Ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасын жақсарту жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2013 в 20:18, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кездегі отбасындағы ата-аналар мен балалардың жақсы қарым-қатынасын қалыптастырудағы, ерте замандағы отбасы тәрбиесінің маңызы.
Зерттеу мақсаты
Отбасының қалыптасып, дамуын сипаттай отырып, ондағы тәрбиенің мазмұнын жәнеде ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасын ашып көрсету.
Зерттеу міндеттері
- қазіргі қоғамдық даму кезеңіндегі отбасы тәрбиесінің ерекшеліктерін ашу;
- отбасының қалыптасуын және оның тәрбие факторы ретіндегі сипатын көрсету;
- ерте замандағы және қазіргі замандағы ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасының ерекшеліктерін анықтау.

Содержание

Кіріспе
3
1
Отбасындағы тәрбиенің теориялық негіздері
4
1.1
Отбасы - тәрбие факторы
4
1.2
Отбасы жүйесі- баланың жеке бас дамуы мен қалыптасуының негізі ретінде

10
1.3
Отбасындағы дағдарыстар
15
2
Ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасын жақсарту жолдары
19
2.1
Отбасының қалыптасуы және оның ерте заман дәстүріне сай тәрбиелеу жолдары

19
2.2
Ата-аналар мен балалардың өзара татулығы
26
2.3
Отбасының тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы рөлі
30

Қорытынды
33

Қолданылған әдебиеттер тізімі
34

Работа содержит 1 файл

курсовой педагогике.doc

— 254.50 Кб (Скачать)

Отбасында әкелері немесе аталары өз өнерлерін балаларына үйретіп, олардың өзіндей мерген, аңшы, құсбегі, қолөнер шебері немесе әнші, күйші, ақын етіп тәрбиелеуге көңіл бөлген. Ата өнерін баласының қууы ежелгі ел дәстүрі болған. Қазақ халқының өмірінде жеті атасына дейін мергендік, аңшылық немесе ұсталық, күйшілік, емшілік өнерді қуып өткен адамдар жиі кездеседі. Осындай әке мұрасын жалғастырушы өнерлі жастарды дәріптеу қазақ ауыз әдебиетінен өзекті орын алған. Мысалы, Құламергеннің баласы Жоямерген, Тобықтай сыншының баласы Толыбай туралы ертегі-аңыздар осы пікірді дәлелдейді. "Атадан ұл тумас болар ма, ата жолын қумас болар ма" деген мақал да сол пікірдің айғағы.

Баланың өсіп-өнуіне отбасындағы  қалыпты жағдайдың әсері мол. Сондай-ақ, олардың достарымен араласуының  пайдасы да шаш-етектен ата-аналар тағдырдың осынау бақытсыз сиына қарап, құр қол жайып отырып алмауы керек. Қандай жағдайда да мүгедек балаға қол ұшын беруге дайын болулары қажет. Отандық және әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, мүгедек балалардың тәрбиесі ата-аналар мен мамандардың бірлесе байланыста болып тәрбиелеуі баланың жетіліп дамуына ықпалды келеді. Отбасы баланың қалыптасуына, алғашқы қадам жасауына жәрдемдесуі тиіс. Оның ер жетуіне жан-жақты ықпал ететін әлеуметтік топ мүмкіндігі шектеулі баланың өсіп өнуіне, жетіле дамуына, отбасы мүшелеріне тікелей байланысты. Сондықтан, мүмкіндігі шектеулі бала дүниеге келе қалған жағдайда оның тәрбиесіне отбасының әрбір мүшесі жауапты. Өйткені мұндай балалар отбасына көптеген проблемаларды өзімен бірге ала келеді. Алғаш рет ата-ана қорқынышты диагнозды естігенде оларды үрейбилейді. Одан кейін кінәлі санау басталады. Ауру бала отбасындағы әрбір ұрыс-жанжалды ауыр қабылдап, іштей күйзеліске түседі. Баланың өз қатарластарынан кейін қалуы, шектен тыс қамқорлық, оған аяушылықпен қарау әлеуметтік жағынан бейімделуіне кедергі туғызып, ол көп жағдайда патологиялық дерттердің бастауына жол ашады.

Бала бойындағы стресс ересектердікі сияқты, әрқайсысы  үшін жеке және өзіне тән болады. Балалардың бәрі белгілі бір уақытта  ғана стреске түспейді. Мысалы, кейбір балалар мектепте оқу кезінде  ешқандай қиыншылық көрмейді, жақсы оқиды, ал кейбіреулері үшін оқу қиын болып көрінгендіктен, басы, іші ауруы мүмкін.

Сонымен қатар, балалар  стресті әр түрлі қабылдайды. Кейбір кішкентай балалар өзінің сәби кезіндегі  істерді жасауы мүмкін. Мысалы, бас  бармақтарын сору, төсекке кіші дәретін жіберіп қою. Олардан үлкенірек балалар дипрессияның белгілерін көрсетеді, тұйық болады, үнемдейді, достарынан алшақтайды. Ал, кейбіреулері өз-өзін ұстай алмайды, көздерін үнемі жыпылықтатады, шаштарын қолдарына орайды және т.б.

Стрестен оңай, табысты  шығу үшін уақыт пен шыдамдылық керек. Мына төмендегі әдістер сізге  пайдасын тигізуі мүмкін:

Балалар стресс қалай  сезілетінін еске түсіріңіз. Ата-ана  үшін стресс болмайтын жайттар балалар  үшін стрестің негізгі себептерінің бірі болуы мүмкін. Мысалы, екі жасар бала үшін ата-анасы қонаққа кетуі, оның басқа адамдармен қалуы бала үшін стресс болып табылады. Балаңыз қандай жағдайда болып отырғанын білсеңіз, оның осы тығырық уақыттан өтіп кетуіне көмектесіңіз.

Баланың көзімен осы  жағдайды көруге тырыссаңыз, оның қаншалықты стресте екенін түсіненсіз.

Бәрін түсіну үшін балаға уақыт беріңіз. Ересектер сияқты, балалар стресс жағдайында болғанда ішіндегісін айтуды қажетсінеді. Жатардың алдында балаға қандай жағдай мазалап  жүргені туралы айтуға мүмкіндік беріңіз. Бала өзінің сезімдерін түсіндіру үшін, оны үнемдей тыңдауға тырысыңыз.

Баланы келеңсіздікке  дайындаңыз. Жағдай туралы аз білгендіктен, қорқыныш сезімініз күшейе түседі. Сол себептен, баланы болашақта болатын  жағдаймен таныстыру керек. Мысалы: басқа мектепте оқитын балаға алдын-ала сол мектепті көрсету қажет. Сіз балаға көп мәлімет берсеңіз бала болатын стресті сезеді.

Қазіргі заманның ата-аналары  балаларына аз уақыт бөледі. Көбіне, балаларынан мәселелереін өз бетімен  шешуді және дербес болуды күтеді. Сонымен қатар, кішкентай болса да балаларынан ересектер сияқты әрекет етуді күтеді. Кішкентай балалар осындай жағдаймен кездескенде, ата-аналардың позициясы дұрыс емес екенін түсінбейді. Сонда оларда: «не себепті мен мұны істей аламын. Маған не болған?», деген сияқты сұрақтар туады. Өмір өте қиын болып көрінеді және өзін-өзі қажетсізбін деп сезінеді. Есіңізде болсын, баладан тек оның жасына, қабілетіне тән әрекеттерін күту қажет. Бала әр кеде бала болып қалу қажет.

Бала қай жаста болмасын, сіз оның көмекшісі, қорғаушысы, келеңсіз жағдай болғанда қорғанушысы екенін біліп отыруы тиіс. Егер бала осының бәрін түсінетін болса, онда ол қоршаған ортадағы құбылыстарды жақсы меңгеріп, бағдарлай алады, өзгелерден тез үйренеді. Мысалы, бірінші рет балабақшаға келіп, тұрған балада қорқыныш сезімі кеткенше, ол сіздің қолыңыздан ұстап жүргісі келеді. Сонда доктор Эгелэндтің айтуы бойынша, былай деу керек: «Мен білемін сен қорқып тұрсың, қорықпа, мен саған көмектесемін, жаныңдамын ғой!». Ал жеткіншектермен, жасөспірімдермен қарым-қатынасқа түскенде олардың өздері мәселелерін шеше алатынына сеніміңізді арттыруыңыз қажет. Егер мәселесін шеше алмаса, онда сіз әрдайым көмекке келетініңізді түсіндіріңіз.

Өзіңіздің өміріңізде болған қиыншылықтар мен қуаныштар туралы балаңызбен бөлісіңіз. Сол кездегі стрестен қалай арылғаныңыз туралы, бала кезіндегі қиыншылықтар, келеңсіз жағдайлар туралы айтыңыз. Сонда бала үшін оның жеке қобалжулары күнделікті құбылысқа айналады.

Өз-өзіне сенімді адамдар  стрестік ситуацияға қиыншылық ретінде емес, тағдыр тәлкегі ретінде қарайды. Баланың бойынан өз-өзін сыйлайтын бір қасиет табыңыз. Белгілі бір табыстарға қолын жеткізе алатын әрекеттермен шұғылданған балаңызды мадақтаңыз. Ақпаратты баяу қабылдайтын немесе координациясы төмендеу кейбір балалар үшін өзін көрсете алатын істерді табу қиынға соғады. Мұндай шұғылданулар қиын болмауы мүмкін, бірақ оның маңызы құндылығында және ондағы табыстар үшін ата-аналар тарапынан баланы мадақтауда. Бала жоғары жетістікке жете алмайтын саладағы кемшіліктерінің орнын басатын сіздің мадақтауыңыз.

Ата-аналардың өзінің баласына деген махаббат сеземі де өмірдегі қиын стрестен қорғай алады. Ал мектепте бақталастық стрестің қайнар көзі болып табылады. Үшінші сынаптан кейін оқушылар арасында бақталастық  басталады. Сонда әрбір бала қандай салада болмасын (сабақ, спорт және т.б.) табыстарына қарамастан, ата-анасы оны жақсы көретіні туралы білу керек. «Жарайсың!», деп айтудың өзі баланың бойындағы мазасыздық пен қобалжуды төмендетеді.

Ата-бабамыз ұлды өздеріндей еңбек сүйгіш, малсақ, жауынгер, әнші, күйші, аңшы, құсбегі-бесаспап азамет етіп тәрбиелеуді мақсат еткен. Жігіттің бойына өнер мен еңбекті, ізгі адамгершілік қасиеттерді қатар сіңірген. Ер баланы он жасынан бастап ат жалын тартып азамат болғанға дейін мал бағу мен аң аулауға, отын шабуға, қора салуға, ағаштан, темірден, темірден түрлі тұрмықа қажетті бұйымдар жасауға, яғни қолөнер шеберлігіне баулыған. Әсіресе әкелері мен аталары ұлдарға мал жаюдан бастап, шаруаның алуан тәсілдерін үйретіп баққан.

Қонақ күту, үлкенге иіліп сәлем беру, ән айтқызу, домбыра тартып күй шерткізу, өлең-жыр жаттату, жаңылтпаш-жұмбақ үйрету немесе теңге алу, жамбы ату, аударыспақ, сайыс, көкпар, күрес сияқты ұлт ойындарын үйрету тәрбиенің басты шарты болып есептелген.

Отбасындағы ұлт тәрбиесінде әке мен аталардың рөлі ерекше. Әке-отбасының басшысы, отбасы мүшесінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Өйткені, әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер-білімі-ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алаты, соған қарап өсетін өсетін нысанасы. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса, оның атасы жақсы еді, өнегелі жерден шыққан ғой-деп мадақтайтыны сондықтан. «Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі», «Әке-бәйтерек, бала-жапырақ», «Жас-кәрінің көзі, кәрі-жастың тезі», «Ата-балаға сыншы» деген мақалдар да осы пікірді халықтың қуаттануынан туған.

 

2.2 Ата-аналар  мен балалардың татулығы

 

«Отбасы татулығы бағдарламасы»  бағыттары 5 бөліменен тұрады.

1) психологиялық диагностика;

Топты психологиялық  зерттеу, жекелік психодиагностика патогенді және эмоционалды күйлерді (ең алдымен қобалжу және қысым), жекелік-психологиялық ерекшеліктерді және бала дамуында белгілі бір қиындықтар тудыратын және психикалық саулық бұзылысының негізгі факторы ретіндегі көріністерді анықтайды.

Психологиялық диагностика нәтижесі психологтың алдағы коррекциялық жұмысын «Баланың жеке басын дамыту мектебі» және «Ата-аналар мектебі» тақырыптарында бала және ата-ана, топпен, тұтас отбасымен жұмыс түрлерін ұйымдастыру, кеңес беру бағытын таңдау, психологиялық ағарту, алдын-алу шараларның тиімділігін нақтылауда қажет;

2) психологиялық коррекция;

Психологиялық коррекция  психологиялық-педагогикалық кешен  ретінде 

бір жағынан бала мен  ата-ананың тұлға ішілік және тұлға  аралық қақтығыстарды, тұлғалық қасиеттердің ауытқуы және теріс эмоционалды күйлерді жоюға, екінші жағынан психологиялық процестерді жетілдіру ата-ана мен баланың үйлесімді дамуын ықшамдау.

Психологиялық коррекция  және психотерапия әдістерін қолдану  бала мен ата-ана және отбасы жағдайында болатын өзгеріске қалыпты бейімделу ерекшеліктерін қолдайды;

3) психологиялық ағарту;

Тұлғалық қалыптасуға  бағытталған сабақтарда отбасы мүшелерін  психологиялық ағарту, психологиялық  білім және дамыта оқыту жұмыстары жүргізіледі. Психологиялық сабақтарды: оқытушы, дамытушы, қалыптастырушы, коррекциялық және терапевтік қызметтер атқарады. Ол бала мен ата-ана ішкі әлеміне үңіле отырып бүтіндік тұлғаға бағдарлануы, өзіндік сана және тиімді копингтік мінез-құлық қалыптасуын белгілі бір уақыт аралығында психологиялық қолдау көрсетуді көздейді.

Ата-анада психологиялық  сауаттылықты дамыту, баланың жас  және жекелік-психологиялық ерекшеліктерін, психикалық саулығын сақтау туралы білімдер ұсынылады. Ата-анамен жүргізілетін ағарту жұмыстары нәтижесінде отбасы жағдайының сақталуын жауапкершілікті сезіну маңызды;

4) психологиялық кеңес беру-психолог шағымданып келген бала мен ата-ана мәселесін шешуге көмек береді, бағыттар ұсынады;

5) психологиялық алдын-алу жұмыстары;

Психологиялық алдын-алу жұмыстарының негізгі ұстанымдары:

- балаға жекелік (оның жасына, жынысына, әлеуметтік жағдайына, ақыл-ой даму деңгейіне, үлгерімі т.б. тәуелсіздігіне) ықпал ету;

- баланың ең алдымен жас ерекшелігін, қалыптасушы тұлға типін және қасиеттерін есепке алу;

- ең алдымен қалыптасып келе жатқан тұлға типтерін, оның  жекелік ерекшеліктерін, баланың өмір сүру жағдайында «қиындықты» түсінуі және білім мазмұны, патогенді жағдайдың және тұлғалық белгінің өршуіне негіз болатын көзқарасты ескеру;

- баланың жеке бас дамуында зияндық сипат: психологиялық қорғану механизмі және копингтік мінез-құлық ерекшелігін ескеруді қажет етеді.

Алдын-алу жұмыстарының түрлері:

-тікелей оқыту, бала мен ата-ананың білім мен дағдыны меңгеруі психикалық бұзылыстың алдын-алуғы негіз болады;

- стресс жағдайының пайда болуы, тұрақты және қолайды хал-ахуал жасау мүмкіндіктерін төмендетеді.

Отбасы татулығы қызметін құру қажеттігі

Соңғы жылдары баланың  құқықтық сауаттылығына қатысты мәселелер көптеп қарастырылуда. Олардың көпшілігі ата-ананың құқықтық сауаттылығын көтеруге бағытталған ақпаратты-ағартушы әрекет түрінде жүргізіледі. Ата-ана мен баланың психологиялық сауаттылығын дамыту мақсаты, қолайсыз отбасының қалыптасуын алдын-алуда маңызды және өзекті жұмыс болып табылады.

Отбасы татулығы қызметі  осы мәселелерді үш бағытта шешеді:

1) баланы психологиялық қолдау;

2) ата-анамен психолгиялық ағарту жұмыстары;

3) отбасы татулығы сақтау жұмыстары.

Аталған бағыттар тәжірбиелік психология және психотерапия Еуразиялық Институты базасында «Баланың жеке басын дамыту мектебі» және « Ата-аналар мектебі» және Шымкент қаласындағы отбасына қолдау көрсету психологиялық орталықтарының негізгі қызметі болып табылады.

Мақсаты мен міндеттері:

- бала және отбасының үйлесімді дамуын қолдауға бағытталған қызметтер сапасын көтеру арқылы, бала және отбасы өмір сүру деңгейін жақсарту;

- отбасында психологиялық сауаттылық мақсаты ақпараттық-ағарту ұйыммен азаматтық қоғам құрылымдары арасында серіктестік қарым-қатынас орнату;

- биологиялық отбасында баланы психологиялық қолдау арқылы тиімді дамуына жағдай жасау;

- баланың биологиялық отбасында нәтижелі дамуын қамтамасыз ету және психологиялық жол көрсетілу негізі ата-анамен әріптестік деңгейде қарастырылады.

«Баланың жеке басын  дамыту мектебі» және «Ата-аналар мектебінде»  психологтың негізгі этикалық  қалыптарына келесілер кіреді:

- құзырлылық-психолог маман иесі отбасына, әдіс тәсілдерді қолдану арқылы көмектеседі. Стандартта бала және ересекті қорғау үшін қарастырылған саналы пікір мен іс-шараларды мұқият қолдану;

- нақтылық және кәсіби жауапкершілік. Өз іс-әрекетінде психолог әділ, құштарлы және жауапты маман болып табылады. Кез-келген адамға құрметпен қарайды. Атқаратын әлеуметтік рөлдерін нақты ажыраиып, соған сәйкес қызмет атқарады;

- адам құқығы және абыройын құрметтеуі. Психолог индивидтің жеке құқығын, өзіндік анықтауын және автономиясын құрметтейді. Диагностикалық және коррекциялық шаралар жүргізер алдында, ол бала мен ата-ананың нақты келісімдерін алады. Психолог клиенттердің мәдени, жекелік және рөлдік ерекшеліктеріне түсіністікпен қарайды және осы факторлармен байланысты түсініспеушіліктерді жедел анықтап отырады;

Информация о работе Ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасын жақсарту жолдары