XIX ғасыр Қазақстанның мәдени өміріндегі ағартушылық ғасыр

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 21:15, реферат

Описание работы

Қазақстан Орыс географиялық қоғамы бөлімшелерінің зерттеу обьектісіне айналды, мұнда мәдени-ағарту мекемелері мен статистикалық комитеттер жұмыс істеді; өлкетану мұражайлары ашылып, ертедегі ескерткіштер, халықтың ауызша шығармашылығы және құқықтық заңдар, соның ішінде қазақтардың дағдылы құқығы зерделенді; орыс-қазақ мектептері мен кітапханалар ашылды. Қазақтар өз балаларына білім беруге ұмтылды, әрине, бұған бірінші кезекте халықтың ауқатты бөлігі ұмтылыс жасап, балаларын кадет корпустары бар Омбы мен Орынборға жіберу үшін мүмкіндік іздестірді. Білім алуға деген жаппай ұмтылыс пен ықылас жағдайында Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин бастаған қазақ ағартушыларының тобы қалыптасты.

Содержание

1. КІРІСПЕ 2
2. Ш.Уәлихановтың, Ы.Алтынсариннің, А.Құнанбаевтың ағартушылық қызметі 3
3. Қолданылған әдебиеттер: 17

Работа содержит 1 файл

history_ref_118.doc

— 132.00 Кб (Скачать)

 ЖОСПАР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

XIX ғасыр Қазақстанның мәдени өміріндегі ағартушылық ғасыр деп аталады. Дүниежүзілік өркениеттін қуатты ықпалымен Ресей қосып алған шығыстағы жерлерге терең мүдделілік танылды. Қазақстанға ғалымдар, географтар мен саяхатшылар, шығыстанушылар келіп жатты; Қазақстан материалдары бойынша тарихшылар жұмыс істеді. П.П.Семенов-Тян-Шанский, Н.А.Северцов, И.В.Мушкетов, В.В.Радлов және басқалар өз зерттеулерімен отандық ғылымның өркендеуіне зор үлес қосты. Білім мен мәдениеттің дамуына алдыңғы қатарлы орыс зиялылары үлкен ықпал жасады. 1847-1857 жылдарда украин ақыны Т.Г.Шевченко Қазақстанда айдауда болды. Қазақстан Орыс географиялық қоғамы бөлімшелерінің зерттеу обьектісіне айналды, мұнда мәдени-ағарту мекемелері мен статистикалық комитеттер жұмыс істеді; өлкетану мұражайлары ашылып, ертедегі ескерткіштер, халықтың ауызша шығармашылығы және құқықтық заңдар, соның ішінде қазақтардың дағдылы құқығы зерделенді; орыс-қазақ мектептері мен кітапханалар ашылды. Қазақтар өз балаларына білім беруге ұмтылды, әрине, бұған бірінші кезекте халықтың ауқатты бөлігі ұмтылыс жасап, балаларын кадет корпустары бар Омбы мен Орынборға жіберу үшін мүмкіндік іздестірді. Білім алуға деген жаппай ұмтылыс пен ықылас жағдайында Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин бастаған қазақ ағартушыларының тобы қалыптасты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ш.Уәлихановтың, Ы.Алтынсариннің, А.Құнанбаевтың ағартушылық қызметі

 

Шоқан Уәлиханов (18351865). Аса көрнекті ағартушы, ғалым  және зерттеуші Ш.Уәлиханов Құсмұрын бекінісінде туған. 12 жасына дейін  Шоқан Құсмұрындағы жеке меншік мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Ол мұнда шығыс поэзиясын оқумен шұғылданды, оған сүйіспеншілігін бүкіл өмір бойы сақтап калды. «Шоқан ақынжанды адам еді. Оған араб өлеңдері қатты ұнайтын және ол поэзияны жан-тәнімен сүйетін, — деп еске түсіреді кейіннен Н.М.Ядринцев, — өзінің ұстазы Костылецкиймен бірге сол өлеңдерге рақаттанып, мәз боп отыратын». Сонымен қатар Шоқан сурет салуды үйренді және сурет салу оның бұдан кейінгі ғылыми жұмысында көп көмектесті.

1847 жылдың күзінде  Шоқан Омбы кадет корпусына  оқуға түсті. Бұл оқу орны Сібірдегі жоғары білікті мұғалімдер жинақталған, таңдаулы оқу орындарының бірі болатын. Кадет корпусында оқушылар әскери біліммен қоса, бірқатар жалпы білім беретін пәндер: география, тарих (Ресей тарихы және жалпы тарих), орыс және батыс әдебиеті, философия негіздері, зоология мен ботаника, математика, геодезия, құрылыс өнері және архитектура негіздері бойынша білім алды. Оку сегізжылдық болатын. Кадет корпусында Шокан Уәлиханов белгілі ғалым, географ және Азияны зерттеуші Г.Н.Потанинмен бірге оқып, достасып кетті. Г.Н.Потанин өз естеліктерінде «Шоқан нағыз плебейлік ортаға барып түсті... плебейлік ортада өмір сүруі Шоканның демократиялық идеяларының қалыптасуына сірә әсер етпей тұра алмаған болу керек», — деп жазды.

Қоршаған орта, демократиялық ықпал және Шоқанның аса үздік қабілеті оның жан-жақты және тез жетілуіне игі әсерін тигізді. Ол орыс тілін тамаша меңгерді, ал 14—15 жасында-ақ, кадет корпусының басшылары оған болашақтағы зерттеуші-шығыстанушы ретінде қарай бастады. Шоқан кадет корпусы оқу бағдарламасын үздік оқып қана қоймай, қосымша тарихи-географиялық әдебиеттерге беріліп, көп оқиды. Омбыда Шоқан шығыстану, география, тарих, философия жөніндегі кітаптардан бай кітапхана құрап алады.

Шоқанға Омбыда болған кезінде орыс зиялыларымен байланысты болуы көп әсер етті. Шоқанмен кадет корпусында бірге оқыған, кейін Қазан университетін бітірген С.Я.Капустин ол туралы былай деп жазған: «Менің ойымша, Шоқан көрікті, аса сымбатты болды... бет-әлпеті оның қайырымдылығы мен бекзаттығын танытып тұратын. Оның тұла бойы адамды өзіне тартып тұратын тұнып тұрған әдемілік еді. Шоқан өз кезеңінің жан-жақты аса терең білімді адамы болды. Әсіресе оның тарихи білімі зор болды және ғылым мен әдебиет саласында да зор білімділігімен ерекшеленетін... Шоқан өз ойын бейнелеп, тартымды жеткізе білетін асқан шешен болатын».

Шоканға аса  көрнекті орыс жазушысы Ф.М.Достоевскиймен жөш оның досы, патша самодержавиесіне қарсы күрескен революционер демократ С.Ф.Дуровпен кездесу өшпес әсер етті, олардың екеуі де каторгалық жұмыстар мен түрме мерзімдерін өтегеннен кейін полицияның қатаң кддағалауында жүрген еді.

Достоевский мен  Шоқан Уөлихановтың достық қарым-қатынастарын олардың түрлі уақытта жазысқан хаттары дөлелдейді. Ф.М.Достоевский өзінің хаттарында дос ретінде Шоканға пайдалы кеңесте]: беріп, рухын көтеріп, оның алдына аса зор игі міндеттер қояды.

1853 жылы Шокан  кадет корпусын бітіргеннен кейін  Сібір қазаь әскеріне қызметке жіберіледі. Көп ұзамай Батыс Сібір генералгубернаторы Гасфорт оның қабілеттілігіне назар аударып, 1854 жыль Шоқан оған адьютант болып тағайындалды. Жаңа қызмет оны Сібірдіг шенеуніктік аппаратымен тікелей бетпебет келтірді, олардың арасында астанадан, Орталық Ресей мен оның шет аймақтары — Финляндиядан, Поляк патшалығынан, Қырымнан, Кавказдан осында мансаг іздеп, қаржы жағдайын жақсарту үшін келген немесе кайсыбір оқиғаларға араласып, істі болған әр түрлі адамдар бар еді. Болашақ ағарту шы өзінің демократиялық көзқарастары арқылы патша өкіметініг мұндай итаршыларынан біртебірте алыстай берді және патшаныь отаршылдық аппараты тудырған зұлымдыққа қарсы аянбай күрескен үшін олардың тарапынан кудалауға, зөбірлеушілікке ұшырап отыр ДЫ. Өкімет орындарының заңсыз өрекеттеріне Шоқан қатты күйінді оған езілген халықтың үміт-арманы жақын болатын. Өзінің достарь  Ф.М.Достоевскийге, А.Н.Майковка, В.С.Курочкинге, К.К.Гут ковскийге өкімет орындарының озбырлығы жайлы ызалы хаттар жаз ды.

Келесі, 1855 жылы Ш.Уәлиханов Гасфорттың Омбыдан Іле Алатауына дейінгі сапарына қатысады. Бұл сапар қарапайым халықтың өмірін танып-білудін басы болды, олардың тарихи аңыз-әңгімелері мен жырларын жазып алуға мүмкіндік берді. Сапар кезінде көрінген білімдарлығы мен қабілетіне тәнті болған Гасфорттың өзі қайтып келгеннен кейін Шоқанға аса мақтаулы мінездеме беріп, наградаға ұсынады Генерал-губернатор Гасфорт былай деп жазды: «...корнет Уәлиханов сұлтан қызмет істегеніне екі жылдай ғана болса да, қырғыз-қазақ тіліні мейлінше жетік болуының және жергілікті қырғыздардың әдет-ғұрпьп терең білуінің арқасында менің сахараға шыққан сапарымда қасыма ере жүріп, үлкен пайда келтірді... мен Уәлихановты мархабатты сыйлықпен марапаттау қажет деп санаймын, оның үстіне Уәлихановты жергілікті қырғыздар ерекше құрметтейді».

1857 жылы Уәлиханов алатау қырғыздарына тағы да сапар шегеді, онда көшпелі қырғыз халқының өмірімен, тұрмысымен бұрынғыдан да жақсы танысып, оның тарихын, этнографиясын және халықтық поэзиясын тереңірек зерттеуге мүмкіндік алды. Осы жолы ол қырғыз халқының энциклопедиялық дастаны «Манасты» зор ынта-ықыласпен жазып алды. Уәлиханов шығыс халықтары материалдық мәдениетінің ескерткіштеріне ерекше көңіл бөлді. Ыстықкөлге экспедиция кезінде өзі тапқан ертедегі суландыру жүйесінің қалдықтары, сәулет ескерткіштері, ертедегі қалалардың қираған жұрты арқылы қырғыздардың ежелгі ата-бабаларының өмірін көз алдына елестетуге мүмкіндік алды. Осы деректемелерді зерттеу негізінде Шоқан өткен ғасырларда бұл аумақта мәдениеті гүлденіп, шаруашылығы дамыған бірқатар отырықшы қалалар болған деген қорытындыға келді.

Көршілес халықтардың  тарихын зерттеу Уәлихановтың өз елі қазақ халқының ертедегі және орта ғасырлардағы тарихының беймәлім жақтарын анықтай түсуіне көмектесті. Алғашқы экспедициялар кезінде жиналған барлық материалдарды терең талдап, салыстыра келіп, ол «орта ғасырларда мұнда (Қырғызстанда және Қазақстанның оңтүстігінде. — Ред.), әсіресе Іле алқабында отырықшылық кең таралған, Алмалық (қазір Түркістан қыстағы), Қонақай және Қайнақ (қазір де бар) және Алматы (қазір Верный бекінісі) қалалары бүкіл сауда бойынша белгілі болған және Генуя көпестері Қытайға, қыпшақ елшілері ұлы ханға барған үлкен жолдың бойында бекеттер қызметін атқарған» деген тұжырым жасаған. Ыстықкөлге экспедиция кезінде Ш.Уәлиханов ғылыми деректермен қатар, көненің көзі ерте заман бұйымдарының құнды үлгілерін жинады. «Ыстықкөлге барған сапардың күнделігі», «Қытай империясының Батыс провинциясы және Құлжа қаласы», «Қырғыздар туралы жазбалар» деген аяқталған тарихи этнографиялық туындылары жоғарыда аталған сапарлардың нәтижесі болатын. Ш. Уәлихановтың ғылыми қызметі Орыс географиялық қоғамының назарын аударып, 1857 жылдың ақпанында ол қоғамның толық мүшелігіне қабылданады.

Ш.Уәлихановтың ғылыми қызметінің жаңа кезеңі 1858 жылғы Қашғарияға құпия сапары болды. Марко Поло мен иезуит Гоестен (І603 ж.) кейін осы бір онша мәлім емес елге тұңғыш рет барған Шоқан «Алтышаһардың немесе Қытайдың НанЛу провинциясынын, (Кіші Бүхараның) шығыстағы алты қаласының жағдайы туралы» деген атақты еңбегін жазды. Енбекті Ресейде де, одан тыс жерлерде де шығыстанушылар жоғары бағалады және көп ұзамай ағылшын тіліне аударылып, басылып шықты.

Қашғар саяхаты барысындағы ауыр сапар және жол үстінде кездескен қауіпті жағдайлар әсерінен жүйкесінің сыр беруі және жол үстінде кездескен азап пен бейнет жас ғалымның денсаулығына кесірін тигізіп, елге қайтып келгеннен кейін ауырып қалады. 1859 жылдың күзінде Шоқан Әскери министрліктің шақыруымен Петербургке сапар шекті. Орыс ғалымдары оны ержүрек саяхатшы және Орта Азия мен Қазақстан халықтарының өмірін кемел білетін білімді адам ретінде қарсы алды, Владимир орденімен марапатталып, шені жоғарылатылды.

Ол 1865 жылдың сәуірінде Алтынемел жотасының етегіндегі Көшентоған деген жерде Тезек сұлтан ауылында қайтыс болды. Шокан Уәлихановтың қызметіне Орыс географиялық қоғамының және Ресей ғалымдарының атынан баға бере келіп, ірі шығыстанушы ғалым Н.И.Веселовский былай деп жазды: «Шокан Шыңғысұлы Уәлиханов шығыстану ғылымында аққан жұлдыздай жарк етті де жок болды. Орыс ориенталистері оны ілуде бір кездесетін ғажайып дарын иесі деп таныды және одан түрік халықтарының тағдыры жөнінде ұлы да маңызды жаңалықтар ашады деп күткен еді».

Ш.Уәлихановтың шығармашылық мұрасы қазіргі зерттеушілердің үнемі назарында, сондықтан оның өмірі мен шығармашылығы туралы ғылыми еңбектер тарихнамасының өте ауқымды екендігі табиғи нәрсе.

Ыбырай Алтынсарин (1841 — 1889). Аса көрнекті ағартушы Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының қоғамдық ойпікірі, мәдениеті мен әдебиеті тарихында жанашыл-педагог, жана мектептердің ұйымдастырушысы, этнограф, фольклоршы, ақын, прозашы және орыс классиктері туындыларының, атап айтқанда, Крылов мысалдарының аудармашысы ретінде кеңінен мәлім. Ол 1841 жылы 20 қазанда (ескіше) Қостанай облысында туған. Әкесі ертерек қайтыс болып, атасы — Орынбор шекаралық комиссиясының әскери старшинасы Балғожа (Жаңбыршин) бидің колында тәрбиеленді. 1850 жылы Ыбырай шекаралық комиссия жанынан қазақ балаларына арнап ашылған мектепке түсіп, оны алтын медальмен бітірді. Мектеп оқу бағдарламасына орыс тілі, көркем жазу, арифметика, татар тілі, мұсылман діні ілімі және орыс тілінде іс қағаздарын жазу енгізілген еді. Патша үкіметі мектептер алдына жергілікті әкімшілік кадрларын даярлау міндетін қойды. Оқушылар патша өкіметінің Қазақстандағы саясатын жүргізушілер рухында тәрбиеленуге тиіс болды. Алтынсарин дүниежүзі әдебиеті классиктері — Шекспир, Гете, Байрон, Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Фирдоуси, Низами, Навои және басқаларының туындыларын өз бетімен оқыды. Білімқұмар жас жігіт белгілі шығыс зерттеушісі, Шекаралық комиссияда қызмет еткен В.Григорьевпен араласып, оның бай кітапханасын пайдаланды.

Мектепті бітіргеннен  кейін Алтынсарин үш жылдай (18571860) атасының қоластында кеңсе қызметкері, содан соң 1859 жылдың 1 тамызынан бастап Орынбор басқармасында тілмаш болып қызмет етті. 1860 жылы облыстық басқарма оған Орынбор бекінісінде (Торғай) қазақ балаларына арналған бастауыш мектеп ашуды тапсырды да, өзін сол мектепте орыс тілінің мұғалімі етіп тағайындады. Ағартушылық идеялармен жігерленген ол ауылдарды аралап, халыққа білім алудың маңызын түсіндірді, қаражат жинастырды. Ол қоғамдық қаржыға салынған мектепке оқу құралдарын жаздырып алдырды. 1864 жылы 8 қаңтарда мектеп салтанатты түрде ашылды. Оқуға 16 бала жазылып, мектеп жанынан сол балалар жатып оқитын интернат ашылды.

1868 жылы Алтынсарин  Торғай уездік басқармасына іс жүргізуші ретінде қызметке орналасып, содан соң уезд бастығының аға көмекшісі және уақытша уездік судья міндеттерін қатар атқарды. Қызмет бабымен ол ауылдарда жиі болып, болыс басқарушылары мен ауыл старшындарының сайлауына қатысып жүрді.

Сайлау кезінде  ол әділ шешім шығарылу үшін, дауысты сатып алудың, парақорлық пен қиянат жасаушылықтың орын алуына жол бермеуге тырысты. Наразы болған байлар оның үстінен облыстық басқармаға, әскери губернаторға және одан әрі ішкі істер министріне шағым жасап, оны 1868 жылғы Уақытша ережеде белгіленген сайлау жүргізу тәртібін бұзды деп айыптады. Жалақорлар Ы. Алтынсаринді уездік басқармадағы қызметінен кетіруге тырысты. Николаев уезі Арақарағай болысының басқарушысын сайлау кезінде Ы.Алтынсарин ұсынылған екі байдың орнына халықтың мүддесін қорғайтын үшінші бір адамның сайлануына кол жеткізді. Ы.Алтынсариннің үстінен жазылған шағымдардың бірінде ол «социалист» деп аталады және осы іс бойынша тергеу жүргізілді.

Алтынсарин  қарапайым халықтың қамын ойлады. Мәселен, ол 1864 жылғы 14 сәуірдегі хатында былай деп жазған: «Қызмет бабы бойынша мен қазақтармен жиі қақтығысып каламын, олардың ішінде осындағы өз туыстарым да бар. Маған іштей жамандық ойлайтындар Ордадағы лауазымды адамдар арасында да бар. Олар қорғансыз кедейлерді арсыздықпен талап-тонауда...».

Алтынсарин патша өкіметінің жүгенсіз саясатына қарсы болды. Мұны оның 1880 жылы «Оренбургский листок» газетінде жарияланған мақалалары дәлелдейді.

1879 жылы Алтынсарин Торғай  облысы мектептерінің инспекторы  болып тағайындалды. Торғай облысының  әкімшілік орталығы Орынбор қаласы болатын. Ол кезде Торғай облысы қазіргі Қостанай облысының бүкіл аумағын, Ақтөбе облысының үлкен бөлігін және Орынбор облысының бір бөлігін қамтыды.

Алтынсарин өз бастамасы  бойынша және тікелей қатысуымен Қазақстанда халықтық азаматтық мектептер желісінің құрылуына қол еткізіп, ағартушылық ісіне көп күш-жігер жұмсады. Соңғы жылдарда уездік Николаев (Қостанай) қаласында тұрған Ы.Алтынсарин өзінің жеке қаражатына көл жағасына шағын ауласы бар бір қабатты ағаш үй тұрғызып, онда 1889 жылы өзі қайтыс болғанға дейін қарапайым өмір Алтынсариннің мектептен қызметі халық арасында лайықты бағасын алды. Орынбор бекінісінің (кейіннен Торғай қаласы аталған) бастығы 1864 жылғы 22 қаңтарда Орынбор және Самара генерал-губернаторына «Мектептің ашылуын ордалықтар шын көңілден қуанып, алғыс сезімімен қарсы алды» деп хабарлады. Осы мектептің мұғалімі Ы.Алтынсарин туралы да төмендегідей жылы лебіз білдірілген: «Училище бақылаушы зауряд-хорунжий Алтынсариннің қамқорлығымен және үлгілі ынта-ықыласымен өте жақсы және таза ұсталады... Қазақ тәрбиеленушілерінің ең қысқа уақыт ішінде тез табысқа жетуі соншалықты, Торғай оқу орны қысқа уақытта ойдағыдай жемістер береді және өзін ақтайды деген анық сенім ұялатады».

Информация о работе XIX ғасыр Қазақстанның мәдени өміріндегі ағартушылық ғасыр