Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 19:00, доклад

Описание работы

Қазіргі таңда қоғамның салауаттылығы маңызды сипатқа ие. Бүгінгі болашақ мұғалімді дайындауда олардың салауатты өмір сүру мен денсаулық, дене мәдениеттерін өздері игермей тұрып, оларды білімді, білікті маман ретінде қалыптастыру мүмкін емес. Себебі әр болашақ маманның денсаулығы жеке байлық қана емес, ол сондай-ақ халқымыздың білім және экономикалық қуатының өсуі үшін де қажетті шарттарының бірі. Соның ішінде денсаулықтың басты шарты-мәдени орта, салауатты өмір салты.

Работа содержит 1 файл

Orazov.doc

— 215.50 Кб (Скачать)

Диссертацияның алғашқы бөлімдерінде осылайша теориялық - әдіснамалық алғышарттар, кейіннен теориялық негіздері арнайы модель жасап, оның өлшемдері мен деңгейлерін көрсетумен нақтыланды.

Зерттеуде алынған нәтижелер төмендегідей міндеттерді шешуге  мүмкіндік береді:

-   әдістемелік-нұсқаулық білім негіздерін сапалы түрде меңгерту;

-   тәжірибелік-әдістемелік даярлық  жүргізу;

-   өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі жетілдіру әдістерін меңгерту;

- дене тәрбиесін жетілдіру мен спортқа қызығушылық пен сұранысты күнделікті өмірге белсенді енгізу арқылы дене тәрбиесі саласындағы «міндеттеу» жүйесінен жалпыға бірдей «еріктілік» жүйесіне көшу.

Оқушыларға берілетін әдістемелік–нұсқаулық  білім сабақтың теориялық бөлімінде жүзеге асырылады. Мұндай сабақтар барысында оқушылардың әдістемелік тәсілдердің  мәні  мен олардың өз ағзаларына тигізер әсерін танып түсінуіне, орайластыру-бағыттаушылық даярлықты жетілдіруіне  мүмкіндік туады.

Әдістемелік-нұсқаулық сабақтар оқушылардың  әдістемелік бағыттағы өз білімдерін кеңейтіп (мысалы, арнайы әдебиеттерді оқып-үйрену), өзіндік жоспары бойынша жүйелі жұмыс жүргізгенде өз нәтижесін береді.

Тәжірибелік-әдістемелік даярлыққа төмендегідей жүйелі тәжірибелік тапсырмалар кешенін орындаған жағдайда қол жеткізуге болады:

- таңертеңгі гигиеналық жаттығулар жүйесін жасақтау және жүргізу;

- күн бойына жүргізілетін жаттығулар жүйесін құру;

- сергіту жаттығулары мен қозғалмалы ойындарды ұйымдастыру және өткізу;

- қозғалыс дағдысын қалыптастыру, арнайы дене қабілеттерін жетілдіру жаттығуларын жүргізу;

- бұқаралық сауықтыру спорттық шараларына қатысу;

- спорттық сайыстарға қатысу және төрелік ету.

Оқушылардың дене тәрбиесін дамыту жүйесінде өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі жетілдіру әдістері жетекші қызмет атқарады. Бұл бағыттағы арнайы даярлық өзін-өзі жетілдіру туралы ақпарат, негізгі әдістер мен тәсілдерді қамтиды. Оқушылар назары төмендегідей іс-әрекетпен тапсырмалар орындауға бағытталуы қажет:

- өзін-өзі жетілдіру үдерісінің жеке мүдделік ерекшеліктерін нақтылау;

- оқушының дене тәрбиесі  қызметі бойынша қызығушылығы мен сұранысын есепке алу,  сұранысты қанағаттандыру жолдарын қарастыру;

- әр оқу сабағында  оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыруға қажетті ақпаратты таңдап алу;

- дене жаттығулары барысында кездескен  қиындықтармен жүйелі күрес жүргізу, тұлғаның жағымды қасиеттерін, ерігі мен жігерін дамыту;

- дене тәрбиесі арқылы өз мінезін шыңдау, өмірде кездескен қиындықтардың шешімін таба білуге дағдылану;

- тіршілік сақтау, психология, анатомия, дене тәрбиесі, физиология саласы бойынша білімдерін тереңдету.

Сонымен,  теориялық және әдістемелік-нұсқаулық білім, білік, дағдыны және өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі тәрбиелеу әдістерін меңгермейінше,  оқушының дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру мүмкін емес.

Білім сапасына өзіндік бақылау жүргізу үшін меңгерудің үш деңгейін білу қажет:

І деңгей. Оқу материалын саналы түрде  ұғыну, мазмұнын есте сақтау.

ІІ деңгейі. Педагог көрсеткен үлгі бойынша меңгерілген білімді тәжірибеде қолдана білу білігі.

ІІІ деңгей. Өзгермелі жағдайға сәйкес, білім мазмұнын өз бетінше өзгерте алу және өз бетінше іздене білу қабілеті.

Теориялық білім мазмұны  өз бетінше меңгеру қабілеті дене тәрбиесі жаттығуларын «Өзімді өзім жаттықтырамын» тұжырымдамасына сәйкес тиімді ұйымдастыруға, жүйелі жетілдіруге  бағытталды.

Өзін-өзі жетілдірудің мұндай тәсілі тәжірбиеде оқушылардың  жеке тұлғалық  ерекшеліктері мен  өз ағзасының мүмкіндігін танып-білуіне  жол ашады, белсенді және мақсатты түрде өзін-өзі тануына мүмкіндік береді.

Дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру үдерісі дене жаттығуларының жекелеген сабақтарын жүйелі түрде өткізу жолымен жүзеге асады. Салыстырмалы түрде алғанда, осы процесстің аяқталған бөлімі, кезекті және дербес буыны бола отырып, әрбір жаттығу осы сипатта алдыңғы және келесі буындармен байланысты болуы, әрі дене тәрбиесі міндеттерінің шешілуіне белгілі бір үлесін қосуы тиіс. Бұл тек оларды міндеттер жүйесіне сәйкес жүргізгенде және мазмұны мен түрі жағынан мұқият ұйымдастырған кезде ғана мүмкін болмақ (5-сурет).

Бұл сабақтың түрлері өз бетінше спорттық шаралар мен оның ішінде отбасылық, аула клубтарындағы дене тәрбиесі сабақтарымен толықтырылып отырады. Олар: таңертеңгі гимнастикалық жаттығу, шынығу, спорттық және қозғалмалы ойындар, дене тәрбиесі бойынша үй тапсырмасын орындау, демалыс кезеңдерінде ұйымдастырылатын туристік саяхаттар, «Әкем, анам және мен» сипатындағы жанұялық спорттық сайыстар т.б.

Дене тәрбиесінің сан түрлі әдістері олардың оқушы дамуына әсері мен оқу күні бойынша жаттығулар көлемін толықтырады деген пікір қалыптасқан. Дене тәрбиесі түрлерін жетілдіру маңызды, дегенмен мәселенің екінші жағы- оқушылардың кешенді дене тәрбиесін  толық, әрі жан-жақты ұйымдастырмаған жағдайда дене тәрбиесі міндеттерін сапалы орындау мүмкін емес. Себебі жоғарыда аталған жұмыс түрлерінің әрқайсысы арнайы мақсатты көздейді, жекеленген міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

Осыған сәйкес өзара байланысты мына төрт қағиданы ұстандық:

Біріншіден, кез-келген жұмыс түрі кешенді дене тәрбиесі үдерісіне өзіндік әсері бар.

Екіншіден ,  дене тәрбиесін ұйымдастырудың бір түрін екінші тәсілмен толығымен алмастыру мүмкін емес.

Үшіншіден, дене тәрбиесін ұйымдастыру түрлерін кешенді түрде жүргізген жағдайда  оқушылардың дене тәрбиесі міндеттерін толық шешуге болады.

Төртіншіден, мектептің педагогикалық ұжымы (оның ішінде тек дене шынықтыру мұғалімдері ғана емес) мен ата–аналар бірлігі және оқушылардың өздері тарпынан ынта, қызығушылық, өзіндік басқару мен ұйымдастыру  болмаған жағдайда дене тәрбиесінің кешенді мақсаттары мен міндеттерін толлыққанды шешу мүмкін емес.

Дене тәрбиесін ұйымдастыру түрлері оқушының өз бетінше ұйымдастырылған жұмыстарымен толықтырылған жағдайда нәтижелі болады.

Оқушының күнделікті қозғалыс тәртібін толықтыруға арналған жұмыс түрлері дене тәрбиесі жүйесінің элементтері есебінде болды:

- Таңертеңгі гимнастикалық жаттығулар. Күнде таңертеңгілік 9-10 жаттығудан тұратын кешен. Бұл оқушылардың орталық нерв жүйесін қалыпқа келтіріп, оқушы ағзасын сергітеді.

- Мектепке дейінгі және үйге қайтар жолдағы серуен. Таза ауада жаяу жүрудің өзі шынығу, сауықтыру әсерін тигізеді.

- Оқу сабақтарына дейінгі жаттығу. Сабақтағы нәтижелі іс-әрекет пен оқу күнін белсенді бастауға мүмкіндік туғызады.

- Дене тәрбиесі сабақтары. Бұл сабақтар мазмұны мемлекеттік талап пен оқу бағдарламасына сәйкес белгіленіп, оқушылардың күші мен жылдамдығын, ептілігі мен шыдамдылығын және ерік-жігерін, батылдық пен табандылықты және тез шешім қабылдау секілді  тәрбиелік қасиеттерін дамытады.

- Сабақ үстіндегі сергіту минуттары. Ой еңбегі барысында ағзаның тынығуына әсерін тигізеді.

- Үлкен үзіліс кезіндегі  дене жаттығулары мен қозғалмалы ойындар. Оқу күні ортасында оқушылардың белсенді демалысын қамтамасыз етеді.

- Күнделікті денсаулық сағаттары (материалдық жағдайы сәйкес келетін мектептерде жүргізіледі). Оқушыларға  40-60 минут бойы таңдауы бойынша дене жаттығулармен айналысуға мүмкіндік береді. Әсіресе, қозғалыс белсенділігі төмен оқушылар үшін өте пайдалы, аурудың алдын алу шаралары қызметін атқарады, денсаулыққа септігін тигізеді.

- Спорттық сағаттар. Кіші мектеп жасындағы балалар үшін ұзартылған күн топтарында ұйымдастырылады. Сабақтың бұл түрі сауықтыру қызметін атқарады, бастауыш класс оқушыларының түрлі сайыс, ойындарға қызығушылығын туғызып, шынықтырады.

- Спорттық үйірмелер, ұйымдар мен топтардағы жұмыс. Белгіленген спорт саласы бойынша оқушының жалпы және арнайы дайындығын көрсетіп, дене жаттығуларымен жүйелі айналысуды қамтамасыз етеді.

- Жалпы мектепішілік спорттық бұқаралық шаралар. Бұл жұмыс түріне денсаулық және спорт айлықтары, спорттық мерекелер, жалпы мектепішілік сайыстар жатады. Бұл шаралар барлық оқушының спорт пен дене тәрбиесі жаттығуларына қызығушылығын туғызады.

- Өз бетінше дене жаттығуларымен айналысу. Бұл жұмыс түрі қозғалыс тәртібінің  маңызды бөлігі. Кей жағдайда ең тиімді әдіс болып есептелінеді, себебі оқушының жеке тұлғалық қызығушылықтары мен қабілетіне сұранысына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс өз нәтижесін береді.

Оқушылардың тәрбие жұмысы – мұғалімнің кәсіби қызметінің ажырағысыз және құрамдас бөлігі. Сондықтан жоғары педагогикалық білім берудің негізгі міндеттерінің бірі болашақ мұғалімдерді оқу-тәрбие жұмысына дайындау болып табылады. Педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінің оқушылармен тәрбие жұмысына даярланудың маңызды құралы, тұтас педагогикалық процестің құрамдастарының бірі есебіндегі дене тәрбиесі болып табылады. Алайда, студенттердің көпшілігі дене тәрбиесін тек биологиялық тұрғыдан ғана қарастырып, оның қоғамдық маңыздылығын терең түсінбейді, ал шындығында, оқушының тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуында айрықша орын алатын дене тәрбиесі мен спорттың әлеуметтік қызметі де зор.

Болашақ мұғалімдерді тәрбие жұмысына дене тәрбиесі құралдарымен дайындау қажеттілігі мен оны қанағаттандыру мүмкіндігі арасындағы қарама-қайшылықтың болуымен де байланысты, өйткені дене тәрбиесі мұғалімі оқушының апталық қозғалыс қажеттілігін (10-12сағат) аптасындағы 2 сабақ ішінде (2 сағат) қамтамасыз ете алмайды.

Педагогикалық жоғары оқу орны студенттерін оқушылардың дене тәрбие жұмысына дайындау тиімділігі төмендегідей педагогикалық  шарттарды орындаған кезде қамтамасыз етілмекші:

Студенттердің дене тәрбиесі құралдарын оқушылармен тәрбие жұмысына пайдаланудағы білімдерін, шеберліктері мен икемділіктерін меңгеру қажеттілігін түсінуі.

Дене тәрбиесі процесінің кәсіби бағытталуы.

Оқыту мен тәрбиелеудің белсенді түрлерін, құралдары мен әдістерін қолданып, студенттердің жеке-психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, іскер көзқарас таныту.

Студенттердің жүйелі дене жаттығуларына қызығушылығы мен қажеттілігін қалыптастыру, бұларды өзін-өзі физикалық жағынан тәрбиелеуге қосу.

Оқушылармен тәрбие жұмысында дене тәрбиесі құралдарын пайдалану жөніндегі операциялық білімдерінің, икемділіктері мен дағдыларының қажетті деңгейінің болуы мен қалыптасуы.

Берілген бағдарламаның жүзеге асырылуы, біздің ойымызша, оқушылардың дене тәрбиесі мұғалімінің кәсібіне бағдар ұстануын жақсартуға, жоғары оқу орындарына дарынды жастардың келіп түсуін қамтамасыз етуге, «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша үздіксіз педагогикалық білім идеясын жүзеге асыру үшін алғышарттар құруға мүмкіндік береді.

Физикалық өзін-өзі тәрбиелеудің маңызды буыны есебінде, тұлғаның ішкі сенімі мен саналы еркі басым түсіп жататын бағыттылығын ескерген дұрыс. Міне, сондықтан да болашақ мамандардың жүйелі дене шынықтыру жаттығуларын қажетсінуі физикалық өзін-өзі тәрбиелеудің негізгі іргетасы болып табылады, оны түрліше: ішкі сол сияқты, сыртқы да факторлармен айқындайды. Бұлардың ішінде – дәлелдер, мүдделер, құндылық бағыттары, студенттердің дене тәрбиесінің деңгейі мен даярлығы, сондай-ақ ұжымның қоғамдық пікірі, оқушы тұлғасы, оқыту мазмұны, сабақ беру әдістемесі және тағы басқалары бар.

Өзін-өзі жетілдіру процесі дұрыс басшылықты қажет етеді, себебі анатомия, физиология, психология және әдістемелік тұрғысынан жеткілікті білімі жоқ адамның өз бетімен жаттығуы, денсаулығы мен мінез-құлқына теріс әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан да жеткілікті түрде белсенді ұйымдық-әдістемелік тәсілдердің іздестірілуі мен пайдаланылуы қажет, бұлар студенттердің өз бетімен жетілуін, дербес жаттығуларға тұрақты дағдысын тәрбиелеуін қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар сабақтарды жеке және шағын топтық әдістермен өткізуге көбірек мән берілді, өйткені сыныптың дене даярлығы түрліше 5-10 адамнан толған кезінде, жекелеген оқушылар немесе 2-3 адамдық топтар үшін, қатар орындалатын, үйлесімділік күрделігі мен салмақ көлемі жөнінен ерекшеленетін бірнеше бағдарламаны іріктеу қажеттілігі туындайды.

Сондай-ақ, оқушыларды олардың тек орындай алатын ғана емес, сонымен қоса, ұқсас варианттарын орындай отырып, ойдан құрастыратын және өз күшін тиімді жұмсай алатындай бұлардың жаттығулар багажын (гимнастикалық, жеңіл атлетикалық ойын) қалыптастыру жолымен берілген өз беттерімен орындау бейімділіктеріне үйретудің дидактикалық шеберлігі де қажет. Мысалы, секірген кезде  секіргішті қолданып секіру икемділігі қалыптасады.

Мектеп тәрбие жүйесінің маңызды міндеті баланың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуы болып табылады.  Сондықтан шығармашылықпен ойлайтын тұлғаны тәрбиелеудің негізгі мәселелерінің бірі қозғалыс белсенділігінің қалыптасуы болып табылады, өйткені оның жоқтығы тек ақыл-ой дамуын ғана кідіртіп қоймайды, балалардың қозғалыс белсенділігін де төмендетеді. Ал бұл өз кезегінде баланың өзінің дағдылары мен икемділіктерін практикалық қызметінде пайдалану қажеттілігін болдырмайды, қозғалыс кестесінің бұзылуына апарып соқтырады.

Алайда, практика көрсеткендей, педагогикалық практикада  студенттердің басым бөлігі (96%), дене тәрбиесі-сауықтыру шараларын күн тәртібінде әдістемелік жағынан сауатты ұйымдастыра алмайды. Бұл студент-практиканттың белсенділігін ынталандыруға бағытталған педагогикалық міндеттер мен жағдайларды, қалыптан тыс, тың жолмен шешуінде  қиналады. Қимыл белсенділігінің, сондай-ақ қозғалыс міндеттерін шешуге шығармашылықпен келудің қалыптасуында, тұтастай педагогикалық процестің негізгі құрамдастарының бірі әрі баланың қоғаммен және өмірмен байланыстырушы буыны болып табылатын дене тәрбиесі ерекше орын алады.

Информация о работе Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі