Бастауыш сынып математикасын оқытудың педагогикалық– психологиялық ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 08:17, курсовая работа

Описание работы

Адамның қоршаған орта ерекшеліктеріне икемделу, білім мен іскерлікті меңгеру оның қабілетіне байланысты. Қабілет дегеніміз адамның білімді, іскерлікті тез және сапалы меңгеруі. Жаңа туған баланың қоршаған ортаны, өзін-өзі танып білуге қабілетінің нышандары генотипінде болады. Осы нышандар қасиетке айналу үшін бала адамдар арасында өсіп, күнделікті тіршілік барысында қарым-қатынас жасауға, қоршаған ортада өзін емін-ерік сезінуге негіз болады. Барлық адамға тән іс-әрекет түрлеріне адамның қабілеті өз өмірінде қалыптасады.

Работа содержит 1 файл

«Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту» тақырыб.DOC

— 518.50 Кб (Скачать)

    Ойын  барысында қатынасушылардың тәртібіне  бірыңғай талаптар қойылды:

    - қалай отыру, өзін дұрыс ұстау;

    - қандай мөлшерде бір-бірімен сөйлесу қажет т.б.

осы айтылғандардың бәрінен қазақ ойындары драма  және сахналық өмірдің әрқилы элементтерімен аса толықтырылған деп қорытынды  жасауға болады. Сонымен бірге  осы ойындардың кең тұрғыда таралуы ондағы қатысушылар мен көріп тамашалаушылар санының артуы – мұның тәрбиелік мәнін тереңдетеді. Мысал ретінде қаламақ ойынды келтіруге болады. «Соқыр теке» ойынында жүргізуші ойынға қатысушылардың әрқайсысына мал атын қойып шығады. Ең соңғы аталған бала «Тентек теке» болады:

    Бұзау, бота, құлыншақ,

    Тоқты, серке, тай торпақ,

    Тана, тайлақ, құнан, дөнен, бесті бар.

    Малдың жасын айыра біл, естіп ал

    Бұқа, бура, айғыр, қошқар, теке бар

    Көзін байла, теке-теке «бақ-бақ».

    Соқыр теке қайдан бізді таппақ.

    Ойын  сызылған шеңбердің ішінде айналады. Жүргізуші «Тентек текені» ортаға шақырып, көзін таңа бастағанда «Тентек теке» былай деп өлеңдетеді:

    Қараңғыда көзім жоқ,

    Тиып  кетсем сөзім жоқ,

    Маған жақын келіңдер,

    Бір қыз ұстап беріңдер.

    Көзі  байланған «Соқыр текені» айнала қоршағандар оны мазақтап:

    Соқыр, соқыр, соқырақ,

    Оқ  көзіңе топырақ

    Топырағын алайын,

    Тотияиын  салайын.

    Ал  ұстап көр, батырым,

    Міне  келе жатырмын! -

деп өлеңді айтып болысымен әр жаққа ойнаушылар қашады. Ал «Соқыр теке» олардың бірін ұстауға тырысады, ұстаған баласы оның орнына тұрады. Сөйтіп ойын одан әрі жалғасады.

    Бастама ойын ретінде көптеген санамақтарды келтіруге болады. Олар мәнерлеп сөйлеуге үйретеді.

    Қуыр, қуыр, қуырмаш

    Тауықтарға тары шаш!

    Бас бармақ,

    Балалы  үйрек,

    Ортан терек,

    Шылдыр  шүмек,

    Кішкене бөбек

    Сен, тұр – қойға бар!

    Сен, тұр – қозыға бар!

    Сен, тұр – жылқыңа бар!

    Сен, тұр – сиырыңа бар!

    ... Ал сен алаңдамай. 

    Қазан түбін жалап,

    Үйде  жат.

    Мына  жерде құрт бар,

    Мына  жерде май бар,

    Мына  жерде қатық бар,

    Қытық, Қытық ....

    Осылайша  балалардың тақпақты нәшіне келтіріп оқу дағдысы қалыптасады. Осы  сияқты санамақтар, қызықты орындалатын әуендер, тіпті адамдардың өзара қарым-қатынасында кездесетін қызықты әқгімелерді жылдам, берік есте сақталады. Оны балалар өздерінің күнделікті ойындарында қызығып сүйіспеншілікпен қайталайды.

    Бастауыш  сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты осындай санамақтар мен қаламақтар мазмұны оларға өте жақын, түсінікті. Олар балалардың ой өрісін, тілін тез дамытуға өте икемді. Сонымен қатар ойындарға қатысу арқылы балалардық мінез-құлқы сыйысымды болып, қарым-қатынас мәдениетін меңгереді, әдептілікке, басқалармен санасуға, тілалғыштыққа баулиды. Ойын кейіпкерлерінің мінез-құлығына қарап жақсы мен жаманды ажыратуға мүмкіндік береді.

    Халық ойындарының көптеген түрлерін сабақтан тыс бос уақытты, үзіліс кездері ұйымдастыруға қолдануға мүмкіншлік өте мол. Сондықтан бастауыш сынып оқушылар өмірінде осы ойын түрлері үлкен орын алуға тиіс.

    Ойындар мен қатар халық шығармалары  туындыларының бірі жұмбақтарды қолдану балаларды аңғарымпаздыққа, тапқырлыққа, зеректілікке тәрбиелейді. Жұмбақтар – халықтық шығармаларының ішінде үлкен орын алады. Жұмбақтардың шешімін айту баланың ақыл-ойын, ой-өрісін дамытып, ойлаған іс-әрекеттің шешімін тауып, үдесіне жетуге үйретеді. Жұмбақтар бала үшін өте қызықты құпия. Оны шешу қажеттілігі білімге қызығушылық тудырады. Баланың ұшқыр ойын іске, әрекетке қарай баулиды. Ой – сананың қызмет етуіне себебін тигізеді. Жұмбақтар өмірде кездесетін шаруашылық кәсіпке байланысты, тіршілік тірекке тиянақ болатын, адам көңіл аударатын қажетті заттардың барлығын қамтиды. Бәрін де алғаш жұмбақ етіп, біртіндеп оның құпиясын ашып беруді қажет етеді.

    Жұмбақты қолдану баланың ойлау қабілетін дамытудың өте тиіміді өте тиімді тәсілдерінің бірі. Өйткені жұмбақты шешу барысында бала көптеген табиғат құбылыстарын салыстырмалы түрде бейнелеуге үйренеді «Ақ сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды» деп бұлттан шыққан күннің көзін ақ жібектен салыстырып, бұлтты ақ сандыққа теңестіру арқылы баланы қоршап отырған заттардың табиғат құбылыстарына ұқсас келтіреді. Бұл ойлаудың өте күрделі түрі ассоцияциялық байланыстар құруды талап етеді.

    Жұмбақтардың тағы бір пайдалы жағы, ол әр баланың өз бойындағы құпияны шештіру арқылы, оларға өмірді танытады. Қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстарға зер салуға, соның себебін іздеп табуға үйретеді. Сондықтан балалар жұмбақтарға өте үлкен қызығушылық білдіреді. Жұмбақ қара сөз түрінде де, өлең түрінде де болады.

    Бірнеше мысалдар келтірейік.

    Жабық астында жарты күлше. (Ай).

    Отқа  жанбас, суға батпас (Мұз).

    Басына  үлпілдетіп таққан шашақ,

    Бұралып тал шыбықтай тұрған жасап. (Қамыс).

    Қар астында қыстады,

    Жасылмен  бөрік тыстады. (Бәйшешек).

    Бұл жұмбақтар балаларды табиғат маусымдарында кездесетін ерекшеліктермен таныстыра отырып, олардың әсем, әдемілігін, түр-түсін, т.б. ерекшеліктерін тани білуге, сезімталдықпен қабылдауға үйретеді.

    Аталған тәсілдерді сабақ үстінде дидактикалық ойын ретінде қолданылады. Ойын-ойлау процестін дамытуға қолданылатын тиімді тәсіл.

    Тиімді  тәсіл.

    Сабақ кезінде оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамытыға көп көңіл бөлінеді. Осы орайда математика 1-сыныпта заттық орнын сан қатарымен белгілеу тақырыбы бойынша дамыту процесін, баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту үшін психокоррекция элементтерін қолданып жүргізген машықта (сабақтан тыс, баланың бос уақытында өткізген сабақтарды Т.Р.Нұрмұхамбетованың ұсынысы бойынша машық деп атағанды дұрыс көріп жүрміз) қалай өткізгенімізді көрсетіп жіберу үшін бірнешеуінің үлгі жоспарын көрсетіп жібергенді дұрыс көрдік.

    Бұл машықта заттың орнынан дұрыс белгілеу және оларды бір-бірінен ажыратуға, 1-ден 5-ке дейін кері санауға, «нешінші?» деген сұраққа жауап қайтара білуге жаттықтыру негізгі мақсат деп анықтап алдық. Машық ойын түріне және сұрақ-жауап әдістерін қолдану арқылы құрылады. Көрнекіліктерден түрлі суреттер, ойыншықтар, қағаздан қиылған құстық (үйрек, қаз, тауық, қораз, күркетауық) үлгілері, кеспе цифрлар, жолақшалар, қалташалар, магнитофон қолданылады.

    Машық барысы: Өтілетін тақырыпты тақтаға жазып, оның неізгі мазмұнын түсіндірдім. Тақырыпқа байланысты оқулықта берілген суреттерді және диагностикалық альбомда жинақталған материалдарды қолдана отырып кіріспе әңгіме жүргіздім. Одан әрі тақырыппен байланысты отырып, магнитофоннан құстын дауысын тыңдап, әр құстың дауысын ажыраттым. Одан кейін оқушылар үйдегі құстар туралы әнгімелеп берді. Олардың санын айтты. Машықты одан әрі сұрақ-жауап әдісін қолдана отырып, балалардың нені түсініп, ал нені түсінбей қалғанын анықтап алып, олармен дамыту жұмысын жалғастырдым. Балаларға суреттер бойынша сұрақтар қойдым.

    - Балалар, суреттен нелерді көрдіңдер?

    - Құстарды.

    - Кәне, бұл суреттегі құстардың аттарын атаңдаршы.

    - Үйрек, тауық, қаз, қораз, күркетауық.

    Осы арада оқушыларға жабайы және үй құстары туралы түсініктеме бердім.

    - Балалар, мына суреттегі құстар нешеу?

    - Барлығы бесеу.

    - Қазір біздер «Орынды тап» ойынды ойнаймыз. Осы суреттегі құстардың орнын енді санмен сұрап, тиісті орындарын белгілейміз.

    - Үйрек нешінші орында?

    - Бірінші.

    - Тауық ше?

    - Екінші.

    - Қораз ше?

    - Үшінші.

    - Қаз ше?

    - Төртінші.

    - Күркетауық ше?

    - Бесінші.

    Балалар олардың орындарын цифрмен белгілейді. Одан кейін қалташаға «Құстарды» ретпен өзінің орнына орналастыруға көмектесіп балалар ойынын одан әрі жалғастырған жөн. Сосын «Күн мен түн» ойыны жүргізіледі. «Түн» дегенде оқушылар түгел көздерін жұмып, партаға басын қойып жата қалады. Осы кезде бір оқушыны тақтаға шақырдым. Ол құстың орнын ауыстырып қойды. «Күн» дегенде оқушылар басын көтеріп, көзін ашты. Оқушыны тақтаға шақырдым. Ол құстарды өз орнына дұрыс қоя білуі тиіс. Қалған оқушылар құстардың орнын дұрыс тапқанын бақылап отырды.

    «Орынды тап» бұл ойынды заттарды, құстарды сөреге, немесе сатыға қою тәртібімен де алмастыруға болады. Ойын тәртібі жоғары ойынға ұқсас. Сөредегі құстың орнын ауыстырып қоямын, оқушы өз орнына дұрыс қоюы керек. «Баспалдақ» ойыны да осылайша жүргізіледі. Бұл арада да құстың орнын ауыстыр, оқушы оларды өз орнына қояды. Бұл ойынды оқушының өзінің қалауынша ойнайды. Ойын тәртібін былай жасадым. 1, 2, 3, 4, 5 цифрларын партаға отырған оқушыларға үлестіру керек. Тақтадағы қалташаларда құстың орындары өзгертіліп ретсіз қойылған. Оқушылар өздеріде цифрлары бойынша құстардың суреттегі ретімен өз орнына тұра қояды. Ойын тез әрі шапшаң ұйымдастырылады. Сабақты түрлендіру мақсатын көздеп, оқып бердім.

    Қораз

              Ақ  қораз-ау, ақ қораз,

              Сауысқандай сақ қораз,

              Таң атқанша шақыр да:

              Тауықтарды  бақ қораз.

    Оқушылар  өлеңде «Қораз» деген сөз неше рет, ал «тауық» деген сөз неше рет айтылғанын санап отырады. Кейін оқушылар «қораз» сөзі 4 рет, «тауық» сөзі 1 рет (барлығы 5 рет) айтылатынын айтты. Сергіту жаттығуын да сабақтағы құстардық сәйкестігін талдадым.

    Қаңқ-қаңқ қаздарым,

    Тізені  сәл бүгіндер.

    Қолды артқа ұстаңдар.

    Қазға кәне, ұқсаңдар.

    Алға  мойын созыңдар,

    Сол қалыппен жүріңдер

    Ілгеріліп озыңдар,

    Солай етіп байқа да:

    Он  шақты рет қайтала.

    Қант  жая жалма-жан,

    Талпынғандай  ұшуға.

    Иілем де, қол созам:

    Аяғымның ұшына.

    Сабақты одан әрі «Тез табамыз», «Кім тез» ойындарын жалғастырған. Ойын тәртібі бойынша оқушылар партаға басын қойып жатады. Өзім көрсеткіш таяқпен партаға құстардық орнына сәйкес сан қанша болса сонша рет тықылдатамын. Оқушы неше рет соғылғанын тыңдап, дыбыс санына қарай (1, 2, 3) деп санды айтады. Кейін сол санмен құстық орнын белгілеп, оның атын айтады. Мысалы: 3-рет соғылды. Ол – қораз. 4 саны – ол қаз және т.б.

 

     2.2. Шығармашылық тапсырмаларды балалардың ой-өрісін дамытуға қолдану 

    Ойлау процесі жақсы дамыған адам көптеген заттар мен құбылыстарды талдап, бір-бірімен салыстырып, ортақ қасиеттерін тауып, оларды жүйеге келтіруге шапшаң болады. Осы ойлаудың ерекшелігін қалыптастыруға арналған көптеген шығармашылық тапсырмаларды пәндердің ерекшеліктерін байланысты жинақтап оны тиімді қолдануға болады. Олар геометриялық фигураларды қолданып заттардың формасын, түрі мен түсін, кеңістікте орналасуын дұрыс қабылдап, ұқсастығын табу арқылы баланың қоршаған ортадағы нәрселерді біртектестігін түсінуге, ұқсастығын және айырмашылығын табуға негізделген күнде олардың ойлау қабілетін дамытады.

Информация о работе Бастауыш сынып математикасын оқытудың педагогикалық– психологиялық ерекшеліктері