және "эгейн" - ба¬ланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Адам өмір бойы тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді.

Содержание

Кіріспе
Педагогика мамандығының пайда болуы мен қалыптасуы
Педагогиканың шығуы және дамуы
Педагогтың жеке тұлғасы
Мұғалімнің кәсіптік этикасы, педагогтік әдептілігі
Педагогтың орны мен рөлі

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

педагог және оның қоғамдығы рөлі.docx

— 37.33 Кб (Скачать)

 

 

Кіріспе

  1. Педагогика мамандығының пайда болуы мен қалыптасуы
  2. Педагогиканың шығуы және дамуы
  3. Педагогтың жеке тұлғасы
  4. Мұғалімнің кәсіптік этикасы, педагогтік әдептілігі
  5. Педагогтың орны мен рөлі

 

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                     Кіріспе

Педагогика бұл-адамзат  ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты  білімге дайындау немесе тәрбиелеу  мен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді. Педагогика барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында  қарастырылды. Ежелгі грек философтарды Гераклит, Демокрит,Фальс, Сократ, Аристотель, Платон, т.б. ғылымдарының педагогикаға қосқан үлесі зор. «Педагогика» деген  ұғым көне грек елдерінде б.э.б. 2,5 жылда  пайда болған дейді.  Педагогика деген сөз, яғни тәрмин, көне грек тілінен  шыққан, ол балаларды ертіп жүру, баланы жетектеп мектепке апаруы деген  сөз. Анығырақ айтатын болсақ, "Педагогика" тер¬мині гректің екі сөзінен: "пайс" - балалар және "эгейн" - ба¬ланы  басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан  шыққан. Адам өмір бойы тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді. Пе¬дагогика - бала жайындағы ғылым, олай болса ол ұрпақ  тәрбиесі жайындағы ілім. Адам баласының  ұрпағы үнемі жаңарып, өзгеріп отырғандықтан, педагогика ілімі де үнемі өзгеріп  отырады. Қазіргі кезде тәрбиенің  ықпал жасау аясы кеңейе тусуде. Сондықтан "педагогика - бала тәрбиесі жайындағы ғылым", -деп шек қоюға  болмайды. Педагогиканың ғылыми таным  саласы - тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Педагогика - жалпы адам тәрбиесі жайындағы  ғылым . Ал тәрбие - жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлап, оларға қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі.

Жас ұрпақ тәрбиесі қай  заманда болмасын уақыт сөресінен  түскен емес. «Бір баланы адам етіп өсіргенше  бір шаһар апат болады» дейді  Шығыс даналығы. Ал, жеке тұлғаның адамгершілігін қалыптастыру үшін қыруар уақыт пен  тер төгетін үлкен жауапкершілік  қажет. Халық мұғалімі – жас ұрпақтың рухани дүниесінің мүсіншісі, ол- өзінің ең қымбаттысы, ең құндысы саналатын  балаларға өзінің үмітін артып, болашағын  сеніп тапсыратын қоғамның сенімді  өкілі. Осы аса ізгі және өте қиын кәсіп ұстаздан өз өмірін оқу- тәрбие ісіне арнаған тұрақты шығармашылықты талап етеді.

Мұғалімнің  сыртқы келбет мәдениеті, өзін- өзі басқару шеберлігі, мұғалімнің моральдық қасиеттеріне қойылатын талаптар оқу- тәрбие жұмысының  табиғатына қарай күн сайын  жаңарып, жаңа сипатқа ие болуда. Мұның өзі  қоғамның үздіксіз дамуынан, ғылым  мен техниканың өркендеуінен туындап  отыр.

Ахмет Байтұрсынов: «Ең әуелі  мектепке керегі- білімді, педагогика әдістемесінен хабары мол, оқыта  білетін мұғалім»,- деген болатын.

Мұғалімнің кәсіптік мәдениеті  туралы Н.К. Крупская, С.Т.Шацкий, А.С.Макаренко, К.Жарыкбаев, Ш.Т.Таубаева еңбектерінде кеңінен сөз болып, мұғалімнің әдеби, сөйлеу шеберлігі, шешендік қасиеті, дауыс  дикциясы, сыртқы бейнесі жөнінде  келелі әңгіме қозғалады. Мұғалімге  қарапайымдылық, ұқыптылық, жинақтылық тән болуы тиіс. Мұғалімнің киімі, қозғалысы, шаш үлгісі сәнді болып  келгені абзал. Мұғалімнің әлеуметтік беделін көтеруде оның сабырлылығы, сергектілігі, мейірімділігі мен  кішіпейілділігі де зор рөл атқарады.

Білімдар мұғалімнің сөйлеу техникасы мен адамды түсіну білуі, басқа адамды елітіп әкетуі басым  болады.

Педагогикалық әдеп- мұғалімнің кәсіптік сапасы және кәсіптік ерекшелік  белгісі. Кейбір мұғалім, кәсібін айтпай- ақ, өзінің әділдігімен, ілтипаттылығымен өзінің мамандығын сырт көзге айқындап тұрады. Мұғалімнің ашу үстінде ешқандай шешім қабылдамауы пайдалы. Болашақ  ұстаздар өз ісінң әрбір қыр- сырын  жетік игеру жолында кәсіптік сапаларды толық меңгерсе, бүгінгі  қоғамымызды байытатын, дамытатын, жаңартатын адам тәрбиелеуге мол  мүмкіндік ашылатыны күмәнсіз. Мектепте білім алу-бала өмірінің маңызды  кезеңдерінің бірі. Қандай білім беру жүйесінен және қандай мұғалімнен білім  алғаны баланың үлгеріміне және  жеке тұлғалық қалыптасуына байланысты болады.Кәсіби шеберліктің құрылу процесі  білімінің жүзеге асуы мен қалыптасуын ғана емес сонымен қатар оның тұлғалық қалыптасуын да қарастырады. Мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты мәселелер көптеген жауапкершілікті талап етеді. Қазақстандағы жалпы білім беретін және кәсіби білім беретін мектептердегі жүргізіліп жатқан реформалар өзінің педагогикалық жүйесінде принципті өзерістерді қажет етеді.Қазіргі кезеңде білім беру мақсаттары өзгеруде,оқу ақпаратының мазмұны жаңаруда, педагогикалық коммуникация құралдары, және педагогикалық әсер етудің объектісі- оқушылар да айтарлықтай өзгеруде. Осы факторлардың барлығы  педагогикалық кәсіби шеберлігінің деңгейін жоғарлатуды талап етеді. Оқу процесінің  жаңаруына қажетті шарт кез-келген педагогикалық жүйенің басты тұлғасы болып табылатын оқытушылардың  педагогикалық шеберлігін арттыру болып саналады.

Жаңа әлеуметтік тұрғыда  мұғалімнің кәсіби шеберлігінің қалыптасуы - оның кәсіби шеберлігі мен білімінің  жоғарғы сапасын   қамтамасыз етеді. Педагогтардың жалпы және кәсіби шеберлігін дамыту мәселелеріне Н. Кузьмина, А. Щербаков көңіл аударған. 
            Қазіргі заманғы білім беру жүйесі оқытушылардың кәсіби шеберлігі мәселесін күрделендіріп отыр. Өйткені дәл қазіргі таңда  оқушылардың  жалпы және рухани мәдениетін мұғалім анықтайды. Педагогикалық энциклопедияда педагогикалық шеберлікке мынадай анықтама береді. Өзінің аты бойынша балаларды сүйетін және өзнің тәрбиелеу және білім беруін барлық уақытта жоғары деңгейде жаңалап отырады. Педагог- өз ісінің шебері.Бұл дегеніміз жоғары мәдениетті, өз пәнін терең білетін, өзіне тиісті ылым және мәдениет салаларымен  жақсы таныс, психологиялық мәселелерін практикалық түрде талдай білетін , тәрбиелеу мен білім беру әдістемесін терең меңгерген маман. Осылайша, педагогикалық шеберліктің  маңыздылығын кәсіби әрекеттерді ұйымдастырудың  жоғарғы деңгейін  қамтамасыз етуші  жекелік  қасиеттердің жиынтығы деп  көрсетеді. Бұл қасиеттерге оқытушы әрекетінің гуманистік бағытталуы, кәсіби білімі, педагогикалық ерекшеліктері жіне педагогикалық техникасы жатады.

Ғылымда сонымен бірге  педагогтың меңгеруі қажетті нәрсе- педагогикалық технология деген  түсінік бар. Педагогикалық түсінік  дегеніміз- тәрбиеленушілерге әсер етуші әдістер мен тәсілдерді меңгеру.Сонымен қатар әртістіктің  кейбір әдістерін игеру, сөйлеудің, демалудың, дауыс көтерудің , мимиканың  әдістерін білу. Егер  бала нашақормен, қылмыскермен немесе маскүнеммен бірге қиын жағдайға ұшырап қалса мұғалім олармен әңгімеде тіл таба білуікерек және жай ғана сөйлесіп қана қоймай  оларды сендіріп, әсер ете білуі керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Педагогика мамандығының пайда болуы мен қалыптасуы

 

Әрбір ғылымның өзіне тен  зерттейтін саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философиядағы ұғымдарға "болмыс", "материя", "қозғалыс"; саяси экономияда- "қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары", ал педагогикада - "тәрбие", "білім  беру", "оқыту"жатады.

Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың  байланысын танимыз.

Педагогикалық ұғымдардық бірі - тәрбие.

Тәрбие дегеніміз - адамдарды  қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке  дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа  қоғамдық-тарихи тежірибені беру процесі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын, атап айтсақ: отбасы, мектепке дегіінга мекеме, оқу тәрбие орындары, еңбек ұжымы, ақпарат құралдары, баспа орындарын қамтиды. Біздің мемлекетте бұл салалар қоғамдық, мемлекеттік мақсатқа қызмет етеді.

Кең мағынада деген ұғымда бүкіл сыртқы әсерлердің, адамды қоршап тұрған, табиғи және әлеуметтік ортаның, тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекеттерінің  ықпалымен адамды қалыптастыру.

"Тәрбие" ұғымы тар  мағынада "Тәрбиеші тәрбиелейді", кең мағынада "Өмір тәрбиелейді'  деп қолданудық тәрбие жайлы  ұғымды анықтауда зор мәні  бар.

Тәрбие - тар мағынада жеке тәрбиелік міндетті шешуге, жеке адамның  белгілі бір қасиетін қалыптастыруға, меселен, эстетикалық талғамын тәрбиелеуге  бағытталған жұмыс.

Тәрбие жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы коғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс. Тәрбие -педагогикалық кең мағынада қоғамның арнайы бөлінген адамдары - мұғалім, педагог, тәрбиешілердің басқаруымен  жүргізілетін мақсатты үрдіс. Олар арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жеке адамның қалыптасуына ықпал жасайтын жиынтық факторларды пайдалана  отырып әрекше әдіс-тәсілдерді қолданады.

Тәрбие жайлы әр түрлі  теориялар мен пікірлер айтылып  келеді. Тәрбиені әресек адамдардық балаларға  ықпал жасауы деп түсіндіруінілер  де бар. Бұл жағдайда бала енжар объект түрінде қарастырылады. Ол педагогикалық  процестің субъектісі бола алмайды, яғни, өздігінен ойланып, белсенді іс-әрекет жасай алмайды. Бұдан тәрбиеге бір  жақты анықтама беру байқалады.

Білім беру - табиғат пен  қоғам жайында жинақталған білім  жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі.

Білім беру ұғымын педагогикаға тұңғыш енгізген И. Песталоцци.

Білім беру - оқыту мен  тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастық дамуына ықпал жасайтын процесс.

Оқыту - білім берудің  негізгі жолы. Оқыту екі жақты, бір текті процесс:

1. Оқытушы оқушыларға  білім берін, іскерлік, дағдыға  үйретеді.

2. Оқушы таным міндеттерін  жете түсініп, жаңа білімді,  іскерлікті, дағдыны игереді және  оларды өмірде колданады.

Ал адамның білім алуы тек оқыту процесінің нетижесі емес, оның; білім алуына көпшілік ақпарат  құралдары кино, радио, телехабар, т.б. ықпал жасайды.

Сонымен бірге адамның "жетілуі", "даму", "өзін-өзі тәрбие¬леу" ұғымдары да педагогиканың зерттейтін меселелері саласын толықтырады.

Жеке адамның дамуы - бұл  ішкі және сыртқы, басқарылатын, басқарылмайтын және факторлардың ықпалымен жеке адамның  қалыптасып жетілу процесі. Жеке адамның  дамуы мен жетілуінде мақсатты түрде  жүргізілетін тәрбие және оқыту шешуіні  рөл атқарады.

Жеке адамның қалыптасуында  өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы зор. өзін-өзі  тәрбиелеу - адамның саналы түрде, белгілі  бір мақсат көздеп өзінің бойына қалыптастыратын  қасиет, мінез-құлық дағдысына бағытталған  жұмыс.

Негізгі педагогикалық, ұғымдар  – тәрбие, білім беру, оқыту біріне-бірі теуелді, табиғи байланысты. Бұл ұғымдар  жастарды өмірге, тәжірибеге дайындаудың  басты құралы.

 

                               2.Педагогиканың шығуы және дамуы

 

Педагогиканың шығуы және дамуы. Қандай да болмасын ғылым салаларының  дамуы қоғамның өмірлік мұқтаждығынан, талабынан туады. Педагогиканың  пайда болуы қоғамның жас ұрпақты  тәрбиелеудің тиімді жолын табу мақсатынан және де өндірісті дамыту талабынан  туған. Тәрбие ұрпақ пен ұрпақты  байланыстыратын дәнекер болып  саналады. Педагогика ғылымы ұзақ тарихи даму жолынан өтті.

Алғашқы педагогикалық ой-пікірлер әртедегі шығыс елдерінің (Мысыр, Вавилония, Унді, Қытай) философиялық жүйесінде  дамып, кейін біртіндеп өз алдына жеке ғылым болып дами бастады.

Ежелгі дуние философиясы  әртедегі шығыс елдерінің қорытып  жиыстырған білім мұрасын дамытқан еді. Сократ, Платон, Аристотель, Демокрит саясат, тәрбие, мемлекет, жеке адам тәрбиесінің  мақсаттары мен мазмұны және әрекшелігі сияқты педагогикалық мәселелерді  қарастырады. Феодалдық қоғамда (орта ғасырда) тәрбиеге деген көзқарас мүлдем өзгәрді. Әрте дүние педагогтары  ұсынған адамның рухани және дене күштерінің қатар дамуы көзқарасының орнына "о дүниелік өмірге" дайындауды ұсынған пікірлер қалыптасты.

ХУ-ХУI ғасыр педагогикасы орта ғасыр педагогикасын сынады. Адамның жеке басының тәрбиесін  оның дамуы ойшылдарды толғандырды, мәдениет пен педагогикалық бағыт "гума¬низм" деп аталды (Ф.Рабле, Т.Мор, Т.Кампанелла). Гуманистәр жаңа дәуір  үшін жаңа адам қажеттігін дәлелдеді.

Феодализмнен капитализмге өту деуірінде дін шығармауындағы ғылымдар дамып, жеке бөлініп шыға бастайды.

Осы кезде педагогика да өз алдына ғылым ретінде бөлініп  шықты. Сол ғасырда педагогиканың  жеке ғылым ретінде мәртебесі  чех халқының ұлы педагогы Ян Коменскийдің (1592-1670) "Ұлы дидактика" еңбегімен  беки түсті.

Батыс Еуропада ағылшын философы Джон Локк (1632-1704) "Тәрбие туралы ойлар" деген еңбегінде тәрбиенің психологиялық  негіздеріне, адамгершілік тәрбиесіне көбірек көңіл бөлді. Ол баланы "таза тақтаға" теңеді. Францияда Жан-Жак  Руссо (17і2-1778) баланы табиғат арқылы, табиғаттай жетілдіре тәрбиелеуге  көңіл бөліп, баланы жазалауға қарсы  болды, қатаң таяқ төртібіне қарсы "әркін тәрбие" идеясын ұсынды. Швейцарияның педагог-демократы И.Пестолоцци "Лингард и Гәртруда" деген  еңбегінде білім беруге демократиялық  көзқарасты, тәрбиенің гуманитарлық сипатын балаға шын пейілмен көңіл  бөлуді жақтады.

Информация о работе Педагог және оның қоғамдағы рөлі