Ақпараттық технологиялар

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 13:03, реферат

Описание работы

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес.Ол үшін болашақ ұрпағын тәрбиелеу керек.
Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. Білім берудегі АКТ ұғымы оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары , қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары , компьютерлік оқыту технологиялары және т.б., тіркестермен тығыз байланысты.

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................3
Ι АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЗАМАНАУИ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНДЕГІ МАҢЫЗЫ.....................................................5
1.1 Ақпараттық технологияның түсінігі мен сипаттамасы...........................5
1.2 Оқу ақпаратын технология жағдайында меңгеру...................................14
ΙΙ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ...................................................................18
2.1 Оқытудың ақпараттық технологиясын білім беру жүйесінде қолдану..18
2.2 Жаңа ақпараттық технологиялармен оқыту технология түрлері........23
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ...........................................................32

Работа содержит 1 файл

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР РЕФЕРАТ.doc

— 235.50 Кб (Скачать)

 

2.2 Жаңа ақпараттық  технологиялармен оқыту технология түрлері

 

Педагогиканың оқыту тәжірбиесінде ақпараттық технологияны қолдану кең өріс тапқан. Д. Ш. Матрос пікірі бойынша, кез келген әдіс пен технология ақпараттық технология деп танылады.  Бұл қорытындыға ол оқытудың үнемі оқытушыдан білім алушыға ақпарат берумен байланысты болғандығы үшін келген. Сонымен қоса, педагог үшін ең бастысы білім алушылардың қабылдайтын ақпаратын сапалы меңгеруі үшін оны өңдеу жолдарын іздестіру болып табылады. Осылардың барлығына келісе отырып, «оқытудың ақпаратттық технологиясы» термині педагогика ғылымына енгізу білім беруде компьютерлік және ақпараттық техникаларды (байланыс құралдары, телекоммуникациялық желілері және т.б.) қолдану екендігін мойындаймыз. Біз оқытушы қолданған дидактикалық құралдардың үйлесімділігі арқылы кез келген оқыту технологиясын ақпараттық технологияға жатқызуға болады.

Оқу процесін жаңа ақпараттық және бағдарламалық құралдар көмегімен жандандыру «компьютерлік  технология» терминін «ақпараттық  технология» түсінігімен алмастыруға әкеп соқты. Сонымен, оқытудың ақпараттық технологиялары дегенімізді тұтас кешенді компьютерлік және басқа да құралдарды қолданумен болатын дидактикалық  үдеріс деп танығанымыз жөн.

Поляк педагогы В. Оконь оқыту құралдарын мұғалімнің  іс-әрекетін ауыстыру мен білім алушылардың әрекетін автоматтандыру мүмкіндігінің өсуіне байланысты жіктейді. Осыған сәйкес, оқыту құралдары екі топқа бөлінеді: жәй және күрделі. Жәй құралдар: сөздіктер, оқулықтар және басқа да мәтіндер; қарапайым визуалды құралдар: нақтылы заттар, модельдер, суреттер.

Күрделі құралдар: механикалық  визуалды құралдар: кодоскоп, диапроектор және т.б; аудио құралдар: магнитафон, радио, музыка ойнатқыш; аудиовизуалды: дыбысты фильм, телевизор, бейнежазба; оқыту процесін автоматтандыру құралдары: мультимедиялық  кабинет, компьютерлер, ақпараттық жүйе, телекоммуникациялық  жүйе.

Педагогикалық-әдістемелік  оқыту барысында оқу міндеттерін  шешуге бағытталған оқу бағдарламалық  құралдары (электронды  оқулықтар, электронды курстар,  дәрістер, слайд-дәрістер, мультимедиялық  презентациялар және т.б.) кеңінен қолданылады. Оқу бағдарламалық құралдары келесі аспектілерге сай болуы керек: психологиялық - аталған бағдарлама оқу барысында қалай ықпал етеді, оған деген қызығушылықты арттыра ма, төмендетеді ме, машинада құрастырылып ұсынылған қиын әрі күрделі, дәстүрден тыс талаптары білім алушыларда қиындықтар тудыра ма; педагогикалық – бағдарлама қаншалықты көлемді педагогика курсының жалпы бағытын түсіндіре алады және де білім алушылар бойында педагогикалық іс-әрекет туралы оң көзқарастарын қаншалық көрсете алады; әдістемелік – бағдарлама материалды меңгертуге дұрыс таңдалған ба, оқушыларға ұсынылған тапсырмаларды таңдау дұрыс шешімін тапты ма, материал әдістемелік тұрғыдан дұрыс берілген бе; ұйымдастырушылық – компьютерді және жаңа ақпараттық  технологияны қолданумен өткізілетін сабақ дұрыс жоспарланған ба, білім алушыға өзіндік жұмыстарды орындау үшін уақыт жеткілікті көлемде беріле ме және т.б. Осы жайттардың басын ашып құрастырау өте үлкен еңбекті, арнайы іскерлік, дағды мен уақытты талап етеді.

Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу және қолдану, интеллектуалды дамыған, ақпараттық ортада жақсы әрекеттене білетін тұлғаны қалыптастыру жолында пайдалы болуы мүмкін коммуникация құралдарының барлығын пайдаланудың белсенді процесі жүріп жатыр. Өмірдің әр алуан саласына ақпараттық процестердің енуі жаңа ақпараттық технологияларға негізделген білім беру жүйесінің жаңа моделін құруды талап етеді. Бұл ретте оқушының  шығармашылық қабілетін аша білу үшін жағдай жасау, оның қабілетін дамыту, өзін-өзі жетілдіру және жауапкершілікке тәрбиелеу сөз болады. Білім және біліктілік адам үшін маңызды құндылықтарға айналады. Соған орай білім жүйесі де дайын білімді игеруге ғана емес, интеллектуалдылықты қалыптастыруға, жеке танымдық әрекетті қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Адам әрекетінің әр түрлі саласында озық ақпараттық технологияларды пайдалану өзекті болып барады.

Сабақ барысында жаңа технологияларды қолдана отырып, педагогикалық қалыптасқан жазу, тыңдау, түсіну, сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға әбден болады.  Ал енді психологиалық жағына келетін болсақ, қазіргі уақыт ағымындағы оқушылардың әрқайсысының үйлерінде әдетте көптеген ойындары бар компьютерлер, видеолар мен телевизор бар болғандықтан, олар қоршаған ортаны осындай тәсілмен қабылдауға үйренген. Жаңа технологиялардың мүмкіндіктері оқушыларға оқу бағдарламаларын оқып тіл үйренуде де сәтті қолданылатынын түсіндіруге мүмкіндік беріп, шығармашылық белсенділікті дамытуға, пәнге деген қызығушылықты арттыруға, тыңдау мен сөйлеу дағдыларын үйренуге ең жақсы жағдайларды жасауға әсер етіп, нәтижесінде сапалы білім алуын  қамтамасыз етеді.

 Жаңа технологияларды практикада қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың жаңа түрін ашады, нәтижесінде жаңа білім ашылады, оқушылардың танымдық белсенділігі дамиды, білімді өз беттерінше толықтырады, ақпараттар ағымында іздеу және бағдарлауға үйренеді.

Ақпараттандырылған қоғамның талабына сай мұғалім де, оқушыда жаңаша көзқарасты, терең ойлы болу керек. Сондықтан заман талабына сай жас ұрпақты көкірегі ояу, ізденімпаз, өзіндік шығармашылық жұмыспен айналыса алатын дәрежеге жеткізуіміз керек.  Қоғамның басты бағыттарының бірі – білім беру процесін ақпараттандыру. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану білім беру үрдісінде тиімді және білім сапасын көтеруге ықпал жасайды.

Оқу үрдісінде жаңа ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану, әлемдік білім кеңістігіне толығымен еніп, халықаралық деңгейге көтерілуде білім беру үрдісіне ақпараттық – коммуникация технологияларының жетістіктерін енгізу қоғамды дамытудың жоғарғы тиімді технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады.

Заман  талабына сай технологияларды ауқымы кең, түрлеріде күн өткен сайын дамып, өзгеріп отырады. Ең бастысы технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек. Инновациялық технологияларды қолдану барысында жеткен нәтижелер төмендегідей: түрлі техникалық құралдарды пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі; оқушылардың  барлығын сабаққа белсенді қатыстыруға мүмкіндік туды; олардың әрқайсысының деңгейін анықтай аласың; оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аласың; оқушыларды ізденіске баулып, өз бетінше жұмыс істеуге үйретеді. Сонымен білім беру жүйесін жаңа технологиялардың алатын орны орасан зор. Осы технологиялардың көмегімен мұғалім аз күш жұмсап, көп сапалы нәтижелерге жетуге мүмкіндік алды. Ол үшін мұғалім жаңа технологиялардың мүмкіншіліктерін  шебер, жүйелі  қолдана  біліп, өз білімділігімен, шеберлігімен  бала жүрегінің  кілт  таба білу керек.

Қазіргі заман талабына сай мектептерде инновациялық озық технологиямен жабдықталған лингофонды  мультимедиялық кабинеттер ашылды. Мұндай инновациялық  құралдарды оқу процесіне енгізбес бұрын, мектеп мұғалімдерін арнай ы компьютерлік курстарға жіберіп, инновациялық жаңа технологиялармен танысып,  меңгергендігі жөнінде сертификат алуына жағдай жасалды.

Осы жаңа инновациялық технологиялардың ішіндегі ACTIVboard  интерактивті тақта революциялық жабдық екендігі даусыз. Тақтаны қолдану үшін бар болғаны компьютерлік білімің болып, инновациялық құрал-жабдықтарды қолдана білу шеберлігіңіз жетіп жатыр. Ең алдымен интерактивті тақтамен танысып алайық.

«Интерактив»  сөзі ағылшынның «interact» сөзінен шыққан, «inter» - өзара, «act» - іс – қимыл жасау. Интерактивті – біреумен (мұғаліммен, сыныптас жолдастармен, т.б.) диалог,  әңгіме кезінде бір – бірімен өзара іс-әрекет жасауға қабілеттілікті білдіреді немесе компьютер арқылы, интерактивті тақтаны колданып электронды оқулықпен оқыту болып табылады.

Интерактивті  тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе  баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал.

«Активті экран» бағдарламалық – техникалық кешенінің дидактикалық мақсатта пайдалану барысында олардың негізгі қызметі – жалпы ақпаратпен кәсіби біліктілікті жетілдіру бағытында қолданып, сонымен қатар бұл құралдың оқушылардың, ойлау және ойын қысқа және түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін, арттырып өз ойларын жаңа технология құралдары көмегімен жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете алатыны белгілі болды. Бағдарламалық–техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визуалды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу, CD-ROM, Web-түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т. б. әрекеттерді жеңіл орындай алады.

Интерактивті  құралдарды сабаққа пайдаланғанда  дидактикалық бірнеше мәселелерді  шешуге көмектеседі: пән бойынша  базалық білімді меңгеру; алған  білімді жүйелеу; өзін – өзі бақылау  дағдыларын қалыптастыру; жалпы оқуға  деген ынтасын арттыру; оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.

Бұл технологияны оқу материалын  хабарлау және оқушылардың  ақпаратты меңгеруін  ұйымдастыру  арқылы,  көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады. Оқушылардың көпшілігі естігенінің  5 % және көргенін 20 %  есте сақтайтыны белгілі.  Аудио және видео-ақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды   40-50 %  дейін арттырады.

Сабақта уақытты  үнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді. Интерактивті тақтаның үш режимінде де жұмыс жасауға болады.

Ақ тақта  режимі – ең қарапайым режим. Ақ тақта режимін қолданғанда оны  ақ бет қағазбен жұмыс жасағандай және тақырыпқа қажетті жерін белгілеулермен, негізгі ұғымдарын ерекшелеу үшін түрлі түсті қаламды қолдануға болады. Ақ беттің артына фон ретінде мазмұнды суретті пайдалануға болады. Тақтаның бұл қасиеті, мысалы географиядан, физика, биологиядан және т.б. пәндерден сабақ жүргізгенде ыңғайлы. Фон ретінде географиялық картаны, физикалық аспаптардың суреттерін алуға болады және сабақ барысында қажет болса картаға белгі салуға, жазуға мүмкіншілік бар.

Екінші режим  – Office режимі. Бұл режим сабаққа  қажетті дайындық жұмыстарын, яғни материалдар даярлауға ыңғайлы. Сабаққа дайындық жұмыстары Word мәтіндік редакторының, Excel электрондық кестесінің құжаттары, Power Point – презентациясы болуы мүмкін. Мысалы, Microsoft Word құралдарымен төрт түрлі мәтіндік тапсырмаларды қамтитын құжат әзірлеуге болады. Осы құжатта тапсырмаларды қайталап, жауаптарының дұрыс нұсқаларын немесе амалдардың дұрыс тізбегін көрсету керек. Қайталанған тапсырмаларды сурет салу панелінің «төртбұрыш» объектілерімен жасырамыз. Сабақта қажет кезде бұл құжатты интерактивті тақтаның Office режимінде ашу қажет. Бұл режим Microsoft Office – нің барлық мүмкіншілігін ұсынады. Сондай мүмкіншіліктерінің бірі – құрылған құжатқа мәтінді қосуға болады, яғни экраннан түсірілген суретпен емес құжатпен тікелей жұмыс жасаймыз. Мұғалім оқушыны тестілік тапсырмаға жазбаша жауап беруге тақтаға шығарып, оқушының жауабын дұрыс жауаптарымен салыстыра алады  «тік төртбұрыш» объектісін жылжыту немесе жою арқылы және дайындалған материалды шаблон ретінде келесі сабақтарды пайдалану үшін сақтап қоюға болады.

Үшінші режим  – тақтаның  интерактивті режимдегі  жұмысы. Сабақтарды жүргізуде өткен  материалды қайталау қажет, сондай жағдайда интерактивті тақтаның сілтеме жасауға  арналған компонентін қолдануға  болады. Бұл компонент арқылы Microsoft Office құралдары арқылы құрылған құжаттарға, графиктік редакторлардың немесе программалау ортасының көмегімен құрылған файлдарға, интернет беттеріне сілтемелерді ұйымдастыруға мүмкіншілік береді.

Қазіргі заман  мұғалімнен тек өз пәнінің терең  білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар,  шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

Компьютер және интерактивті құралдар арқылы жасалып  жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстармен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде – өздерінің кәсіби шеберлігінің қалыптасуына жол ашу керек. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағында, оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологияларды ғана тиімді деп санауға болады.

Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге  аса мән берген елде тұрамыз. Жалпы  білім берудің мақсаты – терең  білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде  еркін бағдарлай білуге,  өзін – өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.

Интерактивті  тақтаның керемет мүмкіндіктері  оқушыларды таң қалдырады, шабыттандырады. Көптеген мектептерде интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін білмегендіктен, тек слайд көрнекіліктер көрсетумен ғана шектеліп жүрген мұғалімдер бар. Алайда интерактивті тақтаның қолдану мүмкіншіліктері өте көп. Мысалы,  ActiveBoard  электрондық тақтасы: материалды қызу талқылауға ерекше бөліп көрсетуге, нақтылауға, қосымша ақпарат қосуға, электрондық маркер арқылы түсін және сызықтың қалыңдығын өзгертуге; сөздер мен сөйлемдердің бір-бірімен байланысын көрсете отырып, тақырыпты немесе сөйлемді толықтай аударуға; flash–анимациаларды пайдаланып, өлеңдер мәтінін жаттауға, суреттермен слайдтар жасауға; ағылшын тілінде сөйлеушілердің дауысымен жазылған видео-роликтер көруге, сол тілде жазылған мәтінді тыңдауға; тест сұрақтарымен таныстырып, бір топ оқушыны тесттен өткізуге; суреттерді бір фонға қойып, суреттерді қимылдатып сөйлесу ситуациясын ұйымдастыруға; сөз-жұмбақтар шешуге, әртүрлі ойындар ойнатуға мүмкіндік береді; электрондық оқулықтарды экран бетіне шығарып көрсетуге болады.ActiveBoard тақтасының дайын бағдарламасын қолдану маңызды.

Инновациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.

Информация о работе Ақпараттық технологиялар