Агроөнеркәсіптік кешен

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 09:51, курсовая работа

Описание работы

Өзектілігі: Агроөнеркәіп кешені дегеніміз не және оның құрамына кіретін салаларға, қандай ерекшеліктері мен оның құрамына қандай салалар жататынын анықтауға бағытталған.

Мақсаты: Ауыл шаруашылығын өңдеу, оларды сақтау, сапалы өңдеу және дер кезінде халыққа жеткізуң маңызын ашу.

Міндеті: Курстық жұмыстыжазу барысында мынадай міндеттемелер ескрілді:
Экономикалық аудандардағы шаруашылықтың орналасу ерекшелігі
Ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін салалар
Жер жырту технологиясы
Жалпы АӨ К мәнін ашу және оған қандай салалар жататынын анықтау

Содержание

Агроөнеркәсіп кешні
Ауыл шаруашылығына жалпы сипаттама
Экономикалық аудандардағы шаруашылықтардың орналасуы
Ауыл шаруашылығы және қоршаған орта.
Ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін салалар

Агроөнеркәсіп кешеніне жалпы сипаттама.
Дәнді – бұршақ және техникалық дақылдарды жинау.
Зианкестер мен ауруларға қарсы күрес шаралары
Жер жырту технологиясы.
Қазақстанның жер қоры.

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ҚОСЫМШАЛАР

Работа содержит 1 файл

АӨК.курсовая.doc

— 213.00 Кб (Скачать)

   Қант  қызылшасы - қант өндірісінде шикізат беретін негізгі техникалық дакыл. Жанама өнімдері және қант ендірісі қалдыктарының да белгіленген бағалы құны бар. Мысалы, қызылша сөлі спирт, ашытқы, глицерин, мал азығы болып табылатын жем және тоқыма, картон мен фанер пайдалынатын желім дайындайтын шикізат алуға пайдаланылады.

   Биологиялық ерекшелікгері - 1 жылы өсіп-өну кезеңі - 150-170 күн, ал 2 жылы 100-125 күнге созылады. 1 га 500-600 центнерден өнім алу үшін барлығы 6000-8000 текше метр су жұмсалады. Қоректік элементгерді көп

талап етеді. Алайда, әр жердің табиғатына байланысты әртүрлі қажеттіліктері болады. Өсіп-өнуінін бірінші кезеңінде азот пен фосфорды, ал екінші жартысында фосфор мен калыдийді өте көп қажетсінеді. Қант кызылшасының қоректенуінде мырыш, марганец, бор, молибден жэне т.б. элементтер үлкен рөл атқарады.

   Негізінен, қант қызылшасының тұқымын себетін  алқаптар күзде жыртылып, 3-4 рет дискіленіп, әбден майдаланғаны ләзім. Сосын жердің кұнарлығына орай 1 га жерге 170-200 кг аралығында минералдық тыңайтқыш шашылуы тиіс. Өйткені, онда өсімдік қоректенетін негізгі элементтер құралған. Минералдық тыңайтқыш болмаған жағдайда органикалық тыңайтқышта шашуға болады. Онда да азот, фосфор, калий, кальций, магний, күкірт жэне микроэлементтер - бор, молибден, кобальт т.б. бар гой. Сөйтіп, топырағы әбден майдаланып, әрі тыңайтьшған алқаптың топырағы қызған кезде, әрине, ылғал кеппей тұқымды салып үлгеру қажет. Мұнда да 1 га жерге импорттық тұқым болса, 3-5 кг, ал ТМД елдерінен әкелінген тұқымнан 10-12 кг себу керек. Жалпы тұқым себетін алкаптарды жылма-жыл ауыстырып, яғни 70-80 жылдардың тәжірибесі көрсеткендей, ауыспалы егістікті пайдаланған жөн

    Қант  қызылшасының негізі екі жылдық болып  саналады. Бірінші жылында түбірі өсіп, екінші жағынада сабағы биіктеп тұқым шашады. Мамандардың айтуынша, қант қызылшасының тұқымын алуға көп жер де керек емес. Тек, өсімдік тұқымын ғылыми-зерттеу институттарымен бірлесе шағын шаруашылық ашып, әр түрлі сорттарына сонда тәжірибе жасап, іріктелген сортын жыл сайын жаңалап, яғни жоғарғы сортты тұқымымен облыс шаруашылықтарын қамтамасыз етіп отырса болғаны.

    Республикамызда қант қызылшасын өсіру 1930-31 жылдары  қолға алына бастаған. Бірақ, түрлі саяси жағдайларға байланысты бір қант қызылшасы гана емес ауыл шаруашылығыньщ өзге дақылдары да кезінде жайына қалғаны тарихтан белгілі.

    Содан кейін 60-шы жылдары тәтті түбір өсіруге қайта көңіл бөліне бастады. Нәтижесінде 1973 жылы республика бойынша 78,7 мың га жерге қант қызылшасының тұқымы себіліп, жекелеген шаруашылықтарда әр га-дан 450-500 центнерге дейін сапалы өнім алған..

   Міне, сондықтан қант қызылшасы - Жетісу жерінің төл дакылы, Алайда, соңғы жылдары тәтті түбір өсірушілердің қант қызылшасының әр га-дан 175,5 центнерден өнім алулары жоғары көрсеткіш емес.

   Мақта Оңтүстік Қазақстан облысыньщ Мырзашөл ауданы (Бетпақдала), Арыс және Келес өзендері аңғары, Түркістан қаласы маңында өсіріледі. Қазақстанға ТМД елдері мақта өнімінің 5 пайызы келеді.

   Алматы  облысының шығыс Еңбекшіқазак, Талғар аудандарында темекі өсіріледі. Шикізаттың қажеттілігімен байланысты соңғы жылдары Онтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында да темекі өсірілуде.

   Сапасы  жағынан ең жоғары сорттысы болып  Талғар есептелінеді. Сондай-ақ темекінің  дюбек, трапезунд, ал соңғы жылдары  мальборо темекісін шығарумен байланысты американдық вирджиния сорты  өсірілуде.

   Күнбағыс  майлы дақыл, оның егіс көлемінің 80 пайызы Шығыс Қазақстан, 20 пайызы Павлодар облыстарына келеді.

   Шашақты зығыр тұманды, салқын жазды ауа  райыида енімді болып келеді. Сондықтан  ол Қостанай, Ақмола облыстарыңда өсіріледі.

   Картоп  қара топырақты жерлерде жоғары өнімді, сондықтан еліміздің солтүстік облыстарьшда басым болып келеді. Оңтүстік таулы аудандарда да егіледі.

   Бау шаруашылығына алма, алмұрт, қарақат, шие, өрік т.б. жеміс бұталары жатып, басым түрде оңтүстік облыстарда да кездеседі. Бақша дақылдарына  қауын, қарбыз және асқабақ жатады. Қауын, қарбыз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл жэне Алматы облыстарында өсіріледі. Ертіс езені бойы, Батыс Қазақстанда да карбыз егіледі.

   Көкөніске пияз, сәбіз, қияр, томат т.б. дақылдар жатып, оның егіс көлемі оңтүстік облыстарда басым болып келеді. Сондай-ақ Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарында да өсіріледі.

   Жүзім бос сұр топырақтарда жоғары өнімді, суармалы жағдайда егіледі. Жүзім - шарап жасаудың шикізаты. Ол Қызылорда облысының шығысынан Алматы облысының Жаркент ауданына дейінгі оңтүстік аймақтарда кездеседі. 
 
 
 
 
 

1.3.Ауыл шаруашылығы және қоршаған орта

   Адам  қоғамы мен табиғи ортаның өзара  әрекеті проблемасы ауыл шаруашылық өндірісінде нақтылы бейнеленген. Атап айтқанда осы салада адам мен табиғаттың, яғни жерді өндеу, мал бағу үшін жайылымды пайдалану сияқты қатынасы тұрақты байқалады. Мұнда адам табиғатқа тікелей әсер етеді.

    Адамның ауыл шаруашылык ландшафтысына тікелей әрекетінің зардабына ауыл шаруашылығына жарамды жердің тікелей ластануын, оның ішінде топыраққа химиялық заттардың теріс ықпалын жатқызуға болады. Әр түрлі химиялық заттар (тыңайтқыш, улы химикаттар) ауыл шаруашылығында пайдалануда.

    Ауыл  шаруашылығын химияландырудың экономикалық тиімділігі бар. Бірақ бақылаусыз химиялық тыңайтқышты кең қолданудан, оның едәуір бөлігі жер асты суларымен өзен және көлдерге ағып барады. Ал мұның өзі өсімдік және адам денсаулығына кері эсер етеді. Пестицид бұдан да үлкен зиян алып келеді. Соңғы жылдары нарықтың қиындығымен байланысты пестицидті пайдалану шектелген. Арам шөп және насекомдармен күресудің басқа әдістері қолданылуда.

   Жер ресурсын ретсіз және жеткілікті бақылаусыз пайдалану жердің «бүлінуінін» алуан  түрлі формаларына әкеледі. Мысалы - топырақ жамылғысы   бұзылады,   онын   жүдеуі   есебінен   топырактың   кұнарлығы

төмендейді, суландыру барысында топырактың екінші реттік тұздануы жузеге асадьі.

   Жайылымның  «бұзылуы» бір жерге малды  тұрақты бағу есебінен болады. Малды «шамадан тым артық» бір жерге бағу топырақтьщ табиғи жамылғысын нашарлатып, оның жер оттылығындағы өнімді азығы жоғалып, соның салдарынан жайылым аз өнімділікке айналады.

   Жер белгілі мерзімде «демалуы» тиісті, яғни егіс көлемінің бөлігі тыңаюға калдырылады. Бұл топырактың құнарлылығын калпына келтіру және сақтауға мүмкіндік береді. Жерді тыңайтуға қалдыру мерзімін қысқартуға жол бермеу керек.

   Адамзат әрекетімен байланысты табиғаттьң өзгеруі едәуір, ол әрқашан болып жатады.

   Қазақстанның әлемдік рынокқа өсімдік және мал шаруашылық өнімдерін шығаруға мүмкіндігі жеткілікті екендігін мамандар ашьш айтады. Қазақстанның мақтасы мен күріші әлемдік рынокта бәсекеге түсе алады. Алайда жер ресурстарын жүйесіз пайдаланудың кесірінен құнарлы жерлер жұтаңдыққа ұшырап, қуаншылық бел алуда. Бүгінгі күні республика аймағының 66 пайызы шөлейт аймаққа айналды. Мәселен, металмен және радиоактивті заттармен залалданған жердің аумағы 21,5 миллион га кұрайды. 15 млн га мал жайылымы ауыл шаруашылығы айналымынан мүлдем шығып, куаңшылыққа ұшыраған. 
 
 
 
 

 
1.4.Ауыл шаруашылық шикізаттарын өңдеуші салаларға сипаттама

    Қазір Қазакстанда тамақ жэне жеңіл өнеркэсібінің өсімі байқалады. Негізінен ет жэне сүт өндіретін кәсіпорындар орнықты қызмет етуде.

    Осы уақытқа дейін Республика Үкіметі  отандық тауарларды қолдауға бағьпталған, шетелдік өнімдерді шектейтін бірқатар қаулылар мен бағдарламалар қабылдады. Өз кезегінде отандык өнім өндірушілерді, соның ішінде шағын және орта бизнес өкілдерін колдау күн тәртібінде.

    Бүгінде импортты алмастыру бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Жуырда Республика Үкіметінің қарауына енгізілген бағдарлама іске асатын болса ішкі тұтынудағы отандық тамақ және жеңіл өнеркәсібі өнімдерінің үлес салмағы 85 пайызға артады деген сенім бар.

    Айта  кетер жай әлі де тамақ өнімдеріне қажеттіліктің жоғарылығына қарамастан толық отандық өнімдермен тұтынушылар сұранысын қамтамасыз ете алмай келеміз. Бұл шетелдіктер үшін тиімді. Олар осында өткізу рыноктарын қалыптастырып алды. Өз елдеріндегі жоғарғы бәсекелестік пен бақталастық жағдайында Қазақстан рыногы қашан да қажет.

    Қазақстанда тамак және жеңіл енеркәсібі даму үстінде. Бірақ жеткіліксіз деңгейде. Бүгінгі Қазақстанның ішкі рыногына карап-ақ бұл саланың жайын байқауға болады. Базар мен дүкен сөрелерінде тольш тұрған халық тұтынатын тауарлардың басым бөлігі отандық өнім емес екенін ешкім жоққа шығармайды.

   Бір қарағанда тамақ және жеңіл өнеркәсібінің өнім өндіруі басқа салалармен салыстырғанда (мәселен автокөлік жасау немесе ауыр машина өнеркәсібі), біріншіден, аса қиындық туғызбайтын, атап айтқанда кұрделі технологияларға тәуелді емес, екіншіден жұмсалған шығынды қайтару кеп күттірмейтін және көп қаржы салуды қажет етпейтін сала бола тұра қарқынды даму алмауының себебі не ?...

    Алдымен елімізде ауылшаруашылығының «ақсап»  тұруы әсер етуде. Себебі шикізатпен басты қамтушы аграрлық сектор. Егін және мал шаруашылығы алға басып, өндіріс орындарының сұранысын өтеп тұрса тамақ өнеркәсібі де тұраламас еді.

    Бұдан басқа, тамақ және жеңіл өнеркәсібінің автоматтандырылуы әлсіз екені тағы рас. Қалай болғанда да отандық өнімдер шетелдік тауарлардың бәсекесіне төтеп берердей деңгейде болуға тиіс. Оларға деген сұраныс кемімеуі керек. Олай болмаған жағдайда ол өндірістің өркендеуіне кері әсерін тигізбей қоймайды.

    Тамақ және жеңіл өнеркәсібіне келгенде қазақстандықтардың сатып алу қабілеті төмен емес. Оның үстіне ол өнімдер өздігінен онша қымбат тұрмайды. Ең бастысы - сапасы әлемдік стандарттарға, санитарлық және экологиялық талаптарға сай болуы тиіс. Егер Қазақстандық тауарөндірушілер де шетелдік әріптестері секілді сапалы, әрі арзан өнім өндірсе, ол етеді.

    Кез келген тұтынушы тауарды алдымен  сапасы мен бағасына қарап тандайды. Ал әзірге шетелдік тауарлардың қазақстандық өнімдермен салыстырғанда бағасы төмен, сапасының жоғары екені белгілі.

    Сондай-ақ сөрелерде шетелдік белгілі бір  өнімнің бірнеше турі бар болса, қазақстандык өнімнің бір ғана түрі тұрады немесе мүлде таппайсыз.

   Сондықтан шетелге шығаруды былай қойғанда ішкі рыногымызды өз өнімдерімізбен толтыру қажет. Сондықтан мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, тамақ және жеңіл өнеркэсібі өнімдері жарнамаланса жаман болмас еді.

    Қазір аз да болса шетел тауарлары бағасының тіпті төмен болмауына тасымал шығыстары ықпал етуде. Егер ол темендетілетін болса онда шетел заттары бұрынғыдан да арзандап отандық өнімдердің өміршеңдігі болмай қалмақ.

   Ең  аддымен заңдық базаны қалыптастыру керек. Сондай-ақ, тек мемлекет тарапынан ғана емес, қаржы институттары да кәсіпкерлерге қолдау көрсетсе. Басқа да салалар секілді, бұл салаға да инвестиция тарту маңызды.

   Қазір Қазақстанда тамақ өнімдерін өндіретін кішігірім кәсіпорындар күн санап көбеюде. Наубайханалар мен шұжық шығаратын шағын цехтар кызмет етуде. Бірақ мұнымен шектелмей үлкен тамақ және жеңіл өнеркәсіп орындарын дамыту қажет. Шікізат шығаратын және оны өзі өңдейтін өндірістер өркендеуге тиіс.

                                                  
 
 

   Жеңіл өнеркәсіп.

   Жеңіл өнеркәсіп халық тұтынатын сан түрлі заттарды өндіреді және сонымен еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік туғызатын республиканың әр экономикалық аймағының кешенді дамуына қажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Бүл сала жылдар бойы Қазақстанның экономикалық өмірінде маңызды рөл атақаратын - ол бюджетке түсетін қаржыньң 30 пайызын беріп отырды, және 140 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз ететін. Нарық қатынастарына көшу кезіне тән қиындыктар бұл салаға да өз ықпалын тигізді. Еліміздің сараптаушыларының айтуынша, жеңіл өнеркәсіп бұл күңде ең «ауыр» өнеркәсіп болып отыр. Статистикалық деректерге үңілсек, өндірістің жалпы көлемінде жеңіл өнеркәсіп үлесі не бары 2,2 пайызды кұрайды.

    Сонымен қатар жеңіл өнеркәсіп халық сұранысын толық өтеп отырған жоқ. Атап айтсақ, Қазақстан мақта мен жүннен тоқылған мата, теріден тігелген аяқ киім және өзімізде өндірілген мақта-матамен толық қамтамасыз етілмейді. Көптеген басқа бұйымдар басқа елдерден әкелінеді.

Информация о работе Агроөнеркәсіптік кешен