Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 19:00, доклад

Описание работы

Қазіргі таңда қоғамның салауаттылығы маңызды сипатқа ие. Бүгінгі болашақ мұғалімді дайындауда олардың салауатты өмір сүру мен денсаулық, дене мәдениеттерін өздері игермей тұрып, оларды білімді, білікті маман ретінде қалыптастыру мүмкін емес. Себебі әр болашақ маманның денсаулығы жеке байлық қана емес, ол сондай-ақ халқымыздың білім және экономикалық қуатының өсуі үшін де қажетті шарттарының бірі. Соның ішінде денсаулықтың басты шарты-мәдени орта, салауатты өмір салты.

Работа содержит 1 файл

Orazov.doc

— 215.50 Кб (Скачать)

8. Тәжірибелік – эксперименттік жұмыстар нәтижелері арнайы жасалған педагогикалық – әдістемелік  шаралар кешені және жаңа бағытта жүргізілген жүйелі жұмыстар болашақ мұғалімдерді дайындауда маңыздылығын көрсетті.

9. Зерттеу жұмысының міндеттерінің орындалуы, ғылыми болжамның дұрыстығын айғақтап, зерттеу нәтижелерінің дәйектілігін көрсетті.

Жүргізілген зерттеу нәтижелері бірқатар ұсыныстар беруге мүмкіндік берді:

- қоғамдағы әлеуметтік–экономикалық жаңару құрылымдарына лайықты жан–жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру, бұл бағыттағы дене тәрбиесін үйлесімді, қазіргі қоғам талабына сай, жеке мүддесін қоғам мүддесімен үйлестіре алатын өрелі тұлғаны  тәрбиелеуге бағыттау;

- өз Отанын сүйетін белсенді, ұлтжанды азамат тәрбиелеуде дене тәрбиесі мен спорттық шараларды асыл мұралар, рухани қазыналарға, даңқты тұлғаларымыз бен мәдениетімізге, тарихи дәстүрлерге сабақтастықтағы жұмыс түрлерін таңдау;

- болашақ маман жеке тұлғасын қалыптастыруда ұнамсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстап, ізгілікті сезімдерін, мәдениетті мінез–құлық сапаларын және өзінің кәсіби қызметінің қоғам игілігіне пайдалы тұсын ұғына біліп, оны болашақ ұрпақ тәрбиесіне ықпалдастыруға тәрбиелеу жұмыстарына баулу;

- өзгермелі өмір жағдайында нақты, дұрыс бағытының болуы, салауаттылық өмір–сүру принциптеріне сай, педагогикалық жүйенің құрылымы, мазмұны мен тәрбие әдістерін жаңа жағдайға  орай тез бейімдеп, одан әрі сапалы, тиімді жолмен ұйымдастыруға, жасампаз тіршілік, өмір шеберлігі шыңына ұмтылуын қалыптастыру;

- дене тәрбиесін беруде сабақта және одан тыс уақытта жеке тұлға дүниетанымын заман, қоғам талабына сай өзгертіп, оған субъект ретінде қарап, дербестігі мен шығармашылығын дамыта алатын кәсіби мамандар даярлануы керек;

- дене тәрбиесін жүзеге асыруда рухани құндылықтармен сабақтастық принциптерін басшылыққа ала отырып, студенттердің оқу–зерттеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;

- болашақ мұғалімдердің педагогикалық мамандыққа қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға байланысты оқу–әдістемелік әдебиеттер, оқу құралдарын шығару;

- дене тәрбиесі жүйесі бағыттары бойынша арнайы ғылыми–зерттеулер жүргізу;

- оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындауда «Педагогикалық ізденіс» клубын ұйымдастыру;

- жоғары оқу орындары оқыту үдерісінде «Дене тәрбиесі – салауаттылық негізі» атты арнайы курсты енгізу және тиімді пайдалану.

Зертттеу мәселесі бойынша білім берудің жаңа мазмұнына сай, мұғалімдердің біліктілігін арттыру жүйесінде оқушылардың дене тәрбиесін дамыту технологияларын жетілдіру; дене тәрбиесі сабақтарында оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, дене тәрбиесі арқылы жеке тұлғаның психофизиологиясы: өзін-өзі реттеуін қалыптастыру; дене тәрбиесі сабақтарын пәнаралық байланыс арқылы жетілдіру; дене қабілетін рухани құндылықтар арқылы дамыту; релаксация арқылы жеке тұлғаның психофизиологиялық қабілеттерін дамыту; психикалық қуат мүмкіндіктері мен дене тәрбиесін сабақтастыру т.б. бағыттары арнайы зерттеуді қажет етеді.

         

 

 

 



Информация о работе Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі