Әлемнің жеті кереметі

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 16:06, реферат

Описание работы

ӘЛЕМНІҢ ЖЕТІ КЕРЕМЕТІ - біздің заманымызға дейін 3 ғасырда Ескендір Зұлқарнайын (Александр Македонский) Кіші Азия, Орта Азия, Мысыр, Оңтүстік Үндістан территорияларын жаулап алып, ұлы империя құрғаннан кейін, саяхатшыларды қызықтыру үшін осы өңірлердегі 7 орыннан таңдаған сәулет өнері ескерткіштері. Олар:
1. Мысыр пирамидалары біздің дәуірімізден 5000 жыл бұрын салынған.

Работа содержит 1 файл

7 чудес света.docx

— 964.43 Кб (Скачать)

Әлемнің жеті кереметі

ӘЛЕМНІҢ ЖЕТІ КЕРЕМЕТІ - біздің заманымызға дейін 3 ғасырда Ескендір Зұлқарнайын (Александр Македонский) Кіші Азия, Орта Азия, Мысыр, Оңтүстік Үндістан территорияларын жаулап алып, ұлы империя құрғаннан кейін, саяхатшыларды қызықтыру үшін осы өңірлердегі 7 орыннан таңдаған сәулет өнері ескерткіштері. Олар:

1. Мысыр пирамидалары біздің дәуірімізден 5000 жыл бұрын салынған.

2. Вавилонның (Бабылдың) аспалы бағы, біздің заманымыздан бұрын  6 ғасырда Вавилония әмірі кіші әйеліне арнап жасаткдн. Бақ ерекше тәсілмен аспалы текпішекті сәкі-алаңшалар үстіне салынған.

3. Эфестегі Артемида ғибадатханасы, кезінде өлемдегі ең үлкен ғибадатхана болған. Біздің заманымыздан бұрын  4 ғасырда соғыс алапатынан қираған.

4. Олимпияда Зевстің мүсіні, біздің заманымыздан бұрын  5 ғасырда  көне грек мүсіншісі Фиди алтын мен піл сүйегінен жасаған.

5. Галикарнастағы Мавсол патшаның кесенесі, біздің заманымыздан бұрын  4 ғасырда салынған.

6. Жерорта теңізінің Родос аралындағы күн кұдайы Гелиостың мүсіні, биіктігі 45 м. біздің заманымыздан бұрын  285 ж. жасалған, біздің заманымыздан бұрын 224 ж. жер сілкінісі кезінде қираған.

7. Александрия шамшырағы біздің заманымыздан бұрын  3 ғасырда жасалған, мұнарасының биіктігі 160 м.

 

Тізім эволюциясы

Кереметтердің алғашқы тізімі Геродоттың жазбаларында кездеседі. Бұл тізім Ежелгі Грецияда б.э.д. V ғасырда пайда болған. Ол кереметтердің барлығы Самос аралында болған. Олардың саны 3 болған:

  • Акведук үңгірі,
  • Арал портындағы бөгет,
  • Гера құдай ананың храмы 


Кейінірек, тізім саны жеті кереметке  дейін толықты. Б.э.д. III ғасырда кереметтердің жаңа тізімі пайда болды. Бұл жөнінде Сидоннан шыққан Антипатрдың өлеңдерінде кездеседі. Сонымен, жеті кереметтің ең ежелгісі де, әрі біздің бүгінгі дәуірімізге жеткені де – осы Мысыр пирамидалары. Пирамидалар Нілдің солтүстік-батыс жағалауындағы сансыз қабірлер мен ғибадат-ханалар тұрғызылған өлілер қаласының үстіне салынды. Пирамидалардың ең көнесі – 5000 жыл бұрын тұрғызылған Джосер пирамидасы. Сәулетшісі ежелгі Египетте дәрігерлік, философиялық және ғылыми еңбектерімен танылған Имхотеп атты шебер еді. Джосер пирамидасы – көп сатылы құрылыс. Сансыз басқыштар арқылы аспанға өрлей береді. Мұның идеясы перғауындардың жердегі қарапайым халықтан биік, құдіретті екенін бар әлем-ге паш ету еді. Қаншама қажырлы еңбек пен адам өмірі жұмсалған бұл құрылыс Хеопс, Хефрен және Микрен пирамидаларымен жалғасын тапты.

Көлемі жағынан ең үлкен пирамида – Хеопс перғауынның пирамидасы. Бүкіл жиған-терген байлығына көзінің тірісінде Хеопс перғауын бас-аяғы 20 жыл ішінде осы пирамиданы салдырды. Биіктігі 147 метр, әр қырының ұзындығы 232 метр болатын бұл құрылысқа 2,5-3 тонналық 2 миллион 300 мың тас блоктары қолданылды.

Енді осы кереметтердің әрқайсысына  жеке тоқталып өтейік.

 

  1. Ғажайып пирамидалар

5 мың жылдай бұрын тұрғызылған  ең көне Египет пирамидасы  – перғауын Джосердің пирамидасы. Оның негізін қалаушы тамаша  сәулетші, данышпан Имхотеп еді. Джосер пирамидасы тепкішекті болып келеді. Ол құмның арасынан «аспан басқалдақтары» сияқты көтеріледі.

Перғауын Джосер өз мазарының «бірінің үстіне бірі қойылған орындық» сияқты аспанға өрлеуін қалады.

Имхотеп бүкіл Египет тайпаларының ақсүйектерінен патшаның артықшылықтарын  тас арқылы бейнелеуге тиісті мұндай құрылысты қолға алған сәулетші болды.

Биіктігі 60 метр бұл пирамида жоғарылаған сайын кішірейе беретін  бірнеше мастабадан /орындық/ тұрады. Бұған дейін болмаған ұлылық әсетіне  осылай қол жетті. Одан кейінгі пирамидалар  енді толассыз үшкірлене беретін, шыбын  тайып жығылатындай жылтыр, жоғары нүктеде бір деммен табысатын  қабырғалары арқылы ешбір тоқтаусы көкке өрлей береді.


Солардың ішіндегі ең атақтысы, биігі Хеопс пирамидасы. Бүкіл әлемдік өнерде ұлы мақсат мейлінше дәл, мейлінше айбынды, сонымен бірге мейлінше мүлтіксіз бейнелеген сәулет ескерткіші. Таста мәңгі бейнеленген керемет күш, ғаламат геометриялық абстракция. Ақылға сыймас ажалды тәлкек етудің өжет дәлелі жүздеген мың адамдардың ұжымдық еңбегімен осындай зәулімдер жасаған адамзат кемеңгерлігі ұлылығының өшпес куәсі. Олар патшаларды мадақтау үшін салынды, бірақ оларда тұтас халықтың қуатты, мүмкін саналы түрде болмаса творчестволық еркі өз бейнесін тапты.

Ішіне кез-келген Еуропалық  собор еркін сиятын Хеопс пирамидасының  биіктігі 147 метрдей, оның әрбір көлбеу бетінің ұзындығы 235 метрдей. Ал, ол алып тұрған жердің көлемі елу бес  мың шаршы метрдей. Ол әрқайсысы  екі жарым, үш тонналық әктастардан  салынған. Оның құрылысына барлығы  екі млн. Үш жүз мыңдай блок қажет  болды. Бұл блоктардың бір-бірімен  тығыз қиюластырылғаны соншалық, жігіне ине де сұға алмайсың. Пирамиданың  бүкіл сыртқы қабаты тамаша етіп тегістелген  әктас тақталармен қапталған. Пирамиданың  өзі 20 жыл, ал Ніл өзені бойындағы  тас қазғаннан тас таситын жол 10 жыл салынған. Құрылыстың беріктігі ғажап. Кейінгі ғасырларда тек ұшар басы ғана шетілген. Құрылыс жұмысымен бір мезгілде 100 мың адам айналысып, олар әрбір үш ай сайын ауыстырылып отырған.

Пирамида. Ежелгі Египет перғауындарының қабіріне ескерткіш белгі ретінде орнатылған ерекше алып құрылыс. Ежелгі Рим мен Жаңа Еуропа өнерінде пирамида үлгісі мемориалды құрылыстар тұрғызу ісінде қолданылды. Архитектуралық ерекшелігі жағынан теңдесі жоқ атақты Египет пирамидаларының негізімен АҚШ қалаларының көк тіреген құрылыстары, Франция, Париждегі Эйфель мұнарасы дүниеге келді… 

 

2. Вавилондағы аспалы бақ


Бұл бақ Семирамиданың аспалы бағы деп те аталады. Тигр және Евфрат жарыса аққан қос өзен аңғарын жайлаған Месопотамия өз қойнауында талай кереметті жасырды. Тарихы бай Шумер мен Аккад мәдениетінің керемет туындысы – Вавилон патшасы Навуходоносордың (б.з.д. 605-562) сүйікті жары Семирамидаға арнап салдырған аспалы бағы. Оның тарихы былай еді: кәмелетке толған Навуходоносор патша алыстағы тау елі – Мидияның ханшасы Шамурматқа (грекше Семирамида) құда түсіп үйленеді. Сүйікті жарымен бірге Вавилон шаһарына оралады. Бірақ көркіне ақы-лы сай ассириялық ханша сол елге келгелі бір жадырап күлмейді, ешкіммен сыр ашып сөйлеспейді. Жатса-тұрса елін, жерін аңсайды. Көк шалғын желектері мен хош иісті райхан гүлдерін, кәусар бұлақ суларын сағынады. Ал Вавилон шаһарында аңызақ жел мен аптап ыстықтан өзге ештеңе жоқ. Күндіз де ыстық, түнде де ыстық. «Қайткенде сүйіктімнің бабын табам» деп көп ойланған патша «туған жерін көз алдына келтірем» деп, айрықша әсем бақ салуды бұйырады. Сөйтіп, патша сарайының кең ауласында кірпіштен әсем террасалар орнатылады. Кірпіш үстіне жанартаудың лавасын құйып, оның үстіне қорғасын плиталар қояды, оған қоса құнарлы май топырақ төгіледі. Құнарлы то-пыраққа әлемдегі бар әдемі жасыл желекті отырғызады. Мыңдаған құлдар күн сайын төменнен жоғарыға су айдап, жасанды тоғандарды толтырады. Бақшаның беті солтүстік батысқа қарайды, күнбатыстан соққан самал жел Семирамида ханшайымның жабырқаған көңілін жадыратады.

Вавилонның аспалы бағы пирамидаға қарағанда жастау. Бұл аспалы бақ  грек әлеміне қарағанда Мысырдың көне дүниесіне жақын. Егер пирамидалар  талайдың ғұмырына куә болып, ғасырларды көктей өтер, аспалы бақтың құдіреті де боркемік қыш қабырғасы кешікпей Вавилонмен бірге құлады. Вавилонның құрылысшылары салған аспалы бақ  төрт қабаттан тұрады. Әрбір қабаттың жаппасы 25 метрлік колонналарға жалғасып жатыр. Қабаттардың табанына тас  тақталар төселіп, оның үстіне қамыс  жайылған. Су өтпес үшін қамыс үстіне асфальт пен қорғасын құйылған . Оның үстіне зәулім ағаштың тамыры жайылып шығатындай етіп топырақ  төселген. Әрбір қабатта түрлі-түсті  етіп тақталы саты салынған. Ең үстінгі  қабатта күндіз-түні тоқтамай ағып тұратын су және оның жағалауында  неше түрлі ағаштар отырғызылған. Бұл аспалы бақ дүние жүзінде  тұңғыш рет махаббаттың құрметіне  салынған монумент болатын. Ассирияны  әйел патшасының есімімен атаса, аспалы бақты сол әйел құрметіне арнап, «семирамида бағы» деп атаған. Бұл аспалы баққа Мидия баурайындағы саялы мекеннің елесін орнатты. Бұл  аспалы бақты Новуходоносор өзінің сүйікті әйеліне арнап салған. Аспалы бақ ондағы хош иісті гүлдер, ағаштың сыбдырлары – бұл адамның  көңілін тартар бақ болатын. Тіпті, Александр Македонскийдің өзі де өлер алдында сол аспалы баққа апаруын бұйырады.

Төрт қабатты аспалы бақ  және сылдырлап аққан су, сыбдырлаған  ағаш дәл Мидия қаласының елесін береді. Кейіннен бұл аспаыл бақ  қабырғасын су шайып, Вавилонмен бірге  құлады. Ондағы өрнек сынықтарын аспалы бақ қалдығы деп көрсететін болды.

Вавилонның құлдырауынан кейін су тасқыны бүкіл елді шайып  кетеді. Кейіннен 1898 жылы Роберт Кольдевейдің қазба жұмыстарының нәтижесінде аспалы бақтың қалдықтары Ирактағы Хилла қаласынан табылады.

 

3. Эфестегі Артемидасының ғибадатханасы

Ғибадатхана гректердің аңшылық  құдайы болған  
Артемида құрметіне б.з.д. VII-VI ғасырларда Эфес жерінде салынған. Херсифрон атты сәулетші ғибадатхананы сол кездегі құрылыс әдістерінің бірі – ионика ордерінің стилімен тұрғызған болатын. Құрылыстың сәтті шыққаны соншалық, Грекияның түкпір-түкпірінде осы ғибадатханаға стиль жағынан ұқсас құрылыстар да салына бастады. Алайда Артемида ғибадатханасының ғұмыры ұзаққа бармады. Біздің заманымызға дейінгі 356 жылдың 21 шілдесінде атаққа шөлдеген есер Герострат деген біреу түн ішінде ұрланып келіп, сәулетті сарайды өртеп жібереді. Аңыздар желісі бойынша, Ескендір Зұлқарнайын дәл осы ғибадатхана жалын құшағына оранған түні өмірге келеді. 25 жылдан кейін Ескендір патша ғибадатхананы қайта тұрғызуға әмір береді. Сәулетші Дейнократтың басқаруымен салынған жаңа құрылыс алғашқы ғибадатхананың жобасын сақтағанмен, одан сәл биіктеу болатын. Ғибадатхананың ауданы 110х55 метр, құрылысты қоршап тұрған бағаналардың биіктігі (барлығы 127) 18 метр болған. Артемида сарайы мәрмәр тастармен әшекей-енген. Әйгілі грек шеберлері құрылысқа белсенді түрде ат салысқан: бағаналарды безендіру жұмысымен Скопас айналысса, ғибадатхана ішіндегі картиналар Апеллес суретшінің қолынан шыққан. Қаладан қасиетті орынға қа-рай арнайы порт салынған. Бұл ғибадатхананың да ғұмыры ұзаққа барған жоқ. III ғасырда, дәлірек айтсақ, 263 жылы Кіші Азияға басып кірген гот тайпалары ғибадатхананы қиратып кетеді.


Осы ғибадатхана туралы салынып  біткен соң бірнеше жүз жылдан кейін қалам тартқан Плений былай  дейді: «Мұны 27 патшаның сыйын білдіретін 127 қаланы қоршаған». Қалай болғанда да Лидияның дәулеті тасыған үстем  патшасы Крездің ерекше үлес қосқаны  анық. Бұл құрылысты саларда архитекторға, суретшіге немесе мүсіншеге тапшылық болмаған. Ең үздік жоба ретінде  әйгілі Херсифронның еңбегі қабылданған. Ол ғибадатхананы мәрмәрдан салуды және сол кездегі Иония шартымен үйлесе бермейтін қос мәрмәр калонамен  қоршауды ұсынады. Шешім батыл болып  ғибадатхананы өзен жағасындағы  ми батпақ үстіне салмақшы болады. Ал салмағы  ауыр мәрмәр құрылысы ми батпаққа батып  кетпес үшін терең апан қазылып оған бірнеше метр қалыңдықта ағаш көмірі мен жүн-жұрқа қоспасы төселді. Бұл төсеніш шын мәнінде архитектордың  ойынан шығып ғибадатханаға ұзақ өмір сыйлайды. Қанша әрекеттенсе  де Херсифрон тас табалдырықты орнына қоя алмайды. Ол бұл тасты ең соңғы  серперіне балап өзін-өзі өлтірмекші болады. Сөйтіп табалдырық түнде өзі  жылжып орнына түседі. Сол күні түнде  Хелсифрон кенеттен қайтыс болады. Ол табалдырықты да ғибадатхананың біткенін де көре алмай қалады. Енді оның бас  архитектор міндетін баласы Метагон  басқарады. Ол өлгеннен кейін Пеонит – Деметрий аяқтады. Ғибадатхана 450 жылда салынып болды. Екінші ғибадатхананы  архитектор Хейрократ салады.

1869 жылы ағылшын археологы  Дж.Т.Вуд жүргізген қазба жұмыстары  кезінде ғибадатхана болған жерден  тірек тақталар мен сарайға әкелінген біраз нәрселер табылған. Вуд ғибадатхананың орнын табу үшін талай айларын құрбан етті. 1869 жылы 31 октябрь күні ақыры болды. Ғибадатхананың іргетасы тек қана 20 ғасырда толық аршылды. Бұл іргетастың астында бір кездері Герострат өртеген ғибадатхананың да сорабы бар.

3. Галикарнас кесенесі.

Кіші Азиядағы шағын қалалардың бірі Галикарнастың әкімі патша Карий Мавсол б.з.д. 351 жылы дүние салады. Патша мұрагерлері жер-жерлерден әйгілі құрылысшы, қолөнершілерді шақыртып, патшаның зиратын тұрғызады. Мавзолейді сәулетшілер Сатир мен Пифий салды, ал оның мүсіндік безендірілуі бірнеше шеберлерге тапсырылды. Олар Скопас (басшылық етті), Пракентель, Лисипп – кейінгі классикалық ең ұлы грек мүсіншілері еді. Кесене салу ісінде шығыстың құрылыс стилі (көп қырлы пирамидалар) мен гректің ионикалық стилі байланыстырылған. Кесене екі қабаттан тұрады, биіктігі 40-45 метр. Ол тек биіктігімен емес, грек еліне белгілі Скопас, Леохар, Бриансид, Тимофей секілді әйгілі мүсіншілердің қолынан шыққан әр алуан мүсіндер арқылы көркемделуімен де ерекшеленеді. Мавзолей шамамен алғанда 1800 жыл сақталып келді. Ағылшын археологы Ч.Т.Ньютонның айтуынша, ХV ғасырда крестшілер мавзолейді бұзып, оның құрылыс материалдарын Эгей теңізінде қасиетті Петр сарайын (қазіргі Түркияның Бодрум қаласы) салуға пайдаланған.


Мавсол патша мен оның әйелі Артемисаның табыттары, мүсіндері  және басқа дүниелері қазір Лондондағы Британ мұражайы мен Ыстамбұлдың  археологиялық мұражайында сақтаулы. «Мавзолей» сөзі де осы Мавсол патшаның атынан келіп шықты.

Галикарнасс мавзолейінде үш бірдей әйгілі үлгілер (тоқайласқан) тоғысқан. Ол қос қабаттан тұрады.:

1. Төменгі қабаты –  мазар камерасы – дориялық  үлгідегі 15 колоннамен тірелген.

2. Мазар храмы – ішкі  колонналары коринф үлгісінде,  сыртқы колонналары иониялық  үлгіде жасалған.

Биіктігі 60 метр. Оның ұшар басындағы 4 ат жегілген күймеде 2 м. мавсол мен  Артемисияның мүсіні асқақтайды. Мазардың төңінегіне арыстандар мен шауып  келе жатқан салт аттылардың мүсіні орнатылған.

Бір кездері әйгілі Геродот дүниеге келген қала, Нарияның астанасы Галикарнас туралы айта келіп, Проспер Мериме былай деп жазды: «Мавзол өз қарауындағы елдің қаққанда қанын, соққанда сөлін шығаратындығы сонша, Герадоттың өзімен айтсаң, оның қойшылары қойжы жылан жалағандай етіп қырыққанда басқа елдің қойшылары жіп есе алмай калушы еді. Ол қол астындағыларға қырық сылтауды көлденең тартып пайда түсіре алатын; керек болса жерлеуге ерекше салық шығарған, шаш салығын жүргізгенін қайтерсің. Осылайшы қыруар салық жинаған. Неге Мавсолдың бейіті әлемнің жеті кереметінің санатына кірді дегенде, осынау мол байлықты және нариялықтар мен гректердің ұдайы аралас-құралас болғанын айтса лайық».

Информация о работе Әлемнің жеті кереметі