Курс лекций по страхованию

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Января 2012 в 14:26, курс лекций

Описание работы

Курс содержит 14 лекций по страхованию на казахском языке.
1 тақырып. Кіріспе...
Тақырып 14. Кәсіпкерлерлік тәуекелді сақтандыру .

Работа содержит 1 файл

лек страхование Жагипарова.docx

— 69.68 Кб (Скачать)

    - ҚР  екінші деңгейлі  банктердегі  заңды тұлғалардың  салымдарын  міндетті ұжымдық кепілдендіру  ережелері .

     Сақтандыру  қызметін мемлекеттік  реттеу. Сақтандыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттеріне мналар жатады:

-  ҚР  сақтандыру жүйесін қалыптастыру  және оның бірқалыпты қызмет  етуін қамтамасыз ету;

- сақтандыру  нарығын реттеу  және сақтандыру  қызметін қадағалау,

- сақтандыру  негіздерін  заңды түрде бекіту, міндетті сақтандыру түрлерін, ҚР  халықаралық сақтандыру жүйесіне  қатысу принциптерін анықтау;

- сақтанушылар  мен сақтандырушылардың құқықтары  мен заңды мүдделерін қорғау.

     Сақтандыру  саласындағы мемлекеттік саясаття жүзеге асыру өкілетті және басқа  да мемлекттік органдар  өздерінің  құзыретіне сәйкес жүзеге асырады.

     ҚР  заңнамалық актілерімен  қарастырылмаған  жағдайларда  мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғаларына  сақтандыру ұйымдарының қызметіне  араласуына тыйым салынады.

     ҚР  сақтандыру ұйымдарының қызметін қадағалауды  Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды  мемлекеттік реттеу және қадағалау  агенттігі  жүзеге асырады.

     Тақырып 6. ҚР-ның сақтандыру нарығының институционалды  құрылымы

     Қазақстандық  сақтандыру нарығының құрылымын  оның қатысушылары мен сақтандыру салалары танытады.

     Осы нарықтың қатысушыларының қызметі  ҚР Конституциясына, ҚР Азаматтық кодексіне, «Сақтандыру қызметі туралы»  Заңға және басқа ҚР нормативтік-құықтық  актілерге негізделген нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі.

     «Сақтандыру қызметі туралы» Заңға сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, сақтандыру агенті, сақтандырушы, сақтандырылушы, пайда  көруші, актуарий, өкілетті аудиторлық ұйым (өкілетті аудитор), өзара сақтандыру қоғамы, сақтандыруға байланысты кәсіпкерлік  қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар ҚР сақтандыру нарығының  қатысушылары болып табылады.

     ҚР  сақтандыру нарығында сақтандыру қатынастарының келесі қатысушыларын айқындайды:

     - сақтандыру қызметтеріне сұранысты  жасайтын сақтандырушылар;

     - осы сұранысты қанағаттандыратын  тікелей сақтандыру компаниялары (сақтандырушылар);

     - сақтандыру операциялары бойынша  шығындарды, тұтастай сақтандыру  нарығының қаржылық тұрақтылығын  таратуды қамтамасыз ететін қайта  сақтандыру компаниялары;

     - сақтандырушыдан сақтандырылушыға  сақтандыру қызметтерін көрсетуге  ықпал ететін сақтандыру делдалдары;

     - сақтандыру инфрақұрылымының ұйымы.

     Қаржы нарығы мен қаржы ұйымын реттеу және бақылау бойынша ҚР Агенттігі  сақтандырудың бақылауын жүзеге асыратын, өкілетті мемлекеттік орган  болып табылады. Оның сақтандыруды реттеу аясындағы негізгі міндеттері:

     - елде тұрақты сақтандыру жүйесін  құру мен алға бастыру және  ұлттық сақтандыру нарығының  инфрақұрылымын қалыптастыру;

     - сақтандыру нарығын реттеу және  сақтандыру қызметіне бақылау  жасау;

     - сақтандыру негізін заңмен бекіту, міндетті сақтандыру түрлерін, халықаралық  сақтандыру жүйесінде республиканың  қатысу қағидаларын белгілеу;

     - сақтандырушылар, сақтандырылғандар  мен табыс көрушілердің заңды  мүдделері мен құқықтарын қорғау.

     Агенттікке  заңнамалық актілерінде тікелей  қарастырылған жағдайлардан басқа, сақтандыру ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің қызметтеріне ҚР араласуға  тиым салынады.

     Сақтандырушы, сақтандыру агенттері мен брокерлері дамыған сақтандыру нарығының белсенді мүшелері бола алады.

     Әрбір мемлекеттің заңында брокерлік  қызметті лицензиялау процедурасы  жазылған, осы қызметтің тәртібі  мен шарттары, функциялары брокерлердің құқықтары мен міндеттері белгіленген.

     Қазақстанның  заңнамалық тәжірибесінде бірінші  рет актуарлық түсінік енгізілген. Актуарий – бұл сақтандыру (қайта  сақтандыру) ұйымдарының төлем жасай  алатын және қаржылық тұрақтылығын қажетті  деңгейде қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру келісім-шарт бойынша экономикалық-математикалық  есептер мөлшеріне байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға. Өзіне алынған  міндеттерін орындау кепілдігін қамтамасыз етуге жеткілікті деңгейде компанияның төлем жасау мүмкіндігін  қолдау бойынша ұсыным әзірлеу актуарияның  негізгі міндеті болып табылады.

     Актуарлық қызметті жүзеге асыру үшін ҚР Ұлттық банкі берген лицензиясы бар жеке тұлға актуарий болуға құқығы бар. Оны  алу үшін бір қатар шарттар  қажет. Актуарияның қызметі сақтандыруды қамтамасыз ету барысынның барлығын құрайтын монинторингті және сақтандырушылардың алдындағы міндеттерге қатысты  сақтандыру ұйымдары қорларының жеткіліктігін  мерзімді тексеруді қарастырады.

     Сондай-ақ аудитор немесе сақтандыру аудиті немесе тиісті өкілетті мемлекеттік органның негізінде қайта сақтандыру ұйымдары бойынша қызметті жүзеге асыратын аудиторлық ұйым сақтандыру нарығының кәсіби қатысушысы болып табылады. «Сақтандыру қызметі  туралы» Заңға сәйкес ҚР сақтандыру ұйымдары жылсайын өзінің қызметіне  аудит жүргізуге міндетті, ол бойынша  қорытынды, сонымен қатар көшірмесі  ҚР Ұлттық банкісіне ұсынылады. Міндетті сыртқы аудитпен қатар, сақтандыру компаниясының  құрылымында заң бойынша  қызметі  лицензиялауға жатпайтын ішкі аудит  қызметі болуы керек. Ішкі аудит  компанияның ішкі саясатымен айқындалады, мұнда өкілетті мемлекеттік органның талаптары ескеріледі.

     Сақтандырушылар бірлестігі ретіндегі өзара сақтандыру қоғамы – қазақстандық қаржы нарығында  жаңа қатысушы. Оның қызметі «Сақтандыру  қызметі туралы» Заңмен, ҚР Азаматтық  кодексінің «Өзара сақтандыру туралы» 845 бабымен реттеледі. Ол өзінің мүшелерінің  мүліктік және басқа мүліктік мүдделерін сақтандыруды іске асырады және саудалық емес ұйым болып табылады, оның қызмет істеу тәртібі сақтандыру (қайта  сақтандыру) ұйымдары үшін белгіленген  талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

     Сақтандыру  пулы – бұл белгілі тәуекелдерді бірігіп сақтандыруға арналған сақтандыру компанияларының бірлестігі. Оның қызметі  бірге сақтандыру қағидасына негізделген. Әрбір компания сақтандырылған тәуекелдерін пулға береді, пул жинағын жарналардың (сыйақылардың) белгілі үлесін алады  және сондай үлесте шығындарды қайтару  бойынша жауапты болады.

     «Қазақстан» сақтандыру пулы энергетикалық, инвестициялық  жауапкершілік және т.б. сияқты ірі  тәуекелдерді сақтандыруға арналған сақтандыру индустриясының дамуының басында құрылды. «Жилой фонд XXІ» пулы тұрған-жайлардың  меншік иесі болып табылатын азаматтарға  жылжымайтын мүліктің, басқа мүліктердің  бүлінуінен немесе жойылуынан және азаматтардың өздерін табиғи, техногендік құбылыстардан  болатын шығындарды кепілді төлеу  мақсатында құрылды.

     Сақтандыру  брокері мен сақтандыру агентінің  қызметі. 

      Сақтандыру  брокерінің қызметі қызметтің ерекше түрі болып табылады және өкілетті органда лицензиялауға жатады.

      Сақтандыру  брокерінің өкілеттілігі мен жауапкершілігі оның қатысуымен жасалатын сақтандыру (қайта сақтандыру) келісім-шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) келісім-шарты жағынан тиісті келісім-шарттарымен  айқындалады.

        Сақтандыру брокерінің жарғылық  капиталының минималды көлеміне  қойылатын талаптар мен оның  қызметінің басқа шарттары ҚР  заңнамасымен айқындалады.

      Сақтандыру  брокері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының төлеуге шамасы келмейтіндігі  туралы өзі анықтаған деректі  дереу  өкілетті органға хабарлауға міндетті.

      Сақтандыру  агентінің сақтандыру нарығындағы  делдалдық қызметті жүзеге асыру  өкілеттілігі сақтандыру ұйымының тиісти құжаттарымен айқындалады.

      Сақтандыру  агентінің өкілеттілігі болмаса, оның қызметіне тиым салынады.

      Сақтандыру  ұйымының өкілеттілігінен алынған  шекте сақтандыру агентінің атынан жасалған сақтандыру келісім-шарты  бойынша сақтандыру ұйымы қабылдаған міндеттер олар тікелей қабылдаған кезде сақтандыру ұйымы орындайды.

      Сақтандыру  агенті сақтауға міндетті, оның ішінде сақтандыру құжаттарының бланкілерін  есепке алу және сақтау мәселелері, қолдағы ақшаларымен жұмыс істеу  бойынша шарттар ҚР заңнамаларының талаптары ескерілген сақтандыру ұйымдарының  ішкі құжаттарымен белгіленеді.

Тақырып 7. Сақтандыру  компанияларының  қызметін  ұйымдастыру.

Сақтандыру  ұйыдарының ұйымдық – құқықтық формалары  мынадай:

-  меншік  құқығына қарай – жеке, акционерлік,  мемлекеттік

- Орындайтын  операцияларының сипатына қарай  – мамандандырылған (арнайы, жеке, мүліктік), әмбебап, қайта сақтандырушы

- Қызмет  көрсету аймағына қарай – жергілікті, аймақтық, ұлттық, халықаралық

- Жарғылық  капитал көлеміне қарай – шағын,орта,ірі.

   Меншік  құқығына орай акционерлік қоғам  ретінде құрылуы мүмкін. Онда бұл  қызмет акционерлік қоғам туралы заңға сәйкес реттеледі.

   Сақтандыру  ұйымын мемлекеттік болып табылған жағдайда  ол толығымен мемлекетке тиесілі болады.

   Өзара сақтандыру  қоғамы ретінде құрылса, бұл құрылтайшылардың  үлестеріне сәйкес қаражаттарды  орталықтандыру негізінде  сақтандыру қорын ұйымдастыру  формасы болып табылады.  Өзара  сақтандыру қоғамының қатысушысы әрі  сақтанушысы , әрі сақтандырушы ретінде  қызмет етеді. Ол өзінің мүшелерінің  мүліктері  мен мүліктік мүдделерін сақтандырады, бірақ жұмыс істеу  тәртібі  сақтандыру ұйымдары үшін белгіленген талаптарға сай жүргізілетін коммерциялық емес ұйым.

     Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы  міндетті түрде келесідей ұжымдық  органдар құрады:

- директорлар  кеңесі – басқару органы;

-  басқарма  – атқарушы орган;

- ревизиялық  комисся – бақылау органы

     Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру қызметінен  басқа  келесідей  қосымша қызмет түрлерін жүзеге асырады.

-  құзыретті  органның қабылдаған  нормативтік  – құқықтық актілеріне сәйкес  инвестициялық қызмет;

- жинақтаушы  сақтандыру келісімен қарастырылған  сомада сақтанушыларға несие  беру;

- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының   қызметін автоматтандыру  үшін  қолданылатын арнайы компьютерлік  бағдарламаларды сату;

- сақтандыру  және сақтандыру қызметі туралы  арнайы әдебиеттерді сату;

- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншігіндегі  мүлікті сату немесе  жалға  беру;

- сақтандыру  қызметімен байланысты сұрақтар  бойынша кеңес беру;

- сақтандыру (қайта сақтандыру) саласындағы мамандардың  біліктілігін көтеру мақсатында  оқу курстарын ұйымдастыру;

- сақтандыру  агенті ретінде делдалдық қызмет  көрсету;

- сақтандыру  саласында ғылыми – зерттеушілік  жұмыстар жүргізу.

     Қайта сақтандыру қызметі. ҚР территориясында  қайта сақтандыру  қызметі заң  жүзінде бекітілген тәртіп бойынша  жүзеге асырылады.

     «Жалпы  сақтандыру» саласы бойынша немесе «өмірді сақтандыру» саласы бойынша  лицензиясы бар сақтандыру ұйымы  қайта сақтандыру лицензиясынсыз өз лицензиясында көрсетілген кластар  бойынша қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқығы бар.

Информация о работе Курс лекций по страхованию