Ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасын жақсарту жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2013 в 20:18, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кездегі отбасындағы ата-аналар мен балалардың жақсы қарым-қатынасын қалыптастырудағы, ерте замандағы отбасы тәрбиесінің маңызы.
Зерттеу мақсаты
Отбасының қалыптасып, дамуын сипаттай отырып, ондағы тәрбиенің мазмұнын жәнеде ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасын ашып көрсету.
Зерттеу міндеттері
- қазіргі қоғамдық даму кезеңіндегі отбасы тәрбиесінің ерекшеліктерін ашу;
- отбасының қалыптасуын және оның тәрбие факторы ретіндегі сипатын көрсету;
- ерте замандағы және қазіргі замандағы ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасының ерекшеліктерін анықтау.

Содержание

Кіріспе
3
1
Отбасындағы тәрбиенің теориялық негіздері
4
1.1
Отбасы - тәрбие факторы
4
1.2
Отбасы жүйесі- баланың жеке бас дамуы мен қалыптасуының негізі ретінде

10
1.3
Отбасындағы дағдарыстар
15
2
Ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасын жақсарту жолдары
19
2.1
Отбасының қалыптасуы және оның ерте заман дәстүріне сай тәрбиелеу жолдары

19
2.2
Ата-аналар мен балалардың өзара татулығы
26
2.3
Отбасының тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы рөлі
30

Қорытынды
33

Қолданылған әдебиеттер тізімі
34

Работа содержит 1 файл

курсовой педагогике.doc

— 254.50 Кб (Скачать)

- айналаның қолайлы сипатына қамқоршы. Өз іс-әерекетімен психолог әрекетке түсетін бала мен ересек өміріне қолайлылық енгізуге ұмтылады. Туындаған қақтағысты жауапты түрде шешеді. Шынайы түрде басқа адамның ерекшелігіне мұқия қарайды;

- әлеуметтік жауапкершілік. Аданың қолайлы өмір сүоуіне өз үлесін қосуда, маман психологиялық білімді көтеруді жариялайды.

Аталған ұстанымдарда ескерілуі  «Баланың жеке басын дамыту» және «Ата-аналар мектептерінде» жұмысты  тиімді ұйымдастыру, сонымен қатар  отбасы татулығына бағытталған маңызды  психологиялық жағдайлардың бірі болып  табылады. 

Ата-аналар және ерлі-зайыптылар қатынасының нәтижелігіне тренингтер жүргізілуде. Сондай-ақ, балалармен біріккен жеке сабақтар ұйымдастыру, ол отбасында  бала мен ата-ана өзара қарым-қатынас  тиімділігін арттырады.

Бағдарлама: арт-терапия, нейролингвистикалық бағдарлама, психодрама, қимыл-қозғалыс психотерапиясы, денеге жанасу психотерапиясы, эриксондық гипноз, гештальт терпияның тәсілдерін қолдануға негізделген.

«Ата-аналар мектебі» өз отбасында бақытты, жақын адамдармен мәнді өмір сүргісі келгендер, ата-ана мен бала қатынасын және ерлі-зайыптылар қатынасын жетілдіру, қоршаған орта тітіркендіргіштеріне байсалды жауап беруді меңгергісі келгендер мен отбасы өзара қарым-қатынасына арналады. Бұл өзін дұрыс түсінуді меңгертеді. Ата-ана баласының ашулану себебін, жұбайының ренішін түсіне бастайды.

Негізгі міндеттер:

- бала мен ата-ана қатынасына психологиялық диагностика мен коррекция;

- тұлға ерекшеліктері мәселелеріне психологиялық коррекция (агресивті,мінез-құлық, мазасыздық, сенімсіз іс-әрекет, қорқыныш және т.б.);

- ата-аналар қабілеттерін  дамыту;

- ерлі-зайыптылардың қабілеттерін дамыту;

- тұлғаның жекелік мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескере отырып табысты ата-ана моделін қалыптастыру;

- отбасылық дағдарыс психотерапиясы;

- отбасылық дағдарыстың  алдын-алу;

- жас ерекшелік дағдарыс психотерапиясы;

- жас ерекшеліктің дағдарыстың алдын-алу;

- тиімді қарым-қатынас дағдыларын дамыту;

- қақтығыс жағдайында тиімді іс-әрекет дағдыларын дамыту;

- тиімді қарым-қатынас дағдыларын дамыту, сенімділік пен көшбасшылық қабілеттерін дамыту;

- үлгідегі іс-әрекет  мазмұны;

- қақтығыс жағдайының алдын-алу дағдыларын дамыту.

Отбасы жүйесін-біріңғай білім беру деңгейі ретінде қарастыруға  болады, белгілі құрылымдық ерекшелікті  меңгерген, қызметі және дамуы болады. Отбасындағы құрылымдық қатынас кез-келген нуклеарлы (жеке адамдар: күйеуі, әйелі және олардың балалары) топта негізгі төрт жүйе бөліктерінен тұрады. Алғашқы топ жеке адамдар-отбасы мүшелерінен тұрады; екінші топ диада-ері-әйелінен құралады; үшінші топ-сиблингті, төртінші топ-ата-ана диадасы-баладан құралады. Әр топ бөліктерінде өз алдына белгілі шекара, қажеттілік және үміт етулері болады. Отбасы жүйесі дұрыс теңдестірілсе, онда жүйе бөліктерінің қажеттіліктері бірдей өтелетін болады. Сонмен қатар отбасы түрлі маңызды топтармен: достарымен, көршілерімен, әлеуметтік орта өкілімен, өзара әрекетте болуы шарт.

Отбасы қызметі-құрылымдық ұйымдастыру және дамумен байланысты. Отбасына тәртіп ережесі сыртқы орта және отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынас  сипатына да әсер етеді.

Отбасы қызметінің негізі екі тұрғыда қарастырылады:

1) әлеуметтік ортада қосымша өкілеттік алған отбасы мүшелері қызметіндегі өзекті міндеттер;

2) отбасында көрініс алатын мінез-құлық феномені және процестері.

Әлеуметтік ортада қосымша  өкілеттік алған отбасы мүшелерінің басты қызметтері: сыртқы зиян келтіретін факторлардан отбасын қорғау, отбасы мүшелерінің бір-біріне көмек көрсетуі, сау қалуын қамтамасыз етуі, балаларды тәрбиелеу, отбасы мүшелерінің экономикалық, әлеуметтік, эмоционалдық және дене жағынан жекелік дамуы үшін алғы шарттарын құру, бір-бірімен тығыз эмоционалды байланыста болуына қолдау жасау, сондай-ақ өзара мінез-құлыққа әлеуметтік бақылау жасау.

Біздің қоғамда отбасы қызметі соңғы 100 жылдықта қатты  өзгерді. Бір кездері экономикалық қызмет ең негізгі болып қаралып, отбасы мүшелерінің дене жағынан дамуы, сау қалу жақтары қарастырылды. Өндірістік төңкерістің арқасында, технология дамып және экономикалық қызметте әлеуметтік қорғау жүйесі өз маңыздылығын жоя бастады, ал уақыт талабына сай әлеуметтік-психологиялық қызмет өз рөлін айтарлықтай көтерді. Қазіргі уақытта көптеген отбасылар экономикалық тұғыдан күн көрісіне қарағанда, бір-біріне психолгиялық қолдау көрсетуді өздерінің негізгі міндеттері деп санайды.

Отбасы психотерапиясында  қолданылатын жүйелі ықпал ету түрі-                                      отбасының әрбір мүшесі дамудың  қандай сатысында болса, онда отбасы толықтай сол деңгейде беген болжам жасайды. Мүдделі жағдайда отбасы мүшелерінің дамуы және жүйесі екеуі өзара байланысты болуы мүмкін

 

 

2.3 Отбасының тәрбие жұмысын ұйымдастыру рөлі

 

Әлем ғалымдары мүмкіндігі шектеулі балалардың отбасында тәрбиеленуінің маңызы зор екендігін байқады. Отбасы мен білім ордасының бірін-бірі толықтырып, тәрбиелеуі олардың қоғамдық пайдалы қызметке тез бейімделуін және мамандық таңдауға септігін тигізетіндігін байқады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың тәрбиесі бір-біріне қарама-қарсы екі ұғымнан тұрады. Олардың бір түрі-«шеттетілгендер», яғни ата-анасы баланы жан-жақты, материалдық жағынан толық қамтамасыз етеді. Ал, оның ішкі әлеміне үңіліп, рухани қажеттіліктеріне терең бойлай бермейді. Тіпті кейде, баланы жазалайды. Мұндай отбасындағы балалар іштей күйзеліске түседі. Ата-аналарының сүйіспеншілігіне, махаббатына қақымыз жоқ деп ойлайды. Олардың көңіл-күйі түсіп, сенімсіздік пайда болады. Осыдан келіп балалардың тіл дамуында, тәрбиесінде депрессияға тән көріністер пайда болады. Психологиялық шеттету баланың интелектуалдылығына кері әсерін тигізеді, білім деңгейін тежейді. Екінші бір жағдай-баланы шектен тыс қамқорлыққа алу. Ата-аналар бала алдындағы «кінәсін» сезініп, оны тым бос ұстап еркелетеді, кез келген өтнішін орындауға тырысады. Мұндай атмосферада өскен бала бұйығы келеді. Өз-өзіне сенімсіз, әлжуаз болып өседі. Мұндай балалар әлеуметтік даму жағынан түрлі қиындықтарға тап болады.

Баланың өсіп-өнуіне отбасындағы  қалыпты жағдайдың әсері мол. Сондай-ақ, олардың достарымен араласуының  пайдасы да шаш-етектен ата-аналар тағдырдың осынау бақытсыз сиына  қарап, құр қол жайып отырып алмауы керек. Қандай жағдайда да мүгедек балаға қол ұшын беруге дайын болулары қажет. Отандық және әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, мүгедек балалардың тәрбиесі ата-аналар мен мамандардың бірлесе байланыста болып тәрбиелеуі баланың жетіліп дамуына ықпалды келеді. Отбасы баланың қалыптасуына, алғашқы қадам жасауына жәрдемдесуі тиіс. Оның ер жетуіне жан-жақты ықпал ететін әлеуметтік топ мүмкіндігі шектеулі баланың өсіп өнуіне, жетіле дамуына, отбасы мүшелеріне тікелей байланысты. Сондықтан, мүмкіндігі шектеулі бала дүниеге келе қалған жағдайда оның тәрбиесіне отбасының әрбір мүшесі жауапты. Өйткені мұндай балалар отбасына көптеген проблемаларды өзімен бірге ала келеді. Алғаш рет ата-ана қорқынышты диагнозды естігенде оларды үрейбилейді. Одан кейін кінәлі санау басталады. Ауру бала отбасындағы әрбір ұрыс-жанжалды ауыр қабылдап, іштей күйзеліске түседі. Баланың өз қатарластарынан кейін қалуы, шектен тыс қамқорлық, оған аяушылықпен қарау әлеуметтік жағынан бейімделуіне кедергі туғызып, ол көп жағдайда патологиялық дерттердің бастауына жол ашады.

Бала бойындағы стресс ересектердікі сияқты, әрқайсысы  үшін жеке және өзіне тән болады. Балалардың бәрі белгілі бір уақытта  ғана стреске түспейді. Мысалы, кейбір балалар мектепте оқу кезінде  ешқандай қиыншылық көрмейді, жақсы  оқиды, ал кейбіреулері үшін оқу қиын болып көрінгендіктен, басы, іші ауруы мүмкін.

Сонымен қатар, балалар  стресті әр түрлі қабылдайды. Кейбір кішкентай балалар өзінің сәби кезіндегі  істерді жасауы мүмкін. Мысалы, бас  бармақтарын сору, төсекке кіші дәретін  жіберіп қою. Олардан үлкенірек балалар дипрессияның белгілерін көрсетеді, тұйық болады, үнемдейді, достарынан алшақтайды. Ал, кейбіреулері өз-өзін ұстай алмайды, көздерін үнемі жыпылықтатады, шаштарын қолдарына орайды және т.б.

Стрестен оңай, табысты  шығу үшін уақыт пен шыдамдылық керек. Мына төмендегі әдістер сізге пайдасын тигізуі мүмкін:

Балалар стресс қалай  сезілетінін еске түсіріңіз. Ата-ана  үшін стресс болмайтын жайттар балалар  үшін стрестің негізгі себептерінің бірі болуы мүмкін. Мысалы, екі жасар  бала үшін ата-анасы қонаққа кетуі, оның басқа адамдармен қалуы бала үшін стресс болып табылады. Балаңыз қандай жағдайда болып отырғанын білсеңіз, оның осы тығырық уақыттан өтіп кетуіне көмектесіңіз.

Баланың көзімен осы  жағдайды көруге тырыссаңыз, оның қаншалықты стресте екенін түсіненсіз.

Бәрін түсіну үшін балаға уақыт беріңіз. Ересектер сияқты, балалар стресс жағдайында болғанда ішіндегісін айтуды қажетсінеді. Жатардың алдында балаға қандай жағдай мазалап  жүргені туралы айтуға мүмкіндік  беріңіз. Бала өзінің сезімдерін түсіндіру  үшін, оны үнемдей тыңдауға тырысыңыз.

Баланы келеңсіздікке  дайындаңыз. Жағдай туралы аз білгендіктен, қорқыныш сезімініз күшейе түседі. Сол себептен, баланы болашақта болатын  жағдаймен таныстыру керек. Мысалы: басқа мектепте оқитын балаға алдын-ала  сол мектепті көрсету қажет. Сіз балаға көп мәлімет берсеңіз бала болатын стресті сезеді.

Қазіргі заманның ата-аналары  балаларына аз уақыт бөледі. Көбіне, балаларынан мәселелереін өз бетімен  шешуді және дербес болуды күтеді. Сонымен  қатар, кішкентай болса да балаларынан ересектер сияқты әрекет етуді күтеді. Кішкентай балалар осындай жағдаймен кездескенде, ата-аналардың позициясы дұрыс емес екенін түсінбейді. Сонда оларда: «не себепті мен мұны істей аламын. Маған не болған?», деген сияқты сұрақтар туады. Өмір өте қиын болып көрінеді және өзін-өзі қажетсізбін деп сезінеді. Есіңізде болсын, баладан тек оның жасына, қабілетіне тәнәрекеттерін күту қажет. Бала әр кеде бала болып қалу қажет.

Бала қай жаста болмасын, сіз оның көмекшісі, қорғаушысы, келеңсіз жағдай болғанда қорғанушысы екенін біліп отыруы тиіс. Егер бала осының бәрін түсінетін болса, онда ол қоршаған ортадағы құбылыстарды жақсы меңгеріп, бағдарлай алады, өзгелерден тез үйренеді. Мысалы, бірінші рет балабақшаға келіп, тұрған балада қорқыныш сезімі кеткенше, ол сіздің қолыңыздан ұстап жүргісі келеді. Сонда доктор Эгелэндтің айтуы бойынша, былай деу керек: «Мен білемін сен қорқып тұрсың, қорықпа, мен саған көмектесемін, жаныңдамын ғой!». Ал жеткіншектермен, жасөспірімдермен қарым-қатынасқа түскенде олардың өздері мәселелерін шеше алатынына сеніміңізді арттыруыңыз қажет. Егер мәселесін шеше алмаса, онда сіз әрдайым көмекке келетініңізді түсіндіріңіз.

Өзіңіздің өміріңізде болған қиыншылықтар мен қуаныштар туралы балаңызбен бөлісіңіз. Сол кездегі  стрестен қалай арылғаныңыз туралы, бала кезіндегі қиыншылықтар, келеңсіз жағдайлар туралы айтыңыз. Сонда бала үшін оның жеке қобалжулары күнделікті құбылысқа айналады.

Өз-өзіне сенімді адамдар  стрестік ситуацияға қиыншылық ретінде  емес, тағдыр тәлкегі ретінде қарайды. Баланың бойынан өз-өзін сыйлайтын бір қасиет табыңыз. Белгілі бір табыстарға қолын жеткізе алатын әрекеттермен шұғылданған балаңызды мадақтаңыз. Ақпаратты баяу қабылдайтын немесе координациясы төмендеу кейбір балалар үшін өзін көрсете алатын істерді табу қиынға соғады. Мұндай шұғылданулар қиын болмауы мүмкін, бірақ оның маңызы құндылығында және ондағы табыстар үшін ата-аналар тарапынан баланы мадақтауда. Бала жоғары жетістікке жете алмайтын саладағы кемшіліктерінің орнын басатын сіздің мадақтауыңыз.

Ата-аналардың өзінің баласына деген махаббат сеземі де өмірдегі қиын стрестен қорғай алады. Ал мектепте бақталастық стрестің қайнар көзі болып табылады. Үшінші сынаптан кейін оқушылар арасында бақталастық басталады. Сонда әрбір бала қандай салада болмасын (сабақ, спорт және т.б.) табыстарына қарамастан, ата-анасы оны жақсы көретіні туралы білу керек. «Жарайсың!», деп айтудың өзі баланың бойындағы мазасыздық пен қобалжуды төмендетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

Өз курстық жұмысымды  қорытындылай келе, ата-аналар балаларын тәрбиелей отырып, бала тәрбиелеуде қоғам мен мемлекет алдында жауапты екендерін естен шығармауы тиіс. Отбасы мүшелерінің әрқайсысының өз міндеттері бар. Бұл міндеттер әлі келетін жұмысты орындайтын және жалпы іске өз үлестерін қосатын балаларға да жүктеледі. Ондай отбасында балалар ата-аналардың және ересек адамдардың еңбектерін сыйлайды, еңбек сүйгіш, ылтипатты, тіл алғыш, жинақы және белсенді болып өседі. Кейде ата-аналар тәрбие ісінде мектептен байланыссыз-ақ шешпек болады. Мұндай көзқарас дұрыс емес, көбіне қателікке апарып соғады. Ескеретін жәйіттің бірі ата-ана қай уақытта болмасын балаға үлгі бола білу керек. Балалар өз ата-анасының қоғамдық бет-бейнесін көріп отыруға тиіс. Ата-аналар тек әңгіме үстінде тәрбиелеп қоймай, жүріс-тұрысымен еңбекке нақты көзқарасымен балаға үлгі өнеге көрсете білгені жөн. Жалпы ұрпақтар жалғасытығына құрмет көрсету қазақ дәстүрінің негізі болып табылады. Ата-аналарға құрметпен қарап, сыйлау тек сезім түрінде ғана емес, іс жүзінде көрініс табу қажет. Ата-анаға қамқорлықты сөз бен істің шынайы болмысында көрсеткен жөн.  Балалардың ата-аналарына қарсы келулеріне болмайды, оларға қашанда жағымсыз және келеңсіз әрекеттерді көрсетуден аулақ болуы керек. Қазақ халқының осы дәстүрлерін болашақ ұрпаққа жеткілікті деңгейде аманаттау қажет. Әрине, қазақтың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерін болашақ ұрпаққа жеткізу үшін ата-аналардың өздері жақсы болуы тиіс болып табылады.

Отбасы тәрбиесінің  түрлері мен мүмкіндіктері сан  алуан. Адалдық пен мейірімділікке, жауапкершілік пен кешірімділікке негізделген отбасы мүшелерінің қарым-қатынасының бала тәрбиесіне ықпалы зор. Алайда үлкендердің мінез-құлқы мен әрекетін сыйлауға тұратындай, жас өспірімдерге үлгі көрсететіндей болуы қажет. Отбасы тәрбиесінің тағы бір артықшылығы-үйдегі адамдар отбасы тәрбиесі. Отбасының бала тәрбиесіне алатын орны ерекше екендігі айқын. Алайда, қазіргі уақытта отбасы өміріне байланысты дұрыс шешім таппай отырған мәселелер өте көп. Олардың көпшілігі қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты. Ұрпаққа отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Балаға ата-ана тәрбиесінің орнын еш нәрсеге толтыра алмайды.

Информация о работе Ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасын жақсарту жолдары