Ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасын жақсарту жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2013 в 20:18, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кездегі отбасындағы ата-аналар мен балалардың жақсы қарым-қатынасын қалыптастырудағы, ерте замандағы отбасы тәрбиесінің маңызы.
Зерттеу мақсаты
Отбасының қалыптасып, дамуын сипаттай отырып, ондағы тәрбиенің мазмұнын жәнеде ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасын ашып көрсету.
Зерттеу міндеттері
- қазіргі қоғамдық даму кезеңіндегі отбасы тәрбиесінің ерекшеліктерін ашу;
- отбасының қалыптасуын және оның тәрбие факторы ретіндегі сипатын көрсету;
- ерте замандағы және қазіргі замандағы ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасының ерекшеліктерін анықтау.

Содержание

Кіріспе
3
1
Отбасындағы тәрбиенің теориялық негіздері
4
1.1
Отбасы - тәрбие факторы
4
1.2
Отбасы жүйесі- баланың жеке бас дамуы мен қалыптасуының негізі ретінде

10
1.3
Отбасындағы дағдарыстар
15
2
Ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасын жақсарту жолдары
19
2.1
Отбасының қалыптасуы және оның ерте заман дәстүріне сай тәрбиелеу жолдары

19
2.2
Ата-аналар мен балалардың өзара татулығы
26
2.3
Отбасының тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы рөлі
30

Қорытынды
33

Қолданылған әдебиеттер тізімі
34

Работа содержит 1 файл

курсовой педагогике.doc

— 254.50 Кб (Скачать)

1) сыртқы қиындық (жеке тұрғын үй, жұмыстың болмауы);

2) күтпеген жағдай, стресстер (отбасы немесе бір мүшесінде жол апаты, зорлануы т.б.);

3) ішкі отбасы жағдайын тепе-теңдікте бағалай және жеңе алмауы қақтығысты немесе стрестік сапалардың қарастырылуы (күрделі ауру, өлім, ерлі-зайыптылардың опасыздығы, ажырасуы).

Отбасында қалыптан тыс  дағдарыс жағдайының белгі көрсеткіштері:

1) дағдарыс жағдайы;

2) отбасы мүшелерінің болып жатқан жағдайды түсінуі және қабылдауы;

3) отбасы мүшелерінің болған жағдайға көз-қарасы, қабылдауы;

4) отбасы мүшелерінің өзгеруі;

5) жекелік және отбасылық жағдайды дағдарыстан шығару мүмкіндігі.

 Зерттеушілердің бір  қатары 17-19 жаста жасөспірімдік дағдарыс кезеңін бөліп көрсетіп және жеңіл шығудың 3 тәсілін ерекшелейді.

Бірінші бұл-ішкі ресурстар  мен конструктивті копингтік  бағдарламаларды қолданудың мәнін  түсінудің арқасында дағдарыс жағдайлары тиімді шешу болып табылады.

Екінші тәсіл болып-жекелік эмоционалдық тұрғыдағы уайымдауларына қатты мән бергендіктен, мағыналы нәрсені көре алмай тиімсіз шешім пайда болады.

Үшінші-дағдарыс жағдайды шешуде туындаған жағымсыз уайымдардан  қашу, жағдайды шешудегі жауапкершілікті  басқа адамдарға артуымен байланысты болып табылады.

Қыз баланың ерекшелігі ол дағдарыс жағдайын терең эмоционалдық уайымдаумен қабылдап, одан мән-мағынаны көре алу іскерлігінен болады. Дағдарысқа ұшыраған қыз бала оны түсіну мен  басынан өткере терең қабылдайды, нәтижесінде олар өмірдің қиын кезеңдерінде мағыналы жол таба білуге машықтанады.

Боз балада бұл шақтағы  ерекшелік ол дағдарыс жағдайын эмоционолдық мәнділігін төмендетеді, оны жеңіл  қабылдауға ұмтылады. Дағдарысқа ұшыраған ұл балалар сасқалақтап, жағымсыз уайымдауға беріліп, нәтижесінде өзінің мәселесін түсінуден алшақтай түседі.

Э.Г.Эйдемиллер «отбасы  диагнозы» деген терминді ұсынған. Отбасы диагнозы-отбасы өміріндегі бұзылыс  деп, қиындықтың енуі мен сақтануы отбасы мүшесінің бірінің немесе бірнешеуінің жеке қызметінің бұзылуына әкеледі. Отбасы диагнозы-отбасы жоспары мен қызметінің бұзылысын анықтай отырып, отбасы татулығын сақтау жұмысына стратегиялық бағытын береді. Отбасы қатынасын анықтауға қолданылатын әлеуметтік-психологиялық диагностикалық әдістер: сұрақ-жауап, бақылау, эксперимент, социометриялық әдіс, сандық-сапалық, құжаттық әдіс, тест. Ұсынылып отырған әдістер арқылы отбасы құрамын, шегін және құрылымын анықтауда: топтасуын (эмоционалды байланыс, жақындық және отбасы мүшелерінің бір-біріне үйренісуі), иерархия (сатылы), шекара, коммуникация сипаты, отбасының бір-біріне икемделігі болады.          

 

 

2 Ата-аналар  мен балалардың өзара қарым-қатынасы

 

 

2.1 Отбасының қалыптасуы  және оның ерте заман дәстүріне                                              сай тәрбиелеу жолдары

     

Бала тәрбиесі - тәрбиенің  барлық түрлерін, сан-саналы қамтитын әрекет. Оны жүзеге асыру үшін ата-ана, мектеп, қоғам бірлесе отырып атсалысатынына белгілі. Әр халықтың дәстүрлеріне зер салатын болсақ, ұрпақ тәрбиесі қай кезде қай елде болмасын ең басты толғақты мәселесі болғанын айтуға болады. Халық мұрасының танымдық - тәрбиелік мәні орасан зор. Ол тек ұрпақтың тәрбиесінде ғана емес, жалпы адамзат өмірінде рухани қуатының байлығы ретінде үлкен орын алады. Олардың ішінде бала тәрбиесіне тікелей бағытталған, оның жан дүниесінің қалыптасуына, рухани жағынан жетілуіне негіз болуға лайықты дәстүрлері жеткілікті. Бұған еліміз егемендік алғаннан бері халықтық тәрбиенің ерекшеліктерін зерттеп, зерделеп халыққа жеткізуде, оны пайдаланудағы тиімді жақтарын ашып беру мақсатында жүргізген ғалымдардың еңбектері айқын дәлел болады. Көп уақыт бойы бұл мәселелерге ашық баға беру мүмкіндігі болмағаны белгілі. Қазіргі кезде халықтық тәрбиенің қажеттілігі ерекше байқалады - дейді Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің педагогика ғылымының кандидаты Сейітқызы Перизат өзінің шығарған әдістемелік құралында. Осы пікірге біз де қосыла отырып, қазіргі кездегі халықтық тәрбиенің ерекше қажет болғаны өзіміздің күнделікті өмірден байқауға болады.

"Тәрбиелеу ісі ұрпақтар  арасындағы сабақтастық байланысты  қамтамасыз етеді. Мұнда, тәрбие процесінде жастар өзінің алдындағы ұрпақтар жинақтаған ұжымдық тәжірбие мен білімдерді меңгеруге ғана емес, сондай-ақ оның бойында өмір барысында аға ұрпақ шешпеген жаңа міндеттерді шешу үшін қажеттер қалыптастыруға тиіс ", - деп айтылған. Ал кейінгі кездегі бала тәрбиелеу бағытындағы күрделі өзгерістерге байланысты Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігінің Тұжырымдамасында: " Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірбиесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру ", - деген түсінік береді. Екі анықтама да әр түрлі кезеңде берілгенімен тәрбиеде көзделген мақсат біреу - ұрпақ пен ұрпақты байланыстыру, сабақтастыру, тәжірбиеде шыңдалған тәрбие түрлерін, әдістерін келесі ұрпаққа жеткізу, солар арқылы тәрбиелеу болып табылатындығын айғақтайды. Жоғары айтылған тұжырымдамада: "...Тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана - сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар- ождан мол, еңбекқор, іскер, бойында басқада игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу " делінген... Осы жерде ұлттық ерекшеліктерді меңгеру үшін ең алдымен, ұлттық сана–сезімнің басым болуы керек екендігін баса айта кету керек. Басқалай айтқанда бүгінде қоғам алдында ұлттық сана - сезімі оянған, қалыптасқан, ұлт дегеннің не екенін сезінетін азаматтарды тәрбиелеу міндеті тұр. Ол жөнінде белгілі тарихшы - ғалым Қойшығара Салғараұлының " Ертеңі бар ел боламыз десек ", - деген еңбегінде жан - жақты түсінік беріледі: " Ұлттық сана деген абстракт ұғым емес, ол - ұлт тірлігінің бүкіл ғұмырнамасының, әдет - ғұрпының, салт-дәстүрінің, әдебиеті мен мәдениетінің, өнерінің, тұрмыс - тіршілігінің тарихын білу дәрежесін, яғни халықтың өзін - өзі жете танып, түсінуі. Ұлттық сана ұлттық дүниетанымға негізделеді. Ал ұлттық дүниетаным, дұрыс таным түсінік арқылы өріс жайып, ұлттық дәстүр арқылы өз болмысын танытады " - дейді. Осыдан шығатын қысқаша қорытынды: ұлттық сана - сезімді ояту үшін халықтық дәстүрлерді, әдебиеті мен мәдениетін, өнерін келер ұрпаққа дұрыс түсіндіре алу, жеткізу, үйрету керек. Жастардың ұлттық дүниетанымын халықтың ерекше қасиеттері арқылы кеңейтіп тәрбиелеу, оны әрі қарай дәстүрге айналдыру олардың бойында ізгілікті қалыптастырады.

Ұлттық салт-сананың  қалыптастыруының екі негізі бар: игі әдеттер көп қолданыстан әдет-ғұрыпқа, яғни өмір қолданысына айналады да, ол ұлттық әдеп болып (этика, этника) қалыптасады. Мұның барлығы балалардың ұлттық сана-сезімін ояту үшін ұлтжандылық сезіміне түрткі болуға бағытталған іс-әрекеттер.

Егеменді жастарының санасына ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білу дәстүрінің маңызы зор. Ақынжанды, ақ жарқын, шешен, өнерпаз, өнегелі халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан тәлім-тәрбиелік әдеттері мен ережелері, рәсімдері мен салт-саналық дәстүрлері жас ұрпақтың жан жүйесіне әсер етіп, санасына сіңсе, ұлттық мәдениетті игерген, иман жүзді, инабатты ұрпақ жалпы адамзаттық асыл қасиеттерге ие болады. Әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, ілтипаттылық, қонақжайлық қылықтары қалыптасқан осы асыл да абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл- парасатына азық ете білу үшін әрбір тәрбиеші, ұстаз халық педагогикасының, сан ғасырларда қалыптасқан салт-дәстүріміз терең біліп, тебірене іс-қимыл жасауға тиіс. Ұстаз ұлттың мәдениет үрдістерін өркениетті өмірімен байланыстырып, тәлім- тәрбиеге пайдалана білуге міндетті.

Әрбір халықтың рухани азығының қайнар бұлағы оның халықтық педагогикасы мен ұлттық салт-дәстүрі болып  табылады. Тән азығы мен жан азығының тепе-теңдігін сақтап, әсіресе басым көңіл бөлген халқымыз өмір тануды дәріптеп, оның философиялық заңдылықтарын терең ұғынған. Жан азығынан айырылған адамның адамдық қасиеті жойылып, оның айуанға айналатынын ертеден ұғынған халқымыз жан азығын ең әуелі нәрестеге бесік жыры арқылы әуенді әнмен беруден бастайды, одан соң жас балдырған жеке сөздері ұғындыра бастағанда-ақ, жақсы мен жаманды ажыратып түсіндіреді. Ол үшін тақпақ, санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтел үйретіп, баланың бөбек, балдырған кезіндегі адам болып қалыптасуы бір - бес жастың арасы десек, алты - он жаста бала әдептілік негіздерін үйренеді, оның бойынан тектік қасиеттерді көруге болады. Адам өмірінің " алтын бесігі "- мектеп есігін ашқан балдырған жарығы мол жаңаша өмірде адамдық қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарына үйренеді.

Өмірдің айлы да арайлы кезеңіне лайықтап, ұлттық тәлім-тәрбиенің негізі бір оқу құралы ретінде оқулықтарды  ұсынған жөн. Қазақта " тірі адам тірлігін жасайды ",- деген мақал  бар. Тіршіліктің қисыны, тірліктің тәртібі бар. Әр адамның негізгі тіршілігі: ұйықтау, ояну, киіну, жуыну, серігу, еңбек ету, оқу, тынығу. Әр адамның сымбатын, әдемілігін киім айқындап тұрады және ерте тұрып ерінбей, кеш жатып керілмей, жанын сейілткен адам өзіне-өзі үлкен жақсылық істейді. Халық салтында үлкенге жол беру, орын ұсыну, үлкен алдында әдеп сақтап, ізетті болу, әдеппен сөйлеу, дөрекіленбеу жеке адамның парызы болып табылады. Халықтық дәстүрді бойына сіңірмеген, қадірлей білмеген бала әдепсіз бала. Осы орайда айта кететін болсақ халық тәрбиесі - ғасырлар бойы сараланып, жұртшылықтың ой- арманымен, тіршілік-тынысымен, шаруашылық кәсібімен, отбасылық, қоғамдық ұлттық тәлім - тәрбие дәстүрімен тығыз байланыста туып, өсіп-өркенденіп ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып кеткен тарихи және мәдени мұра ғой. Сондықтан біздің айтайын дегеніміз халықтық дәстүрді бойына сіңірмеген бала әдепсіз болатыны сөзсіз. Мысалы, күнделікті өмір тәжірбиемізден алатын болсақ, халықтық дәстүрі бойына сіңген баламен, бойында халықтық дәстүр алаңның екі түрлі болғаны. Сәлем-әдептілік белгісі. Сәлемдесу кезінде, аман - саулық тілеп, тілектестігін, ниеттестігін білдіру ізеттілік пен әдептілік нышанын көрсетіп, амандыққа ақ жарқынданып, жақсылыққа жадырауы. Сәлем беру - имандылық, инабаттылық, көргендік, мәдениеттіліктін белгісі.

Әрбір адамның мінез - құлқындағы әдептілік қасиеттері оның іс - әрекеттері, тұрмыс - тіршілігі  мал шаруашылығымен байланысты болған. Төрт түліктің қасиетін қадірлеп, бағу арқылы кәсіптік әдептілік қалыптасып, дәстүрге айналдырған. Бала тәрбиесінне де төрт түлік малдың өзінше тигізер көмегі көп. Оған мейірімділік көрсету арқылы ақ ниетті, адал жүректі, мейір-шапағатын төгіп, жанашырлық, қамқорлық жасауға әзірлікке бейімделді. Мейірімділік адам бойындағы қасиетті сезім. Мейірім - адамның мерейі үстем болу үшін, ойлаған жақсылық әсерленген әдептілік, жақсы көрген адамдардың жан саулығын оны қуанышқа бөлеуі тиіс. Сондықтан ата - ана балаларын мейірімділікке тәрбиелеп, қатыгездіктен қағып, қаталдықтан сақтандыру қажет. Сонымен қатар мейірімділіктің іс жүзінде көрінісі - қайырымдылық. Қайырымдылық - мүдделі, кіріптар, көмекке құштар адамға, табиғатқа, жан-жауарларға жақсылық жасау. Жылу беру, сыйлық ұсыну, сый - сыбаға тарту, көрімдік, байғазы т.б. жөн - жоралғылар арқылы іс жүзінде ізеттілікпен, ілтипаттылықпен, инабаттылықпен, сыпайлықпен орындалады. Жас ұрпақты - табиғатты қорғап аялауға, тал егу, гүл өсіру, жер суару, құстарға қамқорлық жасау қайырымдылықтың борышын терең сезініп, тебірене іс-қимыл жасауға дағдыландыру басты борыш болып табылады. Әр адамның туған жері - бәрінен де қымбатты. Өйткені сол жердің топырағында өсіп, суын ішіп, ауасымен тыныстады, табиғатымен біте қайнасып, адам болып қалыптасады. Сондықтан да әрбір адам туған жерін қорғайды, аялайды, күтеді, қастерлейді,"Әулие тал", "Әулие бұлақ", "Әулие көл", "Хан тәңірі" деген қасиетті атаулар мен таныстырар, бұл әулие киелі жаратылысқа дақ алмай, күтіп, ардақтап сақтау әрбір адамның перзенттік борышы екенін де ұмытуға болмайды. Осыған байланысты туған ырымдар мен тыйымдарды жан-жақты қарастырып, өнеге болар өрісін ат алыстыру қажет.

Жас ұрпақтың үлгілі, өнегелі  болып өсуіне, сонымен қатар, әр жеткіншектің тегін білу де зор еңбегін атқарады. Жеті атасын білудің әдептілікке  әсері мол, яғни шөпшек бабасына дейінгі  туыстық атауларын жақсы біліп халықтың салт-санасы бойынша, туыстық қатынасты жетілдіру. Міне біздің халқымыздың имандылық дәстүрлерінің түпкі мақсаты мол. Дәріпті дәстүрлердің мәнін біліп, оны осындай білу - парыз. Данышпан ата-бабаларымыз кейінгі ұрпаққа өркениетті өсиет айтып, өнеге нұсқа қалдырған. Ата-бабаларымыз өмір тәжірбиелерінен, халықтың әдет-ғұрып болып қалыптасқан дәстүрлерінен үлгі- нұсқаларды көне бойы өнеге етіп, ұрпақтарына үйретіп, тілек тілеп, бата беріп жастарды жақсы жолға бастаған. Бата - адам баласына тек жақсылық тілеу, халық тарихында ерте қалыптасқан дәстүр. Арттағы ұрпағына сөзі мен де, ісі мен де, ақылымен, парасатымен де үлгі өнегесін қалдырған ата-бабаларымыдың аруағын ардақтап, мұрасын мақтан тұтамыз.

Ұрпақ тәрбиесі, бүгінгі  қоғамда лайықты азаматтар тәрбиелеу күрделі мәселелердің бірінен саналатын, үлкен жауапкершілікті, жан-жақты талап ететін процесс. Осыған байланысты қоғамның жаңа ғасырларға өтпелі кезеңінде, үлкен өзгерістер мен жаңалықтарға толы мерзімде болашақ азаматтарға білім мен тәрбие беру мекемелерінің алдында жауапты міндеттер тұр. Қазіргі сәтте осындай кеңсіз мәселелерді шешу мақсатында уақытқа ыңғайластырылған тиімді әдіс-тәсілдер іздестірілу үстінде. Тәрбиелеудің қиындығы оның нәтижесі бірден көріне бермейтін әрекеттерге жататындығында. Яғни тәрбие беруде барлығын жан-жақты ойластырғанда ғана жемісті болатынын педагогика және психология ғылымдары зерттеп, дәлелдеуде. Кеңестік дәуірдегі ғылыми педагогикада: " Тәрбиелеу іс ұрпақтар арасындағы сабақтастық байланысты қамтамасыз етеді".

Әрбір отбасының қалыптасқан  әдет-ғұрпы ата дәстүрі болады. Сонымен бірге жалпы қазақ  отбасына ортақ дәстүрлер де бар. Оларды атап өтсек мыналар: жасы кішілер үлкендердің атын атамай, ата әже, әпке, аға, әке деп сыйлап қарым-қатынас жасауы, сондай-ақ жасы кішілер үлкендердің, әсіресе қариялардың алдын кесіп өтпеуі, отбасы мүшелерінің бірін-бірі ренжітпеуі үлкеннің тілін кішінің алуы, елгезек тіл алғыш, қолғанат болу, ал отбасы үлкендерінің өзінен кішілерге қамқоршы, ақылшы болуы, еңбекті үй ішінде жұмыла істеп, әрқайсысының өз шама-шарқынша іс атқаруы.

"Ұлдың ұяты - әкеге, қыздың ұяты - шешеге" деп қараған халқымызда ұл баланы тәрбиелеуді аталар мен әкелер өз қолына алса, ал қыз баланы тәрбиелеу әжелер мен аналардың міндеті болып саналған.

Аталары балалары мен немерелеріне ертегі, аңыз-әңгіме, мақал-мәтелдер айтып беріп, шешендікке, тапқырлыққа тәрбиелеген. Қазақ ауылында бала тәрбиесіне бүкіл ауылдың үлкендері, әсіресе қарттары араласқан. Үлкендер ауылдастарының балаларының өрескел мінез-құлқын көрсе, ұрысып, зекіп тыйым салуға, ақыл айтуға, тіпті, ретті жерінде ұруға да құқылы болған. Ән айтуға, күй шертуге, зергерлік өнеріне бейімі бар балаларды әке-шешесі, атасы ел ішіндегі аты шыққан әнші, күйші, ұсталардың жанына қосып, шәкірттікке беруі ата дәстүрі болып саналған. Ал шәкірттің ұстазын ұлы әкесіндей сыйлауы, оның өнерін жалғастырып, көпке тарату немесе жақсының жанында жүріп, өнегелі шешен, ақын, билердің, көпті көрген қариялардың батасын алу олар үшін парыз боп есептелген. Сол мектептен тәлім-тәрбие алған өнер адамдары ұстаздарының жолын қуып, өнерін жалғастырған.

Отбасындағы ұл тәрбиесінде  әке мен аталардың рөлі ерекше. Әке-отбасының басшысы, отбасы мүшелерінің  тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Өйткені, әкекнің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер-білімі- ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса, оның атасы жақсы кісі еді, өнегелі жерден шыққан ғой - деп мадақтайтыны сондықтан. "Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі", "Әке -  бәйтерек, бала - жапырақ", "Жас - кәрінің көзі, кәрі - жастың тезі", "Ата - балаға сыншы" деген мақалдар да осы пікірді халықтың қуаттауынан туған.

Информация о работе Ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасын жақсарту жолдары