Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

Дата добавления: 10 Января 2012 в 13:27
Автор: Пользователь скрыл имя
Тип работы: автореферат
Скачать полностью (74.67 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

НИЯЗОВ ТАЛҒАТ ЖАҚСЫБАЙҰЛЫ.docx

  —  78.17 Кб
 

НИЯЗОВ ТАЛҒАТ ЖАҚСЫБАЙҰЛЫ 

Кәсіпорындардың қаржылық ресурстарын басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмін жетілдіру

(ОҚО      өңдеу  кәсіпорындары мысалында) 
 

08.00.05- Экономика  және халық шаруашылығын басқару

(салалар  мен қызмет сфералары бойынша) 
 
 
 
 

Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін  алу үшін

дайындалған диссертация 
 
 

АВТОРЕФЕРАТЫ 
 
 
 
 
 

Қазақстан Республикасы

Түркістан, 2007

Жұмыс Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орындалған. 

Ғылыми  жетекшісі            экономика ғылымдарының докторы, профессор

                                             Джуманов Ә.М. 

Ресми оппонененттер        экономика ғылымдарының докторы, профессор    

                                              Сатова Р. К.  

                                              экономика ғылымдарының кандидаты

                                              Есимова Ш. А.  

Жетекші ұйым                     Т.Рыскұлов атындағы Қазақ

                                               экономикалық университеті 

               Қорғау 2007 жылы 21 желтоқсанда 14.00 сағаттта Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациялар қорғау жөніндегі Д 14.61.15 диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен жайы: 161200, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, Университет қалашығы. 
 
 
 

             Диссертациямен Қ.А.Ясауи атындағы  Халықаралық қазақ-түрік университетінің  кітапханасында танысуға болады. 
 

            Автореферат    «   »  қараша  2007 жылы таратылды. 
 
 
 

Диссертациялық  кеңестің

Ғалым хатшысы                                                                               А.М.Кокебаева 
 
 
 
 

Кіріспе 

    Ғылыми - зерттеу тақырыбының  өзектілігі.  Қазақстан Республикасы экономикалық салаларын дамытудың негізгі бағыттарын анықтай отырып, экономикалық дамудың концепциясы және модельдерін таңдады.  Экономиканың нарықтық қатынастарға өтуі кезінде кәсіпорындардың тәуелсіздігін, олардың экономикалық және құқықтық жауапкершіліктерін, шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығы мәнінің өзгерісін негізге алды.

    Нарықтық  экономика жағдайында мақта өңдеу  кәсіпорындарының қаржылық өмірінде күрделі  өзгерістер жүруде. Қаржы жұмыстарын ұйымдастырудың бұрынғы тәсілдері  жаңа тәсілдермен сәйкес келмеді, кәсіпорындардың  қаржылық қызметтерінің алдына жаңа талаптар қойыла бастады. Оның маңызды  себептерінің бірі экономиканың нақты  секторларындағы реформаның «тежелуі».

    Мақта өңдеу кәсіпорындары басшылары  мен менеджерлері алдында  қаржы  ресрстарын тиімді пайдалану мәселесіне көбірек көңіл бөліне бастады. Өйткені  кәсіпорындар қызметін жоспарлауға  алдын қолданылған көрсеткіштер мен процедуралардың, мысалы, өндірілген өнімнің көлемінің құнының өнімнің  өзіндік құнының жоғары болуы  салдарынан жеңісті бәсекелестікке әкелмейтіндігі анықталады  және   бәсекелестердің  пайда болуы  дәстүрлі пайданы алуға кедергі  келтіріп қана қоймайды, сонымен қатар  кей жағдайларда пайданы ең төменгі  деңгейге дейін жеткізеді.

      Кәсіпорында басқару жүйесін  жетілдіру, шығындарды төмендету,  қаржы ресурстарын тиімді пайдалануды  басқарудың қажеттілігін кәсіпорын  басшылары мен менеджерлері тез  түсінеді. Бұл жерде туындайтын  мәселе біреу ғана, ол осы шараларды  қалай жүзеге асыру жолдарын  қарастыруды талап ету, есептеу  жолдарын жетілдіру. Өнімнің өзіндік  құнын есептеу жолдарын жетілдіру,  қолда бар қорылар бар жағдайында  сатып алу көлемін қалай жоспарлау  керек, қандай процестерді жетілдіруге  ең алдымен қаражаттарды инвестициялау  керек және т.б.  осындай басты  мәселелерді шешу диссертациялық  жұмыстың негізгі өзекті мәселесі  болып отыр.

    Сонымен қатар, кәсіпорында әртүрлі деңгейдегі менеджерлерге нарықтың күшейген бәсекелестік жағдайында  басқарушылық шешімді  қабылдауға мүмкіндік беретін, қаржы  ресурстарын басқару жүйесін  жасаудың объективті қажеттілігі де бар. Мәселенің өзектілігі Қазақстанның жеке меншік иелігіндегі және өз қызметінің ерекше салалық, өндірістік және технологиялық  ерекшеліктеріне ие, мақта тазалау  өнеркәсібінің кәсіпорындары үшін оның жеткіліксіз жасалуымен күшейеді. Аталған жағдайлар диссертациялық зерттеу тақырыбы ретінде қаржы  ресурстарын басқаруды қалыптастырудың  экономикалық механизмін мақта тазалау  кәсіпорындарында ұйымдастыру, оның өзекті мәселелерін таңдауды анықтады.

    Диссертация тақырыбының зерттелу дәрежесі. Қаржы ресурстарын басқару жүйесіннің тәжірибесі кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыру  процесін талдауға мүмкіндік береді.  Қаржы ресурстары туралы ғылыми зерттеулер  ұзақ уақыт бойы жүргізіліп келеді.

    Осы мәселелерге төмендегі қаржы  ресурстары мен оны басқару мәселелеріне қазақстандық келесі ғалымдар өз еңбектерін арнаған:  Джуманов А.М., Жуйриков К,  Ильясов К.К., Касенов М.Р., Купешов  Ш.К.,  Мельников В.Д.,  Мырзалиев  Б.С., Сатыбалдин А.С, Сабден О.С., Отаров Э.К.,

Тажибаев С.Д. және т.б.

    Ресейдің  келесі экономист ғалымдарының еңбектері  де осы тақырыпты ашуға арналған: Большаков С.В, Балабанов И.Т, Докучаев М.В, Кочеткова А.И,  Моляков Д.С,  Родионова В.М., Сенчагов В.К, Стоянова Е.С, Уткин Э.А, Федотова М.А және т.б. Сонымен қатар ғылыми басылымдарда қаржы ресурстарының анықтамасы қаржы түсінігімен түсіндіріледі. Қаржыны басқару әлі де болса Кеңес Одағынан қалған тәсілдермен жүргізілуде, ал нарықтық экономика жағдайында қаржы ресурстарын басқаруға көп көңіл бөлу керек, өйткені қаржы ресурстарын басқарудың тиімді механизмін қалыптастырмай тұрып кәсіпорынның тиімді жұмысы туралы сөз қозғауға болмайды.

    Сондықтан да нарықтық экономика жағдайында қаржы  ресурстарын  басқаруды қалыптастырудың  экономикалық механизмін жетілдіру  арнайы кешенді зерттеуді талап  етеді.

    Зерттеудің  мақсаты мен міндеттері. Ғылыми зерттеу жұмыстың басты мақсаты - мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы ресурстарын басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмдері мен басқару тиімділігін кешенді зерттеу және оны басқарудағы негізгі мәселелерді анықтау мен бірқатар ұсыныстар жасау. Қойылған мақсатқа сәйкес ғылыми зерттеуге мына міндеттері қойылды:

  • кәсіпорынның қаржы ресурстарының теориялық аспектісін зерттеу және оның қаржылық қызметіндегі мағынасын анықтау;
  • шаруашылық субъектілерінің қаржы ресурстарын тиімді басқару арқылы жоғарғы пайданы алу мен рентабельділікті көтеру жолдарын нақтылау;
  • мақта өңдеу кәсіпорынның жоғарғы пайдалалылыққа жету құрылымын оңтайландыру және оның қаржылық тұрақтылығын көтеруді анықтау, инвестициялық-инновациялық қызығушылығын арттыруды зерттеу;
  • мақта өңдеу кәсіпорынның қаржы ресурстарын басқаруда тиімді саясатты қалыптастыруды жетілдіру және оны басқарудың тиімді механизмін дамыту;
  • қаржы ресурстарын және оларды пайдаланудың тиімділігін арттырудың жолдарын анықтау, ақша қаражаттары ағынын ұйымдастыруды жетілдіру;
  • мақта өңдеу кәсіпорындарында қаржысын жоспарлауды ұйымдастыруды жетілдіру;
  • қаржы ресурстарының айналымын көтерудің ішкі резервтерін анықтауда экономико -  математикалық тәсілді кеңінен қолдану.

    Зерттеу пәні болып мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржылық ресурстарын басқару есептелінеді.

    Зерттеу объектісі Оңтүстік Қазақстан облысы мақта өңдеу кәсіпорындары болып табылады.  .

    Зерттеуге ақпараттық базасы болып ҚР заңдары, ҚР Президентінің нұсқаулары мен қаулылары мақта тазалау кәсіпорындарында 2000-2006 жылдар аралығындағы бухгалтерлік есептілік, статистикалық және нақты мәліметтер  есептелінеді.

    Танымның  диалектикалық тәсілі, жүйелі талдау, экономикалық талдау теориясы, экономика  математикалық әдістер және т.б. зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі болды.  Жұмысты зерттеу процесінде бухгалтерлік есептің стандарттары, өнеркәсіп кәсіпорындарында есепке алу мен есептілікті ұйымдастырудың нормативті құжаттары, сонымен қатар бухгалтерлік есеп және талдау облысындағы шетелдік және отандық ғалымдар мен мамандардың ғылыми еңбектерінің нәтижелері, кезеңдік басылымдардағы мақалалар, заңды актілер  пайданылды.

    Қаржы ресурстарын  басқаруды талдау кезінде  көлденең тәсіл, тік тәсіл, коэффициенттер талдауы (салыстырмалы шамалардың), салыстырмалы талдау әдістері қолданылды.

    Қаржы ресурстарын  басқаруды талдау кезінде  көлденең тәсіл, тік тәсіл, коэффициенттер талдауы (салыстырмалы шамалардың), салыстырмалы талдау әдістері қолданылды.

    Диссертацияның  ғылыми жаңалығы мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржылық ресурстарын басқаруды қалыптастырудың мәселелерін кешенді, жүйелі зерттеу және оның экономикалық механизмін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша нұсқау беру.

    Ғылыми  зерттеу жұмыстың аса маңызды  жаңалығы төмендегіше:

  • кәсіпорынның қаржы ресурстарын басқарудың қалыптастырудың теориялық негіздері дамытылды;
  • нарықтық экономика жағдайында, бәсекелестік қабілеттілікті арттыруда, пайда алуды, рентабельділікті көтеруді ең жоғарғы деңгейге жеткізуде басты орынды алатын қаржылық ресурстарды басқаруды талдаудың методологиясы жетілдірілді;
  • мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржылық ресурстарын пайдаланудың қазіргі заманғы жүйесінің ішкі резервтері анықталды;
  • қаржы ресурстарын тиімді пайдалануға қатысты маңызды мәселелерді экономико -  математикалық тәсілмен шешуде «Оптималды түсу» тәсілі мақта өңдеу кәсіпорындарында алғашқы рет қолданылды.

    Диссертациялық  жұмыстың  тәжірибелік  маңыздылығы ондағы ұсыныстар мен нұсқаулардың төмендегі бағыттар бойынша қолданыла алатындығымен анықталады:

  • мақта өңдеу кәсіпорынның қаржы ресурстары бойынша ғылыми зерттеулерді одан әрі тереңдете отырып жалғастыру;
  • кәсіпорынның қаржы ресурстарын басқару процесінде ұсынылған механизмдерді пайдалану;
  • қаржы ресурстарын пайдаланудың тиімділігін анықтауда ұсынылған нұсқауларды пайдалану;

    Қорғауға  шығарылатын  диссертацияның негізгі тұстары    :

  • қаржы ресуртарын қалыптастырудың ішкі және сыртқы қайнар көздері;
  • мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы ресурстарын басқару саясатын қалыптастыру;
  • кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдалану тиімділігі;
  • мақта өңдеу кәсіпорындарында ақша ағынын ұйымдастыруды жетілдіру;
  • кәсіпорындарда қаржылық ресурстардың айналымын көтеру жолдарын жетілдіру жолдары;
  • мақта тазалау кәсіпорындарында активтерді болжау мәселелерін шешу барысында экономика математикалық тәсілдерді қолдану.
 

      Кіріспе бөлімінде зерттеу пәнінің ғылыми тақырыбының өзектілігі - қазіргі таңдағы  Қазақстандағы мақта өңдеу кәсіпорындарының заман талабына сай және бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына ену жолындағы, бәсекелестік нарыққа шығару мақсатында өнім өндіруде кездесетін қиыншылықтардың ең бастысы ретінде кәсіпорынның қаржылық ресурстарға қажеттілігі есептелетіндігінен және оны ғылыми түрде шешу керектігінен көрінеді. Осы орайда зерттеудің мақсаты мен міндеттері анықталады, олардың ішіндегі қаржы ресурстарын ұйымдастырудың экономикалық механизмдері мен басқару тиіміділігін зерттеу маңызды орынды алады. Зерттеудің объектісі ретінде кәсіпорынның қаржы ресурстары алынған. Осы зерттеуге ақпараттық базасы анықталады, зерттеу тәсілі ашылады.

    Бірінші бөлімде шетелдік және отандық әдебиеттердегі кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастырудың экономикалық мазмұны, мақсаты, тапсырмасы, принциптері ашылады да мақта тазалау кәсіпорындарының, олардың кәсіпорын қаржысын қалыптастыруға әсері, салалық, өндірістік, технологиялық ерекшеліктері негізінде зерттеледі.

    Екінші  бөлімде кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастырудың қайнар көздерін талдау, кәсіпорынның қаржы ресурстарын басқару саясатын ұйымдастыру, қаржы ресурстарын пайдалану тиімділігін бағалау сұрақтары зерттеледі және осының негізінде оларды жетілдірудің әдістемелік және ұйымдастырушылық принциптері ұсынылады.

Страницы:1234567следующая →
Описание работы
Ғылыми - зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы экономикалық салаларын дамытудың негізгі бағыттарын анықтай отырып, экономикалық дамудың концепциясы және модельдерін таңдады. Экономиканың нарықтық қатынастарға өтуі кезінде кәсіпорындардың тәуелсіздігін, олардың экономикалық және құқықтық жауапкершіліктерін, шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығы мәнінің өзгерісін негізге алды.
Содержание
содержание отсутствует