Ақпараттық технологиялар

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 13:03, реферат

Описание работы

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес.Ол үшін болашақ ұрпағын тәрбиелеу керек.
Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. Білім берудегі АКТ ұғымы оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары , қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары , компьютерлік оқыту технологиялары және т.б., тіркестермен тығыз байланысты.

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................3
Ι АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЗАМАНАУИ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНДЕГІ МАҢЫЗЫ.....................................................5
1.1 Ақпараттық технологияның түсінігі мен сипаттамасы...........................5
1.2 Оқу ақпаратын технология жағдайында меңгеру...................................14
ΙΙ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ...................................................................18
2.1 Оқытудың ақпараттық технологиясын білім беру жүйесінде қолдану..18
2.2 Жаңа ақпараттық технологиялармен оқыту технология түрлері........23
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ...........................................................32

Работа содержит 1 файл

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР РЕФЕРАТ.doc

— 235.50 Кб (Скачать)

ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ..............................................................................................................3

Ι АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР  ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЗАМАНАУИ ОҚЫТУ  ӘДІСТЕМЕСІНДЕГІ  МАҢЫЗЫ.....................................................5

    1. Ақпараттық технологияның түсінігі мен сипаттамасы...........................5
    2. Оқу ақпаратын технология жағдайында меңгеру...................................14

ΙΙ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ...................................................................18

2.1 Оқытудың ақпараттық  технологиясын білім беру жүйесінде  қолдану..18

2.2 Жаңа ақпараттық технологиялармен оқыту технология түрлері........23

ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................31

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ  ТІЗІМІ...........................................................32

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес.Ол үшін болашақ ұрпағын тәрбиелеу керек.

Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. Білім берудегі АКТ ұғымы оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары , қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары , компьютерлік оқыту технологиялары және т.б., тіркестермен тығыз байланысты.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын арттыруды көздейді.

Бүгінгі күні білім беру жүйесін ақпараттандыру ісінің басты мақсаты- заман талабына байланысты ақпараттық қоғамның шарттарына сәйкес оқушылар мен студенттерді тұрмыстық, қоғамдық және кәсіптік өмір салаларына толық әрі тиімді араластыру болып табылады.

Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану – педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпаратты-коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды.

Ақпаратты-коммуникациялық технологиялар деп локальдық, аймақтық, бүкіл әлемдік желілерде ақпарат алмасуды жүзеге асыратын қазіргі заманғы байланыс құралдарының барлық түрін, бағдарламалық жүйелер мен кешендерді (бағдарламалау тілдері, транслятор, копиляторлар, операциялық жүйелер, қолданбалы бағдарламалық жабдықтарды дайындауға арналған инструментальды пакеттер), мультимедианы, телекоммуникацияны, виртуальды ақпараттар жиынтығын айтамыз.

Қазақстан Республикасындағы білімді ақпараттандыру жүйесін одан әрі дамыту үрдісін оқып-үйренудің ақпараттық ресурстары болып табылатын программалық құралдарды дайындамай жүзеге асыру мүмкін емес. Олардың ақпараттық қызметтерінің де ауқымы кең, мысалы, бақылайтын және тест жүргізетін программалар, компьютерлік ойындар, ақпараттық жүйелер, оқыту орталары болып табылатын электрондық оқулықтар және мультимедиялық программалар.

Ақпараттандырудың негізгі бағыттарының бірі білім саласын ақпараттандыру болып табылады. Қоғамымызды құрайтын тұрғындардың ой-еңбегінің жемісі болып табылатын ақпараттық ресурстарды күнбе-күн пайдалану ісі қарқындап дамып келе жатқан өскелең ұрпақты ізденісі мол шығармашылық бағытта тәрбиелеу керек екендігін анықтап отыр.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз берілетін білім сапасын арттыруды жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде дәстүрлі технологияларды тиімді жаңа типті ақпараттық технологияларға алмастыру, оларды дамыту мен нақты түрде практикада жүзеге асыру шаралары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ι АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР  ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЗАМАНАУИ ОҚЫТУ  ӘДІСТЕМЕСІНДЕГІ  МАҢЫЗЫ

    1. Ақпараттық технологияның түсінігі мен сипаттамасы

 

Ақпараттық  технология (Информационная технология; information technology) – біріншіден, объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс. Екіншіден, ақпаратты өңдеу үшін пайдаланылатын технологиялық элементтердің, құрылғылардың немесе әдістердің жиынтығы.Ақпараттық технология(немесе көпшілікке IT атымен танымал ұғым) – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.

Бүгінгі күні әлемдік  ақпараттық білім кеңістігінің тиімді жолы - білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. Қазақстан Республикасының «Білім беру» Заңында білім беру жүйесін ақпараттандыру осы саладағы мемлекеттік саясат негізінде анықталып, осы жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып отыр. «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады.

Ел президентінің  Қазақстан халқына Жолдауында өткен  ғасырдың отызыншы жылдарында сауатсыздықпен күрес жүргізілгендей, компьютерлік сауаттану жөніндегі ауқымды іске азаматтарды тарту қажеттігі айтылған және мемлекеттік қызметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерді, интернетті және электрондық поштаны қолдана білу дағдысы міндетті талап болуға тиіс екендігі атап көрсетілген. Осыған байланысты XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.

Білім беруде ақпараттандыру процесі мұғалімнің дайындық деңгейі  мен мамандық сапасына үлкен талап  қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылық пен жұмыс жасауға мүмкіндік туғызады. Оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт.

Жаңа ақпараттық технологияны қолданып оқытуды ұйымдастыруда  кедергі келтіретін басқа да негізгі  факторларды атамай кетуге болмайды.

Білім беру үрдісін  ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды  пайдалану арқылы дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп жаңа типті  оқыту, әр оқушының қабілетін жан-жақты  дамыту үшін қолайлы жағдай туғызу, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.

Жаңа мыңжылдық -бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес. Ол өткенді таразылап, өмірдің  мәнін жаңаша түсі-нуге, болашақты  барынша дұрыс анақтайтын уақыт.

Үшінші мыңжылдық  кезеңінде қоғамның даму көрсеткіші ретінде ақпараттық қоғамға өту ісі ашылды да, ал оның ең анықтаушы рөлін ақпарат түсінігі атқарады.

Ақпарат стратегиялық қорға (ресурс) айналып, бұрынғыдай еңбек  пен табиғи қорлар құны негізге алынбай, бұдан білім құны ең негізгі байлық болып саналатын болады. Ақпараттық технология саласындағы қатарлы жетістіктерді пайдаланып, білімнің жаңа деңгейімен сапасына қол жеткізуге ұмтылатын педагогтық және ғылыми қауымдастықтардың түрлі елдерде қарқынды даму үстінде. Қазақстан Республикасы ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі-қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.

Қазіргі таңда  жаңа әлеуметтік жағынан қорғанған  адам-ол технология ауысуына және нарық  талабына сай терең білімді, жан-жақты адам. ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Ал бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Мектеп қабыр ғасынан теориялық біліммен қатар практикалық білімнің алғы шарттарын меңгеруі тиіс.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін ақпараттық технологияларды  пайда-ланудың маңызы зор. Ақпараттық технологияның негізгі мақсаты - оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай өзінің өмірлік іс әрекетінде дербес компьютердің құрал-дарын қажетті деңгейде пайдалана алатындай жан-жақты дара тұлға тәрбиелеу.

Ақпараттық  технология-information technology-біріншіден: обьектінің, процес-тің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинақтау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.

Екіншіден: ақпаратты  өңдеу үшін пайдаланатын технологияның, элемент-тердің, құрылғылардың немесе әдістердің жиынтығы.

Ақпаратты жеткізу  әдістері мен механизмдерін және оларды жазып, жинақты құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым.

Сонымен, ақпараттық технология ұғымы: өңделген, жинақталған  ақпаратты пайдаланушыға жинақталған түрде жеткізу әдістері, құрылғыларын, элементтерін қамтитын жиынтық. Яғни, ақпаратты бізге жинақты түрде жеткізу технологиясы болып табылады.

Мемлекеттік бағдарламада оқу үрдісіне педагогикалық және ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану-жалпы бі-лім беруді дамытудың басты бағыт-тарының бірі делінген.

Қазіргідей  әлемдік ғаламдану процесі кезінде  ақпараттар ағымынан адам баласы өзінің ұдайы дамып отыруына керекті  ақпаратты саралап, пайдалана білу-бүгінгі  уақыттағы басты мәселе. Осыдан кейін  туындайтын мәселелердің бірі-жастарға сапалы білім, саналы тәрбие орта мектепте, колледжде, жоғарғы оқу орындарында білім беру ісін оқытудың жаңа инновациялық әдістерімен толықтыру, оқытудың жаңа технологияларын іздестіру, оқушыны, студентті ақпаратты талдай білуге, ақпараттық технологияларды тиімді пайдалана білуге үйрету. Ақпараттық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін оқу және жазу қабілеті сияқты сапаларымен бір қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналады.

Қазіргі білім  жүйесінің ерекшеліктеріне–оның ілгерлігі, алдын алу сипаты және осыларға қол жеткізу мүмкіндіктерін дамыту ақпараттық - технологияларды қолданумен жүзеге асады.

Ақпараттық  технологияларды ғаламдастыру кезеңінде  қазіргі қоғам ақпаратты нақты  тұтынушының ұсыныстары мен қызығуына сай ақпарат ағымын қалып-тасытруға, ақпаратқа көлем және жылдамдық жағынан ақпарат көзіне, оның ішінде оқу ақпаратына назар аударуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін әлемдік ақпаратық орта жағдайында ақпаратты қоғамдық өнім ретінде белсенді пайдаланумен сипатталады. Бұл болашақ ұрпақты ақпараттық қоғаммен зиялы қатынасқа оқытып, тәрбиелеуге және ақпараттың мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасайды.

Әрбір елдің  технологиялық даму дәрежесіне оның экономикалық қуаты мен халқының тұрмыс деңгейі ғана емес, сан елдің әлемдік қоғамдастықта алатын орны, басқа елдермен экономикалық және саяси ықпалдасу мүмкіндіктері, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік мәселелерін шешуі де байланысты.

Сонымен қатар, әлдебір елде қазіргі технологияның  дамуы мен қодануының деңгейі оның материалдық базасының дамуымен ғана емес, негізінен қоғамды парасаттандыру деңгейімен, оның жаңа білімді туындату, игеру және қолдана білу қабілетімен де анықталады.

Жедел дамып  отырған ғылыми-техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын  ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. Ақпараттық технологиялардың дамуға және оның қарқынына экономикалық жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді.

Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқу үрдісінде жаңа технологиялық әдістермен қондырғыларды кең көлемді қолдануды қажет етеді.

Оқушы немесе студенттің ақпараттық технологияны пайдалану, оның кейбір элементтерінің жеке шығармашылық байланысымен сипатталады. Олардың бір-біріне деген әсерінде байқауға болады. Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақты электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптасытруға, шығар машылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Дәстүрлі оқулықты оның электрондық нұсқасына оңай айландыруға болады. Бұл нұсқаның жетістігі-оны компьютер жадында сақтау мүмкіндігі, оны компьютерлік желелер арқылы тарату болып табылады.

Қоғам өмiрiнде  ақпарат ерекше маңызды рөл атқаратыны бәрiмiзге белгiлi. Адам баласы жаратылғаннан  берi осылай болып келедi және бола бермекшi. Адам ақпаратты қабылдау, оны өңдеу  және басқаларға тарату қызметiн әрдайым атқарып отырады. Егер ерте замандарда бұл аңшылыққа, жер өңдеуге байланысты болса, бертiн келе ауыз әдебиетi дүниеге келiп, аңыздар, ертегiлер ұрпақтан-ұрпаққа берiлетiн болды. Кейiн жазу фольклордың орнын алып, ақпарат алмасу жеңiлдедi. Адамдардың ой-өрiсi, бiлiмi дамып, ақпарат олардың танымының ажырамас бiр бөлiгiне айналды.

Өркениеттiң  даму кезеңдерiнде бiрнеше ақпараттық төңкерiстер болып, адамзат жаңа белестерге көтерiлдi. Атап айтсақ, бұл жазудың, кiтап басудың (XVI ғ. ортасы), электр жарығының (XIX ғ. аяғы) және де микропроцессорлық технологияның (XX ғ. 2-шi жартысы) пайда болуына байланысты едi. Ал, микропроцессорлық технологияның арқасында компьютер, компьютерлiк желiлер және жүйелер жарыққа шықты. Ал, компьютердiң қазiр өмiрiмiзде қандай орын алып отырғанын бiлемiз.

Информация о работе Ақпараттық технологиялар