Әлемнің жеті кереметі

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 16:06, реферат

Описание работы

ӘЛЕМНІҢ ЖЕТІ КЕРЕМЕТІ - біздің заманымызға дейін 3 ғасырда Ескендір Зұлқарнайын (Александр Македонский) Кіші Азия, Орта Азия, Мысыр, Оңтүстік Үндістан территорияларын жаулап алып, ұлы империя құрғаннан кейін, саяхатшыларды қызықтыру үшін осы өңірлердегі 7 орыннан таңдаған сәулет өнері ескерткіштері. Олар:
1. Мысыр пирамидалары біздің дәуірімізден 5000 жыл бұрын салынған.

Работа содержит 1 файл

7 чудес света.docx

— 964.43 Кб (Скачать)

 

5. Родос алыбы.


Мүсінші Харестің қолынан  шыққан күн құдайы Гелиостың алып мүсіні – Родос аралында салынған теңдесі жоқ ескерткіштердің бірі. Родос тұрғындары Гелиосқа айрықша табынған. Күн құдайы Гелиос аралды өз қо-лымен теңіз түбінен алып шыққан деген де аңыз бар. Бұл мүсіннің әлемнің жеті кереметтерінің бірі ретінде саналуы тегін болмаса керек. Аралдың кіре берісінде орналасқан биіктігі 35 метр болатын мүсін құрылысы 12 жылға созылған. Мүсін негізінен балшық пен металлдан жасалған. Ал жоғары жағы қоламен көмкерілген. Мұндай алып мүсінді тұрғызуға шамамен 13 тонна қола мен 8 тонна темір пайдаланылған көрінеді. Зор ескерткіштің ке- реметтігі соншалық, алып мүсіннің екі аяғының арасынан үлкен желкенді кемелер еркін өтетін болған. Бар-жоғы 56 жыл «өмір сүрген» мүсін б.з.д. 220 жылы аралда болған қатты жер сілкінісі кезінде қирап қалды.

36 метрлік зор мүсінге  иығына деңгейлес темір арқалықпен  бекітілген үлкен үш тас бағана  негіз болады. Бағаналардың түбі  мүсіннің екі аяғы мен жамылғы  арқылы тұғырға орнатылады., ал  иық және белмен деңгейлес  тұстары көлденең діңгектермен  ұстатылады. Бағандар мен діңгектердің  сырты темір қаңқамен қоршалып, оның сыртына қапталған қола  жапырақ кигізілген болады. Алып  мүсін айлақтың жағасында ақ  мәрмәрмен өрілген жасанды төбемен  бірге көтеріледі. Он екі жыл  бойы мүсінді ешкім көре алмайды.  Өйткені мүсіннің қаңқасына кезекті  қола жапырағы кигізілгенде, шеберлерге  ыңғайлы болу үшін төңірегіне  үйілген топырақ биіктетіліп  отырған.

Жарқыраған құдай мүсіні Родосқа келе жатқан жолаушының көзіне қиырдан шалынатын. Кешікпей-ақ ол жөнінде  небір алып-қашпа сөз бүкіл  көне дүниені кезіп кетеді. Алайда жарты ғасыр өткенде Родосты  аса күшті жер сілкінісі алып шығады. Осыдан «балшық аяқты алып мүсін» деп келетін мәтел қалған.

Родостықтар алып мүсінді  қайта тұрғызбақ болады. Осынау игі ниетті жүзеге асыруға көршілерінің де тілеулес болғаны мәлім.. Мысыр патшасы жүздеген Мысыр таланттары мен шеберлерін жібереді. Бірақ ештеңе өнбейді.

Алып мүсін келім-кетімді  кісілер қызықтайтын аралдағы ең басты белгі болып айлақ жағалауында  жата береді. Бағы тойған алыпты біздің заманымыздың I ғасырында үлкен Плений келіп көрген. Мүсіннің бас бармағына ілеуде біреудің ғана құшағы жететіндігі Пленийді қайран қалдырған.

Жер құшып жатқан алып мүсінді  тот басып аңызға айналады. Көз  көргендердің әңгімесіне қарағанда  оның үлкендігі тіптен зор болатын. Рим әдебиетіндегі аңыз бойынша, ол алғашқы да айлақ үстінен асқақтай көтеріліп тұрғанда үлкендігі соншалық, қалаға келетін кемелер оның екі  аяғының ортасынан өтеді екен дейді.

977 жылы ақшаға мұқтаж  болған араб билеушісі бір  көпеске сатқанға дейін қақ  бөлінген алып мүсін Родос  аралында 1000 жыл жатады. Ал, көпес  мүсінді қайта балқыту үшін  бірнеше бөлікке бөліп, таза  қоланың өзін 900 түйемен әкетеді.

 

6. Александрия маягы


Александр Македонский есімімен байланысып жатқан кереметтердің бірі – Александрия маягы. Александрияның ірге тасы біздің жыл санауымызға дейінгі 332 жылы Ракотис деп аталатын Мысыр қалашығының орнына қаланып, Нілдің атырауына жайыла салынған.

Тұтастай мәрмәр тастан қашалған, асқан шеберлікпен қаланған маяктың  биіктігі – 150 метр. Сол заманда бұдан  биік құрылыс жоқ еді. Бүкіл грек әлеміндегі мұндай үлкен көлемдегі  құрылыстың авторы – Книдтен шыққан Сострат. Мәрмәрдан соғылған құрылыстың бір қабырғасына ол: «Книдтен шыққан Дексифананың ұлы Сострат, бұл құрылысты теңізшілерді құтқарушы құдайларға арнадым», - деп ойып жазған. Оның үстіне саз балшықтың жұқа қабатымен патша Птоломей Состердің жорық жырынан үзінді келтірген. Уақыт өте келе сылағы түсіп қалған соң, ұлы инженердің аты белгілі болады. Маяк құрылысын салу кезінде Александрия ғалымдары ойлап тапқан құрылғылар пайдаланылған. 120 метрлік үш қабатты мұнараның төменгі қабаты төрт қырдан тұрады. Бұл төртеуі төрт бағытқа – батысқа, шығысқа, солтүстікке және оңтүстікке қараған. Екінші қабаттың сегіз қыры сегіз жақтан соққан жел бағытына ыңғайластырылған. Үшінші қабатта биіктігі жеті метр Посейдон мүсіні мен күмбез арасын жалғаған шырақ тұр. Металл айналардың күрделі жүйесі шамның шырағын ұлғайтып, жарқырата түседі. Бұл теңіз кеңістігін бақылауға мүмкіндік берді. Бұл ғажайып құрылыс ХIV ғасырға дейін сақталып келген

Александрия аймағы дүние  жүзіндегі ең бір халқы сапырылысқан, іскерлері көп мекен болғандықтан да қолайсыздау еді. Нілдің жойқын лай  ағындыларынан пайда болатын  құм қайрақ пен тас шөгінділерінің ортасынан жол тапқыш шебер лоцмандарға ұдайы зәру болатын. Ақыры теңіз жолының қауіпсіздігі үшін Александрия кірер ауыздағы Фарус аралынан маяк салуға шешім қабылданады. Біздің жыл санауымызға дейінгі 285 жылы арал мен құрлықтың арасына бөген салынады да архитектор Сострат Книдский іске кіріседі. Құрылыс жұмысы бар – жоғы 5 жылға созылады. Себебі: Александрия сол кезде дүние жүзіндегі ең озық техникалық орталық әрі ең бай қала болатын. Құрылысшыларға көмек көрсету үшін қыруар флот пен тас қопарушылар және мусейн академиясының жетістіктерін пайдаланады. Маяк биіктігі 120 метрлік, 3 қабатты мұнара секілденіп салынады. Оның шаршы іргесінің әр қабырғасы 30 метрден болады. Мұнараның 60 метрлік алғашқы қабаты тас-тақталардан қаланады. Одан әрі 40 метрлік 8 қырлы мұнараның әр қыры колонналармен бекітіліп, сырты мәрмәрмен қапталады. Үшінші қабатының мұнарасы колонналармен шеңбер жасай көтеріледі де, оның үстінде мәңгілік от лаулап, аса күрделі айналар жүйесі сәуле шашып тұрған. Бұл жүйе күмбезде жанған оттың жарығын күшейтіп, ол от 60 км жерден көрінетін болғпн.

Маяктың ғажаптығы соншалық, осындай құдіретті салғанда бір  кездері ұмыт болмау деген ой шектелгенде, Сострат Книдскийдің өзі тәуекелге  бел буып, Птолемейдің жарлығын аттаған. Сөйтіп Маяктың іргесіне «Книдтен шыққан Декстифонның ұлы Сострат теңізшілер үшін желеп-жебеуші құдайға арнады»  – деп қашап жазады. Бұл жазудың  үсті сылақпен жабылады да, сылақ үстіне Птолемей, Сотердің есімі ойып жазылады. Бұл қулықты істегенде Сострат  сылақтың түсуіне өмірім жетеді-ау деп үміттенбеген, патша қаһарына ұшырармын-ау деп ойламаған. Состраттың жазуын Рим саяхатшылары көрген. Ол кезде маяк бүтін қалпында болатын, Рим империясы құлаған соң  маяк та төңірегіне жарық шашуын тоқтатты. Мұнан кейін 100 жылда әбден тозығы жетіп, үстіңгі мұнарасы құлайды, ал төменгі 

қабатының қабырғалары ұзақ уақыт тұрып, XIV ғасырдағы жер  сілкінісінің құрбаны болады. Көне маяктың қалдықтары кейін түрік  бекінісін салуға пайдаланылады.

Александрия маягінің қайта  салынған үлгісіне Нью-Йорктегі көкпен таласқан Эмпайр Стейтс Билдинг аздап  ұқсайды. Маяк жағалауды бағдарлауға  арналған мұнара шам: жол сілтеп, бағыт  нұсқап тұрған жарық «маяк» деп аталады.

 

7. Олимпиадағы Зевс мүсіні

Олимпиадағы Зевс мүсіні –  Еуропа құрлығындағы әлемнің жалғыз ғана кереметі. Зевстің Олимпиаға  тікелей қатынасы болған. Бұл өңірдің  әрбәр тұрғыны дәл осы жерде  билікті балаларынан қызғанып, оларды тірілей жұтқысы келген қанішер  Кронды туған ұлы Зевстің жеңгенін жақсы білетін. Әр халықтың қиял-ғажайып  ертегілерінде мейірбан жанның ұшарасатыны  сияқты, нәресте Зевске де бір қамқор тап болып аман қалады. Кронның  әйелі Фея күйеуінің алдына Зевс деп, тас кесекті қойғанда Крон сол  тасты жұтып жіберген. Сірә, Крон өз балаларын бітеудей жұтса керек.


Кейін Зевс ер жетіп, әкесін жеңгенде бұрынғы тірідй жұтылған бауырларының бәрін қайтадана құстырады. Сонда  Зевс деп жұтқан ораулы тас та шыққан дейді.

Олимпия ойындары ішінара  осы оқиға құрметіне өткізіліп, Зевске құрбандық шалынатын болған. Олимпиядаға ең басты ғибадатхана  болатын. ФидийАфиныда туып -өскен. Б.з.б.. 500 жыл туылып,430 жылы ұайтыс болады. Ұлы ойшыл, ұлы суретші Фидий  өнерде грек философиялық даналығының, грек рухының ең жоғары орнының мүддегері  болды. Автор өзі жасаған бейнелерде адам мүмкіндігінен тыс ұлылықты бейнелей алған. Сондай ғаламат бейне, олимпия адамына арналған Зевстің 14 метрлік мүсіні пілдің сүйегі мен алтыннан жасалған. Бұл мүсін «Әлемнің жеті ғажабының» бірі саналған. Материалы синкретті (құранды) осынау мүсінді жасау үшін Фидий бірнеше жыл Олимпияда болады.

Зевс мүсіні тұрған ғибадатхананың биіктігі 64 метр, ені 28 метр болса, бөлме  ішінің биіктігі 20 метрге жуық. Залдың төрінде тақта отырған Зевстің  басы төбеге жетіп тұрған. Кеуде  жағы жалаңаш отырған Зевс ағаштан  қашалған. Желеп-жебеушінің денесі әдемі  қызғылт түсті піл сүйегімен  қапталып, киімі алтын жапырақпен апталған. Бір қолында жеңіс құдайы – Никаның алтын мүсіні, келесі қолымен биік аса таяққа сүйеніп отыр. Ендігі қалғаны – піл сүйегінен қашаған бедерлі суреттері бар құдайлардың алтын мүсіні орнатылған. Зевстің орындығын сипаттау ғана. Тақтың бүйірлерін Фидийдің туысы әрі көмекшісі суретші Панэн безендірген.

Кейін Византия императорлары  мүсінді аса мұқияттылықпен Константинопольге  алдыртады. Олар христиан болғанымен, Зевске қол көтеруге ешқайсысының батылы жетпейді. Аладйда, християн діні уағыздаушылардың қалауы бойынша пұтқа табынушылардың бәсекелестерін күнәға тартып, жолдан тайған императорларды жазалап отырған ғой. Біздің заманымыздың V ғасырында император Феодосий II сарайы өртенеді. Сонда алып мүсінді от шалып, Фидийдің мұрасынан күйген сүйектер мен алтын балқымасы ғана қалады.

Әлемдегі осы алғашқы  жеті кереметтен кейін тағы өзге де кереметтер пайда болып, аттары атала  бастады. Оған Ұлы Қытай қорғаны, Стамбулдағы Әулие София шіркеуі, Үндістандағы Тәж-Махал сынды жәдігерлер жатады. Сондай-ақ «Бермуд үштағаны», «Норвегия түні», «Тунгус метеориті» табиғаттың кереметтері болып саналады. Ал «Нұх пайғамбар кемесі», «Қар адамы», «Ұшатын табақшалар» қиял-ғажайып кереметіне  жатқызылды. Ал Ахмет Иассауи кесенесі тек Қазақстанның жеті кереметі қатарына кіреді.


Информация о работе Әлемнің жеті кереметі