Клиент-сервер Автосалон теориясы

Дата добавления: 07 Декабря 2012 в 21:49
Автор: Пользователь скрыл имя
Тип работы: курсовая работа
Скачать полностью (296.01 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

теория11.docx

  —  347.99 Кб

Кіріспе

 

Қазіргі кезде адамзат дамуының ерекше артықшылығы - ақпараттық өркениетке көшу, адамдардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін арттыратын есептеуіш техника мен ақпараттық технологиялардың жедел дамуы болып табылады.

Бүгінгі таңда ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіне баса мән  бермейінше,  кез-келген әлеуметтік-экономикалық саланың алға басуы мүмкін емес.  Қазіргі  кезде  ЭЕМ-сы кең  тараған  кезде  құжаттарды  электронды  түрде өңдеу  маңызды  мәселелердің  бірі. Сондықтан, жазылып отырған курстық жұмыста ақпараттың  көлемінің уақыт өткен сайын үлкеюіне байланысты, мәліметтер қорының барлық пайдаланушылар үшін түсінікті, әрі жеңіл етіп құрылуы сияқты мәселелер ашып көрсетілген.

Курстық жұмыстың мақсаты: мәліметтер қорын құру есебін шешу мақсатында кафедрадағы экзамен нәтижелері туралы  мәліметтерді сақтайтын, оларға енуді ұйымдастыратын, оны басқаратын мәліметтер қорын құру.

Курстық жұмыс Delphi обьектілі-бағытталған тілінде жазылған және мәліметтер қорын басқару жүйесі ретінде Interbase қосымшасы қолданылады. Қазіргі уақытта Delphi корпоративтік пайдалану үшін қолданылатын мәліметтер қоры қосымшасын құруда бірден-бір кеңінен таралған құрылғы болып есептелінеді.

Курстық жұмыстың құндылығы: мәліметтерді енгізетін, өңдейтін, сұрыптайтын, берілген мәліметтер негізінде сұраныс жасай алатын  қолданушыға ыңғайлы интерфейсті программаны пайдалану.

Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыстың алғашқы тарауында мәліметтер қорына жалпы түсінік, оның  архитектурасы, кесте құрылымына сипаттама беріледі. Ғылымның әр саласының есептері программалау тілдерінің көмегімен шешіліп, күрделі құбылыстарды зерттеу мен болжау мүмкіндіктері жаңа деңгейге көтерілді. Курстық жұмыстың екінші тарауында қосымша құрылған  орта – программалау технологияларының негізгі бағыттарының бірі – Delphi   программалау ортасына шолу жасалады. Үшінші тарауда «Кафедра бойынша экзамен нәтижелері» мәліметтер қорын жобалайтын программалық жабдықтың сипаттамасы келтіріледі. Қосымшада автоматтандырылған жұмыс орындарының құрамы төмендегідей болады:

  • администратор   - деректерді өзгертіп, жаңа ақпарат енгізе алады, сонымен қатар программаны қайта құру мүмкіндігі бар;
  • қолданушылар – өздеріне керекті ақпаратты керекті түрде көрсетуді ұйымдастырады, ақпарат алады.

 

 

 

 

 

       1. МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ 

 

1.1  Мәліметтер қоры. Негізгі ұғымдар.

 

Ақпараттық технологияларда  мәліметтер қоры үлкен роль атқарады.

Мәліметтер қоры дегеніміз  – белгілі бір сипаттамасы (құрылымы) бар, өзара байланыса сақталатын ақпараттар жиынтығы. Алғашқы кезде, яғни, мәліметтер қоры түсінігі қалыптаса бастаған жылдары, бұл қорда тек қана мәліметтер сақталып жүрді. Бірақ бүгінгі күнгі мәліметтер қорын басқару жүйелері өз құрылымында тек қана мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар тұтынушылармен немесе басқа да программалық-ақпараттық кешендермен қарым-қатынас жүзеге асырылатын әдістерді де орналастыруға мүмкіндік береді. Осылайша біз қазіргі заманғы мәліметтер қорында тек қана мәліметтер ғана емес, сонымен бірге ақпарат та сақталатындығын айта аламыз.  Мәліметтер қоры түсінігімен мәліметтер қорын басқару жүйесі түсінігі тығыз байланысты. Бұл жаңа қордың құрылымын құру, оны мәліметтермен толтыру, мәліметтерді редактрлеу мен ақпараттарды визуалдау үшін арналған программалық жабдықтар кешені. Қордың ақпаратын визуалдау деп берілген критерийлерге байланысты көріністегі мәліметтерді іріктеуді, оларды тәртіптеуді, толықтыру және шығару құрылғысына беру немесе байланыс каналдары бойынша жіберуді түсінуге болады.

Мәліметтер қорларында келесі ұғымдар қолданылады:

өріс – нысанның белгілі бір қасиетін сипаттайтын  ең кіші ақпарат бірлігі;

домен – өрістің  қабылдайтын мәндерінің жиыны;

мәліметтер  қорының құрылымы – өрістердің жиынтығы;

жазба – нысанның бір элементі үшін өріс мәндерінің жиынтығы;

мәліметтер  қорының файлы – сипатталатын нысанның элементтеріне сәйкес келетін  жазбалар жиыны.

 Мәліметтер  қоры қатынастар деп аталатын  екі өлшемді кестелер түрінде  беруді ұйымдастырады және ұсынады.  Кестені қандай да бір жиын атрибуттары бар екі өлшемді кесте ретінде елестетуге болады. Кестенің аты идентификатор болады, ол арқылы оған сілтеме жүреді. Кестенің бағандары сол немесе басқа объектілердің характеристикаларына сәйкес келеді, яғни өрістерге сәйкес келеді. Әрбір өріс сақталған мәліметтердің аты мен типі арқылы сипатталады. Өрістің аты – идентификатор. Ол әр түрлі программадағы мәліметтерді манипуляциялау үшін қолданылады. Өрістің аты латын әрпімен жазылады. Өрістің типі мәліметтер өрісінде сақталғандардың типін сипаттайды. Ол жол, сан, үлкен тексттер, әр түрлі кескіндер болуы мүмкін.

Әрбір кестенің жолы берілген кестеде сипатталған объектілердің  біреуіне сәйкес келеді, оны жазба  деп атайды және оның құрамына берілген объектіні сипаттайтын барлық өрістердің мәні кіреді. Мәліметтер қорын құрған кезде информациялардың қарама –  қайшылықсыз болуын қамтамасыз ету  маңызды. Әдетте бұл әрбір жазбаның қайталанбауын қамтамасыз ететін кілттік  өрісті енгізумен іске асады. Кілттік өріс бір немесе бірнеше болуы мүмкін. Өрістердің мәнін қолданушы өзі енгізеді және ол мәліметтер қорында сақталады. Бұл өрістерден басқа кейбір жүйелерде есептелінетін өрістерді енгізуге болады. Мұндай өрістердің мәнін қолданушы енгізбейді, ол автоматты түрде басқа жазба өрістерінің мәні негізінде есептелінеді.

Кестемен жұмыс кезінде  қолданушы немесе программа курсормен  жазбалардың бойымен жылжитын сияқты. Әрбір уақыт мезгілінде ағымдағы жазба бар және онымен жұмыс жасалады. Мәліметтер қорын құратын және оларға сұрауды өңдейтін мәліметтер қорын  басқару жүйесі МҚБЖ. Дербес МҚБЖ бір  компьютерде орындалатын жеке мәліметтер қорын құруды қамтамасыз етеді. Жеке МҚБЖ – Paradox, dBase, Access, FoxPro.

Мәліметтер қоры – қоғамның қандай да бір саласындағы немесе оның бөліміндегі нақты объектілер туралы мәліметтер жиынтығы.

Комплекстік мәліметтер қорын  бірнеше әдістермен құруға болады:

  • Программалаудың алгоритмдік тілдері – Паскаль, Бейсик.
  • Программалау ортасының көмегімен – Visual Basic, Delphi.
  • Мәліметтер қорын басқару жүйесі деп аталатын арнайы программалық жабдық көмегімен – Access, FoxPro.

 

 

    1. Мәліметтер қорының модельдері

 

Мәліметтер қорына   ешқандай  мәліметтер  енгізілмеген  жағдайда  да  ол  мәліметтер  қоры  болып  қала  береді. Өйткені  онда  мәліметтер  болмаған  күннің  өзінде  де,  қандай да  бір  ақпарат  бар – бұл  мәліметтер  қорының  құрылымы. Ол  мәліметтерді  енгізудің  және  сақтаудың  әдістерін  анықтап   береді. Мәліметтер  қоры  көптеген  объектілерден  тұрады ,  бірақ  солардың  ең  негізгісі  кесте  болып  табылады. Ең  қарапайым  мәліметтер  қоры   бір  ғана  кестеден  тұрады. Сәйкесінше , ең  қарапайым  мәліметтер  қорының  құрылымы   сол  кестенің  құрылымымен  анықталады.

Біз  білеміз,  екі  өлшемді  кестенің  құрылымы  жолдар  мен  бағандардан  тұрады. Олардың  аналогы  ретінде  қарапайым  мәліметтер  қорында  өрістер  мен  жазбаларды  аламыз. Өрістердің  құрамы  мен  қасиеттерін  өзгерту  арқылы, мәліметтер  қорының  құрылымын  өзгертеміз.

Қорда сақталған мәліметтер анықталған логикалық құрылымда  болады, басқаша айтқанда мәліметтер қорын басқару жүйелерін қолдайтын  кейбір мәліметтердің берілуінің моделі (мәліметтердің моделі) сипатталады. Классикалық түрге келесі мәліметтер моделі жатады:

  • иерархиялық,
  • желілік,
  • реляциялық.

Мұнымен қатар, соңғы жылдары  келесі мәліметтер модельдері пайда  болды және практикаға белсенді түрде  ене бастады:

  • постреляциялық,
  • көпөлшемді,
  • объектіге-бағытталған.

Басқа мәліметтер моделіне негізделген, белгілі моделдерді кеңейтетін  барлық мүмкін болатын жүйелер жасалынуда. Бұлардың қатарына объектілі-реляциялық, дедуктивті–объектілі-бағытталған, семантикалық, концептуальдық және бағытталған моделдерді жатқызуға болады. Бұл модельдердің кейбірі мәліметтер қорын, білім  қорын және программалау тілдерін интеграциялау  үшін қызмет етеді.

Кейбір МҚБЖ бір уақытта  бірнеше моделдерді қолдай алады. Мысалы, ИНТЕРБАЗА жүйесінде қосымшалар үшін мәліметтерді манипуляциялауға желілік  тіл қолданылады, ал пайдаланушы  интерфейсінде SQL және QBE тілдері қолданылады.

Иерархиялық модель.

Иерархиялық модельде мәліметтер арасындағы байланысты реттелген граф (немесе тармақ) көмегімен сипаттауға болады. Иерархиялық моделде мәліметтердің  арасындағы байланыс төмендегі суретте  көрсетілген.

Қандай да бір программалау тілінде иерархиялық МҚ-ның құрылымын  сипаттауға мәліметттердің «тармақ» типі қолданылады.

Мәліметтердің «тармақ» типі ПЛ/1 және Си программалау тілдеріндегі «құрылым»-ға, және Паскаль тіліндегі  «жазу»-ға ұқсас. «Тармақ» типі құрама болып табылады.

«Тармақ» типі өзіне ішкі типтерді (ішкі тармақты) қамтиды, оладың өздері де өз кезегінде «тармақ» типті  болып табылады. Әрбір «тармақ» типтері  «түбірлік» типтен және реттелген бағыныңқы (бос болуы да мүмкін) типтерден  тұрады. «Тармақ» типіне кіретін элементарлық типтердің әрқайсысы қарапайым  немесе құрама «жазу» типі болып табылады.  Қарапайым жазу типі бір ғана типтен, ал құрама «жазу» типі қандай да бір типтердің жиынтығынан тұруы мүмкін.

Түбірлік тип дегеніміз ішкі типтері бар және өзі ішкі тип болып табылмайтын тип. Бағыныңқы тип (ішкі тип) аталық рольді атқаратын типке қатысты ұрпақ болып табылады. Бір типтің ұрпақтары бір-біріне қатысты егіздер болып есептеледі. Жалпы алғанда, «тармақ» типі иерархиялық ұйымдастырылған «жазу» типін береді.

Иерархиялық мәліметтер қоры «жазу» типті экземплярдан тұратын  «тармақ» типті мәліметтердің экземплярының  реттелген жиыны болып табылады. Типтердің арасындағы туыстық қатынас  жазулардың арасындағы қатынасқа ауысады. Жазулар өрісі мәліметтер қорының  негізгі мазмұнын құрайтын сандық немесе символдық мәндерді сақтайды. Иерархиялық  мәліметтер қорындағы барлық элементтерді тексеру әдетте жоғарыдан төмен  немесе солдан оңға қарай жүргізіледі.

Иерархиялық мәліметтер қорында  келтірілген терминологиядан басқа  да терминология қолданылуы мүмкін. Мысалы, IMS жүйесінде «жазу» ұғымын «сегмент», «МҚ-ның жазуы» ұғымын «тармақ» типінің бір экземплярына қатысты барлық жазулар жиынтығын түсінеміз.

Компьютер жадында иерархиялық  мәліметтердің физикалық орналасуын ұйымдастыру үшін төмендегідей әдістер  тобы қолданылады:

• жадының тізбектеле үлестірілуі  бойынша сызықтық тізіммен берілуі (адрестік арифметика, сол тізімдік құрылым),

• байланысқан сызықтық тізіммен берілуі (көрсеткіштер мен  анықтамалықтарды пайдаланатын әдіс).

Иерархиялық ұйымдастырылған  мәліметтерді манипуляциялаудың негізгі  операциялары:

• МҚ-ның көрсетілген  экземплярын іздеу;

• бір тармақтан басқа  тармаққа көшу;

• тармақ ішінде бір жазудан  басқа жазуға ауысу;

• көрсетілген орынға жаңа жазуды қою;

• ағымдағы жазуды өшіру  және т.б.

Иерархиялық қордағы  мәліметтер.

«Тармақ» типін анықтау  сәйкестілігінен ұрпақ пен аталық арасында автоматты түрде тұтастылық байланысын бақылау орындалатынын  тұжырымдауға болады. Тұтастылықты бақылаудың негізгі ережесі төмендегідей тұжырымдалады: ұрпақ аталықсыз болуы мүмкін емес, ал кейбір аталықтың ұрпағы болмауы  мүмкін. Тұтастылық байланысын сүйемелдеу механизмі әртүрлі тармақтағы жазулардың арасында болмайды.

Мәліметтердің иерархиялық  моделінің жетістігіне компьютер жадының тиімді пайдаланылуы мен мәліметтермен жасалатын негізгі операциялардың орындалу уақытының көрсеткіштері жатады.

Мәліметтердің иерархиялық  моделі иерархиялық реттелген ақпараттармен  жұмыс істеуге ыңғайлы болады.

Күрделі логикалық байланыстармен ақпаратты өңдеудің қиындығы иерархиялық  модельдің кемшілігі болып табылады.Мәліметтердің  иерархиялық моделіне МҚБЖ-ң салыстырмалы түрде шектеулі ғана саны негізделген, олардың ішінен шетелдік IMS, PC/Focus, Team-Up және Data Edge және Ресейлік Ока, МИРИС  және ИНЭС жатқызуға болады.

Желілік модель.

Мәліметтердің желілік моделінде  элементтерінің әртүрлі өзара байланысын еркін бұтақ түрінде бейнелеуге болады, сонымен бірге мәліметтердің  иерархиялық моделін жалпылайды. Желілік МҚ-ң тұжырымдамасы алғаш  рет толық КОДАСИЛ тобының  ұсыныстарында баяндалған.

Желілік мәліметтер қорының  схемасын сипаттау үшін типтердің екі  тобы қолданылады: «жазу» және «байланыс». «Байланыс» типі келесі екі «жазу» типі үшін анықталады: ұрпақ және аталық. «Байланыс» типі айнымалысы байланыс экземпрляры болып табылады. Желілік  мәліметтер қоры жазулар жиынтығынан  және жиындардың сәйкес байланыстарынан  тұрады. Байланысты қалыптастыру үшін ерекше шектеулер қажет емес. Егер иерархиялық құрылымда жазу-ұрпақтың тек бір ғана жазу-аталығы болса, мәліметтердің желілік моделінде жазу-ұрпақтың жазу-аталықтар саны еркін алынады (өгей аталық Желілік типті қордағы мәліметтердің физикалық орналасуы, иерархиялық МҚ-дағыдай әдіспен ұйымдастырылуы мүмкін.

Страницы:123456следующая →
Описание работы
Қазіргі кезде адамзат дамуының ерекше артықшылығы - ақпараттық өркениетке көшу, адамдардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін арттыратын есептеуіш техника мен ақпараттық технологиялардың жедел дамуы болып табылады.
Бүгінгі таңда ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіне баса мән бермейінше, кез-келген әлеуметтік-экономикалық саланың алға басуы мүмкін емес. Қазіргі кезде ЭЕМ-сы кең тараған кезде құжаттарды электронды түрде өңдеу маңызды мәселелердің бірі. Сондықтан, жазылып отырған курстық жұмыста ақпараттың көлемінің уақыт өткен сайын үлкеюіне байланысты, мәліметтер қорының барлық пайдаланушылар үшін түсінікті, әрі жеңіл етіп құрылуы сияқты мәселелер ашып көрсетілген.
Содержание
содержание отсутствует