Алаш қозғалысы саяси және тарихи көзқарастары

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2012 в 13:50, дипломная работа

Описание работы

ХХ ғасыр басындағы біртұтас Алаш қозғалысының саяси-идеологиялық жіктелуінің, түрлі ағымдар мен ұйымдарға тармақталуының тереңдеуі 1916 жылғы оқиғалармен байланыста айқын көрінді, ал тұрақты сипат алуы 1917 жылғы Ақпан және Қазан төңкерістеріне дөп келеді. Либералды-демократиялық бағыт ұстағандар Алаш автономиясын, Түркістан мұхтариятын жариялағанмен, метрополияның дүлей қысымы мен зорлығына төтеп бере алмаумен саяси аренадан ығыстырылды. Тұтас Түркістан, ислам идеясы төңірегіне топтасқандар да осы тағдырды кешті.

Содержание

1.Тарау.20-ғ. басындағы Қазақстандағы саяси жағдай
1.1.Алаш қозғалысының тууының алғышарттары
1.2. «Алаш» партиясының құрылуы және саяси тұғырнамасы
1.3. Алаш әскери күштері туралы деректер
2.Тарау.Алаш қозғалысының жетекшілері туралы тарихи деректер
2.1. Әлихан Бөкейханов – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт - азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы
2.2. Ахмет Байтұрсынұлы - қазақтың ұлы ағартушысы, Алаш қайраткері
2.3. Тәуелсіздіктің алғаш туын тіккен Жаһанша
2.4. Шәкәрім Құдайбердіұлының азаттық идеялары мен көзқарастары
3. Тарау. Алаш қозғалысы мүшелерінің қоғамдық-саяси қызметтері
3.1. Шығыс Қазақстан өңіріндегі Алаш қозғалысы
3.2. Алаш көсемдері – 1920-1922 жж. ашаршылыққа қарсы күрес кзеңінде
3.3.Алаш қозғалысы мүшелерін жазықсыз жазалау және ақталуы

Работа содержит 1 файл

Алаш диплом.doc

— 388.00 Кб (Скачать)

1958 жылдың 28 ақпанында Қазақ ССР Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі коллегиясының анықтауымен 1932 жылғы 20 көкектегі Ж.Досмұхамбетов жөніндегі үштіктің шешімі онын құрамында қылмыстық іс-әркеттер жоқ болғандықтан тоқтатылып, күшін жойды деп табылған”.

Міне, ОГПУ-дің қанқұйлы әркеттері арада 26 жыл өткенде дұрыс емес деп табылып, өзінің әділ шешіміне ие болды.

Ал, Жаһаншаның екінші рет ұсталып, атылып кеткендігі жөніндегі дерек жалпы Қазақстанда жоқ. Жаншаның өзінің жеке басының құжаты, еңбек жолы, Алашордаға байланысты, тіпті Алашорданың іс-әрекеттерін көрсететін құжаттар біздің қолымызға түспей отыр.

Қазіргі бар сақталған құжаттар тек кеңес үкіметінің көзқарасымен Алашорданың іс-әрекеттерін айыптайтын болып отыр. Біз осы құжаттарды байыппен саралап, жете зерттеуіміз қажет.

Жанша жөнінде Москва, Воронеж, Ташкент қалаларындағы архивтерде бір деректер болып қала ма деген үмітіміз жоқ емес. Алдағы уақытта осы тақырыпты зерттеймін деген ғалымдарға біз көп үміт артамыз.

“Қазақтың бүкіл тарихы бірігу тарихы, тұтастану тарихы” – деп Президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, Күнбатыс Алашордасының тарихын жете зерттеп, ондағы ашылмаған, әлі де белгісіз деректерді көп болып іздеп тауып жарыққа шығарту біздің міндетіміз. Сонда ғана халқы үшін, ұлт мүддесі үшін еркіндік аңсап, тәуелсіздік жолында күрескен абзал жандарымыздың шын бет-бейнесін анықтап көре аламыз, ұлықтай аламыз.

 

 

 

2.4. Шәкәрім Құдайбердіұлының азаттық идеялары мен көзқарастары

Алашорда азаматтарының бірі Ш.Құдайбердиев болып табылады. Философиялық ой тарихындағы Шәкәрім Құдайбердіұлының идеялары,көзқарастары,жалпы жүйелері қазақ тарихының бірлігі болып табылады.Қазақтың қоғамдық тарихи сана мен менталитретінде өшпес із қалдырған.

ХIХ ғасырдың бірінші жартысының соңы мен ХХ ғасырдың бас кезіне қарай өмір сүріп,қазақтың қоғамдық,әлеуметтік,рухани,мәдени және әдеби өміріне айтарлықтай араласып,гуманистік демократтық,ағартушылық идеяларды уағыздаған Шәкәрім,өз халқына ғана емес,адамзатқа ортақ тұлға дейміз.Оның бай әдеби мұрасында өзі өмір сүрген дәуірдің қоғамдық көріністері,ақыл-ой,ізденістері,толғамды тұжырымдары із қалдырды.Сондықтан да Шәкәрім кешкен өмірді,Шәкәрім қалдырған мұраны тану,зерттеу,әр сөзді терең мағынасында зердеі оймен сезініп,олардан тағылым алу - біздердің қасиетті парызымыз.

Соңғы кездерде,ақынның әдеби мұраларына тікелей қатысты бірталай зерттеулер және ғылыми диссертациялар өмірге келді.

Шәкәрім Құдайбердіұлы кез келген озық қайраткер сияқты,тарихқа,тарихи оқиғалар мен тұлғаларға үлкен көңіл бөлген,өзіндік қалыптасқан тарихи зердесі болған тұлға екенін шығармаларынан байқаймыз.Бірақ,Шәкәрім шығармаларын зерттеушілер оның тарихшы ретіндегі еңбектерін жан-жақты зерттеуге,әлі де толық ат салыса алмай жатыр десек артық айтпаймыз.

Оның шығармаларынан ең бірінші байқайтынымыз-оқиғалардың сол кездегі тарихи жағдаймен ұштастырыла,шындықпен суреттелуі.Тарих ғылымының негізгі қағидасы-шыншылдық,Щәкәрім үшін де бірінші өлшем болғаны көрінеді.

Бір туар дарын иесі,Ұлы ойшыл батыс пен шығыстың небір ғұламаларының еңбектерімен өздігінен таныса отырып,өзінің дүниетанымдық көз қарасын дамыта білген .Бұл тұрғыда оған,ағасы Ұлы Абайдың күшті ықпалы болғанын да айтқан жөн.

Шәкәрімнің таза тарихи бірден - бір зерттеуі,ел білетін "Түрік,қырғыз,қазақ хәм хандар шежіресі" деген еңбегі.Бірақ біз өзіміздің бұл шағын мақалымызда бұл еңбекті кең зерттеу объектісі ретінде алмасақ та,белгілі дәрежеде көңіл бөлуді жөн көрдік.

Жалпы осы бір шежіре ретінде жазылған құнды зерттеудің өмірге келуіне ұлы Абайдың себепші болғанын Шәкеңнің айтқандарынан білеміз.Оны жазуды тікелей Абай тапсырған.Шәкәрім Абайдың нұсқауымен тарихшы ғылымдардың,оқымысты жазушылардың сол кезде қолы жеткен кітаптардың терең зерттеп мол мағлұмат жинап,тұңғыш ғылыми негіздегі қазақ шежіресің жазуға кіріскен.Зерттеуші шығыстың Ат-тараби,Абылғазы Бахадурхан,Ибна-Асир және Ибн-Халдун іспетті ғұламаларының, орыстың Радлов, Аристов, Березин, Левшин, Спаский, Маевский сияқты ғалымдарының еңбектерін ой елегінен өткізіп,жан-жақты пайдаланған. Шежіре ақынның қаражатына 1911 жылы Орынборда басылып шыққан.

Бізді әсіресе қызықтырған оның кейбір эпикалық жанрда жазылған туындыларындағы тарихи бейнелер мен оқиғалар болды.

Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларының ішінде бұл тұрғыда дара тұрғандары "Қалқаман-Мамыр" және "Еңлік-Кебек" дастандары деп білеміз.

Екі оқиғаның туындап өрбіген уақыттары бір кезеңге сәйкес келеді,дәл айтқанда қазақ тарихында ерекше орны бар қазақ халқы үшін аса бір ауыр кезеңді - ХVIII ғасырды қамтиды.

Ақынның осы шығармаларда Әбілмәмбет және Абылай хандар,әділ би атаған - Әнет баба,Кеңгірбай және Қараменде билер,сол кездегі аса көрнекті мемекет қайраткерлерінің бірі,әрі қолбасшы - батыр Жәнібек Тархан,жаужүрек Мамай батыр сияқты бір туар тұлғалар көрініс береді.

Олардың ішінен Әнет баба Кішікұлы туралы айтатын болсақ,оның 1626-1723 ж.ж.өмір сүргенін,сол кезеңегі қазақ мемлекетіндегі ірі тұлғалардың бірі болғанын атаймыз.Әнет баба жасында білімді Бұхар медресінен алған, ғұлама,кезінде Әз Тәукенің кеңесшілерінің бірі болған адам.Оның қатысуымен небір шиелініскен істер шешімін тауып атқарылған.Әнет баба "Жеті жарғы" заңдар жинағының авторларының бірі ретінде де аталады.Шәкәрім қажы,сол сияқты халық аңызы ол кісінің сүйегінің жерленген жері Қаратау өңірі екенін айтады.Бидің тұлғасы "Қалқаман-Мамыр"жырында көрініс береді.

Шәкеңнің "Еңлік-Кебек" жырының прологінде 1723 жылғы "Ақтабан шұбырынды" оқиғасы халыққа түскен барлық ауырпалығымен суреттеледі.Онда былай делінеді:

"Сырдан қалмақ қуған соң біздің елді,

Күні - түні шұбырып Шуға келді.

Табан тіреп,жүре алмай халі құрып,

Сұлап жатты айнала саумал көлді".

Саумалкөл деген Шу мен Бетпақдаланың шегіндегі көл (Жамбыл облысы).Осы жерге біраз ел жиналады,естерін жинағаннан кейін халық не істеу керек екендігін ақылдасып кеңес ашады.Ел басшылары сөз алады.Осы жерге халық алдына шығып сөйлеген Жәнібек батырға ақын:

"Сонда Шақшақ Жәнібек сөз сөйлепті,

Балалар осы жолды ұмытпа депті.

Ақтабан шұбырынды мұның аты

Алармыз.құдай қосса біз де кекті", - деген сөздерді айтқызады.

Міне.осы жырдағы Жәнібек батыр - сол кездегі аса ірі тұлғалардың бірі.

Ол кісінің туған жылы белгісіз.өлген жылы 1751.Арғынның Шақшақ руынан шыққан.Орыс елімен тығыз байланысты болған.Жәнібек батыр сияқты бірталай ел билеушілерінің орыспен жақындасуына тікелей мүдделері болған.

Олар Елек,Ор,Орынбор сияқты қамалдарға апарып мал саудасын жүргізіп,орыстардан шен-шекпен де алып отырған.Мәселен,Жәнібекті тарихта берген Тархан атағымен қосып айтамыз.Қазіргі зерттеушілер қазақ-орыс қатынастарының осындай да жағы болғанын толық айта алмай жүр.Жәнібек Қошқарұлы Әбілхайыр ханның туған қайнағасы болған.Кіші жүздің ханы Әбілхайырдың орыс қол астына қарауына тікелей әсері болған адамның бірі.

Жалпы тарихымызда үш Жәнібек өткен.Соның бірі-осы Бұқар жырау Қазыбек,Қабанбай және Бөгенбайлармен қосып орта жүзден шыққан төрт тіректің бірі деп айтылған шақшақ Жәнібек батыр.

Біз,қазақ халқында осы күнге дейін сақталынып отырған жақын туыстар арасындағы қыз алыспау некелік қатынастар дәстүрінің ертеден-ақ келе жатқаны "Қалқаман-Мамыр"жырындағы жастар арасындағы туындаған сүйіспеншілік оқиғадан-ақ байқаймыз.Нәсілдік,тектік тазалықты сақтауға негізделген,бүгінгі медицина ғылымы қөзқарасымен дұрыс деп есептелетін бүгінде өте сирек кездесетін бұл дәстүрдің кейбір халықтарда,оның ішінде Қазақ халқында сақталынып отырғанын этнограф ғалымдар атап айтады.Бұдан халқымыздың ертеден-ақ жан және тән,қан тазалығына көңіл бөліп,оның мәнінің келер ұрпақ үшін ерекше болатынын білгенін және бұл дастүрді бұлжытпай ұстауға тырысқанын көреміз.Жалпы "Қалқаман-Мамыр"оқиғасы 17220жылы Қаратау.Сыр өңірлерінде болған.Ол туралы ақын жырда:

"Өткен іс ойға күңгірт,көзге танық,

Көрмесе де білгенге бәрі қанық.

Мың жеті жүз жиырма екінші жыл,

Қазақтың Сыр бойында жүргені анық"-дейді.

Қазіргі қазақ тарихында бір кездегі қазақ тайпа руларының орналасу географиясы,өзгерістері жақсы зерттелмеген. Міне,осы тұрғыдан алғанда Шәкәрім шығармаларының зерттелуге тиіс жақтарының бірі - әр кездердегі халықаралық қатынастарға тікелей байланысты қалыптасқан қазақ тайпа - руларының орналасу жағдайы. Бұл мәселе ақын туындыларында жақсы сипатталған және оны дерек ретінде қабылдауға әбден тұрады. Мысалы, ХVIII ғасырдың 80 жылдарында Ертіс өңіріне, Шыңғыстауға келіп қоныстанған Тобықты руының сол ғасырдың басында сыр бойын, Қаратау өңірін мекен қылып жүргені белгілі.Тіпті XVIII ғасырдың қазақ қоғамының белгілі қайраткері, атақты би, тобықты руынан шыққан,"Қалқаман-Мамыр" оқиғасының бел ортасында болған Әнет баба Кішікұлының соңғы тыныс тапқан, жерленген жері Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау өңірі екендігін Шәкәрімнің өзі айтқан. Сол Тобықты руының оңтүстік өңірлерден шығысқа қарай жылжып қоныс аударуын XVIII ғасырдағы 30 жылдан астам жүрген қазақ-жоңғар соғыстарымен, соның барысында бір кездерде жау қолында кетен ата-жұрттың қайтарылуымен түсіндіреміз.

Ақын шығармаларына үңіле отырып,біз оның өткендегі ірі тұлғалардың өмірін және тарихи оқиғаларды өте жақсы білгенін көреміз. Шығармалардағы тарихи көріністер ресми тарихтағы сәйкес оқиғалардың өрбуімен қатар жүріп отырады. Сонымен,тағы да айтарымыз тарих ғылымының басты өлшемі-шындықтан ауытқымау Шәкәрімге де тән болған.

Қорыта айтқанда, аздаған зерттеулерден Шәкәрім Құдайбердіұлының өз  заманында қазақ тарихының үлкен білгірі болғанын байқауға болады.

 

3. Тарау. Алаш қозғалысы мүшелерінің қоғамдық-саяси қызметтері

Қазақстанды осыншама тоқырау мен күйзеліске түсірген Ресейдің басқалардан озып, бәйге алғандай артықшылығы жоқ еді. Халқының негізгі дені сауатсыз шаруалардан тұратын, билік жүйесін парақорлық пен жемқорлық жайлап кеткен осынау елдің жүнін қампитқан аш бөрідей қауқарсыздығы 1904-1905 жылдары Жапониямен соғыста оңбай жеңілуімен әшкереленді.

Бұл барша әлемнің қайта бөліске кірісіп кеткен дәуірі еді. Кешегі кеңестік тарихнамада ол капитализмнің жоғарғы сатысы - империализм ретінде түсіндірілетін. Империализмнің іріп-шіріген, демі таусылуға бет түзеген капитализм екендігі, социалистік революцияның қарсаңы және артта қалған Азияға тағылым болуы керектігі Ленин шығармаларымен алға тартылатын. Сөйтсек еуропоцентристік пайымның осал тұстары бар екен. Біріншіден, Ленин өзіне пір санаған Маркстің азиялық өндіріс тәсілі, Шығыстағы қоғамдық-экономикалық формацияның Батыстағыдан өзгеше табиғаты туралы айтқандарын мүлде ескермеген көрінеді. Екіншіден,  әлділер әлсізді бөрідей талаған, қазақтың халық ретінде сақталып қалатын-қалмайтыны беймәлім ғасырлар тоғысында әлеуметтік ілгерілеу атаулыны қоғамдық-экономикалық формациямен, пролетариаттың тап күресімен, социалистік революциямен байланыстырушы ілім – тарихқа материалистік көзқарас Шығыстық өмір заңдылықтары мен ақиқатынан алшақ жатқанын әшкерелеген құбылыс қазақ даласында дүниеге келді. Қоғамдық-экономикалық формациясының – егер оның бары шын болса - дамуы тежелген, пролетариаты халықтың бір пайызын да  құрамайтын, социалистік революциядан ауылы алыс қазақ елінің көшбасшысы міндетін марксшілер айтқандай қаналушы тап емес, ұлт зиялылары мен оқығандар өз мойнына алды.

Торлаған тұманнан жол таппай тұрған халқын өрге сүйреген күш Алаш қозғалысы еді. Саяси мәдениеті әлемдік деңгейге көтерілген, кәсіби даярлығы заманының  сұранысына сай, адамгершілік-имандық қасиеттері ұлы даланың сан ғасырлық қастерлі құндылықтарымен суғарылған Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, Ж.Ақпаев, С.Лапин, Б.Қаратаев сынды дүлдүлдер бастапқыда осынау қозғалыстың тұлғалық-интеллектуалдық әлеуетін сомдаса, іле-шала Х.Досмұхамедов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, М.Әуезов, Ж.Аймауытов, М.Шоқай, тағы басқалар әрлендірді. Қ.Кемеңгерұлының 20-шы жылдар басында Ә.Бөкейханды білімімен Еуропаның  таңдамалы оқымыстыларына тең түсіп құрдас болған деуінде тарихи шындық бар. Әлекеңдер мен Ахаңдардың сарқытын ішкен М.Әуезов, көзін көрген С.Сейфуллин кейінде бірі әлем әдебиеті классиктері қатарынан орын алса, екіншісі қазақ әдебиетіндегі социалистік реализм тәсілінің негізін қалаушы ретінде тарихқа енді. Біз бұл жерде саяси және таптық ұстанымдары әр қилы азаматтарды бір қауымға бекер топтастырып отырған жоқпыз. Әңгіме олардың бәрі ұлтшыл, ұлтжанды, ұлты үшін білімі мен білігін, күш-қуатын жұмсағанында, тіпті құрбандыққа барғанында.

Бұдан, әрине, ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялылары шетінен періште болды деген ой – түйін шықпауы керек. М.Дулатов жазғандай, «ұлтшыл болуға жарамай, өз басының қамын ойлап, жылтыр түйме таққанына мәз болып,  переводчик болып пара алып, пристав болып халықтың қанын сорып, болыс болып ел бүлдіріп, тыңшы болып шағым жүргізіп жүрген соғылғандар» қай аймақтан да табылатын. Мұндайлар тарихи прогрестің өзегінде тұрған жоқ.

Алаш қозғалысына мұрындық болған оқығандар мен зиялылар саны көп емес еді. Патшалық құрылыстың соңғы 30-40 жылы ішінде 5 млн. қазақтан 100-ден астам ғана жоғары дәрежелі білім иесі шығыпты. «Алаш» партиясы қатарына кіргендер 300 мүшеге жетер-жетпес. Бірақ бұлар жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар шыққандар ғой. «Бөліп ал да билей бер» саясатына сүйенген отарлаушылар сайын даланың серкелерін уысынан шығармау үшін небір құйтырқы саясат жүргізіп, араларына от тастау, арандату, жанжалға итермелеу амал-шарғыларын іске қосса да, Алаш зиялылары қарақан басының қамын күйттемей, ұлт азаттығын ұлы мақсатқа айналдырды. Сөз жоқ, түсінбестіктер болды. Бірақ қандай жағдай басқа түспесін, бірін-бірі өкпеге қиғанмен өлімге қимағаны тарихи факт. Ал олар қайраткерлік танытқан уақыт, орта мен кеңістік қай жағынан алып қарағанда да бүгінгіден әлдеқайда күрделі әрі қауіп-қатерге толы екенін ескерсек, ХХІ ғасырда, Алаш қайраткерлері армандаған  азаттық тұсында ел үміт артқан оқығандар мен үлкенді – кішілі әкімқаралар парақорлығы, жемқорлығы, қылмыстық істері үшін құрықталып жатуын отаншылдық ой- санадағы олқылық әрі  Алаш тағылымы мен аманатынан мүлде мақұрым қалғанына айғақ деп мойындауымыз керек.

Информация о работе Алаш қозғалысы саяси және тарихи көзқарастары