Білім сапасы

Дата добавления: 12 Января 2012 в 12:57
Автор: m***************@mail.ru
Тип работы: реферат
Скачать полностью (57.19 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Білім сапасы.doc

  —  240.50 Кб

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі-маңызды мәселелердің бірі. Білім мазмұнының жаңаруы, оқыту үрдісіне инновациялық технологиялардың енуі осы сала мамандарының кәсіби біліктілігі деңгейіне қойылатын талаптардан айқындалады. Бұл тұрғыдан алғанда мұғалім біліктілігін арттыру институттары педагогтар үшін кәсіптік-педагогтік ақпараттардың бірден-бір қайнар көзі болып табылады. Осыған байланысты институт қызметі білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлар біліктілігін арттырудың ең өзекті мәселелерін шешеуге бағытталған.

Осы мәселерді  шешуге байланысты институт 2005 жылы республикалық трансферт арқылы 3106 мұғалім, ал облыстық бюджетке сәйкес 1200 педагогтар қайта даярлау курсынан өтті. 2006 жылдың бірінші тоқсанында республикалық трансферт бойынша 677,облыстық бюджет бойынша 319 мұғалім жеке пәндер мен педагогика және психология мәселері бойынша білімдерін жаңартуға, оқушылардың оқу-танымдық іс -әрекеттерін ұйымдастырудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеруге, тәжірибе алмасуға бағдарланған курстар бойынша даярлықтан өткізілді.

Соңғы жылдары институт курстарына қатысушылардың саны өсіп келеді. Жаңа оқулықтардың шығарылуына байланысты мұғалімдер даярлау ісін курстық шаралар арқылы да іске асырып келеміз. Ол үшін оқулық авторларын институтқа шақырып, арнайы курстар өткіздік.Институт заман талабына сай жаңа педагогикалық технологиялар «Модульдік оқыту технологиясы», «Оқытудың интерактивтік әдістері», «Оқытудың белсенді тренингтік формалары» бойынша курстар өтілді.

Институтта  қашықтықтан оқыту, жоба технологиясы арқылы ұстаздардың кәсіби шеберлігін дамыту әдісін игерту жолында инновациялық жоспар жасалды. Институт базасында ұстаздарға қазіргі заманғы әдістемелік көмек көрстеу мақсатында 13 тұрақты семинар жұмыстары ұйымдастырылды. Озық педагогтардың тәжірибелерінің жинақталуына байланысты оларды игерту және тарату мақсатында «Логос- СКО» редакция-баспа орталығы жұмыс істейді.

Редакция-баспа  орталығынан «Педагогикалық полилог» ғылыми-әдістемелік журналы, Солтүстік  Қазақстан облысының кәсіптік білім беру қызметіне және Ұлы Жеңістің 60 жылдығына арналған жинақтар, 78 оқу-әдістемелік құралдар жарық көрді. Институт кітапханасы ақпарат жаңалықтарының көзі болып табылады. Қоғамдық өмірдегі өзгерістер, ағымдағы ақпараттар, әдістемелік жаңалықтар кітапханадағы «Мектептік технология», «Ашық мектеп», «Білімдегі жаңалықтар»т.б пәндер бойынша алынатын әдістемелік журналдарда, баспа басылымдарында көрініс тапқан.

Кітап қорын тек әдебиеттермен ғана емес,12 жылдық білімге көшу, бейіндік оқыту әдістеме құралдарымен толтыруды қамтамасыз етуге де ерекше көңіл бөлінген. Ғылым мен білімнің әртүрлі салалары бойынша 267 жаңа әдебиеттер алынды. Оның 60 -ы білім беру инновацияларына арналған.

Мультимедиялық  кабинетте 80 бейнефильмнен тұратын видиобанкы және ОкуNет.кz. «Білім порталы» веб-сайты құрылды. Қолданушылар сайт арқылы жалпы сипаттағы ақпараттарды( пәндік тест тапсырмаларын, іс шаралар мен конференциялардың бағдарламаларын, сабақ жоспарларын, қажетті материалдарды) ала алады. Сайтты оқушылар,мұғалімдер, ата-аналар және оқу орындарының жетекшілері пайдалана алады.

Сайтта  оқушыларға, мұғалімдерге, ата-аналарға және жетекшілерге арналған материалдарды сақтауға арналған ақпараттық «Әдістемелік кабинет», «Әдістемелік қамтамасыз ету» папкасы құрылды. «Әдістемелік кабинет» папкасында мұғалімдерге арналған теориялық және практикалық сипаттағы( тақырыптық сабақ жоспарлары, сыныптан тыс іс шаралар, жеке курстарды өткізу әдістемесі )материалдар жинақталған. «Әдістемелік қамтамасыз ету» папкасы күнделікті оқушыларға, мұғалімдер мен жетекшілерге қажетті деген материалдармен ( сабақтарды өткізудегі әдістемелік құралдар, тест тапсырмалары, танымдық сипаттағы мақалалар, викториналық сұрақтар)қамтамасыз етілген.

«ОкуNет.kz.»  желісінің жаңа мүмкіншіліктері:

  • білім мекемелеріндегі оқушылар мен педагогтарды сапалы әлемдік білім беру ақпараттарымен қамтамасыз ету;
  • барлық қажетті материалдарды жүйелендіру және сақтау мақсатында бірыңғай «Білім порталын» ұйымдастыру;
  • ұстаздардың біліктілігін арттыру, озық тәжірибелерді тарату және білім берудің жаңа әдістерін игерту;
  • қашықтықтан оқытуды, «оn-line» олимпиада, тестілеулерді ұйымдастыру;
  • интернетке шығу мүмкіндігі;
  • білім беруде ақпараттық технологияларды қолданудағы қазіргі тәсіл-амалдарды игеруге,эксперимент жасауға, анықтауға және мұғалімдердің ақпараттық мәдениетін,олардың жалпы білім беретін және кәсіптік дайындығын арттыру мақсатында желі бірыңғай әлемдік ақпараттық кеңістікте нақты бірігуді іске асыруға мүмкінік береді.

Елбасы  өз Жолдауында «ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» деп атап өтті. Өйткені, соңғы жылдары пайда болған «ілімге негізделген экономиканы» ескермесе болмайды. Әлемдік бәсекелестік заманда әрбір адамның білім санасын, қабілеттік деңгейін іскерлік мүмкінділігін анықтайтын адам ресурстарын дамыту мәселелері күн тәртібіне өткір қойылып, адамның білімі мен біліктілігі қазіргі кезеңде мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды көрсеткішіне айналып отыр.

Бәсекеге  қабілетті интеллектуалдық күші жетік маман кадрлар болмай, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай экономика дамымайды. Қай заманда да өркениеттің өрлеуі интеллектуалдық шығармашылық қабілеттің негізінде іске аспақ. Осындай қабілеттердің дамып, шыңдалуында біліктілік арттыру институттары шешуші рөл атқарады. Яғни институтта өткізілетін конференция, семинар, курстар,дөңгелек үстел, пәндік, полилингвалды олипиадалар, интеллектуалды ойындар, дебат, байқаулар, жеке тұлғаларға арналған іс-шаралардың бәрі де ұстаздың жаңашыл педагогикалық ойлауына, жеке адамды дамыту құралы болып табылатын оқыту үрдісін қалыптастыруға және шығармашылық дамуына,кәсіби шыңдалуына негіз болады.

Мұғалім білімін көтермей, кәсіби шеберлігін шыңдамай,өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие берем деу қазіргі заман талабына сай келмейді. Бұл бізге үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр. Оның үдесінен шығу- біздің үлкен міндетіміз.

Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз. Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін - өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру. 
          

Страницы:← предыдущая1234567
Описание работы
Халқымыздың ардақты ұлдарының бірі Міржақып Дулатұлы: “Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі – тұман” – деп ғылым, білім, оқудың маңызын қара халыққа көрсеткен.
Содержание
содержание отсутствует