Бастауыш сынып математикасын оқытудың педагогикалық– психологиялық ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 08:17, курсовая работа

Описание работы

Адамның қоршаған орта ерекшеліктеріне икемделу, білім мен іскерлікті меңгеру оның қабілетіне байланысты. Қабілет дегеніміз адамның білімді, іскерлікті тез және сапалы меңгеруі. Жаңа туған баланың қоршаған ортаны, өзін-өзі танып білуге қабілетінің нышандары генотипінде болады. Осы нышандар қасиетке айналу үшін бала адамдар арасында өсіп, күнделікті тіршілік барысында қарым-қатынас жасауға, қоршаған ортада өзін емін-ерік сезінуге негіз болады. Барлық адамға тән іс-әрекет түрлеріне адамның қабілеті өз өмірінде қалыптасады.

Работа содержит 1 файл

«Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту» тақырыб.DOC

— 518.50 Кб (Скачать)

    Шығармашылық  тапсырмалардың басым көпшілігі  дидактикалық ойын ретінде ұйымдастырылғандықтан дамыту сабақтарының мазмұны балаларға тартымды және қызық түрде келтіріледі.

    Бастауыш  сынып мұғалімдері тәжірибесінде шығармашылыққа баулитын дидактикалық ойындар көп мөлшерде жинақталған. Олар «Ақ сүйек», «Поезд құру» , «Теңге ілу», «Гүл сыйлау», «Бейнені құрастыру», «Артығын табу», «Не жетіспейді» т.б. түрлері кеңінен қолдануға мүмкіндік бар. Біз осы параграфта бірнеше түрін қолдану әдістемесін келтіріп отырмыз.

    Шығармашылық  тапсырмалардың, ішінде заттардың формасын, түрін, түсін, кеңістікте орналуын дұрыс қабылдауға арналғандарының ролі өте үлкен. Мысалдар келтіреміз.

    Бейнені құрастыр

    Ойынның тәрбиелік мәні. Қиылған әр түрлі геометриялық фигуралардан белгілі бір бейнені құрап жасауға үйрету. Түстердің үйлесімділігін сезінуге, сурет салу, жапсыру кезінде заттардың құрылысын көзге елестете білуге, ойлау мен қиялды дамытуға әсер ету.

    Қажетті көрнекіліктер. Тіктөртбұрыштар, үшбұрыштар, үлкен-кіші көлемдегі дөңгелектер, әр түрлі көлемдегі төртбұрыштар, балалардың іс-әрекетін бағыттауға арналған үлгі суреттер.

    Ойын  ережесі.

    а) Қиылған пішіндерді қарау, талдау, қандай бейне жасауға болатынын балаларға ойланта білу;

    ә) бейнені белгелі бір затқа ұқсата құрастыру;

    б) егер оның бір немесе бірнеше бөлшегін өзгертсе, басқа қандай бейне шығаруға болады?

    Ойынға басшылық:

    Тәрбиеші  желкенді қайық, аққара т.б. формалар мен  түр-түстерде жасалған қиықтардан жапсырып жасалған үлгілерді көрсетіп, олардың құрлысына, неше бөліктен тұратынына, қандай пішіндерден құралғандығына және түстеріне назар аудартады. Осындай пішіндердің барлық түрі, көлемі жағынан да әр түрлісі өз қолдарында болу керек.

    Тапсырма:

    Алдыларыңда жатқан қағазда және тақтада ілінген үлгілерде бірнеше фигуралар бар (пішіндер).

    Осы пішіндерден қандай бейне құрап жасауға болатыны ойланыңдар. 

    Осы және басқа фигураларды құру арқылы баланың бейнелік, бейнелі - сюжеттік т.б. ойлау түрлері қалыптасады.

    Заттар  мен құбылыстардық ара қатынасы, олардың кеңістікте орналасуы т.б. көптеген ұғымдарды меңгеруіне мүмкіндік туады.

    Осы жерде мысалы ретінде балалардың құрған фигуралы үлгісінде желқайық, арба, адам, үй фигураларын келтіруге болады.

    Осы сияқты көптеген фигураларды жасау арқылы балалардың сәйкестіктерді анықтауы қалыптаса бастайды. Ол ассоциативтік ойлаудың қалыптасып келе жатқанының белгісі болып табылады. Жасалған фигуралар үй тұрмысында қолданылатын заттар, құрақ көрінісі т.с.с. көптеген балалардың шығармашылығын көрсететін нәрселер болып келді.

    Шығармашылық  ойындарды қолдау арқылы балалардың ойлау қабілетін дамытуға арналған дидактикалық ойындарды жыл мезгіліне байланысты түрлендіруге болады. Көктемде «Әдемі гүлдер» ойынын жүргізген өте тиімді.

    Ойынның тәрбиелік мәні:

    - әдемі гүлдердің суретін салуды, бедерлеп мүсіндеуді, жапсыру кезіндегі іскерлік дағдыларды еркін меңгеруді үйрету;

    - қиылған ұсақ бөлшектерден өздеріне таныс гүлді құрастыру;

    - гүлдің құрылысын беруде түстердің үйлесімділігін табуға, кеңістікте дұрыс орналастыра білуге жаттықтыру;

    Қажетті көрнекіліктер:

    - әдемі гүлдер суреттері;

    - қиылған әр түрлі, түсті, ұсақ қиындылар;

    - құрылым түзуге түстері пішініне сәйкес әр түрлі болуы қажет;

    - тақта, мольберт немесе фланелограф.

    Ойын ережесі:

    а) гүл жапырақтарының ерекшелігіне назар аударып, сәйкес пішіндер таңдау;

    ә) түр-түсіне, құрылысына қарай отырып, өздері білетін гүлдер жасау;

    б) гүлдер жайында білетін өлең-тақпақтар, жұмбақтарын айтып, өсемдікті әсерлеу.

    Ойынға басшылық:

    Бұл ойында балалардың айналадағы өмірден, қоршаған ортадан өсімдікті сезіне қабылдауынан туған ойларын іс-әрекет барысында көрсетулері ұсынылады.

    Сабақтың  басында бұрынғы сабақтарда суретін салған заттардың формаларын, оларды үйлесімді құру тәсілдерін ойға түсіріп, қайталау жүргізу қажет. Сонан соң келесі гүлдердің құрамды бөліктері жеке-жеке салынған карточкалар таратылып беріледі. Осы бейнелерді оқушылар қиып алып, бөлшектерді құрастыру арқылы гүлдерді жасау тапсырылады.

    Тапсырманы  орындау барысында балалардың шығармашылығын одан әрі дамыту үшін тек берілген фигураларды ғана қолданбастан, әр бала өз қиялындағы табиғаттың көптеген көріністерін есіне түсіріп, тіптен тәжірибесінде болмаған, фантастикалық өсімдіктердің гүлдерін де салуына мүмкінішілік берген дұрыс. Нәтижесінде кейбір балалардың суретінде ғажайып бақ, онда өсіп тұрған гүлдер табиғатта кездесетіндерге ұқсағаны мен өзіне тән кейбір ерекшеліктермен сипатталатын болып шығуы әбден мүмкін.

    Шығармашылық тапсырмалар ата-аналарының шаруашылық жұмыстарымен, орындайтын қызметімен, отбасында қолданылатын тұрмыстық бұйымдардың көркемделуімен байланысты болуы да мүмкін. Тақырыбы қанша қилы болса, оның баланың шығармашылық ойын дамытуға тигізетін әсері сонша әсерлі болып келеді. Осы мәселені ескере отырып сабақтағы тапсырмаларды сабақтан тыс өткізген машықтарда жалғастырып, баланың ойлау қабілетін одан да терең дамытуға болады.

 

    Мысал ретінде балалар орындаған бір  жұмыстың үлгісін келтіріп отырмыз.

    Бұл тапсырма арқылы балалар заттың құрамды бөліктің кеңістікте орналасуын дұрыс қабылдауы және бейнелі ойлау қабілеті дамиды.

    Қазақ тілі сабағында дыбысты дұрыс қабылдауы және оның жазылуын ұштастыру үшін:

    1. «Дыбысқа саяхат жасау» тәсілін қолдануға болады. Осы тәсіл арқылы баланың ойлау қабілетінің тағы бір көрінісін дамытамыз.

    2.

    шо...ер, ши...ер, ...утбол, т.с.с. сөздерді қолдану  арқылы ф дыбысын дұрыс айтуға үйрету жұмысы жүргізіледі.

    Ойынның шарты:

    Көп нүктенің орнына тиісті әріпті тауып қою.

    Мақсаты: Жаңа әріпті қолданып, үйрену.

    Ойын  барысы:

    Жаңа  әріпті тезірек үйрену үшін жоғарыда көрсетілген кестенің бірнеше варианттары жасалып, нүнтелелердің орнына ф әрпін қойған балалардың танымдық қызығушылығын арттыруға арналған бірнеше карточкалар, ойыншықтар және басқа дидактикалық материалдыр кеңінен қолданылады. Психодиагностикалық альбомның біреуі әріптерді дұрыс айтуға үйретететін жаттығулыр мен басқада дидактикалық материалдыр жинағынан тұратын болуға тиіс. Осы альбомды қолдана отырып баланың тілін дамыту, вербалдық-логикалық ойлауын қалыптастыру шаралары жүргілсе баланың тілі анық, қысылмай сөйлейтін болады.

    «Ақсүйек» ойыны (Белгісіз санды табу).

    Дидактикалық мақсаты:

    Белгісіз  санды табуға, өртектің мәнін табуға, жасырынып тұрған санды тауып жаттауға арналған ойын.

    Мазмұны:

    Ойынға  сынып толық қатысады. Кестедегі  белгісіз сандардың орнында «Ақсүйек» тығылып жатыр. Кім дұрыс шығарса, сол табады. Дұрыс шығармаса, ол бала «ақсүйекті» көрмей одан әрі қарай аттап кетеді. Сабақтың үстінде жүргізгенде бұл ойынды ойша шешетін болса, машықтар барысында бұл ойынды қолдану арқылы балаланың қимыл әрекеттерін де қалыптастыруға мүмкіндік туады.

    «Поезд құру»

    Поезд - паравоздан және мысалдар жазылған вагондардан  тұрады. Мұғалім мысалдарды есептен шыққанда ол вагонның номерлері болатынын түсіндіреді.

    Ойынның мақсаты:

    Қосу және азайтуды есептеуге дағдыландыру және баланың ауызша есеп шығаруға қабілетін дамыту.

    Бірінші сыныпта онға дейінгі сандармен  Математикалық амалдарды үйрету барысында «Баскетбол» ойынын, «футбол» ойынын тағы басқа топпен ойнайтын қызықты ойындар түрлерін кеңінен қолдануға мүмкіндік мол.

    Ойын  шарты:

    Сандарды  есептеп, «10»-шы доптарды қызылмен, «9»-жасылмен боя. Қай доп қай сеткаға түседі?

    Доп пен сетканың түсі бір-біріне сәйкес келуі керек. Бірінші тапсырма орындалғаннан соң екінші ретте сегізінші допты қызылмен, жетінші допты жасылмен бояу керек. Ол доптағы есеп шығарылып, балалар ұпай жинайды.

    «Алма теру» ойыны.

    Мақсаты:

    Бір таңбалы сандарды қосу және азайтуды үйрету, ауызша есепке дағдаландыру, ойлау  қабілетін дамыту.

    Керекті құралдар:

    Алма  бағының суреті, магнит тақтасы, жеке-жеке орналасқан бірнеше алма жемісінің суреттері және оларды теріп салуға арналған себеттер.

    Мазмұны:

    Магнитті  тақтаға үлкен алма ағашының суреті ілінген. Ағашта ілінген алмалардың орнына алма жемісінің суреті салынған карточкалар ілінген. Ойын барысында балалар тиісті карточканы үзіп алып, оны тиісті себетке салып отырады. Себеттің сыртына нәтижелері жызылып койылады. Балалар өздері қалаған себеттерін таңдап алып, соған тиісті алманы салып отырады. Ойынға бір сәтте 5-6 бала қатысады. Немесе бүкіл сынып болып қатысуға да болады.

    Себетті кім бұрын толтырса, солар мұғалімге сол сәтте тапсырады.

    Жүргізуші алма ағашын басқада заттармен ауыстырып, бұл ойынның варианттарын жасап шығаруына болады.

    «Керуеншілер» ойыны.

    Мақсаты:

    Баларға бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосуды меңгерту және ауызша, жазбаша жылдам есептеуге дағдыландыру, балалардың ойлау қабілетін дамыту.

    Мазмұны:

    Жүргізуші оқушыларға керуен ойынын ұйымдастыру жолдары түсіндіріледі. Тақтаға алдымен 8 баланы тақтаға шақырып алып, оларды тізбек құрғызып тұрғызады (керуен қатарындағы ботақандар). Соңынан тағы да 6 қыз балалар шақырылады. Тақтадағы керуен тізбегі толықтырылады. Алдымен 10 саны шығатындай етіп, бірінші екі қыз бала, сосын тағы екі қыз бала, ал соңынан 4 қыз бала шақырылады. Барлығы түйенің қимылын көрсетеді. Оқушыларға келесі сұрақтар қойылады:

    - Керуен тізбегіне тағы неше ботақандар тіркелді?

    - Керуендер тізбегін 10-ға толтыру үшін неше ботақан тіркеледі?

    - Ең соңынан керуенге тағы қанша ботақандар қосылды?

    - Барлығы неше ботақан болды?

    Амалдарды жасап болғаннан соң оқушыларға тағы басқа ойын түрлерінде тапсырмалар  беруге болады.

    «Бәйге» ойыны.

    Мақсаты:

    Бір таңбалы сандарды қосу және азайту, ондықтан аттап қосуға байланысты мысалдар шығарып жаттықтыру, ойлау қабілетін  дамыту.

    Көрнекі құралдар:

    Әр  топқа арналған кішкентай жалаушалар, сол ойынға қатысқан балаларға арналған нөмірлер, қосымша мысалдар жазылған карточкалар, плакаттар.

    Мазмұны:

    Жүргізуші сыныптағы оқушыларды бірнеше топқа  бөледі де, оқулықта жоқ тапсырмаларды  карточкаға жазып, оны оқушыларға таратып береді. Немесе барлық есептер жазылған плакаттарды қолдануға болады. Бәйгеге түсетін бала алдын ала бірінші турдың есеп-мысалдарын шығарып, жарысқа қатысуға жолдама алады. Жарысқа қатысуға жолдама алған топтың балалары алдымен бір-бірден тақтаға шығады.

    Жүргізуші жарыс тәртібімен балаларды таныстырып шығады. Екі бала өздеріне тиесілі  жолдың бойындағы есеп-мысалдарды шығара отырып, алға жылжиды. Кім бірінші  болып мысалдарды шығарып мәреге жетсе, сол топ жеңімпаз болып  есептелінеді. Мәреге жеткенше қатысқан бала шаршады деп есепке басқа балаларды да «жанкүйерлер» арасынан шығарып қосып отыруға болады.

Информация о работе Бастауыш сынып математикасын оқытудың педагогикалық– психологиялық ерекшеліктері