Алаш қозғалысы саяси және тарихи көзқарастары

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2012 в 13:50, дипломная работа

Описание работы

ХХ ғасыр басындағы біртұтас Алаш қозғалысының саяси-идеологиялық жіктелуінің, түрлі ағымдар мен ұйымдарға тармақталуының тереңдеуі 1916 жылғы оқиғалармен байланыста айқын көрінді, ал тұрақты сипат алуы 1917 жылғы Ақпан және Қазан төңкерістеріне дөп келеді. Либералды-демократиялық бағыт ұстағандар Алаш автономиясын, Түркістан мұхтариятын жариялағанмен, метрополияның дүлей қысымы мен зорлығына төтеп бере алмаумен саяси аренадан ығыстырылды. Тұтас Түркістан, ислам идеясы төңірегіне топтасқандар да осы тағдырды кешті.

Содержание

1.Тарау.20-ғ. басындағы Қазақстандағы саяси жағдай
1.1.Алаш қозғалысының тууының алғышарттары
1.2. «Алаш» партиясының құрылуы және саяси тұғырнамасы
1.3. Алаш әскери күштері туралы деректер
2.Тарау.Алаш қозғалысының жетекшілері туралы тарихи деректер
2.1. Әлихан Бөкейханов – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт - азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы
2.2. Ахмет Байтұрсынұлы - қазақтың ұлы ағартушысы, Алаш қайраткері
2.3. Тәуелсіздіктің алғаш туын тіккен Жаһанша
2.4. Шәкәрім Құдайбердіұлының азаттық идеялары мен көзқарастары
3. Тарау. Алаш қозғалысы мүшелерінің қоғамдық-саяси қызметтері
3.1. Шығыс Қазақстан өңіріндегі Алаш қозғалысы
3.2. Алаш көсемдері – 1920-1922 жж. ашаршылыққа қарсы күрес кзеңінде
3.3.Алаш қозғалысы мүшелерін жазықсыз жазалау және ақталуы

Работа содержит 1 файл

Алаш диплом.doc

— 388.00 Кб (Скачать)

Алаштық топтың қазақ шаруасына, қарапайым жұртқа қатысты ұстанымы жөнінде. Алашты, қазақ қоғамы таптық жіктелуден алыс жатыр деп түсінді. Отарлық езгіге қарсы күрес платформасында тұрған олар басымдылықты жалпыұлттық мүддеге берді. Мұндай ұстаным азаттық қозғалыстың ішкі логикасынан туындап жатты және ол дұрыс та болатын.

Алашорда үкіметін сайлаған екінші жалпықазақ съезі қозғалыстың ұлтаралық саясаттағы негізгі бағыттарын белгілеп берді. Съез қаулысында: «V. Қазақ арасында тұрған аз халықтардың құқықтары теңгеріледі»,- деп көрсетіледі. Съезде құрылған Алашорда үкіметіндегі 25 орынның 10-ы қазақ арасындағы басқа халықтарға қалдырылды.

Бұл арада біздің бағдарламаны кеңірек талдауға алу мүмкіндігіміз шектеулі. Егер де тұжырымдап айтар болсақ, оның сол тарихи мезгілдегі беделді саяси партиялардың бағдарламаларымен иықтас екендігіне жеңіл-ақ көз жеткізуге болады.

Алаш бағдарламасы өмірлік шындыққа айнала алған жоқ. Оқиғалар ағымы Ресей қоғамында қазақ сияқты халықтардың мемлекеттік дербестікке емес, тіптен империя құрамында мемлекеттік автономия алуына үзілді-кесілді қарсы күштердің басым екендігін анық көрсетіп берді. Ресей империясын біржола ыдыраудан сақтап қалу қамына кіріскен большевиктер партиясы қоғамдық дамуда Ресейден жоғары тұрған Польша мен Финляндияның мемлекеттік дербестігін мойындай отырып, украин, грузин, қазақ сияқты халықтарды империя құрамында ұстап қалу мақсатында түрлі

әдіс-айлаға көшті, ал Алаш сияқты азатттық күштермен күрес барысында репрессиялық шараларға жиі және емін-еркін барып отырды.

Мен осы арада сіздердің назарларыңызды мынадай бір мәселеге аударғым келеді. Кеңестік билік Алаш зиялыларына қарсы ашық әрі перманентті репрессиялық шараларды жүргізе отырып бұл қозғалыстың ұлт-азаттық сипатын түсінді ме? Бұл бізге Ресей империясы, сонан соң Кеңестік мемлекет құрамында болған тарихымызды тура түсіну үшін аса қажет нәрсе.

Әлем тарихында бірде-бір мемлекет өзінің отаршылық мазмұнын бүркемелеп, жасырып көрсетуде кеңетік билікпен тең келе алар ма емен? Әй қайдам, тең келе алмас.

Кеңестік биліктің Алаш қозғалысының ұлт-азаттық сипатын жақсы білгендігін куаландыратын құжаттар аз емес, жеткілікті. Бұл ретте Біріккен мемлекеттік саяси басқарманың (ОГПУ) қазақ азаттық қозғалысы, ұлт зиялылары үстінен тұрақты түрде жүргізіп отырған бақылау жұмысының есеп материалдарын алса да жеткілдікті. 1922 жылдың соңғы тоқсаны бойынша жасалған сондай бір ГПУ есебінде осы мекеменің тікелей тапсырмасымен Бөкейханов пен Дулатовтың тұтқынға аланып Орынбор ГПУ-ы қарауына беріліп, сондай-ақ Ақпаевтың жанында үш беймәлім серіктерімен Қарқаралыдан 900 шақырым жерде тұтқындалғаны ендігі уақытта Бөкейхановтың Мәскеуге жіберіліп, Дулатовтың Орынборда қалдырылып, ал Ақпаевтың Семейде абақтыдан босатылып,ГПУ қарауында болатындығы айтылады. Одан ары есепте мынадай сөздер берілген: «Результаты агентурной разработки Алаш орды и киргизских национальных группировок за последнюю четверть 1922 года, связанные с получением сведений, помещенных в настоящий доклад, позволяет сделать нижеследующие выводы об изменениях в национально-освободительном движении и о характере еге за отчетный период».

Қазақ ұлт-азаттық қозғалысының басшысы Ә.Бөкейханов осы мезгілден бастап өмірінің соңына дейін (сентябрь 1937ж.) оған Мәскеуден арнайы бөлінген бір бөлмелік пәтерде бақылауда тұруға мәжбүр болды (бұдан бұрын ол 1908-1917 ж. аралығында Қазақ жеріне келу құқынан айырылып Ресейдің Самара қаласында тұрған). Бұл билік орындарының қозғалыс басшысын қазақ ортасынан алыс ұстауының нақты көрінісі еді.

1930 жылы ОГПУ-дың орталық басшылығы өзінің ортаазиялық бөліміне «қазақ зиялыларын қыспаққа алуды күшейте түсу» жөнінде арнайы тапсырма береді. 1927-1932 жылдар аралығында Алаш зиялылары үстінен екі дүркін жүргізілген сот процесі қазақ ұлт-азаттық қозғалысымен біржола саяси есеп айырысудың, яғни оны талқандаудың өзі болатын. 

Сонымен, ХХ ғасырдың басында, яғни патшалық жүйе қойнауында нақ бағдарламалық негізде өмірге келген қазақ ұлт-азаттық қозғалысын кеңестік билік өз қолымен тұншықтырып, басты. Пролетариат диктатурасы атанған

саяси билік осылайша өзінің ұлттық идеямен қатар үйлесімді өмір сүре алмайтындығын іс жүзінде көрсетті.

Осы ретте мен сіздердің назарларыңызды баяндалған мәселеге тікелей қатысы бар тағы бір тарихи фактіге аудармақпын. Алаштық топқа шабуылға көшкен Кеңестік билік, бір қызығы сол, қазақ саяси басшылығының екінші бөлігіне, яғни большевиктік платформаны алғашқы қадамынан бастап-ақ қабылдаған С.Сейфуллин, С.Меңдешев, Т.Рысқұлов сияқты беделді топтың қолдауына сүйенді. Мәселен С.Мендешев 1920 жылы Алаштық саяси топты сынай келіп, «белгілі бір саяси ағымды ұстанған, сондай-ақ онымен шындап күрес жүргізуге тұрарлықтай қазақ интеллигенциясы болған емес және қазір де жоқ.  Ал кездейсоқ және ешқандай да негізсіз құрылған Алашорданың боласысы баяғыда-ақ болған» - деп салды.

С.Мендешевтің бұл тұжырымы қазақ облыстық партия комитетінің хатшысы Авдеевтің 1922 жылы айтқан «У нас еще свеж дух Алаш-Орды, этот дух мы застали в самом рассвете», - деген пікіріне мүлдем қайшы келетін еді.

Кеңестік билік жүйесінде қалыптаса бастаған жаңа партиялық номенклатура С.Қожанов айтқандай, «күніне бір мәрте Алаш-Орда  жөнінде ғайбат сөз айтпаса тамағына ас батпайтындай күйге жетті».

Мұндай құбылысты империялық орталықтың «бөліп ал да, билей бер» саясатымен байланыстыра салу, әрине жеңіл, бірақ мәселе, біздің  түсінігімізше, анағұрлым тереңірек сияқты көрінеді.

1.3. Алаш әскери күштері туралы деректер

Алаш тәжірибесі нені көрсетті?

Біріншіден, Алаш идеясы бұл белгілі бір топтың еркімен өмірге келген жасанды, сондықтан да өткінші құбылыс емес Ол ұлтпен бірге өмір сүретін,  ұлт өмірінен тамыр алған құндылықтар жиынтығы, ұлттың өмір сүру концепциясы. Алаш идеясын өмірден біржола ығыстыруға көп күш жұмсаған большевиктер құрған билік өмірден кете салысымен Алаш идеясының қайта жаңғыруы, қайта күш алуы оның өміршеңдік сипатын айғақтайды.

Алаш идеясының өзегі – ұлттық мемлекеттік. Құрметті Әлекең, Әлихан Бөкейханов айтқандай, мемлекеттігі жоқ халық – жетім халық.  Кез-келген болашағынан үміті бар ұлт үшін мемлекеттік негізгі құндылық. Міне осы тұрғыдан алғанда  Қазақ Республикасы – Алаш идеясының өмірлік шындыққа айналуының көрінісі ретінде бағалануы әбден орынды.

Ал оның ішкі әлеуметтік мазмұны, демократиялық принциптерге сүйенген қоғамда халықтың мәдени деңгейіне және саяси белсенділігіне тәуелді екендігін ұмытпағанымыз жөн.

Бүгінде нарықтық экономикаға бойлап енген халыққа Елбасы айтқандай, әлеуметшіл қазақтың, қазақстандықтардың барлық әлеуметтік топтарының жағдайын бірдей ойлайтын билік керек.

Екіншіден, кез-келген мемлекеттің тірегі белгілі бір ұлт, барлық

мемлекет осы жолмен қалыптасқан. Біз де сондай. Бүгінде халықаралық деңгейде кең таныла бастаған Қазақстан аталатын мемлекетке де өз атын берген де, сондай-ақ оның халқының басым көпшілігін құрап отырған да қазақ, яғни Алаш халқы.

Мұндай шындықты айту ұлтшылдықтың көрінісі ретінде қабылданған заман да болды. Енді міне жаңа заманда қазақтың жоғын айтуды ұлтшылдықтың, солшыл радикализмнің көрінісі ретінде түсіндірудің қисыны жоқ.

Мемлекет халқының басым көпшілігі болғандықтан қазақтың қорланып қалған мәселелері де  аз емес. Ал оларды атап айту, оларға билік орындарының назарын аудару – бұл бұл жергілікті жұртқа артықшылықтар талап ету емес. Ортақ мемлекеттік жүйеде қазақ халқының түрлі талап-тілектері өз уағында және заман талабына сай деңгейде шешілсе болғаны. Алаш зиялыларынан бізге жеткен аманат та осы бола керек.

Ахмет Байтұрсынов кеңестік кезеңде жазған мақалаларының бірінде: «Көбінесе мәдениеті төмен жұрт ақкөңіл,  анайы, аңқау келеді. Сондықтан да мәдениеті жоғары жұртпен араласқан жерде  алдауына, арбауына түсіп жем болады.

....Ол жем болудан мәдениеті жетілгенше құтылмайды. Қазақ жем болудан түбінде декрет қуатымен құтылмайды, мәдениет қуатымен құтылады.»

Ел басының  басшылығымен осы бағытта атқарылып жатқан істердің өз нәтижесін беретіндігі ешқандай күмән тудырмайды.

Американ саясаттанушысы С.Хантингтон әскери қуаттың төрт өлшемін көрсеткен: сандық көрсеткіш, яғни адам, қару-жарақ, техника, ресурстар; технологиялық – қарулану мен техниканы нығайтудың тиімділігі мен деңгейі; Ұйымдастыру өлшемі – тәртіп, әскердің үйретілуі, оның моральдық рухы, сонымен қатар тиімді басқару; қоғамдық өлшем - әскери күшті қоғамның тиімді қолдана білуге қабілеттілігі және ынтасы. Осы негізде Алаш Орданың әскери қуатына мән берсек, Семей қаласында құрамында 28 офицер және жаттығуды бастаған 750 атты жігіттері бар бірінші Алаш Атты Полкі құрылған.

Сонымен бірге қаражатсыз, қару-жарақсыз, киімсіз, нұсқаушысыз отырған Павлодар қаласында 150 жігіт, Зайсанда 200, Қарқаралыда 250 және Өскеменде 250 жиналған.

Алаш-Орда өкіметінің Әскери бөлімі 1 шілде 1918 ж. № 235 деп тіркелген Әскери Министрлік басқармасына былай деп жазған: «Алаш-Орда өкіметі Уақытша Сібір өкіметімен большевиктермен күресеміз және елді ҚҰРЫЛТАЙ Жиналысына дейін жеткізеді деп шешті. «АЛАШ-ОРДА» өкіметі өз армиясын құру туралы қаулы қабылдады; қару-жарағы, Армияны ұстайтын айтарлықтай  қаражаты жоқ. «АЛАШ-ОРДА» өкіметі УАҚЫТША

СІБІР ӨКІМЕТІНЕН қырғыз Армиясын инструкторлармен, қару-жарақпен, және азық-түліктің барлық түрімен қамтамасыз етуді сұрайды.

«АЛАШ-ОРДА» өкіметі Қырғыз Армиясын құру туралы талдағанда 4-Атты Корпусты және бір жеке дивизияны құрамыз деп шешті. Қырғыз Армиясы төмендегі шарт бойынша құрылады:

1) Командалық құраманы тағайындағанда сайлау бастамасына жол берілмейді.

2) Басқару лауазымына тағайындалғанда шені, жасы, ұлты есепке алынбайды, тек білімі мен тәжірибесі есептеледі.

3) Басқару лауазымына тағайындауды Қырғыз Әскери Штабы жүзеге асырады.

4) Әскерде қандай да бір құрамалық не шаруашылық Комитеттің болуына жол берілмейді.

5) Армияның негізі басшының еркіне сөзсіз бағыну түрінде бейнеленетін қатаң тәртіп болып табылады.

6) Қырғыз Армиясы барлық жағдайда өз Штабына тікелей бағынады, алайда Уақытша Сібір өкіметі әскерімен бірге іс-қимыл жасағанда ұлтына қарамай Жоғары Штабқа бағынады», - деп жазылып, Әскери бөлім меңгерушісі капитан Тохтамышев, Адъютант подпоручиктің қолы қойылған. Осы құжаттың шетіне «Толық және нақты жауап беруіңізді сұраймын: «Алаш-Орда» өз Армиясын кез келген федерация конституциясының негізгі пунктісі болып саналатын Жалпыресейлік армияның құрамдас бөлігі деп санай ма әлде жоқ па? 26-1 шілде 1918 ж. Генерал-Майор Гришин-Алмазов», - деп жазылған.

Дивизия құрылатын пунктер болып мына қалалар тағайындалды: Семей облысында – Семей, Павлодар; Ақмола облысында – Көкшетау мен Ақмола.

Штаб дивизиялары мен Семей қаласы, бірінші бригаданың штабы және атты артиллерия дивизиясы Семей қаласында, екінші бригаданың штабы Көкшетау қаласында орналасады.

Қазіргі кезде «Алаш-Ордада» «Бердань» жүйесіндегі 300 винтовка бар, оны «Алаш-Орда» 3 линиялы винтовкамен біркелкі қаруландыру үшін Сізден ауыстыруын сұрайды /Сіз уәде берген 700 винтовкадан тыс/.

Винтовкалар былай бөлінеді: алғашқы екі полктің әрқайсысы 400 винтовкамен, ал екінші кезектегі екі полк әрқайсысы 100 винтовкамен жабдықталады.

Екінші кезектегі полктерді құру қажеттігі мына мақсаттан туындайды: 1) жұмыс істеп тұрған полктерді оқытылған адамдармен және аттармен толықтыру, 2) болашақта құру жағдайына сай толық оқыған кадрлардың болуы.Атты артиллерия дивиязиясын құру қажеттігі мына мақсатқа

байланысты: 1) артиллерияның жеке құрамын оқытудың күрделілігі, қарудың басқа түріне қарағанда оқытуға уақыт көп кетеді. 2) қарсыластар жаулап алған жағдайда Қырғыз полктерінде қаруды игеретін мамандардың болуы. 3) одан әрі құрылу үшін оқытылған адамдардан қажетті кадрлардың болуы.

«Әскери Министрлік басқармасына. №235 26-шы-1 шілде 1918 ж. Сіздің қабылдаған резолюцияңызға менің қатынасым туралы жауап ты хабарласам, Алаш-Орда өз армиясын федеративтік өкімет қол астындағы Жалпыресейлік армияның құрамдас бөлігі деп ойлайды. Алаш-Орданың Әскери бөлім меңгерушісі Капитан Тохтамышев. № 236. 1 шілде 1918 ж. Омбы қаласы. Көшірме дұрыс. Адъютант Подпоручик Марусевич» [2, 95 б.].

Қай кезде болмасын тарихи сабақтастық болатыны заңды. Қазіргі кезде тәуелсіз Қазақстан армиясының қалыптасуында да Алаш Орданың өткен жолының іздері бар екені белгілі.

Қалыптасқан игі дәстүр бойынша халқымыз бен Отан қорғаушылар 1941-1945 жылдарғы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің жарқын мерекесі қарсаңында Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылған күні – Отан қорғаушы күнін атап өтеді. Ол елімізде қастерленетін мерекелер арасында лайықты орын алып, ұрпақтар дәстүрінің сабақтастығын арттырып келеді. Біз қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы майдандарындағы ерліктерін, олардың тылдағы қажырлы еңбегін мақтан тұтамыз. Ұлы Жеңісті жақындатқан адамдардың ерлігі мен жанқиярлығы алдында бас иеміз.

Ерлік ешқашан ұмытылмайды, ол жылдар өткен сайын мәртебесі өсіп, айбындана түседі. Аға ұрпақ­тың жауынгерлік дәстүрлері төл Қарулы Күштеріміздің қатарында қызмет атқарып жүрген бүгінгі қазақстандық жауынгерлердің сапында лайықты жалғасын табуда.

Осыдан 14 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойды.

Сол кездегі қалыптасқан ахуалға байланысты оның тікелей басшылығымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығын және оның дамуын қорғау мақсатында армия құру үшін жағдайлар жасалды. Бұл туралы Елбасы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә.Назарбаев жақында өткен “Іле-2006” кең ауқымды оқу-жаттығуының қорытындысын шығару кезінде әскери қызметшілерге арнап сөйлеген сөзінде нақты әрі толыққанды айтып берді.

Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарында Отан қорғау мүмкіндігіне ие болу – зор құрмет, деп атап өтті Мемлекет басшысы. Сіздер Отанымызды ғана емес, сонымен бірге өздеріңізді және өз отбасыларыңызды қорғаушылар болып табыласыздар. Биылғы жылы мен Қарулы Күштерімізді дамытудың жаңа бағдарламасын бекіттім. Болып жатқан қиындықтарға қарамастан,

тәуелсіздігіміздің 15 жылы ішінде мемлекет Қарулы Күштер құру үшін қолдан келген мүмкіндігі мен қаражатын аяған жоқ. Біз барлығын жаңадан бастадық. Қазақстанда біз мақтаныш тұтып жүрген қазіргідей күштер болған емес. Біз бейбіт ел, бейбіт мемлекетпіз. Басқа елдерге, соның ішінде көршілерге ешқандай өкпе-назымыз жоқ. Дегенмен, Тәуелсіздігімізді, өз шекарамызды қорғау үшін барлық уақытта ұтқырлығы жоғары, жақсы жабдықталған Қарулы Күштеріміз бен сенімді, жан-жақты даярланған Отан қорғаушыларымыздың болуы тиіс. Қазіргі уақытта біздің армиямыз кезең-кезеңмен келісім-шарттық жүйеге көшуде. Осыған байланысты біз әскердегі қызмет мерзімін бір жылға дейін қысқарттық. Алайда, біздің ер-азамат жастарымыз әскери даярлықтан және Қарулы Күштердегі қызметтен өтуі тиіс. Өткізілген оқу-жаттығулар, соның ішінде “Іле-2006” оқу-жаттығуы да кәсіпқойлардың өзгелерден жақсы жұмыс істейтінін растады. Бұған Әуе қорғанысы күштерінің, Аэроұтқыр әскерлердің бөлімдерін мысалға келтіруге болады. Мысалы, “Қазбат” бітімгершілік батальоны толықтай келісім-шарт бойынша әскери қызметшілермен жасақталған, қазіргі заман талаптарына сәйкес жарақтандырылған және бітімгершілік миссияда іс жүзінде тәжірибе жинақтаған. Қорғаныс министрлігі бітімгершілік күштерін дамытудың бағдарламасын әзірленіп, қол қойылған меморандумға сәйкес “Қазбат” Біріккен Ұлттар Ұйымының “көгілдір каскаларының” құрамына кірді. Қазбаттың” маңыздылығы – Қазақстан мен оның Қарулы Күштерінің халықаралық абырой-беделін нығайтудың елеулі факторы. Ел Парламентінің 2003 жылғы тамыздағы шешімі бойынша “Қазбаттың” инженерлік-саперлік жасағы Иракта өз миссиясын атқарып келді. Қазақстан саперлары 3,5 миллион данадан астам оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды залалсыздандырды. Сондай-ақ бітімгершілер 500-ден астам ирактық азаматтарға медициналық көмек көрсетті. Сонымен қатар, жасақ Ирак қауіпсіздік күштерінің мамандарын даярлаумен шұғылдануда, бүгінгі күнге дейін 100-ден астам ирак әскери қызметшілері оқытудан өткен.

Информация о работе Алаш қозғалысы саяси және тарихи көзқарастары