Бастауыш сынып математикасын оқытудың педагогикалық– психологиялық ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 08:17, курсовая работа

Описание работы

Адамның қоршаған орта ерекшеліктеріне икемделу, білім мен іскерлікті меңгеру оның қабілетіне байланысты. Қабілет дегеніміз адамның білімді, іскерлікті тез және сапалы меңгеруі. Жаңа туған баланың қоршаған ортаны, өзін-өзі танып білуге қабілетінің нышандары генотипінде болады. Осы нышандар қасиетке айналу үшін бала адамдар арасында өсіп, күнделікті тіршілік барысында қарым-қатынас жасауға, қоршаған ортада өзін емін-ерік сезінуге негіз болады. Барлық адамға тән іс-әрекет түрлеріне адамның қабілеті өз өмірінде қалыптасады.

Работа содержит 1 файл

«Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту» тақырыб.DOC

— 518.50 Кб (Скачать)

    Адамның істеген ісі мен әрекетін бағалап  көрмей тұрып, оны сол іске қабілетті не қабілетсіз деп келіп айтуға болмайды.

    Қабілет негізінен екіге бөлінеді. Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез келген адамнан табылатын қабілет жалпы қабілет деп аталады. Ақылдың орамдығы мен сыншылдығы, материалды еске тез қалдыра алу, зейінділік пен бақылағаштық, зеректік пен тапқырлық т.б. осы секілді ақыл-ой әрекетінде көрінетін өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады.

    Іс-әрекеттің және салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілетті арнаулы қабілет деп атайды. Бұған суретшінің, музыканттың, актердің, спортшының, математика - ғалымның, ақын-жазушының қабілеттерін жатқызуға болады. Соңғы кездері кейбір зерттеушілер қабілеттің үшінші түрі деп практикалық іске қабілеттілікті айтып жүр. Бұған ұйымдастырушылық, педагогтық, конструктивті-техникалық қабілеттерді жатқызады. Қабілеттердің осы түрлері іс-әрекеттің басты сапаларына орайлас бөлінеді.

    Адам  қабілетінің дамуы қоғамның дамуына, оның әлеуметтік сипатына ғылыми-техникалық прогреске байланысты болып отырады.

    Адамдардың  қабілетінде және адамға тән айырмашылықтар да болады, яғни іс-әрекет нәтижесі әр адамда әр түрлі. Біреудің ісі сапалы, екіншісінікі сапасыз. Дәлірек айтқанда, адам қабілетіндегі айырмашылқтар олардың істеген істерінің нәтижесінен, немесе онық сәтті не сәтсіздігінен байқалады. Қызығушылық адамда объектіні жан-жақты танып білуге ұмтылудан туындайды. Ал бестімділік – нақты іс-әрекетті орындауға талпыну. Қызығушылық пен бестімділік сапаларының үнемі өзара үйлесім тауып, бір бағытта тоғысып отыруы өте қиын. Оған түрлі жағдайлар да себепші болады. Мысалы, адамның бейнелеу, көркемөнер туындыларын тамашалауы ықтимал, бірақ ол осы салалардағы өнер түрлерімен шұғылдануға бейімсіз болуы мүмкін. Дегенмен, белгілі бір іс-әрекет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылығы мен бейімділігі бір-бірімен үйлесім тауып, қабыса алады.

    Адам  қабілетін аз, көп деп сан жағынан  өлшеудің ғылымға қажеттігі шамалы. Өйткені алғашқы кезде түрлі себептеріне көріне алмаған қабілеттің оның есейген шағында көрінуі де ғажап емес.

    Іс-әрекетпен  айналысқанда адамнық жетістікке жетуі үшін қабілет, қызығушылық, бейімділіктен тыс оның мінез-құлқында мынадай сапалылық көріністер беруі қажет: ең алдымен, еңбексүйгіштік, табандылық, батылдық. Осындай ерекше қабілеттілігі бар адамның өзі де айтарлықтай табысқа қол жеткізе бермейді. Негізі, адам өзінің іс-әрекетіне, жеке басына сын көзімен қарап, басындағы жетістік, кемістігін икемі мен күш-қуатын, мінезінің ұнамды болуы ықтимал. Бұл мысалда да бірінші адамның іске қабілеттілігі екіншіге қарағанда әлде қайда жоғары екендігі көрініп тұр.

    Қандай  да болмасын бірер нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін. Тәжірибе мен парасат адамдардың тең емес екенін дәлелдейді дегенде теңдік деп адамдардың қабілеттерінің теңдігі немесе дене күштері мен рухани қабілеттіктерінің бірдейлігін түсінеді.

    Қабілеттердің дамып қалыптасуы әр түрлі деңгейде жүріп отырады. Мәселен, оның алғашқы деңгейін репродуктивтік десе, екінші, негізгі деңгейін шығармашылық қабілет дейді. Бірінші деңгейде адам білім игеруге, іс-әрекетті қажетті дәрежеде іске асыруда икемділік көрсетсе, екінші деңгейде жаңа сапаны туынды жасай алу мүмкіндігін көресетеді. Қабілет жалпы, арнаулы және тәжірибелік, ал соңғысы ұйымдастырушылық, мұғалімдік болып бірнеше түрге бөлінеді. Адам тіршілік иесі, оған қоса ол жаны бар нәрсе ретінде табиғи күшке, өмір қуатына ие, әрекетшіл тіршілік иесі онда бұл күштер нышан мен қабілет түрінде өмір сүрді дейді К.Маркс. Ғылым осы тұрғыдан қабілеттердің дамуында нышан туралы айтқанымыз жөн.

    Әрбір адамның іс-әрекеті орындау тәсілі сол адамдардың психикалық таным процесінің даму ерекшеліктеріне, жүйке жүйесі талдағыштарының жұмысына, сезім мүшелерінің сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп, қабылдау жылдамдығына және адамның жеке даралық қасиетіне байланысты. Қабілеттілік – адамдағы жеке дара өзіндік ерекшелік, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығын көрсететін психологиялық сипат. Қабілеттің мұндай сипаттарын былайша түсіндіруге болады. Мысалы, саусақтарының салалы болуы - көбінесе музыканттарға, ал бойшаң болып келу – баскетболшы-спортшыларға тән ерекшелік. Адам бойындағы ерекшеліктер қабілетіліктің тек белгілі бір іс-әрекетке орай табысқа жетуге көмектесетін белгілері ғана. Қабілеттілікке аса қажетті қасиет, мысалы, музыка саласында әуенді есту мен ырғақты сезу, оларды бір-бірінен айыру болып табылады. Ал қимыл-әрекет реакцияларының жылдамдылығын неғұрлым жоғары деңгейге болса, спорт түрлерімен шұғылдануға өзіндік әсері мен пайдасы тиуі даусыз.

    Қабілеттіліктің өлшемі – белгілі бір істің нәтижелі болып орындалуында. Қабілет адамнық іс-әрекетінің белгілі бір түріне, өнер саласының біріне жарамдылығын жақсы көрсете алады. Белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттерінің қиысып келуін, яғни адам қасиеттерінің синтезін қабілет деп атайды.

    Қабілеттің  дамуы оны қажет ететін қызымет  саласында және әрекетпен үйрену үстінде көрініп отырады.

    Ұнамсыз сапаларын айқын ажырата аларлық деңгейде болуы керек. Адам қабілетінің даралық ерекшеліктеріне талант, дарындылық, данышпандық сияқты қасиеттер де жатады. Дарындылық – адамның белгілі бір іске деген айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандайда бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуі. Мұны мынадан айқынырақ түсінуге болады: қазақ даласында өздерінің ақындық, әншілік, серілік қасиеттерімен танылған Ақан сері, Біржан сал, Әсет, Мади тәрізді басқа да таланттарадан есімдері осы кезге дейін ел есінде. Қабілеттің жоғары деңгейде дамуы талант деп аталады. Талант – адамның нақты бір істі нәтижелі орындаудағы қабілеттінің біршама жағымды қасиеттерінің өзара байланысты түрде үндесуі. Талантты адам өмірде белгілі бір пайдалы әрекетпен шұғылданады, сол бағытта ірі жетістіктерге де жетеді.

    Адам  қабілетіндегі, дарындылығы мен  таланты одан әрі дамып, данышпандық  қасиетін тудырады. Бұл – адамның ақыл-асты мен іс-әрекетінің ең жоғары дәрежеге көтерілуі. Данышпандық қасиет – адамның жалпы және арнаулы қабілеттерінің жинақталып, ерекше нәтижелерге қол жеткізуі. Данышпан адамның іс-әрекет нәтижелері адамнық әлеуметтік өмірі мен қоғамдық тіршілігінің жақсаруына елеулі үлес қосып, мәдени-рухани, саяси-экономикалық т.б. салалардық өркендеуіне әсер етеді, қоғамның тарихи дамуында өшпес із қалдырады. Сондай адамдар қатарына Аристотель, Платон, Әбу Нәсір, әл -Фараби сияқты ғұламалар, қазақтың Аблай хан, Төле би, Әйтеке би, Абай тәрізді біртуар перзенттерін жатқызуға болады.

    Қабілетке қатысты мәселелерді қорыта айтсақ, қабілет – адамның даралық психологиялық қасиеті. Мұндай өзіндік қасиеттер жеке адамның тұлғасын, кісілік сипатын, іс-әрекетінің нәтижелерін жалпы қауымның игілігіне айналдырады. Психология ғалымында соңғы 1-1,5 ғасыр бойында адам қабілетінің даму деңгейі және оның қалыптасу тәжірибесі зерттеулер арқылы анықтала бастады.

    Адам  қабілетінің әр қилы болып келуі  сигнал жүйелерінің ерекшеліктеріне  де байланысты. Жүйе әрекетінің жеке көріністеріне келуін И.П.Павлов адамға тән жүйке қызметінің үш түрлі типі болады деп тұжырымдады. Егер адамның нерв әрекетінде бірінші сигнал жүйесінің жұмысы басым болса, оны «өнерлі тип», ал екіншісі сигнал жүйесінің жұмысы басым болса, «ойшіл тип» деп атауды ұйғарды. И.П.Павлов сигнал жүйелерінің әрекеттің кез келген түрінен байқалады және олар өмірінде бір-біріне ауысып, өзгеріп отырады. Бұл өзгеруі тәлім-тәрбиемен байланысты деп көрсеткен. Л.В. Лурияның зерттеулерінде адамның қабілетінің оқу, ойын барысындағы іс-әрекетпен байланысты екенін дәлелдеген.

 

     1.2. Бастауыш сынып  оқушыларының қабілетін ойлау ерекшеліктері 

    Бастауыш  сынып оқушыларының таным процестеріне талдау беруге көшелік.

    Бастауыш  сынып оқушыларының негізгі таным процестері (қабылдау, зейін, жат пен ес, қиял, ойлану) мектепке кіргеннен кейін недәуір өзгерістерге ұшырайды. Осының ішінен біз дипломдың зерттеуімізде ойлау процесінің ерекшеліктеріне және оны дамыту жолдарына тоқтап өттік.

    Бастауыш  сынып оқушысының ойлау процесіне келсек, осының қаншалықты дамығаны туралы әр түрлі пікірлер бар. Л.С.Выготскийдің пікірі, бойынша оқымай жүрген ойын баласы оқуға кіргеннен соң ойымен интеллектысы үлкен өзгеріске ұшырайды: яғни натуральдық ойдан, мәдени, немесе ұғым арқылы ойлануға көшеді.

    Ой  операцияларының түрлері бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетінде әр түрлі тереңдікте кездеседі. 1 кластағылар нақты затқа, не солардың көшірмесіне (үлгісіне, суретіне т.б.) негізделе отырып, тапсырманы орындайды. Сол затқа не оның көшірмесін көз алдынан алып кетсе, тапсырманы орындау қиынға түседі. 2-3 кластағылар бірте-бірте заттың жеке қасиеттеріне, әсіресе негізгі белгілерін есінде қалдырып, соларды мүмкіндікше топтастыруға үйренеді. Осының өзі сол заттың не оның көшірмесі жоқ кезінде жабайы тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді.

    Ал  аталған операциялар - өзінше динамикалық  болып тұратын процессуалдық құбылыстар. Осы құбылыстар, яғни операциялар жүзеге асу үшін тиісті бейнелерге елестету бейнесіне, не ұғымға негізделуі тиіс.

    Бастауыш сынып оқушының бірте-бірте ой өрісінің қалыптасып және заттарды тиісті ұғымдарға жатқыза алуына қалай өзінің ойын құрбылары арасында дәлелдеуге үйрене бастайды. Ол не болса, соған көнбейді, өзгелерден дәлел келтіруді талап етеді. Дәлелдеу үшін бала тиісті жүйелерге (логиканың негіздеріне) сүйенеді. Сонымен қатар өзінің пікіріне, не берген жауабына сынмен қарап: пікіріне не ісіне өзгерісінің бағыты тұрғысына қарай алуға үйренеді. Әркім өзінің пікіріне не ісіне талдау жасап сынмен қарауды рефлексиянық қарапайым түрі деп аталады. Рефлексияға не болу ойланудың шарты және оның жемісі бола тұрып, оқу үстінде 7-11 жастағыларда қалыптаса бастайды деу, бұл жастағылардың ақыл-ойының недәуір қалыптасып қалғанына дәлел бола алады.

    Ойлау процесі бірнеше кезеңдерден өтеді. Ол қажеттіліктен немесе бірдемелерді түсіну, түсіндіру керектігінен басталады. Бұл, ойлау әрекетінің бірінші кезеңі.

    Ойлау процесінің пайда болуы үшін екі шарт қажет:

    1) жаңа әдеттен тыс нәрсені белгілі нәрседен айыра білу;

    2) бұл жаңа және бейтаныс нәрсені тануға: түсінуге, сырын ашуға ұмтылу.

    Ойлау процесіні пайда болуында адамның  қоршаған дүниеден байқаған жаңа, белгісіз нәрселерге қызығуының да елеулі маңызы бар.

    Күтпеген, бейтаныс жағдайлармен кездескенде  адам алдына міндет қоя білуі керек. Ойы жоғары дәрежеде дамыған, жеткілікті мөлшерде мол өмір тәжірибесі бар ересек адамдар әдетте өздері-ақ міндетті аңғарады және мәселе қоя біледі. Сөйтіп, олар үшін нені танып білу керектігі, яғни ой нысанасы мен ой процесінің бағыты айқын болады. Ой әрекетінің міндетті атқару және қоя білу сияқты бірінші кезеңі осылай аяқталады.

    Ойлау процесінің келесі кезеңі қойылған мәселені шешу.

    Анализ-синтез формасы әр түрлі формада болады, әр дәрежеде өтеді, бірақ адам қандай ой міндетін атқарса да ол ылғи анализ-синтезді қолдайды.

    Анализ  – бүтінді бөлшектеп майдалау, мүшелеу, қайсыбір жақтардан, жеке бөлшектерден, белгілерден бөліп қарау, ажырату, абстракиялау. Синтез - бөлшектерді, жақтарды, белгілерді біріктіру, жалпылау, топтау, бүтін құрау.

    Анализ  бен синтез ешуақытта бір-бірінен оқшау тұрмайды, біртұтас ой процесінің екі жағын құрайды. Атап айтқанда, анализ бен синтездің өзара байланысы мен өзара тәуелділігі ой процесінің мәнін, ядросын құрайды.

    Анализ  бен синтездің өзара қатынасы мынандай тәуелділіктерден көрінеді:

    1. Анализ бүтіннің бөлшектерін, жақтарын, белгілерін ажыратуға ғана емес, сонымен бірге бүтіннің осы бөлшектері арасында болатын байланыстарды, тәуелділіктерді қатынастарды ашуға бағытталатындықтан бүтінді талдаудық өзі әрі синтездеу болады.

    2. Анализдік - синтездік процестің тұтастығы талдауға түпкі негіз бағыт беретіндігінен және жасалынған жұмыс нәтижесінде тереңірек және толығырақ танылатын сол негізді танудың құралы, жолы, тәсілі болатындығынан көрінеді.

    3. Ой процесінің сәтті болуы яғни қойылған мәселені шешуге әкелуі оның осы үш буыны бір-біріне сайма-сай болған жағдайда жүзеге асады.

    4. Ойлау процесі, яғни талдау-синтездеу әр дәрежеде өтеді – ол не заттарды қолға ұстап әрекет ету, оларды практика жүзінде мүшелеу және біріктіру түріне жүзеге асады, немесе міндет көрнекі түрде қойылады.

Информация о работе Бастауыш сынып математикасын оқытудың педагогикалық– психологиялық ерекшеліктері