Білім сапасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2012 в 12:57, реферат

Описание работы

Халқымыздың ардақты ұлдарының бірі Міржақып Дулатұлы: “Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі – тұман” – деп ғылым, білім, оқудың маңызын қара халыққа көрсеткен.

Работа содержит 1 файл

Білім сапасы.doc

— 240.50 Кб (Скачать)

      - өзін-өзі тану,

      - өзін-өзі бағдарламалау,

      - өз-өзіне әсер беру.  

 Мұғалімдік  еңбектің психологиясы күрделі  және жауапты екенін айта келіп,  жазушы-педагог М.Әуезов шын  мұғалімге тән мынадай қабілет-қасиеттерді атап көрсетеді: эрудиция қабілеті, әр жастағы баланың даму ерекшеліктеріне сай келетін тәрбиенің тиімді әдісін таба білу, баламен тіл табыса білу шеберлігі, ақыл-парасатының мол болуы, оқыту мен тәрбиенің жаңы әдістемелерін тәжірибеге батыл енгізу, оқушының сеніміне бөленуі, ұйымдастырушылық қабілетті қалыптастыру және басқалар.  

 Сөзіміздің  соңында «Осындай қабілетті, қаситетерді, іскерліктерді өз бойына жинаған мұғалім ғана - нағыз ұстаз бола алады» - дегіміз келеді.

Әдебиеттер

      1. Жарықбаев Қ. «Аталар сөзі - ақылдың  көзі» Алматы, 1995

      2. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңы, 1999

      3. Насырова Г.И. Профессиональная адаптация будущих учителей. В сб: Формирование социальной активности личности учителя. М., 1985. Б. 58-63

      4. Пірәлиев С. Жоғарғы оқу орындарындағы  оқу-тәрбие процесінде болашақ  мұғалімдердің кәсіби бейімделуі //Қазақстан жоғары мектебі, №2, 2001  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     ХХ  ғасыр – ғылым ғасыры. Сондықтан  жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгешеліктер жүріп жатыр. Жеке тұлға яғни дарынды, шығармашылық тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту тәрбиелеудегі ең озық тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек.  
 

    Әр  оқу жылының алдында аудандық білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінде жиналып, бас қосу қалыптасқан дәстүрге айналған.

    Үміт  пен сенімге толы осы сәтте  өткен істерімізді қорытындылап, барлығымызға ортақ құндылықтарды  жинақтап, ортаға салып, ой бөлісіп, өркениеттер үндестігін, білім берудің сапасын нығайтсақ деген асыл мұраттар мен мақсаттарды белгілейміз.

    Елбасы  Н.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына  арнаған Жолдауында Қазақстанды  жаңартудың жаңа кезеңдегі басты  басылымдарды саралап, отыз бағыт белгілеп бергені белгілі. Соның ішінде білім саласына басты назар аударды. Білім беру реформасының басты өлшемі білім мен біліктілік екенін атап өтіп, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды тиімді пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту, білім беру қызметін әлемдік стандарттар деңгейіне көтеру қажеттілігін басты назарға салды. Үшінші дүние әлемі болудан кетіп, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылуға бел байлағанымызды көрсетті.

    «Халық  пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе- білім»,-деп Мұхтар Әуезов айтқандай, әр ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады. Өйткені кез келген мемлекеттің рухани, әлеуметтік-экономикалық дәрежесі сонда өмір сүретін халықтардың білім деңгейіне қатысты бағаланады. Ендеше еліміз сенім артып отырған бүгінгі оқушы, ертеңгі мамандар жаңа заман талабына сай, терең білімді, пайым–парасаты мол, өрелі жастар болуы керек. Осы орайда, ең бірінші кезекте шығатын дүние әлемнің алдынғы қатарлы дамыған елдерімен тең дәрежеде өркениетті бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу. Екінші, қоғамдағы ұстаз деген кәсіп иесінің статусын атқарып отырған міндетін айқындап, сол міндеттерін атқаруға стимул болатын әлеуметтік жағдайын жақсартудың  жолдарын шешіп алғанымыз жөн. Басқаша айтқанда, мектептің атын өрге сүйрейтін –ондағы оқитын шәкірттің білімдарлығы және білім сапасының жоғары болуы. Ал шәкіртті терең білімді етіп даярлайтын оның ұстазы. Үшіншіден, мектептің материалдық базасының өз деңгейінде болуы.

    Демек, осы көздеген мақсатқа жету ісі мыңдаған ұстаздар қауымына тың міндеттер  жүктеп отырғаны анық.

    Құрметті  әріптестер!

    Мектептің мықты мектеп болуы оған жасалған қамқорлыққа да көп байланысты. Мемлекет - әлемдік дағдарысқа, басымыздан өткеріп жатқан кезеңнің қиындықтарына қарамастан, өмірлік маңызы зор әлеуметтік бағдарламаларды, оның ішінде білім саласын қаржыландыруды одан әрі жалғастыруда. Елбасының алға қойған міндеттері үдесінен шығып, білім саласының алға басуына республикалық, облыстық, аудандық бюджеттерден қаржы бөлініп тұрады.

    Әлемдік дағдарысқа қарсы жасалған бағдарламаны орындау барысында білім беру саласын қаржыландыруда да елеулі істер атқарылуда. Атап айтсақ, 2008-2009 оқу жылында жергілікті бюджеттің есебінен біраз мектептер  мультимедиялық кабинеттер, интерактивті тақталар және компьютерлер мен жабдықталды. Мемлекеттік бағдарламаға сай ағымдағы жылы Рахат ауылындағы Рахат орта мектебінің уақыт өлшеміне орай жобаланған 300 орындық ғимараты жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі. Білім саласына жасалып жатқан қамқорлықтың тағы бірі – биылғы жылы мектептерді ағымдағы жөндеуге, жаңа парталар алуға қаржы бөлінді.

    Бүгінгі таңда мектепке дейінгі білім беруді жетілдіру  басты талаптардың бірі болып отыр. Осы мақсатта, бала бақша, жалпы білім беретін мектептер базасында шағын орталықтар ашу және олардың материалдық–техникалық базасын жаңарту үшін жағдайлар жасалынуда..

    Құрметті  қауым!

    Білім беру мемлекет дамуының саяси экономикалық және әлеуметтік факторына айналып отырған қазіргі кезеңде мұғалімге, оның үздіксіз біліктілігінің дамуы мен кәсіби өсуіне баса назар аударып отыр. Үздіксіз кәсіби оқытуды қамтамасыз ету үшін жаңа көзқарас тұрғысында білім сапасы мен білім беру қызметінде халықаралық әдіс-тәсілдерді  түсіну мен игеру қажет. Педагогтардың біліктілігі мен кәсіптік деңгейінің ұдайы өсіп отыру қажеттілігі еліміздегі білім сапасын арттырудың басты шарты және оның Қазақстан Республикасындағы білім беруді жетілдіру аясында  халықаралық білім беру кеңістігіне енудің негізі.

    Білім сапасын білім беру үрдісінде нәтижеге жететін технологияларды қолдау арқылы көтеруге болады. Оқытудың сапасын көтеру үшін, білім беру жүйесін үздіксіз жетілдіру сияқты заңнамалық базаны да реформалау, нәтижеге жетудегі мұғалімдер мен оқушылар арасындағы жауапкершілікті білу керек.

    Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде елеулі өзгерістер болды. Білім берудің стандарты бойынша әр бір шәкірттің зердесіне жететін білімнің ең төменгі міндетті деңгейін көрсететін мемлекеттік стандарт бекітіліп, әр пән бойынша базалық білім аумағының стандартын жасауға жол ашылғандығы белгілі.  Сол пәннің тұжырымдамасы мен оқу бағдарламасы, соған сай келетін жаңа типті оқулықтар, оқу әдістемелік керек-жарақтармен мектептер қамтамасыз етіліп, жұмыс жасауда.

    Қазіргі кездегі  республикамызда қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі саналы, жан-жақты өзгертуге бағытталған кешенді шығармалармен байланысты болса, білім беру ісіндегі жаңа үрдістің мақсаты, бағыты, сипаты Қазақстан Республикасының тәуелсіз егеменді мемлекет болуына, ұлттық білім беру ісінің әлемдік жүйесіне кірігуіне тығыз байланысты болып отыр.

    Еліміздегі  жаңа білім беру реформасы  12 жылдық білім беруге көшу  арқылы  шығармашылықпен  дамыған, жан–жақты жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, «Жалпыға арналған білімнен», «Білім әркімге өмір бойы» үлгісіне көшу және әлемдік білім беру кеңістігіне  жол ашуды мақсат етеді.

    Құрметті  әріптестер!                                                     

    Адамзаттың  барлық жақсы қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіруде, олардың қоғамдық көзқарастарын дұрыс қалыптастыруда мектеп негізгі міндет атқаратындығы белгілі. Алаш ардақтыларының бірі М.Жұмабаев «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің  қандай негізге құрылуына барып тіреледі» деген болатын. Мектеп қай халықтың болмасын ұлт ретінде жойылып кетуінің қорғаны, төл мәдениеті, халқымыздың асылдары мен қазыналарын сақтау, дамыту мен болашаққа аманаттаудың кепілі. Ауданымыз облыс көлемінде ғана емес, республика бойынша екінші орын алатын, халқы көп, жері кең іргелі өңір, ірі елдімекен болып саналатын ауданымызда 82 білім ұясының 70-і орта мектеп болса, 8-і орталау, 4-і бастауыш мектепті құрайды. Сонымен бірге 4 балабақша, 5 өндірістік оқу комбинаты, 2 саз мектебі жұмыс істеуде.

    «Мектеп - әлеуметтік мәселенің ең өзектісі»-, деп Елбасымыз Үкімет пен жұртшылық  назарын жалпы білім беретін мектептің қызметін көтеруге аударып отырған жағдайда жаңа заман мұғалімінің жауапкершілігі арта түсуде. «Егер мұғалім кәсіби шебер болса, онда оқушылар да жақсы нәтижелер мен сапалы білім алады» демекші білім берудің ұлттық моделіне қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, сапалы білім мен саналы тәрбие беруші, іскер мұғалім ауадай қажет. Сапалы білімге қол жеткізу теңдігін қамтамасыз ету жолында аудан бойынша 4223 мұғалім жұмыс істейді. Оның 3305    жоғары білімді, арнаулы орта білімдісі 918.

    Жыл сайын жоспар бойынша   өз білімін жетілдіру курсынан 700-ге тарта мұғалімдер тұрақты өтіп тұрады.

    Еліміз  өркениетті елдер қатарынан орын алып, бәсекелестікке қабілетті болуы  үшін – ең алдымен жас ұрпаққа  сапалы білім беру міндеті тұр. Ал оның қайнар көзі – ұстаз еңбегінен басталады.

    «Адамдағы ең жақсы қасиеттің бәрі – Ұстаздан»  деп ұлы Абай данамыз айтпақшы, қазіргі уақыт талаптарына сай  сапалы білім жүйесін құрудың маңызды жағдайларының бірі – білім берудің барлық сатыларын жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету. Тек қана талантты, білімді, білгір ұстаз ғана нағыз ұрпақты тәрбиелей алады. Мұғалімдердің біліктілік деңгейі, әрине, білім мекемелеріндегі білім сапасына әсер етеді. Себебі білім сапасы туралы сөз қозғалса, бірден мұғалімнің біліктілігі мен білімділігі ойға оралады. Өз пәнін жетік білетін шебер ұстаз сыныптағы оқушының бар ынта –ықыласын өзіне аударып, сабақты сапалы өткізеді. Өкінішті болса да айтайын, бүгінгі күні мектепте институтты сырттай немесе ақылы тұрғыда бітіріп, мұғалім атын иемденіп жүргендермен толығуда.Амалсыз ол мамандарға алған білімдерін ысырып тастап, сабақ жоспарын жасауды үйретуден бастап өзіміз қайта даярлап жатамыз. Мұндай кемшіліктерді жіберілуіне мектеп басшылары да үлесін қосып жатады. Себебі жұмысқа қабылдау барысында мұғалімнің кәсіби біліктілігіне көңіл аударудан гөрі, мектеп басшыларының жеке басының қалауы басым түсіп жатады.  Бұның бір айғағы - педагог кадрлерді аттестаттау кезіндегі біліктілік тестілеуінің қорытындысы бойынша мұғалімдердің көпшілігінің шектік деңгейден төмен балл жинауы. Орын алған осындай жайттар мектептегі білім сапасына кері әсерін тигізуде.

    Білім саласы – ұстаз бен шәкірттен өз жұмысына селқос қарауды, немқұрайлық пен жайбасарлықты көтермейтін, керісінше тек ілгерілеушілікті, талапты, қайрат- жігер, биік талғамды қажет ететін сала.

    «Ұстаз  қызметінің мақсаты- өз пәнін жақсы  үйретуден гөрі тереңіректе, бұл  адамды қалыптастырушы адам» демекші, мектептің мәртебесін көтеріп, мерейін  өсіретін ұлағатты, білікті ұстаздары  екені даусыз. Бүгінгі күнде  білім сапасының төмендеуіне кері әсерін тигізетін тағы бір мәселе – кадр ташылығы. Аудан бойынша кейбір мектептерден маман кадрлардың жетіспеушілігі әлі де байқалуда. Бізде білім саласындағы мұндай олқылықтардың орнын толтыруға мүмкіндіктеріміз жоқ емес. Бұған байыпты басшылық, ұтымды ұйымдастырушылық қажет.

    Мемлекетіміз  білім саласында осындай әлеуметтік сұранысқа сәйкес қажетті жағдайлар жасауда. 2009 жылдың 1 қаңтарынан ауылдық жерлерге жұмысқа орналасқан қызметтерге 80 мың көлемінде бір жолғы жәрдемақы тағайындауы, үш қызметтік пәтердің берілуі  мұғалімдерге аз да болса демеу болды. 

    Қымбатты  қауым!

    Мұғалім – үнемі ізденісте, қоғам дамуы мен бірге жүретін тұлға. Өйткені қазіргі жас ұрпақ сауатты, компьютерді жетік меңгерген, баспасөзді қалт жібермей, көгілдір экраннан әлемдегі жаңалықты бойына сіңірген ғылым мен техника ғасырының балалары екендігі мәлім. Ендеше осындай ұрпаққа білім беретін мұғалім де қоғамдық даму деңгейінен көрінетін маман болуы шарт.

    Білім берудің көптеген проблемалары, «Өмір бойы білім алуға»  көшу қағидалары бүгінгі таңда ақпараттық – коммуникациялық технологиямен тығыз байланысты.  Жүргізілген зерттеулер мұғалімдердің барлығы дерлік білім беруді ақпараттандыру қажеттілігіне келісетінін білдірген. Сөйте тұра, мұғалімдеріміздің 60 пайызы компьютерлік технологияға мойын бұрса да, оны үйренбейді, іс жүзінде қолданбайды.  Ал Интернетпен, интерактивті тақтамен жұмыс істейтін мұғалімдер саны 10 пайызды ғана құрайды екен. Бұл техниканың жетіспеушілігінен туындап отырған жоқ, мұғалімдердің ынта–ықласына байланысты екендігін ұмытпауымыз керек. Бұл күндері басқа өзекті мәселелермен бірге ақпаратты – коммуникативтік құзырлықта алдынғы қатарға шыға бастады. Аудан бойынша білім беру жүйесіндегі ақпараттандырудың материалдық базасын нығайтуда ауқымды істер атқарылуда. Үстіміздегі жылы аудан мектептеріне 183 компьютер, 10 мектепке 25 интерактивті тақта, 3 мектепке лингафонды-мультимедиялық кабинет орнатылды. Қазіргі таңда Интернет желісіне қосылуға аудан мектептері 100 пайыз қол жеткізген. Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың  мемлекеттік бағдарламасына сәйкес  орталық коммуникациялық торап құрылып, оған Білім және ғылым министірлігінің орталық аппараттарының торабы және облыстық білім басқармасының  телекоммуникациялық тораптары қосылған, бұл орталық торапқа қосылу мүмкіндігіне қол жеткізгенімізбен ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолданып, пайдалануда әлдеқайда артта қалудамыз.

Информация о работе Білім сапасы