1991 ж тамыз төнкерісі

Дата добавления: 07 Февраля 2013 в 18:51
Автор: a************@mail.ru
Тип работы: реферат
Скачать полностью (21.15 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

1991 жылғы тамыз төнкерісі.doc

  —  84.50 Кб

. 1991 жылғы тамыз төнкерісі.

1991 жылы сәуір-мамыр  айларында (Новоогоровте) (президенттің  резиденцияси) М.С. Горбачев тоғыз  одақтас республикалардың басшыларымен  келісім жүргізді. Бұл келісімде  жаңа одақтық шарт туралы мәселе  көтерілді. Келесімге қатысушылардың барлығы жаңарған Одақ жөніндегі шартты қолдады. Шарта Суверенді Мемлекеттердің Одағын құру көзделді. Сонымен қатар, өкімет органдарын және басқару қүрылымын, жана Конституцияны қабылдау, сайлау жүйесін өзгерту белгіленді. Шартқа қол қою мерзімі 20 тамыз 1991 жыл белгіленді.Жаңа одақтық шарттың жобасын жариялау және талқылау қоғамда жікке бөлінушілікті тереңдетті М.С. Горбачёвті жақтаушылар бұл құжатта қарама -қарсылықтың деңгейін төмендету және елде азамат соғысының болуы қауіпінен құтқару мүмкіндігін көрді. Бір топ ғалымдар бұл шартқа қарсы шықты.Жаңа шартқа қарсыластар КСРО-да қалыптасқан халықшаруашылығының кешенін (комплекс) ыдыратып елде экономиқалық дағдарысты тереңдетеді, деп сескенді. Жана шартқа қол қоюға бірнеше күн қалғанда, аппозициялық күш реформалық саясатқа қарсы шығып, мемлекеттің (КСРО) ыдырауын тоқтатуға әрекет жасады.1991 жылы 19 тамызда КСРО үкіметінің жоғары билігіндегі аз ғана топ КСРО Президенті М.С. Горбачовтің денсаулығына байлынысты қызыметінен босатып, оның орнына вице – президент Г.И.Анаевтың тағайындалғаны туралы мәлімдаме жасады.Мемлекетті басқару үшін 8 адамнан тұратын КСРО-дағы төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комитет (ТЖМК) құрылды. ТЖМК-ның басында КСРО вице-президенті Г.И. Янаев, примъер-министр В.С. Павлов, КСРО қорғаныс министрі Д.Т. Язов және оның замы О.Д.Бакланов, КСРО МХҚ-тің төрағасы В.А.Крючков, ішкі істері министрі Б.К. Пуго сияқты жоғарғы биліктегілер тұрды. ТЖМК-ның мақсаты КСРО-дағы ауыр экономиқалық және саяси жағдайды пайдаланып, билікті қолдарына алу. КСРО Жоғарғы Қеңесінің төрағасы А.Лукьяновтың қолы қойылған ТЖМК қолдау көрсетуге шақырған «Кеңес халқына үндеу» жарияланды.КСРО Президентінің міндетін атқарушы Г. Янаев еліміздегі тетенше жағдайдың 6-ай мерзімге созылатынын және БҰҰ-на және мемлекеттермен үкімет басшыларына түсінікпен қарау туралы мәлімдеме жасады.ТЖМК-ның бірінші қаулысы бойынша барлық қоғамдық-саяси қозғалыстардың қызметіне тыйым салынды. Бұл әрекет-мемлекеттік төнкіріс. Қырымда дем алып жатқан КСРО Президенті М.С. Горбачев бұл оқиғадан бейхабар болды.

ТЖМК-ның  әрекетіне әлем жұртшылығының көзқарасы  әртурлі болды.Қырғызстан, Украина өз территорияларында жаңа үкіметтің жарлықтары жүрмейтіндігін мәлімдеді. Әскерлердің бір бөлігі халық жағына шықты. АҚШ Президенті Д.Буш КСРО-ғы Конституциялық басқаруды қалпына келтіру бағытындағы РКФСР Президенті Б.Н.Ельциннің әрекеттерін қолдады. Европа экономиқалық Кеңесінің өкілдері М.С. Горбачевтің қайтып оралуын талап етті, талап орындалмаған жағдайда КСРО-ға берілетін көмекті тоқтататындығын мэлімдеді.Ирак және Қытай үкіметтері ТЖМК-ның құрылуын жақтады. Москвадағы тамыз төңкерісіне Қазақстан халқының көзқарасы әр түрлі болды. «Желтоқсан», «Азат» қозғалыстары сияқты көпшілік қоғамдық саяси үйымдар ТЖМК-ны (Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік Комитет) айыптады.1991 жылы 20 тамызда Президент Н.Ә.Назарбаев республика халқының алдында жасаған жаңа мәлімдемесінде ТЖМК-ны жақтамайтынын, бұл әрекеттің конституцияға сәйкес келмейтінін айтты. ТЖМК халықтан қолдау таппады.1991 жылы 21 тамызда М.С.Горбачев Москваға келіп, билікті қолына алды. ТЖМК-ны құрғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Сонымен тамыз төңкерісі күйреді. 1991 жылы тамыздың 20-сында жасалуға тиісті одақтық келісімшарт жасалмады. Новоогорев келісімі сәтсіздікке үшырады. Тамыз төнкерісі КСРО-ның күйреуін тездетті. Осыдан кейін Қазақ КСР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақ КСР-інің Қауіпсіздік Кеңесін құру жанінде», «Семей ядыролық сынақ өткізу полигонын жабу туралы», «Қазақ КСР сыртқы экономиқалық дербестігін қамтамасыз ету туралы» т.б. жарлықтар шығарды.Мемлекеттік төнкерістің сәтсіз аяқталуы Кеңес Одағы Коммунистік партиясының беделін түсірді. 1991 жылы 23 тамызда Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев КОКП ОК-ң саяси Бюро мүшелігі қатарынан шықты.1991 жылы 7 қыркүйекте Алматы қаласында болған партия съезінде Қазақстан Коммунистік партиясын тарату туралы шешім шықты. Осылай Қазақстан Коммунистік партиясы өмір сүруін тоқтатып, оның орнына Қазақстан Социалистік партиясы құрылды.Елдегі болып жатқан саяси процестер жастар ұйымына да әсер етіп, комсомол ұйымының беделі құлдырай бастады. 1991 жылы қазан айында болған Қазақстан комсомолының XVIII съезі шешімімен Қазақстан комсомолы тарады. Енді оның орнына қазақстан Жастар Одағы құрылды. Комсомолдан кейін Қазақстан пионер ұйымы да тарады. Республика Кәсіподағы көптеген ұсақ ұйымдарға бөлінді.Сойтіп, саяси жүйенің дағдарысы ел өмірінде осылайша қоғамдық-саяси және демократиялық өзгерістер туғызды.

2. КСРО-ның ыдырауы. Қазақстаның  тэуелсіздік алуы. ТМД-ның қурылуы.Тәуелсіз Мемлекетер Достығын (ТМД) қурылуы.991 жылы 8 желтоқсанда РСФСР, Украина, Белеорусь басшилары Минск қаласында кесдесті (Беловеж келесімі). Талқыланған негізгі мәселелер-1922 жылғы КСРО қүру тұралы келісімшартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын құру. Бас қосуда осы мәселелер туралы қағаздарға қол қойылды. Бұл кездесуге Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев та, басқа Ортаазиялық республикалардың басшылары да шақырылмады.1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қыргызстан, Туркіменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабадта бас қосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск (Беловеж келесімі) шешімін қолдайтындықтарын білдірді. 1991 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Туркіменстан, РСФСР, Украина, Белорусь, Армения, Молдова Алматыда бас қосты. Оған Грузия бақылаушы есебінде ғана қатысты.

1991 жылы 21 желтоқсанда  аталған 11 республиканың басшылары  КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру  туралы келісімге қол қойды.

Алматы кездесуі кезінде келісілген мәселелердің аса  бір маңыздысы ядролық қаруға қатысты бірлескен шара жөніндегі  келіссөз еді. Оған қолдарында ядролық қарауы бар мемлекет есебінде Белорусь, Казақстан, Россия Федерациясы және Украина республикаларының басшылары қол қойды. Мемлекеттер келісімі бойынша-қатысушылар ядролық мәселе жөніндегі саясатты бірлесе жасап, Тәуелсіз Елдер Достығына енетін барлық республиқалардың ұжымдық қаупсіздігін қамтамасыз етуге тиісті болды.

Президентті бүкілхалықтық сайлау.

Қазақ КСР-ның жоғарғы  Кеңесі 1991жылғы қазанның 16-сындағы  қаулысында 1991жылғы желтоқсанның 1-інде сайлау өткізу жөнінде қаулы шығарды. «Президент сайлау жөніндегі Заң» Қабылданып, ол бойынша 1991 жылғы желтоқсанның 1-інде бүкілхалықтық сайлау қортындысымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды, Е.М. Асанбаев-вице президент. Желтоқсанның 10-ы күні Президенттің таққа отыру рәсімі болып, ант берді.

Қазақстанның  мемлекеттік тәулсіздігін жариялау.

Кеңестік жүйенің  ауқымынан босап шыққан республикалар  «кеңестік», «социалистік» деген  атаулардан бас тарта бастады. 1991 жылғы желтоқсанның 10-ы Республика Жағарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ Кеңестік Социалистік РеспубликасынҚазақстан Республикасы деп өзгертілді.

КСРО-ның ыдырау процесін тездеткен 1991 жылғы тамыз  бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін  жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Қеңесінің жетінші сессиясында « Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Осы күні Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Сонымен, 1991 жылғы 16 желтоқсан Республиканың тәуесіздік алған күні.

Қабылданған Заң  бойынша Қазақстан тәуелсіз демократиялық  құқылық мемлекет ретінде анықталды. Ол өз аумағында барлық өкімет билігін  толығынан қолданады ішкі және сыртқы саясатты өз бетінше жүргізеді, республика барлық мемлекеттер мен халықаралық  құқық принципі негізінде өз қарым-қатынасын орнықтырады. Қазақстан Республикасының шекаралары біртұтас бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды. Қазақстан Республикасының және оның атқарушы өкіметінең басшысы Президент болып табылады.

Сонымен, Қазақстан  мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы еліміз тарихындағы аса ірі маңызы бар оқиға болып табылады.

3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік  құрылысы.

1992 жылы Н.Ә. Назарбаевтің  «Қазақстанның егемен мемлекет  ретіндегі қалыптасуы мен дамуының  стратегиясы еңбегі жарияланды. Бұл еңбектің маңызы:  
-Тәуелсіздік жолына түсүдегі басты бағыттар көрсетілді.  
-Ел дамуының түбеғейлі концепциясы алғаш рет анықталды.  
-Ішкі және сыртқы саясат саласындағы, ұлттық қуіпсіздік жөніндегі міндеттер сараланды.  
-Қазақ халқының тарихи миссиясына тоқталып, жергілікті ұлт мүддесі ерекше ескерілетіні қажеттігі айтылды.

«Ұлт өзінің мемлекеттігінсіз ұлт болып өмір сүре алмақ емес…Біздің  мемлекетімізде тұрғылықты ұлттың-қазақтардың  мүдделері жекелеген мәселелерде  ерекше атап айтылатыны әбден орынды, мұның өзі мемлекеттердің бірқатарында тап, осылай етіледі де», деп атап көрсетті Н.Ә.Назарбаев.

Республиканың Туын, Елтанбасын және Гимнін қабылдау.

1991 жылдың соңында  егемендігін жариялаған Қазақстан  өз мемлекеттігін құрудың жолына  түсті, мемлекеттік тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1992 жылғы қаңтарда оның ішкі істер әскері құрылды.

Қазақстаның тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы кезек  күттірмейтін міндет ретінде оның мемлекеттік  нышандарын (символдарын) қабылдауды талап  етті. Бүкілхалықтық талқылаудан кейін 1992 жылғы маусымда Жоғарғы Қеңестің сессиясы Республиканың жаңа мемлекеттік Туын мен Елтанбасын бекітті. Ту авторы-суретші Шәкен Ниязбеков, Елтанба авторлары-сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов. 1992 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мемлекеттік Әнұранның мәтіні бекітілді. Мәтінін жазғандар- Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдагалиев, Жадыра Дарибаева. Әуенін жазғандар- Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский, Латиф Хамиди (1944 ж. нұсқасы сақталды).

1993 жылғы қантардың 28-інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Негізгі Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды. Оның Құрамдас бөлімі еліміздің қоғамдық даму ерекшелігін бейнелейтін өтпелі кезең жадайларына арналған тарау.

ТМД-ның кейбір елдерінде КСРО мемлекеттік банкі мен Россия банкісінің 1961-1992 жылға банкнот айналымының тоқталуына байланысты, Қазақстанға осы банкноттардың заңсыз түрде енгізілуі күрт жоғарылады. Оның салдары: елдегі барлық қаржы жүйесі құлдырады, ақша құнсызданды, тұрғындардың тұрмыстық деңгейі төмендеді. Осы себептерден Қазақстан өзінінің ұлтық валютасын енгізуге шешім қабылдады. 1993 жылғы 5 қарашада «Ақша жүйесін тұрақтандыру жөнінідегі шұғыл шаралар туралы» Президент жарлығы шықты.

1995 жылғы 1 наурызда  мемлекет басшысы жанындағы қоғамдық консультациялық-кеңесші орган-Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Мақсаты: қоғамдық тұрақтылықпен ұлтаралық татулықты нығайту.

1995 жылғы 24 наурызда  Қазақстан халықтары Ассамблеясы  (ҚХА) сессиясы ашылды. Онда қаралған мәсиелер: Президент Н.Ә. Назарбаевтің өкілеттігін 2000 жылға дейін ұзарту мақсатынында бүкілхалықтық референдум өткізу туралы ұсыныс енгізу. Елбасының бұл қызметте болуының бірінші конституциялық мерзімі 1996 жылдың желтоқсанында аяқталатын еді.

1995 жылы 29 сәуірде Президент Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзарту жөнінде бүкілхалықтық референдум өткізілді. Сайлаушылардың 95,4%-ы Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттілігін ұзартуды қолдады. Бұдан кейін әкімшілік-басқару аппаратын қысқарту және құрылымдық оңтайландыру жөнінде батыл шаралар қолданылды. Орталық үкімет қайта құрылып сан жағынан ықшамдалды, жерлікті жердегі басқару құрылымдары қысқартылды. Нәтижесінде 1997 жылы министрліктер мен ведомстволар 50-ден 25-ке азайды. Әкімшілік ауданның 220-ның 30-ға жуығы таратылды. Әкімшілік облыстар 19-ден 14-ке кеміді. 1997 жылы 22 сәуірде Торғай, Талдықорған облыстары таратылды. 1997 жылы 3 мамырда Көкшетау, Жезқазған, Семей облыстары таратылды. Қазаргі кезеңде Қазақстанда 14 облыс бар.

1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл негізгі Заңымызда республиканың экономиқалық қүш-қуаты мен мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан тиянақталып, халықтың әлеуметтік топтарына тиісті мәселелерді шешу ескерілді. Конституцияның ерешеліктері:  
1. Демократиялық Президенттік басқаруға жол ашылды.  
2. Парламент екі палаталы болды: Сенат және Мәжіліс депутаттар саны 177-ден 114-ке қысқартылды.  
3. Жалпы және төрелік соттар жүйелері біріктірілді. Олардың қызметіне араласуға жол берілмейді, ісіне қол сұғуға болмайды. Судьялар нақты істері бойынша есеп бермейді, тек Конституция мен Заңға бағынады.  
4. Билік тармақтарына, мемлекеттік лауазым иелеріне Конституциялық құқықтарды бұзуға жол берілмейді.  
5. Қазақстан мемлекеті ұлтына қарамастан барлық азаматтардың мүндесін қорғайды.  
6. Республикада қос азаматтыққа жол берілмейді.

Тарихи маңызы:

- Егеменді  Қазақстанның әлем қоғамдастығы  алдындағы бар болмысы, өркениетті  даму кезеңіндегі ерешеліктері, әлемдік демократия даму кезеңіндегі  ерекшеліктері, әлемдік демокротиялық құндылықтары көрініс тапқан.

- Республиканың  одан әрі даму кезеңіне арналган  тарихи құжат.

Қазақстан қоғамын реформалау барысында астананы Алматыдан Ақмолаға көшеру идеясы туындады. 1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес  депутаттары астананы Ақмола қаласына көшіруге шешім қабылдады. Нәтижесінде 1997 жылы 9 желтоқсанда Ақмолаға мемлекеттік рәміздер эталоны және Қазақстан Президентінің байрағы жеткізіліп, осы жылдың 10 желтоқсанда Ақмола ресми астана болып белгіленді, ал 1998 жылы 6 мамырда Президент Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды. 1998 жылы 10 маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болып өтті.

«Қазақстан-2030» стротегиясы .

1997жылы  қазан айында Президент Н.Ә.  Назарбаевтың «Қазақстан-2030» жолдауы  жарияланды.

Жолдауда қаралған мәселелер:  
1. Экономикалық дағдарыстан шығу жолдары.  
2. Реформаларды аяқтау.  
3. Алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу.  
4. «Қазақстан барысын» қалыптастыру.

Жолдауда  болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың ерешеліктері айтылды.

Бұл бағдарлама еліміздің саяси, әлеуметтік-экономиқалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген.

2030 жыл  –Қазақстан күрделі жолдан ойдағыдай  өткен және дамудың келесі  кезеңіне нық қадаммен аяқ басқан ел болады.

4. Қазақстаның экономиқалық дамуы.

Экономиқалық рефорамлар.

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасында  жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға  көшу үрдісі басталды. Алдымен экономиқалық реформалар жүргізілді. Қазақстанда  жүргізілген экономикалық реформалар республика органдарының экономикалық басқарудағы рөлін, орны мен функциясын түбегейлі өзгерту жолдарын қарастырды. Министрліктердің ендігі міндеттері-басқару емес, өнеркәсіптердің техниқалық дамуына, салааралық өркендеуіне дұрыс бағдар таңдау жұмыстарымен айналысу.

Экономикалық  реформаны дамыту жағдайында 35 станционерліқ  қоғам, 75 салааралық сыртқы, экономикалық ассоцияциялар, 30-ға жуық концерндер мен  консорциумдер, 30-дан астам коммерциялық банктер құрылды.

Жекешелендіру. Нарықтық құрылымының дамуын жеделдету мақсатында мемлекет меншігінен алу және жекешелендіружоспары жасалды. Ең бірінші кезекте нәтижесіздік танытқан мемлекеттік секторларды жекешелендіру қажет болды. Қазақстандығы жекешелендіру салық салу реформасы, бағаны қалыптастыру, еңбекті өтеу және бөлектену саясатымен қатар жүзеге асырыла бастады.

Страницы:12следующая →
Описание работы
1991 жылы сәуір-мамыр айларында (Новоогоровте) (президенттің резиденцияси) М.С. Горбачев тоғыз одақтас республикалардың басшыларымен келісім жүргізді. Бұл келісімде жаңа одақтық шарт туралы мәселе көтерілді. Келесімге қатысушылардың барлығы жаңарған Одақ жөніндегі шартты қолдады. Шарта Суверенді Мемлекеттердің Одағын құру көзделді. Сонымен қатар, өкімет органдарын және басқару қүрылымын, жана Конституцияны қабылдау, сайлау жүйесін өзгерту белгіленді.
Содержание
содержание отсутствует