Клиент-сервер Автосалон теориясы

Дата добавления: 07 Декабря 2012 в 21:49
Автор: Пользователь скрыл имя
Тип работы: курсовая работа
Скачать полностью (296.01 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

теория11.docx

  —  347.99 Кб

Сонымен қатар, реляциялық МҚБЖ каталог қызметінде атқарады. Каталогта  МҚ құралған барлық объектілердің –  кестелер, индекстер, триггер және т.б. сипаттамалары сақталады. Бұл бүкіл  жүйенің дұрыс жұмыс істеуіне өте қажет, себебі оптимизатор өз жұмысында каталогта сақталынатын ақпаратты пайдаланады. Каталогтың өзі де кестелер жиынтығы болып табылады, сондықтан МҚБЖ ерекше әдістер мен  тәсілдерге сүйенбей-ақ, дәстүрлі құралдарды пайдалана алады.

Домендер мен  қатынастар.

Негізгі анықтамалар: домендер, қатынастар түрлері, предикаттар.

Қатынастардың бірқатар негізгі  қасиеттері бар, оларды атап өтсек:

• жалпы жағдайда қатынаста  екі бірдей кортеж болмайды. Бұл  қатынастың анықтамасының өзінен шығады, алайда кейбір МҚБЖ үшін кейбір жағдайларда  бұл қасиетті сақтамайды. Шындығында, қатынаста алғашқы кілт болғандықта, бірдей кортеждердің болуы мүмкін емес;

• Кортеждер жоғарыдан  төменге реттелмеген – қатынаста  позициялық номер  ұғымы жоққа  тән. Қатынаста ақпаратты жоғалтпай  кортеждерді нәтижелі түрде кез  келген ретпен орналастыруға болады;

• атрибуттар солдан оңға қарай  реттелмеген – қатынас тақырыптарындағы атрибуттарды кез келген ретпен орналастыруға  болады, бұл жағдайда мәліметтер қорының  тұтастығы бұзылмайды. Сондықтан  атрибутқа қатысты позициялық номер  ұғымы да жоқ;

• атрибуттар мәндері логикалық  бөлінбейтін бірліктерден тұрады, бұл  қасиет - мәндердің доменнен алынуының  салдары болып табылады. Басқаша  айтқанда, қатынастар қайталаулар топтарын қамтымайды, яғни  нормалданған болып  табылады.

Қатынастар.

Реляциялық жүйелерде  қатынастардың бірнеше түрі бар.

Аталынды – МҚБЖ жасау  операторлары арқылы анықталатын айнымалы қатынасты береді және пайдаланушы  үшін ақпаратты ыңғайлы түрде  бейнелеуге қажет болып табылады.

Негізгі қатынас – МҚ-ның  тікелей маңызды бөлігі болып  табылады, сондықтан жобалау кезінде  оларға меншікті атау береді.

Туындаушы қатынас - МҚБЖ құралдарын пайдалану арқылы басқа қатынастар көмегімен анықталатын қатынастар.

Бейнелеу – аталынды туындаушы  қатынас болып табылады, оған қоса бейнелеу МҚБЖ аталынды қатынастарға қолданылған операторлары көмегімен  ғана өрнектеледі, сондықтан олар МҚ –да физикалық түрде жоқ деуге  болады.

Сұраныс нәтижесі – бұл  мәліметтерді – нақты сұраныс  нәтижесін қамтитын аталымды туындаушы  қатынас. МҚ сұраныс нәтижесі сақталмайды, тек пайдаланушыға қажет болған уақытта ғана бар болады.

Сақталынатын қатынас - компьютер жадында физикалық қалыптасатын қатынас. Сақталынатын қатынастарға көпшілік жағдайда негіздік қатынастар жатады.

Жоғарыда айтылғандарға  сүйене отырып, реляциялық МҚ өз ара  байланысқан қатынастар жиынтығы деп  қарастыруға болады.

Бұл жағдайда байланыс дегеніміз  – екі немесе бірнеше қатынастардың  ассоцациясы. Қатынастар арасында байланыстары жоқ МҚ өте қарапайым құрылымды  болады және толық мәнде реляциялық деп аталынбайды. Реляциялық МҚ- ұйымдастыруға  қатысатын негізгі талаптардың  бірі – бір кортежді басқалардың  мәні бойынша іздеу мүмкіндігін  қамтамасыз ету, ол үшін олардың арасында байланысты орнату керек. Ал нақты ақпараттық жүйелерде көбінесе мыңдаған кортеждер  болатындықтан, теория жүзінде олардың  арасында миллионнан аса байланыс орнатылуы  мүмкін. Байланыстардың осыншама көптігі  МҚ- ң реляциялық моделінің күрделілігін анықтайды. Байланыстардың төмендегідей негізгі түрлері бар:

• бірден бірге;

• бірден көпке;

• көптен бірге;

• көптен көпке.

        Мәліметтер  қорымен  жұмыс  істеу   режимі 

Әдетте  мәліметтер  қорымен  жұмыс  істейтіндерді   екі  категорияға  бөлуге  болады:

  • 1-категориясы – жобалаушылар.  Олардың міндеті тапсырыс  берушінің мақсатына сай мәліметтер  қорының кестелерінің  құрылымын анықтап   беру.   Жобалаушы  мәліметтер   қорын  нақты  мәліметтермен  толтырмайды.
  • 2-категориядағы мәліметтер  қорымен жұмыс атқарушылар –                           қолданушылар.  Олар   жобалаушы құрған  дайын  мәліметтер  қорын  толтырумен  айналысады.

Осыған   сәйкес  мәліметтер  қорымен  жұмыс  істеудің  екі  режимі  бар: біріншісі  мәліметтер  қорын  құрып,  оның  құрылымын  өзгертіп,  оның  объектілерін  құруға  арналған  болса ,  екіншісі  дайын  мәліметтер  қорын  пайдалануға  арналған.

2. Қосымша құрылған орта туралы

2.1 Delphi объектілі - бағытталған программалау ортасы

 

Delphi 6 Windows операциялық жүйесінің  басқаруымен жұмыс істейді. Delphi 6 ерекшелігі: көптеген Delphi 6-да құрылған  программалар негізінен өндіріс   және бизнес есептерін шешуге  бағытталған. Бұл мәліметтер қорымен  және есеп беру жұмыстары басты  шешілу керек есептер  болып  табылады.

Программалардың сәйкестендірілуі үлкен роль атқарылады. Бұл аппаратпен қамтамасыздандырумен байланысты (HardWare) жекелеген жағдайда мобильді компьютерлерді тарату кең ауқым алуымен байланысты. Дыбыс, сурет, тексттік және цифрлық типтермен берілген информацияларды беру және оқыту, алу үшін арналған техникалық жабдықтардың әрі қарай дамуы.

Жоғарыда айтылғандай бизнеспен  және өндіріспен тығыз байланысты болғандықтан қолданушылар Delphi 6-дан өздерінің  есептерін шешу үшін идеал көмекші  құрал тапты. Delphi 6-дің Visual Basic және C++ сияқты қолданушы интерфейсі бар. Қазіргі  кезде көптеген фирмалар өз программа  интерфейсінің стандарты  ретінде  қабылдады. Қолданушы интерфейсі визуалды құрылатын болғандықтан Delphi ортасында  программалауды тез программа құру ортасы делінеді.

Құрудың графикалық ортасынан басқа  аспектісі ол - көмекші жүйесінінің  күштілігі.

Delphi 6-да басқа да қазіргі программалау  ортасы сияқты объектілі бағытталған  программаларға негізделген. Программа  құру барысында дайын компоненттерді, олардың қасиетін, әдістерін және  алдын-ала анықталған оқиғаларды  пайдалану арқылы аз ғана  программа  кодымен айналып өтуге болады. Программа құрушыға бұл өзінің  программасының қолданушы интерфейсін  құру барысында көп уақыт үнемдеуді  білдіреді.

Есеп беру генераторын және мәліметтер қорын қолданатын бизнес-программаларды құру Delphi 6-да өте жоғарғы дәрежеде орындайды. Borland фирмасы өткен жылдар бойы жиналған барлық технологиялық  білімін пайдаланды. Delphi 6-да BDE көмегімен DBASE-. PARADOX-. ACCES- және ASSCI  мәліметтер қоры кестелерімен тікелей байланыса  алады.BORLAND SQL LINKS FOR WINDOWS драйвері SQL-серверімен жұмыс істеуге арналған ORACLE. SYBASE. INFORMIX. INTERBASENT және DB2 көбінесе тестілеу үшін қолданылатын СУБД INTERBASE берілген. Басқа формадағы мәліметтер қорымен  байланыс орнату үшін ODDBC-драйверін  пайдалану керек. Сонымен Delphi арқылы кез-келген масштабтағы клиент-сервер типіндегі программалар құруға болады.

Delphi 6-да есеп беру үшін TQuickreport интегралданған компонеттері бар. Delphi 6-ның аппараттық құрылымына  программа құру үшін програмистке  ассемблер беріледі. Осының нәтижесінде Intel-Assembler коды Object Pascal программа кодына көше алады.

Delphi 6 қолданушыға өте ыңғайлы,  тез программа құруға мүмкіндік  береді. Бұл ортаның құрал-саймандары  өте көп және керек кезінде  актив элемент үшін F1 пернесін  басу арқылы көмек алуға болады.

Delphi 6 ортасын жүктегеннен кейін  экранда интегралданған программаланған  ортасының терезесі пайда болады: негізгі терезе, проектілеу ортасы  код редакторы және объектілер  инспекторы.     

Экранның жоғарғы бөлігінде  негізгі терезе орналасады. Онда құрал-саймандар  тақтасы (Standard. View. Debug және Custom) және компоненттер палитрасы орналасады. Негізгі терезе Delphi 6 ортасы жабылмайынша ашық тұрады. Негізгі терезені жабу арқылы Delphi 6 -ны жабамыз.

Тақырыбында қазіргі ашулы тұрған проектінің аты тұрады. Проекті орындалу немесе проектілеу режимінде ашық тұруы мүмкін. Проект орындалу режимінде ашық тұрса онда [Running] сөзі қосылып жазылады.

Мәзір жолағы программаны басқарудағы, тестілеуге және құруға керекті командалардан тұрады.

Құрал-саймандар тақтасындағы кнопкілер мәзірдегі белгілі бір командаға сәйкес келеді. Мысалы File менюіндегі Open командасын таңдасақ та немесе Standard құрал-саймандар тақтасынан Open кнопкасын бассақ та бір нәтижеге әкеледі.Құрал - саймандар тақтасындағы пернелер көмекші түсіндірмелермен (подсказка) жабдықталған.Егер тышқан курсорын перне қасына жақындатсақ онда көмекші түсіндірме шығады. Қолданушы құрал саймандар тақтасының орналасуын, көрініп немесе көрінбей тұруын Customize диалогтық терезесі арқылы өз қалауынша өзгерте алады және оларды тышқан курсоры арқылы жылжытуына болады. Customize терезесіндегі құрал-саймандар тақтасының үлгісінен тышқанның оң жақ пернесін басу арқылы шақырылады.

Компоненттер палитрасындағы компоненттер арқылы программа құрылады. Компоненттер Delphi программасының негізгі элементтері болып табылады. Олар арқылы қолданбалы программаның қолданушы интерфейсін құруға көмек береді. Ең бірінші Delphi-ді жүктегенде Standard палитрасы ашық тұрады. Қолданушы өз қалауынша, компонеттер палитрасының орналасуын реттеуге болады. Осы өзгерістердің барлығын Palette Properties терезесінде жүзеге асырылады. Бұл терезені 2 жолмен шақыруға болады.

Палитраның кез-келген жерінен  тышқанның оң жақ пернесін басып  Properties мәзірін таңдау.

Component мәзіріндегі Configure Palette командасын таңдау арқылы.

Кез-келген Windows программасының негізгі терезесі болады.. Delphi кез-келген программаға автоматты түрде басты терезе тағайындайды. Программа құру жаңа проекті құрудан басталады. Кез-келген жаңа проекті үшін IDE автоматты түрде проектілеу форма терезесін көрсетеді, ол болашақ проектінің басты терезесі болады және оған form1 деп ат беріледі.

Басты терезе дегеніміз ол- программаны  орындауға жібергеннен кейін  қолданушының алғашқы көретін формасын айтамыз және бұл форманы жапса  онда түгелдей проектіні жабамыз. Проекті  бірнеше формадан тұра алады. Программаның басты терезесін орнату үшін Project Options диалогтық терезесін шақырамыз.  

Delphi –дің басқа аналогтық программалық өнімдермен салыстырғандағы артықшылықтары:

а) Қосымшаны өндеу жылдамдығы;

ә) Жасалған  қосымшаның  өнімділігінің   жоғарылығы;

б) Жасалған   қосымшаның  компьютер  ресурстарына төмен қажеттіліктерін  талап етуі;

в) Delphi ортасына жаңа компоненттер мен  құрылғыларды қосу арқылы қосымшаның жұмысын арттыру;

г) Delphi-дің жеке құралдарымен жаңа компонент  пен инструмент құрудың  мүмкіншілігі;

Delphi өнімнің негізгі  сипаттамалары.

Delphi – бұл бірнеше маңызды технологиялардың комбинациясы:

а) машина кодына аударатын жоғары өнімді компилятор;

ә) объекті-бағытталған модель компонент;

б) программалық прототиптерден визуальді (сонымен қатар жылдам)          қосымшаларды құру;

 в) мәліметтер қорын құру  үшін арналған масштабталатын  құралдар;

Delphi ортасы көп терезелі  жүйе тәрізді. Оны жүктеу үшін:

Пуск/Программы/Borland delphi/Delphi командасын қолданамыз. Жүктелгеннен кейін экранда 4 терезе пайда болады.

 

                            

                                          2.1 – сурет Негізгі терезе

 

Бұл Delphi ортасының негізгі терезесі болып бірінші жолда мәзір орналасқан болып және саймандар тақтасы бар: Стандарт, Вид, Откладка, Палитра пользователя, панель компонентов, жұмыс аумағы.

Delphi  ортасының  басқа мүмкіндіктері.

Жоғарғы деңгейлі программалау процедуралық, логикалық және объектілі  – бағдарлы болып үш түрге бөлінеді. Соңғы кездерде Windows ортасында жарыққа  шыққан және объектілі-бағдарлы программалау (ОБП) негізінде құрылған программалау тілдері – Object Pascal, Microsoft Visual Basic, Borland Delphi т.б.

ОБП тілінде программаның жұмысы оқиғалар тізбегінен және түрлі  объектілердің осы оқиғаларға жауабынан  тұрады. Delphi программалау тілі – кез  келген қосымшаны дайындауға болатын  қосымшасы тез, қуатты тіл.

Delphi - дің бірінші нұсқасы  1994 жылы жарыққы шығып, кейінгі  жылдары оның бірте-бірте кеңейтілген  2, 3, 4, 5, 6 - нұсқалары жарық көрді.

Delphi - дің негізгі ерекшелігі- онда қосымша құруға компоненттік  және объектілік тәсілдер пайдаланылады.  Компоненттік тәсілдің мәнісі  жеңіл: әр қосымша арнайы іс-әрекеттерді  орындайтын компоненттерден жинақталады.  Ол жеткіліксіз болса, объектіні  өңдеуге арналған үстеме программа  құрылады. Компоненттер визуалды  компоненттер кітапханасында (VCL-Visual Component Library) жинақталған. Компоненттер  панелінде түрлі кластарға тиісті  стандартты компоненттер өте  көп. Пайдаланушы жаңа компонент  пайдаланып, оны осы панелге қосуына  да болады.

Delphi - де программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедиа процестерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа  офистік қосымшаларды шақыру, олармен  жұмыс істеу және т.б. іс -әрекеттерді  орындауға болады. Көптеген операторлардың  жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты. Бірақ мұнда программалауды үйрену  үшін объект, оқиға, қасиет, әдіс, класс ұғымдарымен еркін танысып,  компоненттерді пайдалану және  түрлі командалардың жазылу түрлерін  білу қажет.

Описание работы
Қазіргі кезде адамзат дамуының ерекше артықшылығы - ақпараттық өркениетке көшу, адамдардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін арттыратын есептеуіш техника мен ақпараттық технологиялардың жедел дамуы болып табылады.
Бүгінгі таңда ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіне баса мән бермейінше, кез-келген әлеуметтік-экономикалық саланың алға басуы мүмкін емес. Қазіргі кезде ЭЕМ-сы кең тараған кезде құжаттарды электронды түрде өңдеу маңызды мәселелердің бірі. Сондықтан, жазылып отырған курстық жұмыста ақпараттың көлемінің уақыт өткен сайын үлкеюіне байланысты, мәліметтер қорының барлық пайдаланушылар үшін түсінікті, әрі жеңіл етіп құрылуы сияқты мәселелер ашып көрсетілген.
Содержание
содержание отсутствует