Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 19:00, доклад

Описание работы

Қазіргі таңда қоғамның салауаттылығы маңызды сипатқа ие. Бүгінгі болашақ мұғалімді дайындауда олардың салауатты өмір сүру мен денсаулық, дене мәдениеттерін өздері игермей тұрып, оларды білімді, білікті маман ретінде қалыптастыру мүмкін емес. Себебі әр болашақ маманның денсаулығы жеке байлық қана емес, ол сондай-ақ халқымыздың білім және экономикалық қуатының өсуі үшін де қажетті шарттарының бірі. Соның ішінде денсаулықтың басты шарты-мәдени орта, салауатты өмір салты.

Работа содержит 1 файл

Orazov.doc

— 215.50 Кб (Скачать)

Осыдан келіп, студенттердің шығармашылық белсенділігін тәрбиелеуге даярлығын қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Сондықтан студенттердің балалардың белсенділігін қалыптастыруға әзірлігі психологиялық тәрізді, практикалық та даярлығы ретінде қарастырылуы керек.

Психологиялық даярлығы, студенттердің дене тәрбиесі құралдарын балалардың белсенділігін тәрбиелеуде пайдалану бағытындағы білімдері мен икемділіктерін меңгеру қажеттілігін түсінуін білдіреді.

Практикалық даярлығы, дене тәрбиесі құралдарын пайдаланудағы операциялық білімдерінің қажетті деңгейінің болуы мен қалыптасуын айқындайды.

Болашақ мұғалімнің оқушылардың белсенділігін дене тәрбиесі құралдарымен қалыптастыру тиімділігі, төмендегі педагогикалық шарттарын сақтаған кезде қамтамасыз етіледі:

1.  Дене тәрбиесі процесінің кәсіби бағыттылығы.

2. Дене тәрбиесінің теориясымен әдістемесінің оқушылардың қозғалыс белсенділігін тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық мәселелерімен толықтырылуы.

3. Дене тәрбиесі құралдарымен балалардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда, қажетті білім мен шеберліктің белгілі бір деңгейіне қол жеткізу.

4. Оқыту мен тәрбиелеу әдістерінің құралдарын, белсенді түрлерін пайдалана отырып, балалардың жеке- психологиялық ерекшеліктерін, қозғалыс белсенділігінің деңгейін ескеріп, іскер көзқарас таныту.

Зерттеу барысының 3 бөлімінде оқушылардың дене мүмкіндіктері мен қозғалыс қимылдары ерекшеліктерін ескере отырып, дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға арналған әдістер жүйесі қолданылды.

Зерттеу барысында жүргізілген теориялық-әдіснамалық талдаулар барысында және анықтаушы эксперимент нәтижелері болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындаудағы тәжірибелік-эксперимент жұмыстарын мынадай кезеңдер бойынша жүргізуге мүмкіндік берді.

1) айқындаушы кезең – анықтаушы эксперимент жұмыстарының нәтижелері сараланып, болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындауда кәсіби маңызды қасиеттері мен біліктілік сипаттамасы анықталды.

2) ақпараттық-нақтылық кезең – тәжірибелік-педагогикалық жұмыстарды жүргізу жағдайларын қамтамасыз ету үшін жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие үдерісінің мүмкіндіктеріне сай, зерттеліп отырған мәселелерге байланысты болашақ мұғалімдердің даярлығын қалыптастырудың оңтайлы жолдары мен бағдарламасы жасалды.

3) рефлексиялық-бағалау кезеңі – арнайы жұмыстар ұйымдастыру: «Дене тәрбиесі – салауаттылық негізі» арнайы курс, «Педагогикалық шеберлік клубы» жұмысының жоспарларына сәйкес (Ж қосымшасы), педагогикалық зерттеу жұмыстары жүргізіліп, болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындау педагогикалық тәжірибе барысындағы тапсырмалары арқылы дамытылды.

Қалыптастырушы эксперименттің бірінші кезеңіне сәйкес, анықтаушы эксперимент барысында қол жеткізген тұжырымдарымыз бен теориялық талдауларымыз нәтижесінде болашақ педагог тұлғасының құзіреттілігі сипаттамасы, біліктілікті қалыптастыру мен принциптерін тұжырымдауға мүмкіндік туындады.

Тәжірибелік - педагогикалық жұмыстың соңғы кезеңі әртүрлі формадағы жұмыстарды қамтыды.

Семинар сабақтары тақырыпты жан-жақты талқылау, әңгіме-кеңес, дөңгелек үстел, диспут, КВН, интеллектуалдық жарыстар, іскерлік ойындары, дидактикалық ойындар, рефератты талқылау және тест, т.б. түрінде өткізілді. Ал тәжірибелік сабақтар негізінен дене дамуы мен дене қабілетін, дене сапаларын анықтауға байланысты өлшеу жұмыстары, тесттік бақылау мен тәжірибелік сараптау, физиологиялық анықтау карточкаларын толтыру, жеке студенттің физиологиялық, психологиялық, кәсіби даярлығы бойынша сипаттамалар дайындау, оқытушының сабағына талдау, даму күнделігін толтыру, өзара сабақ өткізу мен треннинг өткізумен сипатталады.

Сонымен бірге, дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруда жеке тұлғаны қалыптастырудың маңызын, оның мәні мен мұғалім рөлінің құндылық сипаты жете түсіндірілді. Студенттер берілген тапсырма бойынша өздерінің және оқытушылардың педагогикалық процесті жүзеге асырудағы кәсіби іс-әрекетіне талдау жүргізді. Мұның бәрі сайып келгенде студенттердің арнайы кәсіби-педагогикалық білімін, іскерлік дағдыларын шыңдай түсті. Арнайы курс нәтижесінде мынадай компоненттерді қамтитын педагогикалық жұмыс жүйесі анықталды:

- дәріс сабақтарында теориялық білімді меңгеру;

- семинарда игерген теориялық білімді бекіту;

- тәжірибелік сабақтарда біліктері мен дағдыларын қалыптастыру;

- педагогикалық тәжірибемен сабақтастыру.

«Дене тәрбиесі - салауаттылық негізі» атты арнайы курс  үшінші және төртінші курс студенттеріне оқылды. Арнайы курстан кейінгі зерттеулеріміз нәтижесі мынадай болды (кесте 1).

Кесте 1 – Арнайы курстан кейінгі зерттеу нәтижесі

Деңгейлері

3 курс

4 курс

Арнайы курсқа дейінгі

Арнайы курстан соң

Арнайы курсқа   дейінгі

Арнайы курстан      соң

1.

Жоғары

12,8%

25,3%

13,5%

26,4%

2.

Орташа

47,1%

47,7%

48,0%

48,6%

3.

Төмен

40,1%

27,0%

38,5%

25,0%

Студенттердің арнайы курстан кейін зерттеліп отырған мәселедегі даярлық деңгейлерінің өскенін (12,9 %-ке) және төменгі деңгейдегі (13,5%) студент санының азайғандығын байқаймыз.

Зерттеу жұмыстары әрі қарай жалғастырылып, педагогикалық тәжірибемен ұштастырылды.

Педагогикалық тәжірибе барысында студенттер ұсынылған әдістемелер және тәжірибелік сабақтардағы өлшеу-байқау жұмыстарын оқушыларға пайдалана отырып, өз беттерімен зерттеу жұмыстарын жүргізу ұсынылды. Зерттеуде қолданылған әдістемелік тәсілдер диссертацияның 4.1. тармағында және қосымшаларда көрсетілді.

Тәжірибелік – эксперимент жұмыстарының нәтижелері кесте 2-де көрсетілді.

 

Кесте 2 – Педагогикалық тәжірибеден кейінгі зерттеу қорытындысы

Деңгейлері

Бақылау тобы

Эксперимент топ

3 курс

4 курс

3 курс

4 курс

Жоғары

12,7%

13,7%

32,3%

30,5%

Орташа

46,2%

48,3%

33,7%

37,5%

Төмен

41,1%

38,0%

34,0%

32,0%

Тәжірибелік-эксперимент жұмыстары нәтижесінде жоғары деңгей 16,8%  өсіп, төменгі деңгей  6,0% - ға кемігендігі байқалды. Сондай-ақ оқу-зерттеу жұмыстарының көрсеткіштері олардың болашақ кәсіби әрекетіне қатынасы жөніндегі жауапкершілігін арттыра түсті.

Бұдан шығатын қорытынды, болашақ мұғалімдер оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындауды ұйымдастыру және студенттің өз тарапынан болашақ кәсібіне оның қажеттілігін сезінуін тәрбиелеу, мақсатты педагогикалық процестен оңтайлы әдіс-тәсілдерді пайдалану, шығармашылық қатынас орнату, үнемі кәсіби біліктілігін жетілдірудің өзектілігі жоғары. Сонымен, педагогикалық тәжірибеден кейінгі зерттеудің жалпы нәтижелерін саралай отырып, нәтижелерін былайша түйіндейміз (Cурет 6).

                                                                Бақылау                                      Эксперименттік топ                                              

                                                     Деңгейлер:

                                                                                  

 

                                   төмен                       орташа                        жоғары         

Сурет 6 - Зерттеу нәтижелерінің жалпы қорытындысы

Ал, модельдегі компоненттердің қалыптасу динамикасы бақылау топтарына қарағанда эксперимент топтарында анағұрлым артқандарын көрсетеді (Кесте 3).

Кесте 3 - Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға студенттердің дайындығының деңгейлері. 

 

Компоненттер

Деңгейлер

Бақылау тобы

Эксперимент тобы

Мотивтік

Жоғары

Орташа

Төмен

14,3

49,4

36,3

28,1

47,7

24,2

Мазмұндық

Жоғары

Орташа

Төмен

17,7

48,1

34,2

34,4

42,3

23,3

Процессуалдық-іс-әрекеттік

Жоғары

Орташа

Төмен

12,8

46,7

40,5

29,2

36,3

34,5

Рефлексиялық-бағалау

Жоғары

Орташа

Төмен

14,1

46,4

39,5

32,6

42,3

25,1

 

Әсіресе көрсеткіштер рефлексиялық бақылау және мазмұндық компоненттерде (18,5 және 16,7 % артқан) басым болғаны байқалды.

Тәжірибелі-эксперимент жұмыстарының жалпы қалыптастырушы эксперимент бойынша қорытындыланып, көрсеткіштердің артқанын дәлелдеді. 

Сонымен, эксперимент жұмыстарын талдау-зерттеудің ғылыми болжамының дұрыстығын дәлелдеп, нәтижелердің дәйектілігін көрсетті.

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

1. Зерттеу барысында  оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындаудың ғылыми - теориялық алғышарттары тұлғалық – бағдарлық, іс – әрекеттік тұрғыдан айқындалды. Теориялық әдіснамалық тарауларға сүйене отырып дене тәрбиесіндегі негізгі ұғымдарының педагогикалық мәні мен мазмұны ашылып, жеке тұлғаны қалыптастыруда шешуші роль атқаратындығы анықталды.

2. Қазіргі қоғам дамуының қарыштап өрлеу кезеңінде философиялық көзқарастар мен психологиялық, педагогикалық, физиологиялық, әдістемелік еңбектерді талдау негізінде жеке тұлғаның жан–жақты дамып, жаңа қоғамға бейімделген, салауатты өмір салты негізінде дене мәдениеті қалыптасқан, білімді де білікті тұлғаға деген сұраныс арқылы зерттеу мәселесінің көкейкестілігінің бұрынғыдан да арттыра түсетіндігі айқындалды.

3. Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындау жаңа сипатта талдау жасалып, дене тәрбиесі мәнін ғылыми теориялық тұрғыдан ашуға негіз болатын  «дене тәрбиесі жүйесі», «дене мәдениеті», «дене саламаттылығы», «дене мүмкіндіктері» т.б. ұғымдарын ғылыми – педагогикалық сабақтастық тұрғыда қарастырылды.

4. Мектеп оқушыларының дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығын жетілдірудің теориялық негіздеріне сай тұлғалық-бағыттылықтың психологиялық, педагогикалық мәні ашылды.

5. Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға олардың дене мүмкіндіктері мен қимыл қозғалыстарын болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындаудың мазмұндық сипаты арнайы тармақтарда берілді.

6. Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға кәсіби дайындаудың ғылыми-әдістемелік жүйесі ұсынылды.

7. Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындауда болашақ мұғалімдердің кәсіби-шығармашыл тұлғасын қалыптастыру моделі зерттеліп отырған өзекті мәселенің шешімін табуда маңызды болып табылады. «Дене тәрбиесі – салауаттылық негізі» атты арнайы курсты оқыту үдерісіне енгізу оқушылардың дене тәрбиесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындауда оң нәтижеге жетуге мүмкіндік берді.

Информация о работе Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі