Ақпараттық технологиялар

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 13:03, реферат

Описание работы

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес.Ол үшін болашақ ұрпағын тәрбиелеу керек.
Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. Білім берудегі АКТ ұғымы оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары , қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары , компьютерлік оқыту технологиялары және т.б., тіркестермен тығыз байланысты.

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................3
Ι АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЗАМАНАУИ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНДЕГІ МАҢЫЗЫ.....................................................5
1.1 Ақпараттық технологияның түсінігі мен сипаттамасы...........................5
1.2 Оқу ақпаратын технология жағдайында меңгеру...................................14
ΙΙ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ...................................................................18
2.1 Оқытудың ақпараттық технологиясын білім беру жүйесінде қолдану..18
2.2 Жаңа ақпараттық технологиялармен оқыту технология түрлері........23
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ...........................................................32

Работа содержит 1 файл

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР РЕФЕРАТ.doc

— 235.50 Кб (Скачать)

Сол компьютер  негiзiнде қазiргi заманда электрондық  ақпарат, бағдарлама арқылы басқарылатын құрылғылар пайда болып көптеген үрдiстердiң жеңiлдеуiне мүмкiндiк  туғызды. Осылайша негiзi ақпараттық технологиялар болып табылатын үлкен бiр сала ақпараттық индустрия қалыптасты. Қазiргi замандағы ақпараттық технологиялар компьютерлiк техника мен коммуникация құралдарына иек артады. Осы бағыттың қарыштап дамуы ақпа-раттық қоғам деп аталатын ұғымды тудырды.

Жапон ғалымдарының айтуынша, ақпараттық қоғамдағы компьютерлендiру үрдiсi адамға ақпараттың сенiмдi көзiне ие болуға себiн тигiзедi, өндiрiс пен әлеуметтiк салада ақпаратты өңдеудi автоматтандырып жұмыстың анағұрлым жоғары дәрежеде орындалуын қамтамасыз етедi. Қоғамның қозғаушы күшi бұрынғыдай материалдық өнiм емес ақпараттық өнiм болуы керек. Неге десеңiз, алдыңғысы соңғысынан қымбат.

Тағы бiр айта кететiн мәселе, ақпараттық қоғамның өзiндiк ерекшелiгi - адамдардың 50 %-нан астамы ақпараттық қызмет саласына жұмылдырылады.

Бұл қоғамда тек өндiрiс қана өзгерiп қоймай, сонымен бiрге жалпы өмiрдiң сипаты мен құндылықтар жүйесi басқадай түрге енедi. Индустриялық қоғамда тауар өндiрiлiп, ол пайдаланылса, ақпараттық қоғамда адамның ақыл-ойы мен бiлiмi басты рөл ойнайды. Яғни, бұл дегенiңiз творчестволық қабiлетке, зердеге және оқып-бiлуге ынта мен қажеттiлiк жоғары деңгейде болады деген сөз. Осы қоғамның материалдық және технологиялық базасы болып компьютерлiк техника мен компьютерлiк желiлер, ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялық байланыс негiзiндегi түрлi жүйелер қалыптасады. Сонымен қатар, өзiндiк ақпараттық инфрақұрылым түзiледi. Оның негiзiнде озық электрондық техника көмегiмен кешендi түрде ақпарат өндiрiледi, өңделедi, сақталады және пайдаланылады.

Қазiргi заманда  барлық елдер саяси, экономикалық, әлеуметтiк және т.б. үрдiстердi дамытып әрi жеңiлдету үшiн жаңа технологияларды қолдана отырып, ақпараттық  қоғам жағдайына жетудiң тиiмдi деген жолдарын iздестiруде. Бұл мақсатқа жете алмаған елдер қай жағынан болсын артта қалған болып есептеледi.

Қоғамды ақпараттық жағынан жетiл-дiрудiң аяқ алысы  мен сипаты саяси қарым-қатынастарға тәуелдi болмақ. Ақпараттық технологияларды  қоғам өмiрiне енгiзудiң саяси тұрғыдан алғанда мынандай негiзгi үш тиiмдi жағы бар.

Бiрiншiсi. Ақпараттық қоғам жағдайында адамдардың мiнез-құлқы олардың таптық сана-сезiмiне емес, ой-пiкiрлер мен мүдделерiнiң әр-алуандығына (плюрализмге) байланысты болады. Бұл дегенiңiз, әрбiр адам дара тұлға ретiнде өзiнiң әйел ме әлде ер ме, мұсылман ба әлде христиан ба, не болмаса қандай да бiр ұлт өкiлi екендiгiн өзi анықтайды. Бiр сөзбен айтқанда, өзiн таптық саясат ықпалынан қашық ұстайтын болмайды.

Екiншiсi. Адамдардың партиялар мен партиялық топтарға бiрiгуi, топтасуы олардың әлеуметтiк-таптық тегiне тәуелдi болмайды. Бұл жерде жеке тұлға ұсынатын саяси бағдарлама рөл ойнайтын болады.

Үшiншiсi. Компьютер (Интернет арқылы) әрбiр адамға үкiметтiң iс-қимылын бақылауға мүмкiндiк  бередi.

Нелiктен ақпараттық қоғамда мұндай өзгерiстер болады. Қазiргi жаһандану заманында адамдар саяси мәселелерде бiртiндеп партияларға сенуден қалып барады. Партиядан гөрi олардың басшыларына, яғни адамдарға сенедi, оларға дауыс бередi. Осылайша ақпараттық қоғамда саясат таптық түрден символдық нысанға ауысады.

Қоғамды ақпараттандыру және ақпараттық технологияларды қолдану үрдiсiнде 1990-1991 ж.ж. пайда болған Интернет жүйесi World Wide Web (WWW немесе “Бүкiләлемдiк компьютер торы”) аса маңызды рөл атқаруда.

Батыста Интернет өте кең тараған. Мысалы, АҚШ-тағы жанұялардың 65%-ы үйде отырып осы  әлемдiк торды қолданады. Ал, ересек адамдардың 55% Интернеттi тұрақты қолданады. Ақпараттық қоғамды дамыту кезеңiнде өкiмет құрылымдарының жұмысы туралы ақпаратты ашық түрде көрсету маңызды. Сонымен қатар, бұл жағдайда адамдарға керектi ақпаратты алуға, сөйтiп саяси өмiрге белсене араласа отырып таңдау жасауына мүмкiндiк бередi.

Осы мәселеде де Интернеттiң атқаратын қызметi аса  зор. Мысалға, тағы да АҚШ-ты алсақ, оның үкiметiнiң жұмысын жария түрде  көрсетудегi тәжiрибесiн келтiруге болады. Халықты саяси ақпаратпен таныстырып отыру билiктегiлердiң беделiн көтерiп, ел сенiмiне кiрудiң тиiмдi бiр жолы. Керi байланыс жасау арқылы халықтан қосымша мәлiмет алуға әбден мүмкiн.

Халық пен мемлекеттiк  билiк неғұрлым бiр-бiрiнiң қызметi және қажет-тiлiгi жайында көбiрек бiлетiн болса, солғұрлым өзара сенiм жоғары деңгейде болады.

1990 жылдардың  аяғынан бастап Батыс мемлекеттердiң  кейбiрiнде Интернет қызметi сайлау  мәселелерiне де қатыс-тырыла  бастады. Сайлаушылар компьютер  жүйесi арқылы дауыс беру тәжiрибесi  болды. Оның аса тиiмдi немесе қолайсыз екенiн әзiрге ешкiм тап басып айта алмайды.

Интернет бұл  күнде саяси тех-нологияларда тек  ақпарат алмасу құралы ғана емес, сонымен  қатар, бәсекелестермен күресудiң  де оңтайлы әдiсiне айналуда. Осы  жолмен бiртiндеп үгiт-насихат жұмыстарын жүргiзудiң нәтижелерi Ресейде өз жемiсiн беруде.

Дегенмен, саяси  мәселеде немесе т.б. жағдайларда Интернеттiң  пайдалы жақта-рымен қатар зиянды тұстары да бар. АҚШ-та ақпараттың ашық түрде пайдаланылуы, оның iшiнде адамның  жеке басына қатысты жағдайлар алаңдаушылық туғызуда. Кейбiр азаматтық құқық және тұтынушыларды қорғау ұйымдары мұндай жағдайларды қатты сынға алуда. Көптеген саясат-танушылар мен сарапшылардың айтуынша, жеке ақпаратты қорғайтын заңдары бар Еуропада осы мәселе жақсы жолға қойылған.

Интернет пен саясаттың бiр-бiрiне арақатысы “аудиторияға”, яғни Интернеттi пайдаланушыларға көп байланысты. Интернеттегi саяси белсендiлiк ерекше аудиторияға бағытталған.

Осы Интернеттiң  бiздегi, Қазақстандағы, хал-ахуалы қандай дәрежеде?

Әрине Ресей  немесе дамыған Батыс елдерiмен салыстырғанда бiздiң елде Интернеттiң пайдаланушылары аз. Actis System Asia (www.actis.kz) компаниясының жүргiзген зерттеулерiне қарағанда, республика бойынша 118-140 мың адам шамасында Интернеттiң тұрақты қолда-нушылары бар. Ақпараттық техноло-гиялардың жылдам дамуының арқасында бұл мөлшер жылдан-жылға артуы сөзсiз. Бұл жерде бiзде ұйымдардың болсын, не болмаса жеке адамдардың болсын Интернет әлемiнде қандай орны (сайттары) бар?

Сайттар бойынша  анықтамалық рөлiн атқарып отырған  “Бүкiл Қазақстан” порталынынан (www.site.kz) көп мағлұмат алуға болады. Онда әр сала бойынша сайттар топтастырылған, сол себептi iздеу жүйесi жақсы жолға қойылған.

Әңгiменiң өзегi саясат болғандықтан осы бағыттағы  сайттардан бастасақ.

Мемлекеттiк  құрылымдар бойынша Президенттiң веб - сайтынан (www.president.kz) бастап, Үкiметте (www.government.kz), министрлiктердiң көпшiлiгiнiң Интернетте өз өкiлдiктерi бар. Сонымен бiрге елiмiздiң заң шығарушы органы Парламенттiң (www.parlam.kz), Жоғарғы соттың (www.supcourt.kz), Бас прокуратураның (www.procuror.kz), Орталық сайлау комиссиясы (www.election.kz) сияқты көптеген мемле-кеттiк органдардың әлемдiк компьютер торында сайттарының болуы ақпараттық технологияларды енгiзудiң мемлекеттiк тұрғыда бiрте-бiрте дұрыс жолға қойылып келе жатқандығын көрсетедi.

Ал, саяси партияларды  алып қарасақ, Аграрлық партияның (www.agrokaz.kz), “Ақ жол” демократиялық партиясының (www.dpkakzhol.kz), Азаматтық партияның (www.civicparty.kz) және “Отан” Респуб-ликалық саяси  партиясының (www.otan.nursat.kz) Интернет жүйесiндегi сайттары олардың қоғамдық-саяси өмiрдегi рөлдерiн арттыруға септiгiн тигiзуде. Бұл ретте жақында болып өткен мәслихаттар сайлауын алсақ та жеткiлiктi. Жоғарыда аталып өткен Орталық сайлау ко-миссиясының сайтынан бастап барлық партиялардың, көптеген бұқаралық ақпарат құ-ралдарының сайттары сайлау науқанына жаппай жұмылдырылды. Әрине әр сайттың өзiндiк ерекшелiгi, саяси ұстанымы бар. Саяси майданда олардың қайсысы қалай қолданылуда - ол өз алдына жеке әңгiме. Мүмкiндiгiмiзше келесi жолдан бастап мемлекеттiк органдардың болсын, қоғамдық ұйымдардың болсын немесе жеке сайттар болсын әрқайсысына тоқталып, жүйелi түрде таныстырып тұратын боламыз.

Жалпы алғанда, ақпараттық технологиялар қоғам өмiрiнiң ажырамас бiр бөлiгiне айналып келе жатыр. Оны игiлiгiмiзге қалай пайдалану өзiмiздiң қолымызда.

Ақпараттық  технология белгiлi бiр объектiнiң, үрдiстiң  немесе құбылыстың жай-жапсары туралы ақпарат алу үшiн мәлiмет жинаудың, өңдеудiң және тара-тудың құралдары  мен әдiстерiн пайдалану үрдiсi.

Ақпараттық қоғам - жұмыс iстейтiн адамдардың көпшiлiгi ақпаратты (оның ең жоғары түрi бiлiмдi) өндiрумен, өңдеумен және iске асырумен айналысатын қоғам.

Қоғамды ақпараттандыру ақпараттық қорларды дайындау және пайдалану негiзiнде жеке адамдардың немесе мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi басқару органдарының, ұйымдар мен қоғамдық бiрлестiктердiң ақпараттық қажеттiлiктерiн өтеуге әрi жүзеге асыруға қолайлы жағдайлар жасайтын әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық үрдiс.

Бүгінгі таңда  мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелерін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Бұған себеп оқыту процесінде туындайтын компьютерлендірудің педагогикалық психологиялық жаңа проблемалары әлі толық шешілмегені.

Білім беру жүйесін  ақпаратанндыру қазақстандық білім беру үшін үлкен перспективалар ашады. Соңғы жылдары компьютерлік, коммуникациялық техника мен технологиялардың қоғам өміріндлгі рөлі мен орнында түбегейлі өзгерістер болды. Ақпараттық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін оқу және жазу қабілеті сияқты сапалармен бір қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды. Алынған білім мен дағдылар бұдан әрі көптеген жағдайда қоғамның даму жолдарын анықтайды.

Ақпараттандырудың негізі бағыты XXI ғасырдың талаптарына  сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Осыған сәйкес қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне- оның іргелілігі, алдын алу сипаты және осыларға қол жеткізу мүмкіндіктері жатады. Білім беру жүйесін ақпаратандыру бағыттарының бірі ақпараттық технологияларды білім беру саласына енгізу жұмыстары болып табылады.

Ақпаратандыру және бұқаралық коммуникацияларды  ғаламдастыру кезе-ңінде қазіргі  қоғам ақпараты нақты тұтынушының  ұсыныстары мен қызығуына сай ақпарат ағынын қалыптасытруға, ақпаратқа көлем және жылдамдық жағынан шектеусіз қол жеткізуді, сондай-ақ кез келген қашықтықтағы ақпарат көзіне, оның ішінде оқу ақпаратына назар аударуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін әлемдік ақпараттық орта жағдайында ақпа-раты қоғамдық өнім ретінде белсенді пайдаланумен сипатталады. Бұл өскелең ұрпақты ақпаратық қоғаммен зиялы қарым-қатынасқа оқытып, тәрбиелеуге және ақпаратық мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасайды.

«Мультимедиа» термині латын тілінің «multy» (көп) және «media» (орта) сөздерінің бірігуінен құралған.

Мультимедиалық  жүйеге арналған оқулықтарды, ғылыми еңектерді  саралай келе мультимедиа терминіне  «ақпараттық орта» деген мағына беруге болады. Ал, «ақпараттық орта»  түсінігін белгілі бір ортада ақпараттық технологияларды пайдалану  арқылы ақпаратты ұсыну мен өңдеуге бағытталған арнайы ұйымдастырылған процесс деп қабылдауымызға болады.

Мультимедиа-компьютерлік графи-камен, суреттермен, қозғалыстағы бей-неқаптармен, анимациямен, мәтін  дермен, жоғары сапалы дыбыстармен жұмыс істеуді қаматамасыз ететін итерактивті жүйе.

Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының  оқыту үрдісіне жаңа технологиялық  әдістер мен қондырғыларды кең  көлемде қолдануды қажет етеді. Білім беру саласында электрондық  байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу интернет, электрондық пошта, теле-конференция, видео-конференция, телекоммуникациялық жүйелер арқылы іске асырылуда.

Заман ағымына  қарай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қодану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез-келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Дәстүрлі оқулықтың оның электрондық нұсқасына оңай айналдыруға болады.

Бұл нұсқаның жетістігі, оны компьютер жадында сақтау мүмкіндігі, оны компьютерлік желілер арқылы тарату болып табылады

Ақпараттық технологияларды пайда-ланудың ғылыми-педагогикалық, әдісте-мелік негіздері қалыптасу үстінде.

«Қазіргі таңда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стан-дартқа сай мүделі жаңа білім беру өте-мөте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Ақпараттық технология құралдары тек ғылыми зерттеулер мен әр түрлі әлеуметтік, экономикалық және саяси процестерді басқаруда ғана емес, білім жүйесінде де кең қолданыла бастады. Ақпараттық технологиямен компьютерлік желілерді пайдалану арқылы жүргізілетін оқытудың жаңа формаларының ауқымы кеңейіп келеді.

Ақпараттық технологияның қазіргі оқыту жүйесінде кеңінен пайдалану кезеңінде білім мәселелері негнізінде білікті мамандардан ақпараттық құралдар кешенінен, құжаттар, айналымынан, мәліметтер базасынан және басқа да ақпараттық қаматамасыз ету элемент-терінен тұратын біртұтас жүйе қажеттілігі туындайды. Осындай жүйе құру кезінде бір жағынан, уақыт барысында тұрақты өзгеріп отыратын объект екенін, екінші жағынан мұндай жүйе білім мекемесінің барлық түрлерін сүйемелдеуді қамтамасыз ете алатынын есепке алып отыру керек.

Ақпараттық технологияны білім жүйесінде пайдаланғанда, еспке алынатын ең негізгі фактор адам болуы тиіс. Жоғары білім жүйесіндегі (қазіргі кезеңдегі) оқыту процесіне ақпараттық технологияларды енгізу мынадай фактор-ларды есепке ала отырып жүргізіледі:

Информация о работе Ақпараттық технологиялар