Білім сапасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2012 в 12:57, реферат

Описание работы

Халқымыздың ардақты ұлдарының бірі Міржақып Дулатұлы: “Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі – тұман” – деп ғылым, білім, оқудың маңызын қара халыққа көрсеткен.

Работа содержит 1 файл

Білім сапасы.doc

— 240.50 Кб (Скачать)

     3.         Оқу процесін ұйымдастыру және басқару тиімділігіне негізделген:

     -         программалап оқыту;

     -         дифференциалдап оқыту;

     -         даралап оқыту;

     -         ұжымдық және топтық оқыту тәсілдері;

     -         компьютерлік технология;

     Осы технологияларды қолдана отырып, шығармашылық іс-әрекет талаптары орындау  мақсатында, оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында  бағдарламадағы мәтіндерге сәйкес деңгейлік, шығармашылық тапсырмаларды алып қарастырдық да, практика жүзінде қолданып, мынадай тұжырымдар жасадық:

     -        оқушылардың шығармашылық дербестігін дамыту арқылы оның жеке тұлғасын қалыптастыруға болады;

     -        қызығушылық іс-әрекет түрлері төменнен жоғары қарай, кезекті түрде, белгілі бір ретпен, жүйемен жүргізілуі нәтижесінде шығармашылығы дамиды;

     -        қызығушылық іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру біліктері мен ізденімпаздықтың қалыптасуы оқушыларды шығармашылыққа баулиды;

     -        оқушыларды танымдық тапсырмаларды орындау мүмкіндіктеріне қарай топтарға бөліп, сәйкес жұмыс түрлерін таңдап, жүйелі жұмыс жүргізудің маңызы зор;

     -        қызығушылық іс-әрекетте дәстүрлі емес әдіс-амалдар пайдалану интеллектуалдық қабілеттерін дамытып, оқу-танымдық және ғылыми ізденістер жасауға талаптандырады.

     Сапалы білімді қамтамасыз етуде қазіргі қолданылып жатқан әдіс-амалдар өте мол, оқушылардың қызығушылығын арттыруда жаңа технологиялар да артуда, тек әр ұстаз, өз оқушыларына ыңғайлысын қолдана білуден ұтады. Соның бірі орыс тілді мектепте қазақ тілін оқытуда қолданылған шығармашылық тапсырмалар, оқушылар өздері ізденеді, тілге деген құрметі артады, әр тақырыптың мәні ашылып, талданады, қазақ халқының салт-дәстүрімен таныстырылып, сыйластыққа үйретеді, пәнге деген қызығушылықтары да арта түседі деп ойлаймыз.   

     Пайдаланылған әдебиеттер тізімі  

      1.            Айғабылов Н. Бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ой белсенділігін арттыру. - Алматы, 1970 ж.

     2.   Жәркенов М. Әдебиет пәнін өмірмен байланыстыра оқыту. - Алматы, 1984 ж.

     3.   Занков Л.В. Избранные педагогические труды. - М.,“ Педагогика”, 1990 г.

     4.   Занков Л.В. Индивидуальные варианты развития младших школьников. //Под редакцией Занкова Л.В., Зверева М.В. Педагогика,   1973 ж.

     5.   Кәтенбаев Б.Ш. Тіл ұстарту жұмыстары бойынша методикалық нұсқаулар. - Алматы, 1991 ж.

     6.   Львов М.Р. Методика развития речи младших школьников. -М., 1985г.

     7.   Мали Л.Д. Методика обучения младших школьников основным видом творческих работ на уроках чтения ( 2- класс) Автореф. дисс. канд. пед. наук. М., 1985 г.

     8.   Маркова А.К. Психологические критерий эффективности учебного процесса. Вопросы психологий № 4, 1977 г.

     9.   Сабыров Т. Оқушылардың оқу белсеңділігін арттыру жолдары. А., Мектеп, 1978 ж. 
 
 
 
 
 

Білім беру үрдісінің субъектісі. Білім беру үрдісі субъектісін дамыту шартының алғашқы баспалдағы - кәсібилік. Білім беру үрдісінің субъектісін дамыту шарты – білім сапасын арттыру.                                                                                                                

 Скакова  З.С.                                                                                          

 ММ «№13 орта мектебі»

БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІ СУБЪЕКТІСІН ДАМЫТУ ШАРТЫ – БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ.        

 Елбасымыз  Н.Назарбаев «Бәсеке басы - білім» деген. Ендеше ұстаздар қауымы ел басқаратын болашақ жастардың білімділігі мен біліктілігін қамтамасыз етіп, Елбасының үкілі үмітін ақтауға барлық күш – қуатын жұмсаған жөн. Болашақ жастардың білімділігі мен біліктілігін қамтамасыз етудің ең биік шыңы – білім сапасын арттыру.  

Білім сапасын арттыру сатылары:   
 

Білім беру                                                                         Мұғалім

Білім беру үрдісі                                                              Мұғалімнің кәсібилігі

Білім беру үрдісінің субъектісі                                      Білім сапасы

Білім беру үрдісінің субъектісін дамыту шарты          Білім сапасын арттыру           

 Қазақстан  Республикасы өзінің ғылыми техникалық, экономикалық, ресурстық және рухани  дамуының жаңа деңгейіне бағытталуда. Республика өміріндегі бұл өзгерістер, сөз жоқ, білім беру саласына, соның ішінде білім беру үрдісіне не де әсерін тигізуде. Сондықтан  білім үрдісінің қажетті деңгейін қамтамасыз ету, оны жан – жақты зерттеу және әлемдік деңгейге көтеру - басты міндет болып қала береді. Өйткені егеменді елдің ертеңгі білім  үрдісі - білімінің тереңдігімен өлшенеді. Толассыз, үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамынан да қабілет пен қажеттіліктерді толассыз дамытуды талап етеді. Осыған байланысты білім беру үрдісінің  халықаралық стандартын енгізу – аса маңызды өзекті мәселе.          

  Білім үрдісінің негізгі мақсаты – біздің отандық білім беру үрдісінің әлемдік талап бәсекеге қабілетті бола алатынына жағдай жасау болып табылады.          

 Қазіргі  қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік терең өзгерістер білім беруді дамытудың жаңа жолдарын, яғни педагогика ғылымының парадигмасы мен әдістемесін өзгертуді талап етеді. Бұрынғы әдетке айналған білім үрдісінде мұғалімге басымдылық рөл берілсе, ал қазіргі білім үрдісінде оқушы белсенділігін көрсетуі тиіс, оны оқытпайды, өздігінен оқуы керек, яғни оқушыға субъект ретінде қарау керек.      

      Субъект - таным объектісі ретінде сыртқы әлемге төтеп бере алатын ізденімпаз, іскер, мақсаткер адам.          

  Субъектілік ұғымының мазмұны оқытуды басқару жүйесі мен білім беру жүйесіне жаңа көзқараспен қарауды талап етеді. Бұл ұғымның өзі объектіге, яғни – балаға әсер етудің мәні мен мазмұнын жояды.          

  Ал білім беру үрдісінің субъектісібілім үрдісі  баланың дамуына, тұтас тұлға болып қалыптасуына, қоғамдық өмірдің белсенді субъектісі болуына мүмкіндік ұсынуы тиіс. Білім беру  субъектісінің өзара әрекетін үйлестіруді қамтамасыз етудегі және білім беру  үрдісінің қорытындысының және сапасының артуының маңызды аспектісі әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолдану болып табылады.         

 Ал  әр түрлі әдіс – тәсілдерді  қолдана отырып, "Бала объект  те, мақсат та нәтиже де емес, ол үрдіске қатысушы, қоғамның, мектептің,  ата – ананың, өзінің даму үрдісініңс  өзара іс - әрекетіне қатысушыбаланың  субъектілік ұстанымы, оның қалай болу керек, кім болу керек деген белсенділігі өте қажет. Ендеше, осы белсенділікті тудырушы кім? - әрине мұғалім.          

 Тіл  білімінің атасы Ахмет Байтұрсынов: "Ең әуелі мектепке керегі  – білімді, педагогика әдістемесінен  хабары мол, оқыта білетін мұғалім деген болатын.          

  Халық мұғалімі – жас ұрпақтың рухани дүниесінің мүсіншісі, ол - өзінің ең қымбаттысы, ең құндысы саналатын балаларға өзінің үмітін артып, болашағын сеніп тапсыратын қоғамның сенімді өкілі[1].           

  Білім беру үрдісі субъектісін дамыту шартының алғашқы баспалдағы - кәсібилік. Қоғамның дамуы мен қарыштап дамуы оның азаматтарының барлық саладағы кәсібилігіне байланысты. Осы мәселені терең зерттеген А.К.Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің төмендегідей психологиялық критерийлерін анықтаған[2].  

Критерийлер:    
 

Объективті         Субъективті         Нәтижелі               Шығармашылық    
 

Субъективті критерийлер:   
 

Адамның мамандығы:                                        Субъективті критерийлер:  

- оның  табиғатына                                                 - кәсіби – педагогикалық

- қабілетіне                                                             бағыттылық

- қызығушылығына                                               - кәсіптің маңыздылығы

- өз  ісінен қанағат                                                 - оның  құндылығын түсіну

табатындығына                                                   маман иесі ретінде өзіне

байланысты                                                         позитивті көзқарас тың болуын

жатқызады              

 Кәсібиліктің  бірден келе салмайтындығы белгілі,  оны әр мұғалім ерте ме кеш  пе меңгеруі тиіс. Ал А.К.Маркова  оның кезеңдерін төмендегідей  етіп бөледі.

Мұғалімнің  өз мамандығына бейімделу кезеңі                                                               

 Мамандықта  өзін - өзі актуландыру кезеңі                                                                         
 

 Мамандықты  еркін меңгерген кезең  

Мамандықта  кәсібилік деңгейге жеткен кезең.      

   Білім беру үрдісі субъектісін дамыту шарты – білім сапасын арттыру деңгейін төмендегідей әрекеттердің сапасын анықтау арқылы дәлелдеп отыр:  

Мұғалімнің  сапасы  +  тұлғаның сапасы  = білімнің сапасы[3].            

  Білім беру үрдісінің субъектісін дамыту шарты – білім сапасын арттыру. Ендеше оқушының білім сапасын арттыруда күнделікті өткізілетін сабақтың қызықты, мазмұнды, жаңа талаптарға сай жүргізілуінің   маңызы өте зор[4].      

  Оқушының білім сапасын арттыру  - өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығының   дамуына жағдай жасай алатын, тұлғалық – гумандық бағыттылығы жоғары, педагогикалық ақиқат пен ондағы өзінің іс – қимылын жүйелілікпен арттыруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын меңгерген және білімдік мониторинг негізінде ақпараттарды таба, таңдай, сараптай алатын, отандық және шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін мұғалімге байланысты.         

 Қорыта  келгенде, білім беру үрдісінің субъектісін дамыту шарты - оқушының білім сапасын арттыру болғандықтан, сабақ жүргізетін кез – келген мұғалім сабақ өткізудің ең тиімді, ең қызықты, ең қажетті, ең тартымды, ең өзекті үрдісін таңдап алу қажет. Мұндай үрдіс оқушының білім сапасын арттырып қана қоймайды, оның білімге деген біліктілігін арттырып, ізденімпаздылық пен шығармашылыққа деген іскерлік пен дағдыларын қалыптастырады, білім кеңістігіне жол ашады.               

 Қазіргі  таңдағы кез – келген мұғалім  өз ісінің хас шебері, өз жұмысының  алдыңғы қатарлы машинисі               

               

Баяндаманың соңын:      Жай мұғалім – хабарлайды

Жақсы мұғалім – түсіндіреді.

Керемет мұғалім – көрсетеді               

Информация о работе Білім сапасы