Агроөнеркәсіптік кешен

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 09:51, курсовая работа

Описание работы

Өзектілігі: Агроөнеркәіп кешені дегеніміз не және оның құрамына кіретін салаларға, қандай ерекшеліктері мен оның құрамына қандай салалар жататынын анықтауға бағытталған.

Мақсаты: Ауыл шаруашылығын өңдеу, оларды сақтау, сапалы өңдеу және дер кезінде халыққа жеткізуң маңызын ашу.

Міндеті: Курстық жұмыстыжазу барысында мынадай міндеттемелер ескрілді:
Экономикалық аудандардағы шаруашылықтың орналасу ерекшелігі
Ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін салалар
Жер жырту технологиясы
Жалпы АӨ К мәнін ашу және оған қандай салалар жататынын анықтау

Содержание

Агроөнеркәсіп кешні
Ауыл шаруашылығына жалпы сипаттама
Экономикалық аудандардағы шаруашылықтардың орналасуы
Ауыл шаруашылығы және қоршаған орта.
Ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін салалар

Агроөнеркәсіп кешеніне жалпы сипаттама.
Дәнді – бұршақ және техникалық дақылдарды жинау.
Зианкестер мен ауруларға қарсы күрес шаралары
Жер жырту технологиясы.
Қазақстанның жер қоры.

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ҚОСЫМШАЛАР

Работа содержит 1 файл

АӨК.курсовая.doc

— 213.00 Кб (Скачать)

    Тамақ өнеркісібінің үшінші тобы балыц аулау және балъщ өңдеумен байланысты. Қазакстандық Каспий жағалауына ТМД елдері бекіре балығының 70 пайыздан астамы келеді. Балық өңдеу кәсіпорындары Атырау, Баутино, Балқаш, Алғазы, Приозерск (Зайсан маңы) т.б. Арал қаласында Дания мемлекеті көмегімен камбала балығын аулау және оны өңдеу жүзеге асады.

   Төртінші  топқа өнеркәсіптік өндеуден өткен жартлай шикізатты (мысалы, ұн) өңдеу арқылы өнім алу жатады. Оған нан жабу, кондитер, макарон, маргарин, шай өлшеу, ашытқы шығару өндірістері жатады.

    Еліміздің ірі  кондитер фабрикаларына Алматы «Рахат»,  Қарағанды

Және Қостанайдың «Баян сұлу» т.б. жатады.

   Макарон фабрикалары Актөбе, Петропавл («Сүлтан»), Семей, Қарағанды т.б. қалаларда.

    Ашытқы және маргарин шығарудың басты орталығы Алматы каласы.

   Нан жабу еліміздің ірі, шағын калалары т.б. елді мекендерде орналасқан.

   Халық тұтынатын азық-түлік ассортиментінің 80 пайызын Қазақстанның өзі өндіруге мүмкіндігі бар. Оған жерінің ауқымы, табиғи жағдайы, еңбек қол күші, халқының білім деңгейі, бәрі де жетеді. Бірақ әлі күнге осы мүмкіндікті дұрыс пайдалана алсақ, бірте-бірте ішкі рынокты азық-түлікпен қамтып қана қоймай, сыртқа сапалы дайын өнім экспортын шығарушы елге айналуға болады. 
 
 
 

2.4Жер жырту технологиясы.

Загонды  жырту жер жыртатын агрегаттың қабылданған жүріс тәсілін ескере  отырып жүргізіледі.

Қарапайым ирек тәсілмен көбіне қопара  жыртылады да, қайыра жырту сирек қолданылады. Агрегаттардың   әрқайсы жеке  жеке  загонда біріне – бірі тәуелсіз жұмыс істейді.  Жеке загонда бір мезгілде бірнеше агрегаттардың  жұмыс істеуі сирек болады.

Күрделі ирек тәсілді қолдануда алдымен – бірінші, онан кейін үшінші  загон қайырыла жыртылады. Бұдан соң бірінші және үшінші загондардың аралығында орналасқан  екінші  загон өңделеді. Қайыра жыртылған агрегаттың соңғы рет жүріп өткен кезде қалдырған  бороздасы бойынша бірінші  шеңбер жасай отырып, екінші загон қопара жыртылады.  Демек қайыра жыртылатын тақ санды загондардағы агрегаттың соңғы жүріп өтулерінде барлық корпустар тереңдетіледі.

      Одан  әрі төртінші загон өңделмей қалдырылып,  келесі тақ загон қайыра жыртады  да, оны жыртып болғаннан кейін  төртінші загонға қайтып оралып, ол қопарыла жыртылады. Онан кейін кезекті тағы да жұп загон жыртылмай қалдырып қойған жұп загонға қайтып орлады.  Қалған загондардың барлығы да осындай тәртіппен жыртылады.

      Егер  өткен жылы бірінші загон, қайыра жыртылатын болса, онда бұл жолы қара топырақ жыртылады. Жартылай қалдырылған бірінші  загон  екінші загонды өңдегеннен кейін қопара жыртады. Келесі загон қайыра жыртылып, үшіншісі жыртылмай қалдырады да, ол төртінші загонды жыртып, болғаннан кейін ол қопара жыртады.  Алқаптағы қалған загондарда дәл осындай тәртіппен өңделеді.

      Ирексіз күрделі  тәсіл  былайша сипатталады: Жыртылмаған алаптардың ені загон енінің төрттен бір бөлігіне тең болғанға дейін немесе загонның жыртылмаған алқабының ені ирексіз бұрылуларды қиындататын  мөлшерде таралғанға дейін солға бұрылып отырып, бірінші загон қайырыла жыртылады.

      Мұнан кейін бірінші және екінші загондардың  шекарасы  болып табылатын межелеу  бороздасына іргелес жатқан жыртылмаған  алаптың айналасы агрегат оңға бұрылған кезде қайырыла жыртылады. Бірінші зонадағы жыртылмаған алап қалдықтары, ол үшінші загонмен бірге өңделеді.

      Енсіз загонды тәсіл. Жүрістің үшінші загонында тәсілін қолдануға  агрегат бірінші загонның сол жақ жартысына келеді де, загонның ортасынан жүргізілген межелеу бороздасының бағытымен жүріп өтеді.

      Сөйтіп, алдымен бірінші загоның сол  жақ жартысы  мен екінші загонның оң жақ жартысымен  бірге жыртылады.

      Келесі  жүріп өткенде  агрегат солға  қарай бұрыла отырып, үшінші загонның сол жақ жартысымен бірінші загонның  оң жақ жартысымен қопара өңдейді.  Бірге өңдейтін үш загонды жырту екінші загонның сол жақ жартысы мен үшінші загонның оң жақ жартысын жыртумен аяқталады.

      Жер жыртатын агрегат  жүрісінің төрт загонды  тәсілін қолданғанда  іргелес төрт загонды бір мезгілде өңдейді.

      Енсіз загонды тәсілді қолдануға  байланысты барлық  алқапты жыртып болғаннан  кейін бірінен - бірі 70-120 м қашықтықтағы тереңдігі 30-35 см болатын су қашыртатын бороздалар  жасалады. Бұл бороздалар  қопарылған бороздаларды кесіп өтіп, құрғату каналдарына қосылып, шамадан артық ылғалдың  алқаптан ағызылуын қамтамасыз етеді.

      Загонсыз  шеңберлік тәсіл. Агрегат алқаптарының ортасынан шетіне қарай жүргенде алдымен, агрегатты  оңға бұрған кезде, көлденең жақтарын жыртпастан орталық  загон, қайта жыртылады. Жұмыс көмегімен бұрыштарда ғана жасалады. Аспалы агрегаттардың алқап шекараларының жанындағы соңғы өтулерін  кері жүрісті ирекпен орындауға болады.

      Жер жырту процесінде, әсіресе,алқапта  агрегаттың соңғы  жүрістері кезінде, бороздалардың  түзу болып,  алқап  шекарасына параллель орналасулары қадағаланады.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.3.Зиянкестер мен ауруларға қарсы күрес шаралары.

Жеміс-жидек  өсімдіктерінің, Егістіктердің зиянкестері  мен ауруларына қарсы күресте  химиялық, агротехникалық, биологиялық, механикалық және физикалық әдістер қолданылады. Олардың тиімділігін барлық әдістері әр жақты, комплексті  жүргізгенде  ғана арттырылады.

      Химиялық  әдістер зиянкестер мен ауруларға  қарсы  күресте өте жиі қолданылады. Бірақ олар дұрыс қолданылмаса көптеген теріс әсер салдарынан дақылдар өнімі төмендейді, сапа көрсеткіштері нашарлайды. Сондықтан да зиянкестер мен ауруларға қарсы күресте химиялық препараттар қолданудың ерекшеліктері туралы ережелерді қатаң сақтауы қажет.

      Химиялық  препараттар қолдану. Бұл қолданылатын обьектілері  жағынан  мына төмендегідей  топтарға бөлінеді.: Инсектицидтер - зиянкестерді құрту үшін, акарациттер - улы өсімдіктердің кенелерін, лимациттер  денелерді – шырыштыларды құрту үшін қолданылады. Жеміс жидек дақылдарына пестицидттер  шашу, тозаңдату, дәріленген қызықтырғыш улы заттар шашу, аэрозолдау әдістері қолданылады.  Шашу үшін ерітінділер, суспензия, препараттардың эмульсиялары пайдаланылады.

Ерітінділері - сұйық затта, яғни препараттар суға ерітіледі. Суспензиялар – сұйық  заттар, яғни қатты ұнтақ препараттар суға салғаннан  ерімеген қалқып жүреді.

      Эмульсия  – сұйық қоспалар, яғни ұсақталған  сұйық заттарға  араласады да қалқып жүреді.

      Аэрозоль  – сұйық заттардың тамшылары,   немесе қатты шаңды бөлшектер ауада қалқып жүреді.

      Аэрозоль  – сұйық заттардың тамшылары,  немесе қатты шаңдарды бөлшектер ауада  қалқып жүреді. Сұйық бөлшектердің аэрозолы – тұман, қатты заттардың аэрозолы болып аталады.

      Дуст -  ұсақ шаң тәрізді препарат, өсімдіктерді тозаңдандыру үшін пайдаланылады.

      Агротехникалық әдістер. Зиянкестер мен ауруларға қарсы күрес ұйымдастыру  және агротехникалық шаралар қолдану мәселелерін қамтиды. Ондағы мақсат  өсімдіктердің жақсы өсуін,  жеміс жидек дақылдарын жетілдіріп, тұрақтылығын жоғарылату үшін қолайлы жағдайлар жасау,  сонда-ақ зиянкестер мен ауру таратушыларды ең болмаса азайту. Агротехникалық  шаралардың бірі алдын - алса, яғни зиянкестердің көбеюіне жол берілмесе, екінші біреулері оларды жоюды қарастырады.  Барлық  жүргізілетін  шаралар  жеміс және жидек

Дақылдарының  қалыпты жағдайын жақсартуға бағытталады. Егер олардың әлсірегені байқалса, кез – келген ауруға және зиянкестерге  төзімсіз болатынын әрқашанда есте сақтау қажет.

      Физикалық және механикалық әдістер. Физикалық  әдіс те жеміс – жидек дақылдарын қорғау үшін қолданылады. Зиянкестер мен  аурулардың  пайда болуы есепке алынып, оларға қарсы күресу мерзімі анықталады. 

Механикалық әдіс. Бұл әдіске зиянкестердің қыстап шығатын ұясын және жұмыртқа салатын  орындарын бөліп тастау жатады. Ұстағыш  белбеумен жауын құрттарын аулау, қоңыз – бізтұмсықтарды қозғап шайқау, сондай – ақ отырғызылатын материалды дәрілеу жолымен зиянкестерді жою, сидам қабығын және қаңқа бұталарды тазалау, ұстағыш аспаптарды қолдану жолымен алма жегіш т.б. зиянды көбелектердің пайда болу мерзімі анықталады.

Биологиялық әдіс. Бұл әдіс жеміс – жидек дақылдарының зиянкестеріне, ауруларына қарсы күрес,ауру таратушы микорорганизімдерді, жыртқыш және қан сорғыш  улы насекомдар, бунақденелілер мен жыртқыш құстар және кейбір мал түліктеріне негізделген. Бунақденелілермен қоректенетін сарышымшықтар бақтың нағыз достары. Біз сарышымшық семьясы өздерінің күнделікті  тіршілік үшін  жеміс ағаштарының қырыққа жуық қауіпті зиянкестерін жояды.

      Агротехникалық  шараларды  (тыңайтқыштар енгізу, отырғызылатын  ағаштардың тығыздығын  сақтау, арам шөптерге қарсы күресу т.б.)мезгілінде жүргізілу басты роль атқарады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.2.Дәнді – бұршақ және техникалық дақылдарды жинау.

      Қарақұмықты механикаландырылған тәсіл мен  жинау. Бұл дақылдың ерекшелігі – пісіп жетілуінің айқындалуы біркелкі емес, жинау кезінде сабағы мен жапырағының (масақты дәнді – дақылдарға қарағанда 5- 6 есе көп) ылғалдылығы жоғары, көп тармақты  көп жапырақты, піскен дән оңай төгіледі және бастыру кезінде механикалық жарақатқа сезімтал (жарақтанушы және бүлінуі).

      Қарақұмық тұқымының 20-25 күнге созылатын қарқынды өсуі көп жағдайда ауа райын,негізінен июль және тамыз айындағы  ылғалға байланысты. Осыны ескергенде қарақұмықты жинауда қолайлы мерзім мен дұрыс әдістерді таңдаудың маңызы зор.

      Бұл дақылдарды комбайндау, сондай – ақ бөлшектеу әдісімен де жинауға болады.  Тікелей комбайндаумен жинауды  50-60 проценті толық піскен кезде бастайды.

      Тікелей комбайндауда  дәнді қоқыстан тазалау, массаның аса ылғалдылығына және сабандылығына  байланысты өте қиын болса, қарақұмықтың ерекшелігі  егінді бөлектеп ору әдісі жауап ереді. Дәннің 70 75℅терең тартқан кезде, жинау кезінде жалғасатын  гүлдеуінің аяқталуына қарамастан астықты ора береді.

        Әр учаске үшін  дәннің пісуін  және жинау әдісін анықтау қажет. Ол өнімнің аз шығын болуына себеп болады. Екі – үш күннен кейін сабақ пен жапырақтың ылғалдылығы 30 35 процентке дейін, ал дәннің ылғалдылығы11-16 процентке дейін кемігенде және дән мен сабанды   массасының қатысы шамамен 1:2-ге жеткенде қарақұмықты жинап, бастауы керек.

      Дақылды аумалы – төкпелі ауа райында  да жинай беруге болады, өйткені дестеге түсірілген  қарақұмық үшін жаңбыр аса қауіпті.

      Қарақұмықты жинауға комбайнға монтаждалған және бір қатар тораптар мен детальдерді  құрайтын ПКФ құралы пайдаланылады. Дестені бастыруға жаңа кобайнды пайдаланбаған жөн. Өйткені жұмысқа төселмеген  бич астық көп зақымданады.

Тарыны  жинау.Бұл дақылдардың дәнді толық жинау  көп жағдайда жинауды дер кезінде жүргізуге және таңдап алған ору әдісі байланысты. Тарының сабағы мен жапырағы ылғалды ұзақ сақтайтын болғандықтан тікелей де, бөлектеп те ора береді.Дегенмен негізінде бөліктеп орылады, жекелеген учаскелер таңдап алынады.

      Тарыны  ору және оны дестреге түсіруді  шашақтың жоғарғы және төменгі бөлігіндегі дән толық піскенше күтпеу керек. Өйткені бұл айтарлықтай шығынға ұшыратады. Ору биіктігі 15 -18 см. Осы деңгейде орғанда десте аңызға жақсы жатады, тез кебеді, шашақтағы дән жауын – шашынды ауа райынан да бұзылмайды, ал десте комбайнмен оңай ілініп алынады.

      Шашақтың  бас жағындағы дән толық піскен кезден бастап, кейде  қосарланған  комбайындаумен жинайды. Бірінші жүрісте  тек піскен тұқымды ғана бастырады.

      Тарыны  жинауда ПКФ құралы пайдаланылады. Кейде комбайнды қарақұмықты  жинауға әзірленгенде қайта жабдықтайды, бірақ мұндай барабан айналымын  минутына  700-800 мөлшерінде белгілейді.

      Бұршақты  жинау. Бұршақты жинау  механизациясының күрделілігі біркелкі  піспейтіндігімен, жатып қалатындағымен, оңай жарықшақтандырылғанымен анықталады. Бір учаскедегі бұршақтың өзі әр түрлі мерзімде піседі. Бастырған кезде дән жарылып немесе көзге  көрінбейтін жарақат алуы мүмкін. Осы дақылды жинауға арналған машина  төменірек кесуді, орылған массаның сабақтан сенімді ажыратылуын, жұмыс органының мүмкіндігінше массаға аз әсер етуін қамтамасыз етуі керек. Өсірілген өнімнің толық жиналуы осыған байланысты.

      Негізіне  бөлшектеп жинау болғандықтан ору  кезінде бұршақтың қалған бөлігі пісіп – жетіледі. Өйткені тез арада пісіп жетілгендіктен  дәнді жарықшақтану ысырабынан және пісіп –жетілген бұршақты жатқалы машинаның  жұмыс органдарының бұзылуына жол бермеу үшін бұрышты 5-6 күнде,неғұрлым қысқа мерзімде жинайды. Бұршақты кейде екі комбайн жинайды. Бұршақты десерге түсіруді түрлі құралмен жабдықтаған, арнаулы машина немесе жай жатқалы агрегат  атқарады.

Информация о работе Агроөнеркәсіптік кешен